Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Есім хан (1598-1628) 10 page


Date: 2015-10-07; view: 1033.


Түрксіб жоспарда белгіленген 5 жылдың орнына 3 жылда салынып бітті.1930 жылғы 28 сəуірде солтүстік жəне оңтүстік учаскелер Айнабұлақстанциясында түйісіп, жол уақытша іске қосылды. 1931 жылғы қаңтарда тұрақты пайдалануға берілді. Түрксіб магистралы салынуының мемлекеттік жəне əлеуметтік-экономикалық маңызы болды. Орта Азия Сібір аудандарымен жалғастырылды. Елдің шығыс аудандарының экономикасы мен мəдениетін дамытуға ықпал етті.

Соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезінде салынған құрылыстар:

Түрксіб теміржолы, Қарағанды шахталары, Ембі мұнай кəсіпшіліктері,Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш, Жезқазған кен - металлургия комбинаттары, Кенді Алтай, Ащысай полиметалл кəсіпорындары, Ақтөбе комбинаты, жылу жəне су электр станциялары, құрылыс материалдары кəсіпорындары. Балқаштың, Қарсақпайдың, Жезқазғанның түсті металлургия кәсіпорындарымен бірге көмірлі Қарағанды алып өнеркәсіп кешеніне айналды.Түсті металлургия өнеркәсіптің жетекші саласына айналды. Индустрия дамуында Ертіс өңірінің үлес салмағы зор болды.

Өлкеде болашақ өнеркəсіп тораптарының негізі қаланып, басқа республикадағы экономикалық аудандармен байланыс нығайтылды.

Орталық Қазақстан шикізатты өңір ретінде Оңтүстік Оралдың өнеркəсіп орындарын кен, металл, көмірмен жабдықтады. Кенді Алтай Сібірдің индустриялы кешенімен ұласты. Ембі Батыс Қазақстандағы ірі мұнай өнеркәсібі базасына айналды. Орал - Сібір - Қазақстан үшбұрышы мырыш, мыс, қорғасын өндіруден КСРО- да жетекші орын алды.

 

Əміршіл-əкімшілік басқару жүйесінің əдістерімен – директивалық жоспарлау, орталықтың əмірімен іске асырылды.Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері қарқынды игерілді. Қазан төңкерісіне дейінгідей өндіруші салалар және химия өнеркәсібінің дәстүрлі салалары басым дамытылды. Машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркəсібі кəсіпорындары болмады.

Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркəсібі артта қалды. Тау-кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді.

Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит орталыққа тегін əкетілді. Алтын өндіру елдің қаржы жүйесін нығайтуға үлес қосты. Табиғи байлықтарды теміржол арқылы тасымалдау 1913

жылғы деңгейінен 21,3 есе асып түсті. С.Сəдуақасов: “Қазақстан отарболып келді жəне солай болып қалды” деп көрсетті. Мұнай Ембіде өндіріліп, мұнай өңдейтін кәсіпорын Орскіде салынды. Білікті жұмысшы мамандар, инженер- техник қызметкерлер сырттан, негізінен РКФСР мен Украинадан əкелінді.

Қалаландыру үрдісі күшейді. жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді. 1939 жылы қалада 375 мың қазақ тұрды. 1926 жылмен салыстырғанда 5 есе көп болғанына қарамастан қалалар еуропалық сипатта болған. Соғыс қарсаңында қала мен қала үлгісіндегі қоныстарда қазақтардың 16%-ы тұрды. Қала халқы

Мәскеу, Ленинград, Киев, Харьков, Свердловскіден және Ресей, Украина, Әзірбайжаннан келген жұмысшылар, инженерлер, техниктер есебінен көбейді.

 

Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру

Жаңа экономикалық саясат нəтижесінде кооперативтік қозғалыс дами түсті. Мал саны 40,5 млн-ға жетті. Ф.И.Голощекин “ауылды кеңестендіру” ұранымен “жаңа революция” жүргізудің идеялық - cаяси негізін жасады. Наразылық білдірген Т.Рысқұлов БК(б)П Орталық Комитетінің қарамағына шақырылды, ал С.Сәдуақасов,С.Сейфуллин, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев “ұлтшыл” деп айыпталды. Шабындық жəне егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды ауырлата түсті. И.В.Сталиннің нұсқауымен астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етілді. Ф.Голощекин ауылдарға 4800 уәкіл жіберді, 31 мыңдай шаруа жазаланды, 277 шаруа атылды.

