|
Наймандар, керейлерDate: 2015-10-07; view: 2896. Наймандар ұлысы.XII ғасырда наймандар, керейлер және меркіттер конфедерациясы, орталықтандырылған ірі мемлекеттік біріктіруді қамтыды. Сонымен қатар, наймандардың ертедегі тарихы мен шығу тегін білу мәселесі күрделі болып табылады. Олар араласқан ұлыс құрамды болуы әбден мүмкін, бірақ, ғылыми әдебиеттердің ең жаңа мәлімдеулері бойынша, олар түркітілдес болып табылады. Мәселен, «найман» термині монғол тілімен аударатын болса «сегіз», яғни конфедерация құрамына кірген тайпаның санын білдіреді. Ежелгі түрік жазуларында айтылған «сегіз оғыз» тайпалық бірлестікті, зерттеушілер наймандармен байланыстырады. VIII ғасырларда оғыздардың тайпалың одағы Орхон өзенінен, жоғарғы Ертіске дейінгі жерді алып отырды. Кейінгі кезеңде сол жерлерде наймандар өмір сүрген. Наймандардың көршілері болып, Батыстағы жоғарғы Ертісті қаңлылар мен қыпшақтар, солтүстікте Енесей қырғыздары, Шығыс Монғолияда керейлер, ал оңтүстікте Орталық Азиядағы көптеген тайпалар тәрізді қидандықтарға тәуелді ұйғырлар мекендеді. Наймандардың саяси және мәдени өмірлері оларды қоршаған көшпелі және отырықшы егіншілікпен айналысқан тайпалармен байланыста болды. Қаңлылар мен қыпшактардың бөлінген топтары наймандардың иеліктерінде мекендеген. Бейбітшіліктегі Керей ұлысында біріккен ең күшті және құдіретті тайпалар арасындағы қарым - қатынастар дұшпандық қарым - қатынаспен алмасты. 1125 жылы Қидан мемлекеті құлағаннан соң, Орта Азияда керей хандарының бастауымен бірнеше мемлекеттер пайда болды. Керей ұлысы. Керейлер туралы ертедегі мәліметтер X ғасырдың басында шығады да, Цзубу орталық топтың тайпаларымен байланысты болады. Керей конфедерациясының этникалық құрамы біркелкі болмады. Ол түркі тілдес және монғолтілдесқұрамдардан тұрды. Керейлердің батыс жағында наймандар, солтүстікте меркіттер, шығыста татарлар, ал оңтүстікте тангуттар мекендеді. Керей тайпасының көшбасшылары отыратын ордасы, солтүстікте Орхон өзеніндегі Хотун балық қаласында, ал оңтүстікте Хуанхе өзенініңиреңдерінде орналасқан. Орхон жерлері сауда жолында орналасқандықтан ол пайдалы географикалың жер, миссионерлер мен шектес және алыс елдерден келген көпестердің шоғырлану орнына айналды. 1007 жылы керейлер наймандармен бірігіп, христиан дінін қабылдайды. Керейлер сол кездері ұйғыр мәдениетінің ықпалында болған тәрізді. XІІ ғасырдың екінші жартысында Тоғрұл ханның кезеңіндекерейлер наймандармен, қаңлылармен, ұйғырлармен, монғолдармен, қара қытайлармен, танғұттармен саяси және этномәдени тығыз байланыста болды. Тоғрұл ханның сәндіхан сарайында дала тайпаларының келешек билеушілерімен көсемдері тәрбиеленіп, сонымен қатар Тимучин (ІІІыңғысхан), Чжамуха, саяси және дипломатиялың өмірге араласыпотырды. 1190-1206 жылдары монғолдармен соғыс кезеңінде Орта Азиядан Қазақстан аумағына наймандар мен керейлердің талқандатылған топтары келе бастады. Олардың жарты бөлігі монғолдарға бағынып Шығыс Қазақстанда қалып қойдыда, ал қалған жартысы Жетісудан ары қарай Батыста қалыптасып келе жатқан көптеген түркі халңының құрамына, сонымен қатар, қазақ халқы құрамына қосылып кетті.1211 жылы наймандардың көшбасшысы Күшлік хан Әміра қытайларды жаулап алып, Жетісуда өз билігін жүргізе бастады. Наймандар орта жүздің рулық құрамына кірді. Керейлердің жартысы Солтүстік Қазақстанда қалып, олар да «керей» атымен орта жүздің құрамына кірді.
Қогамдык-саяси құрылым. Құқық. Керейлер мен наймандардың әлеуметтік-саяси дамуы бір деңгейде жүріп жатты. Олар, хан руының басқаруымен барлық этносты қамтыған және ру-тайпалық институттардан жоғары тұрған дербес мемлекеттік ұлыстарды құрды. «Ұлыс» атауы сол кезде «халық» деген сөзді білдіретін. Әрбір ұлыстың хан мен басқарылатын аумағы болды және сондағы маңызды учаскелер қатаң қорғалып отырылды. Хандардың жеке жаздықтары мен қысқы жайылымдары болды. Ұлыстарда ханның тағайындаған әскерлерінен, жасақтардан құрылған басқару аппараты қызмет етті. Керейлер мен наймандардың мемлекетінде ерекша орынды хан ставкасы (ордасы) алды. Ол ханның мүлігі мен әскерінің жұмысын жүргізіп отырды. Наймандар мен керейлердің қоғамдық қатынастары әдеттегі құқық норма-ларымен реттелінді. Хандықтарда ұйғыр тілде жүргізілген іс жүргізу жұмысы кеңінен таралған. Құжаттар, әсіресе, салықтарды жинау мен лауазымды тұлғаларды тағайындау кезінде мөрмен бекітілді. Қоғамның ақсүйектер бөлігінің қызметі, әдеттегідей, мұрагерлікпен жүргізіліп отырылды. Керейлер мен наймандардың христиандыққа берілуі, олардың саяси - құқықтық, әлеуметтік және мәдени дамуын жоғарғы деңгейде екендігін көрсетеді. Туыстық тайпалардың әлеуметтік нығаю мен бөліну процесі ерте феодалдық мемлекеттер, керей мен найман ұлыстарының пайда болуымен аяқталды.
4. Ортағасырдағы араб шабуылының Қазакстан мемлекетіндегі мемлекеттік-құқықтың зардаптары. VII ғасырдың басында, Аравия түбегінің әлеуметтікі экономикалың, саяси және этникалық процестері, Батыс Азия мен Солтүстік Африканы қоныстанған және жаңа діни жүйені - исламды ұстанған, араб халқының калыптасуына алып келді. Мұхаммед қайтыс болғаннан кейін (632 жыл), Аравия түбегінің бөліктерінде халық қозғалыстары басталып, билікке талас өршіп кетті. 633 жылы «сенім үшін соғыс» ұранымен арабтар жаулап алу жорықтарын бастады. Аз уақыттың ішінде олар Иран, Сирия, Палестина, Египет және Ирак территорияларын жаулап алып, Орта Азияның оңтүстік өңірлеріне келіп қалды, ортасы мен IX басында арабтардың әскери жорықтары тарихта «Арабтардың жаулап алуы» атына ие болды. 705 жылдары арабтар шапқыншылық тәсілін қойып, шығысқа, Амудария-Мавераннахр облыстарын басып алу тәсілін қолдана бастады. 714 жылдары арабтар Шаш пен Исфиджапты жаулап алды. Түргеш, содан соң, Қарлүқ қағанаты шекараларын табанды қарсылықпен қорғағанымен, ақыр аяғында жеңіліп қалады. 910 жылы арабтар қарлұқ Қапасы Құланды алды. Осылайша, Қазақстанның оңтүстік аумақтары мен Жетісу жерлерінде араб үстемдігімен жанасады. Жеңілген халық кедейлену мен күштеу көрсетуге ұшырап, араб ақсүйектері мен жергілікті билеушілердің екі есе езгісінің астында қалып, жері мен малынан айырыла батады. Арабтардың жеңіске жетуі, Батыс түрік қағанаты мен Түргеш қағанатының ыдырауына алып кеп соқты. Сонымен қатар, қауіп - қатер қарлұқ, оғыз түркі тайпаларының біріне жағдай жасады. Орта ғасырдағы арабтар шапқыншылығынан кейін Қазақстан мемлекетінің қоғамдық - саяси құрылымы. Арабтардың жаулап алуы сыртқы фактор болып қана қоймай, сонымен қатар, халифат территориясына тәуелдіелдердің қоғамдық-саяси, құқықтық, әлеуметтік экномикалық өміріне және тіл мен этникалық процестері әсер етті. Арабтардың келуімен қоғамдық өмірде, жаңа мемлекеті дінді - исламды тарату, арабтардың тілі мен жазуын үйрену, тәрізді маңызды өзгертулер пайда бола бастады. Ежелгі түрік жазуларын ысырып, түрік лексикасына араб сөздері кірді. X ғасыр Қазақстан құқығының дамуында ерекше кезең болды. Оңтүстік Қазақстан территориясында ислам дінін қабылдаған сәттен бастап, жаңа мұсылмандық құқықтық жүйе қалыптасады. Исламда қалыптасқан құқық, Алланың әмірімен, тарихтың бір кезеңінде адамға, Мұхаммед пайғамбар арқылы жеткізілген делінеді. Адамзатқа Алланың құқығы алғашқы және соңғы рет берілген, сондықтан қоғам өмірдегі әлеуметтік шарттардың өзгеруіне байланысты өз қалауын шығармай, осы құқықты басшылыққа алуы тиіс. Біз мұсылман құқығының теориясына сүйенсек, Алланың бергені әлі де түсіндіруді қажет етеді. Сондықтан да мұсылман заңгер - факихтері көптеген ғасырлар бойы сол бағытта еңбек етуде. Бірақ мұсылман заңгерлерінің күш - қуаты жаңа заң шығаруға емес, тек Алланың жіберген заңдар қоғамға лайықты етіп түсіндіріп беруге негізделген еді. Исламға сәйкес мұсылман құқығы Алланың әмір көрсеткендіктен ол тек құқыққа байланысты жақарды ғана емес қоғамдық өмірдің барлық жақтарын қамтиды. Осылаша, мұсылман кұқығы кең мағынада, мұсылманның окитын намазын, ұстайтын оразасын, беріп тұратын садағасын жөн орындауға тиісті қажылығын анықтайды. Сонымен қатар бұл ережелерді сақтауға ешкімді күштеуге болмайды. Мұсылман заңғылымы мен зиялы заңгерлік ғылымының арасындағы айырмашылығы, мұсылмандық құқыңтық жүйе өз бастауын Құраннан алып, құқық, адамның ақылы мен әлеуметтік жағдайынан туындаған өнім емес, Алланың өзі қалыптастырған жүйе деп есептейді. Мұсылман құқығының негізгі ңайнар көздері: 1. Құран - Алламен жіберілген касиетті кітап. 2. Сүннет - Мұхаммед пайғамбардың әрекеттері мен нақылдарының жинағы. 3. Иджма - құқықтық норманы түсіндірудегі, құқық танушыларының келісіп жүргізілген нәтижесі. 4. Қияс - құқық ұқсастығы бойынша пікірлер б.т. 5. Шариғат - мұсылмандардың құран қағидаларына негізделген заңдар жинағы, яғни ислам квинтэссенциясы. Ол екі бөлімнен тұрады: теологиялық немесе сенім қағидаларі (ақид), және құқықтық (фикх). Ислам дүниежүзілік үш діннің ең жас діні болғанымен ол өте кең таралымға ие болды. Ислам нормалары дін мәселелермен қоса күнделікті мұсылманның өмір сүру тәртібін реттеуге бағытталған.
Дәріс №4. Монғол шапқыншылығы кезеңіндегі қазақстанның мемлекеті мен құқығы. Дәріс жоспары: 1. Монғол империясы. 2. Ұлыстардың құрылуы, Алтын Орда. 3. Монғол мемлекетінің мемлекеттік-құқықтық жүйесі.
