|
КiрiспеDate: 2015-10-07; view: 2383. Pani Pernelle, Orgon, Elmira, Marianna, Kleant, Walery, Damis, Doryna Scena 8 Domownicy postanawiają, że udadzą się do władcy i podziękują mu za oczyszczenie Orgona z zarzutów.
Kleant ponownie wykazał się zdrowym rozsądkiem i zaapelował do Orgona, żeby ten przestał szydzić z Tartuffe'a i pośpieszył do księcia, by klęknąć przed nim i podziękować. Mężczyzna przyznał słuszność szwagrowi i zarządził, że wszyscy udadzą się teraz do władcy, a po powrocie Orgon miał zamiar:
„(…) się poświęcić (…) I szczęśliwie uwieńczyć kochanka zapały, Co i w niedoli umiał być wierny i stały”.
Жоғары дамыған елдерде экономиканың төрт деңгейлi салалық бөлуi қалыптасқан, атап айтқанда: шикiзатты өндiру және бастапқы қайта өңдеу салалары; дәстүрлi өнеркәсiп салалары;материалды және еңбектi салыстырмалы төмен қажетсiнетiндiгiмен, бiрақ қосымша құндағы ғылыми-зерттеулер және тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелерге (бұдан әрi - ҒЗТКӘ) арналған шығындардың өте жоғары үлесiмен сипатталатын жоғары технологиялық салалар (high tесh); бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу, жүйелiк ықпалдасу, консалтинг, бiлiм беру және т.б. сол сияқты "жұмсақ" (soft) технологиялар (қызметтер) саласы. Экономиканың дәстүрлi салаларындағы қосымша құнның негiзгi бөлiгi шикiзатты өндiру және бастапқы қайта өңдеу процесiнде не өнiмдi өндiру процесiнде (салалардың екiншi тобы) құралады. ақпараттық; Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) "Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығының" дамуы негiзiнде (бұдан әрi - ҰБО) Қазақстандағы биотехнология саласының дамуына бағытталған. 1. Биотехнологияның осы заманғы жай-күйiн талдау Биотехнология ғылыми-техникалық прогрестiң маңызды бағыттарының бiрi болып табылады. Биологиялық және техникалық ғылымдар саласындағы генетикалық және клеткалық инженериядағы осы заманғы жетiстiктерiнiң негiзiнде адамдардың өмiр сүру деңгейiн көтеру үшiн мақсатты түрде жасалған тiрi жүйелердiң (ең алдымен микроорганизмдер) әлеуеттi мүмкiндiктерiн пайдалануға болады. Биотехнологиялық өнiмнiң көмегiмен жақын перспективада да және стратегиялық тұрғыда да өндiрiстiк-технологиялық, экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық проблемалар шешiлуде. 4.Параграф 1. Биотехнологиялық өнiмнiң әлемдiк нарықтың жай-күйiн талдау және даму беталысы 5. Осы заманғы биотехнологияның әдiстерiн дамыту биотехнологиялық өнiмдердiң тауар рыногының өз бетiнше қалыптасуына әкелдi. Биотехнология макроэкономикалық маңызы бар өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығын дамыту бағыттарының бiрi болып табылады. Сондықтан, экономика үшiн тиiмдiлiк жағынан елеулi маңызы ескерiле отырып, биотехнология бойынша әлемнiң барлық жетекшi елдерiнде мемлекеттiк және жеке капиталмен қаржыландырылатын ұлттық және халықаралық бағдарламалар әзiрленген және қолданылуда. Осылайша, әлемдегi биотехнологиялық өнеркәсiп рыногының жыл сайынғы өсiмi шамамен 7% құрайды. Әлемде биотехнологиялық препараттарды сатудың жылдық көлемi: тамақ өнеркәсiбi мен ауыл шаруашылығында - $46 млрд.; гендiк-модификацияланған өсiмдiктердiң тұқымдық материалы - $30 млрд.; фармацевтикалық препараттар - $27 млрд.; жуу құралдарын өндiру үшiн ферменттер - $21 млрд.; өсiмдiк және жануарлар шикiзатынан алынған емдеу-косметикалық құралдары - шамамен $40 млрд. құрайды. 2010 жылға биотехнологиялар рыногының жалпы көлемiнiң өсуi $2 трлн. болжанып отыр. Осы заманғы әлемдiк биоиндустрия айналымының жартысынан көбi АҚШ үлесiне тиедi. Салыстыру үшiн, биотехнологияны қаржыландыру көлемi бiр жылда АҚШ-та - $100 млрд., Қытайда - $1 млрд., Ресейде - $0,04 млрд. құрайды, ал сол уақытта Қазақстанда республиканың 2005 жылға арналған бюджетiнде биотехнология саласында мақсатты зерттемелер мен әзiрлемелерге $1 млн. (0,001 млрд.) сома жоспарланған. Жапония биотехнология дамуының деңгейi бойынша АҚШ-тан кейiн екiншi орын алып отыр. Бұл саланың дәстүрлi салаларында, атап айтқанда ферменттер, антибиотиктер және аминоқышқылдар өндiруде күштi ұстанымдарға ие бола отырып, ең жаңа биотехнологияның әдiстерiн қолдануда АҚШ-тан едәуiр артта қалып отыр. Қазiргi уақытта Жапонияның фармацевтикалық өнеркәсiбiнiң ҒЗТКӘ-ге арналған тек 5 % жуық шығындар гендiк инженериясы саласындағы зерттемелерге келедi және 120 жуық фирмалардың ең жаңа биотехнологияның әдiстерiн пайдаланумен дәрi-дәрмек құралдарын алу тәсiлдерiн әзiрлеу бойынша өз бағдарламалары бар. Жапонияда биотехнологияны дамыту үшiн мемлекеттiк және жеке секторлар арасындағы тығыз ынтымақтастықтың елеулi маңызы бар, жекелеген биотехнологиялық бағдарламаларды iске асыруға елдiң үкiметi қатысады. 6. АҚШ-тағы биоиндустрия 7. Биотехнологияның отаны АҚШ деп санауға болады. 8. Еуропадағы биотехнологиялық сала 9. Еуропалық биотехнологиялық индустрия да үздiксiз дамуда. 