Ұжымдастыру бай-кулактарды тəркілеуден басталды. 1928 жылғы тамызда Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай

феодалдарды тəркілеу жəне жер аудару туралы” декрет жарияланды. Бай-феодалдар өздерінің мүліктік жəне қоғамдық ықпалымен ауылды Кеңестендіруге кедергі жасайды деп саналды. Ең ірі 657 байлар мен жартылай феодалдар жер аударылды. Олардан 145 мың мал тартып алынып, ауылшаруашылық құралдары 877 ұжымшарға, 24.491 шаруашылыққа бөлініп берілді.

1927 жылы желтоқсанда өткен Компартияның ХVсъезі ауыл

шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Ауылда кооперативтік қозғалыстың дамуы барысында еріктілік, дербестік, материалдық мүдделілік, кооперативтендірудің жоғары формаларына кезеңмен өту ұстанымдары жарияланды. ҚазақАКСР-де ұжымдастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді.

Қазақстанның астықты аудандарындағы колхоздық құрылыстың негізгіформасы – ауыл щаруашылығы артелі, ал мал шаруашылығы аудандарында – жерді бірлесіп өңдеу жəне шөп шабу серіктестігі болуға тиіс еді. Жарғы бойынша мал қоғамдастырылмай, жеке мал мен құрал-саймандарды пайдалануға ақы төленуі керек болатын.

 

1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада ұжымшар құрылысы жедел дамыды. Алғашқы МТC (машина-трактор станциялары) құрылды. Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін қосымша 8 мың жұмысшы “ұжымдастырушылар” тартылды. Мəскеу, Ленинград, Харьков, Иваново-Вознесенскіден 1204 адам жіберілді. Олар Ресейдегі жобаны қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.

Ұжымдастыру идеясы мейлінше қатаң жүргізіліп, жаппай қуғындау мен лаңкестікке негізделді. Ұжымдастыру даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен әкімшілдік-күштеу əдістерімен жеделдете жүргізілді. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мəдени тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады.

Белсенділер отырықшыландыруды жоспарланған 3 жылдың орына 3күнде аяқтап жалған ұжымшарқұра бастады. 1932жылдың ақпанында Шу ауданында жүздеген шаруашылықтар жиналып, 400 киіз үй “қала үлгісіндегі поселке” болып тігілді. Осындай жағдайлар әр жерде кездесті. Абыралы ауданында барлық шаруашылықтың-70%, Жымпиты ауданында-60%, Жəнібек ауданында-95%-ы ұжымдастырылды.

 

Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды. 1928 жылы барлық шаруашылықтың 2%-ы,1931 жылғы қазанда 65%- ы ұжымдастырылды. Азықпен қамтамасыз етудің қиындауына

байланысты 1929 жылы «əскери коммунизм» саясаты кезіндегі төтенше əрекет жүргізілді. 1931-1932 жылдары Шұбартау ауданында малдың 80%-ы мемлекетке етке өткізілді. 173 мың малы болған Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды. Торғай ауданында 1млн-ға жуық малдың 98 мыңы қалды.

Торғайлықтар асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!” ұранын көтерді.

Еріктілік ұстанымы өрескел бұзылды. Сайлау құқықтарынан айыру, басқа аудандарға жер аудару, ұзақ уақыт қамауда ұстау тәсілдері қолданылды. Ұжымшарға кіргісі келмеген кедейлер мен орташаларды “бай-кулактар” қатарына жатқызды. 1929 жылы 56.498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңнан астамы сотталды. Кулактар қатарына жатқызу үшін темір шатырлы үйі немесе екі аты болуы жеткілікті болды.

Ақмола округінде сотталғандарды үй ішімен 24 сағатта жер аударып жіберген.. Алматы, Петропавл округтерінде қара бойкот (шет қақпайлау) жариялап, терезелерге тақтай қағып, от жағуға рұқсат етпеген.

Ақтөбе, Павлодар округтерінде кедейлерді ұрып-соғу, суық су құйып азаптау, суық қоймаларға қамау, кулак үйінде жаназа рəсімін өткізуге жол берілген.

