Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Есім хан (1598-1628) 9 page


Date: 2015-10-07; view: 1204.


Азық халық комиссариатының есептеу-бөлу органы кооперация түрінде болды.

Капиталға шабуыл кезеңінде қанаушыларды байлығынан айыру, жеке меншікті жою бағыты басым болды.Халық шаруашылығының негізінде теңестіре бөлу ұстанымын алған “əскери-коммунистік” құрылғы пайда болды. Елде социализмнің қоғамдық- әлеуметтік алғышарттары туралы түсінік айқын емес еді. Пролетариат диктатурасы, революциялық күштеу, мемлекеттің жаңа үлгісі арқылы социализм орнату туралы бұрмаланған түсінік орнықты.

 

Қазақстан шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарында (1918 – 1920 жж.)

Азамат соғысы - мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматтарының өзара соғысы. 1918 жылы ақтар большевиктерге қарсы азамат соғысын бастады. Ақ легионерлер 1918 жылы мамырдың соңында Петропавлды,

маусымда Көкшетау, Ақмола, Омбы, Павлодар, Семей, Қостанайды басып алды. 1918 жылы маусымда атаман А.Дутов Орынборды басып алып, Қазақ өлкесін Орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Ақгвардиялық “Сібір үкіметін” ресми түрде таныған Алашорда үкіметі атаман Дутовпен бірігіп, Кеңес өкіметіне қарсы шықты.

Антанта Чехословак корпусын бүлік шығаруға айдап салды. Тамызда Иран мен Каспий сыртына ағылшын әскері енгізілді. Орта Азия мен Қазақстанды интервенттер мен ақгвардияшылдардың басып алу қаупі төнді. 1918 жылғы наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын жаулады. Сəуірде оларға қарсы “Ерекше армия” құрылды.1918 жылғы қарашада “Сібір армиясының” Екінші Жеке Дала корпусы Ташкентті басып алу мақсатымен Жетісу майданына атаман Анненковтың дивизиясын жіберді. Солтүстік Жетісуда табан тірескен ұрыстар өршіді.

Кеңестер Түркістан мен Қазақстанда “Мұсылман бөлімдері” деп аталған әскери бөлімдер құрды. 1920 жылы Түркістанда байырғы халықты əскерге тұңғыш рет күштеп жинау басталды. 1920 жылдың соңында Бөкей Ордасында, Орал, Торғай облыстарында 37 əскер бөлімдері құрылды.

Әскер бөлімдерін құру ісін ұйымдастырғандар:

1.Дала өлкесінің төтенше комиссары Ə.Жангелдин

2.Торғай уезінің əскери комиссары А.Иманов

3.Қазақ атты əскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі Б.Қаратаев.

Əскери бөлімшелердің командирлері мен комиссарлары-Т. Əлиев, А.Асылбеков,С.Арғыншиев, Б.Алманов, Ж.Жəнікешев, М.Масанчи, А.Розыбакиев, О.Исаев, А.Оразбаева.

 

1919 жылғы қаңтарда Орынбор мен Орал азат етілді. Бұл Кеңестік Ресейдің Қазақстан жəне Орта Азиямен тікелей байланысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.1919 жылғы көктемде Антантаның Кеңес еліне біріккен жорығы басталды. Басты соққыны Колчактың ақ гвардияшыл əскерлері берді.

Ақ гвардияшыларға қарсы партизан қозғалысы өрістеді. Партизан қозғалысына басшылық еткендер:

1.Қостанай уезінде Мәскеудегі Қазан қарулы көтерілісіне қатысушы М.Летунов.

2.Қара теңіз әскери флотының бұрынғы матросы Г.Муляр. 3.Қысқы Сарайға шабуылға қатысқан А.Миронов.

4.Торғай депутаттар Кеңесінің мүшесі К.Иноземцев.

5.Үш революцияға да қатысқан, Қостанай төтенше комиссиясының төрағасы И.Эльбе.

6.Әскерден қайтқан А.Жиляев.

7.Кеңарал болысында 1916 жылғы қозғалыс жетекшілерінің бірі Өтеп Ыбыраев.