1. Монғол империясы. ХІІ ғасырдың соңы мен XIII ғасырдың басында Орта Азия мен Қазақстан далаларының саяси жағдайы басқа тайпалардыжаулап алу мақсатында, көшпелі тайпа одақтарының басшылары арасында күшейтілген күреспен сипатталды. Күрес жүріп жатқан кезде монғол тайпасының өкілі Тимучин (Шиңғысхан) Орта Азияның тайпаларын біріктіруге бел буды. Шыңғысхан империясы Ортаазиялың көшпел қоғамдағы билік басындағылардың көмегімен құрылды. Жаңа мемлекет дәл осы билік басындағылардың мүддесін білдіру керек болды. Ал, көшпенді ақсүйектер үшін тұрақты жүріп жатқан соғыстан, жеңіске жеткен сайын, жаңа жерлер мен әскери саймандарды иемдену, өндірістік қызметінің бір саласы болып табылатын. Орта Азияның саяси бірлескен ішкі тайпааралық соғыстың тоқтатылуына себеп болды. Көшпенді ақсүйектер, соғыс тұрақты олжасы болып табылатындықтан, ішкі соғыстың тоқтатылуына қолдау көрсетпейтіндігі анық. Сол себептен Шыңғысхан, сыртқы елдерді жаулап алу жолына түсті және бұл жорық көшпенді елдерге көптеген табыстар алып келетіндігі сөзссіз еді. Сонымен қатар, көшпенді ақсүйектер, ірі мал шаруашылығына арналған жаңа жайылымдарды алуға ұмтылды. Түрік қағанатының ыдырауынан кейін бірінші рет Орта Азияны, Қазақстанды және де монғол мен түрік тайпаларын біріктіруі, Шыңғысханның соғыстарда жеңіске жетуінің бірден бірсебебі болып табылды. Монғол мемлекеттілігінің құрылымына түрік дәстүрі маңызды ықпалын тигізді. Түрік қағанатында пайда болып, найман мен керей ұлыстарында дамыған әскери - әкімшілік жүйе Шыңғысхан имлериясының қалыптастырушысы болды. Ұлыстардың әскері ондық, жүздік, мыңдық түмендерге бөлінді. Шыңғысхан империясының халқы, осы әкімшілік бірліктерге байланысты бөлінетін. Шығыс Еуропа мен алдыңғы Азияға жол ашқан Қазақстан мен Орта Азия территориясын жаулап алу Шыңғысханның сансыз көп жорықтарының ең маңыздысы болып табылды. Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азиядағы жасалған жорықтарына үлкен мағына беріп, ұзақ және тиянақты дайындалды. Монғолдарға қызмет ететін мұсылман көпестері мен қашқындарынан алдымен Қара қытай, содан соң Хорезмшах мемлекеттерінің ішкі жағдайы мен әскері күші жөнінде мәліметтер алынып, сол мәліметтердің негізінде іс-әрекет жоспары құрылды. 1218 жылы найман қолбасшысы Құшлықтың иелігіне кіріп, монғол қолбасшысы Жібе жаршылар арқылы бұйрық жариялады. Бұйрықта жауынгерлерге қарапайым халықтың мүлкіне тиюге тыйым салынып, найман билеушілерімен алып тасталынған көпшілік жерде құдайға құлшылык, ету құқығы кайта берілді. Монғолдар Құшлықты Бадахшанда ұстап, басын шауып тастады. Шығыс Түркістан мен Жетісуды жаулап алғаннан кейін монғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Басып кіру себебі болып, «Отырар апаты» табылған тәрізді. Шыңғысханның жеңіске жеткендігі туралы хабар Орта Азияда көптеген сыбыстарды туғызды. Хорезмшах өкілдерін Монғолияға бірінен соң бірін жібере бастады. Шыңғысхан өз тарапынан да өкілдерін жіберді. Артынша Шыңғысхан Орта Азияға сауда керуенін жіберуге шешім қабылдады. Отырар билеушісі, қыпшақ Қайырхан өз көпестерін тыңшылықта күдіктеніп, оларды өлтіруге бұйрық береді де, керуеннің тас - талқанын шығарады. Шыңғысхан Қайырханның беруін талап етеді, бірақ Хорезмшах талаптарды орындамағанымен қоса сонымен қатар, елшілерді өлтіруге бұйырады. Бұл Шыңғысханның Хорезмшахпен соғысуға түрткі болады. Отырар билеушісі Қайырхан соңғы мүмкіндігіне дейін, тайсалмайқорғанды. Барлық қамал қорғаушылары қырылғаннан кейін, 1220 жылы ақпанда Қайырхан ұсталып, Шыңғысхан оны қатаң жазамен өлтіреді. Сырдария маңындағы қала тұрғындары да батылдықпен қорғанды. Батыс Қазақстанның қыпшақтары, монғол жаулап алушыларға кедергі көрсетті. Дәлосылай, 1221жылы Хорезмды жаулап алу кезеңінде монғол тайпасы жерлерін басып кіріп, талқандап тастады. Бұл жөнінде мұсылман авторларыхабарлайды. Осылайша, 1219-1224жылдары Монғолдардың шапқыншылығы нәтижесінде, Қазақстан ман Орта Азия, Шыңғысхан империясының құрамына кірді.Қыпшақтардың кебі монғолдардың қыспағынан кету мақсатындаҚазақстан даласынан Шығыс Еуропа далаларынақашуға бел буды. Кейбіреулері монғолдарға тұтқынға алынып, Үндістан және Мысыр елдеріне құлдыққа кетті. Сол жерде жауынгер - құлдар болып жүріп, (мамлюктер және гулямдар), биліктің биіктіктеріне жетті. Монғол шапқыншылығы Қазақстан мен басқа да жаулап алынған мемлекеттер үшін үлкен қасіретке айналды. Қазақстанның отырықшы және көшпенді шаруашылығына, монғолдардың жаулап алу әрекеттері кері әсерін тигізгені сөзсіз. 2. Ұлыстардың құрылуы, Алтын Орда. Шыңғысханмен жаулап алынған ұлан байтақ жерлер, оның балалары арасында бөлінді. Ең үлкен ұлы Жошыға, Ертістен Орал тауына дейін, ары қарай батыстан оңтүстікке қарай Каспийден Арал теңіздеріне дейінгі аумақты бөліп береді. Орта Азиялық иеліктерінен ұлыс Жошыға Амудария (солтүстік Хорезм) тиесілі еді. Жошының ордасы Ертісте орналасып, ал кейіннен «қыпшақтардың қаласы» Сарысуда жерленеді. Екінші ұлы Шағатайға Оңтүстік Алтайдан Амударияға дейін, яғни барлық Шығыс Түркістан және Мавереннахр мен Жетісудың жарты бөлігі берілді. Басты қала болып Алмалық табылған. Іле өзеніннің Құяш жерінде ордасы орналасқан. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Монғолиядағы Тарбағатай мен Ертістің жоғарғы бөлігі берілді. Үгедей ұлы хан атанғаннан кейін Орхонның Қарақұм жерінде тұрды. Кіші ұлы Түлей әкесінен қалған жерді, яғни, Монғолияны, сонымен қатар Монғолияда жүйелі түрде қызмет еткен 129мың әскердің 101мыңын алды. Қалған ұлдары әскерден 4 мың адамдардан тұратын үлестері берілді. Сонымен, Қазақстан аумағы Монғолияның үш ұлысының құрамына кірді: кең байтақ далалы жерлері - Жошы ұлысының құрамында, оңтүстік және оңтүстік - шығыс Қазақстан - Шағатай ұлысының құрамында, Жетісудың солтүстік - шығыс бөлігі - Үгедей ұлысының құрамында. Шыңғысханның тірі кезінде ұлдарына берілген жерлер олар үшін тек қана табыс көзі ретінде қаралып, империя басшысының тәуелділігінде болатын. Оның өлімінен кейін жағдайлар өзгере бастады. Жалпы империялы жерден қалған ұлыстардың алшақ орналасуы, олардың бөлініп, тәуелсіз иеліктерге айналуына себеп болды. Бұл бірте - бірте, билік ұлыс басқарушыларының қолына өтіп, империя құлады да, бірнеше дербес мемлекеттерге бөлініп кетті. 1)бұқара халықтың монғол езгісіне қарсы күресуі; 2)осалдылығы, қарудың күшімен көптеген елдермен халықтарды өзіне бағындырған конгломераттың империя болуы; 3)үнемі жүріп жатқан өзара соғыс; 4) мәдени - тарихи дәстүрлердің және экономикалық байланыстың жоқ болу бұның барлығы империяның құлауына негіз болып табылды. Жошы хан қайтыс болған соң, (1187 - 1227жж.) ұлыс үлкен ұлы Батыйға қалды. Батыйдың қайысқан қалың қолдарымен Орыс князьдығына жасаған қанды жорықтары Жошы ұлысын үлкен мемлекетке айналдырды. Оның орталығы болып Төменгі Еділ, ал жерлері Алтайдан Дунайғв дейін созылып жатты. Осы мемлекет, тарихи деректива бойынша Алтын Орда атына ие болды. «Алтын Орда» атының шығу тегін зерттеушілер, XIII-XІV ғасырларда деректерінде жазылуына қарай, ұлы монғол ханының ордасынадағы салтанатты киіз үйімен байланыстырады. Олардың біреуінде, «Ол жерде (яғни Қаракұрымның жанында) үлкен киіз үй тігіліп, оның ішіне мыңдаған адам сыйды. Оның бекітулері алтыннан, ал ішкі жағы матамен тартылған. Оны «Алтын Орда» деп атаған». (Рашид-ад-дин. Шежіре жинағы. 1237 -с1240 жылдары Батый әскері орыстардың жеріне басып кірді. Монғол басқыншыларымен Рязань астында, Мәскеу мен Владимирде қырғын соғыстар болды. Соғыспен монғолдар Переяславльді, Глухов пен Черниговты басып алды. 1240 жылы күзде Батый әскері Киевті қоршады. Қала қорғаушыларының барлығы өліп, ал қала мәдениетіндегі өте байескерткіштер тағылықпен бүлінді. ХІІІ ғасырдың екінші жартысы мен XIV ғасырдың басын - орыс князьдығымен үзіліссіз жүргізілген соғыс, Алтын Орда тарихында мәңгі қаларлықтай. XIII ғасырдың соңғы ширегінде - ақ орыс жерлерін қанға толтырып, монғолдар Русь еліне 15жорық жасады. Батыйдың иелігіне оңтүстік - шығыста Солтүстік Хорезмнен Сырдария ағысының төменгі жағына дейінгі жерлер кірді. Сонымен қатар, орыс князьдықтары да Батыйдың вассалдық тәуелділігіне қарады.Алғашқы кездері Алтын Орда Монғол империясының , ұлысы ретінде саналып келіп, XIII ғасырдың 60-шы жылдары дербес хандыққа айналды. Өзінің«солтүстік елдеріне», шығыс Еуропаға (1236-1242ж.ж.) жасалған жеті жылдық жорықтары аяқталғаннан кейін,Батый осы жорықтарға қатысқан ағалары Орда – еджен мен Шайбани арасында Орданы бөліп беруді шешті. Орда - Еженнің ұлысына (Көк Орда) Жетісудың солтүстік - шығыс бөлігі, Ертістің кең аймағы мен Ұлытау мен Қаратау далалары тиесілі боды. Ұлыстың территориясы ақырындап ұлғаябастады. XIII ғасырдың соңында - ақ хандықтың орналасқан жері, Сырдарияның төменгі ағысы, Женді және Үзгендіге дейін жеткен еді. Еджен - Ордасынан батысқа қарай Шайбанидің иелігі орналасқан (Ақ Орда). Бұл ұлыстың көшпелілері жазда үлкен кеңістікте, Орал тау бөктері мен Тобол өзендерінде, ал қыста, Арал теңізінен Шу, Сарысу өзендеріне, Сырдарияның төменгі жеріне дейін созылып жатты. Келешекте екі ағайындының ұрпақтары бір - бірімен жауласып, арада өзара тартыс басталады. XV ғасырда, Алтын Орда ыдырағаннан кейін Батыс Қазақстанның территориясында тәуелсіз Ноғай Орда мемлекеті пайда болады. Ноғай Орданың жекеленуі, Алтын Орданы (1396-1411 жж.) басқарған Едігенің жартылай тәуелсіз кезеңінде бастауын алған еді. Кейіннен, Едігенің ұлы Нұр ад-Диннің уақытында (1426-1440 жж.) нақты жеке мемлекетке айналды. Ноғай Ордасында тайпаның үстемдік етушісі манғұттар болды. XV ғасырдың 20-60 жылдары Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан хандығы пайда болды. 