1995 жылға қарай Еуропа елдерiнде 600 астам биотехнологиялық компаниялар құрылды. АҚШ-тан басқа биотехнологиялық дәуiрге кеш көшкен елдерде ұлттық молекулалық-биотехнологиялық индустрияны дамытудағы басты ролдi мемлекет алды. Мұнда "ХХ ғасырдың барлық технологияларының ең үздiк революциялық технологиясы" молекулалық биотехнология деген сенiм стимул болды. 10. Жапония мен Қытайдағы биоиндустрия 11. Жоғарыда айтылғандай, молекулалық биотехнология саласындағы коммерциялық әзiрлемелердiң үлкен бөлiгi Құрама Штаттардың үлесiне тиедi. Инвестициялық ахуалы сонша қолайлы емес және бизнес белсендiлiгi төмен басқа елдерде молекулалық-биотехнологиялық кәсiпорындарды құруда iрi корпорациялар және мемлекет басты роль атқарады. Мәселен, Жапонияның үкiметi биотехнологияны "стратегиялық индустрия" және ұлттық басымдылық деп жарияланды. Iрi жапондық корпорациялар iске кiрiстi. Басында оларға өз кадрлары жетiспедi және алғашқы зерттеулер американдық университеттермен және компаниялармен ынтымақтастықта жүргiзiлдi. Қазiр бұл корпорациялар қажеттi тәжiрибенi жинақтаған, өздерi молекулалық-биотехнологиялық әзiрлемелердi жүргiзедi және гендiк-инженерлiк өнiмдердi жасайды. 12. Ресейдегi биоиндустрия 13. Ресейлiк биотехнологиялық өнеркәсiптiң дамуы ССРО Министрлер Кеңесiнiң жанындағы Микробиологиялық өнеркәсiптiң бас басқармасының құрылуынан басталды. Алғаш рет әртүрлi қол жетiмдi және жеткiлiктi арзан шикiзаттан жасалған өнiмдердiң ең кең ассортиментiнiң микробтық синтезге негiзделген өнеркәсiбi құрылды. Қазiргi уақытта биотехнологиялық өнеркәсiптiң құрамына қырықтан астам кәсiпорындар мен ұйымдар кiредi. 14. Параграф 2. Биотехнологияның негiзгi бағыттары 15. 10 жылдың iшiнде жiңiшке химия (биокатализаторлар, органикалық синтездiң өнiмдерi), өндiру өнеркәсiбi (биогеотехнологиялар, топырақ биоремедиациясы), жартылай өткiзгiштердi өндiру (жаңа материалдар), ақпараттық технологиялар (микроэлектрондық жүйелер, биоинформатика құралдары, биологиялық қағидаттар негiзiндегi құрылғылар, биокомпьютерлер) сияқты экономиканың маңызды салаларында биотехнологияны қолдау аясын елеулi кеңейту болжанып отыр. Жекелеген салаларда биотехнологиялық әдiстердi енгiзу өндiрiстiк базаның сапалық өзгеруiне әкелiп соғады. 16. Биоинженериядағы биотехнология 17. Генетикалық инженерия негiзiнде биотехнология мынадай бағыттарға ие: Тағамдық биотехнология ауылшаруашылығымен өндірілетін немесе басқа да белгілі заттардың пайдалануы, шикі зат өнімдерін тағамдық өндіріспен кең ауқымды өндірілуін зерттейтін ғылым. Тағамдық өндірісте пайдаланатын органикалық заттар барлық микроорганизмдермен қолданылады, осыған орай микробиологиялық тағам өнімдерін шығаруда маңызы өте зор. Бірақ, микроорганизмдер оң әсерін және керісінше қызмет көрсетуі мүмкін. Мысалы, микроорганизмдер тағам өнімдерінде көбейіп әртүрлі жағымсыз өзгертулерге әкелуі мүмкін, тағамның сыртқы пішіні бұзылып, тоскинды әсер тететін әртүрлі заттар түзеді. Кейбір микроорганизмдер қолайлы жағдаларда адам ағзасында әртүрлі аурулар туғызып, нәтижесінде өлімге әкеліп соқтырады. Микроорганизмдер көмегімен алынатын өнімдер өте ерте кезден бастап белгілі. Мысалы, нан ашыту, ірімшік алу, йогурт, шарап және сыра алу, ал қазіргі кезде жаңа өнім түрі саңырауқұлақ белогы – микопротеин алу. Микрооргоанизмдер әртүрлі қызмет атқарады: олардың ферметтерін немесе метаболиттерін пайдаланады, олардың көмегімен тағамдық шикі зат ашытылады, ал кейбір микроорганизмдер тікелей пайдалану үшін өсіреді. Тағамдық өнеркәсіпте микроорганизмдердің таза дақылдарын да жабайы дақыл түрлерін белгілі қолайлы жағдайлар жасағанда пайдаланады. Қазіргі кезге дейін биотехнологияны тағамдық өнеркәсіпте биотехнологиялық үрдістерді жақсартуда және микроорганизмдерді тиімді пайдалану үшін, бірақ болашақта генетикалық зерттеулер жүргізу арқылы штамдардың өнімділігін жақсартуда негізделеді. Тағамдық туралы ғылым – өте көне ғылымдардың бірі болып саналады. Тағамдану ғылымы көп салалы және өте жылдам дамып келе жатқан, көп фундаментальды және қолданбалы пәндерді ұштастыратын ғылым. Әр бір жеке мемлекеттің ең басты міндеті – мемелекеттегі адамның денсаулығын сақтау және биологиялық құнды тағаммен барлық адамзатты қамтамасыз ету. Нанотехнологиялық өнімдердің шығарылуы. Нанотехнологиялық өнімдердің өндірісі 200 жылдары өте қарқынды дами бастаған, ең алғаш рет америкалық компания «Kraft Foods» ең алғаш нанотехнологиялық ғылыми зерттеу лабораториясын және «Nanotek» консорциумын ашты. 2004 жылы әлемде 180 жуық нанотехнологиялық өнімдер бар. Тағамдық наноөнімдер ішінен қазаіргі кезде әлемдік сатылымда «Campina» компаниясының сүттік өнімдерін ұсынағаболады. Сүтік өнімнің құрамында кальцийдің тез сіңіру үшін нанобөлшектер бар. Бұл өнімдерде тек қарт адамдар үшін арналған., бір жыл ішінде өнімді сатылымнан алып тастаған. Австралияда экспериментальды түрде нан құрамына нанокапсула ретінде тунец балығының майларын қосқан. Бұл нанокапсулалар нанды қосымша қор заттарымен қамтиды, бірақ наннан балықтың иісі мүлдем шықпаған. 