|
С И Л Л А Б У СDate: 2015-10-07; view: 3192. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша 5В030100 «Құқықтану» мамандығы үшін
Оқыту түрі: қашықтан оқыту технологиялары бойынша сырттай курс: 1 семестр: 1 кредит саны: 2 барлық сағат саны: 90 барлық аудиториялық сағат: 18 соның ішінде: дәрістер: 2 практикалық сабақтар: 2 консультация F2F: 14 барлық қашықтағы сағат: 72 соның ішінде: СӨЖ: 57 дәрістер: 13 практикалық сабақтар: 13 ӨЖ: 31 Консультация on-line, off-line: 15 Аралық бақылау: 2 Емтихан : 1 семестр
Талдықорған 2013 ж.
Оқытушы жөнінде мәлімет:Бедельбаева Нұргүл Серікболқызы– Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, құқық магистрі байланыс телефоны: 8 701 629 62 77 сабақ сағаттары: сабақ кестесі бойынша, консультация уақыты – сәрсенбі күндері, сағат 10:00-де мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасында 219 ауд. Пән пререквезитері:Бұл пәнді оқу үшін студенттер мына төмендегі пәндерді меңгерулері тиіс: «Мемлекет және құқық теориясы», «Құқық негіздері», «Конституциялық құқық». Пән постреквизиттері:Бұл пәнді оқып, үйрену келесі пәндерді оқуы үшін қажет: «Халықаралық жеке құқық», «Саяси-құқықтық ілімдер тарихы» және т.б. Пәннің қысқаша сипаттамасы:Қазіргі кездеҚазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы ғылым және оқу пәні ретінде өзінің қарқынды дамуымен сипатталады. Қазақстан Республикасында демократиялық құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамдықалыптастыру мен дамыту барысында түрлі мемлекеттердің көптеген демократиялық құқықтық институттарын белсенді түрде енгізу қажеттілігі анық. Қоғамның мемлекеттік-құқықтық институттарының ұйымдастырылуы мен қызметін құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының құқықтық базасының дамуы аса маңызды бағыттарының бірі болып табылады, конституциялық заңнама ең алдымен мемлекеттің экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени негіздерін нығайтуға негізделген. Оқытудың мақсаты: ҚР мемлекет және құқық тарихын зерттеудің жоғарғы дәрежелі заңгерлерді дайындаудағы маңызы зор. Мемлекет пен құқықтың кез-келген құбылысын түсіну үшін оның қашан, қалай пайда болғанын, қалай дамығанын білу қажет. Оқытудың міндеттері:Білімгердің санасында құқықты түсіну және қолдану үшін ерекше заңды көзқарасты қалыптастыру, оның мемлекет және құқық мәселелерімен жете танысуы үшін жалпы дайындықты қамтамасыз ету. Өзіміздің еліміздегі және әлемдегі басқа да мемлекеттердегі қоғамдық құбылыстар туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуына әсер ету. Мемлекет және құқық теориясы, мемлекет және құқықтың жалпы тарихы сияқты пәндерді жоғары деңгейде игеру мақсатында қызмет ету. Оқытудың мазмұны:1991 жылы мемлекеттік тәуелсіздікті алу Қазақстан алдында бірқатар қүрделі мәселелер тудырды, олардың бірі болып мемлекеттік құрылымды және құқықтық базаны қалыптастыру болып табылды. «ҚР мемлекет және құқық тарихы» пәні тәуелсіздік алған уақыттан бері жаңа қарқынмен дамып келе жатқан, еліміздің ерте дәуірден қазіргі күнге дейінгі саяси-құқықтық дамуына жаңаша объективті көзқарас қалыптастырып келе жатқан тарихи-теориялық заң ғылымы болып табылады. Бұл пән қазақ мемлекеттілігі мен құқығының қалыптасуын Орта Азия аймағындағы негізгі саяси жағдайлардың даму барысы тұрғысында қарастырады. Қазақстанның саяси-құқықтық тарихын зерттеу халықтың тарихындағы аз зерттелген көптеген этникалық қалыптасу бастауларын, ежелгі мәдениетін, мемлекеттілігін және құқығының әрбір тарихи кезеңдердегі даму заңдылығын айқындайды. Мыңжылдықтар бойы саяси және құқықтық жүйелер қалыптасу, өзгеру үстінде болды. Бұл ағымдар нақты заңдылықтарға бағынышты болды. Осыған байланысты бұл курс мынадай мәселелерді қарастырады: Қазақстан аумағында мемлекет және құқықтың қалыптасу кезеңі, көшпенділердің мемлекеттік-құқықтық жүйелерінің өрлеу кезеңі, Қазақстан көшпенділерінің мемлекеттік-құқықтық жүйелерінің дағдарысы және жойылуы кезеңі. Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
Кредиттік технологя жүйесінің өзіне тән ерекшелігі жинақтаушы жүйе қоланылады, яғни білім алушының оқудағы жетістік деңгейі, әр пәннің қорытынды бағасымен анықталады, ол рейтингтен (қорытынды бағаның 60%) және емтихан бағасынан (40%) құралады. Рейтинг студенттің әр пәннен академиялық кезеңде жинаған балынан құралады. Соған сәйкес білім алушының оқу жетістігі үшін (күнделікті сабақтағы жауап беруі, үй тапсырмасын тапсыруды, СӨЖ; аралық бақылау және т.б) 100 баллдық шкала бойынша бағаланады және соңғы рейтинг барлық бақылау кезеңінде алған бағанын орташа арифметикалық сумасымен шығарылады. Баға қоюдың критерийлері
Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
Семинарлық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
ӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
F2F, on-line, off-line режиміндегі консультацияның күнтізбелік жоспары
Бақылау өлшем құралы 1. Қазақ әдет-ғұрып құқығының қайнар көздері. 2. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы сот және сот процесі.. 3. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жазаның түсінігі. 4. Қазақ әдет-ғұрып отбасы – неке құқығы. 5. Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша әйелдер мен балалардың құқықтық жағдайы. 6. Қазақ әдет-ғұрып меншік құ қығы. 7. Қазақ әдет ғұрып құқығы бойынша шарттар мен міндеттемелер. 8. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы би институты. 9. «Жеті-Жарғы» заңдар жинағы қазақ әдет-ғұрып құқығының қайнар көзі ретінде. 10. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы құн мәселесі. 11. Ежелгі түрік империясындағы мемлекет және құқық 12. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихы 13. Саяси потестарлық қатынастардың пайда болуы 14. Қазақстанның мемлекетке дейінгі құрылымдары 15. Ежелгі түрік империясындағы мемлекет және құқық 16. Қараханидтердің мемлекеті мен құқығы 17. Монғол империясы мен Ұлы Ұлыстың саяси-құқықтық қатынастары және Ұлы жасақ (ясы) заңдары 18. Алтын Орда және Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы және Ноғай Ордасының әлеуметтік-саяси құрылысы 19. Қазақ хандығының құрылуы. XV-XVI ғасырлардағы Қазақ хандығы. Манғыт және Сібір мемлекеттері. XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы» 20. Қазақ әдет-ғұрып құқығының қайнар көздері мен негізгі салалары» 21. «Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша сот және сот ісін жүргізу және би институтының ерекшеліктері» 22. Ресей протекторатын қабылдаудың құқықтық шарттары мен салдарлары 23. «Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы, 1822-жылғы және 1824-жылғы уставтардың мазмұны» 24. Қазақстанның отар ретіндегі құқықтық жағдайы 25. «1867-68 жылдардағы Уақытша Ережелер бойынша құрылған отаршылық әкімшілік органдар» 26. 1867-68 жылдардағы Уақытша Ережелер бойынша қазақтың әдет-ғұрып құқығына енген өзгерістер» 27. Сот және сот ісін жүргізу жүйесіндегі өзгерістер 28. «20-ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси жағдай» 29. «1916-жылғы ұлт-азаттық қозғалысы. 1917 жылғы революциялар кезеңіндегі Қазақстан» 30. Қазақстандағы Кеңестік биліктің орнауы. Қазревкомның қызметі 31. Қазақстандағы Кеңестік биліктің орнауы. ҚАКСР-ң құрылуы 32. Қазақ Автономиясының Одақтас Республикаға айналуы 33. Қазақстандағы Кеңестік мемлекет және құқықтың дамуының ерекшеліктері 34. Қазақ КСР-нің 1978-жылғы Конституциясы 35. ҚР-ның Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы. ҚР мемлекет және құқық тарихы пәнініен тест сұрақтары: 1. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихының зерттеу пәнi: 2. Сақ- массагеттер тайпалары Қазақстан территориясында қай кезеңдерде өмiр сүрдi? 6. Ғұндардың жоғарғы басшысының аталуы: 7. Гуньмо қандай саяси одақтың жоғарғы басшысы? 8. Шанью қандай саяси одақтың жоғарғы басшысы? 9.Ғүндар қай көсемi тұсында жоғарғы әскери саяси билiкке жеттi? 10. Әскерлердiң ондық жүйесi кiмдерде алғаш дамыды: 11.Үйсiн одағы қай жылы екіге бөлiндi? 12. Үйсiн одағы қандай екі бөлiкке бөлiндi? 13. Азияның көшпелi халықтары тарихында алғаш рет қай тайпа жазбаша заңдар кодексiн қүрастырды? 14. Батыс-түрiк қағанаты қай жылы қүрылды? 15. Батыс түрiк қағанатының негiзгi көшпелi халқын қандай әлеуметтік топ құрады? 16. Батыс- түрiк қағанатының қоғамдық қүрылысын негізінен қандай әлеуметтік топтар құрады? 17. Қара-бұдын- бұл… 18. Таттар- бұл… 19. Еш құқығы жоқ ,тәуелді адамдар тобы қалай аталды? 20. Батыс-түрiк қағанатының жоғарғы басшысының аталуы: 21. Батыс-түрiк қағанатында сот қызметiн кім атқарған? 22. Оғландар- бұл… 23.Тархандар- бұл… 24.Бүйрықтар- бұлар… 25. Батыс-түрiк қағанатының алғашқы кезеңдерінде ел басшысы қалай аталды? 26. Батыс-түрiк қағанатында қандай қылмыс үшiн айыпкердi өлiм жазасына кестi? 27. Қарахан мемлекетi қай ғасырда құрылды? 28. Қарахан мемлекетi қай ғасырда екіге бөлiндi? 29. Қай мемлекетте "ихта" институты пайда болып,қалыптасты? 30. "Ихта" дегенiмiз бұл… 31.Отырықшы халықтардан салық жинау құқығы былай аталды: 32. Комендация- бұл… 33. Ислам дiнi қарахандықтарда қай жылы мемлекеттiк дiнге айналды? 34. Қарахан мемлекетiнде жер иеленудiң қандай нысаны өмір сүрді? 35. Карахан мемлекетiнде жоғарғы билiк иесі қалай аталды? 36. Қарахан мемлекетiнде сот қызметiн кімдер жүзеге асырды? 37. Қарахан мемлекетiнде басқарудың қай нысаны өмір сүрді? 38.Қидандықтардың жоғарғы басшысы қалай аталды? 39. Қидандықтардың жоғарғы басқаруының ерекшелiгi неде? 40. Қай жылы Шыңғыс хан бүкiл Монғолдардың ханы болып жарияланды 41. 1206 жылы қабылданған Монғолдардың заңдар жинағы қалай аталды? 42. Алтын Ордадағы атқарушы билiктiң орталық органы қалай аталды? 43. Ноғай Ордасында басқарудың қандай нысаны өмір сүрді? 44. Ноғай Ордасының саяси жүйесiндегi басты ерекшелiк қандай болды? 45. Ноғай Ордасын кiм басқарды? 46. Ноғай Ордасының қоғамдық құрылысының негiзiн келесі таптар құрады? 47. Көшпелiлер қозғалысынан байланысын үзген және әскери мiндеткерлiк атқаратын ерекше топ қалай аталды? 48. Ноғай Ордасындағы жоғарғы билiк органы қалай аталды? 49. Ноғай Ордасындағы ұлыстарда сот және атқару билiгi кімдерге берiлдi? 50. Ноғай Ордасында билер жанында орналасқан басқарудың тұрақты органы қалай аталды? 51. Ноғай Ордасындағы қарадуанның негiзгi қызметi: 52. Ноғай Ордасындағы жоғарғы лауазым иелерi - нурадин, кекеуат және тайбуралардың негiзгi қызметiнiң мәнi неде? 53. Қазақ хандығы қашан құрылды? 54. Қазақ хандығының негiзiн қалаушы сұлтандарды атаңыз. 55. Қай хан қазақ әдет-ғұрып құқығын алғаш рет жүйелеуге тырысты? 56. Тору дегенiмiз бұл- 57. Сойырғал- бұл… 58. Қазақ қоғамында "ақсүйектерге" мыналар жатты: 59. Қазақ қоғамында дәрежесi жоғарыларға мыналар жатты: 60. Қазақ қоғамында жоғары дәрежелiлер қатарына жатпайтындар: A)шаруа, төленгiттер, құлдар, жатақтар, райыттар: 61. Шаруа деп қазақ қоғамында кімдерді атады? 62. Қоңсы-шаруа деп кімдерді атады? 63. Төленгiттер деп кімдерді атады? 64.Жатақтар деп кімдерді атады? 