Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Программаны компиляциялау.


Date: 2014-02-27; view: 1611.


Begin

{Функция мәнін есептеу}

x:= Edit1.Text; //Edit1-ге х мәнін енгізу

y:= 3*StrToFloat(x)+5/3;

Label1.Caption :=’Функция мәні’=’13+FloatToStr(y); //Мәнді Label1 өрісіне жазу

end;

Процедураға енгізілген #13 - КҚ клавишінің коды. Яғни одан соң жазылған мән өрістің келесі жолынан жазылады (#13 орнына chr (13)кодын енгізуге болады). Фигуралық жақшалар ішіне ({ }) ;жазылған мәтін – түсініктеме(Турбо Паскальдағы сияқты); Delphi-де бір жолдық тусініктемені қос көлбеу сызықтан (//) соң жазуға да болады (процедураны қараңыз).

5. Іске қосу комондасын беру (F9);

Программа компиляцияланып шыққан соң, жүйе “Функция” тақырыбы жазылған форманы экранға шығарады;

6. Курсорды Edit1 өрісіне орналастырып (көрсеткіш арқылы шертіп), оған х мәнін енгізу (4,8);

7. Форманың “Іске қосу” түймесін шерту.Label1 өрісіне

Функция мәні=

16,0666666666667

нәтижесі жазылып қойылады (1.10-сурет).

 

 

1.10-сурет.Нәтиже шығарылған форма

Ескерту. 1). Нақты санды форматты түрде шығару үшін FloatToStr(y) функциясының орнына FloatToStr(y,fffixed, 6, 2) не осы сияқты формат параметрі енгізілген функцияны пайдалануға болады.

Delphi Edit, Label өрістеріне орнатылған сандық мәндерді жолдық типті етіп қабылдайды. Мұндай мәндермен жұмыс істеу кезінде, жоғарғы процедурадағы сияқты, алдымен оны сәйкес типке түрлендіріп алу қажет.

2). Нәтижені Edit өрісіне шығару да мүмкін. Мысалы, жоғарғы мысал үшін формаға Edit2 компанентін орнатып, нәтижені Label1 өрісіне шығару командасын,

Edit2.Text := FloatToStr(y);

командасына алмастырса болғаны.

3). Object Inspector терезесінің жоғарғы өрісіне форма мен формада орнатылған объектілердің (компанеттердің) атаулары жазылып қойылған. Өрістің тілсызық түймесін шертіп, олардың тізімін шығаруға болады. Компанент таңдалған болса, терезеде оның қасиеттер тізімі көрінеді.

Тапсырма. ‘Мен студентпін’ мәтінің форманың Edit өрісіне енгізіп, Label өрісіне шығаратын Button1Click оқиғасын өңдеуіш процедурасын құрып, іске қосу керек.

Сонымен, Delphi-де визуальды программалау тәсілі процестен тұрады: форма не онда орнатылған компаненттер арқылы программаның визуальды орындалуын құрастыру және оларды пайдаланып, программалық код жазу.

 

1.6. Проектіні сақтау және ашу

Проектіні дайындап болған соң оны сақтау үшін File-Save Project As не File-Save Project All командасын беру керек. Егер проект алғаш рет сақталынып жатса, онда модульді сақтауды сұралатын Save Unit1 As атаулы терезе көрінеді (1.11-сурет).

Проект сақталу үшін арнайы бума дайындалмаған болса, ол Project (C:\Program Files\Borland\Delphi5\Project) бумасында сақталады. Бірақ пайдаланушы Сақтау терезесінде жаңа бума құрып, проектіні сонда сақтағаны жөн. Ол оны іздеп табуды жеңілдетеді. Жаңа бума құру тәсілі:

- сақтау сұралатын терезенің Жаңа бума құру түймесін шерту. Бума белгішесі терезеде орналастырылып қойылады;

- клавиатурадан бума атын енгізу;

- буманы екі рет шертіп, ашу;

- терезенің Файл аты өрісіне модуль атауын енгізіп, Сақтау түймесін шерту. Модуль .pas кеңейтілуі бойынша сақталып қойылады да, экранда проект аты сұралатын терезе көрінеді;

- Файл аты өрісіне проект атын енгізіп, Сақтау түймесін шерту. Проект файлы .dpr кеңейтілуі бойынша сақталады да, Негізгі модуль атауы осы атауға өзгертіледі. Ол программа атауы ретінде қабылданады.