2006 жылы наурыз айында 200 жуық «нано» индексы бар тағам өнімдері шығарыла бастаған. Мұндай өнімдер елдер ішінде АҚШ (126 тағам өнімдері), одан кейін Азиат региондары (42 тағам түрлері), Европа елдері (35 тағам түрлері) өндірді. Кейбір елдерде ғана нано өнімдерді шығаруға нормативтік құжаттары болған. Лекция 2. Тағамдық өндірісте пайдаланатын микроорганизмдер. Биотехнологиялық жолмен алынатын тағамдық қосылыстар мен ингредиенттер пайдалану. Тағамдық ароматизаторлар. Биологиялық белсенді қоспалардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасына сәйкес биологиялық белсенді қоспаларға: денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен адам денсаулығына қауіп тудыратын уытты заттардың және олардың қосындыларының, микоуыттардың, антибиотиктердің, пестицидтердің, микроорганизмдердің, радионуклидтердің рұқсат етілген құрамы бойынша; қолданылу аясына, барынша көп дозалауға, құрамдауыштардың массалық үлесіне; қолданылатын шикізатқа, таңбалауға талаптар қойылады. Жаңа биологиялық белсенді қоспаларды, дайындаудың, ораудың және сақтаудың жаңа технологиялық процесстерін әзірлеу, жарамдылық мерзімдерін белгілеу, сынау қауіпсіздігі мен әдістерін өндірістік бақылаудың бағдарламаларын әзірлеу кезінде әзірлеушілер осы Техникалық регламенттің талаптарын басшылыққа алады. Өндіру кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар Үй-жайлардың көлемдік-жоспарлық және конструкторлық шешімдерінде шикізаттың, шикі жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің, ластанған және таза ыдыстың ортақ, қарама-қарсы және қиылысқан ағымдарын болдырмайтындай өндірістік процестердің толассыздығы, қызметкерге және шикізаттың келіп түсуіне арналған жеке кіру есіктері көзделуі тиіс. Тірі микроорганизмдермен жұмыс істеу үшін жеке оқшауланған үй-жайлар бөлінеді. Өндірістік және қосалқы үй-жайлар, шикізатты қабылдау, сақтау және қайта өңдеу, биологиялық белсенді қоспаларды өндіру және сақтау қолданыстағы санитарлық және гигиеналық нормативтерге сай болуы және жануарлардың, оның ішінде жәндіктердің, құстардың, кеміргіштердің түсуінен қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың құрамы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті жол берілген рұқсат шоғырланудан аспауы тиіс. Қайта өңдеуге келіп түсетін шикізаттарды кіріс бақылау оның қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды тексерумен және зертханалық зерттеулермен қамтамасыз етіледі. Биологиялық белсенді қоспаларды алу үшін 12 айдан аспаған, ауырмаған ауыл шаруашылығы малының мүшелері мен тіндері, дақылдық өсімдіктер, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өткен бактериялар мен жетілмеген саңырауқұлақтардың микроорганизмдерінің патогенді емес және уытты емес арнайы штаммдары пайдаланылады. Биологиялық белсенді қоспаларды дайындау үшін адам денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін мынадай заттарды пайдалануға рұқсат етілмейді: 1) құрамында қатты әсер ететін, есірткілік немесе улы заттар бар өсімдіктер; 2) тағамға, тағамдық немесе дәрілік өсімдіктерге тән емес заттар; 3) табиғи емес синтетикалық заттар - дәрілік өсімдіктердің қатты әсер ететін бастауларына ұқсастар (тамақтанудың эссенциалдық факторлары болып табылмайтын); 4) антибиотиктер; 5) гармондар; Биологиялық белсендi қоспалардың (ББҚ) Бұл өнiмдi әр елде әртүрлi жiктейдi. Қазақстанда ол 3 топтан тұрады: парафармацевтика - дәрi-дәрмекке жақын заттар; нутрицевтика - сауықтыру қоспалары қосылған азық-түлiк өнiмдерi; витаминдiк-минералдық кешендер. Өсiмдiк және жануар шикiзатынан көрсетiлген барлық ББҚ топтарын химиялық экстракциямен де, биотехнологиялар көмегiмен де алады. ББҚ рынокқа шығару дәрi-дәрмек және диагностикалық препараттар шығару сияқты рұқсат беру рәсiмдерiн талап етпейдi, бұл өндiрiстiң тартымдылығын және iс жүзiнде барлық ең iрi фармацевтикалық және биологиялық фирмалардың қатысуын шарттайды. Қазiргi уақытқа осы заманғы адамның тамақтану құрылымы бойынша жиналған деректер тағамның ауыстырылмас құрылымдық бөлiктерiн жеткiлiксiз тұтынудың кең тарағанын көрсеттi. Ұсынылатын тұтыну нормаларын ескере отырып қазiргi адамның рационын оңтайландыру денсаулыққа зиян келтiрместен табиғи азық-түлiк өнiмдерiн тұтынуды қарапайым жолмен ұлғайтуға қол жеткiзу мүмкiн емес, бұл жаңа тәсiлдер мен шешiмдердi қажет етедi. Мұндай тәсiлдердiң бiрi тағамға поливитамин, витаминдiк-минералдық қоспалар және өсiмдiк кешендер түрiнде табиғи биологиялық белсендi заттардың биологиялық белсендi қоспалары болып табылады. Азық-түлiк өнiмдерi өндiрiсiнiң көлемiн ұлғайтудан гөрi организмдi тапшы заттармен қосымша қамтудың тез және қол жетерлiк қажеттiлiгi туралы шешiм сұранып тұрғандай. Осындай ролдi бүкiл дүние жүзiне тараған әртүрлi фармацевтикалық түрдегi (тұнбалар, экстракттар, бальзамдар, шырындар, концентраттар, изоляттар, ұнтақтар, дәрiлер, капсулалар және т.