|
СИЛЛАБУСDate: 2015-10-07; view: 1340. Экономика кафедрасы
Халықаралық туризм тарихы Мамандығы: 5В090200 – «Туризм»
Оқыту нышаны: күндізгі Курс: 2 Семестр: 3,4 Кредиттер саны: 3 Барлық сағат: 135 Барлығы дәрісханалық: 45 Дәріс: 30 Тәжірибелік сабақтар: 15 СӨЖ (ссның ішінде ОСӨЖ. 90 Аралық бақылау: 2 Емтихан: 3,4 семестр
Талдықорған 2015 ж. Оқытушы туралы мәліметтер: Тоқпанов Еркін Айпұлы жаратылыстану-техникалық факультеттің жаратылыстану пәндері кафедрасының доценті, г.ғ.к. Электронды почтасы: tokpanov1960@mail.ru ; жұмыс телефоны: 25-38-69-2217; үй телефоны : 3115-98; ұялы телефондары: 870169506-72; 8707241-91-21 Кеңес беру уақыттары: Кафедрадағы кеңес беру кестесі бойынша 2 оқу ғимаратындағы 206, 204 дәрісханалар. Пәннің пререквизиттері:«Топография және жергілікті жерде бағдарлау» пәнін оқып үйрену үшін «Туризмтану негіздері, «орта мектептің математика», пәндерін оқуы қажет. Пәннің постреквизиттері:«Топография және жергілікті жерде бағдарлау» пәні туризмнің белсенді түрлерінің тектикасы мен тактикасының негіздері және туристік өлкетану жұмыстары, «Картография», пәндерін оқытуға негіз болады. Халықаралық туризм тарихы пәніне қысқаша шолу.Бірінші тарауда халықаралық туризм тарихы пәнінің зерттейтін нысандары мен зерттеу әдістері мен құрылымы, адамзат тарихы және алғашқы ұйымдасқан саяхаттардың әлеуметтік-экономикалық себептері, көне дәуірде және рта ғасырдағы туризмнің пайда болу тарихы қарастырылып негізгі түсініктерге талдау жасалады. Екінші тарауда Жаңа дәуірдегі туризмнің қалыптасуы ХХ ғасыр мен біздің кезге дейінгі халықаралық туризмнің дамуы, Ресей империясында, бұрынғы КСРО мен Қазақстанда туризмнің даму тарихы, Көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі Қазақстанда туризмнің қалыптасуы, қазіргі кезеңдегі түйінді мәселелері меңгертуді көзделеді. Үшінші тарауда Туризмнің әлеуметтік құбылыс ретіндегі тиімділігін арттыру жолдары, әлемдік туризм индустриясы дамуының негізгі тұжырымдамалары және оның Қазақстан үшін маңызы Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясын дамыту тұжырымдамасын негіздеу мәселелері қарастырылады. Пәннің оқу бағдарламасының мазмұны төрт модульге бөлінеген. Халықаралық туризм тарихы пәнін оқытудың мақсаты:студенттерге даму тарихының негізгі кезеңдерін бір ізділікпен меңгерте отырып туризмнің эволюциясының, ауқымы, қоғамдағы алатын орыны, қоғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайында халықаралық туризмнің атқаратын қызметі жөнінде студенттерге тұтас білім жүйесін меңгерту. Алған білімдері мен арнайы іскерлік-дағдыларын когнитивті және коммуникативті қызметінде іс жүзінде пайдалану, зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Халықаралық туризм тарихы пәнін оқытудың міндеттері: -туризмнің мәні мен атқаратын қызметін оқыту; - халықаралық туризмнің әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің қалыптасу тарихын анықтау мақсатында кезеңдерге бөлу; - туризмге деген қажеттілікті айқындайтын факторларды анықтау; - тарихи-мәдени дәстүрлердің саяхат пен туризмнің мақсатын анықтауға тигізетін ықпалын оқып-үйрену; - көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі дүниежүзіндегі туризм мен саяхаттың даму ерекшеліктерін сипаттау; -студенттерге Қазақстан Республикасы мен алыс жақын шет елдерде халықаралық туризмнің көне дәуірден бүгінге дейінгі дамуы мен қалыптасуына қатысты оқиғаларды, дәйектерді, негізгі түсініктер