|
Есім хан (1598-1628) 8 pageDate: 2015-10-07; view: 1668.
Ұлт-азаттық қозғалыстың барысы Ұлт-азаттық қозғалыстың ірі орталықтарының бірі Жетісу болды. 1916жылы 20 шілдеде Түркістан генерал-губернаторы A.Куропаткин нұсқау шығарды: 1) Қандай амалды болса да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыру. 2) Лаң салушыларға қарсы күресу үшін рулық немесе тайпалық араздықты пайдалану. Жетісу облысының генерал-губернаторы М.А.Фольбаум жергілікті казактардан жазалау отрядтарын ұйымдастырды. Казак станицаларына винтовкалар мен патрондар жіберді. Орыс кулактарын қаруландырды. Жазалау отрядтарының жанынан, облыстың уездік қалалардан әскери-дала соттары құрылды.Көтеріліс үдей түсіп, Шу өзені мен Ыстықкөлге жақын бүкіл аймақты қамтыды. 10 мыңнан астам қырғыз жəне қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады. Жаркент уезінде көтерілісшілер Таврия, Владислав, Мащеры, Краснояр, Новокиев қоныстарын басып алды. Ұзынағашқа жақын тауларда Жайымтал болысының көтерілісшілері мен подполковник Базилевичтің жазалау отрядының арасында шайқастар болды. Қозғалыстың ең ірі ошағы - Қарқара өңірі. 5 мыңнан астам көтерілісші Қарқара жəрмеңкесін басып алды. Лепсі уезінде жазалаушы отрядтарымен қақтығыс болды. Мойынқұмда Мерке,Əулиеата көтерілісшілері табан тірескен шайқас жүргізді. Жетісу көтерілісшілерін Б.Əшекеев, Т.Бокин (Верный уезі), Ж.Мəмбетов, Ұ.Саурықов (Қарқара), А.Қосанов (Мерке ауданы) басқарды. Жетісудағы көтеріліске қарсы патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. Түркістан өлкесінде 347 адам атылды, 168 адам жер аударылды. Жетісудың 238 мыңнан астам халқы Қытайға ауып кетуге мәжбүр болды. Қалған қазақтар құнарсыз таулы аудандарға немесе Балқаш маңындағы шөл далаға қуылды. Торғай көтерілісі табанды болып, ұзаққа созылды. Жергілікті ауылдық-болыстық әкімшілік басқарудан аластатылып, билік көтерілісшілердің қолына көшіп, бір орталықтан басқарылды. Торғай уезіндегі қыпшақ руының қазақтары Әбдіғафар Жанбосыновты хан етіп сайлады. Иман батырдың немересі Амангелдіні сардарбек етіп тағайындады. А. Иманов ұрыс жүргізудің өзіндік тактикасын қолданды. Мергендерден ерекше жасақтар құрып, оларды шағыл құмдардың арасына орналастырды. Көтерілісшілердің үлкен жасағын құрып, қару жасаушылырды ұйымдастырды, көтерілісшілерді әскери өнерге өзі үйретті. Әскери іс мәселелеріне Әскери Кеңес баса назар аударып отырды. 1916 жылы Торғайдағы көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Көтерілісшілер қатарын Ырғыз, Қостанай, Ақтөбе, Байқоңыр жəне Шоқпаркөл кеніштерінің, Орынбор-Ташкент теміржолының жұмысшылары толықтырды.1916 жылы қазанның соңында Амангелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Көтеріліске қарсы Лаврентьев басқарған 9 мың адамдық жазалаушы экспедициялық корпус жіберді. Көтерілісшілер Торғайды ала алмағасын Батпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына ірге теуіп, партизандық күрес әдісіне көшті. Амангелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерекше ерлік көрсетті. Амангелді сарбаздары Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал-Үрпек шайқастарында табанды қарсылық көрсетті. Доғал-Үрпек түбіндегі ұрыс жеңіліспен аяқталды. Патша өкіметі көтерілісшілерден аяусыз кек алды. 3000-ға жуық адам жазаланды. Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Орыс-украин қоныстары мен казак станицалары пайда болған аймақтардағы көтеріліс орыстарға қарсы сипат алды. Жетісу өңірінде қоныстанушылардың 94 елді мекені көтерілісшілердің шабуылына ұшырады. Ұлтаралық қақтығыс салдарынан 2,5 мыңнан астам орыстар мен украиндар қаза тапты және жараланды. ІV Мемлекеттік думада А.