б.) не биологиялық белсендi заттар қосылған азық-түлiк өнiмдер түрiндегi тамақ iшу кезде тағамға салынатын биологиялық белсендi қоспалар (ББҚ) орындауы тиiс. Халықтың тамақтануы мен денсаулығын жақсартудың осы жолы биоорганикалық химия мен биотехнологияның (толық және сапалы заттарды бөлу), нутрициология мен фармакологияның (организмде биологиялық белсендi заттардың iс-әрекетi мен айналдыру тетiгiнiң мағынасын ашу) тиiмдiлiгiне негiзделген. Лекция 4 - 5. Азық – түліктік микрофлораcы. Азық – түлік санитарлық экспертиза жасау, оның бұзылу мүмкіндігі микро- организмдермен, өңдеу барысында әртүрлі қоспалармен ластану, тасымал- даған және сақтау кезінде қолдануға жарамсыздығын анықтау үшін қажет. Азық – түлікке санитарлық баға беру арқылы оны мынадай категорияларға бөлеміз: Ет адам баласының тамақтануындағы биологиялық құнды белок қоры. 92 – 97% сіңіп, ұзақ уақытқа созылған тою рахатына бөлейді. Сонымен қатар ет тез бұзылатын және тамақтан улану себебі болатын азық екенін ұмытпау керек. Ет арқылы бірнеше жұқпалы аурулар (бруцеллез, түйнеме, т.б.) тарайды. Осы аурулардың алдын алу үшін ветеринар тексеруінен өтеді. Бруцеллез, аусыл және тағы бірқатар аурумен ауыратын мал еті қолданы- луы шектеулі ет болып саналып, залалсыздандырылады. Сойылғаннан кейін ветеринарлық тексеру жүргізіліп, тірі кезінде анықталмайтын ауру белгілерін қарайды ( финноз, трихинеллез). Финдар ішек құрттарының ұрығы. Олар бұлшықет талшықтарының арасында ақ түсті түйіршік ретінде тарыдан бұршақ өлшеміндей болып келеді. Салмонела түріне асқазан мен ішектің ұқсас зақымдауларын тудыратын 400 – ден астам микроорганизмдер жатады. Олар тағамдық заттарда: ет және ет тағамдарында өмір сүреді. Салмонелалар сыртқы ортада тұрады. Олар 60 – 75С градусқа дейін қыздырғанда, сыртқы ортада концентрациялы натрий хлор және қышқылдарға төзімді болып келеді. Негізгі жұқтыру көзі болып салмонеллезбен ауыратын жануарлар және құстар болып табылады. Салмонеллезбен сирек үй иттері, мысықтар, тасбақалар ауыруы мүмкін, нәтижесінде олар ауруды жұқтыру көзі болып табылады. Ботулизм – ботулотоксинмен улану. Олар көбінесе ет, балық және саңылауқұлақ консервілерінде жинақталады. Ботлотоксин ботулизм бактериясы – клостридийдің анаэробты жағдайдағы өнімі. Ботулотоксинмен улану жүйке жүйесінің зақымдануымен өтеді. Ботулотоксин қыздырғанда бұзылады, сонымен қатар қышқыл ортада түзілмейді, себебі клостридиялар қышқыл ортада өмір сүре алмайды, сондықтан маринадқа сірке қышқылын қосқанда ботулотоксинмен улану болмайды. Ботулизм уы өте күшті: оның 0,3 микрограмм. Мөлшері адам өлімінің себебі болуы мүмкін. Ботулотоксин асқорту жолдарында бұзылмай қанға сіңіп бүкіл организмге тарайды. Жүйке – бұлшық еттер арасындағы ақпараттың өтуіне кедергі жасап, әртүрлі бұлшық еттер топтарында салдың (паралич) дамуына әкеліп соғады. Көмей мен жұтқыншақ бұлшық еттерінің параличі жұту мен тыныс бұзылуына әкеледі. Тыныс параличі өлімге әкеледі.Ботулотоксинмен улану балалар, картаң адамдар және науқастар үшін жиі сәтсіздікпен аяқталады. Улану белгілері сапасыз тағамдарды пайдаланған соң 12 – 24 сағаттан кейін байқалады, кей жағдайда ол мерзім 2 – 5 тәулікке дейін созылады. Алғашқы белгілер: әлсіздік, бас ауруы, ауыздың құрғауы, көз алдының тұмандануы және заттардың көзге екеу болып көрінуімен сипатталады. Алғашқы көмек жедел асқазанды 2 %бикарьонат натрий ертіндісімен жуып, іш жүргізетін 30г. Магний сульфат ертіндісін 0,5 л суға қосып одан кейін активтелген көмір ( 20 – 30 таблетка) беру керек. Лекция 6 - 7. Аса қауіпті анаэробты қоздырғыш инфекциясы Анаэробты инфекцияларға сіріспе мен газды гангрена жатады.Олар жаралар инфекцияларында және организмнің басқа да зақымандауларында, жарақат инфекциясы ретінде саналады. Олар жайлы организмнің зақымдалуы туралы жан-жақты айтылады. Бруцеллез – малдан адамға жұғатын, ретикулоэндотелиалды, нерв, жүрек-қан тамыр жүйесінің және қозғалыс аппаратының зақымдалуымен жүретін инфекциялы – аллегиялық ауру. Этиологиясы. Бруцеллез қоздырғышы – микроорганизмдердің Brucella туысына жатады. Эпидемиологиясы Ауруыдың көзі: Ең қауіптісі ұсақ малдар – ешкі мен қой / 80% жағдайда. 2. Ауру тарататын түрткілер: ет, сүт, малдың көңі, қиы, жүні. Ең қауіптісі – малдың шуы, жатыр суы, жаңа тұған не іш тастаған төл. Клинакасы. Жедел Бруцеллез. 1. Аурудың жасырын кезеңі 7 – 30 күн, кейде ұзаққа созылады. 2. Аурудың белгілері бірте – бірте баяу басталады. Ең алғашқы белгілерінің біріне науқастың қызуы көтеріліуі жатады. Емдеу диагностикасы. Бруцеллез ауруында іш сүзегі, безгек, ревматизм, ревматоидты артрит, туляремия, инфекциялы моноуклеоз, сепсис ауруларымен екшеу жүргізіледі. Алдын алу шаралары. Бруцеллез ауруының алдын –алуда ветеринарлық – сауқтыру шаруашылық санитарлық және медициналық шаралар, негізгі мақсат жануарлар арасында инфекцияны жою және адамдардағы ауруды тоқтату. Сіріспе (Столбняк). Сіріспе – қаңқа бұлшық еттерінің тоникалық және клиникалық Құрысуларымен сипатталатын, асфиксияға әкелетін ауыр жедел инфекциялық ауру. Сіріспе ерте заманнан белгілі. Ауру 40 – 70% жағдайда өліммен аяқталады. Этиологиясы. Сіріспе қоздырғышы