65. Қазақ қоғамындағы қала тұрғындары (қоленершiлер, саудагерлер) қалай аталды? 66. Қазақ хандығында егiн жинағының 1/10 бөлiк түрiндегi салығы қалай аталды: 67. Қазақ хандығында мал салығының 1/20 бөлiк түрi қалай аталды? 68. Тағар- бұл… 69.Еш құқығыжоқ тәуелді адамдар қалай аталды? 70. ХV-XVIII ғ. қазақ хандығында басқарудың қандай нысаны болды? 71. Қазақ хандығының негiзгi қызметiнiң бiрi болып мыналар табылды: 72. Қазақ әдеттiк құқығы қалай аталды? 73. "Жетi жарғыны» құрастыруға қанша би қатысты? 74. "Жетi жарғы" қай ханның тұсында құрастырылды? 75. Әдет-ғұрыпты Тәуке ханмен саралау қай кезде жүргiзiлдi? 76. Әдет-ғұрып құқығы Қарахандықтарда қандай атауға ие болды? 77. Мыналардың қайсысы "Жетi жарғыға" негіз болды? 78. Төмендегiлердiң қайсысы "Жетi жарғыны" қарастыруға қатысқан тұлға? 79. "Бидiң билiгi"- бұл… 80. "Ереже"- бұл… 81. Билер съезiнiң ережесi қалай аталды? 82. XV-XVIII ғ. қазақтарда меншiктiң негiзгi объектiсi болып не табылды? 83. XV-XVIII ғ. қазақ қоғамында мына шарттардың қайсысы көп таралды? 84. Несие берушiнiң кедейге сауын малын уақытша пайдалану үшiн берген шарты қалай аталды? 85. XV-XVIII ғ. қазақ қоғамында қарыз шарты қанша мерзiмге жасалды? 86. Сауын дегеніміз… 87. Байдың кедейленген ағайынына малдың төлiн беру көмегi қалай аталады? 88. Жұт кезiнде ағайнына малды өтемсiз түрде беру көмегi қалай аталады? 89. Құдық қазу, шөп шабу кезiнде ағайындардың өзара өтемсіз көмегi қалай аталады? 90. Ағайынына қарызын төлеудегi өтемсiз көмек қалай аталады? 91. Малды сатып алу жолымен ағайынына берiлетiн өтемсiз көмек қалай аталады? 92. Асар дегеніміз… 93. Қазақ әдет-ғұрып құқығының негiзгi белгiсiн атаңыз. 94. Қазақ әдет-ғұрып құқығының неше қайнар көзi бар: 95. Қазақ әдет-ғұрып құқығының негiзгi қайнар көзiн ата. 96. Өзара сыйға негiзделген достық нституты қалай аталды? 97. Қазақ әдет-ғұрып құқығында тамырлықтың неше түрi белгiлi болды? 98. Шариат бойынша қыздың неке жасы қандай болды? 99. Әдет-ғұрып бойынша қыздың неке жасы қандай болды? 100. Шариат бойынша ұлдың неке жасы қандай болды? 101. Әдет-ғұрып бойынша ұлдың неке жасы қандай болды? 102. Әдет-ғұрып заңды туылған баланы мына негiздi мойындады: 103. Әдет-ғұрып бойынша еркектерге әмеңгерлік бойынша кімге үйленуге рұқсат етiлдi? 104. Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша неке қандай жағдайда заңды құрылған деп саналды? 105. Қалыңдықтың артынан келген мүлiк қалай аталды? 106. Қалыңдықтың ата-анасына күйеудiң туысқандарының сыйлығы қалай аталды? 107. Қарғыбауға мыналар кiрдi: 108. Жасаудың мөлшерi... 109.Қандай мүліктер қызға арналған жасаудың мiндеттi элементi болып табылды? 110. Әдет-ғұрып бойынша жоғарғы қалың мал қанша мал көлеміне теңестiрiлдi? 111. Күйеудiң қалауымен бұзылған неке қалай аталды? 112. Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша әйел некенi бұза алды ма? 113. Күйеуi өлген соң жесiрдiң күйеуi тарапындағы аға-iнiлерiнiң бiреуiне тұрмысқа шығуы қалай аталды? 114. Әменгерлiк- бұл… 115. Бiрiншi кезекте әмеңгер болып кім табылды? 116. Қазақ әдет-ғүрып құқығы бойынша жесiр мұрагер бола алды ма? 117. Қазақ Әдет-ғұрып құқығы бойынша бірінші кезекте кiм мұрагер болып танылды? 118. Қазақ Әдет-ғұрып құқығы бойынша қыздары мұрагер бола алды ма? 119. Мұрагерлiкке қалдырылған мүлiк қалай аталды? 120. Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қай белгiлері бойынша әрекет қылмыс болып есептелдi? 121. Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстың субъектiсi болып табылды: 122. Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша азаматтың кәмелет жасы: 123. Құн дегеніміз… 124. Айып –бұл… 125. Тоғыз дегеніміз… 126. Үлкен тоғыз неден басталады? 127. Қонақжайлық бұзғаны үшiн айыпкерге қандай жаза қолданды? 128. "Қонақ асы"дегеніміз… 129. Талион прнинципi нені бiлдiредi? 130. Жазалау жүйесiн айып жүйесiмен адмастыру Әдет-ғұрып құқығы бойынша былай аталады: 131. Қазақ Әдет-ғұрып құқығы бойынша жеке адамға қарсы қылмысқа жатқызылды: 132. Некеге тұру мақсатымен қызды ұрлау қалай аталады? 133. Бұзылған құқықты қалпына келтiру мақсатымен малды айдап әкету қалай аталады? 134. Қазақ Әдет-ғұрып құқығы бойынша келесі әрекеттердің қайсысы қылмысқа жатқызылмайды? 135. Кiм бiрiншi рет барымтаға ғылыми анықтама бердi? 136. Барымтаның құқыққа сай шарттарының бiрiн атаңыз: 137. Қарапайым қазақты өлтiргенi үшiн мына көлемде құн төледi: 138. Бай қазақты өлтiргенi үшiн мына көлемде құн төледi: 139. Әйелдi өлтiргенi үшiн мына көлемде құн төледi: 140. Қазақ әдет-ғұрып құқығында тоғыздың қанша түрi болды? 141. Қазақ қоғамында жоғарғы сот инстанциясы болды: 142. Әдет-ғұрып құқығы бойынша кімдер куәгер бола алды? 143. Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша кімдер ант бере алды? 144. Қазақ әдет-ғұрып құқығында билер сотында дәлел болып табылды: 145. Хандық-сүлтандық сот мына iстердi қарады: 146. Билер сотының шешiмiн орындау кімге тапсырылды? 147. Билер сотына iстердi қарағаны үшiн мына мөлшерде сыйақы берiлдi: 148. "Ала-жiп" дәстүрi мынаны бiлдiрдi: 149. Қазақстан территориясындағы алғашқы ертефеодалдық мемлекеттi ата: 150. "Шыңғысхан жасасы" бойынша ат ұрлағаны үшiн қолданылған жаза: 151. Қазақ хандығының құрамына кiрген көшпелi тайпалар қай мемлекеттен бөлiнiп шықты? 152. Қазақ хандығының Ресеймен алғашқы саяси байланысы қашан орнады? 153. Қазақстанның Ресейге ресми қосылу уақытын атаңыз: 154. Қазақ әдет-ғұрып құқығында тұтқында ұстау институты қалай аталды? 155. Кiшi жүзде Игельстром реформасы қашан жүргiзiлдi? 156. Игельстром реформасының негiзгi мақсаты: 157. Хандық кеңес қай жылы құрылды? 158. Ағамандар кеңесi қай жылы құрылды? 159. Кiшi жүзде "Обет" қашан қабылданды? 160. 1803 ж. Кiшi жүзде қабылданған "Обеттiң" негiзгi себебiн атаңыз: 161. Төмендегiлердiң қайсысы сот реформасы жайындағы жазбалардың авторы: 162. Орта жүз сұлтаны Абылай қай жылы хан болды? 163. Бөкей ордасы қай жылы құрылды? 164. Қазақстан территориясының қай жерiнде алғаш рет жерге жеке меншiк құқығы пайда болды? 165. Бөкей сұлтан қай жылы хан титулын алды? 166. Iшкi ордадағы Бөкейханның билiгi басқа жүздердегi хандар билiгiне қарағанда күштiрек болу себебiн атаңыз: 167. Бөкей Ордасы қай органға бағынды? 168. Бөкей Ордасында қай жылы хандық билiк жойылды? 169. Бөкей Ордасының соңғы ханы: 170. "Сiбiр қырғыздары туралы жарғы" қай жылы қабылданды? 171. Орта жүздегi реформалар жобасын жасау комиссиясын кiм басқарды? 172. 1820-1825 жылдары сiбiр комитетiн кiм басқарды? 173. "Сiбiр қырғыздары туралы жарғы" бойынша орта жүз территориясы бөлiндi: 174. Сiбiр қырғыздарын шекаралық басқару қай жылы құрылды? 175. Орта жүзде аға сұлтан қанша мерзiмге сайланды? 176. Аға сұлтан кiммен сайланды және тағайындалды? 177. Орта жүзде болыс басшысы қанша мерзiмге тағайындалды? 178. ХIХ ғасырда қазақ ауылдарын кiм басқарды? 179. Орта жүзде ауыл ағамандары қанша мерзiмге сайланды? 180. "Сiбiр қырғыздары туралы жарғы бойынша құқық бүзушылық мынадай категорияларға бөлiндi: 181. Талап iстерiне жатқызылды: 182. "Сiбiр қырғыздары туралы жарғы" бойынша қылмыстық iстерге жатқызылмады: 183. "Орынбор қырғыздары туралы жарғы" қай жылы қабылданды? 184. "Орынбор қырғыздарын басқару туралы ереже" қай жылы қабылданды? 185. ХIХ ғ. 20-40- жылдарындағы реформа бойынша Кiшi Жүз қанша бөлiкке бөлiндi: 186. 20-40- жылдардағы реформа бойынша Кiшi Жүздегi жоғары басқаруды кім жүзеге асырды? 187. Алатау округы қашан құрылды? 188. Қазақстанның Ресейге қосылуы кезiнде Кiшi Жүздi кiм басқарды? 189. 1867-1868 ж. реформалар бойынша Қазақстан территориясы қандай әкімшілік-аумақтық бірліктерге бөлiндi? 190. 1867-1868 ж. реформалар бойынша Қазақстан территориясы қанша генерал-губернаторлыққа бөлiндi? 191. 1867-1868 ж. реформалар бойынша Қазақстан территориясы қанша облысқа бөлiндi? 192. 1867-1868 ж.ж. реформа бойынша ауыл құрамына қанша шаңырақ кiрдi? 193. 1867-1868 ж.ж. реформа бойынша болыс құрамына қанша шаңырақ кiрдi? 194. 1867-1868 ж. реформалар бойынша облысты кім басқарды? 195. 1867-1868 ж. реформалар бойынша болыс басқарушысымен ауыл ағаманы қызметiне сайлана алды: 196. 1867-1868 ж. реформалар бойынша болыс басқарушысы мен ауыл ағаманы қандай мерзiмге сайланды? 197. 1867-1868 ж. реформалар бойынша ауыл ағаманын кім тағайындады: 198. Түркiстан облысы қай жылы құрылды? 199. Түркiстан облысы басшылығын кiм атқарды? 200. 1867-1868 жж. "Уақытша ереже" бойынша жалға беру шарты мына мерзiмге бекiтiлдi: 201. ХIХ ғасырда өсиет бойынша мұраға мүліктің қандай бөлігін қалдыра алды: 202. ХIХ ғасырда қандай меншік объектісі өсиет бойынша мұраға қалдырыла алмады? 203. 1867-1868 жж. реформа бойынша билер соты қанша инстанциядан тұрды? 204. 1867-1868 жж. реформа бойынша би қанша уақытқа сайланды: 205. 1867-1868 жж. реформа бойынша билер сотында мына қылмыстық iстер қаралды: 206. Далалық аймақтарды басқару туралы ереже қашан қабылданды? 207. 1916- жылғы ұлт-азаттық көтерiлiстiң шығуына тiкелей себеп болған не? 208. Торғай облысындағы ұлт-азаттық көтерiлiстi кiм басқарды? 209. Казревком қай жылы құрылды? 210. Казревкомды кiм басқарды? 211. Қазақ кеңестiк социалистiк автономиялы республикасы қашан құрылды? 212. ҚАКСР-нда мемлекеттiк билiктiң жоғарғы органы болып табылды: 213. Құнды жою туралы декрет қашан қабылданды? 214. Қалың малды жою туралы декрет қашан қабылданды? 215. Қандай құқықтық акт қазақтың отбасы-неке құқығына бастама болды? 216. Қазақ АКСР қай жылы Одақтық Республика болып құрылды? 217. Қазақ КСР Конституциясы қашан қабылданды? 218. Кеңестiк Қазақстанның соңғы конституциясы қашан қабылданды? 219. Қазақстан Республикасының қазiргi қолданылып жүрген конституциясы қашан қабылданды? 220. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк егемендiгi туралы декларация қабылданды: 221. Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгi туралы заң қашан қабылданды? 222. Кенесары Қасымов көтерiлiсi қай жылдарда болды? 223. "Алаш" партиясының негiзгi басшылары болды: 224. Алаш партиясының бағдарламасы бойынша Қазақстандағы соттық жүйенiң негiзi: 225. Ұлттық мәселе бойынша алғашқы құжат: 226. Бүкiлқазақтық "Алаш орда" кеңесiнiң төрағасы кім болды? 227. Кiшi Жүздегi 1785- ж. реформаның авторы кiм? 228. Әкiмшiлiк басқару реформасын кiм жүргiздi және есаулдар шенiн кiм енгiздi? 229. Қазақстан тарихында алғаш рет қай жерде ахун титулы енгізілді? 230. Қай хан ахун титулын иелендi? 231. Г.М.Күлтелеевтiң қазақ әдет-ғұрып құқығына арналған монографиясы қалай аталды? 232.Кенесары Қасымұлы қай жылы бүкілқазақ ханы болып көтерілді? 233. Орта жүздiң соңғы ханын ата: 234. Кiшi Жүздiң соңғы ханын ата: 235. 1867-1868 ж. уақытша ереже неше мерзiмге қабылданды? 236.Қандай орган Қазақ КСР-нда атқарушы орган болып табылды? 237. Халкомкеңес қандай орган алдында жауап берді ? 238.КазКСР Жоғарғы кеңесіне көпшілігінде қандай әлеуметтік топ мүше болушы еді ? 