Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Тэма 1. Культура старажытнай Беларусі. 2 page


Date: 2015-10-07; view: 651.


Тұрғын үйлері: жертөле немесе жартылай жер бетіндегі үйлер. Қала дәуірінің соңындағы үйлер – жер бетінде салынған сопақша үйлер.

Дін және өнер. Қола дәуірінлегі адамдар ең алдымен табиғат күштеріне табынды. Андроновтықтар арасында өлгендерге табыну да күшті болған, сондықтан жерлеу ғұрпына ерекше мән берілген: 1. Адамдарды жерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратқан. 2. Өліктің аяқ-қолын бүгіп қабірге жатқызған 3. Адам өлігін өртеп, күлін қабірге қою ғұрпы да болған.

Андроновтықтар үй салғанда құрбандық шалған. Отбасы үшін өте қасиетті саналған ошақты андроновтықтар қатты құрметтеген. Тасқа салынған сүреттер Таңбалы, Ешкі-өлмес, Маймақ, Бөкентау, Жасбай, Хантау, Бұланты, Айтпан т.с.с жерлерден табылған.Тасқа салынған сүреттер: жабайы бұқа, билеген адамдар, қос өркешті түйе, екі аяқты арба, әскерлер

2.Қазақ жоңғар соғыстары.

Жоңғар мем құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы

Қазақ халқына мәңгі жойылып, құрып кету қаупін төндірген жау жоңғарлар еді XVII ғ бірінші жартысында ойраттар мен қазақтардың арасындағы әскери қақтығыстар жиілей түсті. Ойрат феодалдарының Шығыс Моңғолияға қарсы жүргізген соғыстары олардың күшін нығайтты. Қазақ және ойрат әміршілерінің арасында жайылымдық жерлер үшін қақтығыстар XV ғ басталған болатын. XVI ғ аяғында ойраттардың шағын бір бөлігі сәтсіз шабуылдан кейін қазақ ханы Тәуекелге бағынышты болып шықты. 1635 жылы қонтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Осыдан соң, егер XVI ғ аяғында XVII ғасырдың басында қазақ хандығына бытыраңқы ойрат тайпалары қарсы болса, XVII ғасырдың екінші ширегінде күштердің ара салмағы жоңғар тайпаларының пайдасына өзгере бастады. Қазақ-жоңғар қатынастары, әсіресе Батур-қонтайшы (1634–1654 жж.) билік құрған кезде ерекше шиеленісе түсті. Одан кейін Ғалдан-Бошакту (1670–1697 жж.) билеген кезде, оның мұрагері Цеван-Рабтан (1697–1727 жж.) өкімет басына келгенде қазақ-қалмақ қатынастары қатты шиеленісіп кетті. 1698 ж ойраттар мен қазақ хандары арасындағы қарулы қақтығыстардың жаңа кезеңі басталды. Жоңғарлардың әскер басшылары маңызды сауда жолдары өтетін және ірі сауда орталықтары орналасқан Оңтүстік Қазақстан жерін басып алуды көздеді 1710–1711 жыл-дары жоңғарлар қазақ жеріне басып кіріп, қырғын соғыс жүргізді. 1718 жылы жазда Аякөз өзенінің жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандап жеңді

