|
Жылдар.Date: 2015-10-07; view: 773. 1. Мемлекеттік құрылыс пен мемлекеттік басқару. 2.Кеңес дәуіріндегі Қазақстан территориясындағы кейбір өзгерістер. 3.Қазақстандағы Кеңестік құқықтық жүйенің дамуы. Соғыстан кейін мемлсксттік құрылыс пен мемлекетті басқару бейбіт жағдайға қайта бейімделді. 1946 жылы 28 наурызда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен ҚазКСР-дің Халық Комиссарлар Кеңесі ҚазКСР-нің Министрлер Кеңссі, ҚазКСР-нің Халық комиссариаттары ҚазКСР-нің министрліктері болып өзгерді. Кейбір министрліктердің саны 7 болды. Жаңадан онеркәсіп және құрылыс материалдары министрлігі құрылды. Министрліктердің өкілеттіктері артты. 1946 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясы құрылды. 50-жылдары жергілікті кеңестердің, олардың атқару комитеттерінің қызметтсрі кеңейтілді. Олардың тұрғын үй салу, көгалдандыру, онеркәсіп пен құрылыс саласындағы жоспарлау, бақылау және басшылық ету құқықтары артты. 1956 жылғы КОКП-ның XX сьезі Кеңес Одағының өміріндегі үлкен бетбұрыс кезең болды. Сталинның жеке басына табыну, социалистік заңдылықты аяққа басу, саяси қуғын-сүргін айыпталды. 30-50-жылдары жазықсыз атылған,қамалған азаматтардың үлкен тобы қайта ақталды. 50-жылдары одақтас республикалардың құқықгары артьш, егемендігі біршама кеңейді. ҚазКСР Үкіметінің совхоздарды қайта құру, жою, жер бөлу, т. б. ауыл шаруашылығына қатысты қүқықгары кеңсйді. Одақтас республикалардың заң шығару құқығы кеңейтілді. Республикалар Одақтық мәселелерді шешуге көбірек қатысатын болды. КСРО Жоғарғы Ксңесінің Ұлттар Кеңесінің жанынан одақтас республиканың окілдері кіргсн экономикалық комиссия құрылды. 1958 жылы ҚазКСР Ғылым академиясының философия және құқық институты құрылды. Құқық саласындағы зерттеулерге жағдай жасалды. 60-жылдардың ортасында халық шаруашылығын басқаруда өзгерістер болды. Бұл оқиғалар Кеңес Одағының партия мен мемлскет басшысы Н.С.Хрущевтің орнынан түсіп, билікке Л.И.Брежневтің келуімен байланысты. 1977 жылы республикада 19 облыстық, 218 аудандық, 82 қалалық, 29 қала ішіндсгі аудандық, 189 поселкелік, 2184 ауылдық, сслолық кеңестер жұмыс істеді. Жергілікгі Кеңестердің атқару комитеттерінің қүрамына 20 мың адам кірді. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің, оның Президиумының жұмысы жүйелсне түсті. Сессиялар тұрақты шақырылып, оларда мемлекеттік басқарудың маңызды мәселелері талқыланып, жаңа заңдар мен кодекстер қабылданды. 1924 жылы Түркістан республикасы тараған соң оның құрамындағы Сырдария жоне Жетісу облыстары ҚазАКСР құрамына енгізіліп қазақтың жсрлері қайтарылды. Осы жылы Қарақалпақ автономиялы облысы да Қазақстан құрамына кіріп, 1932 жылы Өзбек КСР-і құрамына өтті. Орынбор қаласы мен облысының біршама аудандары РКФСР құрамына берілді. ҚазКСР Конституциясы бойынша Қазақстанның шекарасы тек оның Жоғаргы Кеңесінің келісімімен ғана өзгсруге жатты. 1955 жылы 13 жслтоқсанда Жоғарғы Кеңес қаулысымен Батыс Қазақстан облысының Жәнібск ауданының жалпы көлсмі 7049 гектар оңтүстік болігі РКФСР-дің Астрахан облысының Владимир ауданына бсрілді. Соғыстан кейінгі жылдарда, әсіресе 50-70-жылдары Қазақстандағы құқықтық жүйе дамыды. Еңбек құқығы негізінен одақтық заңдармен реттеле берді. Соғыс кезінде алынып тасталған еңбек демалыстары қалпына келтірілді. Артық жұмыстар тоқтатылды. Кәсіпорындардың кәсіподақ үйымдарымсн ұжымдық шарттары қалпына келді. Еңбекке қатысты тым қатаң тәртіптер, өндірістен өз бетімен кетіп қалғаны үшін қылмыстық жауаптылық жойылды. Еңбек дауларын қараудың жаңа ережесі қабылданды.ҚазКСР-нің Еңбек туралы заңдар кодексі 1972 жылы 21 шілдеде қабылданды. 1959 жылы қылмыстық және қылмыстық-процессуальдық кодекстер қабылданды. Бұл кодекстер Қазақстан тарихында тұңғыш рет қабылданды. 1971 жылы ҚазКСР-нің Еңбекпен түзеу кодексі қабылданып, онда сотты болған адамдардың жазасын өтеу,оларға еңбекпен түзеу өдістерін қолдану, т.б. мәселелер шешімін тапты. 1963 жылы республиканың азаматтық және азаматтық-процессуальдық кодекстері қабылданды. Бұл кодекстер социалистік заңдылықты, социалистік қоғамдық қатынастарды реттеугс бағытталды. Сот құрылысы, сот ісі, адвокатура жәнс нотариатқа қатысты заңдар жетілдіріліп, кейбірі қайта қабылданды. ҚазКСР-нің әкімшілік жауапкершілік туралы заңдылығы онан әрі дамыды.