239.1917-жылғы Санкт-Петербургтағы қарулы көтеріліс нәтижесінде мемлекеттік билік кімдердің қолына өтті? 240.1917-жылғы 25-26-қарашадағы Жалпыресей Кеңестерінің 2-съезінде кім Халкомкеңестің төрағасы болып сайланды? 241 Патша өкiметi құлаған соң қазақтың тәуелсiздiк жолындағы күресушi қайреткерлерi қай саяси партияның төңiрегiнде топтасты? 242. Ұлттық демократиялық саяси “Алаш” партиясы қашан, қай жерде құрылды? 243. “Алаш” партиясы өз бағдарламасында қандай мемлекеттiк басқару нысанын ұсынды? 244.Қазақстанда бiр орталықтанған Кеңестiк билiктiң орнауы қандай органның құрылуымен байланысты 245. Қазревкомның төрағасы кiм болды? 246.Қазревкомның мiндетi: 247.Ревкомдардың мынадай вертикалды құрылымы болды: 248.“Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестiк Социалистiк Республикасын құру туралы” декретке кiм және қашан қол қойды? 249.1920 жылғы Қазақстан Кеңестерiнiң Құрылтай съезi Қазақ Орталық Атқару Комитетiнiң төрағасы ретiнде кiмдi бекiттi? 250. 1920 жылғы Қазақстан Кеңестерiнiң Құрылтай съезiнде Қазақ Халық Комиссарлары Кеңесiнiң төрағасы болып кiм бекiтiлдi? 251.1920 жылғы Қазақстан Кеңестерiнiң Құрылтай съезi Конституциялық мәнi бар қандай құқықтық құжат қабылдады? 252.ҚазОАК сессиясының арасында мемлекеттiк билiктiң жоғарғы заң шығарушы, өкiмшi және атқарушы билiк қызметтерiн қандай орган атқарды? 253.РКФСР Халкомкеңесiнiң 1919 ж. 10 шiлдедегi декретiне сай Қазақстанда мынадай соттар болды: 254.“Қалыңмалды жою туралы” декрет қашан қабылданды? 255.Халкомкеңестiк “Қырғыздардың некелiк құқығы туралы” декретi қашан қабылданды? 256.Қазақстанда 1920-1930-жылдары жүргiзiлген “Кiшi октябрь” саясатының авторы кiм? 257.Республика астанасы Қызылордадан Алматыға қашан көшiрiлдi? 258. Алғаш рет қандай Конституция Қазақстанға Одақтық Республика мәртебесiн бердi? 259. 1937-жылғы Қазақ КСР Конституциясын қандай орган бекiттi? 260. 1937 жылы Қазақ КСР Конституциясы қандай бөлiктерден тұрады? 261. 1937-жылы Қазақ КСР Конституциясына сәйкес Қазақ КСР-да өкiмет билiгiнiң жоғарғы органын атаңыз. 262. 1937-ж. Қазақ КСР Конституциясына сәйкес мемлекеттiк өкiмет билiгiнiң атқарушы және өкiмшi жоғарғы органын атаңыз. 263. 1941-жылы КСРО Жоғарғы Кеңесi Президиумының, БК(б)П ОК-нiң және Халкомкеңесiнiң шешiмiмен құрылған орган қалай аталды? 264.1944-жылы Қазақстанда жаңадан қандай облыстар құрылды? 265.Ұлы Отан соғысы кезiнде колхоздарда жасөспiрiмдер қанша жастан еңбекке тартылды? 266.1946-жылғы қаулы негiзiнде ҚазКСР Халық Комиссарлар Кеңесi қандай жаңа атауға ие болады? 267.Қандай оқиғадан кейiн Сталинның жеке басына табыну, социалистiк заңдылықты аяққа басу, саяси қуғын-сүргiн айыптала бастады? 268.1950-жылдары Кеңестер Одағындағы одақтас республикаларды мемлекеттiк басқаруда қандай тенденция орын ала бастады? 269.ҚазКСР Ғылым академиясының философия және құқық институты қай жылы құрылды? 270.1960- ж. ортасында халық шаруашылығын басқарудағы өзгерiстер қандай оқиғамен байланысты болды? 271.Қазақстандағы облыстар саны 70-жылдары қаншаға жеттi? 272.Кеңестер Одағындағы халық депутаттары мен Комунистiк партия арасындағы байланыс қандай болды? 273.КСРО-да қайта құру саясаты қашан басталды? 274.ҚазКСР Жоғарғы Кеңесi Н. Назарбаевтi қашан Қазақ КСР-ың Президентi етiп сайлады? 275.1988 жылғы ХIХ партия конференциясы қандай қаулы қабылдады? 276.1959-жылы Қазақстан тарихында тұнғыш рет қандай маңызды Кодекстер қабылданды? 277. 963-жылы Қазақстанда қандай маңызды Кодекстер қабылданды? 278.1981- жылғы “ҚазКСР-нiң сот құрылысы туралы” Заңға сәйкес ҚазКСР-нiң сот жүйесi қандай инстанциялардан тұрды? 279.1981-ж. “ҚазКСР-нiң сот құрылысы туралы” Заңға сәйкес аудандық (қалалық) соттарды қандай мерзiмге кiмдер сайлады? 280. Аудандық (қалалық) соттардың халық заседательдерiн кiмдер және қандай мерзiмге сайлады? 281. 1974 ж. ҚазКСР-дегi мемлекеттiк нотариат туралы Заң бойынша ауылдық, поселкелiк кеңестердiң атқару комитеттерi нотариалдық iстердi орындай алды ма? 282.1977-жылғы КСРО Конституциясына сәйкес ҚазКСР-нiң жаңа Конституциясы қашан қабылданды? 283.1978-жылғы ҚазКСР-нiң Конституциясы қабылдауға қандай себептер болды? 284. 1978 жылғы Конституцияның құрылымы қандай болды? 285. 1978-жылғы ҚазКСР-нiң Конституциясы билiктiң саяси негiзi деп кiмдi атады? 286. 1978-жылғы ҚазКСР-нiң Конституциясында “ҚазКСР-i егемендi кеңестiк социалистiк мемлекет” деген бап болды ма? 287. 1978 ж. Конституцияға сәйкес жергiлiктi атқару комитеттерiн қандай орган сайлады? 288.1978-ж. Конституцияға сәйкес Жоғарғы Сот құрамын қандай орган қанша жылға сайлады? 289. 978-ж. Конституцияға сәйкес ҚазКСР прокурорын кiм тағайындады? 290.КСРО құрамындағы қандай Республика ең алғаш өз егемендiгiн жариялады?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі: 1) Артықбаев Ж.О. Жеті жарғы - мемлекет және құқық ескерткіші (зерттелуі, деректер, тарихы, мәтіні): Оқу құралы / Ж.О. Артықбаев.- Толықтырылған.- Алматы: Заң әдебиеті, 2004 2) Артықбаев Ж.О. Жеті жарғы - мемлекет және құқық ескерткіші (зерттелуі, деректер, тарихы, мәтіні): Оқу құралы / Ж.О. Артықбаев.- Алматы: Заң әдебиеті, 2003. 3) Ахатов У. А. Дәстүрлі қазақ құқығы және құл иелену: Оқу құралы / У.А. Ахатов.- Алматы: Қазақ университетi, 2006. 4) Ашитов З.О. Егемен Қазақстанның құқы: Оқу құралы / З. Ашитов , Б. Ашитов.- Алматы: Жетi жарғы, 1997. 5) Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы / Д.А. Булгакова.- Алматы: Заң әдебиеті, 2004 Қосымша: 1) Булгакова Д.А. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы: Оқу-әдістемелік құрал / Д. А. Булгакова, А.Ж. Истаев.- Алматы: Заң әдебиеті, 2004. 2) Жоламан Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық / Қ.Д. Жоламан.- Алматы: Нұр-Пресс, 2005. 3) Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық / Қ.Д. Жоламанов.- 3-рет толық.,басылуы.- Алматы: Эверо, 2004. 4) Заң терминдерінің сөздігі. 25000-ға жуық термин=Словарь терминов законодательства. Около 25000 терминов.- 5-ші басылуы, өңделіп, толықт.- Алматы: Жетi жарғы, 2007. 5) Кант И. Бүкіләлемдік-азаматтық тұрғыдағы жалпылама тарих идеясы.Мәңгілік бейбітшілік жөнінде / И. Кант; Кіріспе мақала мен ескертулерді дайындап,құрастырған С.Ф. Ударцев.- Алматы: Жетi жарғы, 2003. 6) Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Конституциясы (Негізгі Заңы).- Алматы: Қазақстан, 1983. 7) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы: Заң күшi бар салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы.- Алматы: Дәуiр, 1995. 8) Қазақстан Республикасындағы тіл туралы=О языках в Республике Казахстан. По состоянию законодательства на 1 декабря 2005 г: ҚР заңы. 2005 жылдың 1 желтоқсанына дейінгі нұсқа.- 4 басыл.- Алматы: Жетi жарғы, 2005. 9) Қазақтың ата заңдары.Құжаттар, деректер және зерттеулер= Древний мир права казахов.Материалы, документы и исследования. 10 томдық:1-том / Бағдарлама жетекшісі: С.З. Зиманов.- Өзгертіліп, толықтырылған 2-басылым.- Алматы: Жетi жарғы, 2004. 10) Қазақтың ата заңдары.Құжаттар, деректер және зерттеулер= Древний мир права казахов.Материалы, документы и исследования. 10 томдық:2-том / Бағдарлама жетекшісі: С.З. Зиманов.- Өзгертіліп, толықтырылған 2-басылым.- Алматы: Жетi жарғы, 2004. 11) Қазақтың ата заңдары.Құжаттар, деректер және зерттеулер= Древний мир права казахов.Материалы, документы и исследования. 10 томдық:3-том / Бағдарлама жетекшісі: С.З. Зиманов.- Өзгертіліп, толықтырылған 2-басылым.- Алматы: Жетi жарғы, 2004. 12) Қазақтың ата заңдары.Құжаттар, деректер және зерттеулер= Древний мир права казахов.Материалы, документы и исследования. 10 томдық: 4- том / Бағдарлама жетекшісі: С. З.Зиманов.- Алматы: Жетi жарғы, 2005. 13) Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздiк: Заңтану.5000-нан астам термин.- Алматы: Рауан, 2000. 14) Мұхамедов М. Саяси-құқықтық ілімдер тарихы: Оқулық / М. Мұхамедов , Б. Сатершинов , Б. Сырымбетұлы.- Алматы: Заң әдебиеті, 2005. 15) Өзбекұлы С. Қазақстанның саяси-құқықтық ой-пікір тарихының өзекті мәселелері / С. Өзбекұлы.- Алматы: Бiлiм, 2004. 16) Өзбекұлы Сәкен. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық / С. Өзбекұлы, Ө. Қопабаев.- Алматы: Жетi жарғы, 2006. 17) Табанов С.А. Күрделі заманның өтпелі кезеңдеріндегі қазақ қоғамы Ата заңдарының (Конституцияларының) тарихи-құқықтық сабақтастығы / С.А. Табанов, А.Ә. Оразова. - Алматы: Жетi жарғы, 2005.
Дәріс №1. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы: пәні мен әдістері, мақсаты мен міндеттері және тарихнамасы. Дәріс жоспары: 1. ҚР мемлекет және құқық тарихы курсының пәні мен әдістері. 2.Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәнінің зерттеу әдістемесі, мақсаты және бағыттары. 3.Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихындағы өзекті мәселелер. 1. ҚР мемлекет және құқық тарихы курсының пәні мен әдістері.Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет. Оның өз тәуелсіздігіне қол жеткізген күні 1991 жылғы 16 желтоқсан. Осы кезеңге дейін де бұл мекенде талай мемлекеттер шаңырақ көтеріп, өркендегенін, кейін тарих сахнасынан біржола өшкенін білеміз. Бұл мемлекеттік бірлестіктер халқының басым бөлігі ежелгі түрік халықтары болды. Түрлі тарихи жағдайларға байланысты мемлекеттер пайда болып, жойылып отырды, ал халық жаңа жағдайға бейімделіп келді. Ежелгі сақ тайпалары, ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттері мен түрік қағанаты дәуіріндегі мемлекеттер, Шыңғыс хан шапқыншылығынан кейін өмір сүрген көптеген мемлекеттер Қазақстан территориясын мекендеген халықгардың мемлекеттері болды. Қазақ халқының атауымен аталған Қазақ хандығы 300 жылдай өмір сүрді. Міне осы мемлекеттердің бәрі де бүгінгі Қазақстан Республикасыньщ байырғы халқы — қазақтардың әр кезеңдегі мемлекеттік бірлестіктері болған деп айта аламыз. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні еліміздің территориясында өмір сүрген түрлі мемлекеттердің қоғамдық-саяси құрылысы мен құқықтық қатынастарының даму ерекшеліктерін зерттейді. Бұл мемлекеттердің негізі бір қазақ халқы болғандықтан, олардың саяси-құқықтық тарихы бүгінгі Казақстан Республикасына тікелей байланысты болмақ. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы тарихи және кұқықтық ғылым болып табылады. Ол қоғам тарихының бір бөлігі болғандықтан мәдениет тарихы, әдебиет тарихы, техника тарихы, т.б. салалық тарихи ғылымдармен қатар тұрады, тарих ғылымының жалпы зандылықтарын басшылыққа алады. Құқықтық ғылым ретінде ол Қазақстандағы мемлекет пен құқықтың тарихын, олардың әрбір тарихи кезеңдерге сәйкес заңдылықтары мен ерекшеліктерін, пайда болуы мен жойылуын хронологиялық реттілікпен зерттейді. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы мемлекет және құқық теориясы, мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы т.б. салалық заң ғылымдарымен тығыз байланысты. Заң ғылымының көрсетілген салалары тарихилық принципі тұрғысынан Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихынан бастау алады әрі болашақта саяси-құқықтық тарихтың объектісіне айналады.