1718 жылы Тәуке хан өліп, билік оның баласы Болат ханға өткен тұста қалмақтардың қазақ жерлеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің артиллерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың тигізген әсері үлкен. 1709 жы-лы Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалады, осында Ертістің бойымен жоғары өрлеп бара жатқан Бухгольцтың экспедициясы құрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қыста ол қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болған ол қалмақтарды темір балқытып, зеңбірек жасауға, оның оғын дайындауға, тіпті баспахана жасап, әріп құюға үйретеді. Ренаттың көмегімен зеңбірек атыс жарақтарын жасап, жүз мыңнан астам әскер құрап, қалмақтар қазақтарға қарсы соғысқа дайындалып жатқанда қазақтар жағы олардан қауіп күтпей, ішкі таластартыспен жүрген болатын. Бұл тұста қазақтар мен қалмақтардың шекарасы Ертіс өзені, Балқаш көлі, Шу, Талас өзендерінің аралығымен өтетін.1723 ж көктемінде жоңғарлар шешуші жорыққа шықты. Мол әскер жинап, толық қаруландырып, оның қолбасшылығына Шуно Дабо деген қалмақ баһадүрін тағайындады. Оның тактикалық жоспары бойынша қалмақ әскерлері стратегиялық екі бағытта қимыл жасауға тиісті болды. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен Талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт – қазақтарға ес жиғызбай соққы беріп, Шыршық өзенінің қойнауына жету еді. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзенінің бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағындағы Кетпен тауының баурайына орналасты. Сөйтіп, Алатау баурайын жайлаған қаннен-қаперсіз отырған қалың елге шабуылға шыққан қалмақ әскерлері қазақтардың қанын судай ағызды. Еркек кіндікті адамдарды қырып, әйелдерді, қыздарды байлап-матап алып кетті. Бейғам отырған ел басқыншыларға ешқандай қарсылық көрсете алмады. Ұлы жүз бен Орта жүздің қазақтары Самарқанд пен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұқараға ағылды. Босқындардың біразы Алакөл маңына келіп паналады. Бұл кезеңді қазақ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атады. Яғни, қазақтардың табаны ағарғанша шұбырып, Алқакөлге жетіп азап пен аштықтан сұлаған жерлер еді дейді. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы ды қайғылы, ән ұраны сияқты «Елім-ай» әні еді. Мұнан үш жүз жылға жуық уақыт бұрын шығарылған осы өлеңмен оның әні қазақтың басына түскен сол бір ауыр күндердің өшпес ес-керткіші.

Бұл кезде Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы мен халық өмірінің ерекше жағдайларын өзіндік өзгешелігімен қамтитын қоғамдық уклад «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», «төрелік айту», «шешендік сөздер» деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды. Қазақтың атақты билері поэтикалық таланты зор және суырып салма айту мен шешендік сөз арқылы өзара айтыстың тамаша шеберлері болған. XVI-XVIIIғасырларда би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы, шешендік өнерінің күшімен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663–1756), Қазыбек Келдібекұлы (1665–1765), және Әйтеке Байбекұлы (1682–1766) ерекше орын алды. Олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Хиуада, Жоңғария мен Қытай империясында танымал болған.

Қазақ халқының жоңғар.ға қарсы азаттық күресіне Қаракерей Қабанбай,Қанж.Бөгенбай,Шақшақ Жәнібек,Малайсары,Баян,Ер Жәнібек,Наурызбай,Райымбек, Саурық,Көкжал Барақ батыр.р қолбасшылық жасады.

