![]() |
Реттеу механизміDate: 2014-03-03; view: 1652. 2. Нарық инфрақұрылымын реттеу механизмінің модельдерінің элементтері Негізгі терминдер:механизм, инфрақұрылым, жекешелендіру, экономикалық-ұйымдастырушылық элементтер, әлеуметтік элементтер, құқықтық элементтер. ҚР-да нарықтық қатынастардың орнатылуы мен дамуы қызмет көрсету саласында нарық объектілерінің кәсіпорындар мен мекемелер кешенінің құрылуын, мемлекеттік әдістерімен реттеу мен нарықтық инфрақұрылымның дербіс объектілерінен құрайтын инфрақұрылымның тиімді механизмін керек етеді. Реттеу механизмі өндірісті рационалды қолдану мен тиімділігін өсіру, және де ұйымдастырушылық-құқықтық құрылмдар қызметінің оптималды реттеу шаралар жүйесін, инфрақұрылымдық кешендер мен аумақтық білімді құру мақсатында әр түрлі өлшемдегі әлеуметтік-экономикалық жүйелерге әсер ету үшін ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, психологиялық әдістер мен тәсілдер жиынтығы. Реттеу механизмін реттеудің экономикалық әдісін қолдану түсінігінен кеңірек түсіну керек. Әр нарықтық механизм әкімшілік әдістермен байланысты. Нарыққа көші талаптарында әкімшілік әдістерді өнімнің тұтынушылары мен өндірушілеріне керекті жалпы мақсаттар мен оларды орындауды бақылайтын заңнамалық актілер жүйесі ретінде түсіну қажет. Яғни реттеу механизмінің мемлекеттік әкімшілік-үлестіруші әдістері кәсіпорын қызметін жедел басқаруға қарағанда олар өзіне мынадай ұйымдастырушылық-құқықтық қызметтер қосады: бәрілеріне міндетті бәсекелестік шарттарын құрау, жекешелендіру туралы жағдайлар, статистикалық есеп берулер, ғылыми-техникалық және коммерциялық ақпарат, кадрларды дайындау, тиімді қолдану талабында табиғи ресурстарды пайдалану. Нарық инфрақұрылымын қызмет етуін мемлекеттік реттеу өзіне инфрақұрылымдық нарықтық кешен тенденцияларын анықтау, олардың дамуын ұзақ уақытты болашағын, шаруашылық қызметті бақылау, тұтынушылар құқығын, қоршаған ортаны қорғауын қосады. Нарық инфрақұрылымын реттеу механизмінің (НИРМ) тиімді қызмет ету моделі аумақтық және ұлттық шаруашылық деңгейінде келісті принциптер пен мақсаттарды есепке алу жолымен жасалынуы тиіс. НИРМ-нің рационалды моделінің әр түрлі элементтерің бір-бірімен байланысты блоктарға қосуға болады. (3 сурет). Бұндай модель өзін-өзі басқару принципін және нарықтық инфрақұрылым кешенінің жеке элементтерімен бар және құрылып жатқан басқару органдарына қарауын қарастырып отырады – Республиканың Орталық Банкі, Қаржы министрлігі, Экономика министрлігі,т.б. Қарастырылған нарықты реттеу механизмдерінің элементтері өзара әсерлесуде қосылған және нарықтың құрылуы мен өсуіне, материалды және айналым сферасына қатысатын ресурстардың барлық түрлерін тиімді қолдануға бағытталған. НИРМ элементтерінің әсерлесуі әр қызмет нақты уақытта және нақты кезектілікте орындалып отырады дегенді білдіреді:ұйымдастырушылық жұмыс, құқықтық акт, экономикалық қатынастар, т.б. 3 сурет – Нарық инфрақұрылымын реттеу механизмінің модельдерінің элементтері. Нарық инфрақұрылымын реттеу механизмі
Бақылау сұрақтары: 1.Реттеу механизмі дегеніміз не? 2. Нарық инфрақұрылымын реттеу механизмінің модельдерінің элементтері атандар. 3. НИРМ-нің рационалды моделінің әр түрлі элементтерің бір-бірімен байланысты қандай блоктарға қосуға болады?