3. Монғол мемлекетінің мемлекеттік-құқықтық жүйесі. Монғолдардың жеңістерін жаңа жерлерге бұқаралың көшу деп түсінуге болмайды. Қазақстан территориясына олардың аз саны келді. Негізгі көпшілігі қан тамыры Монғолияда тұра берген. Қазақстан территориясында қалып қалған монғолдар жергілікті түркітілдес халқының ықпалымен бірте-бірте толығымен ассимиляцияға ұшырады. Түркі феодалдарының ақсүйектері өз жеңілдіктері мен халыққа билік көрсету жағдайларын сақтап қалу үшін, қуана монғолдарға қызмет етуге келісті. Монғол ақсүйектері жергілікті феодалдармен туысқандық қатынасқа тұра бастады. Уақыт өте монғолдар жергілікті, әсіресе, қыпшақ тілінде сөйлей бастады. Монғолдар Қазақстан территориясына өздерінен кейін билеуші топтарды - «ақсүйектерді» тастап кетті. Қоғам, мемлекет басшысынан бастап, соңғы қол астындағы адамға дейін бәріне міндетті заңның қатаң сақталуының негізінде басқарылып отырылды. Жеңілгеи мемлекеттерде, монғол қолбасшыларының билігі, олардың наменгерлері - бектер мен басқақтар арқылы жүзеге асып жатты. Басқару жүйесі сол қалпында қалса да, бірақ монғолдардың бақылауында болды. «ПІыңғысхан Ясылары» жұмыс істеді. Салықты алу қатаң жүйе арқылы жүргізілді, қазыналық пошта мен «әкімшілік басқару жүйесі енгізілді. Монғолдар, ақырында еуразиялық этносаяси тарихта рөлі ұлғаятын түріктерге сүйенді. XIV-XV ғасырларда Қазақстан территориясындамонғолдармен қиратылған қалалар, жер шаруашылығындағы оазизтер қайта жанданабастады. Өндіріскүшін ұлғайтатын көшпенді жәнежартылай Көшпендмал шаруашылығы дамып, көрші елдермен сауда - саттық қатынастарды өсірді. Әлеуметтік-экономикалық қатынастар саласында феодализм процесі дами бастады. Феодалдық қоғамның бірнеше белгілері болғанымен, кешенді қоғамның өзгешелігіне байланысты Қазақстан территориясында олардың өзіндік ерекшеліктері болды. Ерекшелігі деп отырғанымыз, олар әлеуметтік-экономикалық өрісінде емес қоғамның әлеуметтік - саяси ұйымында көбірек көрініс тапты. XIV-XV ғасырларда Қазақстан халқының әлеуметтік құрылысы сословиелік - таптық болып табылатын. Билеуші орындарда көбіне Шыңғыс әулетінен шыққан - хандар және сұлтандар мен оғландар болды. Олар, тайпа мен рудың ақсүйектері: темір, бек, би, байлардың қолдауына ие болды. Бүкіл отырықшы жәнекөшпенді қауым «қарашу» (қарпайымхалық) атына ие болды. XIV-XV ғасырларда Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Орда мемлекеттері мен Абылхайыр хандығы әдеттегідей ұлыс деп аталып, кейіннен олардың тәуелсіздігі өсе бастағаннан кейін «мемлекет» атына ие болды. Мемлекет басшысы хан болып,оның билігі мұрагерлікпен отбасының үлкендеріне өтіп отырды. Хан ру тайпалық ақсүйектермен сайланып, олардан кеңес алып отырған. Хан кеңесі мәжіліс немесе диван деп аталды. Шыңғысханның басқару кезеңінде, 1206 жылы құрылтайда Ұлы Жасақтың жариялануы, монғол қоғамының елеулі оқиғасы болды. Ұлы Жасақ екі, бөлімнен тұрды, бірінші бөлімі «Билік» - бұл бөлімде «Шыңғысханның нақылдары», әр түрлі жағдайларды заңды түрде шешу жолын айтатын өсиеттер жинағы. Екінші бөлім Жасақтың өзі, бұл заңды орындамағаны үшін лайықты жазаны тағайындайтын, әскери және азаматтық бөлімды заңдар жинағы. «Билікте» Шыңғысхан билікке келмей жатып өмірден байқаған мәселелеріне көп көңіл аударды. Мысалы: балалар өз ата-аналарын тыңдамаған; күйеуі өз әйеліне сенбеген, ал әйелі күйеуіне бағынбаған; енелер келіндерін жақтырмайтын, келіндері енелерін сыйламайтын деген сияқты көптеген ойлары жазылған. Осының салдарынан алаяқтар, ұрылар, қарақшылар көп болған. ПІыңғысхан келгеннен кейін барлық халық оның қамқорлығында болды да, хан өз тарапынан, нақтыланған, тұрақты жасақ арқылы оларды қорғауға бел буды. Ақылды батыл адамдарды әскерлердің бектері етті, шапшаң және ептілердің қолдарына қажетті құралдарын беріп табыншы етті, ал ақылсыздарды бақташылыққа жіберді. Сол себептен де Шыңғысханның ісі күннен күнге жаңа туған айдай алға басып, өсе берді. Оның жаздықтары халық үшін той мен шаттық орны болса, қыстаулары жылы және ыңғайлы өтіп жатты. Шыңғысхан мемлекеті құрылғанынан бастап, ұлы империяға айналу кезеңінің табысты дамуының себебі, оның қызметіндегі адамдар, барлығына міндетті заңда көрсетілген тәртіп бойынша өмір сүрді. Шыңғысханның заңы бойынша адам өлтіргені үшін, зинақорлық, көп әйел алу, әйелдерінің күйеулеріне жасаған опасыздығы, ұрлық, ұрланған затты сату, қашқын құлды тығу және тапсырылған орынды тастап кету өлім жазасына кесілетін. Сонымен қатар, өлім жазасы ханға емес басқа билеушілерге өтінішпен барғандығы үшін, соғыста көмек көрсетпегені үшін, бастығының рұқсатынсыз күзеткен жерін тастап кету үшін тағайындалатын. Жасақ өз еркімен ұсталған елдер мен қалаларға аяушылық білдіру керек деп бұйрық ететін. Бұл нормалар басқарушылар мен қарапайым халыққа бірдей тиесілі болғандықтан, Шыңғысхан өз жездесі Тогучар, еркімен берілген дұшпанға қатыгездік көрсеткені үшін темніктен қарапайым адамға айналдырады. Соңынан ол Нишапураны алған кезде қайтыс болады. Монғол мемлекеті әскери кағидасы бойынша құрылған. Салың төлеу жүйесі өте ауыр болды. Шыңғысхан мемлекеті бойынша саяхаттаған Плано Карпинаның мәлімдеуінше «Ресейге Батыймен жіберілген салық жинаушы келіп, үш баласы бар әрбір отбасыдан бір баласын, үйленбеген қыздарды, басқалардан бір айлық баласын және аюдың, құндыздың, бұлғының, күзеннің терілерін беруді талап ететін». Грузиядан жылына бір рет белгілі бір ақша сомасы алынып отырған. Қытайда бұрыннан қалыптасқан салық түрі өзгермей қала берді. Хандықта пошталық байланыс жүйесі жұмыс істеді. Пошта станциясы, аттар мен қуғыншыларды қамтамасыз ету толығымен тұрғындардың мойнында еді. Шыңғысханның бұйрығына сай ешкімде ханның берген тұрақты жерінен басқа жерде тұруға құқығы болмаған. Монғолдардың жаулап алуы өнеркәсіп күштерінің құлдырауына, адамдардың жаппай қыруына, материалдық және мәдени құндылықтардың жойылуына, он мыңдаған шебер қолөнершілердің құлдыққа айналуына себеп болды. Әскери жорықтар мен басқа елдерді жаулап алған монғол халқының өзі де ешбір пайдасын таппады. Монголия, ІІІыңғысхан мен балаларының жаулап алуынан кейін де дамымаған, қатал заңдары мен бүткіл империя ауырсынатынсалықтары бар, патриархалды - феодалдық мемлекет болып қала берді. Дәріс №5. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ хандығы. Дәріс жоспары: 1. Қазақ хандығының қалыптасуы. 2. Қазакстанның XV-XVІІІ ғасырлардағы халықтың әлеуметтік құрылымы.
1. Қазақ хандығының қалыптасуы. Ортағасырда Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен дамуының қазақ халқына оның этносын сақтай отыры нығаюы үшін мәні үлкен болды. Әсіресе, XV-XVII ғасырлар аралығында. Қазақ хандығы - Қазақстан территориясындағы алдыңғы, ертефеодалдың, мемлекеттердің ізбасары. Алтын Орда құлдырағаннан кейін жалпы саяси жағдайлар, феодалдар қысымының ұлғаюы, Қазақ хандығының пайда болуына жағдайлар жасады. Материалды деректердің жеткіліксіз болғанынан, 15 ғасырдың соңында Қазаңстан аумағында бірінші қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің, сонымен қатар, 1480 жылда да Бұрындық ханының іс - әрекеттерін толығымен көрсете алмайды. Анығы, тек қазақ хандары Батыс Қазақстан аумағында өз қарсыластарын, оның ішінде сол аймақтың Астрахан хандығының билеушісі де болған жерлерді тартып алған. Қазақтармен тығыз байланысқа ноғайлар кірді, Волга мен Оралда негізгі аймағы болған, Ноғай Ордасын мекендеген тайпалар, Батыс Қазақстандағы қазақ халқының этникалық қалыптасу процесіне қатысты. XV үшінші жартысында Қазақ хандығына Жетісудағы тайпалар мен рулардың бірте-бірте кіруі жалғасып жатты Қазақ билеушілердің қысымымен және ішкі жанжалдар салдарынан Моғұлыстан мемлекеті ыдырап, 1514 жылы олар Шығыс Түркістанға ысырып келді. Сол кезде қазақ хандығы Сырдариядағы қалалар үшін ортаазиялық иемденушілермен соғысын сәтті аяқтауда еді. XVI-XVII ғасырлар Қазақ хандығы күшейді, қазақ халқының этникалық аумағының негізгі бөлігін алып отырған шекаралары өсіп Орта Азиямен, Астраханмен, Казанскімен, Сібір хандығың және Ресей мемлекеттерімен байланыс сақтап отырды. Сайып келгенде, Қазақ хандығының құрылуы көптеген саяси және этникалық құбылыстармен байланысты. Егеменді ел құруға ең алғаш, өзбек көшпенділерінің басшысы Лоулхайыр ханның халыққа қойған өмір тәртібімен келіспеушілік білдірген және Моғолстаннаң батыс жағына көшіп кетуге бел буған, сұлтандар Керей мен Жәнібектің еңбегі өте зор болды, «Жерді жинау» процесін тез жүргізген және қазақ хандардың ішінде көрнектісінің бірі болған Қасым хан еді. Сыртқы саясатының негізгі бағыты, Сырдария маңындағы қалаларға, қазақтардың әсер етуі үшін күресуі болып тағылды. Қазақ хандығының билік басындағылары, Орта Азиядағы саяси жағдайға толығымен кіре бастады. о.лардың Орта Азияның басқарушыларымен жиі болған қақтығыстары, Сырдариядағы қалаларға күресуі негізгі серігі болып табылды. Бұл соғыс ұзақ уақытқа созылып кетті. Бірақ Қасым ханның Орта Азиялық билеуші Мұхаммад ІІІайбанидің әскерін талқандатуы, 1510 жылы Ташкент пен Түркістан қалаларының көп бөлігін алуға мүмкіндік берді. Осы қалалар бір ғасыр бойы олардың қарамағында болып, XVII-XVIII ғасырлар аралығында, Қазақ хандыгының саяси орталығы және хандардың мекендеген орны болып табылды. Қасым хан қайтыс болғаннан кейін, Қазақ хандығы шытынап, қазақ хандығына бағынған Батыс Орталық Қазақстанның жарты жерлерін ноғайлар иемденіп алды. Қасымның ұлы Хақ-Назар хан, хандықты қайтадан реттеу мақсатында әкесінің саясатын жүргізе бастады. Ноғай Ордасында жүріп жатқан өзара тартысты пайдалана отырып, Көптеген ноғайлармен келісе келе, Оралдың оң жағын өзіне қосты. Бұл жөнінде орыс қайнар көздер хабарлайды. Бірақ, бүган қарамай ұзақ мерзімге орталықтандырылған Қазаң мемлекетін құру, ішкі және сыртқы жағдайларга байланысты сәтсіздікке ұшырады. Хақ-Назар қайтыс болганнан кейін хан болып Жәнібектің немересі, Жәдіктің ұлы Шығай болды (1580-1582 жж.). Кейіннен 1598 жылға дейін оның орнын ұлы Табақұл басты. 1598-1628 жылдар аралығында Қазақ хандығы Шығайдың ұлы Есім басқарды. Оның мемлекетінің астанасы Түркістанда орналасты. Хандықты, Есімнің өлімінен кейін 1652 жылы ойраттармен шайқасып, қайтыс болған оның ұлы Жәңгір басқарды. Батыр хан таққа Жәңгір хан қайтыс болғаннан кей келді де, өкінішке орай, ол жөнінде мәліметтер сақталмай қалғанға ұқсайды. Батыр ханнан кейін Жәңгірдің ұлы Тәуке 1652-1715 жылдарда таққа келеді. Тәуке хан кезеңінде Қазақ хандығы нығайып, жоңғарлардың қысымынан босатыла бастады. Сонымен қатар, Тәуке ханның басқа кезеңінде «Жеті жарғы» заң жинағы құрылып, Қазақстан мемлекетінің құқық аясында өте маңызды даму жолы түскендігінің бастауы болды.
