|
Саясаты 6 pageDate: 2015-10-07; view: 773. Азамат соғысының басталуы 1918 жылы мамырда Чехославак корпусының бүлігі басталды. Антанта империалистерінің қолдауымен бұл бүлік ең алдымен Солтүстік-Шығыс Қазақстанда басталды. 1919 жылы 31 мамырда Петропавлды ақ гвардишылар басып алды. Сондай-ақ ақ гвардияшылар маусымда Ақмола мен Павлодарды, Семей мен Көкшетауды, Омбы мен Қостанайды басып алады. Алашорда үкіметі ақ гвардияшылардың Кеңес өкіметіне қарсы интервенциясын қолдап, қарулы интервенцияға қосылды. Контрреволюцияға Антанта империалистері көп көмек көрсетті. Мысалы, АҚШ Колчак армиясына түрлі қаружарақ, Англия 200 мыңдай әскерге қару-жарақ және киім берді. 1918 жылы 29 наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын басып алды. 1918 жылдың аяғына қарай Колчактың басқаруындағы Анненков дивизиясы Жетісу жеріне басып кірді.
58. Қазақ кеңес автономиялық республикасының құрылуы 1920 жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26 тамызда БОАК пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында «Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» жарлық қабылдады. Қазақ республикасына Семей, Ақмола, Торғай және Орал губерниялары, Маңғыстау уезі, Закаспий облысының Красноводск уезіндегі 4-ші және 5-ші Адай болыстары, Астрахань губерниясындағы Синемор болысы, Бөкей ордасы, 1-ші және 2-ші Приморье округтарына шектес, қазақтар қоныстанған бұрынғы қазыналық жерлер кірді. 1920 жылғы 22 қыркүйекте Бүкіл Ресейлік Атқару Комитетінің жаңа декреті бойынша ҚАКСР-ның құрамына Орынбор губерниясы енгізілді, ал Орынбор қаласы республиканың астанасы болды. 1920 жылдың 4–12 қазанында Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі болып өтті. Съезге Қазақстанның барлық губернияларынан 273 делегат және Алтай губерниясы қазақтарының атынан 6 делегат қатысты. Құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті (төрағасы С. М. Мендешев) және Халком Кеңесі (төрағасы В. РадусЗенькович) сайланды. Съезд Қырғыз (Қазақ) АКСР-і РКФСР-дің құрамына кіретін жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалардың, казактардың және қызыл әскер депутаттары кеңестерінің автономиялық республикасы болып құрылғанын мәлімдеді. 59. «Әскери коммунизм» саясаты (1918–1921 жж.) Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азақ-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азақтүлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салығы енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды. «Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді. Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады.
60. Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшу және оның барысы Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты (ЖЭС-ті) іске асыру 1921 жылғы Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің азық-түлік салығына көшу туралы шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Шарулардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауылселолардың қалалармен байланысын нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. Империалистік, азаматтық соғыс Қазақстан халқының шаруашылығына ауыр шығын әкелді. Мемлекеттің 250 кәсіпорны ғана жұмыс істеді (барлығы 307) Мұнайдың өндірілуі 4 есеге, Қарағанды көмірінің өндірілуі 5 есеге қысқартылды. Шаруашылық өнімінің 6,3%-ы ғана өнеркәсіптің үлесінде болды. 29,9 млн. малдан 16,3 млн. мал ғана қалды. 1921 жылы наурызда коммунистік партияның X съезі азық-түлік салғыртынан азық-түлік салығына, әскери коммунизмнен жаңа экономикалық саясатқа көшу жөнінде қаулы шығарды. ЖЭС-тің мәні: Саясатта бір партиялық-тоталитарлық режим; Экономикада әкімшілік-нарықтық шаруашылық. 1921 жылы маусымда Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. ЖЭС-тің қиындықтары мен табыстары. Ең алдымен салық мөлшері жеңілдеді. Мысалы, 1927–1928 жылдары өнімнің 1/13-і салық ретінде алынды, салықтың ауыртпалығы байлардың мойнына түсті. Салықтан жиналған қаражат ағарту, мәдениет, өнеркәсіп салаларына т. б. жұмсалды. Мемлекет халыққа ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға көмектесті. Мысалы, 1924–1925 жылдары 415 трактор сатып алынды. Қазақстанның егістік көлемі 1928 жылы 4 млн. гектарға жетті. 1928 жылы мал саны 41 млн. болды. ЖЭС нәтижесінде республикада 650 ауыл шаруашылық артелі мен 103 коммуна жұмыс істеді. Өнеркәсіп саласында да біраз өзгерістер болды. Рспубликада аса ірі «Атбасцветмет», «Эмбанефть», «Алтайполиметалл» трестері құрылды. Олардың құрамына республиканың ірі өнеркәсіп орындары кірді. Өнеркәсіпті қалпына елтіру кезеңінде республикада 1928 жылы біріктіру қажеттілігі туды.