8.Ой болысында Кəкімжан Саркин.

Черкасск қорғанысы 1918 жылғы маусым–1919 жылғы қазан

аралығында болды. Черкасск қорғанысы Солтүстік Жетісуда Кеңес

өкіметін орнатуда үлкен рөл атқарды. Шаруалар

 

Колчак тобына шабуылдап, 1919 жылғы сəуірде Қостанайды азат етті. Бірақ жақсы қаруланған Колчак отрядтары Қостанайды қайта жаулап алды. Қазақ жеріндегі Колчак əскерін талқандау Шығыс майданының Солтүстік жəне Оңтүстік топтарына жүктелді.

1919 жылғы маусымда М.В.Фрунзе басқарған Оңтүстік топ əскерлері Уфаны азат етті.1919 жылғы шілдеде 25-Чапаев дивизиясы мен қазақ атты əскер бригадасы Оралды жау қоршауынан босатуға қатысты.1919 жылдың жазында Қызыл Армия Колчак тобын Оралдан асыра қуып тастады.

Түркістан майданының 1- армиясы колчакшыларға қарсы Ақтөбе

бағытында шабуылдады. Оларға Арал теңізі жағынан Ақтөбе майданының бөлімдері қолдау көрсетті. 1919 жылғы қыркүйекте

1-армия Ақтөбе майданымен Мұғалжар станциясында түйісті.

Нəтижесінде Түркістан Орталық Ресеймен қайта қосылды . 1919

жылдың соңында Орал облысы толық азат етілді.

1920 жылғы 5 қаңтарда Түркістан майданының əскерлері Атырау

алды. Орал майданы жойылды. 1919 жылғы күзде Шығыс майданның 5-армиясы (қолбасшысы М.Н.Тухачевский) Солтүстік жəне Шығыс Қазақстанды азат етіп, Петропавл, Ақмоланы жаудан босатты. 1919 жылғы қарашада Семейде Колчак өкіметі құлатылып, Кеңес өкіметі қайта орнады. 1920 жылғы наурыздың соңына қарай Семей облысының солтүстігі азат етіліп, Жетісу майданы жойылды.

Азамат соғысының барысында Кеңес үкіметі Алашордамен келіссөз жүргізді. Ақ гвардияшылар мен интервенттер тарапынан болған қатігездік пен зорлық “Алаш” өкілдерін Кеңес өкіметі жағына итермеледі. А.Байтұрсынұлы “Төңкеріс жəне қазақтар” мақаласын жазып, ұлттық келісім тактикасына қол жеткізді.

 

1919 жылғы 4 сəуірдегі Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің қаулысында Алашорда мүшелеріне кешірім жарияланды.

1919 жылғы желтоқсанда Александров- Гай-Ембі темір жол желісі салынды. Орал-Ембі мұнайлы ауданы Орталық Ресеймен жалғастырылды. Жетісу темір жолының Петропавл- Көкшетау темір жол желісі салынды. Елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.

Ел экономикасы майдан мұқтаждарына жұмыс істеді. Астық дайындау мен бөлу монполиясына 1919 жылы қаңтарда азық салғырты қосылды. Өлкеніңадам жəне материал байлықтарын игеру күштеу əдістерімен жүргізілді. Ұсақ өндірушілер майдагерлік артельдерге біріктірілді.

Жұмыс күшін есепке алу мен бөлу жүйесі енгізілді. Егістіктерді суландыру, жол салу, отын дайындау, жүк тасу жұмыстарына еңбек салығы енгізілді.

Еңбек міндеткерлігі бойынша шақырылған адамдардан жаңа батальондар мен роталар құрылды. 1920-1921 жылдары еңбек армиясында 6 мыңға жуық адам болды. Өлкеге азық-түлік дайындауға орталықтан 11500-ге жуық жұмысшы келді. Әскери коммунизм саясаты

жергілікті бюджетті жойып, бірыңғай мемлекеттік бюджетке қосудан, ұсақ және майдагерлік өнеркәсіпті мемлекет меншігіне алудан көрініс берді.

