|
Формулалар редакторыDate: 2014-02-26; view: 1265. Лекция №12 Абзацтарды туралау. Жолдың екі бетін бірдей туралау жиі кездесетін форматтау түрі болып саналады. Мунда жолдағы сөздердің арасындағы қашықтықтар бірдей болып орналасып, мәтін әрбір Жолдан ыңғайлы күйде бейнеленеді. Формат→Абзац→Туралау (Выравнивание) командасы арқылы туралау бүкіл мәтінге қатысты деп есептеліп, жұмыстың басында енгізіледі. Ал, мәтін фрагменттері үшін туралау режимдерін пайдалану аспаптар тақтасы немесе пернелік команданың көмегімен жұмыс істегеннен гөрі әлде қайда ыңғайлы. “Форматтау” аспаптар тақтасының құралдары. “Форматтау” аспаптар тақтасы абзац форматының нақты параметрін жылдам өзгертуге мүмкіндік береді. Ол үшін керекті абзацты ерекшелеп алып, батырманы аспаптар тақтасындағы керекті батырманы тышқанмен басу керек.
Жоспар: 1. Формулалар редакторын іске қосу. 2. Математикалықт символдар жолы. 3. Теңдеулерді теру.
Әдебиеттер: 1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы. 2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж. 3. А.Левин. “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997. 4. Г.Евсеев, С.Симонович “WINDOWS 98 полный справочник в вопросах и ответах”. Москва 2001. 5. Дж. Куртер. А.Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000
Word програмасындағы формулалар редакторының (Редактор формул – Equation Editor) көмегімен құжат мәтініне математикалық формулалар мен символдарды орналастыруға болады. Математикалық символдар мен шаблондар көптеген кең спектрлі мүмкіндіктерді қамтиды. Формулалалар редакторының көмегімен жазылатын объектілерге интегралдар, матрицалар, бөлшектер, түбірлер, көпмүшеліктер, т.б. жатады және де олардың экран бетіндегі сырт бейнелеріпринтерден басып шығарылатын көшірмесімен бірдей болады. Формулаларды фарматтау барысында пайдаланатын әріптер мен олардың сызылымы принтер қабылдайтын байланысты өзгертілуі мүмкін.
1. Формулалар редакторын іске қосу. Word ортасынан формулалар редакторын іске қосу үшін, енгізу курсорын құжаттың формула кірістірілетін жеріне орналастырып, Кірістіру Егер объектілер типі тізімінде формулаларредакторы жоқ болса, онда келес әрекеттерді орындау қажет: - Microsoft Word Folder бумасында орналасқан Word Cammands ішкі бумасын ашу; - формулалар редакторын бейнелейтін суретте тышқанды екі рет шерту; - формулалар редакторы терезесін одан шықпай –ақ жабу; - Word-тан формулалар редакторын шақыру. Формулалар редакторы жүктелгеннен кейін оның қолданбалы терезесі ашылады.Ол терезе өзінің құрылымы жағынан Word терезесіне ұқсас.
2. Математикалық символдар жолы. Математикалық символдар пиктограммалары бар теңдеулер редакторы терезіндегі жоғарғы жол негізінен символдар формуласына енгізуге арналған меню болып табылады: мысалы , шексіздік белгісі , вектор символы , т.с.с. таңбалар жиыны . Олардың ішінен қажетті символдарды таңдауға және оларды формула ретінде енгізуге болады. Математикалық символдар функционалдық ұқсастығы ( үйлестігі ) бойынша жеке топтарға біріктіріліп орналастырылған. Символдар кірістіру үшін керекті символ тұрған өріс элементін тышқан курсорымен белгілеп көрсеткен жөн. Соның нәтижесінде осы өріске кіретін символдардың толық тізімі ашылады. Тышқан курсорымен тізімдегі қажетті символды таңдап алып, оны бір рет шертсек, символ мәтіндегі формулалар жолына енгізіледі. Шаблондар жолы математикалық символдар пиктограммасынан төменде орналасқан. Оның көмегімен мәтінге математикалық қатынастар, амалдармен мен интеграл, матрица, жақша ішіндегі өрнектер сияқты күрделі обьектілерді және т.б. енгізуге болады. Шаблондарды мәтінге кірістіру алдыңғы математикалық символдарды кірістіру тәсілімен орындалады. Бір шаблрнды екіншісінің ішіне қоюға болады. Мысалы, интеграл белгісінен кейін түбір шаблонын қоюға, ал түбір белгісінің ішіне ( астына) бөлшек шаблонын қоюға болады және т.с.с. Формулалар редакторында енгізу курсоры бастапқыда L әрпі түрінде болады. Көлденең және тік сызықтар фориуланың келесі элементі қай жерге енгізілетінін көрсетеді. Формулаларды жазуда математикалық символдар мен шаблондар жолы қосымша аспаптар ретінде пайдалынады, өйткені таңбаларды тікелей пернелерден де енгізе береміз. Редакторда даярланған формула мәтінге формулалар редакторы терезесі жабылған соң ғана кірістіріледі.