Ф.Керенский патша үкіметін, Түркістан мен Дала өлкесінің отаршыл əкімшілігін сынады. Қостанай социал-демократиялық ұйымын құрушы, публицист С.Ужгин “Қарабалықтағы оқиғалар туралы сөз” деген үнқағазында көтерілісшілерді батылдыққа шақырды. Торғайда Н.Кротов көтерілісшілерді соғыс ісіне үйретіп, шайқас барысында жазалаушылардың қолынан қаза тапты. Е.Курев Қарқара көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі болды. Кәсіпкердің қызы С.Вербицкая көтерілісшілер жағында шайқасты. Ұлт-азаттық қозғалысты жаныштау барысында патша өкіметі дала стратегиясын жүзеге асырды. 1916 жылы Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны жарты млн-ға жуық кеміді. Көтерілістің жеңілуінің себептері: 1. Бытыраңқылығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі. 2.Əскери қарудың жеткіліксіздігі. 3. Жергілікті халық пен қоныстанушылар арасындағы қайшылықтар. 4.Ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірліктің болмауы. Жетісудағы қозғалыс басшыларының бірі Бекболат Әшекеевті Боралдай асуында дарға асты. Қарқарадағы көтеріліс жетекшілерінің бірі Жəмеңке Мəмбетов абақтыға қамалып, 12 басшымен бірге азаптап өлтірілді. Ə.Бөкейханов: “Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекте қандай ел екенін білдірді…Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі күңдіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды”- деп жазды. Көтерілістің тарихи маңызы: 1.Қазақ халқының таптық санасы-сезімі өсті. 2.Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды. 3.Қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер,басқару аппараты құрылды. 4.Империя құрамындағы отаршылдық құлдықтың бүкіл кезеңіндегі азаттық күресінің шырқау шыңы болды.
II тарау. Қазақстан Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан революциясы мен Қазан төңкерісі кезінде. Буржуазиялық-демократиялық Ақпан революциясы тұсындағы Қазақстан 1917 жылғы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды. Майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлімінің басшысы Ə.Бөкейханов: “Ресей халықтары үшін Туысқандық, Теңдік және Туысқандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтардың бірігуі керек. Жаңа тәртіпті нығайту үшін басқа халықтармен туысқандық байланыстарды күшейту қажет.” деген үндеу жолдады. Ұлт-азаттық қозғалыс басшылары ұлттық автономия құратын, жалпыұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп санады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінің тарихи маңызы: патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мəлімдеді. Кемшіліктері: ұлттық-аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды, отаршылдық басқару органдарын жоймады. 1917 жылғы наурыз, сəуірде әр жерде жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды. Кеңестермен бірге Уақытша үкімет органдары жұмыс істеді. Қазақстанда да қос өкімет орнады. Орал, Верный, Ақмола, Əулиеата, Семейде қырғыз (қазақ) ұлттық комитеттері құрылды.Уақытша үкімет реформашыл жолмен капитализмді дамытуға бет алу қажет деп санады. Ол ипериялық ұлт саясатын қайта қарауға қадам жасады. 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының дін ұстануына, ұлтқа байланысты құқықтарын қандай да болсын шектеудің күшін жойды. Уақытша үкімет “бұратана жұмысшы жасақтарын” Отанына қайтару туралы шешім қабылдады. Революциялық пиғылдағы жұмысшылар Кеңес арқылы Верный, Семей, Екібастұзда 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуге, Кеңестердің бағдарламасына помещиктердің жерін тәркілеу туралы талаптарды қосуға күш салды. Ақпан революциясы патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді. Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым- қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті. Олар туған жерлеріне түрлі партиялардың мүшесі болып оралды. 1917 жылдың шілдесінде Верныйда “Қара жұмысшылар одағы” құрылды. Сергиопольде 800 майдангер солдатпен тыл жұмысына алынған қазақтар “Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымын” ұйымдастырды. Петропавлда “Жас арбакештер одағы” құрылды. Тыл жұмысшыларының бұқарасы Уақытша үкіметке қарсы оппозицияның әлеуметтік тірегіне айналды. Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлт азаттығы идеясын таратушы, ұлттық сананы оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші болды. Ол күресті Ресей либералдық-демократиялық қозғалысының қайраткері, бұрынғы кадет партиясының мүшесі болған Ә.Бөкейханов басқарды. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ə.Ермеков,Ж.Ақбаев, Ж.Досмұхамедов, Х. Досмұхамедов оның пікірлес серіктері болған. Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, эволюциялық-конституциялық жолмен автономиялық ұлттық мемлекет құру идеясы қоз ғалыстың негізгі өзегіне айналды. 1917 жылғы сəуірдегі Жетісу облыстық съезінде қаралған мəселелер: − Халықты азық-түлікпен жабдықтау. − Өзін-өзі басқару. − Сот ісін жүргізу. − Салық салу. − Білім беру жəне ағарту ісі. − Аграрлық мəселе. − Босқындарды Қытайдан қайтару. o Қазақ-орыс қатынастарын реттеу. Съезд “Облысқа сырттан әкеліп қоныстандыруға жол бермеу қажет” деп шешті. 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор жалпықазақ съезі болып, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана, Ішкі Бөкей Ордасынан делегаттар қатысты. Қаралған мəселелер: − Мемлекеттік басқару формасы − Қазақ облыстары автономиясын құру − Жер мəселесі − Халық милициясын құру − Білім беру − Сот ісі − Рухани-діни мəселе. − Жетісудың ашыққан халқына көмек ұйымдастыру. − Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы. ”Алаш” саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау қажет деп тапты. Қазақ облыстары ұлттық-аумақтық автономия алуға тиіс деген қарар қабылданды.
1917 жылы мамырдағы мұсылмандардың Бүкілресейлік съезінде Ресейдің мемлекеттік құрылыс формасы мен әйелдер мәселесі қызу талқыланды. Қаралған мəселелер: − Көп əйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық − 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу − Міндетті жəне тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беруді енгізу. 250 молданың қарсылығына қарамастан “Мұсылман əйелдері саяси жəне азаматтық құқықтары жағынан ерлермен тең болуға тиіс” деген қарар қабылданды. 1917 жылғы қыркүйекте тұңғыш мұсылман партиясы -Түркістан федералистер партиясы құрылды. 1917 жылы Әулиеата мен Меркеде “Қазақ жастарының революцияшыл одағы” құрылды. Ақмолада “Жас қазақ” ұйымы жұмыс істеді. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның солтүстік облыстарында кадеттер ұйымы жұмысын жандандыра түсті. Кадеттер бөлінбес біртұтас Ресейді, конституциялық монархияны қалыптастыру саясатын жақтады. Семейде кадеттер ұйымы “Свободная речь” газетін шығарып тұрды. Кадет партиясына мүше болған Ə. Бөкейханов бұл бағдарламамен келіспейтіндіктен, партия қатарынан шықты. 1917 жылғы көктемде өлкеде эсерлер ұйымы құрылды. “Жер оны өңдейтіндерге берілсін”, “Жер - бүкіл халықтың меншігі” ұрандарын көтерді. Патша өкіметінің отарлау саясатын айыптады. 1917 жылдың жазына қарай Черняев Кеңесінен басқа барлық Кеңестер эсерлердің қолында болды. Сонымен қоса казак партиясының бөлімшелері Орал, Атырау, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семейде жұмыс істеді.