Clostridium teteni. Bacillaceae туысына жатады. Олар ірі, жұқа, шеттері дөңгеленген, ұзындағы 4-8 мкм, ені 0,3-0,8 мкм. Микроб – анаэроб, спора түзеді, грам оң. Споралар сыртқы ортаның физикалық және химиялық түрткілеріне тұрткы. Нәжісте, топырақта, әр түрлі заттарда олар бірнеше жылдарға дейін сақталады. Эпидемиологиясы. Clostridium teteni табиғатта кеңінен тараған. Инфекция көзі – ауру жануарлар және адамдар. Коздырғыш вегативтік түрде ішектестерінде тіршілік етеді, нәжісі арқылы топыраққа түсіп, инфекциялдап, спораға айналады . Топырақтан миткробтар шаң арқылы киімге, аяқ-киімге еніп, адамның терісіне, егер тері, не кілегей қабат зақымдалса организмге еніп, ауру туғызады.65-75% -те ауру себебі аяқ-қолдың ұсақ жарақаттары болады. Жалаң-аяқ жүргенде, үшкір заттар кіргізіп алғанда, ағаштың жаңқасы кіргенде жиі сіріспе ауруының дамуына әкеледі. Сіріспе инфекцияның ену қақпасына қарай бөлінеді:1/жарақаттық сіріспе (жарақат, операциядан соң, босанғаннан кейін, жаңа туған нәрестеде, инфекциядан кейін, күйгеннен соң, үсу электрожарақат) ; 2/ қабыну және деструктивті процестен болатын сіріспе ( жара, ойылу, ыдыраған ісіктер); 3/ криптогенді сіріспе (ену қақпасы белгісіз). Инкубациялық кезең бірнеше күннен айларға дейін созылады, орташа ұзақтығы 14-15 күн . Инкубациялық кезең неғұрлым қысқа болса, соғұрлым ауру ауыр түрде өтеді . Аурудың 1 7-8 күндері жүрек тондары тұнықталып, жүрек тоқтап қалуы да мүмкін . Клиникалық белгісі жедел және тез дамиды . Ауру кенеттен жедел басталады, тахикардия және техипноэ, өте күшті және жиі құрысуі цианоз және өте қаупті асфиксия. Сіріспенің алдын алу шаралары 2 бағытта жүргізіледі: 1) Жарақаттың алдын алу 2) Арнацы алдын алу Арнайы алдын алу шаралар жоспалы түрде сіріспелік анотоксинмен (АКДС- вакцинасының кұрамына кіреді), 3- айлық жастан басталады,ревакцинация 2 жасында, 6,11,16-17 жаста жасалады. Барлық инфекцмялық аурулардың ішінде өлу жиілігі бойынша 3-ші орында тұр. Ботуллизм. Ботуллизм- ботуллотоксиндердің сопақша ми мен жұлынның холиненергиялық құрылысын терең зақымдануымен сипатталатын және офтаьмоплегиялық, бульбарлық синдромдармен көрінетін жедел инфекциялы – токсикалық ауру. Этиологиясы: Боттулизм қоздырғышы Clostridium botulinum, Clostridium туысына, Bacillaceae - тұқымдасына жатады. Ол таяқша пішінді, шеттері дөңгеленген, өлшемдері, 0,6-0,9*4-9 мкм, қозғалмалы (түктері бар). Анаэроб, экзотиксин өндіреді, 7 серворы бар А, В, С, Д, Е, Ғ, G. Ботуллизм қоздырғышы топырақта тіршілік етеді, одан суға, көкөністерге, ас тағамдарына, жемістерге түседі. Физикалық – химиялық түрікілердің әсеріне өте тұрақты спора түзеді. Cl.botulinum вегативтік түрі сыртқы ортаға тұрақсыз 60 С жоғары қыздырғанда тез өледі, брақ споралар 5 сағ қайнататғанда ғага өледі. Ботуллотоксин - өте күшті әсерлі бактериялды «у» : 1 мл токсинде ақ тышқандарға 1-3 млн өлтіру дозасы бар. Адамдарды өлтіру дозасы 0,3 мкг. Ботуллотоксин термолабильді, қайнатқанда 5-10 мин соң өледі. Эпидемиологиясы. Ботулизм қоздырғышының негізгі көздері- жылы қанды жануарлар, балықтар, шаян тектестер. Олар сумен, желмен,қоздырғыш спорасын жұтып қояды, сосын сыртқы ортаға нәжісі арқылы түседі. Патогенезі : Инфекйияланған ас тағамдарымен бірге ботуллизм қоздырғышы және оның экзотоксини аш ішекке түседі. Ол жерден қан ағымы арқылы ішкі мүшелерге тарап, сопақша мидың және жұлынның мотонейрондарын зақымдап бульбарлық және салдық синдромдар дамиды. Клиникасы; Инкубациялық кезең ұзақтығы 2-12 сағаттан 8-10 күнге созылады. 1. Ауру кенеттен басталады. 2. Дене қызуы қалыпты, кейде субфебрильді. 3. Асқазан тұсында ауырғандық және ауырлық сезімі болады. Жүрек айну, құсу, іш өту ауруының алғашқы сағаттарында ғана көрінеді, кейін мазаламайды. 4. Бас ауру, бас айналуы, ауызының кебуі, бұлшық еттерінде әлсіздік байқалады. Емдеу диагностикасы: 1. Ми қан айналысының жедел бұзылуы 2. Дәрі-дәрмекпен және өсімдіктермен улану (саңырауқулақ, белладона, атропин) 3. Тағамдық токсикалық интоксикация. 4. Күл ауруы. 5. Полимиелит Оба (Чума). Оба – ауыр интоксикация синдромымен өтетін, лимфа түйіндерін, өкпені арнайы зақымдаумен жүретін жедел- табиғы ошақтық ауру. Оба ауруының аты араб тілінен аударғанда «джумма» яғни «боб» . Ол лимфа түйіндерінің боб тәрізді қабынуымен, үлкеюіне негізделіп айтылған. Этиологиясы. Оба қоздырғышы Iersinia pests, Iersinia туысына жатады, қозғалмайтын, өлшем бірлігі 1,5-2 мкм бактекрия. Спора түзбейді, бірақ капсуласы бар, қарапайым сұйық және тығыз көріктік ортада өседі. Этиологиясы. Оба ауруын 2 түрге бөледі: 1) Табиғы ошақ / «жабайы оба» / 1. Шілік ошақ 2) 2-шілік ошақ Клиникасы: Жиі бубонды түрі, ал өте сирегірек- ішектік түрі кесдеседі. Жасырын кезең 3-6 күнге созылады, тек вакцина жасалғандарда 10 күнге дейін сосылады. Емдеу диагностикасы: 1. Бубонды түрінде: туберкулез,туляремия, іріңді лимфматенид 2. Өкпелік түрінде: өкпе туберкулезі,крупозды пневмония, тұмау асқынулары 3. Сепсис түрінде: түйнем, туляремия,сальмонеллез. Алдын-алу шаралары.1) Аурудың табиғы ортасында кеміргіштермен мен бүргелерге қарсы бағытталған комплексті шаралар. 