1929-1933 жылдары БМСБ (Біріккен Мемлекеттік СаясиБасқарма) үштігі 9.805 іс қараған. Aту жазасына 3.386 адам, 3-10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға 13.151 адамға үкім шығарды. 1933 жылы БМСБ үштігі 21 мыңнан астам адамды қамауға алды. Тұтас əулеттер мен рулар да жазаға тартылды. Үштіктің хаттамаларына Ф.Голощекин, І.Құрамысов (1930 ж. 9 наурыздан) Г.Рошаль қол қойып отырды.

1930-1932 жылдары елді аштық жайлады. Аштықтан, түрлі індеттен халықтың 40%-ы қырылды. 1931-1933 жылдары республикадағы 6,2 млн.тұрғынның 2,1 млн-ы қырылды. Оның ішінде қазақтан басқа халықтың шығыны - 0,4 млн адам. 1 млн-нан астам қазақ республикадан тыс жерге көшіп кетті. Ұжымдастыру қарсаңындағы мал саны - 40,5 млн болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн ғана мал қалды.

1932 жылғы шілдеде аштық апаты мен себептері туралы Ф.Голощекинге “Бесеудің хаты” жазылды. Бұл хатты жазған қайраткерлер - Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дəулетқалиев,

Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев. 1933 жылғы наурызда Т.Рысқұлов аштық апаты туралы И.В.Сталинге, М.М.Кагановичке, В.М.Молотовқа хат жолдады.

 

1929-1931жылдары өлкеде қарулы қарсылықтар болды. 1929 жылы қыркүйекте Қарақалпақстандағы Тақтакөпірде,Сырдария округіндегі Бостандықта, қарашада Қостанай округіндегі Батпаққарада қозғалыстар болған. 1930 жылы ақпанда Сырдария округіндегі Созақта , Ақтөбе округіндегі Ырғызда, 1930 жылы наурызда Алматы округіндегі Сарқантта қозғалыстар басталған. Қозғалыстардың негізгі себебі- күштеп ұжымдастыруға, ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс укладының қиратылуына, орташалар мен кедейлерді кулактар ретінде жоюға қарсылық.

 

 

Семей округі халық наразылығының ірі ошағы болды. 1930 жылғы ақпан-мамыр аралығында Зырянов,Өскемен, Самар,Шемонайха, Катонқарағай аудандарын ірі толқулар қамтыды.“Бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі” деп бағаланған Торғай шаруаларының Батпаққара көтерілісі бүкіл республикаға күшті әсер етті. Қарақұм көтерілісін Орынборда орналастырылған 8-дивизия басып тастады.

Көтерілісшілер Созақ ауданының орталығын басып алып, аудан басшыларын өлтірді. 1931 жылғы көктемде Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау аудандарының көтерілісшілері түгел қырылды.

Республика аумағынан шетке қашу жиіледі.Түрікменстан, Қарақалпақ, Иран, Ауғанстанға - Маңғыстау, Жылқосын, Ойыл, Табын аудандарының халқы көшіп кетті. Қытай жеріне - Алматы округінің Балқаш, Шоқпар, Іле, Еңбекшіқазақ, Биен-Ақсу, Сарқант, Жаркент, Бөрібаев аудандарының халқы көшіп кетуге мәжбүр болды.Республика аумағында 372 толқулар мен көтерілістер болған.

1932 жылғы қыркүйекте Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы қаулы қабылданды. Мал шаруашылығы аудандарында шаруашылық артеліне көшу сатысы ретінде бірлесіп жер өңдеу мен шөп шабу жөнінде серіктестіктер құруды ұсынды. Саяси жағынан сəтсіздікке ұшыраған басшылық (Голощекин, Исаев, Құрамысов, Ерназаров, Голюдов) халық алдында жауапқа тартылмады. “Жасанды ұжымшарлар” таратылды. Астықты аудандарда коммуналар орнына, артельдер ұйымдастырылды. Күштеп қоғамдастырылған мал-мүліктер халыққа қайтарылды. Отырықшы аудандарға техникалық және қаржылай көмек көрсетілді.