14-лекция:Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті мен құқығының қалыптасуы мен дамуы. 1.Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 2.ҚР-ның Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы. Қайта қүрудың соңына қарай Ксңес Одағының орталық органдарының билігі әлсіреп, керісінше одақтас республикалардың қүқықтары күшейе түсті. Алдымен Ресей Федерациясы, Украина КСР-ы өздерінің егемендіктерін жариялады. Одақгы реформалауға бағытталған жаңа Одақтық шарттың жобасы жасалып жатты. Осындай жағдайда 1990 жылы 25 казанда республиканың Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі туралы Декларация» қабылдады. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, ұлттардың өзін-өзі еркін билсу құқығыш тани отырып, қазақ үлтының тағдыры үшін жауапкершілікті ұғына отырып, демократиялық, құқықгық мемлскет құруды негізге алып, Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігін жариялады және осы Дскларацияны қабылдады. Декларация 17 баптан тұрды Қазақ КСР-і егемен мемлекет, ол басқа республикалар мен егеменді Республикалар Одағына ерікті түрде бірігеді және өзара қатынастарын шарттық негізде құрады. Одақтан еркін шығу қүқығын сақтанды. Декларацияда алғаш peт ҚазКСР-і үлттық мемлекеттігін сақтау, қорғау және нығайту жөнінде шаралар қолданады деп жазылды. Бұрын бұл қызметтер Одақтық органдарға тиесілі еді. Алғаш рет ҚазКСР территориясында, оның оз еркімен одаққа берген мәселелерін қоспағанда, ҚазКСР Конституциясы мен заңдарының үстсмдігі орнатылады деп жазылды. Бұл егемендіктің өзекті қағидаларының бірі еді. Осыған орай КазКСР-і өз егемендігіне қайшы келөтін одақ заңдарын тоқтата алды. ҚазКСР-і халықаралық қатынастардың дсрбес субъектісі ретіндс Бірікксн Үлттар Ұйымына дөйінгі ұйымдарға қатысуға құқылы болды. Егемендік Декларациясын қабылдау шын мәнінде үлкен тарихи оқиға болып, тәуелсіздікке жету жолындагы соңғы саты болып табылды. Сондықтан да кейінірек егемендік Декларациясы қабылданған 25- казан Рсспублика күні мерекесі болып бекітілді. 1991 жылы 10 желтоқсанда Казақ КСР-інің атауы Казақстан Республикасы болып өзгертілді. Қазақ халқының ғасырлар бойы тынымсыз тәуелсіздік жолындағы жүргізген күресі жүзеге асты. Осы 1991 жылы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының мсмлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заңы қабылданып, онда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі салтанатты түрде жарияланды. 7-тарау 18-баптан тұрған бұл заң Қазақстанның мемлекеттік-құқыктық тарихының жаңа тәуелсіздік бетін ашты. Заңның 1-бабы былай жазылды. Казақстан Республикасы - тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі жоне сыртқы саясатын дербес белгілеп жүргізеді. Қазақстан Республикасы территориясында тек өз заңдары және ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады. Конституциялық заңның 2-тарауы (6-8 баптар) Қазақстан Республикасы ұлттарының азаматтары біртұтас Казақстан халқын құрайды, Бұл халық егемендіктің бірден-бір иесі, мемлексттік биліктің қайнар көзі болып табылады, азаматтар барлық жағынан тең қүқыққа ие екендігі көрсетілді. Қазақ халқы мен Қазақстан Республикасында тұратын басқа ұлт өкілдерінің тілі, мәдениеті мсн дәстүріне ерекше мән беріліп, олар мемлекет қамқорлығына алынды.
