|
Программаны компиляциялау.Date: 2014-03-01; view: 1058. Жаңа құрылған программаны (проектіні) сақтаған соң, оны іске қосу үшін компиляциялау қажет. Ол үшін берілетін команда: Project-Compile Project (Проект-Проектіні компиляциялау). Жүйенің сәйкес күйге келтірілуіне байланысты, іске қосу командасы берілген кезде компиляциялау барысы Compling сұхбаттық терезесінде көрініп тұрады (1.12 сурет).
1.12-сурет. Компиляциялау барысын көрсету терезесі
Компиляциялау командасы берілген кезде Compling терезесі экранда көрінбеуі ықтимал. Оны экранға шығару тәсілі: - Tools-Environment Options (Сервис-Күйге Келтіру) командасын беру. Enviroment Options терезесі ашылады; - терезесінің Preferences (Орнату) қосымша бетін ашып, Compling and running (Компиля- циялау және орындау) блогында орналасқан Show Compiler progress (компиляциялау барысын көрсету) жалаушасын орнату (1.13 сурет).
1.13-сурет. Компиляциялау параметрлнрін таңдау терезесі Ескерту. 1. Программа нәтежиесі экранда көрініп, бірақ оның жүрісі аяқталмаса, алғашқы қалыпқа өту үшін Run мәзірінің белсендірулі тұрған Program Reset қатарын шерту қажет не форманың Жабу түймесін шертуге болады. 2. Программада синтаксистік қателерден басқа семантикалық (мағыналық), алгоритмдік қателердің кездесуі мүмкін (мысалы, 5 орнына 15 жазылған, нұсқау дұрыс берілмеген, т.б.). Оларды компилятор ескермейтіндіктен, құрылған программаны мұқият зерттеп шыққан дұрыс. Программаны тестілеуге де болады.
Компилятор ерекшелеген жолда синтаксистік қате болмай, қате оның алдындағы жолда жіберілуі де мүмкін, мысалы, оған енгізілген команда соңына нүктелі үтір (;) таңбасы қойылмаған, т.б. Қате түзетіліп болған соң Іске қосу командасын қайта беру керек не Run-Step Over(Іске қосу-Қадамнан бастап) командасын беруге болады. Егер программада синтаксистік қате бар болса, компиляциялау кезінде Delphi қате табылған жолды код терезесінде ерекшелеп көрсетіп, қате жіберілген орынға курсорды орналыстырады және қате типін терезенің төменгі бөлігінде орналасқан терезеде көрсетіп, машина жұмысын тоқтады. Мұндағы ескеретін жайт: компилятор бір қатені төменгі терезеде екеу етіп көрсетеді: біріншісі - синтаксистік қате жөнінде мәлімет, екіншісі - файлдың компиляцияланбағанын және орындалмайтынын хабарлау. 1.8. EXE –файл Проектіні сақтау кезінде Delhi PAS, DFM, DCUкеңейтулері қосылатын үш файыл дайындап шығады. PAS - файлы – код терезесіндегі мәтін көшірмесі; DFM файлында форма терезесінің ішіндегісі сипатталады; DCU - файлы – екі файлдың да машиналық нұсқауға түрлендіру нәтижесі. Егер программада синтаксистік қате болмаса, компилятор оларды exe файлға түрлендіріп шығады (файлдың аты проект атауымен бірдей етіп жазылады да, оған .exe кеңейтілуі қосылып қойылады). Ол Windows-қа кірістіріліп, проект файлы сақталған бумада орнастырылады. Оны Windows жетекшісі (сілтеушісі) терезесінен әдеттегідей іске қоса беру мүмкін.
1.9. Компоненттер палитрасы жөнінде Delphi- де программа дайындау үшін компоненттік тәсілпайдаланылған: пайдаланушы программаларының кітапханасы программалау ортасымен бірге ұсынылатын, бір іс-әрекетті орындайтын (дайын программалар үзінділерінен тұратын) компоненттерден жинақталады, ал олар форма терезесіне енгізіледі. Компоненттік тәсіл программалау технологиясына нағыз төңкеріс жасады деуге болады, себебі, компоненттерді пайдалану программа жұмысын күрделі түрде жеңілдетті.