2. ҚР мемлекет және құқық тарихы пәнінің зерттеу әдістемесі, мақсаты және бағыттары.«Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы» курсының пәні және басқа ғылымдардың арасында алатын орны Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихын меңгеру ең алдымен, жақын болашақта мемлекет пен қоғамда болатын өзгерістерді болжау және қазіргі мемлекеттің даму процесін тереңірек білу үшін қажет. Біздің қоғамымыздың осы кезеңіндегі дамуына байланысты Қазақстан Республикасының мемлекет және кұқық тарихы оиіне маңызды назарды талап етіп отыр. Мұндай қажеттілік негізінен Қазаңстан Республикасы демократиялық, құқықтық мемлекетті құру жолына түскендігінен пайда болды. Келешекте өте жауапты және қиын кезеңдерде, мағынасын қарай қоғамды демократизациялау бағытында тарих сабақтары пайдалы және талап етілген сабақтардың бірі болады. Ең бастысы - Қазақстанның мемлекеті мен қоғамының тарихи дамуының әр бір кезеңіне дұрыс анализ жасап, идеологиялық салмақсыз және қандай да болсын өздігінен жасаған саяси жүйенің түсіндірмесінсіз шешім шығару. Қазіргі кезеңдегі ақиқат бұрынғы заман мен болашақтан ерекшеленбейді. Ол тек жаңа және қажетті тарихтың тағы бір кезеңі. Болашақ, өзіне тән алуандылығымен, күрделілігімен тіпті өткен кезеңнің тенденциясына қайшы кезеңімен оны теріске шығарады да кезеңді жаңа сапамен, құбылыспен бөлендіріп, келешекке алғышарт жасайды. Мемлекет пен құқық бірнеше ғылымдармен тұтаспәндермен зерттеледі: мемлекет және құқық теориясы, тарихпен, саясаттанумен, әлеуметтанумен, заң құқығымының салаларымен, сонымен қатар, жалпы объектіні зерттеу кезінде әр пән өзінің тақырыбымен қамтылады яғни институттардың, белгілі бір құбылыстардың өзіндік зерттелетін шеңбері бар. Қазақстанның мемлекет және құқық тарихының пәні болып: мемлекеттік құқықтық жүйенің дамуы және пайда болу процесі, қоғам өмірінде әр түрлі тарихи дәуірлердегі мемлекет пен құқықтың орны мен рөлі, өндірістің көшпелі тәсіліне байланысты, құқықтық мемлекеттік жүйелерінің мазмүны мен түрлерінің ерекшеліктері табылады. Мемлекет және құқық институттары бір-бірімен тығыз байланыста болғанымен, осы уақытқа дейін оларды жеке дара қарастырып келеміз, сол себептен бізге ең алдымен мемлекеттік-құқықтық жүйенің түсінігін анықтап алу керек. Алайда, ол екі институт бір-бірінсіз өмір сүре алмайды, олар бір бүтін. Мәселен, мемлекет тікелей немесе жанама түрде құқықтық нормаларды қалыптастырады, қорғайды, ол бұзылған жағдайда күштеу әрекеттерін қолданады, ал құқық өз тарапынан қоғамдағы саяси қарым - қатынасты конституциялық немесе басқа да нормалар арқылы реттеп, мемлекетке тікелей әсер етіп отырады. Осыдан келе, біз мемлекеттік құқықтың жүйенің бар екендігін, олардың элементтері болып мемлекет пен құқық табылатындығын және нақ осы екі жүйенің даму кезеңдерін Қазақстан территориясында мемлекет және құқық тарихы зерттейтіндігіне көзіміз жетті. 3. ҚР мемлекет және құқық тарихындағы өзекті мәселелер.Қазақстан Республикасының құқықтық тарихы қоғамымыздың осы кезеңдегі дамуында өзіне үлкен назарды талап етеді. Мұндай қажеттілік ең алдымен, Қазақстан демократиялық, құқықтық мемлекетті құру жолын таңдағанынан болар. Жауапты және күрделі, қоғамды демократизациаландыру кезеңінде Тарих пәні өте пайдалы және талап етілген сабақтардың бірі бола алады. Ең маңыздысы - мемлекет пен қоғамның тарихи дамуының әрбір кезеңіне дұрыс талдау жасап, шешім шығару. Конфуций - «Басқару - яғни дұрыс істеу» деген екен. Мемлекеттік қайраткер алдындағы ұрпақтардың тәжірибесіне, тарихи тәжірибесіне сүйене отырып қана өз елі үшін дұрыс және керек шешімдерді шығара алады. Әсіресе, бұл тәжірибенің өткен қателіктерді қайталамау үшін маңызы өте зор. Осындай күрделі әрі қоғам үшін маңызды мәселелерді яғни, Қазақстан Республикасының құқықтық тарихын зерттеу, отандық құқықтық ғылымға жүктелген. Егер де мемлекет саясаты әр түрлі халықтарды, сословияларды немесе нақты бір белгісіне қарай топтардың дискриминациялауға жол берсе, онда мұндай қоғам үлкен зардаптарға ұшырауы мүмкін. Осыған орай, қазіргі заманда тарихты өзгертуге, бұрмалауға, әсіресе ұмытуға болмайтындығын ұғынбау мүмкін емес. Қаншалықты мемлекетте құрылған саяси жүйелерге бұл жағдай қолайсыз болмағанымен әрбір тарихи кезең, оның жүріп өтуіне әсерін тигізген қатысушылары, терең және мұқият ғылыми зерттеулерге лайық екендігіне күмәніміз жоқ. Кеңес өкіметі, қазақ халқына жетпіс жыл бойы Қазақстан КСРО-ның құрамына одақтық республика ретінде кіргеннен бастап мемлекеті мен құқығы пайда болды деген ойды санасына белсенді орнатуға тырысты. Сонымен қатар болып өткен Кеңестік дәуір оқиғалары уақыт талабына сай әлі де көз алдарында еді. Тоталитаризм дәуірінде қазақ халқының көрнекті ұлы мемлекеттік қайраткерлерінің зор еңбектері жоққа шығарылды, олардың бірі Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан, Абылай хан, билерден Төле, Қазыбек, Әйтеке және т.б. Қазақстанда орта ғасырлар кезеңінде қоғамдық қатынастарды реттеуге негізделген құқықтық жүйенің дамуына және мемлекетті құруында олардың қызметі мен рөлі үлкен болатын. Бірақ, мұндай маңызды қайраткерлеріміздің орны осы заманымыздағы құқықтанушы ғалымдарымызбен толтырылып отыр. Ұзақ уақыттар бойы Ресей патшалығына Қазақстан өз еркімен қосылғандығы жайлы пікірлер туындап жүрді. Соңғы кездері мұндай пікірлер ғылыми түрде жоққа шығарылып, бұл сұрақ даулы болып келеді. Қазақ хандығы, басына түскен күрделі саяси жағдайларға байланысты, Ресей хандығын қабылдау жайлы келіссөздер жүргізіп, құдіретті Ресей елден көмек сұрауға мәжбүр болды. Қазақстан Ресей отарлығына кезеңмен отарлап кіру саясатының нәтижесін көреген саясаткердің де күні бұрын болжап білуі мүмкін емес еді. Сонда да, көптеген жылдар бойы Ресейдің қол астында болу Қазақстан үшін қолайлы деп есептелді. Тіпті Ресей империясының заңын зерттеген уақытта, отарлау саясатын белсенді түрде жүзеге асыру кезінде, империяның жоғарғы өкіметінің ниеті бойынша Қазақстанның аумағы тек қана қанаушылардың пайдасына, сол жерлерді қоныстанған халқын арзан жұмысшы күш ретінде пайдалануды көздеген болатын. Сайып келгенде, қазақ халқына «ерікті» түрде қосылуы игілікпен аяқталды. Осы мәселелер әлі де өз жауабын табуда. Өкінішке орай, отарлау дәуірі кезеңіндегі нормативтік құжаттарының үлкен көпшілігі ақырына дейін зерттелмеген. Олар әлі ғылымға белгісіз көптеген фактілерді құпия ретінде ұстауда. Кеңес дәуірі және Кеңес дәуіріне дейінгі Қазақстанның мемлекеті мен құқығының жағдайы жеке дара зерттеуді талап етеді. «Алаш» партиясы, Алаш Орда үкіметі және қазақтардың көшбасшыларына ұзақ тарихи кезең бойында ұлтшылдар деп, социалистік қоғамға қауіпті деген айыптар тағылды. Тек қана осы заманымыздағы құқықтанушылар әскери әрекеттерден әлсіреген, саяси күйзеліске ұшыраған Қазақстанның, демократиялық өзгертулерге жол ашқан сол кездегі қазақ зиялыларының саяси даналығы мен көрегендігін мақұлдап отыр. Қазақ халқының миллиондаған өмірлерін алып кеткен, нормативтік құжаттардың басшылығымен жасалған жаппай ұжымдастыру әрекеттері, көптеген материалдарды және сонымен қатар, Ресей Федерациясының қорын пайдалана отырып, мұқият зерттеуді талап етеді. Бүгінгі Қазақстан - дүниежүзілік бірлестік жүйесінде қарқынды түрде дамып келе жатқан мемлекет. Мемлекеттің эконономикалық және саяси тұрғыдан дамуы бірқалыпты.
Дәріс №2. Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің пайда болуы және дамуы. Дәріс жоспары: 1.Қазақстан аумақтарында бірінші мемлекеттердіц пайда болуы. 2. Сақ тайпалары. 3. Үйсіндер, ғұндар, қаңлылардың мемлекет және құқығы.
1. Қазақстан аумақтарында бірінші мемлекеттердіц пайда болуы. Адамзат тарихында қоғамның дамуы екі негізгі кезеңнен қамтиды: алғашқы қауымдық және өркениетті қоғамдар. Адамзат дамуының бірінші негізгі кезеңі - алғашқы қауымдық қоғам, уақыттардың үлкен кесіндісін, сол заманнан и бастап санағанда қазіргі жылдардан II миллион бұрынғы кезеңді қамтиды. Бұл дәуірде мемлекет пен құқықболмаған, бірақ әлеуметтік даму құрылымдары осы кезеңнен бастау алады. Алғашқы қоғам өзінің ұзақ өмір сүру кезеңінде дамудың үлкен жолынан өтіп, әлеуметтік - мәдени және шаруашылық жағынан маңызды өзгертулерді басынан өткізеді. Осы замандағы ғылымда адамзаттың әр түрлі, ең көне тарихтары қолданылады. (мәдениеттік, археологиялық және т.б.) бірақ мемлекет пен құқықтың пайда болуының негізі әлеуметтік және экономикалық алғышарттарын ұғыну үрдісі, алғашқы қауымдық қоғам екі кезеңге бөлінетіндігін білуіміз керек: олар, меншіктеуші шаруашылықтар және өндіретін шаруашылықтар. Осы кезең неолит заманына сәйкес келеді (оны неолиттік революция деп атайды). Бұл біздің дәуірімізден 8-3 мың жыл бұрын болған. Біріншіден, адамдар қарапайым тас кұрал - саймандарды қолданатын және ең бастысы, табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен күн көріп отырды (жинау, аң аулау, балық аулау). Олардың өмір салты кезумен болып, басшының басқаруымен кішкене жекеленген және жергілікті топтардан құралды. Бұл ғылымда алғашқы табын деп атайтын мәдени - өндірістердің және сол сияқты қоғамдың қатынастардың ең төмен дәрежесін көрсететін, әлеуметтік мен реттеудің, қарапайым түрі. Топтардың ішіндегі қарым-қатынастар теңдіктің негізінде құралып әсіресе бұл мардымсыз азық - түліктерді және басқа да заттарды тарату барысында айқын байқалатын. Осы теңдікті непзше сол көздеп адамдардың эквивалента айырбаста жатты. Бұл алғашқы адамзаттың ұжымында басшының бас; топтағы - адамдардан билігі өте жоғары болатын. Сайып келгенде, қоғамның ұзақ уақыты жетілу жолында табиғи инстинктер әлеуметтік мәдениетке жол ашты. Маңызды өзгертулердің бірі – отбасыға көңіл бөлу (кіру иесі экзогамиясы), ал содан соң неолиттік революция, яғни өндірістік экономикаға өтуі, бұл рулық қоғамда отбасының тұрақты көршуше, рулың қауымдық жиынтығына алып келді. Әдетте ғылымда бұл рулық құрылым деп аталды. Отбасылық рулық топтардың негізінде туысқандық қатынастар болды. Осындай топтар бірнеше ата жұрты бірнеше тумаластардан құралатын. Неолиттік революция жөн өндірістік экономикаға өтті. Көп адамдардың өмір сүруін қамтамасыз етуімен қатар, ұжымға қажетті өндірістік aabII^.^iKn Бұл: жағдай қоғамды отырықшылық өмірге дайындап, отбасылық - рулық топтардың белгілі бірі территорияны басқаруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ерте құрылған туыстық қоғам өте берік болып және белгілі, бір территорияларға байланысты тұтынушылардың саны көбейді. Осындай отбасылық топтар өзін-өзі басқару және, өздігнен жөнге келудің салыстырмалы нақты жүйесінің негізнде, әлеуметтік ұйымдарды дамыған үлгісін көрсетті. Отбасылық - рулық қауымдар ырымдарға, дәстүрлерге непзделе отырып, барлық мүшелеріне арналған міндетті, бірақ күрделі емес тәртіп ережелері құралды, ережелерді сақтау барлың мүшелерге жүктелді. Бұл ережелер ұжымның мінез - құлқын ескере отырып, қауымның бір - біріне көмектесуін алдын ала ескере шаруашылық қызмет пен неке қатынастарын жөнге салды. Мемлекеттің құрылуы. (Промемлекет) Неолиттік революция және адамзат қоғамда өту (VII-V мың. б.з.д.) экономика өндірісіне әр түрлі және терең зардап әкелді. Ең алдымен, адамдардың өмір сүруіне арналған қолайлы аймақтарда отырықшы егіншілік қоғамдардың ерте дамуына және табысты шаруашылық қызметін жүргізуге, сонымен қатар халықтың санының нығайуына ықпалын тигізді. Уақыт өте келе, отбасылық - рулық топтардың ішкі ұйымдары күрделеніп, олардың мүшелері жаңа мәдениеттілікке және өндірістік дағдыларға ие болды, еңбек бөлінісі басталды (егін шаруашылығы, мал шаруашылығы және кәсіпкерлік). Бұнын барлығы қоғамдық және ұйымдықөндірістің жоғарлауына әкеліп соқты. Өндіріс шаруашылығы рулық ұжымның ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, сонымен қатар артық өнімді и жасауға мүмкіндіктер берді. Осы артық өнімдер адамдар арасында жүргізіліп отырды да, бірте-бірте тауар атына ие болды. Айта кеткен салдардың негізінде отбасылық – рулық топтардың арасында мүліктік теңсіздік пайда болды. Қоғамдық ұжымның эволюциялық нәтижесі болып, көптеген отбасылық-рулық ұжымдардың, тіпті үлкен тайпалардың құрылуы болды. Тайпада өз ережесі бойынша өзінің аумағы, тілі, аты, діни және тұрмыстық ұстанымдары болатын. Бірте-бірте тайпалық өзін-өзі басқару органдары қалыптасты. Ең алдымен тайпалық кеңес құрылып, барлық тайпалардың көсемдері осы кеңеске мүше болып кірді. Тайпалық кеңестердің мүшелері, сонымен қатар, тайпа көсемі басқа тайпаластармен сайланды және орнынан алынып отырды, тайпаның кез келген мүшесі кеңес мәжілісінде тайпа көсемінің әрекеттері мен шешіміне өз пікірін айтуға мүмкіндігі болды. Күрделі қоғамдың құрылымдардың және оларға сәйкестендірілген әлеуметтік - нормативті реттеу механизмдердің, сонымен қатар, қоғамды басқарудағы жаңаәдістерінің пайда болуы, мемлекет пен қоғамдық еңбек бөлінісімен қатар (мал шаруашылығын егін шаруашылығы) басқару қызметі жүргізіліп, бірте - бірі ол кәсіпшілікке айналдырылады. Адамдардың екі саны бойынша тең емес топқа бөліні (басқарушы және басқарылатындар) үлкен қоғамды мағынаға ие болады да, мемлекеттің құрылуының соңғы сатысына айналады. Басқару қызметі өз иелеріне үлкен материалдық пайда келтіріп, ұжымға өз еріктерін міндеттеуге мүмкіндік береді. Жоғарыда отырған, қалыптасушы басшылар билік пен жеңілдіктерден айрылғысы келмей, билікті өз жанұялары мен руларына қалдыруға ұмтылды. Сөйтіп қоғамдық қатынастардың ары қарай дамуы оның саяси ұйымының, мемлекеттің пайда болуына алып келеді. Басқарушы жаңа органдар құрылады. Мемлекет - ол рулық ұйымнан айтарлықтай айырмашылығы бар, қоғамдық бірігудің жаңа ұйымы. Олардың мынадай айырмашылықтары бар: 1) Мемлекет тәуелсіздік сияқты қасиеттерге ие болады. Тәуелсіздік мемлекетке ішкі және сыртқы саясатын басқа мемлекеттерге бағындырмай қалыптастыруға және жүргізуге мүмкіндік береді. 2) Мемелекет территориялық дербестікке ие болады. Оның халқы әкімшілік - территориялық бірліктерге бөлінеді. Мемлекетке адамдарды рулық белгісі арқылы бөлу маңызды емес. 3) Мемлекетте қоғамды басқаруға жүйесі біршама дамыған үкімет органдары бар. Олар лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметкерлерден тұрады. 4) Мемлекет заң және нормативтік актілер шығарады. Олар қоғамның жақсы жұмыс істеуіне, қоғамдық тәртіпті қалыптастыруға, қоғамдық қатынастарды реттеуге көмектеседі. 5) Мемлекет өз территориясы шегінде халыққа салық салады, оны төлеу барлығына міндетті болып келеді.