1935 жылдың ақпанында екпінді ұжымшар мүшелерінің съезі болды. Ауылшаруашылық артелінің жаңаүлгі Жарғысы қабылданды. Екінші бесжылдық кезінде егіс көлемі мен мал саны өсті. Мақта мен қант қызылшасы егістіктері кеңейтілді. Көшпелі өмір салтынан отырықшылыққа көшу аяқталды. 1938 жылғы қарашада Қиыр Шығыстағы корей ұлты ауданынан (Посьет) Қазақстанға 100 мыңнан астам адам көшірілді. Қызылорда мен Алматы облыстарында корейлерден тұратын 57 ұжымшар құрылды.

Ұжымдастыру бағытының 2 жағы болды:

1.Шаруалар бай-феодалдарға кіріптарлық пен күйзелістен құтылды.

2.Көшпелі өркениет ерекшелігі ескерілмей күштеу әдісімен жүзеге асырылды.

 

1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының құрылуы

1930 жылдары КСРО-да социалистік қатынастар орнады. Социализм тоталитарлық, казармалық сипат алды. Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс- құрал жабдықтарына қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетілді. Жұмысшылар орталықтандырылған мемлекеттік меншікке қатысы жоқ, еңбегін сатып күн көретін пролетариат қалпында қалды. 1936 жылы сталиндік КСРО Конституциясы жариялаған бюрократиялық орталықтандыру орнықты.

Республикалар іс жүзінде толық егемендік алмады, оларға заң шығару құқығы берілмеді.

Елде Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі” деген сталиндік теория үстемдік етті. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Мемлекеттік билік органы ретіндегі Кеңестер қызметі шектелді. Жеке адам құқығы тарыла берді, балама пікір қабылданбады. 1928 жылы Қызылордада қызыл астананысалушылардың “қаскүнемдігі” ашылды. Талантты сəулетшілер, инженерлер, ғалымдар - М.Тынышбаев, П.Т.Буддаси, С.Б.Голдгор, С.А.Баграков жауапқа тартылды. 1930 жылғы сəуірде қазақ-кеңес əдебиетінің негізін салушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовты атуға үкім шығарылды.

1937-1938 жылдары лаңкестік жаппай сипат алды. Ұлт зиялылары “халық жаулары” деп айыпталып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ-кеңес əдебиетінің көрнекті тұлғалары - С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев,М.Дулатұлы жазаға ұшырады. Жазалау шараларының құрбандары: қазақ тілі білімінің ғылыми маркстік негізін салушы А.Байтұрсынұлы, тілтанушы ғалым, профессор Қ.Жұбанов, қазақтың тарихи білімінің негізін салушы С.Асфендияров, КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы басшыларының бірі М.Төлепов.

Қазақстанда лагерьлер жүйесі құрылды:

Степлаг – Далалық лагерь.

Карлаг - ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері.

ЧСИР - Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь.

АЛЖИР - Отанға опасыздық жасағандар əйелдерінің Ақмола лагері.

ГУЛАГ – Лагерьлер Бас Басқармасы.

С.Сейфуллиннің, Т.Жүргеновтің, С.Қожановтың əйелдері және Т.Рысқұловтың əйелі мен қызы түрмелерде азап шекті. 1931 жылы Осакаров ауданында (Қарағанды облысы) 25 қоныс- обсервация пайда болды. 1932 жылдың күзінде жазалауға ұшыраған кубаньдықтардың бірнеше эшелоны Осакоровқа əкелінді.

Карлаг азабын көргендер арасында Одақ көлемінде белгілі ғалымдар болды. Ғалым А.Л.Чижевский - салмақсыздық жағдайындағы қан айналымы теориясы жөніндегі еңбектің авторы, Э.Циолковскийдің досы. Профессор В.Л.Пржецлавский - жылу техникасы жөніндегі ірі маман, академик С.П.Королевтің серігі. В.С.Пустовойт - кейін атақты селекционер, академик болған, екі мəрте Социалистік Еңбек Ері.

Н.В.Тимофеев-Ресовский - кейін радиациялық генетиканың негізін салушы. Т.М.Людвиг - Сəулет академиясының корреспондент-мүшесі.

Партияның Қазақстанға жіберген көптеген өкілдері, адал қайраткерлерде лаңкестіктің құрбаны болды. 1905 жылдан партия мүшесі, кәсіпқойреволюционер В.Н.Андронников, 1917 жылдан партия мүшесі Л.И.Мирзоян, 1919 жылдан партия мүшесі, азамат соғысына қатысқан К.Я.Рафальский, 1917 жылдан партия мүшесі В.Н.Манерсен.