Қазақстан 1917 жылғы Қазан төңкерісі кезінде Бұрынғы империядан Уақытша үкіметке ауыр мұра қалды: таптық, əлеуметтік, экономикалық, ұлттық, діни қайшылықтар. Империалистік соғыс ұзаққа созылып кетті. Уақытша үкімет ұлт мәселесін, аграрлық мәселені түбегейлі шешіп бере алмады. Елге ашаршылық қаупі төнді.Еңбекшілердің Уақытша үкімет саясатына наразылығы күшейді. Сырдария, Жетісу облыстарының тұтас аудандарын аштық жайлады. Жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары Кеңестерінің ықпалы барған сайын арта түсті. 1917 жылғы мамырда Семей облысындағы Даубай кенішінде, Риддерде жұмысшылар ереуілі болып өтті. Жұмысшы депутаттары Кеңестерінің бастамасымен Петропавл, Семей, Орал, Перовскінің кәсіпорындарында, кен зауытында, мұнай өнеркәсібінде 8 сағаттық жұмыс күні енгізілді. Уақытша үкіметтен жер де, астық та алмаған шаруалар аграрлық мəселені өздерінше шеше бастады. Болыстар мен ауылнайлардың жері мен малын күшпен тартып алды. Верный уезінің болыстарында болыстарды орнынан түсіріп, байлардың көп малын айдап кетті. Қарқаралы, Павлодар уездерінде Бөкей Ордасында қазақ шаруаларының бой көрсетулері болды. 1917 жылғы 29 тамызда Перовск Кеңесі бүкіл өкімет билігін Кеңестерге беру қажеттігі туралы қарар қабылдады. Семейде бүкіл өкімет билігі Кеңестерге берілгендігі туралы қарар қабылданды. Черняев, Әулиеата Кеңестері де оындай көзқарас ұстанды. 1917 жылдың күзіне қарай революциялық өрлеу қуатты серпін алды. Темір, Қостанай, Петропавл уездерінде, Бөкей даласында, Жетісу, Сырдария, Ақмола облыстарында шаруалардың жаппай бой көрсетулері көбейді. Перовскіде солдатқа алынғандар əйелдерінің манифестациясы өтті. Павлодар, Петропавл, Верный, Əулиеатада еңбекші əйелдердің бой көрсетулері болды. 1917 жылғы 22 қарашада Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық төтенше ІV сьезд ашылды. Съезді ашқан Мұстафа Шоқай: “ Орталықта болып жатқан оқиғалар шет аймақтарды өзін-өзі қорғаудың және ұлы ұлттық төңкерісті құтқарудың жайын ойлауға мәжбүр етуде”- деп мәлімдеді. Съезде Түркістан үкіметі – Уақытша Кеңестің құрылғанын жариялады. Министр-төраға және ішкі істер министрі болып М.Тынышбаев сайланды. Кейін оны М.Шоқай алмастырды. Жаңа мемлекеттік құрылым Түркістан автономиясы деп аталды. Ислам -мемлекеттік дін деп танылды. 1917жылғы қарашада Қоқанда мұсылмандардың манифестациясы болды. Ташкентте Жәми мешітінде мыңдаған адам қатысқан митинг өтті. Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі орталыққа: "Қоқанда кертартпа тап өкілдері Түркістан өлкесінің автономиясын жариялады" деп хабарлады. 1918 жылы қаңтарда Ташкент Кеңесі мұсылман үкіметін жоймақшы болып ұйғарды. Қызыл жұмысшылар отрядтары, армян партиясының милиция отрядтары, Ташкент гарнизонының бөлімі Қоқанға аттандырылды. 5 ақпанда Қоқан қаласы шабуылмен алынып, өртелді. 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда жалпықазақ съезі өткізілді. Съезде қазақ халқының автономиясы туралы мәселе қаралды. 1. Аумақтық - ұлттық автономия құру. 2. Қазақ (қырғыз) облыстарының автономиясына Алаш атауын беру. 3. Автономиялы Алаш облыстарының аумағын Алаштың мемлекеттік меншігі деп жариялау. 4. Алаш автономиясының барлық мекемелерінде барлық ұлттардан өкілдер болуы тиіс. 5. Алашорда Уақытша Халық Кеңесін 25 мүшеден құрып, оның 10 мүшесін орыс жəне басқа халық өкілдерінен сайлау. 6. Алашорданың уақытша орталығы етіп Семей қаласын таңдау. Алашорда Кеңесінің төрағасы болып Ə.Бөкейханов сайланды. 1917 жылы “Қазақ” газетінде “Алаш” партиясы бағдарламасының 10 бөлімдік жобасы жарияланды. Бұл құжатта партияның мемлекеттік құрылыс, қорғаныс, дін, ғылым мен ағарту, аграрлық мәселелер көрсетілді. “Алаш” партиясы сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды.