2. Сақ тайпалары. Біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мың жылдықта орта Азия, сонымен қатар жақын және Орта шығыс аумағында Ассирия және Мидия деген шығыстың ең көне мемлекеттері болған.VI ғасырда Мидия Ахеменидтер мемлекетіне ауысады. Кир II ең алғашқы ахеменидтер патшасы болды.Олб.з.д 550 жылы жаулаушылық саясатын жүргізу барысында Мидияны талқандатып, Орта Азияның оңтүстік аудандарынал кейінірек барлық солтүстік аудандарды өзіне бағындырып, ірі мемлекетті құрайды. Дарий I патшасының бұйрығымен Бесхистун жазуы ойы түсірілді де, ол жазуда(б.з.д. 530—522 жж. аралығында) Парфия, Хорезм, Бактрия, Согдиана, Орта Азия және Қазақстанаумақтарында орналасқан немесе ахеменидттерменжаулап алынған Сақ халқы Ахеменид мемлекетінің құрамына кіргендігі көрсетілген. Авестада, сонымен қатар, ертедегі айтылған мәліметтерге сәйкес Қазақстанның кең байтақ жазықтарында өте күшті жауынгерлер мен батырлар болған екен. Осы адамдар біртайпаданшыққанымен, көне шежірелерде әр түрлі аталған. Дәл осылай персиялық қайнар көздерде оларды сақтар деп айтса, ал гректердің шежірелерінде скифтер деп атады. Б.з.д. I мыңжылдықтың бірінші жартысында сақ тайпаларында алғашқы қауымдық қоғам қарқынды түрде ыдырай бастады. Көшпелі жәнежартылай көшпелі мал шаруашылығының арқасында экономика сол кезеңнің өзін әлдеқайда дамып, металлургиялық өндірістің гүлденуіне негізболды. Экономикалық қатынастың күрделенуі алдынақосымша өнімнің, ал содан соң жеке меншіктің пайда болуына алып кеп соқты. Жеке меншіктің өз иелерінің қолында жиналуы, қоғамды дәулетті және кедейлер деп бөлуге себеп болды. Сақтар тайпасының арасында жекеменшіктікқатынастар дамып жатқанымен жер әлі де қауымдық меншіктің иелігінде еді. Сақтардың жазба деректерінде оларды - тиграхаудтар (шошақ бөрікті кигендер), хаомоваргалар (хаома сусынын даярлайтындар), парадарайялар (өзеннің ар жағындағылар) деп атаған. Әрбір тайпаның нақты мекен - жайы фактілік деректердің жоқтығынан осы уақытқа дейін ғылымға белгісіз. Парсылар мен сақтар арасында болған соғыс сақтар тарихы ең ірі әскери шайқас болды. Олар бірінші болып, Ираннан Жерорта теңізінен дейін билігін жүргізіп, құдайлардың таңдауы деп өзін жариялаған ахеменидтердің патшасы Кирді жеңіп алады. Сақтар мен ахеменидтер әулетінің басқа да патшалары соғысқан. Б.з.д 519-518 ж. сақ - тиграхаудтарға қарсы Дарий I өз жорығын бастап, сақтарды өзіне бағындыра алады. Бағындырылған сақтар алым төлеуге мәжбүр болады. Парсылар әскерінің құрамына кірген сақтар Мысырда, Грецияда әсіресе Фермопилада болған қырғын шайқастарда ерекшеленеді. Сақтар тарихының келесі беті ахеменидтердің мемлекеттің талқандап және бағындырып, Орта Азияны жаулап алуға бет бұрған Александр Македонскиймен болған соғыстан басталады. Яксарттың (Сырдарияның) арғы жағында тұрған сақ тайпаларын бағындыруға беттеген Александр Македонскийдің бұл жорығы сәтсіздікпен аяқталды. Сақтар Шығысқа бағытталған ұлы жаулаушы күшті тоқтатты. Халықаралық қатынастар. Сақтар мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын үйлестіріп, үлкен дала және темен егін шаруашылығын үйлестіріп, жерлерді игерумен айналысатын. Сақтар тайпасының көбі мал шаруашылығымен, таулы мал шаруашылығын егін шаруашылығымен үйлестіріп отырды. Сырдария алқабында Чирик - рабат, Бәбіш - молда атты сақтардың елді - мекенінде жасанды каналдардың көмегімен жыртқан ертедегі кең байтақ жерлер табылды. Мал мен егін шаруашылық өндірісі қарқынды дамып келе жатқан Сақ тайпасы, әр түрлі мемлекеттермен сауда - саттық қарым - қатынастарды орната бастады. Сақтардың басқару кезеңінде Еуразияның даласы мен таулы өлкелері Шығысты Батысты, Жерорта теңізі мен Қытай мемлекеттерін біріктірген халықаралық транзиттік сауда - саттық басталады. Б.з.д I мыңжылдыктың ортасында әр түрлі тауарларды дала аймағына алып келу үшін, дала жолы жұмыс жасай бастады. Хуанхеден бұл жолы Алтайдың шығыс және солтүстік тау ұштарын, Қазақстанның далалары мен Қара теңіз бойын кесіп өтіп, гректер мен этрусктердің жерлеріне дейін жетті. Геродот дала жолы, Қара теңізбен Дон жағалауына келіп, сосын савраматтар жері оңтүстік Орал маңына, Ертістен ІТайға ал одан Монголия мен Қытайға дейін жетті деп суреттейді. Осындай маңызды дала жолы Қазақстанның жері арқылы жүріпөтті. Алтай өңірлерінде қазба жұмыстарын жүргізген М. осы жол арқылы сақтарға қытай жібегі мен иран кілемдерікелетіні сол заттардың табылғанкалдықтарынан анықталды. Қоғамдық – саяси құрылым. Құқық. Сақ қоғамының құрылуы жөніндегі мәселе осы күнге дейін ғалымдар арақатынасындапікірталас тудырады. Жазбаша деректер, көмілген патшаларынан табылған қалдықтарын зерттеген кезде сақ тайпалары сол кезде - ақ тап болып мемлекет құрудың жолына жетіп тұрды. Тайпа - сақ қоғамдық құрылғының ең негізгі түрі болды, Ф. Энгельс мінездеме бергенде: аумағының қағастығы, тайпаныңөз аты, диалектісі, діни көзқарастардың бір болуы,бірыңғай діни ырымдардың жүзеге асырылуы, барлық тайпағаәскери қолбасшыға және жоғарғы көсемге өз билігініс жүргізе алатын басқару органдарыныңболуы, тайпаларға тән қасиеттер дейді. Жоғарыда аталған барлық бұл белгілері ілгашқы қоғамның ыдырап, адамзаттың ең жоғарғы бірігу сатысына жеткендігін жөне мемлекет институттарының қарапайым түрлері пайда болғандығын көрсетеді. Мал шаруашылығының қалыптасуы сақ дәуірінде анықталады. Сақ қоғамы біртекті болған жоқ. Олардың ең жоғарғы сатысында үлкен билікке ие патшалар отырған. Жазба деректерде өз мүлік жағдайымен, қызметіне қарай, жалпы қоғам да алатын рөліне байланысты сақ қоғамына кімдер кіретіндігі жайында мәліметтер өте аз. Тек қана рим тарихшысы Квинт Курций Руф сақтарда: соқа және бұғау егіншілерге арналған, найза және жебе – жауынгерлерге арналған, тостаған - абыздарға арналған, сиқырлы аспан тарту еткен сыйлары бар деп өз аңызда айтып кеткен. Болжайтын болсақ, сақ тайпаларында ең көп таралатын табиғи өнімдермен айырбастау келісім шарттың түрі болады. Мал шаруашылырымен айналысатын сақтар өздеріні артық өнімдерін басқа түрлі заттармен, өнімдермен, сонымен қатар көрші тайпалардың егін шаруашылығымен ауысып отырды. Жер - қауымдық меншікке тиесілі болды. Сақтарда жазу қабілеттілігі болғанымен, сақта заңнамаларының қандай да бір жазбаша деректері табылған жоқ. Ал болжайтын болсақ, сақтар тайпасының қоғамдық қатынастары салт - дәстүрлері, патша билігі құдайдың әмірімен жүргізіліп отырғандығына қатты және берік сенімдері арқылы өте табысты жүзеге асырылып отырды. Бұл жағдайды туғызуға абыздардың да көмегі болды.
3. Үйсіндер, ғұндар, қаңлылардың мемлекет және құқығы. Ғұн мемлекеті.Тарихта ғұндар аты кеңінен таныс. Жоғалған халық аты жауынгерлікпен, мейірімсіздікпен және тағылықпен қауымдасады. Ғұндар Атилланың басшылығымен европалық елдерге ойран шапқыншылықтарымен халықтардың ұлы көшпеншілік жасауына себепкер болды. Ғұн тайпалардың шабуылдары еуропалық тарихта белгіленген. Орталық Азияда; соның ішінде, Қазақстан аумақтарын б.з.д соңғы ғасырларда және б.з.д бірінші ғасырларында мекендеген ғұндардың азиялық тайпалары белгісіз. Тарихи әдебиеттерде олар хунну немесе сюнну атымен танылған. Деректерде ғұндар мен қаңлылардың арасындағы қарым - қатынас жөніндегі мәліметтер сақталды. Б.з.д 55 жылы құдіретті ғұн мемлекеті екі бөлікке бөлінді - оңтүстік және солтүстік. Монғолияның солтүстік - батысында Қырғыз Нұр көлінің жағалауында ғұндардың әміршісі Чжичжи өз ордасын құрды. Шыжы мен Қытай бір - бірімен дұшпандық қарым - қатынаста еді, әсіресе бұл жағдай Шыжы қытай елшісі мен шенеунігін өлтіруге бұйрық берген кезде өршіп кетті. Олардың өткір бақталастығы оңтүстік ғұндар арасында болды. Осы кезде Шыжы үшін Сырдария жағалауында орныққан Қаңлы мемлекеті тайпасының Үйсін мемлекетіне қарсы бірігуі жөніндегі қолайлы болды. Ол Чжичжиді өз шығыс иеліктеріне - Талас алқаптарына шақырып, канпой атты әскерін құруға құқық берді. Сонымен қатар, Шыжы үйсін әскерін ііқшідап, Іле және Шу жерлерін жаулап алады деген ниетпен өз қызын әйелдікке беріп, бірнеше мың түйелерін, аттарын, есектерін сыйға тартады. Алайда, үйсін тайпасын талқандату Чжичжидің қолынан келмеді. Соның салдарынан өз үмітіне алданып қалған қаңлы ақсүйектері мен Шыжының арасында үлкен даудың ұшы көріне бастады. Көп кешікпей ара үзіліп кетті. Шежірешілердің айтуы бойыншаШаньюй қоңыраттардың дәстүрлеріне бағынудан бас тартады да, «ашуда қаңлы князінің қызын, сонымен қатар бірнеше жүздеген атақты адамдар мен қарапайым халықты кірген немесе Далай (Талас) өзеніне лақтырып жіберген». Осыүшін Шыжы қаңлы жерінен қуылып, Таластың баста-іміа кетіп, сол жерде өз қаласын құрады. Шыжының күшейіп бара жатқан үйсіндерге шапқыншылықтары Қытай империясын шын мәнінде мазалай бастады. Оны дипломатиялық түрде бейтараптандыру іс-әрекеттері жолсыздыққа алып келіп, қытайлықтар соғысқа дайындала бастады. Көп кешікпей қытай әскері жорыққа шығады. Олар екі жолмен қозғалды. Қашқар, Ферғана, Шатқал жотасының Шанаш асулары және Таластағы Қарабура арқылы үш отряд оңтүстік жолмен келе жатты; Шығыс Түркістаннан Бедел асуы арқылы үйсіндер Чигучені орналасқан Ыстық көлге содан соң, Шу даласы мен Таласқа үш отряд солтүстік жолмен келе жатты. Әскерлер Чжичжи қаласының қабырғаларында қосылды. Ғұндардың шайқастағы мықты кедергісіне қарамай, қытайлар сыртқы ағаш қабырғаны өртеді де, жер астын ойып жіберіп, қалаға баса көктеп кірді. Қамалды басып алды да Чжичжиді өз ұлдарымен, әйелдерімен, жақын адамдарымен және атақты князьдармен жалпы алғанда 1518 адам болып тұтқынға алынды. Олардың барлығының басын шауып тастады. Ғұндардың екінші көшу толқыны б.з. 93 жылы бастарды. Олар батысқа қарай қозғалып, бір тайпаны жаулап бағындырып алып, басқаларды өз артынан ертіп жүрді. Аралдан Сырдарияға еніп, Орталық Батыс Казақстанда болды. Б.з 4 ғасырында олар Еуропадан бірақ шықты. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, ғұндар түркі болғандықтан олардың Қазақстанға келуі шығыс - ирандьиқ қаңлы тайпасының түріктенуінің бастамасы болды. Б.з. I мыңжылдыктың бірінші жартысында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тайпаларының антропологиялық белгілері өзгеріп, монғол тәріздес ұқсастықтар пайда болады. Қоғамдык — саяси құрылым. Құқық. Ғұн тайпасының билеушісі болып монарх - шанью болды. Ол «аспан мен жерден жаралған, ай және күнмен қойылған» деп аталды. Тақ мұрагерлігі негізінде өсиетпен жүзеге асырылды, біраң жиі билік ұлына қалдырылатын. Сонымен қатар билікте озбырлық фактілері де аз болмай, шаньюйді біліктілер де таңдай алатын. Шаньюй әскери, дипломатиялық, діни функцияларын орындап, тек қана басқарушы емес, сонымей қатар, ғұн халқының бас дін қызметшісі де болды. Монарх, Си еліне жататын және тек сол елдің өкілдері ғана таққа үміткер бола алатын. Бұдан басқа тағы да — Хуянь, Сюйбу, Лань деген үш атақты рулар болды. Шаньюй осы рудан өзіне әйел алуға, ал рулардың өкілдері мемлекетте дәрежелі орынға ие болатын. Патшаның билігі оның құқықтары мен атқаратын қызметімен анықталатын: а) барлық мемлекет аумағымен, ғұндарға тиесілі барлық жерлерімен билік етуге және осы аумақты күзету қызметін атқаруға; б) соғысты жариялауға, бейбітшілікке шаңыруға, әскерлерімен жеке басшылық қызметін атқаруға; в) мемлекеттің сыртқы қатынастарын қолына шоғырландыруға және сыртқы саяси бағыттарды,функцияларын анықтауға; г) әрбір өзінің қол астындағкі азаматты өмірге немесе өлімге қиюға және жоғарғы сот функциясын жүзеге асыруға құқылы. Ғүн тайпасында патриархалдық - рулық қатынас өте күшті болды. Сонымен қатар, тайпада қауым бастықтарының кеңесі және халың жиналысы болды. Қайнар көздерге келенетін болсақ, «Ғұндар Лунцида жылына үш рет жиналды, бірінші, бесінші және тоғызыншы айда «сюй» атты күні, аспан рухына құрбандық шалатын, осы жиында басшылар мемлекеттің жағдайын әңгіме қылып, түйелердің жүгіруін, аттардың шапқанын қызықтап жататын. Алайда