Компоненттер кітапханасын визуальды компоненттер кітапханасы (Visual Component Library, VCL)деп атайды. Онда түрлі кластық көптеген стандартты компоненттер жинақталып (Delphi 5-те олардың саны 200-ден артық),олар түрлі атаулы 19 бетке орнатылып қойылған [2]. Мысалы, Standardбетіне енгізілген кейбір компоненттер 1.2-кестеде және 1.14-суретте көрсетілен. Additional(Қосымша) бетіне енгізілген компоненттер сұхбаттық терезелердің көрінісін түрлендіру үшін пайдаланады. System (Жүйе) бетіне OLE (Байланыстыру және орнату) технологиясы бойынша берілгендерді түрлі программалар арасында алмастыратын және т.б. іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер енгізілген. Мысалы, Timer (Таймер) – нақты уақыт аралықтарын есептеу; Paint Box (Сурет қорабы) – графикалық кескіндер енгізілетін төртбұрышты облыс құру; OLEContainer (OLE Контейнер) – байланыстыратын және орнатылатын объектілерді қабылдау контейнері; Media Player – Мультимедиалық құрылғылармен жұмысты басқару. Win32бетіне енгізілген компоненттердің бірі–Animate (жандандыру, қозғалыс әсерін ұйымдастыру) – қозғалыс әсерін ұйымдастырады. Компонент формаға орнатылған кезде соңына индекс қосылып, класс атауын алады. (1.12 – тақырыпты қараңыз) 1.2-кесте
Samples (Модель) бетіне енгізілген компоненттер: ColorGrid (Түстер торы) – түстер кестесі. Ол 16 түстік палитрадан негізгі және фон түсін таңдау;
1.14-сурет. Компоненттер палитрасы. Standard бетіне енгізілген компоненттер
Calendar (Календарь) – ағымдық күн белгіленген ай календарын көрсету (жылдық календарды Win32 панелінің MonthCalendar компонентін формада орнату арқылы шығаруға болады), т.б. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны компоненттер панеліне қосып қоюы да мүмкін.
1.10. Ole Container компонентін пайдалану мысалы Компонеттер әдістері толық іс-әрекеттерді орындайтын аяқталған программалар үзінділерінен тұрады. Мысал ретінде төменде компоненттер панелінің System бетіне орналастырылған Ole Container класымен жұмыс істеу бір тәсіл көрсетілген(Ole Container жөнінде кеңірек 3-тарауда баяндалған). Мысал. Paint графикалық редактор терезесін Delphi ортасына шақырып, сурет салу және салынған суретті формада көрсету керек. 1. Жаңа форма ашып, онда Ole Container компонентін орнату. 2. Орнатылған компонетті екі рет шерту. Объектіні кірістірутерезесі көрінеді (1.15-сурет). Оған объект типтерінің тізімі енгізілген: Документ Microsoft Word, Лист Microsoft Excel, точечный рисунок PaintBrush, т.б.). Олардың кез келгенін таңдап, Delphi ортасында іске қоса беру болады. 3. Тізімнен точечный рисунок PaintBrush қатарын таңдап, терезенің ОК түймесін шерту. Delphi-ге Paint графикалық редакторы қосылып қойылады және форма қайта ашылады. 4. Ole Container компонентін екі рет шерту. Тақырыбына точечный рисунок Ole Container1-Paint жазылған Paint терезесі көрінеді (1.16-сурет). Paint мүмкіндіктерін пайдаланып, төртбұрыш ішіне қолдан қалған түрде сурет салу және оны редакциялау әдеттегідей. Файл-Көшірмесін ... деп сақтау( Файл-Сохранить копию как...) командасы арқылы салынған сақтау. 5.
1.15-сутрет. Объектіні кірістірутерезесі
1.16-сурет. Ole Container1-Paint терезесі. 4. Терезені жабу. Компонент ішінде сурет салынған форма көрінеді (1.17-сурет)
Ескерту.ТOleContainer компоненті арқылы басқа қосымша ашып, оны пайдалану мысалы ІІ тарауға енгізілген.
1.17-сурет. Сурет енгізілген форма
|