3. Теңдеулерді теру. Теңдеулерді теру формулалар редакторын шақырғанда пайда болатын кадрда жүзеге асыралады. Теңдеуге тікелей пернелей тақтасының көмегімен қарпайым мәтінді және формулалар редакторындағы менюден арнайы символдарды таңдап алып, оларды да енгізуге болады. Формулалар редакторының менюнінен тиісті таңбаны таңдап алған соң, оны жіңішке пунктирмен шектелген тіктөртбұрышты енгізу ұясына орналастырамыз. Бұны осы шаблон арқылы енгізілетін символдардың ұясы деп те атауға болады . Курсорды тиісті ұяға апарып , керекті мәтіндерді енгізе беруге болады. Ұяға енгізілген өрнектерге байланысты тіктөртбұрыш өз мөлшерін автоматты түрде өзгертіп отырады. Қойылған шаблондар қабаттасып роналасқанда, курсордың қай ұяда орналасқанын анықтау қиынға түсуі мүмкін. Бұған курсорға дейінгі өрнектің асты сызылып тұратыны және курсордың биіктігі символмен бірдей болып жыпылықтауы көмектеседі. Символдардың бірінен екіншісіне өту немесе берілген шобланнан шығу, курсорды ауыстыру пернелерімен жүзеге асыралады . Шаблоннан бір ұясының басқасына ауысуы үшін Тав пернесін пайдаланған жөн. Егер қандайда бір өрнек ерекшеленіп тұрса, онда шаблонды шақыру барысында ол өрнек автоматты түрде ерекшеленген өрнек тұрған ұяға барып орналасады. Кейбір шаблондық белгілерді қоспернелерді арқылы жылдам теруге болады. Қоспернелер ... әрекеттерінің нәтижесі – Ctrl +R түбір шаблонын кірістіру ; Ctrl+l интеграл шаблонын кірістіру; Ctrl +[ ашылған (жабылған) тік жақшалар ( не Ctrl +]) шаблонын кірістіру; Ctrl + 9 ашылған (жабылған) жай жақшалар (не Ctrl +0) шаблонын кірістіру ; Ctrl + { ашылған (жабылған) жүйелі жақшалар (не Ctrl +}) шаблонын кірістіру; Ctrl +F көлденең сызығы бар бөлшек шаблонын кірістіру; Ctrl +\ қиғаш сызықты бөлшек шаблонын кірістіру; Ctrl +G грек символдрын енгізу режиміне ауыстыру (символ енгізілісімен автоматты түрде бастапқы режим орындалады); Ctrl +H дәрежелік таңба шаблонын кірістіру (жоғарғы Индекс); Ctrl +L индексті таңба шаблонын кірістіру (төменгі индекс); Ctrl +J жоғарғы да төменгі де индекстері бар Шаблонын кірістіру; Ctrl + T, S қосындылаау шаблонын кірістіру; Ctrl + T, P көбейтінділеу шаблонын кірістіру; Ctrl + T, M матрица шаблонын кірістіру; Ctrl + T ,U жол астындағы төменгі символдар шаблонын кірістіру
Бұл жылдам қоспернелер әріптерін әрекетте сәйкес келетін ағылшын терминдерін білу жолымен еске сақтауға болады.(мысалға, fraction- бөлшек).
|