Қолданылған әдебиеттер: 1. Шуленбаева Ф.А. Рыночная инфраструктура /Учебное пособие. – Астана.–2007.– 149с. 2. Кошенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі / Оқу құралы.-Алматы,2007.-344 бет. 6 дәріс. Нарықтық инфрақұрылымның даму деңгейін бағалау. Мақсаты: Нарықтық инфрақұрылымның даму деңгейін теориялық зерттеу. Жоспар: 1.Даму деңгейін бағалаудың мақсаты мен міндеттері 2. даму деңгейін бағалау принциптері 3. техникалық-экономикалық көрсеткіштері
Негізгі терминдер: макродеңгей, республикалық индикативтік жоспар, инфрақұрылымдық объекттілер.
Нарықтық инфрақұрылымның даму деңгейін бағалаудың мақсаты мен міндеттері Инфрақұрылымдық кешеннің даму деңгейін бағалаудағы қажеттілік келесі жағдайлармен анықталады: 1) жалпы қоғам, мемелекеттік органдар, ҒЗИ, білім жүйесі мен басқа ұйымдар макродеңгейдегі экономикалық тепе-теңдік анализін жасау, керекті шешімдер қабалдау мақсатында керекті уақыттағы нарықтық инфрақұрылымның даму жағдайын білуді қажет етеді; 2) осы білімдер негізінде мемлекеттік органдар нарықтық инфрақұрылымның дамуын реттеудің нысандары мен әдістерін жасайды және де бағдарламалық құжаттарда оның даму деңгейін ескереді; 3) экономиканың қызмет етуінің кез келген кезеңінде нарықтық инфрақұрылымның даму болашағын анықтап отыру және республикалық индикативтік жоспарға керекті параметрлерді енгізіу маңызды. Нарықтық инфрақұрылымның даму деңгейін бағалау принциптері Нарықтық инфрақұрылымның дамуын анализдеу, жоспарлау мен реттеу процесінде қолданылатын көрсеткіштер жүйесін жасауда келесі принциптерді қолдану дұрыс:
Нарықтық инфрақұрылымның дамуы мен қалпын анықтайтын техникалық-экономикалық көрсеткіштері Практикада нарықтық инфрақұрылымның дамуы мен қалпын анықтайтын көрсеткіштердің келесілері қабылданған және қолданылады: · статусы, меншік нысандары, бизнестің ұйымдастырушы-құқықтық нысаны мен мамандалуын көрсететін нақты нарық типінің инфрақұрылымдық объекттерінің тізімі; · кәсіпорынның жарғылық қоры; · жұмыскрлер саны, олардың сапалық құрамының мінездемесі; · өзіндік, жалға алынған меншіктің құны; · көрсетілетін қызмет пен орындалатын жұмыстардың көлемі; · өңделетін ақпараттардың компьютерлену деңгейі; · қолданылатын байланыс құралдары; · техникалық-экономикалық көрсеткіштер: табыстар, айналым шығындары, пайда, нарықтық инфрақұрылымдық кәсіпорынның қызметінің тиімділігі және рентабельділігінің көсеткіштері. .Бақылау сұрақтары: 1. Нарықтық инфрақұрылымның даму деңгейін бағалаудың мақсаты мен міндеттері қандай? 2. Нарықтық инфрақұрылымның даму деңгейін бағалау принциптері. 3.Нарықтық инфрақұрылымның дамуы мен қалпын анықтайтын техникалық-экономикалық көрсеткіштерін атандар.
Қолданылған әдебиеттер: 1. Шуленбаева Ф.А. Рыночная инфраструктура /Учебное пособие. – Астана.–2007.– 149с. 2. Кошенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі / Оқу құралы.-Алматы,2007.-344 бет.
7 дәріс. Инфрақұрылымның салалық топтары Мақсаты: Инфрақұрылымның салалық топтарының теориялық негіздері. Жоспар: 1. Өндірістік инфрақұрылым 2. Әлеуметтік инфрақұрылым 3. Институционалды инфрақұрылым 4. Экологиялық инфрақұрылым Негізгі терминдер: өндіріс, көтерме сауда, ақпараттық қызмет көрсету, бөлшектік сауда, кредиттік-қаржылық сферасы, мемлекеттік инженерлік құрылыстар.