Империалистік және азамат соғысы экономикалық дағдарыс туғызды. Кəсіпорындардың көпшілігі жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 4 есе, көмір өндіру 5 есе қысқарып, мыс өндіру мүлде тоқтады. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір шахталары, Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Кеңес өкіметі еңбекшілер жағдайын жеңілдетуге ұмтылып, тіршілікке қажеттіні коммунистік негізде бөлуді ойластырды. Алайда зорлыққа негізделген азық саясаты сәтсіздікке ұшырады. Қостанай, Ақмола, Орал, Семейде көтеріліс ошақтары пайда болды.

1921 жылғы ақпанда 25 мың адамдық отряд Петропавлда Кеңес өкіметі органдарының үйін қиратты. Сібір мен елдің орталығы арасындағы теміржол қатынасы үш апта бойы тоқтап қалды. 1921 жылғы наурызда Оралда 10 мыңнан астам бүлікші көтерілді. Қарқаралы уезінде 70-тен астам партия жəне кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты. Ұсақ тауарлы өндіріспен айналысатын шаруалар мүдделерін ескеретін жаңа экономикалық саясат керек екені айқындала түсті.

Азамат соғысының қырғынында 8 млн. адам қаза тапты. Атамандар Дутов пен Анненковтың казактары ерекше қатыгездік көрсетті. Атаман Анненков әсіресе Солтүстік Жетісуда ерекше құтырынды. 1918 жылдың соңында үш күннің ішінде Лепсі уезінің Петровский, Пятигорское, Подгорное қоныстарын тонап, өртеп жіберді.

 

Қазақтың ұлттық мемлекеттігінің қайта қалпына келтірілуі

1919 жылғы 10 шілдеде Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет құрылды. Құрамы: Астрахань губерниясының қазақтар тұратын бөлігі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары.

Ол өлкедегі ең жоғарғы əскери-азаматтық басқарма болып саналды. Қазревком басшысы - С.Пестковский. Мүшелері - В.Лукашев,

Ə. Жангелдин, А.Байтұрсынұлы, М.Тұнғаншин, С.Меңдешев,

С.Сейфуллин, В.Радус-Зенькович, А.Авдеев, Б.Қаратаев, Ə.Əйтиев, Ə.Əлібеков, С.Арғыншиев, Х.Ғаббасов, Т.Седельников.

Қазревком міндеттері:

1.Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу.

2.Өлкеде мемлекеттік,шаруашылық, мəдени құрылыс үшін жағдай жасау.

3. Кеңестердің Құрылтай съезін əзірлеу.

Қазревком қазақ жерлерін біріктіру жөнінде жұмыстар атқарды. Қазревкомның органы - “Ұшқын” газеті шығарылды.

1920 жылғы 9 наурызда өзін “Қазақ елінің үкіметі” деп атаған Алашорданы тарату туралы Қазревком шешімі қабылданды.

1920 жылғы 20 тамызда Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы” декрет шықты. Астанасы -Орынбор қаласы (1920-1924жж).

1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі өткізілді. РКФСР құрамындағы Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды. Қазақ халқының ұлттық мемлекетінің шаңырағы қайта көтерілді.

Жоғарғы өкімет органдары сайланды:

1.Орталық Атқару Комитеті, төрағасы – С.Меңдешев.

2.Халық Комиссарлары Кеңесі, төрағасы - В.Радус-Зенькович.

“Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы” қабылданды.

Қырғыз (қазақ ) әcкери-революциялық комитеті жанынан арнаулы комиссия құрылып, республика шекарасын белгілеумен айналысты. Отаршылдық пиғылдағылар Қазақстанға Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсы шықты. Басқа біреулер республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін қосуды көздеді.

Орынборды Қазақстан құрамына енгізудің маңызы зор болды. Қостанай аймағын республика құрамына қосу қажеттігін А.Байтұрсынұлы мен М.Сералин жан-жақты дəлелдеді. Батыс Сібірге еніп келген Ақмола мен Семей облыстары Қазақстан құрамына енгізілді. Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, Ə.Ермеков, М.Сералин ол жерлердің ежелден қазақтікі екенін дәлелдеді.