61. Ауыл шаруашылғын күштеп ұжымдастыру Коммунистік партияның XV съезінде ауыл шаруашылғын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақ жерінде колхоз құрылысы 1922 жылдан бастап кеңейді. Ұжымдастыру ісіне көмек ретінде ауылды жерлерге 8000 жұмысшы жіберілді. 25 мыңдықшылар деп аталған 1204 "ұжымдастырушы" Мәскеу, Ленинград сиқты орталықтардан жіберілді. Ауыл шаруашылығының ұжымдастырылуы өте қатал жағдайда жүргізілді. 1931 жылы көшпенді және жартылай көшпенді шаруаларды жаппай отырықшыландыру жөнінде міндет қойылды. Ұжымдастыру жедел және жоспарсыз жүргізіле бастады. 1928–1931 жылдардағы ұжымдастыру барысы: республика шаруашылығының 1928 жылы 2% -ы, 1930 жылы сәуірде 56,4%-ы, 1931 жылы қазанда 69%-ы ұжымдастырылды. Ауыл шаруашылық өнімдерін және малдарды күшпен алды. Мысалы, 1931–1932 жылдары Шұбартау ауданында малдың 80%-ы етке өткізілді. Балқаш ауданының халқына 297000 малға салық салынды, ал Балқаштың барлық малы 173000 ғана болды. Торғайдағы 1 млн. малдың 98 мыңы ғана қалды. Кулактарды жою ісі қатал жүргізілді. Шолақ белсенділер орташалармен қатар кедей шаруаларға да зорлық жасады. Ұжымдастыру зардабы 1929–1933 жылдар аралығында Қазақстандағы біріккен мемлекеттік саяси басқарма (ОГПУ) 3386 адамды ату, 13151 адамды түрмеге қамау туралы үкім шығарды. Көптеген адамдар өздерінің малдарынан айырылды. 1930–1932 жылдары Қазақстанды әйгілі ұлы жұт аштық жайлады.
62. Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде ( 1928–1932 жж.) Индустрияландыруға бағыт алу. Қазақстанда индустрияландыру ісі 1928–1932 жылдары өтті. 1928–1932 жылдары халық шаруашылғын дамытудың бірінші бесжылдығы болды. Бұған дейін қазақстанда Қарағандыдағы көмір кен орындары, Ембідегі мұнай өндірісі, Алтайдағы түсті металлургия сияқты санаулы ғана өнеркәсіп орындары болды. Жалпы, өнімінің 84,4%-ы ауыл шаруашылғына тиесілі болды. Елді индустрияландыру үшін ауыр өнеркәсіпті, оның ішінде машина жасау саласын, кен өндірісі орындарын, теміржол жүйесін дамыту керек болды. КСРО индустрияландырудың жоспарына Қазақстан да енгізілді. Индустрияландыруды жүзеге асыру жолында әкімшіл-әміршіл саясат қатты бұрмаланды. 1925–1933 жылдары Қазақстан коммунистік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф. И. Голощекин болды. Ф. И. Голощекин Қазақстанда Қазан революциясы болған жоқ, сондықтан қайтадан революция жасау керек деп шешті. Осы ойын іске асыру мақсатында ол «Кіші Қазан» төңкерісін өткізу идеясын ұсынды. Бұл ұсынысты И. В. Сталин қолдады. Ф. И. Голощекин қазақстанды одақтық шикізат базасы ретінде индустрияландыру бағытын ұстанды. Ф. И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясына алғашқы болып С. Сәдуақасов қарсы шықты. С. Сәдуақасов Қазақстанды шикізат базасы ретінде пайдалануға ашық түрде қарсы тұрды. Индустрияландыруды