Кәсіпорынның қызмет етуінің сыртқы талаптарын бөлу негізінде инфрақұрылымды 4 салалық топқа бөлуге болады: Өндірістік инфрақұрылым - өндіріс пен айырбас процесінің сыртқы талаптарын қамтамасыз ететін экономика салалары мен еңбек қызметінің түрлерінің кешені. Оған жүк көлігі, көтерме сауда, электрикалық-, газдық-, сумен қамтамасыз ету, байланыс, ақпараттық қызмет көрсету (ақпаратты өңдеу, бағдарламаық қамтамасыз етуді өндіру, мәліметтер базасы қызметі) жатады, тағы да іскерлік қызметтер сферасы, оған жатады: жарнама мен маркетингтік қызмет көрсету, жалдау мен лизинг, консультативтік қызмет көрсету, инжиниринг. Әлеуметтік инфрақұрылым – жұмыс күші мен адамдардың өмірлік қызметінің ұдайлығының материалды-заттық және әлеуметтік-мәдениеттік талаптарын жасаумен байланысты салалар кешені. Оның құрамына денсаулық сақтау, білім, бөлшектік сауда, пассажирлік көлік, бос уақытты ұйымдастыру сферасы, қоғамдық тамақтандыру сферасы, үй шаруашылығы бойынша қызмет көрсету, т.б. кіреді. Институционалды инфрақұрылым – экономиканы макроэкономикалық реттеуді іске асыратын, ұлттық шаруашылық дамуының ең оптималды макроэкономикалық пропорцияларын қолдап отыратын қызмет сферасы салаларының кешені. Оған мемлекеттік экономиканы реттеу аппараты, кредиттік-қаржылық сферасы, т.б. жатады. Экологиялық инфрақұрылым – барлық кәсіпорындардың қызметінің экологиялық талаптарын, адамның қоршаған ортаға экономикалық қызметінен болатын негативті әселерден қорғауды қамтамасыз ететін қызметтер сферасы мен инженерлік құрылыстар кешені. Берілген инфрақұрылым түріне кіреді: қоршаған ортаның жағдайын бақылайтын мемлекеттік және территориалды органдар, теңіздік және өзендік жағалауларды, ормандарды қорғау бойынша мемлекеттік инженерлік құрылыстар, мемлекеттік және жеке тазалау құрылыстары. Бақылау сұрақтары: 1. Инфрақұрылымның салалық топтарының теориялық негіздерін атандар. 2.Олардың өзара байланысы қандай? 3. Әрбір салалық топтардың ерекшеліктерін атандар.
Қолданылған әдебиеттер: 1. Шуленбаева Ф.А. Рыночная инфраструктура /Учебное пособие. – Астана.–2007.– 149с. 2. Кошенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі / Оқу құралы.-Алматы,2007.-344 бет. 8 дәріс. Инфрақұрылымдық-территориалды кешен. Мақсаты: Инфрақұрылымдық-территориалды кешеннің тәжірибелік негіздері. Жоспар: 1. Қазақстанда аймақтық нарықтық инфрақұрылымның жүйесі. 2. Қазақстанның ауылшаруашылығының нарықтық инфрақұрылымы Негізгі терминдер: ақпарат көздері нысандары, аграрлық нарық, мәліметтерді тарату әдістері. Қазақстанда аймақтық нарықтық инфрақұрылымның бірегей жүйесі қалыптасты, оның негізгі тұтынушыларының ақпараттық қажеттіліктері анықталды, аграрлық өнімдер тізімі анықталды, ақпарат көздері нысандалды, аграрлық нарық туралы мәліметтерді тарату әдістері өңделді. Аймақтық деңгейде аграрлық өнімдер нарығын ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері бар. Соған орай нарықтық жазықтықта өндірушілер, тұтынушылар, мемлекеттік құрылымдар, әр түрлі меншіктік нысандар негізіндегі инфрақұрылымдық бөлімшелер әсер етуін ескеру қажет. Дүниежүзілік байланысы ақпараттық қамтамасыз ету зерттемелерінде өлшеуіштер, нарық қызмет етуі үшін ақпараттың баршылығының көлемі мен деңгейі анықталған. Бірінші мәліметтер жинау мен нарықтық шолуларды баспалауға дайындау бойынша Нарықтық ақпарат қызметінің қызметкерлері үшін әдістемелік ұсыныстар жасалған. Барлық ақпарат құралдарындағы нарықтық шолуларының күнделікті баспаларының технологиясы мен әдістемесі өңделген, оларда келесілер жазылады: 1) ірі өндірушілер сатып алулар жасайтын бағалар – ет