мен ұғымдарды меңгерту, кәсіби іскерлік-дағдыларын қалыптастыру. Студенттің білімі мен іскерлік-дағдыларына қойылатын талаптар: Студенттер білуі тиіс: -туризмнің көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі негізгі қалыптасуы мен даму кезеңдерін; -әр түрлі елдер мен аймақтарда саяхаттау тәжірибесінің кезеңдерге бөлу қағидалары мен таралу ерекшеліктерін; -халықаралық туризм тарихындағы басты оқиғаларды; -белгілі бір кезеңде қызметінің барысында туризмнің дамуына ықпал етекен адамдардың аттары мен даму тарихындағы маңызды атаулы күндрді; - жаңа және қазіргі кезеңдегі инновациялық тұжырымдамаларды; Студенттер істей алуы тиіс: - әр түрлі кезеңдердегі халықаралық туризмнің мәнін сипаттарын анықтай алуы; - белгілі бір кезеңдердегі географиялық және елтанулық білімдерді бір-бірімен салыстырып айырмашылықтарын анықтай алуы; - туризмге және оның іс жүзінде жүзеге асыратын нақты нышандарына, тұжырымдамалық тұрғыдан қараудың байланыстарын анықтай алуы; - туризмнің тарихи қалыптасқан түрлерінің мазмұны мен уәжін бір-бірімен салыстырып ұқсастықтарын, ортақ белгілерін анықтай алуы; - әр түрлі тарихи кезеңдердегі туризм ісінің жағдайын айқындайтын ақпараттарды талдай алуы тиіс; - белгілі бір тарихи кезеңдердегі пайдаланған картографиялық материалдардың ерекшеліктерін таба алуы; Студенттер меңгеруі тиіс:қажетті ақпараттарды іздеу, тарихи материалдарды талдау, жүйелеу, құрылымдау, ғылыми еңбектерді рефераттау, туризм тарихына қатысты туындаған мәселелер бойынша пікір сайыс өткізу, ежелгі туристік бағыттарды үлгілеу, жобалар, мультимедиалық көрсету құралдарын дайындау дағдыларын. Пәнді оқыту барысында төмендегі құзіреттіліктер қалыптасады: а. түйінді құзіреттіліктер (ТҚ. -кәсіби қызыметте қолданатын туристік білім негіздерін меңгеру; - алған білім негіздерін жоғарғы туристік білім мен іскерлік-дағдыларды қалыптастыру тәсілдерін меңгеру және оны іс жүзінде пайдалану, туризм саласының нақтылы міндеттерін шешу барысында теориялық тұжырымдамаларды пайдалану. б. пәндік құзіреттіліктер (ПҚ). - туристік түсініктерді терең түсіндіріп, тарихи тәжірибелерді кәсіби талдауға және туристік қызыметте пайдалануға құзіреттуі болу: - танымдық белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік беретін білім негіздері мен қарым-қатынас стратегияларын меңгеру; - заманауи инновациялық технологияларды меңгеру; -кәсіби шеберлікті арттыруға ұмтылдыру, тақырыптық карталарды, статистикалық және графиктік кестелерді білім көзі ретінде пайдалану дағдыларын игеру; -пән бойынша бақылау-бағалау материалдарын дайындауға қаблетті болу. в.арнайы құзіреттіліктер (АҚ). -болашақ туризм саласының маманы ретінде кәсіби қызметіне қажетті теориялық білім, іскерлік-дағдылар, зерттеу және ізденіс әдіс-тәсілдерін меңгеру; -алған білімді түрлендіру дағдыларын меңгеру, кәсіби деңгейі жоғары білікті мамандардың тәжірибелерін оқып-үйрену, жинақтап іс жүзінде пайдалануға қаблетті болу; -стандартты емес балама шешімдерді табу дағдыларын меңгеру, сын тұрғысынан ойлауды, жасампаздықпен шешуге қаблетті болу; - туризм саласының, туристік және спорттық бағдарлаудың нормативті құжаттардағы білімдерді (пән бойынша стандарттар, бағдарламалар) меңгеру, әдістемелік құжаттарды жасауға қаблетті болу.
Баға қою саясаты Білімбі балдық-рейтинлік әріптік бағалау жүйесі
Курстан алған білімді жалпы бағалау
Баға қою өлшемдері
*. ӨЖ силлабустың бөлімдеріне сәйкес беріледі.