жүзеге асыру мақсатында қазақ жерінің табиғат байлықтарын зерттеу басталды. Н. С. Курнаков бастаған геологтар Орталық Қазақстанның табиғи ресурстарын зерттеді. И. М. Губеин Орал-Ембі ауданында мол мұнай қоры бар екенін дәлелдеді. Қ. И. Сәтбаев жезқазған мыс кен орнының мол байлығын анықтады. Индустрияландыруды жүзеге асыру. Түркісіб құрылысы 1927 жылы Түркістан-Сібір теміржол құрылысы басталды. Түрксіб теміржол құрылысының басшылары: В. С. Шатов – құрылыс бастығы, Н. Нұрмақов – құрылысқа жәрдемдесу комиссиясының басшысы, Т. Рысқұлов – РКФСР үкіметі жанындағы құрылысқа жәрдемдесу комиссиясының басшысы. Теміржол құрылысында 100000 адам жұмыс істеді. Түркістан-Сібір теміржолы 3 жылдың ішінде салынып бітті. 1930 жылы 28 сәуірде Айнабұлақ станциясында жолдың екі жағы түйісті. 1931 жылы қаңтарда Түрксіб теміржолы пайдалануға берілді. Түркістан-Сібір теміржолы Орта Азияны сібірдің экономикалық өңірімен байланыстырды. Индустрияландыру бірінші жағынан Кеңес халықтары күшімен жүзеге асса, екінші жағынан орталықтың әкімшіл-әміршіл жүйесі негізінде жүргізілді. Соғысқа дейін Қазақстанда ембі мұнай өндіру орындары, Қарағанды көмір кен орындары, Жезқазған, Балқаш мыс комбинаттары, Шымкент қорғасын зауыты т. б. ірі кәсіпорындар салынды. Жалпы, Қазақстан Орал мен Сібірдің ірі өнеркәсіп орындарын шикізатпен, пайдалы қазбалармен қамтамасыз етті. Қазақстанды индустрияландырудың басты міндеттері орындалмады. Себебі Қазақстанда көбінесе өндіруші өнеркәсіптер салынғанымен, өңдеуші өнеркәсіп дамытылған жоқ. Индустрияландырудың ерекшеліктері. Индустрияландыру Қазақстанда, негізінен, жоғарыдан жүргізілді. Қазақстанда салынған өнеркәсіптер дайын өнім шығармады. Шикізатты, негізінен, Ресей мен Украина өнеркәсіптеріне тасыды. Урбанизация күшейіп, 1930 жылы қала халқының үлесі 29,8% болды. 1935 жылы республикадағы жұмысшылардың 43%-ы қазақтар болды. 1939 жылы республикадағы қала халқының саны 375000-ға дейін жетті. Индустрияландырудағы жұмысшылар еңбегі. Қазақстан өнеркәсіп орындарына Мәскеу, Ленинград, Донбасс т. б. ірі өнеркәсіп орталықтары мен жұмысшы топтары көмек көрсетті. Жаңа техниканы меңгеріп, жаңадан салынған өнеркәсіпте істейтін мамандарды даярлау керек болды. Бұл үшін көптеген қазақ жұмысшылары кәсіби білім алу үшін Мәскеу, Ленинград, Донбасс, Баку өнеркәсіп орындарына жіберілді. Алғаш Түрксіб құрылысына қара жұмысшы ретінде қатысқан Д. Омаров кейіннен Түрксіб бастығы, ал Т. Қазыбеков «Қазақ көлік құрылысы» тресінің бастығы болды. Жаңа техниканы меңгеру барысында Донбасс забойшысы А. Г. Стахановтың рекорды насихатталды. Стахановтың қазақ жеріндегі ізбасары Қарағанды кеншісі Түсіп Күзембаев болды. Сәфи Өтебаев, Мелдебек Сағымбеков, Ахметжан Сафин, Зағира Табылдинова – Қазақстандағы индустрияландыру ісінің үздіктері.