1930-1940 жылдар ы және 1950-жылдарда контрреволюциялық қылмыстар туралы істердің жартысынан астамын негізінен сот органдары емес, БМСБ алқасы, «Үштіктер», ерекше кеңестер қараған.

101 мың қазақстандық ГУЛАГ-қа жабылып, 27 мыңнан астамы атылды. “Халық жауларының” 40 мыңы кейін ақталды.

 

РКФСР құрамындағы Қазақ АКСР-і дамыған индустриялды-аграрлы республикаға айналды. Еңбекке жарамды 3,3 млн адамның 1 млн-ға жуығы жұмысшылар мен қызметшілер болды. Ауылда механизаторлар өзекті тұлғаға айналды. 1936 жылғы 5 желтоқсанда КСРО Кеңестерінің төтенше VІІІ съезінде КСРО Конституциясы қабылданды. Қазақ АКСР-ы Одақтас республика болып қайта құрылып, Қазақ КСР-і атанды. Барлығы 11 одақтас республика болды.

1937 жылғы наурызда Қазақстан Кеңестерінің төтенше Х съезінде Қазақ КСР-і Конституциясы қабылданды. Республиканың саяси негізі - еңбекшілер депутаттарының Кеңестері, ал экономикалық негізі -

социалистік шаруашылық жүйесі деп көрсетілді. Өндіріс құралдары мен құрал- жабдықтары социалистік меншік болып табылатыны жарияланды.

1937 жылдың желтоқсанында КСРО Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді. Жоғарғы Кеңеске республикадан 44 депутат сайланды. Олардың ішінде шахтер Т.Күзембаев, мұнайшы С.Зұрбаев, комбайншы И.Логвиненко, сауыншы С.Оңғарбаева, паровоз машинисі Л.Березняк болды. 1938 жылғы маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтіп, оған 300 депутат сайланды, оның 152-сі қазақ болды.

1939 жылы елдің индустриялық қуатын арттыру, қорғаныс қабілетін нығайту мақсаты қойылды. Қазақ КСР-і үшінші бесжылдықта түсті металдар өндіру жөніндегі ірі базаға, көмір, мұнай өндіретін, ауыл шаруашылығы дамыған ауданға айналуға тиіс болды.

 

1938-1941 жылдары іске асырылған шаралар:

1.Қарсақпай мыс балқыту зауытын қайта құру мен кеңейту. 2.Жезқазған мыс балқыту зауытын салу.

3.Алтайда түсті металлургияны дамыту.

4.Ембідегі геологиялық жұмыстар мен барлап бұрғылау ісін жеделдету.

Үшінші бесжылдық жылдары еңбек кітапшалары енгізілді, мемлекеттік сақтандыру тəжірибесі жақсартылды, 8 сағаттық жұмыс күніне, 6 күндік жұмыс аптасына көшірілді. 1940 жылдың соңында мемлекеттік еңбек резервтері жүйесі пайда болды. Әйелдердің жаппай ерлер мамандығын меңгеру қозғалысы басталды. П.Ангелинаның тракторды меңгеруге шақырған бастамасымен ондаған мың қыздар мен əйелдер тракторшы мамандығын меңгерді.Соғыс қарсаңында инженер мен техниктердің саны артты, құрылыстарды салу жеделдеді. Құрылыста лагерьлік экономикаға жақын шаруалардың тегін күші пайдаланылды.

1940 жылы ұзындығы 806 шақырымдық Ақмола-Қарталы жолы 9 айға толмайтын мерзімде екпінді құрылыс ретінде салынды. Қарағандыдан Магнитогорскіге көмір тасу 500 шақырымға қысқарды.

Атырау-Қандыағаш, Қандыағаш-Орск, Шығыс Қазақстан мен Семей облысындағы 806 км. “Шығыс орамы” , Алматы-Сарыөзек, Жамбыл-Алакөл темір жолдары салынды. Барлығы 2681 шақырым теміржол, оның 1358 шақырымы пайдалануға берілді.