 

ҚАКСР құрамына енгізілген аймақтар:

1.Семей облысы – Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері.

2.Ақмола облысы – Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері жəне Омбы уезінің бір бөлігі.

3.Торғай облысы - Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері.

4.Орал облысы – Орал, Ілбішін Темір, Атырау уездері.

5.Маңғыстау уезі, Закаспий облысы Красноводск уезінің 4, 5-адай

болыстары

6.Астрахань губерниясының бір бөлігі (Каспий теңізінің солтүстік шығысы).

7.Бөкей Ордасы жəне Каспий теңізі жағасындағы округтерге жақын жатқан болыстар.

1921 жылы Ақмола жəне Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан ҚазАКСР-іне берілді. 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір қазақ халқына қайтарылды. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік жағынан межелеу барысында қазақ жерінің біртұтас Қазақ республикасы болып қалыптасуы аяқталды.

Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент уездері, Əулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашөл уездерінің бір бөлігі,

Самарқан облысы, Жизақ уезінің бірнеше болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады.

Республика аумағы – 2,7 млн. шаршы шақырым (1/3-дей кеңейді).

Халқы – 5 млн. 230 мың (1 млн. 468 мыңға көбейді). Қазақтар – 61,3% (1926 ж. санақ). 1925 жылғы сəуірде Кеңестердің бүкілқазақстандық V съезінде “қырғыз-қазақ” атауы берілді.

1924 жылы астана – Қызылордаға, 1929 жылы Алматыға көшірілді.

 

Жаңа өмірдің қиындықтары

1921 жылғы шілдеде Орынборда Қазақстан комсомолының І съезі өтті. Ғани Мұратбаев (1902-1924) Қазақстан мен Түркістандағы дарынды комсомол ұйымдастырушысы болды. Ол Түркістан комсомолы Орталық Комитеті Қырғыз (Қазақ) бюросының тұңғыш төрағасы болып сайланды. Өмірінің соңғы жылдарында Коммунистік жастар интернационалы Шығыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті.

Əйелдер қозғалысының көрнекті қайраткерлері - Н.Құлжанова, Ш.Иманбаева, С.Есова. Ауылдарда “Қызыл отаулар” ағарту жұмысының орталықтарына айналды. 1925 жылы ақпанда Қырғыз облыстық партия ұйымы өлкелік партия ұйымы болып өзгертілді.

1923 жылғы 22 қарашада Қазақстан Орталық Атқару Комитеті “Қырғыз (Қазақ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы” декрет қабылдады. Партия жұмысының барлық буындарына әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің әдістері енгізілді. Қазақстанда жергілікті көсем Голощекинге бас ұру, төрешілдік құбылыстары, өкіметтің бетімен кетуі орын алды.

Қоғамда партияға тәуелділік арта түсті. Қазақтың зиялы өкілдеріне “ұлтшыл” деген айдар тағу сол жылдары тәжірибеге енді.

Қазақстандағы жаңа экономикалық саясатқа көшу көптеген қиыншылықтармен бірге жүргізілді. 1921 жылы жазда қуаңшылық болып, оның алдында жұт болып,малдың 80%-ы қырылды. Республика халқының 1/3 бөлігін аштық жайлады. Ашыққандар 1921 жылғы қарашада-1 млн.508 мың, 1922 жылдың наурызында 2 млн. 303200 адамға жетті. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай губерниялары аштық жайлаған аудандарға жатқызылды. Аштыққа індет қосылып, 1922 жылы маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар 82%-ға жетті.

Қазақстанның солтүстік-батыс аудандарында аштық қуаңшылықтан ғана болып қойған жоқ. Астық мол болған Семей, Ақмола губернияларынан азық отрядтары ауылшаруашылық өнімінің “артығын” алып кетті. Азық салығы бойынша 4 млн. пұттан астам астық, 24,5 мың пұт май алынды . Бұл тартып алынған азықтар Мəскеу, Петроград, Самара, Қазан, Саратовқа жіберілді. Нəтижесінде Қазақстанның астықты аймақтарының халқы ашыға бастады.