3.ҚАЗАҚСТАН «КЕМЕЛДЕНГЕН СОЦИАЛИЗМНІҢ» ДАҒДАРЫС ЖЫЛДАРЫНДА (1965-1985 ЖЖ.)КОКП ОК-нің 1964 жылғы қазан пленумында партия мен ел басшылығы ауыстырылды. КОКП ОК пленумы Н. С. Хрущевті ОК-тің бірінші хатшысы, КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы және Төралқа мүшесі қызметтерінен босатты. КОКП ОК-нің бірінші хатшылығына Л. И. Брежнев сайланды. Осыдан көп ұзамай Жоғарғы Кеңес А. Н. Косыгинді Кеңес үкіметінің басшысы етіп тағайындады.60-жылдардың орта шеніндегі бетбұрыстың басты мазмұны мен негізгі бағытын шаруашылық реформасы айқындады.КОКП ОК-нің 1965 жылғы қыркүйек пленумы өнеркәсіпті салалық принцип бойынша басқару және өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құру дұрыс деп тапты.70-жылдардың басында кейінгі кезеңдердегідей ауыр сезіле қойған жоқ. 170тен астам өнеркәсіп кәсіпорны мен цех, оның ішінде Лисаков кен-байыту комбинаты, Шерубай-Нұра шахтасы, Талдықорған аккумулятор зауыты, бірқатар жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары бой көтерді. Павлодар облысында Екібастұз отын-энергетика кешенінің, Ертісте Шүлбі ГЭС-інің құрылысы басталды. 1981–1985 жылдар ішінде әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді.Билеуші партиялық-мемлекеттік аппараттың біліксіздігі мен империялық пайымның безбүйректігі салдарынан еселене түскен директивалық жоспарлау республика экономикасына орасан зор нұқсан келтірді. Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателіктер, жер және су қорын есепсіз пайдалану, мақта мен күріш дақылдарын өсіруге дара үстемдік беру салдарынан теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға дейінгі аумақта құрғап, жалаңаш қалды. Арал өзінің балық өнеркәсібінен айрылды. Оның үстіне құрғап қалған теңіз түбінен тұз бен шаңның көтерілуі күшейе түсіп, арал аймағының климаты күрт нашарлап кетті.1971–1980 жылдар ішінде республиканың ауыл шаруашылығына 18 миллиард сомнан астам күрделі қаржы жұмсалды. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру ұдайы төмендеумен болды: ол IX бесжылдықта 13%-ға;XI бесжылдықта – 0,4%-ға дейін құлдырады. Ауыл шаруашылығы тиімділігі төмендігінің басты себебі шаруалардың өз еңбегінің жемісін өздері көре алмайтындығынан еді.Азық-түлік бағдарламасын қабылдаған КОКП ОК-нің 1982 жылғы мамыр пленумы ауыл шаруашылығының, бүкіл агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігінің жеткіліксіз дәрежеде екендігін мойындауға мәжбүр болды. Халықты азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етуді түпкі мақсат ретінде көздей отырып, Азық-түлік бағдарламасы ауыл шаруашылығының да, оған қызмет ететін салалардың, көлік пен сауданың да жұмысын біріктіруге тиіс болды. Алайда Азық-түлік бағдарламасы мен ауылшаруашылық өндірістің құлдырауын тоқтатуға бағытталған өзге де әрекеттер нәтиже бермеді, өйткені бағдарлама басқарудың ескірген жүйесі аясында жасалды. 80-жылдардың орта шенінде іс жүзінде барлық жерде тамақ өнімдерімен шектеулі қамтамасыз ету жүйесі енгізілді.Халықтың әл-ауқатын жақсарту экономикалық саясаттың басты міндеті деп есептелді. КОКП-ның әрбір съезі бұл мәселені саналық тұрғыдан жаңа сатыға көтеріп отырды. Халықтың жан басына шаққандағы нақты табысының 2,6 есе өсуі, медицина, ғылым, мәдениет қызметінің, көптеген отбасының тұрғын үй жағдайының жақсаруы осыған айғақ. 1970–1985 жылдар аралығында 887,7 мың пәтер тұрғызылып, оларға 3 милионнан астам адам қоныстандырылды. Алайда халық тұрмысы 30 – 40-жылдармен салыстырғанда ғана едәуір жақсарды.

Адамдардың ақшалай табыстары мен төлеу қабілетіне негізделген сұранымы тауарлар мен қызмет түрлері көлемінің ұлғаюымен салыстырғанда озыңқы өсіп отырды.Сөйтіп, экономикалық қайшылықтар әлеуметтік қайшылықтарды туындатса, олар өз кезегінде күрделі адамгершілік проблемаларды дүниеге әкелді.

 

1.Сақтар (сақалар) — қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрғанОларды көне гректер скифтер деп атаған. Ол туралы грек тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» деген еңбегінде, 5 томында, жағрапияшы Страбон «Жағрапиясында» жазып қалдырған.Сақтар – б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар. Бұларды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды.

Қоныстанған жерлері.парадрая (теңіздің арғы бетіндегі сақалар) — еуропалық сақалар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар;хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақалар) — Ферғана алқабын мекендеушілер;

тиграхауда (шошақ бөрікті сақалар) — Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер.

Соғыстарыб.з.б 530 ж сақ жеріне Кир әскері басып кірді. Бұл кезде елді томирис басқарды. Сақтар жеіеді. Одан кейін кек алу мақсатында І Дарий б.з.б 519-518ж жорыққа шығады. Осы соғыста ерлік көрсеткен сақтардың қарапайым баласы Шырақ батыр болды. Жетісу мен Оңтүстік ҚазақстанБұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар — Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында. іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды. Жетісудағы сақ мәдениеті екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. 8-6 ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. 5-1 ғғ.).

Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді, үлкен обалар — диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м. Салынған уақыты б.з.д. 5 ғ.