комбинаттары, элеваторлар, сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындар, тұтынушылық кооперациялар жасаушылар; 2) дүкендердегі, қалалық және ауылдық нарықтағы бағалар; 3) Қазақстан облыстарындағы, ТМД нарықтарындағы баға, әлемдік бағалар. Шетелдік көздер мен жергілікті жағдайдың талдамасының негізінде Қазақстандағы бидай нарығының ауылшаруашылық өнімдерді күтілетін әлемдік өндірістің болжамдарын, баға динамикасының мүмкін тенденцияларын баспаға түсіру мүмкіндігі пайда болды. Қазіргі жағдайда мемлекеттің аграрлық кешенге әсер ету рөлі мен функциясы өзгерді. Реформаланған нарықтық шаруашылықтағы қажеттіліктерді қанағаттандыру – жаңғырту процесінің негізгі элементі. Командалық экономиканы қолдаумен ауылшаруашылығының мемлекеттік басқарудың жоғарғы органының жаңа функциялары пайда болады. Олардың ішінде ең маңыздысы болып нарықтық ақпаратты жинау мен үлестіру болып келеді. Қазақстанның ауылшаруашылығының мемлекеттік басшылығының жоғарғы органдары аграрлық нарықты дұрыс та жедел ақпаратпен қамтамасыз ететін құрылымдарға керекті көңіл бөлмейді. 1997ж желтоқсан айында маркетингтік ақпараттық жүйені құру туралы қабылданған Үкіметтің Жарлығы орындалмаған. Қазіргі кезде аграрлық нарықтың қатысушыларына нарықтық ақпараттың шектеулі саны ғана статистика бойынша ұлттық агенттігінің тауарлық-шикізаттық биржасынан, ауыл шаруашылығын басқарудың мемлекеттік органдарынан, жеке құрылымдардан түсіп отырады. Статистикалық агенттіктегі мәліметтер өз ведомствосындағы жоғарғы звенолары мен мемлекеттік басқару құрылымдары үшін жасалған. Тек эпизодтап, үлкен кешулікпен барлық ақпарат құралдарына жетеді. Жоғарыдағы айтылғандардан шыға, Қазақстанда бәсекелеске төзімді ауылшаруашылық кәсіпкерлеріне аграрлық өнімдер нарығы туралы ақпаратты жинау мен үлестіруді іске асыратын мемлекеттік қызметтер жүйесін қосатын мемлекеттік нарықтық ақпарат жүйесін құру керек екенін көрсетеді. Ол аграрлық өнімдер нарығы туралы ақпараттарды жинау мен итаратуды іске асыратын негізгі мемлекеттік қызметтердің ұйымдаситырушылық құрылымы болыа келеді. Онда 2 негізгі «блоктары» бар. Біріншісі – Ауыл Шаруашылық Министрлігі құрылымындағы Ауыл шаруашылық маркетинг қызметімен байланысты звено. Маркетинг қызметіне, басқа звенолармен қатар ресубликалық, облыстық, аймақтық деңгейдегі нарықтық ақпаратты жинау мен таратуды іске асыратын мекемелер кіреді. Ол екі мекеме типінен тұрады: функционалды бөлім, оның құрамында Министрлің аппарат бар және республикада мекемелер желісі бар агенттіктер (бөлімдер) . Қызмет ету мекемелер құрамында келесі құрылымдар болу қажет: · нарықтық инфрақұрылым, тасымалдау мен өткізу бөлімі; · өнімді стандарттау мен сетификаттау бөлімі; · әдістемелік, құқықтық және анализдеу бөлімі; · баспа бөлімі. Ауылшаруашылық маркетинг қызметінің қызмет ету бөлімдері ғылыми-зерттеу мекемелер мен халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтар бағдарламаларымен өзар іс-қимылды ұйымдастырады. Ауылшаруашылық маркетинг қызметінің құрамында нарықтық ақпаратты жинау, талдау мен таратумен байланысты практикалық есептерді орындау үшін төмендегі басқару деңгейіндегі мекемелер желісі бар мамандалған бөлімдер құру керек. Нарықтық ақпаратты жинау мен таратуда маңызды рөл «Нарықтық жаңалықтар» бағдарламасында болу қажет. Бұл қызмет өзіне аймақтық, облыстық және аумақтық деңгейдегі мекемелер желісін қосады. Ұйымдастырушылық құрылым схемасындағы екінші «блок» - ұлттық статистикалық агенттіктер мекемелері. Облыстық және аумақтық деңгейде қызмет ететін мекемелер желісі басқа міндеттермен қатар кең көрсеткіштер аумағында нарықтық ақпаратты жинау мен тарату қызметін орындау керек. Орталық аппарат, облыстық және аумақтық звенолар деңгейінде аграрлық нарық туралы мәліметтер өзара тарату көзделеді. Статистикалық агенттік мекемелері ауылшаруашылық маркетинг қызметімен өзара іс-қимылға бағытталу керек, сондықтан олардың құрамында мыналар болу керек: баға, ауылшаруашылық, әлеуметтік статистикасы бөлімі. Нарықтық шолулар дайындағанда мемлекеттік ведомстволардың, коммерциялық құрылымдардың саудалық қызмет, экспорт, импорт және т.