Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Талапкер-2009


Date: 2015-10-07; view: 6993.


1. Тас дәуіріндегі Қазақстан

1.Аса ұзаққа созылған алғашқы тарихи кезең? Тас дәуірі

2.Адамның өткен тарихын заттық деректер бойынша зерттейтін ғылым? Археология

3.Адамзаттың өткенін заттай тарихи мұралар арқылы зерттейтін ғылым? Археология

4.Тарихтың маңызды бөлігі қандай дерек көздері бойынша ғана зерттеледі? Археологиялық дерек көздері.

5.Антропология -әр кезеңде белгілі бір аймақта өмір сүрген халықтардың түр- түсі, бет пішініндегі ұқсастықтарын және т.б. зерттейтін ғылым.

6.Қазақстан жерінде алғашқы адамдардың ең ежелгі тұрағы табылған жер:Жамбыл облысы

7.Ең көне тас құралдар қай жерден табылды?Оңтүстік Қазақстаннан

8.Алғашқы адамдардың қоныстануына Қазақстанның қай жері өте қолайлы болды? Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жоталары

9.Адамзат алғашқы құралдарды неден жасады?Тастан

10.Тас құралдарын дайындау үшін алғашқы адамдар қандай тасты қолданды?Кремний (шақпақ тас)

11.Палеолит дәуіріндегі адамдар үйірі (алғашқы қауымдық құрылым) қандай қызмет атқарды? Бірігіп қорғану, шабуыл жасау, аң аулау және терімшілікпен айналысу

12.Алғаш рет ежелгі адамның қалдықтары қай жерден табылды? Кенияда, Климанджаро тауы мен Виктория көлі аралығында

13.Адамның шыққан отаны? Африка

14.Ежелгі адам мен маймылдың ұқсастығы неде? Терімшілікпен айналысуында

15.Алғашқы қауым адамдарының бірігу себептері? Бірлесіп қорғану және аң аулау

16.Ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениеті туралы негізгі мәліметтерді археологиялык материалдардың кандай түрі береді?Тастан жасалған енбек кұралдары

17.Палеолит кезеңінің тұрақтары алғаш Қазақстанның қай бөлігінен табылды? Каратау жотасы аумағынан

18.Палеолит тұрақтарының негізгі тас кұралдары кандай ? Шапқыш кұралдар

19.Жер бетiндегi ең ежелгі адамды тарихта қалай атайды? Епті адам

20.Палеолит кезеңінде ең көп тараған жануар? Мамонт

21.Тасқа салынған суреттердің екінші, ғылыми атауы? Петроглифтер.

22.Тасқа салынған суреттерде нені көп бейнелеген? Жануарларды.

23.Тас ғасырында үңгір қабырғаларында салынған суреттерде кімдерді бейнелелеу кең тараған? Тайпаның пірі-Әйел ана бейнесін.

24.Епті адам қайдан табылған? Кениядан.

25.Кроманьон адамы қайдан табылды? Франциядан.

26.Франциядағы кроманьон үңгірінде қандай адам сүйектері табылды? Саналы адам

27.Неандерталь адамы қайдан табылды? Германиядан.

28.Питекантроп қайдан табылды? Ява аралынан

29.Синантроп қайдан табылды? Қытайдан.

30.Тас дәуірінің ескерткіші –Қанай Қазақстанның қай өңірінен табылды? Шығыс Қазақстан

31.Тас дәуірінің ескерткіші –Усть-Нарым Қазақстанның қай өңірінен табылды? Шығыс Қазақстан

32.Тас дәуірінің ескерткіші Бөріқазған Қазақстанның қай өңірінен табылған? Оңтүстік Қазақстан

33.Тас дәуірінің ескерткіші –Қарақұдық Қазақстанның қай өңірінен табылған? Оңтүстік Қазақстан

34.Тас дәуірінің ескерткіші –Обалысай Қазақстанның қай өңірінен табылды? Орталық Қазақстан

35.Тас дәуірінің ескерткіші Мұзбел қай өңірінен табылған? Орталық Қазақстан

36.Тас дәуірінің ескерткіші Иман –бүрлік қайдан табылды? Солтүстік Қазақстан.