2. Қазакстанның XV-XVІІІ ғасырлардағы халықтың әлеуметтік құрылымы. Хан дәуірінің қазақ қоғамы саяси, әлеуметтік, құқықтық белгілеріне байланысты, негізгі екі әлеуметтік топтан құрылатын: ақсүйек және қарасүйек. Ақсүйектері сұлтандар деп аталатын, тек қана Шыңғысханның ұрпақтары жататын. Және оларды сонымен бірге төре немесе оғлы деп атаған. Төрелермен қатар бұл қоғамдық топқа қожалар да кірген. Қожалар Мұхаммед пайғамбардың жанында серіктерінің ұрпақтары болып есептелді. Бұлар ислам діні таратушы араб миссионерлері болды. Ал, басқа қоғамның бөліністері қарасүйек тобына кірген. Бұл топ басқалай қарағанда әлдеқандай құрамының үлкендігі жағынан және өз иерархиясымен ерекшеленеді. Қазақ сұлтандары (шыңғыстар) басқа қоғамдық топтар талаптана алмайтын саяси құқықтарға ие болды. Олар дала ақсүйектері болып, маңызды саяси күштер мен билеушілік өз қолдарында ұстады. Сұлтандардың балалары экономикалық, өнегелілік, зерделілік физиологиялық жағдайларына қарамастан туылған уақытынан бастап атақ пен құқыққа ие болды. Хан тағына ие болу құқығы тек қана шыңғыстар ұрпағына тиесілі болды, өйткені шығу тегіне байланысты бұл ұрпаққа тән қасиет деуге де болады. Сонымен бірге, шыңғыстар құқығының әркет ету өрісі, мемлекеттік және этникалық бөліністерге байланысты болмады, яғни, әрбір шыңғыстық, Шыңғысхан ұрпағыныңқай әулетіне жатпасын, монғол империясының түрі сақталынған кез келген жерде хан тағына үміткер бола алатын. Сұлтандардың ерекше пұрсаттылығы, құқықтық мінезге де ие болды. Мысалыға, хан құқығында бірдей жасалған қылмысүшін адамдар өз шығу тегіне байланысты әр-түрлі жаза алатын. Сұлтандардың басқалардан ерекшелігі тағы да, олардыңдене жарақаты жазасанан және билер сотынан босатылғандығы еді. Шыңғыстарды тек қана сұлтан немесе ханның өзі соттайтын. Қарапайым халық оларды атымен атауға құқығы болмаған. Қарапайым адам оларға тақсыр деп, сұлтанның шығу тегін көрсете отырып, өтінішпен бара алатын. Бip саты төмен болып, ру-тайпалық ақсүйектерден шыққан және Шыңғысхан ұрпағына жатпайтын билер Крит. Билердің беделдігі, тайпалар мен рулардың күші санының көптігінен және шығу тегінің көнелігімен анықталды. Олар заңды сақтаушы және құқыққа түсінік беруші ретінде үлкен рөлге ие болды. Бұладың ішіндегі беделділері хан маңындағы «би кеңесі» құрамына кіріп, мемлекет өміріне үлкен әсерін тигізетін. Жорықтар мен соғыстарда билер, өз руы мен тайпасының жасақтарына басшылық ететін. Билер хан басқару жүйесінде маңызды буыны болғандықтан, ең болмағанда төрт қасиетке ие болды: әскери қолбасшы, сот, әкімшілік тұлға және дала ақсүйектерінің өкілі. Көшпенді қазақтарда қанаушы топтың ең көп санын құрады. Олардың басқалардан айырмашылығы малдың көп болуы, яғни, байлық. Бірақ олар сұлтандарға бағынышты болғандықтан байлық пен саяси құқық тең жүрмеген. Қазақ қоғамының XV-XVIII ғасырдағы дәрежесі жоғары топтарына батырларды да жатқызуға болады. Батыр деген тек батылдығы үшін берілетін атақ емес, сонымен қатаркәсіби әскерлер құрамына кіретін адамдардың атауы. әскери өмірді жүргізіп, хан немесе сұлтанның жақын адамы болды. Батырлар өздерінің жеке қасиеттеріне байланысты қоғамда орын алды. Тіптен, кез келген хан батыр атағы бола алмай, жауынгерлік іске ғана берілуі мүмкін еді. Қоғамдың сатыдағы ең төменгі орынды, рулық қоғамға қосылған, қарапайым көшпенді мал шаруалары Ру көшпендісі жеке және мүліктік құқыққа ие бола бостандығы бар заңды тұлға. Ол өз мүлкін өсиет қалдыруға, куә ретінде сотқа қатысуға ңүқығы бо Қарапайым адамды олтірген үшін жазаға тартылатын, бі олардың қауіпсіздігі мемлекетпен емес, ру мүшелері ынтымақтастығымен қамтамасыз етілетін. Сондықтаи 1 көшпенді ңоғамда адамнан руы бас тартса, ол заңнан тЩ қорғансыз болып табылды. Қазаң көшпенділердің негізгі борышы әскери болды. Щ келген каруды алып жүре алатын ханнан, сүлтаннан, билв^ ден баска адамдар, эр жыл сайын хан мен биге оз мүлкіиг бес пайызын толеп түрды. Ерекше, қүқықсыз өлеуметтік топты қүлдар қүрадц Қүлдың жағдайы тікелей иесінің, матсриалдық жағдпй» мен жеке қасиеттеріне байланысты еді. Құлдар тұтқынға алу және құл саудасы арқылы алынып отырды. Қазақстанда құл еңбегі, көбіне бостықтағы ер адамғалайықты емес деп табылатын үй шаруасында пайдаланды. Құлдар еңбек күші ретінде ғана құнды болмаған, сомен қатар оларды тауар ретінде де пайдаланып, құл базарына сатуға мүмкіндіктері болған. Қазақтардың ортағасырлық қоғамында әрқашан кеңесшілер, қолбасшылар, сонымен қатар жаса таңдаулы әлеуметтік топтардың қол астында болды. Немесе сұлтанның әскери қызметшісі төленгүт деп аталды. адамдар өз еркімен комек сұраған тәуелді тұлға болып табылатын. Көбінде төленгүт болып, өз кауымының қолдауынан айырылған немесе басқа да бір жағдайлармен қауымнан тыс қалған адам боп табылатын. Ханға немесе сұлтанға қызметке келгенде төленгүт өз қамқоршысына берілгендігі жөнінде ант беріп, оның әскери қызметінде болатын, ал оның жанұясы хан мен сұлтанды заттың өндіріс өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған. Төленгүттер құрамында жақсы қару - жарақтанған, кәсіпшілік әскери дайындығынан өткен жауынгерлер жасақтанған. Қазаққоғамын ұйымдастырудың бір түрі болып ұлыс табылды. XV-XVI ғасырларда қазақтардың әкімшілік - саяси ұйымының негізгі түрін анықтады. Ұлыстың ең алғашқы мемлекеттік бастаушысы жанұя болды, жанұялардың мүшелерінен басқа сол бастаушыға құлдар да кірді. Жанұялар біртіндеп өсіп, тайпаны, руды қалыптастырады да кейіннен ұлысқа айналады. Адамдардың ұлыстан кетуі немесе оларды жоғалту ұлыстың құлдырауын білдіретін.Ұлыс юрт деп аталатын өз аумағына ие болатын, Әрбір үлыс РИІкдс он мың жанұядан түрды. XV-XVII ғасырларда қазақ хандығында монғол империясының дәстүрі өте мықты болғандықтан, ұлыстарды басқарутек қана Шыңғысханның ұрпағына тиесілі болған. ХVI ғасырда Қазақ хандығы 20әдеттегі жене үш күшейтіген ұлыстарды құрады. Хандықта жоғарғы билік, бұрын айтылғандай ханның қолына шоғырланған. Дәстүрге байланысты хан тағына құқықты ең бірінші болып, жанұядағы үлкені алуға тиіс болатын. Бірақ тақ мұрагерлігінің реті туралы қатал бекітілген заңдар немесе ережелер болмады және ханның өлімінен кейіндалаларда күңгүрт уақыттар басталды. Жаңа ханды патша тағына отырғызу, ежелгі түрік және монғол кезеңіндегі салт - дәстүрлерге байланысты жүргізілетін. Бұны ақ киізбен кетерілу ырымы деп атайтын Хан бүкіл мемлекет аумағында келесі функцияларды орындады: XV-XVI ғасырларда қазақ хандары олармен орындалатын функциялардан шығатын кең өкілеттіліктеге ие болды. Осылайша, хан қазақ әскерінің бас қолбасшысы болды, сондықтан да оның қолбасшылық қасиеттері таққа отыру кезінде үлкен рөлге ие болған. Оның міндеттеріне әскери ұйымдастыру, соғыс кезінде әскерді басқару және тағы да басқа жұмыстарын жүргізу кірді. Сыртқы саяси функцияларды орындай отырып соғыс жариялауға, бейбітшілік келісімдерге келуге, щетел елшілерді қабылдап, елші жіберуге, халықаралық келісім шарттарға тұруға құқығы болды. Хан барлық Қазак, хандығының және тайпалар, басшысы болғандықтан, ұлыстарға тиесілі жерлер хандықтың барлық территориясына билік етуге жоғары құқыққа ие. Мемлекеттің сыртқы саясатын анықтау құқық болғандықтан хан, шет мемлекетер арасында келіссөз жүргізді. Хан жоғарғы инстанциядағы сот болып табылды. Оның құзіретіне би сотына келген шағымдарды қарауға, әртүрлі ұлыстардың арасындағы дауларды шешуге және істің жағында Шыңғысхан ұрпағынан шыққан төрелер болат болса, өз шешімін қабылдауға құқығы болған. Сот істерін қарағанда, хан жалпы құқық нормаларын қолданатын және әділ сотты жүргізгені үшін ханлық, яғни, талап сомасы 10% мөлшерде сыйлық алатын. Жоғарғы сот қызметін жүзеге асыра отырып, хан жазасына кесілген сотталушыға, кешірім жасауға құқығы болған. Қолданыстағы ережені және қоғамдық құрылыс сақтау мақсатында хан, заң мен бұйрықтар шығара алатын. Бұл заңдар мен бұйрықтар хандықтағы барлығына міндетті болып табылды. Хан салықтың түрі мен мөлшерін белгілейтін, хандықта әкімшілік бірліктерді құрып, оларға бастықтарды тағайындайтын. Алайда, қазақ ханының билігі, мемлекет ішінде қандай болмасын саяси күштердің бір-бірінің арасында бөлінуге жол бермеуге, тек кейбір жағдайда ғана толық күші жеткен. Қазақ қоғамында ханның бейнесі тек басқару сипа-тынан ғана емес сонымен қатар оның жағымды жеке қасиеттерімен де бағаланған. Мұсылман тарихшылары мемлекет т билеушінің ерлік, жомарттық, әдептілік, және ақыл сияқтықасиеттерін асыра мақтайды. Керісінше, қыдырумен өтетін өмір салты, менмендігі, қатыгездігі бар патша халқын өзіне қарсы қоюы мүмкін еді. . Қазаң хандығында басқарушы билікке (мәслихат), хан орнына үміткерлердің ішіндегі таққа лайықтысын таңдау қағидасының болғаны, бекер болмағаны шығар. Дәріс №6. Қазақ әдет-ғұрып құқығы. Дәріс жоспары: 1. Қазақ әдет-ғұрып құқығының қайнарлары.