рулық құрылымның түбінде жаңа қоғамдық катынастар жетіліп тұрған. Өнеркәсіптің және өнеркәсіптік қатынастың пайда болуы бұл процестің негізі болды. Айырбас пен сауда -саттықтың дамуы да себептердің бірі болды. Зерттеу кезінде табылған алтыннан жасалған әшекейлер, әр түрлі қымбат тауарлар сол кездегі қоғам ақсүйектерінің қажеттіліктері жоғарылап кеткендігін көрсетеді. Деректерге негізделсек, ғұндар арасында малға жанұялы белсене жеке меншіктің болғанын мәлімдейді. Малға меншігімен қатар, қайнар көздерде жерге де жекеменшіктер туралы «Әркімде- жерден бөлінген учаскесі болады», - деп айтылған. Зерттеушілердің пайымдауынша кейбіреулері сөзсіз, дара шаруашылықтарға жататын. Ғұндарда соғыс кезінде тұтқынға алынғандар мен бағыныңқы облыстардың халқынан қалыптасқан құлдары болатын. Олар үй қызметшілер, бақташылар, қолөнершілер және жер жыртушылар ретінде қолданылды. Қайнар көздер ғұн қоғамында басқару құрылымы жөнінде де хабарлайды. Жоғарыда айтылғандай, ел басында шектелмеген биліктің иегері шаньюй тұрды. Жоғарғы билеушіні көптеген көмекшілері қоршаған және олардың пікіріне қарсы әрекеттер істесе де, соңғы сөз шаньюге тиесілі болатын. Шаньюйден кейінгі мемлекеттің жоғарғы қызметшілері - сол және оң яғни «шығыс және батыс» «дана князьдар» болып, оның ұлдары немесе жақын туысқандары табылды. Олар империяның батыс және шығыс аумақтарымен және бір уақытта, әскердің сол және оң қанаттарымен басқару ісін жүзеге асырды. Олар дан төмен болып белгілі бір аумақты басқарған шаньюйдің басқа туысқандары тұрды, олар әр түрлі атақтарға ие болып, « он мың салттылардың басшылары» деп аталды. Олардың саны қатал бекітілген болатын, 24 жоғарғы әскер басшылары империяның батыс және шығыс бөлігінде, әскердің он, жене сол қанатында орналасқан. Қандай да бір орынды иемдену шаньюймен туысқандық дәрежесіне байланысты болды. Түменбасын патшаның өзі тағайындайтын. Сонымен қатар, ол түменбасына соған бағынышты етіп, аумақты сол жерде мекендейтін халқымен бірге бөліп беретін. Қандай да бір шаньюйдің рұқсатынсыз тайпалардың көшіп - қонуы қатал жазаланды. Көбінде мағыналы болып аумақтың мөлшері емес, оның әскери күші мен билігін айқындайтын халқының саны есептелінді. Сым Цяньнің айтуынша, әрбір 24 әскербасыда он мыңнан бірнеше мың әскерлерге дейін болған. Өз иелігі шектерінде түменбасылар шаньюге ұқсас, жүзбасыларды, онбасыларды және мыңбасыларды тағайындап, оларға жермен бірге халықты да үлес етіп берген. Түменбасын орнынан алып тастау және жазалау тек қана шаньюйдің құзіретінде болды, Ал олар өз тарапынан таңдау құқығы болмағанымен, шаньюйибді таққа отырғызуға қатысатын. Билік қатал мұрагерлік жүйемен жүргізілетін және бұл жүйе өз мағынасын тек ғұн мемлекеті толық әлсіреген сәтте жоғалтады. Мемлекеттегі барлық еркек халқының ең басты борыштылығы әскери қызмет болды. Әрбір ғұн жауынгер болып есептелді және әскери міндетті атқарудан жалтару өлім жазасына кесілетін. Барлық ер азаматтар балалық шағынан өлгенге дейін белгілі әскери бөлімшеге бекітіліп, Темниктерінің басқаруымен соғысқа шығатын. Уақыт өте шанью руы үлкейе бастады және өз туысқандарын қызметпен қамтамасыз ету үшін, баскарушылар ше-неуніктік аппаратты кеңейтуді ұйғарды. Осылайша ұлы цзюйкюй және жичжо - князі деген жаңа дәрежелер пайда болды. Оңтүстік ғүндар мемлекетінің басқару жүйесі кішкене басқаша болатын. Олардың айырмашылығы, ең алдымен, таққа ағайындылар, ал содан кейін ғана балалары ие болатын. Ғұндар құқығының негізгі қайнар көзі болып әдет - ғұрып табылды. Қытайлардың айтуы бойынша, ғүндар заңы жеңілжәне ыңғайлы орындалатын. Сот ең көбі 10 күн өтетін, сонымен қатар қамауда алынғандардың саны оннан аспайтын. Маңызды қылмыстары үшін өлім жазасына кесілетін.Ұрлық жасағаны үшін - қылмыскердің мүлкін тәркілеу,ал жеңіл теріс қылықтары үшін бетін кесу жазаларыжүргізілетін. Сол уақыт аралығында ертедегі кешпенділерде заңдар кодексі пайда болады. Осылайша Мөде – шаньюймен шығарылған кодекс, әскери тәртіпті бұзғандарды және әскери қызметтен жалтарып жүргендерді өлім жазасына кесілген. Ғұндар тайпасында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, қарапайым бюрократтық аппараттың құрылуы, қоғамдыққатынастарды реттейтін кодекстердің болуы, қанаудыңформасы ретінде салықты енгізуі, жазу сауатыныңболуы осының барлығы олардың жаңа кезеңге – таптық қоғамғажәне мемлекетке етуін керсетеді. Үйсін мемлекеті. Сақ - тиграхаудтардың Жетісудағы әкерлерін мұрагерлікпен мекендеген Үйсін тайпалары, Орта Азияның түкпірінен келді. Б.з.д 2 ғасырда 160 жылдар шамасында, үйсіндердің жарты белігі сақ тайпаларын өзіне бағындырып, Жетісуға қоныстанады. Сол жерде «гуньмо» атағы берілген (күн бағ - князьдардың князі) кәшбасшының басқаруымен өзінің иелігін жүргізді. Үйсіндердің негізгі аумағы Іле алқабында, ал олардың қаңлылармен шектес болған батыстағы шекарасы Шу жәнеТалас арқылы өтті. Шығыс жақта олар ғұндармен, оңтүстік жақта Ферғанамен шектесіп отырды. Үйсіндердің астанасы Чигучен (қызыл алқап қаласы) Ыстықкел жағасында орналасқан. Бұл қала түбіндегі елді -мекендермен нығайғанқала болды. Қытай әмірі Уденің елшісі 138 жылы батысқа жіберен князь Жанцянь, Үйсіндердің иелігінде 630 ООО адам жөне 188 ООО жауынгерді шығаруға мүмкіндіктері бар деп жазады. Сонымен қатар қайнар көздерге сенсек 30 мың үйсін басқарушылардың сұрыпталған атты әскері мен 10 мыңдаған оларға бағынатын садақшылары болды. Үйсіндердің б.з. III ғ. дейін саяси тарихы олардың Қытаймен болған дипломатиялық карым - қатынасын, үйсіндер гуньмолары қытай ханшаларына үйленгендігін әңгімелейді. Үйсінердің этникалық шығу тегі ақырына дейін анықталған жоқ. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, үйсіндер шығыс - иран тайпаларына, ал басқалар түріктердің ұрпағы және түрікше сөйлейтін деп пайымдайды. Бірақ қалай болғанда да, «үйсін» ірі қазақ тайпаларының атымен аталған. Қаңлы мемлекеті. Алғашқы рет Қаңлы қытайша Кан-цзюй, б.з.д II ғ. 138 жылдарда Қытай әмірі Үде Батыс елдеріне Чжань Цяньнің бастауымен сауда-саттық елшілерін жібереді. 13 жылдан кейін көптеген қиыншылықтарды ба-сынан өткізіп, Чжань Цянь қайтып келеді. Оның жазған хаттарында Қытайда бұдан алдын белгісіз алғашқы рет сипатталған мемлекеттер болды. Олардың арасында Чжан Цяннің өзі жеке танысқан Қаңлы да болды. Қытай елшісінің мәлімдеулеріне сәйкес, «Қаңлы солтүстік - батыста Даванида (Фергана) 200 дерлік жерде жатыр. Бұл көшпелі қожалықтың чжичжилерменұқсастығы: 90 мыңға дейін әскерлері бар және өзінің әлсіздігіне байланысты оңтүстік жақта чжижиндердің, шығыста ғұндардың билігін мойындайтыны. Яньцай Қаңлыдан 2000 ли солтүстік - батыста жатады. Бүл да көшпелі қожалықтың юечжилармен ұқсастығы: әскері 100 000-нан астам биік жағалаулары жоқ үлкен көл жанында жатқан. Солтүстік теңіз деп осы аталады». «Батыс жақ туралы», «Хань үлкен үйінің тарихы» баяндауларында Қаңлы туралы толық айтылады. Қаңлылардың сыртқы саясатын айтатын болсақ б.з.д 46-36 жылдары ол Чжичжидің басқаруымен солтүстік ғұндарға қысым көрсетіп, ал кейін үйсіндер мен қытайлыктармен бірігіп ғұндарға қарсы шығады. Қаңлы 85 жылы қытай аймақ бастығы Кашкара Бань Чаоға қарсы көтеріліс жасап ферғандықтарды қолдады. Сонымен қатар «Қаңлы ... паң және дөрекі, ешуақытта үлкенге бас игісі келмейтін. Аймақ бастығынан жіберілген шенеуніктерді үйсін елшілерінен төмен отырғызып, князьдар мен старшиналарга тағамды аймақ бастығы жіберген адамдардан бұрын беретін» деп баяндайды. Қаңлы саясатының жалпы тенденциясы болып, оның бүкіл ғұмырында Сырдария бойымен жүрген Ферғанадан Аралға дейінгі Жібек жолы аумағын өз бақылауында ұстағысы келді. Және ол жүзеге асып жатты. Сырдария бойымен солтүстік - батыс арқылы жоғары Кавказ бен Қара теңізге, сонымен қатар, оңтүстікке Иран, Жақын шығысқа және Индияға Жібек жолының белсенді қызмет етуі қазба жасаған кездегі табылған олжалар куәландырады. Мәселен: қытай монеталары мен айналары, Индиядан алынған маржан моншақтар, Еуропадан келген қола ілгектер, Ираннан құйыпжасалған инталио тастары. Қаңлы елінің этникалық жағы үлкен сұрақ туғызады. Әлі де олардың қандай тілде сөйлесетіндігі жөнінде бірыңғай пікір жоқ. М. Бернштамның ойынша, қаңлылар түркітілдес халыққа жататын. Басқа зерттеушілер, қаңлылар мал шаруашылығымен айналысатын солтүстік - иран тайпаларына жатқан. Тек б.з. I мың ортасында олар түрік тайпаларының Сырдарияға көшуі әсерінен өз этникалык, сипаты мен тілін өзгертуге мәжбүр болды деп есептейді. Литвинскийдың Б.А. ойынша, қаңлылар иран тілдес сақтардың ұрпағы болған. Қаңлы атын оның ойынша, сақ тайпаларының аты ретінде пайымдауға болады, мысалы, «былғары киімді адамдар» (немесе сауыт-сайманда). Үйсіндер мен қаңлылардың қоғамдық-саяси құрылымы. Құқық. Үйсіндер мен қаңлылар Алтай, Орта Азия және Сібір аймақтарымен саяси және экономикалық байланыста болды. Үйсін қоғамы біркелкі болмаған, оған байлар - тайпалық және рулық ақсүйектер, жасақшылар, абыздар және мал мен егін шаруашылығымен айналысатын қарапайым бұқара халық та кіретін. Үйсіндерде жеке меншіктің дамуы жөнінде қазба жұмыстарын жүргізген кезде табылған саз балшықтан, тастан жасалған мөрлердің болуы куәландырады. Сол сияқты үйсіндердің кейбір қолбасшылары мен ірі шенеуніктердің алтын және мыстан жасалған мөрлері бар екендігін қайнар көздер негіздейді. Жекеменшік тек қана малға емес, сонымен қатар жерге де беріліп отырды. Деректер, қоғам басшыларының қызмет жүйесі дамығандығы жөнінде куәландырады. Үйсін тайпаларында азаттағы бар қауымдықтармен қоса соғыстан тұтқындалған құлдар да болды. Қоғамда таптық қатынастар белгілерінің барлығы орын алды. Үйсін мен қаңлы тайпаларында алғашқы - қауымдық қоғамның кезеңмен ыдырауы байқалды. Ыдырату барысында, қоғам бірте - бірте байларға және кедейлерге, азатты және құлдарға бөліне бастады. Бай көсемдер өз меншігіміз деп жақсы жайылымдармен пайдаланды. Обаларда иесі өлгеннен кейін құлдарды да бірге өлтірген денелері табылған болатын. Осы көмілген денелер, ертедегі тайпалар арасында болған тапқа бөлінушіліктің айқын көрінісі. Қоғамдық жерлерді озбырлық жасау алғашқы қауымдық қоғамның ыдырату процесін тездетіп, таптық - феодалдық қатынастардың қалыптасуына жол ашты. Ақсүйектердің арасындағы ұлы гуньмо билігіне таласының күшейуі мен алтай түріктердің басып енуі, үйсін тайпасының ыдырауына алып келді. Соңынан үйсін жерлері Түрік қағанатының құрамына кірді. Алғашқы-қауымдық қоғамның ыдырау процесі әр түрлі шаруашылық және тарихи факторлармен негізделген нақты түрлермен жүзеге асып жатты. Қазақстан аумағында алғашқы - қауымдың қоғамның ыдырау процесінің басы, б.з.д I мың жыл бұрын сақ кезеңіне дейінгі қола дәуірінде өзінің бастамасын алды. Сол кезде-ақ ең алғашқы қоғамдық ццГіек бөлінісінен, мыс және қола металлургиясының пайда болуы мен дамуынан алдымен үлкен, патриархалдық, кейіннен кіші, бір отбасылық жанұя жекешелендіруді бастады. Таптық крғамның қалыптасуы ұзақ, күрделі және қарама - қайшы процестерге толы болды. Қос жанұя, бір некелі жанұяға айналып, келешекте неке үстемдік етуші болып қалады. Кәсіпшілік бөлінісі басталып, тауар айырбастаудың онанары қарай дамуына жағдай жасайды, содан меншік теңсіздігі пайда болады. Қосымша өнімді иелену дамып, қарым қатынастың жүйесіне айналады. Үйсіндер мен қаңлылардың арасында көп тараған табиғатқа табыну діні, арғы аталарын сыйлау діні үлкен мәнге ие болып, олар табиғаттан тыс күштерге үйіндегі малдарын құрбандықка шалып және де Күнге, Айға, жұлдыздарға сыйынатын. Аспан шырағы жыл санаудың негізгі қызметін атқаратын. Олардың көмегімен көшіп жүргенде жол тауып, шаруашылық жағдайларды жөнге салып, діни ырымдарды реттеп отыратын. Сайып келгенде, жазбаша қайнар көздер мен археологиялық материалдар үйсін және қаңлы қоғамдары мемлекеттік деңгейге жеткендігі жөнінде куәландырады.
Дәріс №3. Қазақстан аумағындағы ертефеодалдық мемлекеттер.