1917 жылғы қараша мен 1918 жылғы қаңтар аралығында өткен сайлау қазақ еңбекшілерінің көпшілігі «Алаш» партиясының бағдарламалық талаптарын қолдайтынын көрсетті. Жетісу губерниясында – 57,5%, Семей уезінде - 85,6%, Торғай, Орал губернияларында - 75% жинады. Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысу жолдарын қарастырмады. Əр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды. “Алаш” партиясы өкімет билігі жолындағы күресте большевиктерге оппозиция болды.
III тарау. Кеңестер Қазақстанда. Азамат соғысы. 1920 жылдардың алғашқы жартысындағы Қазақстан. Қазақстанда кеңес билігінің орнауы 1917 жылдың қазанынан 1918 жылғы наурыздың басына дейін Кеңес өкіметі байтақ Ресейге билігін орнатты. Қазақ даласында Кеңес билігі алдымен теміржол бойындағы қалаларда орнады. 1917 жылғы қазанда Перовскіде (Қызылорда) Кеңес өкіметі орнады. 1917жылы қарашада Әулиеата, Черняев қалаларында билік Кеңестің қолына көшті. 1917 жылғы 15-22 қарашада Ташкентте өлкелік съезд өткізілді. Съезде Түркістан өлкесінде “Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесі” орнағаны айтылды. Кеңестің 14 адамдық құрамында мұсылман өкілі болмады. Атаман А.Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер, эсерлер орталық Кеңес өкіметіне қарсы бірікті. 1918 жылғы қаңтарда Қостанай Кеңестер съезі бүкіл уезде Кеңес өкіметін орнату туралы шешім қабылдады. 1918 жылдың басында Ырғыз және Торғай уездерінде Кеңес өкіметі жеңді. Ақмола даласы мен Атбасар, Қызылжар, Көкшетауда Кеңес өкіметі орнауына Батыс Сібірдің Уақытша Революциялық Комитеті ықпал жасады. 1918 жылдың қаңтарында Павлодар Кеңесі Қызыл гвардия отрядының қолдауымен өкімет билігін өз қолына алды. Семей большевиктеріне көмекке Новониколаевскіден (Новосібір) өкілдер келді. Ревкомның басшылығымен Кеңеске қайта сайлау өткізілді. 1918 жылғы ақпанның 16-нан 17-сіне қараған түні Семейде өкімет билігі Кеңестің қолына көшті. Бұл жағдай Өскеменде, Қарқаралыда, Зайсанда, Шығыс Қазақстанның өзге елді мекендерінде Кеңес өкіметінің орнатылуын қамтамасыз етті. 1918 жылғы қаңтарда Оралда Кеңес өкіметі қиын жағдайда орнатылды. Контрреволюциялық күштер 1918 жылы наурыздың 28-нен 29-ына қараған түні төңкеріс жасады. Атқару комитетінің 60-қа жуық мүшесі қамауға алынып, көпшілігі ақ гвардияшылардың қолынан қаза тапты. Кеңес өкіметі Оралда азамат соғысы жылдарында ғана біржола орнатылды. Жетісуда таптық күштер арасында соғыс жағдайы енгізілді.1918 жылы наурыздың 2-сінен 3-не қараған түнде революцияшыл күштер көтеріліс жасады. Көтерілісшілер юнкерлер мен алашорда милициясын қарусыздандырды. Верныйда Кеңес өкіметі жеңді. 1918 жылғы наурызда Жетісу облысында Кеңес өкіметі жеңіп шықты. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауына байланысты ескі буржуазиялық-помещиктік мемлекеттік аппаратты қиратып, жаңа өкімет органдарын құру басталды. Жергілікті жерлерде шаруа Кеңестері, Халық шаруашылығы кеңестері, аудандық жер-су комитеттері құрылды. Кеңестердің атқару комитеттері жанынан денсаулықсақтау,əділет,қаржы,ағарту, жер, өнеркəсіп бөлімдері ұйымдастырылды. Бұл шаралар Кеңес өкіметі жауларының қарсылығын туғызды. Сондықтан іріткі салу жəне ішкі контрреволюцияға қарсы күресу үшін қазақ жерінде Бүкілресейлік төтенше комиссиясы (БТК) органдары құрылып, қызыл террор енгізілді.