б. туралы есеп беру мәліметтері қызығушылықты танытады. Облыстық деңгейде нарықтық жаңалықтар қызметімен бірге баға, жанұя бюджеті, ауылшаруашылық туралы мәліметтер жинаумен байланысты мекемелерөзара іс-қимылдасуы керек. Және де ведомство, жеке бағдарламалар, шаруашылық субъекттер бойынша қаралу материалдары қолданылынады. Қалалық, аумақтық деңгейде мына нарықтық субъекттердің статистикалық есеп берулері мен қаралуы туралы мәліметтер болу керек: үй шаруашылықтары, фирмалар, мемлекеттік құрылымдар. Осылайша, ауылшаруашылық ведомстволарының мекемелері мен статистикалық агенттіктер органдарының өзара әсерлесуі ақпаратты тиімді қолдануды қамтамасыз етеді, осы кадрлар жүйесінде жұмыскерлер берілімін жоғарлатады, ал барлық нарық қатысушылары негізделген шешімдер қабылдау үшін нарық туралы дұрыс мәліметтерді уақытында алып отырады. Аграрлық нарықта қызмет ететін жасалынып жатқан ақпараттық жүйелердің тиімділігін анықтау үшін мәселені шешуге әдістемелік тәсілі бар. Тиімділікті бағалайтын критерийлерін анықтағанда бірнеше көрсеткіштерді алуға болады. Ең алдымен: аграрлық өнім нарығындағы кәсіпкерлік қызмет бір нарықта өнімді жоғары бағамен сату мүмкіндігі және басқа нарықта оны одан да жоғары бағамен сату, арбитражды деп аталатын сату мүмкіндігімен байланысты. Бұл пайда табудың жағымды мүмкіндігі ретінде қарастырылады. Ақпарат ассиметриясында нарық қатысушыларның бір бөлігі ақпарат алып отырады, ал басқалары керекті ақпаратты алмайтындай жағдай туады.Бұндай жағдайда нарықта баға көлдемінде үлкен айырмашылық туады. Экспериментті жасау басында (1994ж) сиыр етінің, шошқа етінің, жүннің бағасы Ақмола облысының аумағында 1,9-2 есе рет құбылжып отырды. 1996ж өнімнің баға арасындағы айырмашылық төмендеді. Құбылымдар 30%-дан өспеді. Осылай арбитраждау нарықты реттеу әдісі ретінде нарықтық ақпарат барында өз рөлін ойнайды. Арбитраждау бағаның былықтаған қозғалысын шақырмайды, ол оны тепе-теңдік бағытында қозғалтады. Осыған орай ақпараттық жүйенің эффектісінің маңызды да негізгі түрі нарықтық баланстауға жағдай жасау мен оның субъекттеріне тауарларды сату-сатып алу жағынан таңдау жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету болып келеді. Ақпараттық жүйе қызметінің эффектісінің басқа маңызды түрі аулшаруашылық өнімдер бағасын баланстау болып келеді, яғни баға паритетінің механизміне әсер ету құралы пайда болады. Бұл әсер ету нарықтық субъекттерді құрайтын экономикалық таңдауды іске асыру үшін алғышарттар жасау есебінде. Бұдан басқа өнімнің әр түрлі түрлеріне өткізу каналдары бойынша баға мониторингі ақпаратты жинай отырып, талдау мақсатында динамика заңдылықтарын анықтауға көмектеседі. Мысалы, бірнеше жылдардың бағалар қатарының деңгейлері туралы мәліметтер сезонлдық құбылымдарды, сұраныс динамикасын және нарықтағы ұсынысты анализдеуге мүмкіндік береді. Ауылшаруашылық тауар өндірушілерін нарықтық ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесінің құрылуы келесі қорытындыларды жасайды: · Аграрлық өнімдер нарығы туралы ақпараттарды жинау, талдау мен тарату инфрақұрылымын