|
Ole Container компонентін пайдалану мысалыDate: 2014-02-27; view: 704. Компонеттер әдістері толық іс-әрекеттерді орындайтын аяқталған программалар үзінділерінен тұрады. Мысал ретінде төменде компоненттер панелінің System бетіне орналастырылған Ole Container класымен жұмыс істеу бір тәсіл көрсетілген(Ole Container жөнінде кеңірек 3-тарауда баяндалған). Мысал. Paint графикалық редактор терезесін Delphi ортасына шақырып, сурет салу және салынған суретті формада көрсету керек. 1. Жаңа форма ашып, онда Ole Container компонентін орнату. 2. Орнатылған компонетті екі рет шерту. Объектіні кірістірутерезесі көрінеді (1.15-сурет). Оған объект типтерінің тізімі енгізілген: Документ Microsoft Word, Лист Microsoft Excel, точечный рисунок PaintBrush, т.б.). Олардың кез келгенін таңдап, Delphi ортасында іске қоса беру болады. 3. Тізімнен точечный рисунок PaintBrush қатарын таңдап, терезенің ОК түймесін шерту. Delphi-ге Paint графикалық редакторы қосылып қойылады және форма қайта ашылады. 4. Ole Container компонентін екі рет шерту. Тақырыбына точечный рисунок Ole Container1-Paint жазылған Paint терезесі көрінеді (1.16-сурет). Paint мүмкіндіктерін пайдаланып, төртбұрыш ішіне қолдан қалған түрде сурет салу және оны редакциялау әдеттегідей. Файл-Көшірмесін ... деп сақтау( Файл-Сохранить копию как...) командасы арқылы салынған сақтау. 5.
1.15-сутрет. Объектіні кірістірутерезесі
1.16-сурет. Ole Container1-Paint терезесі. 6. Терезені жабу. Компонент ішінде сурет салынған форма көрінеді (1.17-сурет)
Ескерту.ТOleContainer компоненті арқылы басқа қосымша ашып, оны пайдалану мысалы ІІ тарауға енгізілген.
1.17-сурет. Сурет енгізілген форма
|