63. Сталиндік билік жүйесі және оның сипаты САЯСИ ҚУҒЫН – СҮРГІН ЗАРДАПТАРЫ 20 ж. аяғында жағдайды ушықтыру мен күдікшілдік жаппай сипат алды. Орталықта троцкишіл-зиновьевшіл оппозициямен және «оңшыл оппортунистермен» күрестің күшеюі ұлт республикаларында ұлт-азаттық қозғалысының өкілдерін жазалау түрінде көрініс тауып жатты. 1928 ж. аяғында «буржуазияшыл ұлтшылдар» деп аталғандардың – бұрынғы Алашорда қайраткерлерінің ішінен 44 адам жалған айып тағылып, қамауға алынды. Олардың ішінде А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Х. Ғаббасов және басқалар бар еді. Құрамында М. Тынышпаев, Х. Досмұхамбетов, Ж. Досмұхамбетов, Ж. Ақпаев, Қ. Кемеңгеров және басқалары бар ұлттық интеллигенцияның (40 адамдай) басқа тобы 1930 ж. қыркүйек-қазанда қамауға алынды. Олардың ішінен 15 адам Ресейдің Орталық қаратопырақты облысына жер аударылды. Бұлардың барлығы 1937–1938 жж. жазаланды. 1920 ж. аяғы мен 1930 ж. басында КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы дағдарыс шиеленісе түскен сайын Кеңеске қарсы зиянкес элементтер мен астыртын ұйымдарды іздеу кең өрістей берді. Шахталар мен кәсіпорындарда кездейсоқ авариялар болса, колхоздар мен совхоздарда мал өлсе, өрт және табиғи апаттар болса – бәрі де тап жауларының әрекеті деп түсіндіріліп, осыған сай халық жауларына және кеңеске қарсы деген бүлікші ұйымдар жөнінде қолдан жасалған қылмысты іс қозғалды. 1932 ж. Семейде, осы облыстың Абралы, Шыңғыстау және Қу аудандарында өмірде болмаған, орталығы Алматы болып табылатын астыртын «Қазақстан шаруалар партиясының» филиалы «ашылды». Алайда шаруалардың жаппай көтеріліс жасауына және ауылдар мен селоларда ашаршылықтан адамдардың өлуіне қарамай, бұл «іс» кең өріс алмады. Осы іс бойынша 20-дан астам адам жауапқа тартылды. 1933 ж. Қызылорда облысының Қармақшы ауданында «байшыл-ұлтшыл контррреволюциялық „Жайлас“ ұйымы әшкереленіп», жойылды. Бұл іс бойынша 55 адам қылмыстық жауапқа тартылып, оның 12-і атуға бұйырылды. Осымен қатар партия ұйымдарын тазалау жүргізілді. Сенуге болмайтындардың немесе бір кезде қате жібергендердің бәрі қуылды. Олар негізінен троцкийшілердің, оңшыл және «ұлтшыл ауытқушылардың» қатарында болды немесе соларға жаны ашыды деп айыпталды. КСРО жаңа Конституциясының жобасын талқылау осындай үрей және жанталас жағдайда өтті. Ол 1936ж. 5 желтоқсанда кеңестердің Бүкілодақтық VIII Төтенше съезінде қабылданды. КСРО-ның жаңа Конституциясы бойынша Қазақ АКСР-сы Одақтас Республика болып қайта құрылды. 1937ж. 12 желтоқсанда Қазақстан Кеңестерінің X төтенше съезі Қазақ КСР-ның Конституциясын бекітті. Республика Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді.
64. XXғ. 20–30 жылдардағы Қазақстанның мәдени құрылысы. Ересектер арасында сауатсыздықты жою Шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды. 1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1921–1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. 1931 жылы Қазақстанда 15–20 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді. Сауатсыздық жою ісі жөнінде Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Мұның себебі – әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. Тек қана 1930 жылы бұл іске комсомол құрамындағы 5000-ға жуық жастар қатысты. 1936 жылы жер-жерден ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500000-нан астам адам оқыды. Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретіндегі көмегін тигізді. 1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40%ға жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, сауатты қалаларға айналды (Алматы, Шымкент, Қарағанды, Лениногорск, Тараз, Орал т. б.) Халыққа білім беру ісі 1926 жылы Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Көптеген қалаларда арнаулы білім беретін және соның ішінде қазақ қыздарын оқытатын мектептер ашылды. 1930–1931 жылдары Қазақстан халықтарының арасында жалпыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жалпыға бірдей білім беру ісіне үкімет қолдау көрсете бастады. Сонымен қатар Қазақстан комсомолы бұл істің жүзеге асырылуын және білім беру ісінің дамытуын өз мойындарына алды. Білім беру ісін дамыту бағытында ана тіліндегі оқулықтарды жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен үлес қосты. Мысалы, А. Байтұрсынов суретті әліппе, Ж. Аймауытов ана тілі оқулықтарын жазды. 