1. Қазақ әдет-ғұрып құқығының қайнарлары. Қазақ әдет - ғұрып құқығы мынандай үш қайнар көздерден тұрады: а) әдет («әдет» немесе «заң»); б) билер сотының тәжірибесі («бидің билігі»); в) би съездінің ережесі («ереже»). Осы үш қайнар көздері бір-бірімен тығыз байланыста. Билер сотының тәжірибесі және би съездінің ережесі әр уақытта құқықтық дәстүрді толықтырып немесе өзгертіп отыратын. Бірақ олар әдет - ғұрып құқықтық нормаларыны мағынасын тез меңгерген жоқ. Заң күші бар, яғни, үстемдік етуші таппен бекітілген әдет, ереже тәрізді, ешқандай жерде арнайы жазылмаған, тек қана қысқаша нақылдар мен мақалдар түрінде ауыздай ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа берілді. Әрбір тарихи деректер өзіне тоқталып, толық қарап шығуды талап етеді. Құқықтың әдет қоғамдық қатынастарды реттеуде ең көне және жан-жақты болып табылады. Қасым, Есім және Тәуке есімді көрнекті қазақ хандарының мемлекеттік - құқықты қызметі, қазақ әдет - ғұрып құқығының қалыптасуында үлкен орын алады. Қасым ханның мемлекеттік - құқықтық қызметі Қазақстан тарихында Қасым хан көрнекті орынға ие болды. Қазақ хандығының құрылғанына жарты ғасыр да болмай, 1510 жылы хан тағына отырып, мұрагерлікке шектелген территориясымен, біртұтас мемлекеттік билікке жете алмаған, бытыраңқы әр түрлі тайпалардан құралға ұлыстарды алып, өзінен кейін қазіргі Қазакстанға лайықты біртұтас және территориясы үлкен мемлекетті қалдырып кетті. Бірақ, Қасым хан бұның барлығын хан тағында ресми түрде он жыл отырғанында емес (1510-1521 жж.) одан ертерек, Қасым хан Бұрүндік ханмен бірігіп, 50 жылдан астам мемлекетке қызмет етіп жүрген кезде қалыптастырды. Дүниетануына байланысты Қасым хан ру - тайпалық бөлімдерде беделі мен билігі өте мықты, ру басшылары мен ақсақалдар кеңесінің, өз саясатын жүргізуде қолдау көрсететіндігіне сенді. Ол хан тарапынан жүйелі түрде шақырылатын «кеңес» құрды. Оған көшпенді қауымның өкілері болып, билер мен ақсақалдар катысты. Ол жиында, шаруашылық, соғыс пен бейбітшілік, көшпенділердің өмір сүру жағдайы, көшпенді ұлыстардың арасындағы дау - дамайлар жөніндегі және т.б. мәселелер кеңінен талқыланатын. Бұл мәселелердің барлығы, халықтың бірлігін сақтауға, «туысқандық» сезімдерді нығайтуға және ру-тайпалық негізде топтарға бөліні кеткен халықты біріктіруге бағытталған. «Әділеттілік» ұғымы, қоғамның бір - бірімен қатынасында, сондай-ақ, барлық іс - әрекетінде моральдық норма болып қалыптаса бастайды. Сонымен қатар, Қасым ханның кезеңінде Қасымға алыс және жақын туысқан болып келетін, Шыңғысханның ұрпақтары — сұлтандар, биліктен тыс болмағанымен, олардың көбісі бұрынғыдай қоғамға ықпалын жүргізе алмайтын. Қазақ хандығының өмірінде тағы да бір маңызды жағдайларының бірі болып, билердің, сотта, жергілікті - рулық, жалпы саяси мемлекеттік істерінде, қызметінің арта түскендігі болды. Істердің барлығын ең алғаш сот қарағандықтан, билер, көшпенді қауымның алдында беделі мықты болған. XV ғасырдың аяғы - XVI ғасырдың басында қазақ даласында, исламды уағыздайтын бұхар миссионерлері, «жарғы» тек аспанға табынатын құдайсыздардан ғана шығады деп, один бас тартуды талап етеді. Уағыздаушылар, көппіілік қамуым көп уақыттар бойы қабылдай алмаған шариат заңын, қазақтарға зорлап міндеттейді.Көбіне малшаруашылығымен айналысып жүрген халыққа, шариаттың талаптары қиын және қатал болып көрінді. Сондықтан да халық, шариат заңдарын бекітуге ұмтылған билік басындағыларға теріс ниетін білдіріп, кейде көтеріліп те кететін. Тарихи жағдайларды жақсы меңгерген Қасым хан, хандықта саяси соқтығыстар өршіген кезде билер мен халықтарды қолдап, олармен бірге миссионерлерге тойтарыс берді. Шариат заңын елемей, Қасым хан «жарғы» заңының мағынасын жоғары ұстап, оны жүйелеу мен жаңарту мәселелерін шешуге бел буады. Халықтың күнделікті өмірінің негізінде құрылған заңдар жинағы, қоғамның қолдауына ие болып, ол заң «Қасым ханың қасқа жолы» атанды. Бес белгілердел тұратын «Қасым ханның қасқа жолы»: 1) мүліктік шағым бойынша (жер, мал, мүлік жөнінде даулар); 2)қылмыстың істер бойынша (ұрлық, кісі өлтіру, тонау, зорлық); 3) әскери борышы бойынша (әскери міндет, отрядттар мен жасақтарды құру, азық-түлік пен аттарды жеткізу); 4)парламенттіктер мен елшілердің міндеттері туралы (әдептілік, шешендік, келіссөздер жүргізген уақытта өзін тиісінше ұстау мәселелері); 5)әдет-ғұрып туралы (мұқтаж адамдарға заттай көмек көрсету, тойларды, мейрамдарды өткізу, оларды реттеушілердің жасаулар, бекеулер мен тұтқаулардың мінез-қүлық ережелері) ережелер жиынтығын құрайды. «Қасым ханның қасқа жолы» XVII ғасырға дейін айтарлықты өзгеріске ұшырамай Есім ханның басқару кезеңіне жетті. Есім хан (1598-1645жж.) заңды нығайтып, ол «Есім ханның ескі жолы» («Есім салған ескі жол») атына ие болды. Есім ханның мемлекеттік - құқықтық қызметі. Есім ханның жинағы бір жолғы заң шығарушы акт емес. Ол, әр түрлі уақытта хандармен қабылданған, мәселен, Шыңғысханның заңдарын немесе Тәуке ханның (1680-1718жж.) «Жеті жарғысын» бір кодекске жинаған «Жасақ» тәрізді, заңдар жинағы да емес. Есім ханның қызметшілері мен келешектегі қазақ халқы, Есім ханның жинағын «Есім салған ескі жол» деп атап кеткен. Бұл - Есім ханның саяси қызметінің және негізгі қүқықтық қағидаларының мазмұнды жинақталған атауы болды. Есім хан қазақ мемлекетінің бүтіндігін сақтау үшін өмрлық күш-қуатын қолданды. Оның ең табысты қызметінің бірі болып, көшпелі ұжымдар мен ұлыстардың өзіндік қалыптасуына мүмкіндік беру, билікті басқаруды өз қалпында қалдыруы еді. Есім хан Қасым ханға ұқсағысы келді және оның халықтың көшпенді мәдениетін жақсарту саясатын ұстанды. Есім ханның бұйрықтары, қызметі мен жаңаістері көшпенділердің қолдауы мен ризашылығына ие болды. Олар бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріліп, ең дұрыс қоғамдық қатынастарды реттейтін модель ретінде бекітілі қалды. Қоғамды басқару мен билікте отыруға Есім ханның жеке қасиетері мен дүниетанымдылығы әсер етті. Батыс елдерінің авторлары, көшпенді қоғамның билеушісі ретінде, оның іскерлік және моральдық, ар - намыс пен адамгершілік қағидаларын биік ұстайтынын айқындады. Ішкі саясатта Есім хан көшпенділердің территориясын айқындауға, жайлау мен қыстаудың бөлуіне, билер сотының билігін күшейтуге көп көңіл бөлген. Есім хан Қасым хан тәрізді ірі көшпенді ұйымының ру басшылары мен билерді жинап, олармен ақылдасып, кеңесі мен талаптарын тыңдап, көшпенді қоғамның пайдасына қарай шешім шығаратын. Қазіргі кезеңде Есім хан заңдарының мәні мен негізгі бағыттары бізге белгілі. Олар қазақ көшпенді қоғамында ғасырлар бойы қалыптасып келген және көшпенді халқының қиында касіретті өмірін дәл анықтайтын, дәстүрлі құқықтық ережелер мен әдет-ғұрыптың қайта жандануы болыптабылады. Тәуке ханның мемлекеттік - құқықтық қызметі: Тарихиәдебиеттерде Тәукенің кезеңі толығымен ашылмаған. «Тәукенің заңдары» («Жеті жарғы») деп аталатын әдеттегі құқықтар жинағы бізге, XIX ғасырда қазақ билердің сөздері бойынша аударылып, жазулардың үзіндісі ғана жеткен. Тәукенің саясаты бірінші кезекте, әлсіз және аз тайпаларды біріктіріп, соның арқасында күштілердің санын көбейту болды. Бұл біріктіру, сонымен қатар көптеген барымтаның арқасында рулар арасындағы соқтығысуларды жоюға мүмкіндік берді. Рулар арасындағы қақтығыс әр түрлі себептермен пайда болды. Көшпенді жеке қауымдықтарға құқықтарын бөліп бермегендіктен жайылым үшін даулар адамдар арасында көбінің себебінен мал ұрлағаны үшін де пайда болды. Барымта, күшті рулардың