Шығыс Қазақстан Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. 7-6 ғғ), берел кезеңі (б.з.д. 5-4 ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. 3-1 ғғ.). Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады.Орталық Қазақстан Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә. Марғұлан, М. Қадырбаев жүргізді. Бұл обалардың ерекшелігі — оларда тас жалы, «мұрты» болады. Шаруашылығы

Мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан.Жылқы өсірген. Екі тұқымы болғаны анықталды. Түйе шаруашылығы да кең дамыды.сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы — өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды.

Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдарья алқабында сақтардың Шірік Рабат, Бәбіш-молда, Баланды секілді қоңыстарында табылған

Қоғамы Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар:жауынгерлер — сүңгі мен оқ («ратайштар-арбада тұрғандар»),абыздар — құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар,қауымшыл сақтар, яғни «сегізаяқтар» (соқаға жегетін екі өгізі барлар).

Мәдениеті Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д, д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін дыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. САРМАТ ЖӘНЕ САВРОМАТ ТАЙПАЛАРЫ.Сарматтар— көне дәуірде Қазақстанның батыс өлкелерін, Оңт. Орал алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, Солт. Қара т. өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы. Б.з.б. 2 ғ-ға қарай Қара т. скифтерінің патшалығы аумағында С. билігі орнайды. Соғыс өнерін жете меңгерген С. Риммен әскери қақтығыстар жасап отырды. Император Август тұсында жасалған Рим әлемінің картасындағы 24 облыстың 9-ыншысы “Сарматия” деп аталған.. Б.з.б. 1 ғ-дың соңына қарай әуелі Дон маңында, кейінірек Қара т. өлкелерінде “алан” тайпалық одағы қалыптасып, көп ұзамай С-дың басқа да топтарын өзіне қосып алады. «Сармат» этнонимі ежелгі деректерде б.з.д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді. Осы кезден бастап сарматтардың Скифияны жаулауы басталды Бұл сарматтар Аралдың оңтүстігіндегі тайпалармен туыс болған. Сондай-ақ олардың савроматтармен этникалық туыстығы да күмән тудырмайды. Сарматтардың бір тайпасы — роксоландар б.з. 1-ғ. Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан.Сарматтар өздері басып алған елдің саяси өміріне мықтап араласқан. Мыс. Б.з.д. 2 ғ. соңында Понтия патшасы Митридаттың қолбасшысы Диафантпен болған соғыста роксоландар скифтерге қосылды. Б.з.д. 1 ғ. Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з.д. 49-ж. римдіктер мен сарматтар бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирактарды (сармат тайпасы) жеңеді.Аландар (Оралдың оңтүстік өңірінен шыққандар, Археологиялық ескерткіштері Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары өлген адамның қабырын балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған. Екінші кезеңде б.з.д. 2-ғ. соңынан б.з. 1-ғ. басына дейін қабыр құрылысының түрлері өзгермейді. Бірақ іші көмкермелі молалар саны кемиді. Жасанды үңгірлер жоғалады. Әктастан жасалып, обалар астындағы қабырға қойылатын антропоморфты — адам бейнелі мүсіндер табыну бұйымдарына жатады. Үстірттегі Бәйіт табыну кешені белгілі. Ол обалар мен скульптура сынықтарынан тұратын үш топ ескерткіш. Мұндағы мүсіндер әктастан қашалып жасалған. Олардың кескін-келбеттері, қару-жарақтары ойылып жасалынған. Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ.

Өлген адамдары іші көмкерілетін тар қабырларға жерленген.

Шаруашылығы Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы мен қой өсірген. Иран тілдес болған.Зергерлік өнер 3-5 ғғ. «полихромдық өнер» дамыды. Тек алтын қолданылды. Полихромдық өнерге әшекейлевдің түрлі техникасы тән. Жиі кездесетіндері түрлі-түсті тастармен безендіру (инкрустация), зерлев, оқа жүргізу, жалату т.б. Бұл өнер Моңғолиядан, Орта Азиядан ғұндардың келуімен байланысты Бұл әшекейлер Ертістің жоғары жағынан (Шілікті), Орталық (Жыланды), Батыс Қазақстан (Бесоба) қорғандарынан табылды

2. Қаз.ң Ресейге қосылу себептері. Кіші және Орта жүздің Ресей имп.ң құрамына кіруі.

