|
БлокнотDate: 2014-02-26; view: 877. Терезе Терезе- Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, Windows сөзінің нақты аудармасы “терезелер” екені осыны білдіреді. Терезе- төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады, кез-келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Windowsтерезесінің экранды толығымен, жартылай немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орна ласа береді. Мунда кез-келген программаның өзіне тән жұмыс Істру терезесі болады. Егер терезені жабатын болсақ, дәл сол уақытқа дейін терезе ішінде екпінді күйде болып жұмыс істеп тұрған программаның да жұмысы аяқталады. Алдағы уақытта Windowsортасының әр түрлі терезелерін қарастырамыз, олардың жұмыс істеуінде айырмашылық болсада, бәрінің кейбір ортақ элементтері, қасиеттері бар. Енді сол элементтермен танысайық. Терезе шекаралары- бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасқан. Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню батырмасы орналасқан, ал оң жағында терезенің аймағын өзгертуге арналған батырмалар бар. Тақырып жолынан төменірек меню жолы бар. Ал меню жолынан төменгі төртбұрышты аудан-терезенің жұмыс аумағы деп. аталады. Осы жұмыс аумағында әр түрлі информация болады: орындалатын программа, өңделуге арналған мәліметтер, басқа кішігірім терезелер және т.б. Экран бетіндегі программалармен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады: - толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен Альп тұрады; - қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экрапнның белгілі бір бөлігін Альп тұрады; - белгіше (пиктограмма) түрінде, яғни терезе кішірейтіліп белгішеге айналып кеткен. Жұмыс столы Жұмыс столы-екінші негізгі ұғым. Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық үйелер интерфейсінің элементі болып саналады. Windows ортасында жұмыс столының ролін дисплей экраны атқарады. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары белгілер (немесе шатрбелгілер) түрінде орналасқан. Белгішелер, жарлықтар, бумалар. Белгіше (Icon)- бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды, т.б. бейнелеп тұруы мүмкін. Әр белгіше белгілі бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экрнда мынадай белгішелер кездеседі: -қосымша (қолданбалы) программалар белгішесі; - белгілі бір топтар белгішесі; - функциялар белгішесі. Жарлық (shortcut) --- бұл белгілі бір обьектімен тікелей қатнас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталог та орналасқан программаларды іске қосуға, файлды жылдам ашуга болады және т.б. Бума (folder) –экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Мүның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобі белгілі бір обьектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Бума – каталог, директорий ұғымының баламасы болып табылады. Каталог файлдарға арналған контейнер, программалық топ-жеке программаларға арналған контейнер, т.с.с. Әрине мұндай контейнерлер әр обьекті үшін әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ олармен атқарылатын амалдар біртектес бола береді (мысалыға, жою, көшіру және т.б.). 4. Windows жүйесінің стандартты программалары. Windows жүйесінің стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамассыз етеді, мысалы: - мәтіндік құжаттарды дайындау; - графикалық бейне көріністерді даярлау және оларды өңдеу, түзету; - жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру; - математикалық есептеулерді орындау және т.б. әдетте, бұл қосымша программалар “Стандартты” тобында орналасқан. WordPadмәтіндік редакторы WordPad, Write редакторлары күрделі мәтіндік құжаттарды дайындауға мүмкіндік береді. Слайда кейінгі шығып жатқан мамандандырылған мәтіндік редакторларға қарағанда оның мүмкіндігі төмендеу. WordPad, Write редакторлары мәтіндік құжаттарды пернелерді теріп дискілерді сақтауға, оларды өңдеуге – ішкі көрінісімен қаріпін өзгертуге, құжат ішінде символдарды іздеу мен ауыстыру әдістерін іске асыруға, графиктік суреттерді қосуға, оның беттерінің параметрлерін өзгертуге және қағазға басып шығару мүмкіндік береді. Блокнот-кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторлар мүмкіндіктеріне қарағанда төмендеу. Блокнот тек бір ғана қаріп түрін (жүйелік шрифт) ғана пайдаланады. Мунда мәтін фрагменттерімен жұмыс Істру ісі, коректі символдарды іздестіру, мәтінді файлдарға жазу мен оқу, баспаға шығару жұмыстары жақсы жолға қойылған. Күнтізбе Күнтізбе- бұл жұмыс уақытын жоспарлауға, мерзімдік жоспар жасауға, кездесулермен телефон соғу кестелерін құрастыруға арналған шағын программа. Нақты айтсақ, календар – күнделіктің компьютерлік варианты.
|