бай болып, ал одан қиындық көретін басқалардың берекесін қашырғандықтан, бұл қақтығысулар мал шаруашылығына касіретін тигізгені сөзсіз. Тәукенің рулар арасындағы дұшпандықты тоқтату шаралары, рулардың ұсақталуына да жол бермейтін еді. Өйткені рулар ұсақталса, олардың арасындағы шаруашылық - саяси байланысы әлсіреуге дейін баруы мүмкін еді. Сыртқы саяси кернеулі жағдайларда оларды нығайту өте қажет болды. Алайда, ханның қамқорлығын қажет етпейтін және баяғыда күшіне енген тайпаларды біріктіру, кауіп - қатерге алып келуі мүмкін еді. Бірақ, Тәуке ханның саясатында, саяси байланыстарды нығайтуға мүмкіндік туғызатын мақсаттары болды. Осы бойынша үлкен мағынаға, билер кеңесі мен олардың жиі болатын жиналыстары ие болды. Билер Қасым мен Есім хандардың ескі заңдарын біріктіріп, «Жеті жарғы» атты жаңа заң жинағын шығарды. Қысқаша мақал мен нақыл сөздерден құрылған бұл жинақ, тарихта «Тәукенің заңдары» деп аталды. Тәуке заңында, қазақтардың бұрынғы құқығы, феодалдық экономиканың даму кезеңінде, әлеуметтік қатынастар бағытында туындайтын сүрақтарды шеше алмағандығының себебінен өзгертулер енгізілді деп түсіндіреді. Мысалыға, рудың малға меншігін қорғай отырып, заң, жанұяның дамып келе жаткан малға меншігін қорғауды карастырған жоқ. Тәуке ханның кезеңінде билер кеңесі әр уақытта кызмет етіп жатқан мекеме болатын. Оған кеңесу функциялары тиесілі болатын, яғни, хан билердің шешімімен санасу керек еді. Осылайша ханның билігі шектелген болатын. Бірақ, ханның, шешімдері мен іс-әрекеттері билер көмегімен келісіліп жасалған болса, хан, олардың қолдау көсететіндігіне сенімді болатын. Тәукенің кезеңіндегі билер кеңесі, заң шығарушы функцияларымен де иемденді. (билердің Тәуке заңдарын құруға қатысуы). Сонымен қатар, оның қызметіне сот істері де кіретін. Көбінде істер қылмыстардың жеке өздерімен шешілетін, бірақ өзгеше маңыздыларда, өз шешімінің дұрыстығы жөнінде міндеттерді , ұсыныстарды Күлтөбе кеңесінің мақұлдауына жіберіп отырған. Билер кеңесінің құрамына мыналар сайланған: Ұлы жүзде – Төле би, Орта жүзде - Қазыбек би, Кіші жүзде -Әйтеке би. Осылайша, Тәуке ханның кезеңіндегі сайлау қағидасы өз күшін жойған жоқ. Билер кеңесімен қатар Тәуке хан дәуірінде «халық жиналысы» үлкен рөль ойнады. Жиналыс хан мен ақсақалдар бастауымен шақырылды. Ақсақалдар жиналысында негізгі рөльді ру ақсүйектері ойнады. Тәуке ханның билеу кезеңінде ақсақалдар жиналысы тек Шұғыл жағдайларда ғана емес, сонымен қатар, аса қажетті Сыртқы саяси жағдайларды нақты шешу мақсатында құрылатын. Тәуке жүйелі күзгі жиналысты қалыптастырды. Оның «заңдарының» бір бабында былай делінген: «Ханның өзі, сұлтандары, ақсақалдары мен ру басшылары, күзде нақтыжерде, даланың ортасында, халықтық істерді талқылауы үшін жиналсын». Ал, осы «заңның» басқа бабында, жиналысқа ешбір адам қарусыз келмесін деп талап еткен. Қаруы жоқ адам қадірсіз болып, кішілер оған орын бермеуі де мүмкін еді. Бұл бұйрық ең алдымен Тәуке ханның , ұлысын қорғап жатқан әскер ақсүйектерін (батырларды) және басқа да әскери міндеттегілерге жиналысқа қатысуға мүмкіндік беретін. Қарудың болғандығы сөйлеу құқығын бергендіктен, олардың жиналыста белсенділігін арттыратын. Сонымен қоса, бұл жиналыс, мемлекеттің әскери күшін сынап көру шарасы да болды. Кейбір Тәуке «заңдарының» бұйрықтары, ақсүйектерінің экономикалық жағдайын көтеру мақсаты көздейтін. Соған сәйкес, кімде - кім қару ұстай алса(сұлтандардан басқа), жыл сайын хан меи биге өз мүлкісінің жиырмадан бірін төлейтін. Тәуке, әрдайым салықты енгізім отырып, патриархалды - феодалдық ақсүйектер органын күшейтуге ниеттенді. Одан басқа, «Тәукенің заңдары» «билікті» - бидің пайдасына, шағым сомасының 1/10 белігін сот сальны ретінді» төлеу міндетін қалыптастырды. Тәуке өзінің бұйрығында, соттауды тек ханның өзі немесе талапкер мен жауапкерге тиісті қоғамының билері жүзеге асыру керек, дейді. Бұл заңның негізгі мақсаты, билердің экономикалық жағдайын күшейту ғана емес, сонымен қатар, олардың ханмен байла*нысын бекіту болды. Тәукемен шығарылатын заң бұйрықтары мен нақты жасалатын шаралар, ханның негізгі бағытын көрсетеді. Oл бағыт, мемлекеттік билікті нық аяғына тұрғызу және Қазақ мемлекетінің саяси бірлігін орнату болды. Хан мен, сот және заң шығару функцияларын бөлісетін, жиналыстарға белсенді қатысатын ру ақсүйектердің, билердің, батырлардың өкілдері Тәуке хан билігінің патриархалды - феодалдық белгілерін анықтап, мемлекеттің нақты| тірегін құрастырды. Тәуке ханның рулар аксүйектерінің өкілдерімен берік байланысты сақтауға, олардың мүддесің экономикалық және саяси жағдайларды нығайту үшіп қорғауға ұмтылғаны, міне, осыдан да шығар. Қазақтардың әдет - ғұрып құқығының ескерткіштері: Бізге белгілі, құқықтық ескерткіштердің бірі болып, XVII аяғы мен XVIII ғасырдың басында құрылған, алғашқы рет құқықжүйесі толық өңделген, Тәуке ханның заңдары табылады, XIX ғасырдың басында, революцияға дейінгі зерттеушілерде (А. Левшин, Г. Гавердовский, Г. Спасский және т.б) осы жөнінде құжаттар сақталған еді. Біздің заманымыздағы «Жеті жарғыны» (оның жаңатүрлерін) зерттеумен айналысып жүрген зерттеушілер, «Жеті жарғы» өзінің мазмұнына байланысты үш бөлімнен тұратынын мәлімдейді. Бірінші бөлім - ежелгі қазақтардың әдет - ғұрып құқығы, Қасым ханның қасқа жолы (Қасым ханның заңдары); екінші бөлімі - Есім ханның ескі жолы ( Есім ханның заңдары); үшіншісі - Тәуке ханның билеу жөніндегі,оның саясатына негізделген заңдар. А.Х. Марғұланның мәлімдеуінше, «Қасым ханның қасқа жолы»(1511-1523 жж.), Жарғыға («орта ғасырларда, Жағатайлар мен Қыпшақтар пайдаланған қаулыларға» негізделген .Олар, адам өлтіргені үшін құн төлеуді (ердің құны) қарастырған бес ережені мазмұндайды: • мүлік дауы (жер, мал, мүлік дауы); - қылмыс заңы (ұрлық, кісі өлтіру, тонау, шабуыл жасау); • әескери заң (аламан міндеті, ердің құны); * елшілікжоралары, елшілік ету ережелері (майталмандық шешендік, халықаралық қатынасындағы сыпайлық, әдептілік); жұртшылық заңы. Бұл заңдар XVII ғасырға дейін өмір сүрді. Есім ханның уақытында (1598-1645 жж.), Қасым ханның заңдарына толықтырулар енгізілді. Есім ханның кезінде қүнның түрі былай болды: 1. Ерлер құны - 100 ат пен жақсы 6 түйеден тұрады, әйелдер құны қалың мал құнына тең болған. 2. Өнер құны - батыр, ақын, жырау үшін құндар. 3.Сүйек құны - егерде өлгеннің денесі туысқандарына берілмесе, онда оған айыпталушылар тағы да құн толеген. Соңғы екі құн негізгіге қосымша деп аталып, ерекше жағдайларда төленген. «Жеті жарғы» дауларды шешіп, қоғамдық өмірдің жеті бағыты бойынша заңдылықты қамтамасыз еткен: жер даулары, жесір әйел үшін талас, құн үшін талас, неке қатынастары мен балаларды тәрбиелеу даулары, қылмысы үшін жауаптылық, рудың арасындағы даулар, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сот прецеденті. Қазақ Соттың шешімін талап ететін даулы мәселелердің барлығы, халық кұқығының басты өкілдері ретінде билер арқылы жүзеге асырылатын. Би сотының шешімі халықтың заңға сүйенген әдеттеріне негізделген. Би атағына, халық ішінде ақылдылығымен, әділеттілігімеи, данышпандылығымен, шешендігімен, дәстүрлерді білетіндігімен, майталмандылығымен ерекшеленетін адамдар ие болатын. Атақты билердің даулы мәселелер бойынша шығарған шешімдері есте қалып, ауыздан - ауызға беріліп отыратын. Билер жиналысының ережелері. Ереже - қазақ әдет - ғұрып құқығының қайнар көздерінің бірі. Рулар арасындағы даулы мәселелер және мемлекеттік маңызды істерді сот - билер коллегиясы қарастыратын.