 

 

1.11-сурет.Модульді сақтау терезесі

 

 

Мұндағы ескеретін жайт: модуль мен проектіні бірдей атау бойынша сақтауға да болады, мысалы, Func1.pas, Func1.dpr. Бірақ молульді басқа проектілерде де пайдалану мүмкін. Сондықтан оларды түрлі атаулар бойынша сақтау керек.

Сақтаулы проектіні ашу үшін File-Open Project командасының берілуі тиіс. Көрінген терезеден қажетті буманы ашып, онда көрінген проект атауын екі рет шертсе болғаны.

Ескерту. Файл атауы латын әріптері, цифрлар және астын сызу белгісінен тұруы мүмкін, оның цифрдан басталуына рұқсат етілмейді.

 

Жаңа құрылған программаны (проектіні) сақтаған соң, оны іске қосу үшін компиляциялау қажет. Ол үшін берілетін команда: Project-Compile Project (Проект-Проектіні компиляциялау). Жүйенің сәйкес күйге келтірілуіне байланысты, іске қосу командасы берілген кезде компиляциялау барысы Compling сұхбаттық терезесінде көрініп тұрады (1.12 сурет).

 

1.12-сурет. Компиляциялау барысын көрсету терезесі

 

 

Компиляциялау командасы берілген кезде Compling терезесі экранда көрінбеуі ықтимал. Оны экранға шығару тәсілі:

- Tools-Environment Options (Сервис-Күйге Келтіру) командасын беру. Enviroment Options терезесі ашылады;

- терезесінің Preferences (Орнату) қосымша бетін ашып, Compling and running (Компиля-

циялау және орындау) блогында орналасқан Show Compiler progress

(компиляциялау барысын көрсету) жалаушасын орнату (1.13 сурет).

 

1.13-сурет. Компиляциялау параметрлнрін таңдау терезесі

Ескерту. 1. Программа нәтежиесі экранда көрініп, бірақ оның жүрісі аяқталмаса, алғашқы қалыпқа өту үшін Run мәзірінің белсендірулі тұрған Program Reset қатарын шерту қажет не форманың Жабу түймесін шертуге болады.

2. Программада синтаксистік қателерден басқа семантикалық (мағыналық), алгоритмдік қателердің кездесуі мүмкін (мысалы, 5 орнына 15 жазылған, нұсқау дұрыс берілмеген, т.б.). Оларды компилятор ескермейтіндіктен, құрылған программаны мұқият зерттеп шыққан дұрыс. Программаны тестілеуге де болады.

 

Компилятор ерекшелеген жолда синтаксистік қате болмай, қате оның алдындағы жолда жіберілуі де мүмкін, мысалы, оған енгізілген команда соңына нүктелі үтір (;) таңбасы қойылмаған, т.б.

Қате түзетіліп болған соң Іске қосу командасын қайта беру керек не Run-Step Over(Іске қосу-Қадамнан бастап) командасын беруге болады.

Егер программада синтаксистік қате бар болса, компиляциялау кезінде Delphi қате табылған жолды код терезесінде ерекшелеп көрсетіп, қате жіберілген орынға курсорды орналыстырады және қате типін терезенің төменгі бөлігінде орналасқан терезеде көрсетіп, машина жұмысын тоқтады.

Мұндағы ескеретін жайт: компилятор бір қатені төменгі терезеде екеу етіп көрсетеді: біріншісі - синтаксистік қате жөнінде мәлімет, екіншісі - файлдың компиляцияланбағанын және орындалмайтынын хабарлау.


<== previous lecture | next lecture ==>
Визальды программалау негіздері | EXE –файл
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.064 s.