Дәріс жоспары: 1.Түрік және Батыс турік кағанаты. 2. Оғыздар, қарахандықтар, қарлұқтар, қыпшақтар мен түркештердің мемлекеттік-құқықтық жүйесі. 3. Наймандар, керейлер. 4. Ортағасырдағы араб шабуылының Қазакстан мемлекетіндегі мемлекеттік-құқықтың зардаптары. 1. Түрік және Батыс түрік қағанаты. Түрік қағанаты.Халықтардың ұлы көшіп - қону дәуірі (II - Vp.) Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Еуропаның саяси және ұлттық картасын едәуір өзгертеді. Түркі тілдес төле (тирек) тайпалардың 5 ғасырда көптеген топтары таралып, солтүстік Монғолияның жолағында ШығысЕвропасына дейін, оңтүстікте олардың көшпелі қоныстары Амударияның шыңдарына жетіп, сол жерлерді мекендеді. Қазақстанның жерлері VI ғ. билеушілері түрік тайпасының ашина ұлы ұрпақтарынан тараған, құдіретті ірі мемлекет - Түрік қағанатының кол астында болды. Жеке түріктік этносты құру кезеңі III - VI ғасырлар арасында Ганьеу, Алтай мен Шығыс Түркістан жерлерінде кезеңімен жүріп жатты. Ең бірінші «түрік» этнонимі қытайлардың шежірелерінде кездеседі және олар 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді ғұн тайпаларының ұрпақтары деп есептеді. 546 жылы талқандалған 50 мың күймелі арбалары бар төле тай-пасымен Алтай маңында қосылудың арқасында түріктер біршама күшейді. 552 жыл көктемде түрік тайпасының жетекшісі Бұмын өзінің аварларына (жуан - жуандар) қарсы шығып, оларды талқандап, өзіне бағындырады. Қираған мемлекеттің орнына Түрік кағанатын құрайды. Әлеуметтік-этникалық құрылымның ру басшысы болып Бумын қаған тағайындалды (553 ж. кайтыс болған). Оның ізбасары Мұқан қаған басқарған жылдары, (553-572 жж.) Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке жетті. Енесейдегі қырғыздарды, Маньчужуриядағы қидандарды бағындырып алып, оларға Солтүстік Қытай мемлекеті алым - салық төлеп отырды. Отырықшы тайпалардың байлықтарымен иемденуге ұмтылған түріктер, Орта Азияға қозғалды. Олар осында Иеліктері Каспий теңізінен Солтүстік Индия мен Шығыс Түркістанға дейін жететін эфталиттермен кездеседі. 561 жылдары түріктер Иранмен бірігіп, эфталиттерге қарсы одақ құрайды. 564 жылы Иран шахы Хосров Ануширован (М .1-579 жж.) эфталиттерден стратегйялық негізгі облысы Тохаристанды алып қояды. Эфталиттердің негізгі күші Пухара астында 587 жылы түріктермен талқандатылады. ІШығыс түрік қағанаты мен Иранның саяси ықпалын жасау аумағы Амудария болды. Орта Азияны жаулап алғаннан кейін, түріктер Орта теңіз мемлекеттеріне баратын Жібек жолдар саудасына иелік жатады. Түрік кағанатындағы үкімет билігіне таласқан ішкі қырқыс, (582-593 жж.) 603 жылы Батыс түрік қағанатының бөлінуімен аяқталды. Оның территориясы Шығыс Түркістан «елшісінен Амударияға, Солтүстік Кавказдың далаларына дейін жетті. Батыс түркі қағанаты (603-704 жж.). Қаратау тауларынан Жоңғарияға дейінгі жерлерді мекендеген ежелгі үйсіндер, қағанаттың ұлттық - саяси түйіні болып «он тайпа» есептелді. Шу өзенінен шығысқа қарай дулу тайпасының бесеуі, ал одан батысқа қарай нушиби тайпасының бесеуі бөлініп шықты. Оның ордасы болып Суяб аталды, (Қырғызстандағы Тоқмақ қаласының маңайында) ал жазғы рсзиденциясы болып Минг-Булақ табылды. (Түркістан қаласының маңайында). Өз билігінің шыңына қағанат, Джугей қаған (610-618 жж.) мен оның інісі Тоқджабғу қағанның. (618-630 жж.) басқару кезеңінде жетті. Тохарістан мен Ауғанстанға жасалған жаңа жорықтар қағанаттың аумақтарын солтүстік - батыс Индияға дейін жеткізді. 8 ғ. 40 жылдарының басында Батыс Түрік қағанаты өз өмір сүруін тоқтатты. Он алты жылдық тайпааралық соғыс пен үкімет билігіне таластың аяғы (640-657 жж.) Тан империясының Жетісуға басып кіруіне себеп болды. Тан губернаторлары қаған руындағы өз қолшоқпарларына сүйеніп, Батыс Түрік тайпасын басқаруға тырысты. Алайда, түріктердің тандықтар мен олардың қолшоқпарларымен тоқтатылмаған күресі, Түргештерің құрылуына және 704 жылы Жетісуда саяси гегемонияның құрылуына алып келді. Қоғамдық - саяси құрылым. Құқық. Алғашқы - қоғамдық құрылымның екінші кезеңінің аяғына қарай, құлдықтың дамуы, әртүрлі әділетсіз тәуелділік түрлері: азаттағы халықтың барлығы байлар мен атақты адамдарға және көпшілік қарапайым жұмысшыларға бөліну жағдайлары, Қазақстандағы алғашқы ортағасырлық мемлекеттерде көрініс табады. Ақырындап жеке меншік қалыптасады, әлеуметтік қайшылықтар туындап, өршіп бара жатады, мемлекеттің қалыптасуы басталады. Олардың бір түрі болып әскери демократия табылды. Бірте - бірте тонау мақсатымен жүргізілген соғыстардың рөлі ұлғая бастады. Олар мемлекет пен тапқа бөліну процесін қалыптастыруда тездетуші қызметін атқарады. Әлеуметтік топтардың саны көбейіп, олар өз құрамына ондаған тіпті жүз мыңнан астам адамдарды кіргізіп, қауымдар өздерінен де үлкен қауымдастықтың бір бөлігі ретінде қалыптасады да, дербес әлеуметтік бірліктер болуды тоқтатады. Жаңа заманда жаңа өндіріс қатынастары құрылады, бірақ нақтылы - тарихи, аймақтың әртүрлілігі мен сатылы ерекшеліктерінің әр алуандылығына қарамастан оларға бірқатар жалпы белгілір тән. Біріншіден, феодалдық меншіктің болуы. Үстемдік етуші таптың (феодалдардың) монополия ретінде қалыптасып олардың негізгі өндіріс құралы - жерді, сонымен қатар, жерге меншік өндірушілерге үстемдік етумен тығыз байланыста болатын, яғни - шаруалармен (феодалға жердің құндылығы өзі өзімен емес, сол кезеңдегі өндіргіш күштерінің негізгі және шешуші элементі- жерді өндеуші жұмыскермен бірге болды). Екіншіден, шаруаның өз феодалының рұқсатымен дер бес шаруашылық жүргізуге мүмкіндіктері болды, бірақ шаруаның жанұясына мұрагерлікпен сол жермен жұмыс істеу жалғасқанымен, ал нақты жеке меншікке тек жер жұмыстарымен айналысу үшін пайдаланылатын құралдар ғана қалатын. Қазақстандағы алғашқы феодалдың қатынастардың өз екшеліктері болды, Шығыс Еуропа тәрізді қоғам ішінде құл иеленушілік тәртіптер өз орнын алып отырды. Ғұндар соғыс және рулар мен тайпалардың арасындағы басқыншылық нәтижесінде жаулап алынған. Адам қарызынан құтылмағандығынан да құл болып кететін. Қазақстанда феодалдың қатынастардың тағы да бір ерекшекілігі қоғам билеуші феодалдар тобы және езілген шаруалар тобына бөлінді. Феодалдық қатынастарды,әсіресе халық тұрмысында алғашқы қауымдық қоғамның ескіліктері сақталды. Ұзақ уақыт бойы рулық бөліну және көшіп - қонукезінде, әскери табысты бөлісу кезінде, рулық үстемдік қағидасы сақталып отырды. Сол сияқты, Қазақстан халықтары қоғам дамуындағы құл иеленушілік сатысын шығыс славяндары сияқты өз Пастарынан өткізді. Алғашқы қоғамдық құрылым бірте - бірте патриархалдық - феодалдық қатынастарға ауысып кетті. Олар, шамасы, біздің заманымыздың бірінші мың жылдығының ортасында пайда болды. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір кезеңінде жерді жайылым ретінде Қауымдық пайдалану, бұл процестің басты себебі болды. Көшпелі мал шаруашылығында малды жаю үшін аса көп жұмысшы күштің шоғырлануы мен күрделі құрылыстарды жасасудың қажеттілігі болмады. Осындай жер пайдалану жүйесіне құл еңбегі қауым мүшесінің еңбегінен пайдасы кемірек болды, яғни қауым мүшесі шаруашылық еңбегімен өмір сүріп, өз рулық қоғамының басшысына жұмыс істейді де тамағын қамтамасыз етіп отырды. Қазақстан территориясында құлдың еңбек көбінде егін шаруашылығында, қалаларда, қолөнер ендірісте пайдаланылып отырды. Құлдар малды бағумен, жер жыртумен, әскери шараларға қатысумен айналысты. Бірақ бұл қанау түрі халықтың экономикалық өмірінде басым болмайтын. Қазақстан аумақтарында патриархалдық - феодалдык, катынастар мен ерте феодалдық мемлекет пайда болып, даму үстінде жүрді. Ерте феодалдық үлгідегі мемлекеттер бірлестігінің бірі болып Түрік қағанаты табылды. Түрік қағанатында, феодалдардың жайылымдарға, су қайнарларына меншіктік иемденуі, патриархалдық - феодалдық қатынастарының негізі болып табылды. Феодалдардың қолдарында тек жеке тұтынуларға ғана емес сонымен қатар, айырбастауға да арналған малдың үлкен саны шоғырланды. Есімізде сақтау керек, Қазақстан жерінде феодалдардың меншігі ертедегі рулық тәртіптің ықпалы арқылы жүргізілгенімен және ол тәртіп бойынша жер меншігі қауымның барлығына тиесілі болғанымен, шын мәнінде жерді феодал басқартып отырды. Қазақстан жерінде феодалдық қатынастар біркелкі болмады. Олар оңтүстік аумақтарында мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығын жүргізіп отырған, Шу өзендерінің алқаптарында, Талас, Сырдарияның маңайында тезірек дамып жатты. Ал солтүстіктің далалы аумақтарында даму жағдайы баяу болды. Сайып келгенде, Қазақстан аумағында адамдық қоғам бір орнында тұрмай, тайпалық одактардан ерте феодалдыққа, ал содан соң - феодалдық мемлекеттерге дамып келді. Түрік қағанаты өзімен, көшелі шаруашылықты жүргізу тәсілінің айрықша, көшпелі және жартылай көшпелі бірыңғай жүйесін және отырықшы егін шаруашылығы үлгісін көрсетті. Қала мен дала бір біріне қажетті және бір бірін толықтыратын қағанат құрамындағы тұтас әлеуметтік - саяси құрылымның бір бөлігі болды. Түрік халқы саудамен, кәсіппен, жер жыртумен және мал шаруашылығымен шұғылданды. Қаған - жоғарғы әмірші, басқарушы, әскер қолбасшысы және барлық жерлердің меншік иесі де бола алатын, қағанаттың билік иесі болып табылады. Руларда – тайпалардан , ал тайпалардың басында бектер болды. Қағанның қарамағында феодалдар ақсүйектерінен - бектерден және тархандардан тұратын кеңес құрылған. Ең төменгі халықтың бөлігі «тат» деп аталды. Таттардың жарты бөлігі құл ретінде үй жұмыстарына бұрынғы тұтқынға алынғандардан құрылды. Батыс түрік қағанатында феодалдық қатнастардың өсуі, феодалдар арасындағы өзара күреске әкеп соқты. Қағанаттағы ең жоғарғы атақтар - ябғу, шад жөне елтебер - қаған руына жатты. Сот қызметін бұйрықтар мен тархандар орындап отырды. Қағанаттың негізгі көпшілігі азаттығы ұсақ мал өсірумен айналысатын халықтан тұратын. Әлеуметтік көзқарастан айтқанда тайпалар ақсүйектер және вассалдықтар деп екіге бөлініп отырды. Бағындыру әрқашанда алым - салық қатынастардың құрылуымен қалыптасатын. Түріктердің көрші тайпаға шабуыл жасауының бірден бір себебі құлдарды тұтқынға алу болды. Жаулап алынған жерлерде олардың әлеуметтік, экономикалық және мемлекеттік құрылғысы көбінде сақталып қалғанымен, бірақ, сонда да аймақ бастығы тудундар, қағанға тиесілі алым - салықтың берілуі мен оны жинауды әрдайым бақылауда ұстайтын. Батыс түрік қағанатында орте феодалдың қоғамдық қатынастар мен тапқа бөліну процесі қарқынды түрде дамып келе жатты. Ертедегі заңдарда көрсетілгендей әйел рөлінің төмендетілгендігі, патриархалды - рулық ескіліктерде де көрініс табады. Заңда, әйел күйеуінің мүлкін мұрагерлікпен алуға, қоғамдық өмірге қатысуға жөне сот тексерулері жүргізілген кезде куә болуға жол берілмейтін. Жоғарыда айтылған патриархалды - рулық ескіліктер ерте фодалдарға қоғамның таптық бөлінісін жасыруға мүмкіндік беретін.Рулық көсемдер мал шаруашылығымен айналысып жүріп, мәселен, ру мүшелері өз басшысына тегін жұмыс істеу тәрізді ескі әдеттерді сақтап отыратын. Қатардағы қоғамдағылар көсемнің малын бағып, жылына бірнеше рет әртүрлі сыйлықтар жасайтын. Сонымен, феодалдық - қсүйектер қоғамдық ұйымды, өз тумаластарын, бейшара шаруа - көшпенділерді езгісіне салу үшін пайдаланған. Халықтар мен тұтқындарды қол астында ұстап қалуға Батыс түрік кағанатынның әскери - саяси қорлары жеткіліксіз болды. Қағанатта токталмайтын өзара тартыс басталып кетті. Басқарушылардың жиі алмасуы шарасыз, орталық күштің күшейтілуіне алып келді.