Қазақ халқының елдігі жолындағы тарихи күрес барысында,XVIIғ екінші жарт.бастап қазақ хандары өздерінің үлкен көршісі Ресей мемл.мен байланыс жасауға мүдделі болды. Орыс мемл.ң қазақ ханд.мен сауда және елшілік байланыс.ы Қазан мен Астрахань ханд.ң Ресейге қосылп, оның Жайық пен Еділ аралығндағы даланы алып жатқан Ноғай Ордасына саяси үстемдігін орн.кейн ұлғая түсті.

Орыс мемл.і ең алдымен өазаө даласы арқ.өтетін қатынас,сауда жол.ң қауіпсізд.н қамтамасз ету үшін Қазақ ханд.мен байланысын нығайтуды көздеді.Сон.ақ Сібір ханд.на,Орта Азия билеушілеріне қарсы күресте және феод.ы тарапынан күшейе түскен байланысты одақтас іздеген Қазақ ханд.ы Орыс мемл.мен экон.қ,саяси әкімшілк байланыс орнатуға мүдделі болды.

Кіші жүздің Ресей империясының құрамына енуі.Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды. Әбілқайыр ханның мақсаттыры:

-Қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату.

-Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу.

-Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау.

-Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру.

Ең басты мақсаты – жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату.Әбілқайыр хан 1726 жылы Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын. Бірақ елшілікке күмәнданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз қалдырған. Кіші жүз ақсүйектерінің талабы: Ресеймен әскери одақ құру.Әбілқайыр хан талабы: Ресейдің құрамына кіру.

1730 жылғы қыркүйек – Петербургке аттанған елшілері Сейітқұл Қойдағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлына Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырды.

1731 жылғы 19 ақпан – Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы хан ұсынысын императрица Анна Иоанновна қабылдады.

Кіші жүз ақсүйектері мен Әбілқайырдан ант қабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмәші, дипломат А. И. Тевкелев бастаған елшілік жіберілді.

1731 жылы қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілқайыр ордасына келгенде, қазақ ақсүйектері арасында алауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз қалдыруға тырысқанмен, бұл қарсылық сәтсіз аяқталды.

1731 жылғы 10 қазан – Кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына кіруге ант берді.Кіші жүздің Хиуа хандығымен, қарақалпақтармен шектесіп жатқан аудандары Ресей империясына қосылмады. Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отаршылдық саясат ұстанып, 1714–1720 жылдары бекіністер тұрғызған болатын: Жәміш, Омбы, Колбасинск, Железинск, Семей, Коряков (Кереку), Өскемен.

Патша үкіметінің мақсаты – қазақ-жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу.

Патша үкіметі Жайық бойына бекіністер тұрғызып, егін шаруашылығына қолайлы өңірлерді басып алып, орыс помещиктеріне, казак-орыс қоныстанушыларына таратып беру саясатын ашық жүргізе бастады.

Жаңадан қосылған қазақ жерлеріндегі шептерін нығайту мақсатында Ресей үкіметі 1734 жылы мамырда Сенаттың хатшысы И. К. Кириллов басқарған экспедиция жабдықтады:Ор өзені бойында бекініс тұрғызу;Орта Азия хандықтарымен керуен саудасын кеңейту;Қазақ өлкесіндегі табиғат байлықтарын игеру;Сырдария бойында қала тұрғызып, Өзен флотилиясын құру.

Саяси жағдайдың шиеленісіп кетуіне байланысты экспедиция мақсаттары түгел іске аспады.

1735 жыл – Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізі қаланды.Орынбор шекаралық комиссиясының келесі төрағасы И. И. Неплюев (1742 ж.) Орск қалашығын 1743 жылы жаңа жерге көшірді. 1743 жыл – Орынбор қаласының негізі қаланды.1735–1737 жылдары болған башқұрттардың көтерілістері кезінде Әбілқайырдың башқұрт билеушілерімен бірігіп кетуінен сескенген патша үкіметі екінші рет ант алуды көздеді.1738 жылғы тамыз – Орынбор комиссиясының басшысы, тарихшы В. Н. Татищев Орынборда қазақ сұлтандарының съезін өткізді.Кіші жүз бен Орта жүзден барлығы 60-қа жуық старшын Ресейге берілгендігін қуаттап екінші рет ант берді.


<== previous lecture | next lecture ==>
Тэма 1. Культура старажытнай Беларусі. 1 page | Тэма 1. Культура старажытнай Беларусі. 3 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.252 s.