Курстың саясаты Студенттің оқу жетістігінің деңгейі жіберу рейтингісі (қорытынды бағаның 60%. және емтихан бағасы (40%. арқылы қалыптасатын қорытынды бағамен анықталады. Жіберу рейтингі академиялық кезеңдегі (15 апта. ағымдағы және аралық бақылау нәтижелеріне негізделіп қалыптасады. Оқу жетістіктерін бағалпау. Әр орындалған тапсырма 100баллдық өлшеммен (ағымдағы сабақтардағы жауабы, дәрістегі белсенділігі, СӨЖ, аралық бақылау үй тапсырмаларын, және т.б. орындауы. қойылылып, соңғы жіберу рейтингі бақылау кезеңінде алған барлық балының орташа арифметикалық жиынтығы арқылы бағаланады. Ағымдағы бақылауда студенттердің сабаққа қатысуын, тәжірибелік жұмыстарды, үй тапсырмаларын орындауды, бақылауды көздейді. Білім алушылардың дәрістегі белсенділіктері, конспект жазуы, дәрісте қарастырылатын түйінді мәселелер мен қойатын міндеттерді талқылауға қатысуы, дәліскерге сұрақ қоюы, өз бетімен талдау, ой қорытындыларын шығару, сын тұрғысынан ойлауы тапқырлығы бағаланады. Студенттердің тәжірибелік сабақтарға, ОСӨЖ-ге қатысуының барлық түрлері:географиялық үрдістер мен құбылыстарға, тақырыптық карталарға, графиктік және статистикалық кестелерге талдау жасауы, үй тапсырмалары мен тест тапсырмаларын орындауы; оқытушының қойған сұрақтарына жауап беруі, сабақ барысындағы белсенділіктері, СӨЖ, жоба дайындап оларды қорғауы сияқты шығармашылық тапсырмаларды орындаулары бағаланады. Студенттердің бағдарламада қарастырылмаған қосымша жұмыс түрлері (ғылыми баяндама, басылым, олимпиадаларға, конференцияларға, байқауларға қатысуы т.б.. үшін семестрде алған бағаларына қосылатын сиақылық бонустық балдар қойылады. Негізгі бақылау шаралары бойынша жіберген сабақтарын қайта өту (себепті жағдайлармен қалғанда., қарыздарын жою 7 және 14 апталарда аралық бақылаудың алдында жүргізіледі. Сабақтан себепсіз қалуды қайта өтеу, қарыздарды аралық бақылаудан кейін тапсыру рейтингке кірмейді және оларға балл қойылмайды. Оқу үлгерімі мен сабаққа қатысу рейтингінің жиынтық бағалары әр аптаның соңында университеттің жеке торы арқылы электронды кітапшаға қойылады. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
СТУДЕНТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ (СӨЖ) МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОРЫНДАҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР Жоспарланған тақырып бойынша студенттердің өздік жұмыстары негізінен жазбаша түрде орындалып олардың мазмұнын ашу үшін кескін карталарға түсірілетін тақырыптық карталар, статистикалық немесе графиктік кестелер диаграммалар беріледі. Тақырыптың мазмұнвна сай ғылыми әдебиеттерден алынған деректерге өз беттерімен талдау жасап ой қорытындыларын шығару, қажетті номенклатураларды жаттап оларды кескін картаға түсіру, сандық мәліметтерге негізделіп графиктік кестелер мен диаграммалар құру материалдың мазмұнына терең үңілуге, есте сақтау қабілеті мен танымдық белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді. Ізденіс, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындау пәнге немесе оның жеке тақырыптарына деген қызығушылықты арттырады. Тақырыпта қарастырылатын негізгі мәселені іріктеп қысқаша мазмұнын (тезистерін., графиктік кестелер мен диаграммаларқұру барысында оқу материалдарындағы басты мәселелерді іріктеу, белгілі бір үрдістер мен құбылыстардың шаруашылықтың жеке салаларының елдің немесе оның белгілі бір аумағындағы даму қарқынын анықтау, талдау, жинақтау, ой қорытындыларын шығару дағдылары қалыптасады Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясының көптеген тапсырмалары статистикалық кестелерге, диаграммаларға, экономикалық карталарға талдау жасауды, белілі бір елдер мен аймақтардағы щаруашылық салаларының даму қарқынын салыстыруды, қалыптасуына әсер ететін табиғи және әлеуметтік-экономикалық факторларды салыстыру арқылы ой қорытындыларын шығаруды қажет етеді. Сондықтан тапсырманы орындау барысында