2. Оғыздар, қарахандықтар, қарлұктар, қыпшақтар мен түркештердің мемлекеттік-құқықтық жүйесі. Батыс түрік қағанатындағы өзара ұрыс-таластар, Жетісуда гегемонияны құруға тырысқан қытай әмірлігінің әскери-саяси акциялары, қағанаттың билігін әлсіздетуге септігін тигізді. Қағанатта жаңа күш пайда болды. Ол күш түргештер деп аталды. VI ғасырдан - ақ қағанаттың сол жақ қанатының құрамына кірген, кеңсанды тайпаға ие түргештер Шу, Іле өзеніндегі аумақты орынға ие болып, Жетісуға жүретін үлкен керуен жолдарын бақылауда ұстады. Түргештердің беделі бірте - бірте өсіп, оларға тәуелді тайпалардың саны көбейіп жатты. Қаған тағына түргеш тайпасының өкілі Сұлуқ отырғызылды. Түргеш қағанатының жүйесі Талас пен Суябта құрылды. 751 жылы тайпалар сыртқы күштердің көмегімен қытай шабуылына тойтарыс бере алды. 756 жылы қағанат, түркі тілдес қарлұқ тайпасының тегеурінінің астында құлады. Батыс түрік қағанаты хронологиялық тарихында үш негізгі дәуірге бөлінуі мүмкін. Бірінші дәуір - Түрік кағанатына кіру уақыты; екіншісі - Жеке Батыс түрік қағанатын құру; үшіншісі - Түргеш қағанатының құрылуы. Түргештердің мұрагерлері болып, ең басты көшпелі тайпалардың жерлеріне, Алтайға көшіп келіп, Жетісу билігін жаулап алған қарлұқтар отырды. VIII ғасырдың екінші жартысының басында қарлұқ тайпаларының саяси бірлестігінің қалыптасуы мен нығаюы Жетісуда болды. Қарлүқ тайпалары VIII-X ғасырларда Қазақстанның кең байтақ жерлерін: Жоңғар Алатауынан Сырдарияның орта маңдарына дейін жайлаған. Олар Ыстықкөл мен Балқаш көлдерінің арасында, Ыстықкөл айналасында, Шу, Та-іі өзендердің алқаптарыңда және Тянь - Шаньнің тау алқаптарында мекендеді. Қарлүқ қағанаты экономикалық берік байланыстарға ие болмады.Оны арадағы тартыс, билік пен жайылымға арналған жерлерге күрес әлсіздете бастады. Мұндай жағдай да Қарлүқ тайпасына шынайы қатер Қашқар жағынан келді. 940 жылы олармен Баласағұн алынып, қарлұқ мемлекеті құлады. Қарлұқтар тобының бір бөлігі IX ғасырдың басында Отырар (Фараб) маңайында орнықты. 940 жылы қарлұқтардың ірі мемлекеті құлағаннан кейін, Шу алқаптарында тағы да бір түркі әулеті қарахандықтардың үстемдігі орнықты. Нәтижесінде қарлүқтардың жарты бөлігі Жетісудың солтүстік жағы, Қаялық қаласында кішкене иелік орнатады. Олардың басқарушылары тікелей қарахандықтардың бағынуындаболды. Бағрахан Қарахан әулетінің негізін салушы, ру басшысы депесептеледі (915-955 жж.). Саманилермен арадағы байланысын пайдаланып, өзінің туысы Оғұлшақтың әскерін талқандап,Тараз бенҚашқарды басып алды. 942 жылы Бағрахан Баласағұнның билеушісін құлатып, өзін жоғары қаған депжариялады. Қарахан мемлекетінің тарихы осы кезденбасталды. Қарахандықтар жаулап алынған жергілікті халықтардың коптеген мемлекеттік дәстүрлерін сіңіріп алып, ежелгі түрік мемлекетінің, Түргеш әсіресе Қарлүқ қағанатының маңызды ықпалын өзіне тереқ қабылдады. Қарахан мемлекетінің басқару ұйымының құрылысына, мүмкін, Қарахан бірлестігінің құрамына кірген, ал кейіннен ерте феодалдық қатынастардың негізінде өзгеріске ұшыраған, тайпалардың көшпелі және жартылай көшпелі қоғамдық институттары әсер еткен де шығар. Оғыз мемлекетінің тарихы Қазақстан аумағымен тығы байланыста. Сырдарияның орта және төменгі бойында оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғасырларда оғыз тайпаларының ерте ортағасырлы феодалдық мемлекеті қалыптасқан. Оғыздардың құрамын Сырдария аңғарындағы, Арал маңындағы, Каспийді солтүстік төңірегіндегі басқа да далалық тайпалардың біразы кірді. Оғыз тайпаларының алғашқы түйіні Жетісуда калыптасты, бірақ өзінің батысқа қарай қозғалысы барысында және Батыс Қазақстанның көшпелі халқыны арқасында, оның саны маңызды толықтыруларға ие болды. IX ғасырда ұзақ күрестен Хазар қағанатымен бірігіп, осы жерде ертеде мекендеген түрік тайпасы печенегтер Арал маңындағы даланы және Батыс Қазақстанда гегемонияны басып алды. Осы оқиғаның барлығы оғыз тайпасының мемлекеттік ұйым элементтерінің нығайтуына көмектесті. Оғыз мемлекеті этникалық құрамының әр тектілігімен ерекшелінді, ал оғыздардың халық болып нығаюы өз аяғын таппады. Оғыздардың мемлекеті Қазақстан аумағындағы басқа да пайда болған мемлекеттер тәрізді біртұтас болмады. Араб авторы Аль - Идриси оларда бірнеше «патшалар» мен «князьдардың» бар екенін куәландырады. Бұл ірі бірлестіктің басында тұрған басқарушылардың резиденциялары, қазына және азық-түлік сақталған орындарда болды. Оғыз «патшалары» өз иелігін күзету үшін арнайы әскери отрядтарды тағайындап, ал соғыс және шапқыншылық кезінде өз қамалдарында тығылатын. ІХ-ХІ ғасырларда оғыз мемлекетінің билеушісі «жабғу» болды. Жабғудың билігі «патшалыққа сайланған» деп саналғанымен мұрагерлікпен беріліп отырылды. Аңыздарға сүйенетін болсақ, оғыз билеу-шілері құдіретті хандар руынан шыққан екен. Бауырлардың арасындағы үлкеннің кішіге қарағанда ерекше парасатты жағдайға ие болуы «сайлаудың» негізгі мәні болды. Оғыз ерте феодалдың мемлекет болып табылды. Оларда әскери - демократиялық құрылыстан шыққан басқару институттары, сол қалпында қалды. Ал жабғу билігі әскери – тайпалық кеңеспен шектелді. Тайпалық институттардың белінуі имдпрынан, патриархалды-феодалдық ңатынастар дамыды.Басқару аппараты қалыптасты. X ғасырдың соңында тұрақты салық жинау жүйесі қызмет ете бастады және оны - хандықжинаушылардан тұратын атты отряд жүзеге асырады. Оғыз мемлекетінің Еуразия тарихында әскери және саяси рөлі үлкен болды. 965жылы оғыз жабғуымен Киев князі Святославтың арасында хазарларға ңарсы соғыс одағы жасалды. Сөйтіп, мүдделі одақтастардың біріккен күші Хазар қағанатын ойсырата жеңіп, тас - талқанын шығарады. Х ғасырдың соңында Киев князі Владимирмен оғыздар бірігіп, Булғария мемлекетін де талқандайды. Х-ХІ ғасырлардың соңында оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Алым - салықтардың ауыртпалығына наразы болған оғыз тайпаларының көтерілістері жиілей түседі. Шығыстан келген түрік тайпасы қыпшақтар, оғыз мемлекетіне соққы береді.Оғыз тайпалары қыпшақтардың тегеурінінен көп бөлігіШығыс Еуропа мен Кіші Азияға, ал қалған бөлігі Оңтүстік Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Түркістан террито-инсында орналасқан Қарахан өулетінің қол астына ыды-ііі кетті. Талқандатылған оғыздардың біразы кейін Дешті Қыпшақтың түркі тілдес тайпаларына қосылды. Қыпшақтардың тарихи рөлі ерте заманда - ақ анықталған еді. Б.з. І мыңжылдығының басында Қазақстан аумағында мекендеген тайпалық топтардың тарихы қыпшақ тайпасының бірлестігімен байланысты. Оғыз мемлекетінің әлсіреу нәтижесінде, қыпшақтар оғыздарды ақырындап Қазақстанның Арал мен Каспий маңы далаларынан шығарып, сол жерде қалған тайпаларды өзіне бағындырды. піқстандағы Ңыпшаң мемлекеттік бірлестігі осы тер-іпіо[)ияда ертеректе мекендеген этносаяси мемлекеттік іі^ниліктердің табиғи ізбасарлары болды. 1215 жылы монғолардан жеңілген қыпшақтар, Солтүстік шығысқа қарай бет алды. Монғол шапқыншылығынаі кейін қыпшақ бірлестігі біржолата құлады. Бірнеше қайнар көздерде ХІ-ХШ ғасырдың басынді Қазақстан қыпшақтарының сыртқы саяси байланыстар жөнінде мәліметтер бар. Бұл байланыстардың географиясы кең болатын. Қыпшақ әулиеті Орта Азияның әртүрлі аудандарында мысалыға, Хорезмшах мемлекетінде басқарушы болатын. Қыпшақтар Византия, Русь, Грузия, Булғария Венгрия тәрізді мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатында маңызды факторы болды. Қытай қайнар көздері Қазакстанның қыпшақтары мен Орта Азия Алыс Шығыстың халқы мен өркениеті бір - бірімен тығыз байланыста болғанын куәландырады. Қыпшықтардың мемлекеттік бірлестігі Орта Азия халықтарымен, Булғария Русьпен экономикалық және саяси өзара тығыз қатынастар орнатты. Қоғамдық - саяси құрылыс. Құқық. Түргештің бірінші қағаны Сұлуқтың ордасы Суябта орналасқан. Қағанатта бірте - бірте сауда - саттық пен кәсіпшіліктің орталығы болған қалалар өсті. Транзиттік керуен сауда жолының масштабтары үлкейді. Ақшалар пайда болды. Қалаларға қазба жұмыстар жасалған кезде түргештердің мыстан жасалынған ақшалары табылды. Түргеш ақшаларының көбісі Таразда даярланды. Түргеш қағанаты, Батыс түрік кағанаты ыдырағаннан кейін, басқару жүйесін, салық салуды, құқықтық жүйесін ешқандай өзгертусіз, кұқықтық мирасқоры болып қалды. Қарлұқтардың мемлекеттік құрылымы үлесті тайпа жүйесінің дамыған түрлерімен сипатталған, бірақ бұл жүйе биліктің орталықтандырылған түріне жағдай жасамады. Қарлүқ жабғұларының билігі нақтыланған болатын. Ірі тайпалардың басында тұрған дербес баскарушылар, тәуелсіз иеліктерін нығайтуға ұмтылды. Тайпалық ақсүйектілер мұрагерлікпен берілетін жеңілдіктерге ие болатын. Әскери - әкімшілік басқару жүйесі қарлұқ қағанатындағы көшпелі. жартылай көшпелі тұрмыстық ерекшеліктерін көрсетеді. Қарлұқ қоғамында әлеуметтік және сословиелік теңсіздік айқын көрінді. Байлармен қатар кедейлер де болды, ең құқықсыз топ құлдардан құралды. Бірақ халықтың негізі көпшілігін дәулетті мал өсірушілердің тәуелділігіне жиі түсіп қалатын рулық қауымдастықтар құрды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйектері жайылымдарға, пайдаланатын жерлерге ғана емес, сонымен қатар қалалық орталықтарға да ие болды. «Хұдұд әл-ғалам» дегенкітабта, қарлұқ елінде 25 қала және елді мекендер бар деп жазады, олардың арасында: Тараз, Құлан, Атлах, Түзін, и п.іқ, Барсхан, Сигүл, Талғар, Төнгі және т.б. Қарахан мемлекеті шекаралары тұрақсыз үлесті жерлер-' и miініп және оны қарахан руының мүшелері басқарды. Пртпльщ билік әлсіз болды. Мемлекеттің астаналары і иіпқар, Баласағүн, Үзген, сосын қайтадан Қашқар болды. Ш) жылы қарахандықтар исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Сонымен бірге араб жазуын да қабылдады. Үлесті ■ мрге ие болғандар көптеген құқыұтарға ие болатын, тіпті оа атымен аталған ақшалары да болатын. Вассалдардың Iи щарасы көпсатылы болды. Саяси өмір өзара тартыс және іпплсалмен сипатталады. XI гасырдың 30 жылдар соңында Ибрагим ибн Наср Ниііеңінде мемлекет екіге бөлінді: батыстағы хандық ■ урамына орталығы Бухара, Мәуереннахрден Ходжентқа и пін, Тараз, Испиджаб, Шаш, Фергана, Жетісу менҚашңар іІрді. Шығыс хандығының астанасы Баласағүн болды. Осылайша, ертеректе жоғарғы билікке, ханға, бағынатын үлестер дербес және жартылай дербес болып екіге бөлінгендігі, ниц жүзінде Қарахан мемлекетінің ыдырауын көрсетті. Қарахан мемлекеті бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың қарапайым қайталауы болған жоң. Қазақстан аумақтарындағы көшпелі қоғамдардың саяси құрылысына қарағанда әскери басқару әкімшіліктен бөлек болды. Мемлекеттік - әкімшілік құрылым иерархия қағидасына сүйенді. Қарахан мемлекетінің өте маңызды әлеуметтік - саяси институты болып әскери жүйе табылды. Хан, облыстан, қалада немесе елді мекеннен, өз туысқандары мен жақын жүрген адамдарына, мемлекеттің пайдасына ғана жиналатып салықты өз бетінше жинауға құқық берді. Мұндай салықты жинау «икта», ал оны ұстаушыны мукта немесе иктадар деп атады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстанда икта институты саяси және шаруашылық жағынан маңызды орын алды. Халықтың негізгі жұмысы болып, экстенсивті көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Сонымен катар, ХІ - ХІІ ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда түрік тайпасының жартысы егін шаруашылығына көшіп, қалалық мәдениетке араласа бастады. Көшпелі және отырықшы халық идеологиясында ежелгі түрік діни көзқарастар маңызды орын алды. Қағанатпен мемлекеттік дін ретінде қабылданған ислам, ары қарай өрістендірілді. Оғыздар мемлекетінің бірінші аталуы ІХ-Х ғасырларда араб тіліндегі тарихи - географиялық шығармаларда көрініс табады. Оғыздардың өз мемлекетінің бар екендігі жөнінде деректер ең алғашқы IX ғасырда аль-Якуби шығармаларында бар. Мемлекет басшысы Жабғуда «инал» атаққа ие мұрагерлері болды, ал оларды тәрбиелеуге арнайы қамқоршылар тағайындалды (атабектер). Оғыз жабғуының әйелі « қатын » деп аталып, сарай маңындағы өмірде маңызды роль ойнады. Оғыз жабғуларында құл-еркін деп аталатын орынбасарлары болды. Жоғарғы басқарушының билігі мұрагерлікпен беріліп отырылды. Әскери демократия кезеңіндегі халық жиналысы тәрізді оғыз хандарының сайлануы да кеңес жүргізу арқылы жүзеге асқан. Жабғу мемлекетінде маңызды рөльді «сүйбашы» атағына ие, оғыз әскерінің бас қолбасшысы ойнады. Оғыз мемлекетінде IX - X ғасырларда ру тайпалың институттар ыдырап, патриорхалды - феодалдың қарым - қатынастар дами бастады. X ғ. аяғы мен XI ғасырдың басында Сырдария жабғуында салық жинау жүйесі қызмет жасап басқару аппаратының құрылуына жол ашты. Оғыз қоғамында жеке меншік дамып, бай ақсүйектердің бөліну процесі қарқынды жүзеге асып жатты. Малға жекеменшік ең басты мүліктік теңсіздік болды. Бай ақсүйектермен қатар көптеген кедейлер мен құлдар да болды. Экстенсивті мал шаруашылығы оғыздардың негізгі шаруашылық жұмысы ретінде жүріп жатты. Дала мен отырықшы - егіншілік аймақтарда құлдармен сауда жасау кең таралды. IX ғасырда Хорасана басқарушылары Багдад халифтарының даласына жыл сайын екі мың оғыз құлдарын жіберіп отырған. Негізінен оғыздар пұтқа табынушылар болып, бақсыларға бас иетін. Сөйте - сөйте оғыздар тайпасына ислам діні кіре бастады. Х-ХІ ғасырлар аяғында оғыз тайпаларының арасында салық салуға байланысты көтеріліс басталып, оғыз мемлекеті дағдарысқа ұшырады. Оғыздардың тарихи аңыздарына сүйенсек, бұл көтерілістер X ғасырдың ортасына таман билікке келген Али-ханның кезеңінде болды. Қазақстан қыпшақтарының ең басты шаруашылығы болып, осы территорияда оларға дейін өмір сүрген — сақтар, ғұндар, түріктер, түргештер, қарлұқтар, оғыздар сияқты экстенсивті көшпелі мал шаруашылығы болып табылды. Көптеген ортағасырдағы авторлар өз зерттеулерінде осы жөнінде айтып кеткен. Қыпшақ қоғамында әлеуметтік және сословиелік теңсіздіктер болған. Бір жағында — ақсүйектер, олар көп санды малдардың иелері хандар мен бектер, ал екінші жағында қоғамның ең кедей бөлігі - бұхара халық. Қыпшақтардың жерге, малға және сол малға арналған тайылымдардың меншігі, негізгі мүліктік теңсіздігі болып табылатын. Меншікке қол сүғу қатаң жазаланатын. Соңғы зерттеулер Қазаңстан далаларында отырықшы жер шаруашылығымен айналысатын қоныстардың бар екендігін айқын дәлелдейді. Осы кішкене қоныстар, малы жоқ, көшпенді халықтардың кедей бөлігі, қыстау орындарында қалып қойып, отырықшылықпен айналысудан пайда болған. Кедейленіп кеткендер жатақтар немесе ятуктар деп аталынған. Отырықшылыққа көшу мүліктік және таптық теңсіздікті өршітті. Табиғи айырбаспен жүзеге асқан сауда - саттың дамыды. Негізгі айырбас эквиваленте мал болды. Сонымен қатар, бір уақытта тауарлы - ақшалық қатынастар пайда болды. |
| <== previous lecture | | | next lecture ==> |
| Клондау | | | Наймандар, керейлер |