7-лекция.Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның саяси- құқықтық салдары. 1.Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси-құқықтық мәселелері. 2.Абылай ханның реформалары. 3.Бөкей хандығының саяси-құқықтық жағдайы. 4.Орта жүзде хандық биліктің жойылуы.1822-жылғы Сібір қырғыздары туралы Устав. 5.Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.1824-жылғы Орынбор қырғыздары туралы Устав. 6.Кенесары Қасымұлы хандығының саяси құрылысы және ондағы реформалар. Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси-құқықгық мәселелері. Кіші жүздің ханы Әбілхайыр 1726 жылы Ордабасыдағы бүкілқазақгық жиында қазақ әскерлерінің бас қолбасшысы болып сайланды. Бірақ ол барлық қазақтардың ханы болғысы келді. 1729 жылғы қазақтар шешуші жеңіске жеткен соң да, сол жылғы Орта жүздің ханы Болат қайтыс болған соң да бүкілқазақтың ханы бола алмады. Әбілхайыр хан енді Ресейге арқа сүйеп, өз позициясын нығайтпақ болды. Осылай Әбілхайыр хан Ресей патшасы Анна Ионовнаға Ресейдің қол астына алу туралы жасырын хат жазды. Жоңғарлардың үздіксіз шабуылдары да Әбілхайырдың әрекетіне түрткі болды. 1731 жылы 19 ақпанда патша Анна Ионовна Кіші жүздің Ресейдің қол астына кіргені туралы грамотаға қол қойды. Онан соң қазақ даласына А.И.Тевкелев бастаған патшаның елшілігі шығып 1732 жылы 10 қазанда Әбілхайыр хан және 27 рубасы сұлтан, батырлар Кіші жүздің Ресейге қосылуы туралы юридикалық актіге қол қойып, ант берді. Осы жылы 21 қарашада тағы да 30 рубасы ант берді. "Игельстромреформасы" деген атпсн енген Орынбор генерал-губернаторы Игельстромның әрекеті Сырым Датұлы бастаған көтерілісті өз мақсаты түрғысында пайдалану еді. Реформа бойынша билік рубасы старшындарға өтті. Бірақ расправолар да, шекаралық сот та қалыпты жұмыс істей алмады. Оған себеп ықпалы мықты сұлтандық топтың әсері болды. Сөйтіп Екатерина II патша қайта хан сайлауға келісім берді. Патша өкіметінің Кіші жүзде хандық билікті жою туралы алғашқы қадамы жүзеге аспады. Абылай ханның реформалары. Абылай хан (1711-1781) қазақ тарихында ерекше орын алатын қайраткер. Абылай алғашында сұлтан болғанымен 40 жылдай билік еткен. Ол Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болган соң 1771 жылы хан болып сайланды. Бүған дейін-ақ қазақгың үш жүзінің көпшілік бөліктері Абылайдың билігін мойындады. XVIII ғасырдың 50-жылдары Абылайдың басшылығымен қазақ жерлері жоңғарлардан түгелдей азат етілді. Абылайдың әскерлері Қазақстанға басып кірген қытай басқыншыларының бетін қайтарды. Қытай императоры Абылайды мойындады. Абылайдың басшылығымен Оңтүстік Қазақстан жерлері Қоқан басқшыларынан азат етілді. Бөкей хандығының саяси-кұқықгық жағдайы. Кіші жүздегі ХѴШ ғасырдың соңындағы шаруашылық-саяси дағдарысқа, жайылым мәселелерінің күрделеніп кетуіне байланысты қазақтардың үлкен тобы Орал мен Жайық аралытының төменгі бойына көшіп барып 1801 жылы Бөкей хандығын құрды. Оған император Павел I келісім берді. 1812 жылы Бөкей сұлтан орданың ханы болып көтерілді. Бөкей қайтыс болған соң (1815) уақытша регент Шыгай болып, 1823 жылы патша Жәңгірді хан етіп бекітті. Жәңгірден соң мұнда хан тағайындалмады. Бөкей хандығы патша өкіметінің әкімшілік бірлігі болып саналды. Хан ішкі мәселелерді Орынбор әкімшілігімен келісіп шешті. Ханның біршама ішкі дсрбестігі болды. Ол дербесгік қаржы-салық, жер бөлу, рулық-территориялық басқару, халықгы шаруашылық жағынан орналастыру түрінде жүзеге асты. Ордадағы билік негізінен ханның қолында шоғырланды. Ханның жанында 12 биден тұратын хан кеңесі құрылды. Хан кеңесі мүшелсрі хан ордасында тұрақгы тұрып, хан аппаратының шылауына айналды. Ханның арнаулы тапсырмаларын орындайтын 12 жасауылы болды. Баж салығын, сауда мәселелерімен "базар сұлтандары" айналысты. Ханның қолында мемлекеттік істермен шұгылданатын арнайы кеңес қүрылды. Жергілікті басшылық рубасы старшындардар қолына өтті. Старшындарды хан және Орынбор әкімшілігі тағайындады. Сот билігі ханның, жергілікті билердің, хан депутаттарының қолына шоғырланды. Жергілікті жерде ұсақ істер каралды. Бірақ ханның заңды құқықтары орыс заңдарымен шектелген болатын. Орта жүзде хандық биліктің жойылуы. 1822 жылгы "Сібір қырғыздары туралы Устав" Патша үкіметі Қазақстанды отарлауды тереңдете түсті. Үкімет алдымен Орта жүздегі хандық билікті жоюды көздеді. Ханның билік басында отыруы қанша дегенмен де қазақтардың егемендігінің көрінісі болды.Хан ішкі саясатты тәуелсіз жүргізуге әрекет етті. Абылай хан патша өкіметін мойындамай қойды. Орта жүзде Бөкей (1817) және Уәли хандар (1819) қайтыс болған соң жаңа хан сайлауға Патша өкіметі тұрғысынан жол берілмеді. "Орынбор қырғыздары туралы Устав. " Орта жүзден соң патша үкіметі іле-шала Кіші жүзде хандық билікті жоюға кірісті. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен "Орынбор қырғыздары туралы уставын" жасады. "Устав" 1824 жылы азиялық комитетте бекітілді. Кіші жүзде хан билігі жойылды. Кіші жүз үш бөлікке: Шығыс, Орта және Батыс бөліктерге бөлінді. Былай бөлу тайпалық кұрылымды еске алды. Әр бөлікті билеуші-сұлтандар басқарды. Билеуші-сұлтандар патша өкіметінің шенеунігі болды. Олардың қасында 100-200 адамнан әскер болды. Билеуші-сұлтанның ставкасы казак бекіністерінің біріне орналасты. Билеуші-сұлтан қызметіне тек сұлтандар тағайындалды. 1822 және 1824 жылғы "Уставтар" бойынша Орта және Кіші жүзде хандық жойылып, басқару мен сот жүйесінің жаңа түрлері енді. Рулық кұрылым орнына территориялық құрылым енді. Қазақтардың хандық арқылы өзін-өзі басқаруының орнына отаршылықты нығайтатын патша өкіметі тағайындаған басқару жүйесі енді. Сұлтандардың аз ғана тобы басшылықта қалып, қалғандары артықшылығынан айрылды. Біртіндеп аға-сұлтандар мен болыстық сұлтандардың орнына да қатардағы қазақгар сайлана бастады.
8-лекция.XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік басқару және құқық. 1.Қазақстанның отар ретіндегі құқықтық жағдайы. 2.1867-1868 және 1886-1891 жылдардағы реформалар.
Қазақстанның отар ретіндегі құқыктық жағдайы XIX ғасырдың 60-жылдары Қазақстанның Ресейге қосыла бастағанына 1,5 ғасыр болған еді. Ресей империясы Қазақстанды ресми түрде отар деп есептеді. 1867-1868 жылдардағы реформалардан соң қазақ өкілдері губернаторлық, облыстық, уездік дәрежеде басшылық түгілі қатардағы шенеуніктікке де жіберілмеді. Оларда тек орыстар отырды. Қазақтың қол жеткен билігі болыстық болды. Онда да болыстыққа жету үшін қазақтар орыс өкілдеріне әбден жем болатын. Қазақстан патша үкіметінің таза шикізат базасына айналды. Мұндағы өнеркәсіп пен сауда, транспорт отаршылық саясатгы терендету мақсатына қызмет етті. Қазақтар арасындағы оқу-ағарту, денсаулық сақтау ісі туралы айтуға тұрмады. Патша үкіметі қазақтарды қараңғы, тұрмысы нашар тәуелді халық етіп ұстап тұруды мақсат тұтты. Осылай қазақтар отаршылықтың ең ауыр кезеңіне аяқ басты. 1867-1868 және 1886-1891 жылдарғы реформалар. 1867 жылғы 11 шілдеде "Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже", 1868 жылғы 21 қазанда "Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлықтарының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ерсже" бекітілді. Қазақстан территориясы Орынбор, Батыс-Сібір және Түркістан атты үш генерал-губернаторлықтың құрамына кірді. Әр генсрал-губернаторлықта екі облыстан барлығы алты облыс болды. Генерал-губернаторлықты патша өкіметі тағайындаған генерал-губернатор басқарды. Генерал-губернатордың қолында губернаторлықтағы бүкіл әскерге басшылық ету және азаматтық билік шоғырланды. Облысты әскери губернатор басқарды. Оның қолында да әскери және азаматтық билік толықгай шоғырланды. Сондай-ақ әскери губернатор облыс жерінде орналаскан казак әскерінің тағайындалған атаманы болды. 9-лекция: 19-ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы құқық. 1.Қазақтың әдет-ғұрып құқығына енген өзгерістер. 2.Сот және сот ісін жүргізудегі өзгерістер. Қазақстанның Ресейдің толық отарына айналуы әдет-ғұрып құқығының шеңберін тарылтты, оған елеулі озгерістер ендірілді. Түрлі дәрежедегі билер сьездерінің нәтижесінде әдет-ғұрып құқығына өзгерістер мен толықтырулар ендіріліп Ережелер жасалды. Осы Ережелер енді әдет-ғұрып кұқығының бастауларының біріне айналып, біртіндеп жазба құқыққа айнала бастады. Отаршылық жүйе арқылы Рссей империясының заңдары Қазақстанда қолданыла бастады. Патша өкіметі Қазақстанды басқару үшін бірнеше үлкен актілер қабылдады. Олардың қатарында 1822 жылғы, 1824 жылғы "Уставтар", 1854 жылғы заң, 1867-1868 жылғы Уақытша ережелер, 1886, 1891 жылғы Ережелер бар. Бұлар өлкенің ерекшеліктеріне сай жаңа отаршылдық жүйені заңдастырған кұқықтық қатынастардың негізін қалады. Ең алдымен жерге қатысты меншік құқығы өзгерді.Бұрын жер рулық-тайпалық қауымның немесе қоғамның меншігі болып келді.Патша үкіметі 1868-жылғы Уақытша Ереженің 210-параграфы бойынша қазақ жерлерін мемлекеттік меншік ретінде бекітті.Қазақ жерлері тартып алынып,казак әскерлеріне,бекіністер салуға,келімсек орыс шаруаларына,шетел капиталистеріне,шіркеулерге беріле бастады. Осы ереже бойынша қазақтың өз жерлері қазақтардың қоғамдық пайдалануына берілді деп көрсетілді.Қазақтар көшіп-қонғанда адаттың принциптерін басшылыққа алды.Ереже бойынша қыстаулар ондағы үй-жай, қора-қопсы қазақтардың жеке меншігі бола алады деп көрсетілді. Міндеткерлік құқыққа да өзгерістер енді. Жаңа капиталистік қатынастар, орыс көпестері мен шаруаларымен қатынастар жағдайында қазақтарға орыс міндеткерлік құқығының нормаларымен есептесуге тура келді. Жерді жалға беру енді Ережеге сәйкес ауылдық, болыстық қауымдар орыс өкілдері болып табылатын өнеркәсіпшілерге,көпестерге өздеріне тиеселі жерлерді 30 жылға дейін жалға бере алды.Келісім қағаз жүзінде жасалды. Қазақтардың өз арасында қыстауларды, жайылымдарды жалға беру туралы келісімдер жасалып жатты. Төлем ақы ретінде мал пайдаланылды.Ережеде жалға беруші қауым делінгенмен іс жүзінде жалға беруші және оның ақысын пайдаланушы болыстар мен старшындар, билер мен байлар болды. Төленгіттер мен құлдық институттары жойылған соң байлардың малын бағуға кедейленген қазақтар жалдана бастады. Оларды жалшы деп атады.Жалдаушы байлар мен жалшының арасында келісім ауызша жасалды. Еңбек ақы мал түрінде төленді. Жалшының еңбегі өте ауыр болды.Оның құқвғвн ешкім қорғамады. Отбасы некелік құқвғвнда да өзгерістер болды. Жесір дауы билер сотының қарауында қала берді. Бірақ билер сотының шешіміне уезд бастығына немесе әскери губернаторға шағым жасауға болатын еді.Мұның өзі әйелдерге деген кей жағдайлардағы жүгенсіздіктерді тізгіндеді. Мұрагерлік құқықта үлкен өзгерістер бола қойған жоқ. Мұраға қалдыру әдет-ғұрып құқығы бойынша және өсиет айту бойынша қалдырылып отырды. өсиет бойынша мүліктің тек үштен бір бөлігі ғана қалдырыла алды.