Бұның бәрі революцияның түпкілікті мақсаттарын бұрмалады. 1918 жылғы наурыз, сəуірде Орынборда Кеңестердің Торғай облыстық І съезі болды. Съезд Қызыл Армия бөлімдерін құру және жергілікті өкімет органдары туралы шешім қабылдады. Жер және азық мәселелері қаралды. 1918 жылғы наурызда Кеңестердің Ақмола уездік съезі (С.Сейфуллин, А.Асылбеков) Алашорда автономиясын теріске шығарған қарар қабылдады. Торғай облыстық Кеңестер съезі қаулысымен Алашорданың “Қазақ” газеті жабылды. 1918 жылғы 20 сəуірде Ташкентте Түркістан өлкесі Кеңестерінің төтенше V съезі өтті. Съезд Түркістан автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын жариялады. Республика құрамына Сырдария, Жетісу облыстары енгізілді. Бұл кеңестік Шығыстағы тұңғыш кеңестік ұлттық мемлекет болып саналады. Ұлтаралық қайшылықтар саясатын жоюда шұғыл шаралар белгіленді. Қазақ, ұйғыр, орыс қатынастарын жақсартуға ұлт істері жөніндегі облыстық комиссардың орынбасары А.Розыбақиев зор үлес қосты. Большевиктер партиясы мен Кеңес үкіметі Қазақ АКСР-ін құруға əзірлікке кірісті. Алайда Қазақ АКСР-ін құру жөніндегі жұмыстар шетелдік интервенция мен азамат соғысының басталып кетуінен тоқтап қалды. Кеңес өкіметі өлкедегі ірі өнеркəсіпті, банкілерді,тасымал жолдарын мемлекет қарамағына алды. Кəсіпорындарда 8 сағаттық, шахталар мен кеніштерде 6 сағаттық жұмыс күні енгізілді. Капиталистер мен патша шенеуніктерінің иелігіндегі 3,5 млн. десятина жер кедей шаруаларға қайтарылды. Большевиктер “жоғарыдан” коммуналар мен ауылдарды көбейтуді жүзеге асырып, орташаларды социализмге күштеп енгізбек болды. Елде азық-түлік дағдарысы тереңдеп, азық диктатурасы енгізілді. Жер алғанымен, шаруалардың өз еңбегінің нəтижесіне еркін билік ету құқығы болмады. Сібірге, Ақмола, Семей облыстарына, Қостанай уезіне азық отрядтары жіберілді. 1918 жылдың қаңтар – наурыз айларында Петроградқа жəне басқа орталық аудандарға 6 млн. пұтқа жуық астық жіберілді. Түркістан республикасының ашыққан халқына 200 вагон астық көмек берілді. Экономикалық саясатта ақшасыз тауар айырбасы жетекші орын алды. 1918 жылдың көктемінде Семей, Ақмола облыстарында көтерме-бөлшек сауда жойылып, оның міндеттері азық комитетіне берілді.
|