2) Оба ауруына күдік туған адамдарды міндетті түрде госпитализациялау, ал науқастармен және жануарлармен қатынаста болғандарды 6 күн оқшаулап,оларға шұғыл алдын-алу мақсатта антибиотиктер 6 күнге тағайындалады. Содан соң вакцинация немесе ревакцинация жасалады. 3) Санитарлық ағарту шаралары жүргізіледі 4) Карантин 5) Науқаспен жұмыс қатаң түрде обаға қарсы кастюмді киіп жасалады 6) Науқаспен ауруханаға жатқызған соң ақырғы дезинфекция жаслады Түйнеме (Сибирская язва) Түйнеме- серозды гемморагиялық және некроздық қабунумен айқын интоксикация синдромымен өтетін жедел зоонозлы инфекциялық ауру.Осы уақытқа дейін барлық елде мекендерде бірдей таралған. Себебі осыдан ертерек болған аурудың ошақтары көп жылдар бойы қаупті болып қала береді. Этиологиясы. Түйнеме қоздырғышы Bacillus anthracic, ірі қозғалмайтын таяқша, узындығы 3-10 мкм, ені 1-1,5мкм, капсула түзеді. Адам және жануар организміне тыс спора түрінде кесдеседі. Тіршілік әрекеті барасында таяқшалар ісік түзетін және өлтіретін компонентері бар экзотоксин шығарады. Клиникасы: Түйнеменің инкубациялық кезеңі аурудың түріне байланысты әр түрлі, терілік түрінде, терілік түрінде 2-14 күн, септикалық түрінде бірнеше сағаттан 6-8 күнге дейін. Емдеу диагностикасы: А) Сап Б) Баналды шиқандар мен В) Сом шиқандар Г) Оба, туляремия Д) Тілме Е) Басқа этиологиялы Алдын-алу шаралары. Жануарлар арасында инфекция ошақтарын табу және жою. Түйнемені жұқтыру қаупі жоғары адамдарға (ветиринарлар, ет комбинат жумысшылары, тері және жүн өңдеу өндірісінің жұмысшылары) тірі қурғақ «СТИ» сынама (привывка) жасайды. Науқастарда жеке палаталарға оқшаулау керек. Күнделікті дезинфекция жүргізіледі. Санитарлық – ағарту жұмыстардың жүргізіліуі маңызды. Тырысқақ Тырысқақ- вибрион экзотоксиндердің әсерінен дененің қурғақсуы, су – электролиттік алмасу бұзылыстарымен ерекшелетін жедел және аса қауіті ауру. Тырысқақ ауруы ең алғаш 1817 жылы анықтама бастаған. 1817-1926 жылдар аралығында тырысқақтан пандемия болып, 2млн адам өлген. 1961 жылы Эль-Тор вибриона тудырған пандемия болды. Тырысқақ жедел ішік инфекциясы, антропоноз, карантинді ауру.Қоздырғыш ашылуына Р.КОХ,Ф.Готилехс еңбектері зор. Этиологиясы. Адамдарда тырысқақ қоздырғышы – Vibrio choleral, 2 биовары бар. Классикалық тырысқақ вибрионы (Vibrio comma) және Эль-Тор вибрионы (Vibrio El-Tor) Тырысқақ вибрионы өте ұсақ, иілген таяқша. Спора және капскла түзбейді. Қарапайым көректік ортада өседі. Н,О-антигендері бар. Қоздырғыш сыртғы ортаға тұрақты суда бірнеше апта, нәжісте 7-8 айға дейін тіршілігін сақтайды, Күн саулесіне, кептіруге, дизенфекциялы ерітінділерге өте сезімтал, қайнатқанда тез өледі. Эпидемиологиясы. Ауру көзі- науқас адамдар және қоздырғыш тасымалдаушылар. Жұғу механизмі фекальды-оралды.Жұқтыру түрлері Қарым-қатынас, алиментарлық, су. Тырысқақпен ауратын науқастың 1млн нәжісінен 10,9 вибрион табылады. Су-ең қаупті жұқтыру түрткісі. Тырысқақпен барлық жастағы адамдар аурады, жиі жаз-күз айлаврында бас көтереді. Клиникасы: Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 6 күнге дейін созылады. Емдеу диагностикасы: Науқастың өмірін сақтап қалу үшін 1-ші мақсатта організмдегі су- электролиттік тепе-теңдікті сақтап қалпына келтіру керек. Ол 2 этаптан тұрады.1 Регидратаци, инфузиялық терапияға дейінгі жоғалған сұйықты қалпына келтіру. 2 Сұйықтық жоғалуының жалғасуын коррекциялау, яғні дәреті қалпына келгенше су-электролиттік тепе-теңдікті ұстап тұру. Алдын-алу шаралары. Тырысқақ қолайсыз аудандардан келген адамдарға ерекше көңіл бөлініп, олардың от басы мүшелеріе 5 күн емхана дәрігері бақылайды. Егер дәреті өзгерген жағдайда инфекциялық стационарға бақылауға алады. Арнайы алдын алу мақсатында кқрсетпелеріне байланысты беріледі. Сынама (прививка) 7 жастан бастап жасалады. Тырысқақ ошағында эпедемияға қарсы комплексті шаралар жүргізіледі. 1 Жедел түрде гозпитилизациялау, оқшаулау,тексеру және емдеу. Жедел-ішек инфекцияларын тырысқаққа тексеру. 3 Контакта болғандарды табу, оларды оқшаулау 5 күн медициналық бақылауда ұстау (бактериологиялық тексеру, профилактикалық мақсатта антибиоттин тағайындау) 4 Ошақта эпидемиологиялық тексеру 5 Күнделікті және ақырғы дизенфекция. Бүлінген сүт өнімдерін білу Қолдан алып жүрген сүт-тің сапасын анықтау үшін 200г шамасындағы 1 кесе су-ға 1 тамшы сүтті тамызады да отқа қойып қайнатады. Егерде сүт таза, қоспасыз болса, судың түбінде шөгеді, су қосылған болса, араласып көзге көрінбей кетеді. Қоспасы жоқ, таза, майлы сүтті тырнағыңызға кішке- не тамызып көріңіз, ол шөп басындағы шықтай тұра қа- лады. Су қосылған сүт та- мызған бойда тырнағыңыз-дың үстіне жайылып кетеді. Сапалы сүттің түсі қою, аппақ, ал су қосылған сүттің түсі көкпеңбек болады. Ес-кірмеген қаймақтың түсі ақ, немесе сәл сарғыштау көрі-неді де, өзі қою болады, дәмі қышқылдау келеді. Ескірген, тұрып қалған қай-мақ жағымды дәмінен айрылып, ашып кетеді, құйғанда, араластырып бұлғағанда ара- сында байланған түйіршіктер жүреді. Бүлінбеген ірімшік – ақ не- месе сарғыш түсті, қышқыл-тым дәмді, тым құрғақ емес, түйіртпексіз. Ет сапасын анықтау. Сойылған мал неғұрлым жас болса, еті де солғұрлым жұмсақ, әрі дәмді, құнарлы келеді. Жас, кәрі малдың еті бы- лайша анықталады: Екі жас- қа дейінгі ірі қараның, жыл-қының, қойдың, т.