37.Тас дәірінің ескерткіші Қаратомар қайдан табылды? Солтүстік Қазақстан

38.Тас дәуірінің ескерткіші Жағабұлақ Қазақстанның қай өңірінен табылды? Батыс Қазақстан

39.Тас дәуірінің ескерткіші Көктөбе қайдан табылды? Батыс Қазақстан

40.Тас дәуірінің ескерткіші –Көк түбек Қазақстанның қай өңірінен табылды? Батыс Қазақстаннан

41.Қазақстан территориясында табылған алғашқы адамдардың іздері қай дәуірге жатады? Ежелгі тас дәуіріне

42.Ежелгі тас дәуірі: Палеолит

43.Ежелгі адамның,оның ой-өрісінің және өндірістік іс-әрекетінің қалыптасу кезеңі: Палеолит

44.Неондертальдық баланың бет әлпетін қалпына келтірген антрополог –ғалым?М.М. Герасимов.

45.Алғашқы адамның Оңтүстік Қазақстандағы тұрақтарын тапқан археолог кім? Алпысбаев

46.Палеолит дәуірінде өлгендерді қалай жерледі? Өз үйлерінде жерледі

47.Молалардан табылған археологиялық ескерткіштер нені сипаттауға мүмкіндік береді? Материалдық мәдениет сипаттарын

48.Палеолит және неолит атаулары неге байланысты шықты?Тас құралдарға байланысты шықты

49.Ерте палеолит дәуірі кай кезеңді камтиды?Б.з.б.800-140 мың жылдықтар

50.Ерте палеолит дәуірі канша жылға созылды? 600 мың жылдан астам

51.Қаратау тұрағы қай дәуірге жатады? Ерте палеолитке

52.Шабақты тұрағы қай дәуірге жатады? Ерте палеолитке

53.Карасу тұрағы қай дәуірге жатады? Ерте палеолитке

54.Археологтар қай тұрақтан 15 мың тас бұйымдарын тапты? Қарасу

55.Ең көне тас кұралдар қайдан табылды? Оңтүстік Қазақстаннан табылды

56.Қол шапқы қай кезеңде жасалды? Ерте палеолитте

57.Ерте палеолитте қарудың кең тараған түрі?Қол шапқы

58.Тастан, сүйектен, мүйізден жасалған сыналар қай кезден бастап қолданыла бастады? Ерте палеолитте

59.Қазақстан территориясында табылған ерте палеолитке жататындар? Тұрақтар іздері

60.Алғашқы тобыр қай кезеңге жатады? Ежелгі (ерте)палеолит

61.Төменгі палеолитте адамдар тасты жару үшін қандай материал қолданды және тасты мұндай жолмен өңдеу қалай аталады? Жұмыр тас

62.Ұсақ соққылар арқылы тастың беріктігін ұлғайтып өңдеу қалай аталады?Ретущь

63.Алғашқы тастан жасалған қара байыр кескіш құрал? Чоппер

64.Чоппинг қай кезеңде пайда болды? Төменгі палеолитте

65.Шапқыш қай кезеңде пайда болды? Төменгі палеолитте

66.Орта палеолит дәуірі қай кезеңді қамтиды? Б.з.д.140-40 мың жылдықтар

67.Орта палеолит дәуірінің тағы бір атауы? Мусьтер

68.Ежелгі мусьтер кезеңінде адамдар қалай аталды? Неандерталь

69.Ежелгі адамдардың ұйымы- үлкен қауым қай кезде қалыптасты?Орта палеолитте

70.Қырғыштар қай кезеңде жетекші еңбек құралы болды? Орта палеолит

71.Обалысай тұрағы қай дәуірге жатады? Орта палеолит

72.Қызылрысбек тұрағы қай кезеңге жатады? Орта палеолит

73.Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ қай дәуірге жатады? Орта палеолит