Кеңес үкіметі аштыққа ұшырағандарға көмекке кеш келді. Республиканың егін шықпаған аудандарының халқы азық салығынан босатылды. 1921 жылғы 14 маусымда “Нақты ет салығы туралы” декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды. 1922 жылы егістіктің 60%-на Кеңес үкіметі берген дəн себілді. Ауылшаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алу үшін несие бөлінді. Егін шықпау салдарынан зардап шеккен шаруаларға мал сатып алу үшін қаражат бөлінді.

Кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетіп, 20 мың ашыққан адамды қабылдады. 1921-1922 жылдары апат аймағында аштықтан тұтас ауылдар мен аудандар қырылып қалды. 1922 жылы Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында ауылдағы халық саны аштыққа дейінгі санының 1/3-не дейін азайды. 700 мыңнан астам адам, соның ішінде Ресей мен Украинадан келген шаруалар республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.

1921 жылғы сəуірде Сібір жəне Орал казак əскерлеріне берілгенжерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды. Қазақ шаруалары Ертіс жағалауындағы жерлерін қайтарып алды.

 

1921 жылы Жетісуда жер реформасы жүргізілді. Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 1916 жылғы көтерілісті басу кезінде тартып алынған жері қайтарылды. Бұрынғы офицерлер жері мен еркін қоныстану учаскелерінен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ, орыс халқына жер беру үшін 1 млн.десятинадан астам жер қоры құрылды.

1921 жылы Қосшы одағы” деп аталынған кедейлер ұйымы құрылды. Ауылдарда Кеңес өкіметінің нығаюы мен қазақ еңбекшілерін мемлекеттік және шаруашылық құрылысқа тарту ісінде үлкен рөл атқарды. Қосшы одағы” кедейлерге еңбек артельдерін құруға көмектесті, жер беруге қамқорлық жасады. Бұл одақ 1930 жылдан Кедей одағыатанды.

1921 жылы наурызда билік иелері азық салғыртын азық салығымен алмастыру, әскери коммунизмнен жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылдады. Жерді жалға беруге және алуға, жалдама еңбекті қолдануға рұқсат етілді, ауыл шаруашылығы несиесі және тұтыну кооперациясын дамыту көтермеленді. Еңбек міндеткерлігі жойылды. Теміржол және автомобиль тасымалының, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптің кәсіпорындары шаруашылық есепке көшірілді. Машиналарды жалға беретін пункттер пайда болды, базарлар ашылды, кедейлер егістікті бірлесіп жырту үшін бірікті.

 

Ірі қарасы 6-ға жетпейтін қожалықтар салықтан босатылды. Көлік салығы мен ақшалай түтін салығы орнына бірыңғай заттай салық белгіленді. 1924 жылдың 1 қаңтарынан ақшалай салық енгізілді. Үдемелі салықтың ауыртпалығы кулактар мен байларға түсті. Салықтан жиналған қаражаттар қорғаныс ісіне, халық ағартуды дамытуға, ауыл шаруашылығына қолдау көрсетуге, ірі өнеркəсіпті дамытуға жұмсалды.

Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға несие бөлді. 1924-1925 жылдары республикаға əкелінген тракторларды кооперативтер мен коммуналар сатып алды. Егіс көлемі 1928 жылы 1913жылғы деңгейіне жетіп,4,4 млн.га. болды. Мал cаны 1924 жылы 24,8 млн болса, 1928 жылы 41 млн.-ға көбейді.

ЖЭС жылдары өнеркəсіпте де өзгерістер болды.

 

Жалпыодақтық трестер республика бюджетіне табыстарының бір бөлігін аударып отырды. Трестерді қаптату аймақтарда өндіргіш күштерді ұтымды орналастыруға теріс əсер етті. Қазақстан экономикасының ұзақ жылдарға созылған шикізаттық сипаты анықталды. Қазақстанның кен өнеркəсібіне, әсіресе түсті металдар өндіруге көңіл бөлінді. Түсті металлургияның басты ауданы Кенді Алтай болды.

1920 жылы Шымкент сантонин (дермене) зауыты пайдалануға берілді.