материалды жүйелееп мазмұнын жан-жақты ашуға мүмкіндік беретін кестелер, сызба-нұсқалар, постер, үлгілер құруға баса назар аудару қажет. Тапппсссырррммманнны орыннндддаууу барысында көөөрсетілген әдебиеттерді ғана емес, энциклопедияларға, географиялық сөздіктер мен анықтамаларға, тқырыптық карталарға статистикалық көрсеткіштерге баса назар аудару қажет. Өздік жұмыстың бұл түрлерінің барлығы оқу материалдарын терең меңгеріп жалпы және іскерлік-дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беріп, география пәні мұғлімінің кәсіби дайындық деңгейін арттырады. Өздік жұмысты орындаудың мақсаты төменде көрсетілген міндеттерді шешуді көздейді: - Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей міндетті білім стандартымен үлгілік оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес «Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы» пәнінен берілуге тиісті білімнің көлемін толық меңгертіп, кәсіби іскерлік-дағдыларын қалыптастыру; - Түсіндіру айтып беру немесе көрсету, сипаттау, ұқсастығымен айырмашалықтарын табу, негізгі белгілерін анықтау және болжау сияқты ақыл-ой әрекеттерінің жүйесін қолдана отырып, оқу материалдарының құрылымымен мазмұнына сәйкес негізгі түсініктер мен ұғымдарды заңдылықтармен құбылыстардарды толық меңгерту; - Студенттердің қабылдау мүмкіндіктері мен зейіннің ерекшеліктерін ескере отырып, таныс және таныс емес. Оқу жағдайында өзекті және шығармашылық тапсырмалар бере отырып танымдық қарқындылықтарын арттырып ой-өрістерін кеңейту, дүниетанымдарын қалыптастыру; - Қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып деңгейлік тапсырмалар бере отырып, студенттерді дұрыс шешім қабылдауға, қосымша әдебиеттердегі дерек көздерін тиімді пайдаланып өз бетімен білім алуын ұйымдастыру. Стуленттің өздік жұмыстарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары
Тәжірибелік сабақтадың тапсырмалары 1-тәжірибелік сабақ. Туристік іс-әрекет және оныың адам өміріндегі әлеуметтік қызыметі Сабақтың мақсаты: Курстың құрылымы мен мазмұнын зертейтін нысандарын басқа ғылым салаларымен байланысын, тәжірибелік маңызын, әлеуметтік феномен ретіндегі туризмнің мәнін, әлеуметтік-экономикалық қызыметін анықтап, алған білімдерін бекіту, негізгі ұғымдармен түсініктерді меңгерту арқылы студенттердің жалпы және арнайы іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Пайдаланатын құрал-жабдықтар: оқулықтар, үлестірмелі құралдар, тарихи карталар Пайдаланатын әдебиеттер тізімі: 1. Соколова М. В. История туризма. М.:Академия,2007.-392с. 2. Безродская Л.Г,. История туризма и гостеприммства.-М.: Юрайт, 2014.-485с. ISBN 978-5-9916-3593-6 3. История туризма: учебник / коллектив авторов: отв. ред. и сост. Ю.С. Путрик. – М.: Федеральное агентство по туризму, 2014. – 256 с. Тәжірибелік сабақтың тапсырмалары 1-тапсырма: Оқулық пен дәрістің мәтініне, қосымша дерек көздеріне негізделіп туризм тарихын оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, зерттеу тәсілдері мен құрылымын ашып көрсетіп өз ойларыңды мысалдармен нақтылаңдар. 2-тапсырма: Халықаралық және ішкі туризмнің негізгі түсініктерін, әлеуметтік феномен ретіндегі туризмнің мәні анықтап тапсырманың мазмұнын ашатын постер құрыңдар. 3-тапсырма:Туризмнің әлеуметтік-экономикалық қызыметін анықтап өз ой қорытындыларыңды шығарыңдарр. 2-тәжірибелік сабақ. Адамзат тарихы және алғашқы ұйымдасқан саяхаттардың әлеуметтік-экономикалық себептері Сабақтың мақсаты: Жалпы адамзаттың және әлемдік мәдениеттіліктің дамуына байланысты халықаралық туризм тарихының кезеңдерге бөлінуін, ұйымдастырылған саяхаттардың дамуын ынталандырған негізгі факторлар мен оған себеп болған ежелгі мемлекеттерді анықтау арқылы алған білімдерін бекіту, жалпы және арнайы іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Пайдаланатын құрал-жабдықтар: оқулықтар, үлестірмелі құралдар, тарихи карталар Пайдаланатын дебиеттер тізімі:
|