20–30 жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтарды жасау бағытында Ғ. Мүсірепов, С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бөкейханов, С. Сәдуақасов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов көп еңбек сіңірді. Республика жерінде орыс, қазақ, өзбек, татар тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істей бастады. 1934– 1935 жылдары Қазақстанда 221 интернат жұмыс істеді. Соғыстың алдында республика мектептерінде 44000 мұғалім жұмыс істеді. С. Ақышев, С. Көбеев, А. Ақатов, Ш. Сарыбаев, Л. И. Довранская, Н. В. Волков т. б. білім беру ісінің үздіктері «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» деген атаққа ие болды. Кәсіптік білім беру ісінің дамуы 1928 жылы Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны Алматы педагогика институты ашылды. Бұл институт Абайдың есімімен аталды. 1929 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институты ашылды. 1930 жылы Алматыда Қазақ ауыл шаруашылық институты ашылды. 1931 жылы Ленинград әскери медицина академиясының қамқорлығымен Алматы медицина институты ашылды. 1934 жылы Алматыда Қазақ кен металлургия институты ашылды. Кейін политехникалық институт аталған бұл оқу орны инженер-технолог кадрларын даярлайтын іргелі оқу орны болды. 1931–1932 жылдары Қызылорда, Орал қалаларында педагогика институты ашылды. Семей, Петропавл, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шымкент қалаларында мұғалімдер институттары ашылды. Соғыстың алдындағы жылдарда Қазақ КСР-де жоғары оқу орындарының саны 20-ға, арнаулы оқу орындарының саны 118-ге жетті. Кәсіптік білім беретін бұл оқу орындарында 40000-ға жуық жастар білім алды. Ғылымның дамуы XX ғасырдың 30 жылдарында Қазақстан ғылымы қалыптасып, дами бастады. Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіне 1920 жылы құрылған «Қазақстанды зерттеу» қоғамы көп үлес қосты. Бұл қоғамда Қ. Жұбанов, С. Аспандияров, Ж. Аймауытов, А. В. Затаевич, А. Байтұрсынов, Ә. Диваев, А. П. Чулошников сияқты ғалымдар еңбек етті. 1926 жылы М. Е. Массон Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Н. Г. Кассин, С. С. Неустроев, М. П. Русаков, А. Е. Ферсман, Р. А. Барунайов сияқты геолог ғалымдар қазақ жерінің табиғи ресурстарын зерттеуде ірі табыстарға жетті. Қарағанды, Екібастұз көмір қорлары, Ембі мұнай қоры анықталды. 1932 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақстандық базасы құрылды. Бұл базаның құрамында 1935 жылы тарих және геология секторы, Қазақ ұлттық өнер ғылыми-зерттеу институты құрылды. 1935 жылы КСРО Ғылым академиясы Кенді Алтай түсті металын, Жезқазған мысын, Орал-Ембі мұнайын зерттеуге арналған сессия өткізді. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанның одақ көлемінде көмір қоры жөнінен бірінші орын алатыны анықталды. 1935 жылы профессор С. Аспандияровтың еліміздің тарихы жөнінде «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы» атты ғылыми еңбегі жарық көрді. А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Сейфулин, С. Мұқанов бастаған әдебиеттанушылар лингвистика, тіл білімі және әдеби зерттеулер бойынша ғылыми еңбектер жазды. Қазақ КСР-де ғылымды дамыту жолында С. М. Вавилов, В. Л. Камаров, А. Н. Смаилович (түрколог), А. Д. Архангельский (геолог) есімді академиктер мол үлес қосты. 1940 жылы Қазақстанда 57 ғылыми-зерттеу институты жұмыс істеді. Бұларда 1700-ге жуық қызметкер еңбек етті. 1939 жылы елімізде ғылыми істерге жұмсалатын күрделі қаржы 14,4 миллион сомға жуық болды. Соғыс қарсаңында КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалы құрылды. Қазақ Кеңес өнерінің дамуы XX ғасырдың 20–30 жылдарында Алматы, Орал, Петропавл, Семей, Ақмола, Қостанай қалаларында түрлі деңгейдегі мәдениет мекемелері жұмыс істеді. А. В. Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» (1925 жылы), «Қазақ халқының 500 ән мен күйі» (1931 жылы) деген еңбектерін жазып, қазақ музыкасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты. А. В. Затаевичке 1932 жылы Қазақ АКСР-ның халық артисі атағы берілді. 1922 жылы Қарқаралыда халық жыршылар бәйгесі өтті. 1924 жылы Москвада өткен халықтар музыкасының концертіне Петропавл педучилищесінің қазақ хоры қатысты. Хорды И. В. Коцых басқарды. Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев 1925 жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы, 1927 жылы Францияның астанасы Париждегі концерттерге қатысып, Батысқа қазақ әнінің құдіретін танытты.
|