Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






EXE –файл


Date: 2014-02-27; view: 803.


Проектіні сақтау кезінде Delhi PAS, DFM, DCUкеңейтулері қосылатын үш файыл дайындап шығады. PAS - файлы – код терезесіндегі мәтін көшірмесі; DFM файлында форма терезесінің ішіндегісі сипатталады; DCU - файлы – екі файлдың да машиналық нұсқауға түрлендіру нәтижесі. Егер программада синтаксистік қате болмаса, компилятор оларды exe файлға түрлендіріп шығады (файлдың аты проект атауымен бірдей етіп жазылады да, оған .exe кеңейтілуі қосылып қойылады). Ол Windows-қа кірістіріліп, проект файлы сақталған бумада орнастырылады. Оны Windows жетекшісі (сілтеушісі) терезесінен әдеттегідей іске қоса беру мүмкін.

 

1.9. Компоненттер палитрасы жөнінде

Delphi- де программа дайындау үшін компоненттік тәсілпайдаланылған: пайдаланушы программаларының кітапханасы программалау ортасымен бірге ұсынылатын, бір іс-әрекетті орындайтын (дайын программалар үзінділерінен тұратын) компоненттерден жинақталады, ал олар форма терезесіне енгізіледі. Компоненттік тәсіл программалау технологиясына нағыз төңкеріс жасады деуге болады, себебі, компоненттерді пайдалану программа жұмысын күрделі түрде жеңілдетті.

 

 

Компоненттер кітапханасын визуальды компоненттер кітапханасы (Visual Component Library, VCL)деп атайды. Онда түрлі кластық көптеген стандартты компоненттер жинақталып (Delphi 5-те олардың саны 200-ден артық),олар түрлі атаулы 19 бетке орнатылып қойылған [2]. Мысалы,

Standardбетіне енгізілген кейбір компоненттер 1.2-кестеде және 1.14-суретте көрсетілен.

Additional(Қосымша) бетіне енгізілген компоненттер сұхбаттық терезелердің көрінісін түрлендіру үшін пайдаланады.

System (Жүйе) бетіне OLE (Байланыстыру және орнату) технологиясы бойынша берілгендерді түрлі программалар арасында алмастыратын және т.б. іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер енгізілген. Мысалы,

Timer (Таймер) – нақты уақыт аралықтарын есептеу;

Paint Box (Сурет қорабы) – графикалық кескіндер енгізілетін төртбұрышты облыс құру;

OLEContainer (OLE Контейнер) – байланыстыратын және орнатылатын объектілерді қабылдау контейнері;

Media Player – Мультимедиалық құрылғылармен жұмысты басқару.

Win32бетіне енгізілген компоненттердің біріAnimate (жандандыру, қозғалыс әсерін ұйымдастыру) – қозғалыс әсерін ұйымдастырады.

Компонент формаға орнатылған кезде соңына индекс қосылып, класс атауын алады. (1.12 – тақырыпты қараңыз)

1.2-кесте

Аталуы Іс-әрекеті
MainMenu Прогамма мәзірін құру
Popup Menu Оң түймесін шерткен кезде бетке шығатын (контекстік)мәзір шығару
Edit Жолдық мәнді енгізу, редакциялау (мәтіндік редактор)
Label Бір жолдық мәтінді (жазбаны) енгізу.
Button Командалық түйме. Оның On Click оқиғасын өңдеуіш процедурасы бір іс-әрекетті орындайды.
Scrool Bar Басқару белдеушесі ( Windows терезесіндегі сияқты).

Samples (Модель) бетіне енгізілген компоненттер:

ColorGrid (Түстер торы) – түстер кестесі. Ол 16 түстік палитрадан негізгі және фон түсін таңдау;

 

 

1.14-сурет. Компоненттер палитрасы. Standard бетіне енгізілген компоненттер

 

Calendar (Календарь) – ағымдық күн белгіленген ай календарын көрсету (жылдық календарды

Win32 панелінің MonthCalendar компонентін формада орнату арқылы шығаруға болады), т.б.

Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны компоненттер панеліне қосып қоюы да мүмкін.

 


<== previous lecture | next lecture ==>
Программаны компиляциялау. | Ole Container компонентін пайдалану мысалы
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.204 s.