 

Соғыстың алдындағы жылдарда түсті металлургия жоғары қарқынмен дамыды. Шымкент қорғасын, Балқаш мыс қорыту, Лениногор, Зырянов полиметалл зауыттары, мыс балқыту комбинаты, Ащысай, Қоңырат кеніштері салынды. Салынып жатқан құрылыстар қатарына Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Текелі полиметалл, Жезқазған мыс балқыту комбинаттары жатты. Лениногор комбинаты, Қарсақпай, Ертіс мыс балқыту зауыттары қайта құрылды. Шымкент қорғасын зауытының қорғасыны одақтағы ең таңдаулы деп танылды. Химия өнеркәсібі және радиоландыру жоғары қарқынмен дамыды. 1940 жылы 2580 ірі кəсіпорын жұмыс істеді. 1940 жылы Қазақстан Одақ бойынша қорғасынның 87%-ын, мыстың 21%-ын өндірді.

Халықтық құрылыс әдісімен каналдар мен суландыру жүйелері салынды. Батыс Қазақстанда Жайық-Көшім каналы пайдалануға берілді. Бетпақдаланы игеру жедел қарқынмен жүргізілді. Тұрғын үй құрылысына бөлінетін күрделі қаржы артты. Ауруханалар, дүкендер, асханалар көптеп салына бастады.

 

V тарау. Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы

Фашистік Германия басшылығы Барбароссасоғыс жоспарын жасағанда КСРО-ны көп ұлттың жасанды жəне тұрақсыз бірлестігі, ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат (құранды) деп есептеді.

КСРО аумағында рейхкоммиссариат құруды жоспарлады:

Остланд- Беларусь пен Балтық жағалауы, Украина, Московия – Ресей,

Кавказ, Еділ-Орал, Гросс Түркістан (Үлкен Түркістан).

“Үлкен Түркістанға” Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Əзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Шыңжан, Ауғанстанның бір бөлігі енгізілді. Бұл өңірде ұлы Герман империясы үшін қуатты шикізат жəне азық-түлік базасын жасау белгіленді. Республикада 2 млн-астам адам әскери даярлықтан өтіп, әрбір бесіншіқазақстандық майданға аттанды. Соғыс жылдары майданға жақын өңірлерден көшіріліп əкелінген 27 əскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды.

Майданға жақын өңірлерден 220 зауыт пен фабрика, цехтар мен артельдер Қазақстанға көшірілді. 20 шақтысы майдан қажетіне лайықталып қайта құрылды.Тамақ өнеркəсібінің 54 кəсіпорны, жеңіл жəне тоқыма өнеркəсібінің 53 кəсіпорны көшіріліп əкелінді.Көшіріліп əкелінген зауыттар мен фабрикалар негізінен Алматы, Орал, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе, Петропавлға орналастырылды.

Соғыс жылдары салынған құрылыстар: Қарағанды шахталары, Жезді, Шығыс Қоңырат, Мырғалымсай, Найзатас кеніштері, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Текелі жəне Өскемен қорғаныс-мырыш комбинаттары.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының құрылысы Запорожье ферроқорытпа зауытының жабдықтарын алды. Алматы машина жөндеу зауытының құрылысы Луганск ауыр машина жасау зауытының цехтарын алды.

Оңтүстіктегі тамақ өнеркəсібінің құрылысы Украинаның 14 қант зауытының жабдықтарын алды. Көшірілген кəсіпорындар негізінде білдек (станок) жасау, оқ-дəрі өндіру салалары пайда болды.

1942 жылы егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға көбейді. Жалпы КСРО бойынша егіс көлемінің 30%-ын құрады. Күздік дәнді дақылдар, тары, қызылша егісінің көлемі артты. Қазақстан КСРО-ның аса ірі мал шаруашылық базасына айналды.

Соғыс жылдарындағы еңбек ерлері болған звено жетекшілері - Ким Ман Сам, Б.Сомжүрекова, С.Оңғарбаева, Ш.Берсиев, Ы.Жақаев, А.Дацкова.

Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар жəне атты əскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Брест қамалын қорғаушы қазақстандықтар: А.Наганов, В.Фурсов, Қ.Тұрдиев, К.Əбдірахманов, Қ.Иманқұлов, Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров. 1941 жылғы 20 қыркүйекте дивизия комиссары, Оңтүстік-батыс майдан Əскери Кеңесінің мүшесі Е.П.Рыков басқарған 800 жауынгер 3 тəулік бойы шайқасып, бəрі қаза тапты.


<== previous lecture | next lecture ==>
Есім хан (1598-1628) 9 page | Есім хан (1598-1628) 11 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 2.078 s.