б. түліктің еті ашық – қызғылт түсті, майы аппақ болады. 2-5 жас аралығындағы мал етінің түсі қызғылт, әрі құ- нарлығы көзге көрініп тұра-ды. Кәрі малдың етінің өңі қо-ңырқайланып, майы сарғыш тартады. Еттің жаңадан әкелінге- нін, немесе ұзақ сақталғанын анықтау үшін ол тоңазып тұрғанында үстінен саусақ-пен басады. Сонда саусақ-пен қызғылт таңба қалса, ет- тің жаңа, із қалмаса еттің көп сақталған ескі болғаны. Тұрып қалған етті микробтың зардабынан, уланудан аулақ болу үшін абзалы асып, қай-натып қана жеген дұрыс. Тұ- рып қалған етті қуырып, шоқ- қа қақтап жемейді. Тағы қайталап айтамыз, жас еттің түсі ақшыл қызғылт немесе күрең қызыл болады. Ол хош иісті, тканьдері серіппелі, созылмалы, саусақпен басқанда шұқырайған жер тез қалпына келеді. Бүлінген еттің түсі сұрғылт, жабысқақ, жылтыр, иісі ұнамсыз. Оның серіппелі, созылмалы қасиеті жоқ. Құс етінің жас, кәрісі оның табаны мен төс сүйегі арқы-лы былайша анықталады: кәрі құстың табаны мен төс сүйегі қатқыл, сирағы қабыршақты, жас құстың табаны жұмсақ, төс сүйегі майысқақ, иілгіш келеді. Жас балықты анықтау Жаңадан ауланған балықтан теңіз балдырының иісі шығып тұрады. Жас, жаңа балықтың еті тығыз және бейімделгіш болып, саусақпен басқанда сол жер қайтадан орнына келеді. Қабыршақты балықтардың қабыршақтары денесіне жабысып тұрады. Ауызы әрең ашылады. Желбезектері жылтырап жә- не қызыл болып тұрады. Кішкене балықтарды ала-қанға қойғанда басы мен құй- рығы салбырап тұрса, ол – ес- кі балық. Жаңа балықтың көздері жанып тұрады, мөлдір және сыртқа шығыңқы болады. Жаңа балықтың терісі ыл-ғалды, жылтыр. Балық ескіргенде қылтанақ-тары етінен оңай алынады. Балықтың жас-кәрісі бәрібір, тек ескірмесе болғаны. Ескірген балықтың іші кеуіп, сыртқа теуіп тұрады. Балықтың бұзылған, бұзыл-мағанын етіне қыздырып пы- шақ немесе айыр (вилка) сұ-ғып та анықтайды. Сол кезде көп тұрып қалған балықтан өткір, сасық иіс білінеді. Кофені қалай таңдайды? Кофені сатып алмас бұрын ең бірінші, оралған, салынған ыдысына назар аудару қажет. Себебі белгілі фирмалардың бәрі кофе өнімін шыны немесе металл сауытқа салып сатады. Кофенің фирмалық қаңылтыр құтысын саусақпен басып та, алақанға уыстап қысып та майыстыра алмайсың. Мұндай сауыт жасауға әдетте пластик қолданылмайды. Қиыршықты кофені «тану». Тез еритін ұнтақ кофеге қа-рағанда қиыршықталған (молотый) кофенің жалған, шынайы екеніне үй жағдайында көз жеткізудің мынандай тәсілдері бар. Мұндай кофені бір кесе мұздай суға аздап себеді, жарты сағат сол күйде қозғамай қал-дырады. Кофе шынайы болса, қиыршықтар батпай, судың бетінде қалқып тұрады, кофе жалған болса, түбіне шөгіп, тұнып қалады. Жалған кофені құр- маның сүйегін, сәбізді, қызыл-шаны, бұршақты, цикорийді, інжірді, т.б. дақылдарды қуы-рып та жасай береді. Мұндай «кофе» қайнағанда суды қо-ңырқай сары түскен бояйды. Көрінген ұнтақты кофе деп ішіп, денсаулығыңызды құрт-пайын десеңіз, оның түйіртпек, дән түріндегісін ғана сатып алып, пайдаланғаныңыз жөн. Тек ұнтақтағыш сатып алсаңыз болғаны, онда дән түріндегі кофені үгітіп, ішу қиын емес. Қауіпті жұмыртқалар. Кейбір жұмыртқалардың қа- бығы қоңырлау, уызы қою са-ры түсті болады. Негізінен, са-рыуыздың түсі тауыққа берілген жемнен. Кейбіреулер жемге түс беретін синтетикалық бояу қосады. Оны жеген тауықтың жұмыртқасының түсі де өзге-реді. Бұл белгілер жұмыртқа сапасының төмендігін білдіре- ді. Жұмыртқа қабығының түсі тауықтың тегіне де байланысты. Қабығында дақтары бар, шетінеген жұмыртқалар қауіпті. Одан уланып қалуыңыз мүмкін. Жұмыртқаның жарамды, жа- рамсыз екенін анықтау үшін оның жоғары жағын алақан-мен жауып, жанып тұрған шам- ға тақатады. Сол кезде ескі жұмыртқа күңгірт тартады, бұ-зылған жұмыртқадан мүлдем жарық өтпейді. Сақтау, өңдеу тәртібі. Шикі етті тоңазытқышта не жер қоймада сақтау қажет. Жаңа сойылған малдың, құс-тың етіне микроб түскіш келеді. Сол себепті оны басқа азық-түлікпен, әсіресе піскен тағаммен бірге қоймайды. Шикі етті өңдеуге қолданылған пышақ, тақтайшаны ыс-тық сумен мұқият жуады, шикі етті ұстағаннан кейін қолды жумай, басқа азық-түлікке қол тигізбеу керек. Шикі етті өң- деуге алдын-ала арнайы пы- шақ пен тақтайша бөліп қой-ған дұрыс. Ет турағышты пайдаланар алдында қайнаған сумен шаяды. Ет пен балық фаршында микроб ерекше тез өсіп, көбе- йетіндіктен, оны тамақ пісірер алдында ғана дайындайды. Ет- тен дайындалған тағамның бар-лығы да сөлі мөлдірленгенше жақсылап қайнатылады немесе қуырылады. Бұрын пісіріліп қойылған ет тағамдарын қайта қыздырарда міндетті түрде қайнатып, әйтпесе екінші рет қуырып жеген жөн. Тоңазытылған