15-лекция:Қазақстан Республикасының тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет орнату жолындағы даму бағыттары. 1.Қазақстан Республикасының 1993-жылғы Конституциясы. 2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы мен құқығының одан әрі дамуы 1993-жылғы Конституция қайшылықты өтпелі кезеңде қабылданды. " Конституциялық құрылыс негіздері" бөлімінің қағидалары мсн принциптері Ата Заңның басқа болімдсріне негіз болып табылды, оны өзгсртудің тәртібі ерекше қиындатылд Конституцияның бірінші бөлімі (27-бап) азаматтардың құқығы, бостандығы мен міндеттеріне арналған. Мемлекет құқықтар мен бостандықтар тсндігіне кепілдік бсреді, азаматтарды кемсітушіліктің кез-келген түріне тиым салады деп көрсетілді. Рсспубликаның әрбір адамының азаматтық алуға және оны озгертуге құқығы бар. Қазақстан азаматы басқа мемлекеттің азаматы бола алмайды. Сонымен Конституция құқықтары мен бостандықтардың үлкен тобын жариялап, оларға кепілдік берді, әрі оларды сот жолымен қорғауды қамтамасыз етуді шешті. "Қоғам, оның құрылыс негіздері" деп аталатын екінші бөлім "Меншік және кәсіпкерлік", "Отбасы", "Қоғамдық бірлестіктер" атты үш тараудан тұрады. Ата Заңда меншік түрлерінің сан-алуандығы бекітілген. Мемлекет меншіктің барлық түрлерінің және субъектілерінің заң алдында теңдігін қамтамасыз етеді. Меншіктің түрлерінің сан-алуандығы жарияланғанымен, Конституцияда оның тек екі түрінің -жеке меншіктің және мемлекет меншігінің аты аталады. 18-бапта "Республика азаматының меншік иесі болуға құқысы бар" делінген. Бұл бапта Негізгі Заңның басты идеяларының бірі көрініс тапқан. Жеке меншік иесі адам, азамат болатындығы Конституция жолымен бекітілген. Оны қорғаудың кепілдігі де қарастырылды. Мемлекеттік билік біртұтас. Заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері мемлекеттік биліктің үш тармағы болып табылады. Билікті дербес тармақтарға бөлу терең демократияға негізделтен. Жоғарғы Кеңесті де, Президентті де халық тікелей сайлап қояды.Ал жоғарғы сот органдары болса Жоғарғы Кеңесте Президенттің тікелей араласуымен сайланады. 1993 жылғы Казақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы Негізгі Заң болды. Ол үлкен тарихи, саяси-құқықтық роль атқарды. Дегенмен Конституцияны Кеңес дәуірінде сайланған Жоғарғы Кеңестің қабылдауы өз таңбасын қалдырды. Ұзамай ол қайшылықтар өсіп, жаңа Конституция қабылдауға негіз болды. 1993 жылғы Конституция қайшылықты, өтпелі кезеңде қабылданды. Әлі де көп мәселелер шешімін таба алмады. Бірнеше ауқымды мәселелер бойьшша елде ұзақ пікірталас, даулар болды. Олардың ішінде: қос азаматтық; тіл мәселесі; ұлттық мемлекет пен азаматтық қоғам құру; әкімшіліктер мен кеңестер арасындағы қайшылықтар; Жоғарғы Кеңес пен Үкімет арасындағы қайшылықтар болды. Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен бұл мәселелер шиеленіске жіберілмей кезең-кезеңімен саяси және құқықгық тұрғыдан шешілді. Казақстан Республикасының "Азаматтық туралы" заңы кабылданып ( 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Демократиялық және құқықтық қатынастар жолындағы құқықгық кедергілер толық жойылып, еліміздің өркениет жолына түсуіне кең жол ашылды. Қазақстан таза Президенттік республикаға айналды, қос палатадан тұратьш тұрақты Парламент құрылды, Үкіметтің ролі артты. Азаматтардың кұқықгары мен бостандықтары нығайды.
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы (пәннің атауы)
Кафедра Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер Тьютор Бедельбаева Нургул Серикболовна Мамандық 5В030100 «Құқықтану» Кредит саны 2 Пән циклі Базалық компонент Студенттер саны________________________________________________
|
| <== previous lecture | | | next lecture ==> |
| Наймандар, керейлер | | |