1923 жылы Риддер қорғасын зауыты одақта өндіретін қорғасынның 40%-ын берді. Атырауды Доссор, Мақат мұнай кəсіпшіліктерімен

жалғастыратын тар табанды жол салынды. 1927 жылы Қарсақбай мыс комбинаты мыс өндіруді бастады.

ЖЭС кезінде тауар айырбасы мен тауар айналымының маңызы артты. Жеке саудаға рұқсат етілді. Жəрмеңке саудасы күшейтілді. 1927 жылы 75 жергілікті,13 губерниялық, 7 өлкелік жəрмеңке жұмыс істеп, сауда айналымы 30 млн. сомға жетті. Басты жəрмеңкелер:

Семей губерниясында - Қоянды, Баянауыл.

Ақмола губерниясында - Атбасар.

Ақтөбе уезінде -Ойыл, Темір.

Бөкей ордасында - Орда. Бұл жәрмеңкелерге Қытайдан, Монғолиядан көпестер келген.

 

IV тарау. XX ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысы мен 30-жылдардағы Қазақстанның дамуы. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы

Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру əлі аяқталмаған болатын. Өнеркəсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61%-на ғана жетті. Қазақстандағы индустрияландыру КСРО халық шаруашылығын дамытудың 1-бесжылдығымен (1928-1932ж.ж.) қатар келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты. Ауыл шаруашылығының үлесі басым болды. Орал-Ембі өңіріндегі бірнеше мұнай кәсіпшіліктері, Орталық Қазақстандағы көмір шахталары, Алтайдағы түсті металлургия кәсіпорындары ғана бар болатын. Байланыс және тасымал құралдары нашар дамыған еді.

Индустрияландыру үрдісі басқару жүйесіне әміршіл-әкімшіл басқару әдісінің енгізілуіне байланысты еді. 1925-1933 жылдар арасында билікте болған Ф.И.Голощекин социализмнің теоретигі рөлін атқаруға тырысып, Сталиннің қатаң бағытын жақтап, аймақтық көсемшілдік идеясын ұстанды. Ол қазақ ауылы Қазан лебін сезінген жоқ деп есептеді. Сондықтан “Кіші Қазан” төңкерісін өткізу идеясын насихаттады. Оның бағыты қарсылыққа ұшырап, Сталинге хат жолдады. Ф.И.Голощекин “Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден- бір дұрыс саясат деп ойлаймын” деген жауап алды.

С.Сəдуақасов пен Ж.Мыңбаевтың өлке экономикасында сақталып отырған отаршылдық құрылымды қайта қарау қажеттігі туралы ұсыныстары “жергілікті ұлтшылдық көрініс” деп қабылданды. Жоспарлаушы органдағы экономистердің өндіргіш күштердің даму деңгейіне, еңбек қорларының дəрежесіне сəйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы шақырулары “ұлыдержавалық шовинизм көрінісі” деп есептелді.

 

Индустрияландыру өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталды.

Академик Н.С.Курнаков басшылық еткен геологтар мен геофизиктер Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеді. Олар “ҚАКСР-і Кеңес Одағының тұтас металлогенді аймағы” деген тұжырым жасады. Академик И.М.Губкин Кеңес билігінің алғашқы күндерінен бастап Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады.

Инженер-геолог Қ.И.Сəтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кен орындарын зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дəлелдеді.

1927 жылы Түркістан – Сібір теміржол магистралының құрылысы басталды. Теміржолды салуға басшылық етушілердің арасында Т.Рысқұлов, М.Тынышбаев болды. Түрксіб құрылысында бірнеше ұлт өкілдерінен тұратын 100 мың адам еңбек етті. 10 мыңдай қазақ жұмысшылары теміржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді. Қатардағы жұмысшы Д.Омаров Түрксіб теміжолының бастығы қызметіне көтерілді. Қатардағы құрылысшы Т.Қазыбеков “Қазақкөлік-құрылыс” тресінің бастығы, Социалистік Еңбек Ері атанды.


<== previous lecture | next lecture ==>
Есім хан (1598-1628) 8 page | Есім хан (1598-1628) 10 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.475 s.