етті қуырар алдында мұзын бірте-бірте 2-3 сағат аралығында, ерітеді. Ол үшін етті сумен шайып, ыдысқа салып, салқын жерге қойып, күтеді. Еттің мұзын су- ға салып, жылы жерге қойып ерітпейді. Онда еттегі көпте-ген қоректік заттар жойылады. Қуырмай пісіру үшін мұзын ерітудің қажеті жоқ. Шикі балықты алғашқы өң- деуден өткізгенде суық сумен - әуелі қабыршағын алып, ішек- қарнын тазартқан соң мұқият жуады. Әр түрлі көкөністер мен жемістерді таза суда қайта-қайта жуып барып жейді. Жаңа пісірілген тағамды бұрын дайындалған тағаммен араластырмайды. Сүттің бе- тін ашық тастамай, таза қа-ғазбен немесе дәкемен жауып қояды. Ыстық тағамның бетін әуелі таза дәкемен, орамалмен, суыған соң қақпағымен жауып сақтайды. Жұмыртқаны тоңазытқыш-та, - 5-40 С температурада сақтайды. Оларға ауа жетіп тұруы – шарт. Жұмыртқалар-ды бір-біріне тигізбей орна-ластырады. Үшкірлеу жағын төмен қаратып қояды. Сары уызы жұмыртқаның жалпақ-тау жағындағы ауа камера- сынан алшақтау болса, ол жақсы сақталады. Жұмырт-қаны тоңазытқышта 3 аптаға дейін сақтауға болады. Тек жұмыртқалар өзіне тез иіс сі- ңіріп алатындықтан, оны то-ңазытқышта көп ұстамаңыз. Жұмыртқа дұрыс сақтал-маса, яғни, қабығы лас болса, сақталатын орын ылғал тартса, белогы сұйылады, уызы қалқып, қатты қабыршағы-ның ішкі жағына жабысып, жұмыртқа өңезденіп, шіри бастайды. Жұмыртқа сақтау орнындағы температураның күрт өзгеруіне де шыдамайды. 21 градус, одан да ыстық температурада ұрық жетіліп, сары уыздың бетінде сақина тәрізді дөңгеленген қан тамырлары пайда болады. Мұн- дай жұмыртқа тағам үшін жарамсыз, әрі зиянды. Саңырауқұлақ тез бұзыла-тын азық болғандықтан, оны терген күні тағамға пайдаланады немесе қайта өңдейді. Сары май да тез бұзыла-тын азық. Сол себепті оны қараңғы жерде 10-12 0 С температурада сақтайды. Үй жағдайында тоңазытқышқа қоя- ды. Дүкеннен сатып алған майды 30 күнге дейін тоңа-зытқышта сақтауға болғаны-мен, шоколад майын он-ақ күн сақтайды. Тоңазытқыш болмаса, сары майды әйнек немесе қыш құмыраға салып, бірнеше күн сақтауға бола-ды, ол үшін майдың бетіне таза суық су құйып, банка-ның қақпағын жауып қояды. Суды күніне 1-2 рет ауыстырып отырады. Тоңазытқышта тағам сақтау тәртібі. Тоңазытқышта әрбір келі тамаққа 6-8 литр бос алаң болғаны дұрыс. Мұздатқыш камераның көлемін білсеңіз, сыйымдылығын есептеп шы-ғару қиын емес. Мұнда сақталған азық-түлік қабырғасына жабысып қал-мауға тиіс. Сол себепті оның астына полиэтилен пленка төсейді. Мұздатқышқа малдың, құс- тың жас етін, жас балықты бірден қоймайды. Ондай тағамдар біраз уақыт жоғары сөреде немесе мұздатқыш-ың астындағы астауда жата тұрғаны дұрыс. Сосын барып мұздатқышқа салады. Дайын тағамның қайсын да алдымен бөлменің температурасында бір деңгейде салқындатып алып барып мұздатқышқа салған дұрыс. Тоңазытқыштың іші иістенгенде активті көмірқышқылын пайдаланады. Ол болмаса, қара бидай ұнынан пісірілген нанның бір тілімін салып қояды.
Трансгендiк жануарлар. Трансгендiк жануарларды жасау Қазiргi таңда осы саладағы зерттеулер бiрнеше бағыттар бойынша дамуда: кейбiр құрамдас бөлiктерi жоғары өнiм беретiн жаңа мал шаруашылығы тұқымдарын жасау (мысалы, Ұлыбританияда сүтi чеддер iрiмшiгiн дайындау үшiн сүтi әбден жарамды сиырлардың табыны бар); олардың түрлерiне тән емес белоктарды шығара алатын жануарларды жасау (мысалы, адамның интерферонын шығаруға қабiлеттi шошқаларды алуға бағытталған әзiрлемелер туралы хабарланды); адамға органдарды трансплантациялау кезiнде донор болып табылатын трансгендiк жануарларды жасау. Трансгендiк тышқандар, үйқояндар және маймылдар генетикалық аурулар моделдерiн жасау және генотерапия тәсiлдерiн сынауға мүмкiндiк беретiн зертханалық құрал болып табылады. Бұл "жаңғыртылған" жануарлар зерттеу ресурсы ретiнде канцерогенез табиғатын түсiнудi жылдамдатуы тиiс. Трансгеноздың перспективтi бағыттарының бiрi сүтке дәрi-дәрмек заттарды секреттей алатын сүтқоректi жануарлар - "биореакторларды" жасау болып табылады. Трансгендiк жануарларды алу стратегиясын генерациялық және соматикалық деп екi топқа бөлуге болады. Генерациялық трансгендiк жануарлар гаметаларды қоса барлық тiндерде трансгендi енгiзедi. Соматикалық гендердi көшiру әдiстерi генерациялық клеткалардың генетикалық ақпаратын қозғамайды, бұл ұрпаққа трансгендердi беру мүмкiндiгiн жояды. Қазiргi кезде мал шаруашылығында трансгенездi iс жүзiнде қолданудың мынадай перспективтi мүмкiндiктерi қаралуда: ауыл шаруашылығы өнiмiнiң сапасын жақсарту, ауруларға тұрақтылық, сүтте және басқа да биологиялық сұйықтарда рекомбинанттық белоктарды алу, ксенотрансплантация үшiн шошқалардың генетикалық модификациясы, жануарлар моделдерiн жасау. Гендiк терапия және биоөндiрiс үшiн соматикалық трансгенездi қолдану талқылануда. Трансгендiк жануарларды жасау адамзат тарихының барлық ұзақтығында қақтығысқан көптеген мәселелердi шешуге әсерiн тигiзедi. Бұл ең алдымен азық-түлiк мәселесi және дәрi-дәрмек препараттарын жасау және оларды жеткiлiктi көлемде алу мәселесi.
|