|
Визальды программалау негіздеріDate: 2014-02-27; view: 717. Компонеттер панелінен формаға оқиғаларды өңдеуіш процедуралар тудыратын түрлі компонеттер (интерфейс элементтерін) орнатып, программа нәтижесін форма терезесінде көрсету – Delphi-де визуальды программалаудың ең түйінді негізі. Әсіресе, ол үшін компонеттер панелінің Standard бетінен мәтіндермен жұмыс істейтін TEdit, мәтін енгізілген ТLabel1 және командалық TВutton компонеттері жиі пайдаланылады. Мысалы, формаға Edit1 редакциялау өрісін орнатып, оның Text қасиеті арқылы не іске қосу командасын берген соң оған курсорды енгізіп, клавиатура арқылы бір жолдық мәтін енгізуге және оның редакциялауға болады. (Оны таңдап, буфер арқылы формада орнатылған екінші Edit өрісіне көшіру де мүмкін). Label1.Caption:=‘Біз студенттерміз’; Edit1 өрісіне енгізілген қарапайым мәтінді (S) Label1 өрісіне шығару да мүмкін. Ол үшін процедура денесін мынадай етіп алу жеткілікті (Edit1.Text - Edit1 объектісінің Text қасиетін программа арқылы орнату әдісі): Var S: string; Begin S:=Edit1. Text; Lable1. Caption:=s; end; Формада TВutton (түйме) компонентін орнатып, оны программаның іске қосу түймесі ретінде пайдалану қиын емес. Мысал. 1,5,3-тақырыпта берілген мысалды формада орнатылған компонеттерді пайдаланып шешу керек . 1. Delphi-ді іске қосып, форманы (Form1) экранға шығару (не,Form1 қосылулы болса, File-New Application командасын беру);
1.9-сурет.Компаненттер орнатылған форма Компаненттер палитрасының Standard бетінде орналасқан Edit1, Label1, Button1 компаненттерін ретімен таңдап, көрсеткіш арқылы оларды қалаған өлшем бойынша формада орнату (1.9-сурет); Ескерту. 1). Delphi-де форма және онда орналастырылған компаненттер объектілер ретінде қарастырылады. 2). Объектілердің қасиеттері мен әдістері жеткілікті. Программа құру барысында объект аты жазылып, соңына нүкте қойылған кезде жүйе автоматты түрде олардың тізімі жазылған терезе шығарады. 2. Форма және оның компанеттерінің қасиеттерін орнату:
3.Формада Іске қосу(Button1) компанентін екі рет шерту. Clickоқиғасы процедурасының дайындамасы көрінеді. Оның тақырыбы: Procedure TForm1. Button1Click (Sender :TObject); 4. Процедура денесін енгізу:
ProcedureTForm1. Button1Click (Sender :TObject);
Varx: string; y:real;
|