74.Неғұрлым толық зерттелген мусьтер дәуірінің ескерткіші? Арыстанды

75.Мусьтер дәуіріндегі Ш .Уәлиханов атымен аталған тұрақ табылған мекен? Арыстанды

76.Ағаш бұтағын бір-біріне үйкеп немесе шақпақ тастарды ұрып ұшқын шығарып от алу қай кезеңге жатады? Орта палеолитке

77.Адам шақпақ тасты үйкеу арқылы от жағу тәсілін қай кезде меңгерді? Орта палеолит дәуірінде

78.Алғашқы діни нанымдар қашан пайда болды? Орта палеолит

79.Аналық рулық қауымының бастапқы (алғашқы) түрі қай кезеңде пайда болды? Орта палеолит

80.Ежелгі адамның дамуымен мәдениетіндегі жаңа кезең: Мусьтер дәуірі

81.Мустьер дәуіріндегі аңшылардың шағын топтарының уақытша тұрақтары табылған жер: Үш бұлақ қойнауы.

82.Мустьер дәуіріндегі адамдардың басты кәсібі: Аңшылық пен терімшілік

83.Ежелгі адамдар теріні илеу үшін қандай құрал қолданды: Қырғыш.

84.Алғашқы мықты қарым-қатыныс орнаған рулық қауым? Аналық

85.Аналық рулық қауым қай дәуірді қалыптаса бастады: Кейінгі палеолит.

86.Қазіргі заман адамының пайда болуы ежелгі адамдар өмірінің қай кезеңімен байланысты?Кейінгі палеолит

87.Кейінгі палеолит қай кезеңде қамтиды? 40 мың -12 мың жыл бұрынғы

88.Кейінгі палеолит адамының атауы?Кроманьон

89.Дротиктер (ағаш сапты жеңіл найза) қай кезеңде кеңінен қолданылды? Кейінгі палеолит

90.Дене бітімі қазіргі адамдарға ұқсас адамдар қалыптасқан дәуірді атаңыз? Кейінгі палеолит

91.Нәсілдер қашан қалыптасты? Кейінгі палеолит

92.Жоғарғы палеолит дәуірінде адамдар көбінесе қайда тұрды? Қолдан салынған баспаналарда тұрды

93.Үшкір ұштар қай кезеңде кең қолданылды? Жоғарғы палеолит

94.Кескіштер қай кезеңде кең қолданылды? Жоғарғы палеолит

95.Тескіштер қай кезеңде кең қолданылды?Жоғарғы палеолит

96.Өнер қай дәуірде пайда болды? Кейінгі палеолитте

97.Ежелгі адамдардың ұйымы- рулық қауым қай кезде қалыптаса бастады? Кейінгі палеолитте

98.Рулық қатынастар ыдырап, олардың орнын басқан қуатты бірлестік? Тайпалық

99.Ірі балықтарды аулауға ыңғайлы ілмекті сүңгірлер қай кезден бастап қолданыла бастады? Кейінгі палеолитте

100.Адамдар пышақ тілектер жасауды қай кезеңде үйренді? Кейінгі палеолитте

101.Ашысай тұрағы қай дәуірге жатады? Кейінгі палеолит

102.Үшінші Қарабас тұрағы қай дәуірге жатады? Кейінгі палеолит

103.Батпақ тұрағы қай дәуірге жатады? Кейінгі палеолит

104.Оңтүстік Қазақстанда Шолаққорған ауданының Оңтүстік-батысында табылған кейінгі палеолитке жататын тұрақ: Ащысай

105.Кейінгі палеолит адамдары адам мүсінін неден ойып жасай білген: Сүйектен.

106.Ежелгі адамдар үш – үштен жіппен байлап оқ есебінде қолданған домалақ тастар: Болас.

107.Кейінгі палеолитте еңбек құралдарын жасау үшін өңделетін негізгі шикізат: Шақпақ тас пен яшма

108.Тұтас мамонттың денесі «Сахадан» Якутиядан табылып қай жылы Петербургке әкелінген: 1910ж


<== previous lecture | next lecture ==>
Талапкер-2009 | RELIGION IN THE UK
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.487 s.