Жер және құрылыстар өсиет бойынша мұраға қалдыруға жатпады. Қылмыстық әдет-ғұрып үлкен өзгеріске ұшырады. Бұл саладағы алғашқы өзгерістер 1822-жылғы Устав бойынша жасалған еді.1854-жылғы Сібір қырғыздарына империяның жалпы заңдарын қолдану туралы заңға орай империя заңдары бойынша қаралатын қылмыстардың құрамы кеңейтілді. Құлдық жойылды. Талион принципі мен өлімге құн төлеу де жойылды. Сот құқығы саласында негізгі бағыт қазақгардың билер сотын шектеу, патша өкіметінің заңдарьш тереңдеп ендіру. Сот билігі патша өкіметінің әкімшілік аппаратының жазалау бөлігі болды. Осы бағытта ол күшейе түсті. Билер соты да патша өкіметінің , бай феодалдардың еркін қорғай бастады. 10-лекция:20ғасырдың басындағы Қазақстандағы мемлекет және құқық. 1.20-ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси жағдай. 2.Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің саяси-құқықтық шаралары. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси жағдай. Қазақстан XX ғасырға Ресейдің боданы ретінде, бүкіл саяси жоне экономикалық кұқықтан жұрдай күйінде аяқ басты. Отаршылдық органдардың билігі шектен тыс күшейе түсті. Кдзақстанда өнеркәсіптік игеру жалғасты. Орыс және шет ел капиталы көптеп келе бастады. XX ғасырдың басында 1905-1907 жылдары бірінші орыс революциясы, Столипиндық реформа, бірінші дүние жүзілік соғыс (1914-1918), 1916 жылғы аса аумақты ұлт-азаттық көтеріліс сияқты оқиғалар болып өтті. Осы оқиғалар Қазақстандағы саяси-кұқықтық жағдайға ерекше әсер етті. Патша өкіметінің отаршылық жүйесінің репрессиялық сипаты артты. Бірінші орыс революциясыньщ ықпалымен Патша өкіметі Мемлекеттік дума ашып, оған сайлау өткізді. Мемлекеттік думаға Ә.Бөкейханов, Ш.Қожағүлұлы, Б.Қаратаев сияқты қазақ өкілдері сайланып, оның трибунасын қазақтардың құқын қоргауға пайдаланды. Ұлт болашағы үшін күресуші ұлттық интеллигенция қалыптаса бастады. Оның басында күресуші ғалым-ағартушылар А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов т.б. кайраткерлер тұрды. Патша өкіметі шешілмейтін түрлі қайшылықтардың топтаскэн жері болды. 1917 жылы ақпанда соғыс барысында әбден күйзелген, революциялық толқулар мен ұлт-азаттық көтерілістері қамтыған жағдайда патша өкіметі құлады. Елде Уақытша Үкімет орнады. Қайшылықтарды шеше алмаған бұл үкімет те ұзамай тарих сахнасынан кетті. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің саяси-құқықгық шаралары. Патша өкіметі құлаған соң қазақтың тәуелсіздік жолындағы күресуші қайраткерлері "Алаш" партиясының төңірегінде топтасты. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда жалпықазақ съезінде ұлттық демократиялық саяси "Алаш" партиясы құрылды. 1917 жылы 5 желтоқсанда Орынборда жалпы қазақ-қырғыз сьезі ашылды. Сьездің күн тәртібінде 10 мәселе қойылды. Соның алтауы таза мемлекеттік-қүқықтық мәселелер болды. Олар 1. Сібір Түркістан автономиясы һәм юго-восточный союз туралы. 2. Казақ-қыргыз автономиясы. 3. Милиция. 4. Ұлт Кеңесі. 8. Народный сот. 9. Аулное управление. Сьездің басты мәселесі ұлттық автономия түріндегі мемлекеттікке қол жеткізу болды. Сьезде "Алаш" автономиясының орталық атқарушы-өкімші органы Ұлт Кеңесі - Алашорда үкіметі құрылды. Үкіметте барлығы 25 орын белгіленді. Соның 15-і сьезде сайланды. 10 орын басқа ұлт өкілдеріне қалдырылды. "Алашорда"-Ұлт Кеңесі үкіметінің төрағасы болып Ә.Бөкейханов сайланды. Бұл орган автономияның орталық билігі болып табылды. Алашорда үкіметі ұзақ өмір сүрмеді. Дегенмен тарихта үлкен із қалдырды. Оның басшылары ұлттық-демократиялық мемлекет құрып оның саяси-құқықтық жағын негіздеді.
11-лекция:Қазақстандағы социализм құру кезеңіндегі мемлекет және құқық. (1917-1941 ж.ж.) 1.Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. Казревкомның қызметі. 2.Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы. 1917 жылы 25 қарашада Петроградта большевиктер партиясы басқарған қарулы көтеріліс жеңіске жетті. Уақытша үкімет құлады. Мемлекеттік билік кеңестердің қолына өтті. Кеңес өкіметі жүмысшылар мен шаруалардың диктатурасы болды. Бұл өкіметтің өзегін большевиктер партиясы кұрды. Кеңес өкіметі жаңа қоғам- социалистік жүйені социалистік мемлскет пен социалистік құқықты құруға бет алды. Социалистік мемлекет пен құқықты қалыптастырудағы большевиктердің көсемі В.И.Ленин өзінің көптеген еңбектерінде жан-жақты талдап жасады. 1917 жылы 25-26 қарашадағы бүкілресейлік кеңестердің II сьезі жаңа өкімет органдарын құрды. Халық Комиссарлары Кеңесінің Халкомкеңес төрағасы болып В.И.Ленин сайланды. Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің (БОАК) төрағасы алғашқы кезде Я.Свердлов, 1919 жылдан М.И.Калинин болды. Салаларды басқару үшін Халықкомиссариаттары құрылып, оларды Халық комиссарлары басқарды. 1917 жылдың соңы мен 1918 жылдың басында Қазақстанның барлық облыстарында Кеңес өкіметі жеңіп, билікті қолға алды. Қазақстанда бір орталықганған Кеңестік биліктің орнауы Қазақ революциялық Комитетінің (Казревкомның) құрылуымен байланысты. 1919 жылы 10 шілдеде РКФСР Халкомкеңесінің декретімен казақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет кұрылды. Қазревком Казақ автономиясын қүрғанға дейінгі қолына барлық жоғары әскери және азаматтық билікті шоғырландырған орган болды. Қазревком өлкедегі үкіметтің функцияларын атқарды. Оның төрағасы С.Пестковский, мүшелері: Ә.Жанкелдин, Б.Қаратаев, М.Тұнғаншин, С.Меңдешев, А.Байтұрсынов, Б.Каралдин т.б. Алашорда тараған соң, оның кейбір мүшелері Кеңес өкметінің жұмысына тартылып Қазревкомның кұрамына өтті. Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы. 1920 жылы 26 тамызда РКФСР Халкомкеңесінің төрағасы В.И.Ленин және БОАК төрағасы М.И.Калинин "Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы" декретке кол қойды. Осылай РКФСР құрамында Қазақ АКССР-і кұрылды. Қазақ автономиясының құрылуы сөзсіз аса маңызды тарихи және саяси оқиға болды. Қазақ халқының автономия түрінде болса да мемлекеттілігі қалпына келтірілді, оның территориясы белгіленді. В.И.Ленин және М.И.Калинин қол қойған декретте ҚАКСР-дің орталық органдары Қазақ Орталық Атқару комитеті (КазОАК) пен Қазақ Халық Комиссарлар Кеңесі екендігі анықталды, 12 халық комиссариаттарын және Заволжье әскери округіне бағынышты қазақ әскери комитетін құру белгіленді. 1920 жылы Орынборда Қазақстан Кеңестерінің Қүрылтай сьезі өтті. Сьезд ҚАКСР-нің орталық мемлекеттік органдарын Казақ Орталық Аткару комитетін құрып, оның төрағасы етіп С.Меңдешевті бекітті. Қазақ Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып Р.Радусь-Зенкович бекітілді. Қазақстанның астанасы болып Орынбор қаласы жарияланды. Құрылтай сьезі "ҚАКСР-дің еңбекшілері қүкығының декларациясын" қабылдады. Бұл конституциялық мәні бар КАКСР-дің мемлекеттік құрылымын, территориясын, сайлау жүйесін т.б. жақтарын анықтаған құжат болды. Декларация 1926 жылы қабылданған КАКСР-дің бірінші конституциясының жобасына кірді. Қазақстандағы жоғарғы өкімет билігі Кеңестердің бүкіл қазақтық сьезі болып табылды. Бұл сьезд Қазақ Орталық Атқару комитетін сайлайды. ҚазОАК 75-ке дейін мүшеден және 25 мүшелікке кандидаттан тұрды. Бүкілқазақтық сьезд ҚазОАК жылына бір рет шақырады. ҚазОАК бүкілқазақгық сьездер аралығында жоғары билік органы болып есептелді.
12-лекция: Қазақстанның автономиялы республикадан одақтас республикаға айналуы. 1.Қазақстанның одақтас республикаға айналуының себептері. 2.1937-жылғы ҚазКСР-нің Конституциясы. 3.Ұлы Отан соғысының мемлекет пен құқыққа ықпалы. 1930-жылдардың ортасында бұрынғы КСРО-да аса күрделі өзгерістер болды. Капитализмнен социализмге отетін өтпелі ксзсң аяқталып, социалистік қоғамдық қатынастар негізінен жеңіске жетті деп есептслді. Бұндай үлкен қорытынды индустрияландыру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру (коллективтендіру), мәдени революцияның шешуші жсңістсрімен байланыстырылды. Адамды адамның қанауының саяси-экономикалық негіздері жойылды деп саналды. Мұндай түбегейлі өзгерістер КСРО Конституциясын озгертуге негіз болды. 1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылданды. Конституцияда Қазақстанға Одақгық республика мәртебесі берілді. Осылай ҚАКСР-і Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасына айналды. Қазақстанның одақтас республикаға айналуы сөз жоқ аса маңызды саяси тарихи оқиға болды. Бұл Қазақстанның болашақ тәуелсіздігін қамтамасыз етксн үлкен мәнді қүқықтық акті және саты болды. Осыған байланысты 1937 жылы 26 наурызда бүкіл-қазақстандық кеңестсрдің төтенше X сьсзі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясын бекітті. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясы 11 тараудан 125-баптан тұрды. I тарауда қоғамдық құрылыс анықталды. 1-бапта ҚазКСР жүмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті деп корсетілді. ҚазКСР-дің саяси негізі еңбекшілер депутаттарыньщ кеңестері деп анықталды (2-бап). ҚазКСР-дің экономикалық негізі социалистік шаруашылық жүйесі жоне социалистік меншіктегі өндіріс құралдары мен саймандары (4-бап) дсп танылды. Социалистік меншік не мемлекет меншігі не колхоздық кооперативтік меншік түрінде болды. Сондай-ақ азаматтардың өзіндік меншігі мойындалды. Социалистік шаруашылыктың мемлекеттік жоспар бойынша дамып отыратыны айқындалды. Еңбек ету әр азаматтың міңдеті екендігі көрсетіліп, "Еңбек етпеген - ішіп жемейді" принципі конституцияда атап өтілді. II тарауда "Мемлекеттік құрылыс" бекітілді. 13-бапта экономика, саясат, отан қорғау және өзара жәрдемдесуді жүзеге асыру мақсаты мен ҚазКСР басқа да одақтас республикалармен КСРО-ға бірігіп отырғандығы көрсетілді. Осыған сүйеніп ҚазКСР-ы КСРО конституциясының 14-бабында көрсетілген құкықтарды КСРО-ға оның атынан басқаратын жоғары өкімет органдары мсн мемлекет басқару органдарына қамтамасыз етіп береді. КСРО заңдары Казақстан территориясында міндетгі түрде қолдануга жатты. Қазақстан азаматы КСРО азаматы болып есептелді. III тарау мемлекетгік окімет билігінің жоғарғы органдарына арналды. ҚазКСР-да өкімет билігінің жоғарғы органы — ҚазКСР-ның жоғарғы кеңесі болды. Бірден-бір заң шығаратын орган тек Жоғарғы Кеңес болды.Сессиялар арасында жұмысты Жоғарғы Кеңес сайлаған оның Президиумы жүргізді. Мемлекеттік өкімет билігінің атқарушы және өкімші жоғарғы органы ҚазКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңссі болды. Бұл орган рсспубликаның үкімсті болып табылды.Мемлекеттік басқарудың салаларына халық комиссарлары басшылық етті.Нсгізгі заң жергілікті кеңестердің билігін, құрылысын, жұмыс тәртібі мен құқықгарын белгіледі.
13-лекция:Қазақстандағы Кеңестік мемлекет және құқық.
|