жасау мемлекеттің бәсекеге төзімді ауылшаруашылық нысанына әсер етуінің маңызды формасы болып келеді. Нарықтық ақпарат жүйесі экономикалық бәсекелестікке төзімді шаруашылық субъекттер құрылуына, сату-сатып алу жағынан өндірушілер мен тұтынушылардың дұрыс шешім қабылдау үшін жағдай жасайды. Ақпараты бар сатып алушылар мен сатушылар өарасындағы өзара іс-қимыл нәтижесінде сұраныс , ұсыныс балансталады, өнімді тасымалдау, сақтау мен өткізу барысында шығынның қысқартылады. Аграрлық өнімның қазіргі нарығының құрылуы үшін алғышартар пайда болады, әлемдік нарыққа адаптациялануы, аграрлық өнімнің халықаралық саудасында қазақстандық кәсіпкерлер қатысуы үшін жағдайлар қамтамасыз етіледі. · Аграрлық өнім нарығының ақпараттық инфрақұрылымының құруға ресурстар ізденісінде қазіргі кезде Ауылшаруашылығы министрлігі мен статистика агенттігіның жұмыскерлері орындайтынфункцияларды қайта үлестіру мүмкіндігін қолдану. Одан басқа, ауылдық тауар өндірушілер үшін нарықтық ақпарат жүйесін дамыту бойынша практикалық шаралар керек. Ол шаралар мәні келесіде: · Қаржыландыруды анықтай отыра, Қазақстанда нарықтық ақпарат жүйесін жасау туралы үкіметтік шешім қабылдау қажет; ҚР-ның Ауылшаруашылық министрлігінде мемлекеттіе қызмет ұйымдастыру; нарықтық ақпарат Бағдарламасын іске асыру. · Жергілікті, аумақтық және әлемдік аграрлық нарығының шолуларын баспаға шығару бойынша БАҚ-мен байланысты ұйымдастыру, бұл сатушылар мен сатып алушыларды өнім бағасы, сұраныс, ұсыныс туралы дұрыс та жедел мәліметтермен қамтамасыз етеді; Бақылау сұрақтары: 1. Инфрақұрылымдық-территориалды кешеннің тәжірибелік негіздері. 2. Қазақстанда аймақтық нарықтық инфрақұрылымның жүйесі атандар. 3. Қазақстанның ауылшаруашылығының нарықтық инфрақұрылымы дегеніміз не? Қолданылған әдебиеттер: 1. Шуленбаева Ф.А. Рыночная инфраструктура /Учебное пособие. – Астана.–2007.– 149с. 2. Кошенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі / Оқу құралы.-Алматы,2007.-344 бет.
9 дәріс. Тұтынушылық тауарлар нарығының инфрақұрылымы. Мақсаты: Нарықтық тауарлар мен қызметтерді таратудың теориялық негізін үйрену. Жоспар: 1. Негізгі тарату көздері. 2. Көтерме сауда. 3. Комерциялық көтерме қйымдар. 4. Бөлшек сауда. Негізгі терминдер:институттар кешені, сұраныс және ұсыныс, көтерме сауда,делдалдар, комерциялық ұйымдардың жиынтығы. Тұтынушылық нарық тауарлар нарығының негізгі юөлігі ретінде. Тауарлар нарығының инфрақұрылымының құрамына кіреді: көтерме сауда нарығы мен бөлшектік сауда нарығы. Көтерме сауда нарығы Дербес айырбас ретінде меншіктің әр түрлі нысанындағы өндірушілер арасында тікелей байланыс немесе көтерме сауда арқылы нарық келесі белгілермен мінезделеді және ол: - тауар айырбасы, соның ішінде сату-сатып алу жолы бойынша нақты экономикалық қатынастарын көрсету сферасы; - өндіруші мен тұтынушы арасында, тауардық өзінің құны мен тұтынушылық құны арасында қатынастардың көрсету сферасы; - тауардың қоғамдық маңыздылығын мойындау; - тауар өндірушілердегі еңбекке деген экономикалық стимулдары; - коммерциялық ақпараттың ең мәнді көзі болып келеді. Нарықтық қатынастың бөлінбес бөлігі коммерциялық қатынастар болып келеді, олар саудада өзін дірбес экономика саласы ретінде табады. Коммерциялық қатынасқа кіре, сауда өзінің коммерциялық қызметін іске асырады, ол пайда табу мақсатында тұтынушының қажеттілігі мен сұранысына қарай тауарларды сату-сатып алуын ұамтамасыз ететін операциялар мен тәсілдер жиынтығы болып келеді. Көтерме сауда бөлшектік сауда тауарларын өндірушілерге де қызмет көрсетеді. Оның қызметінің нәтижесінде тауар тұтынушыға жақындайды, бірақ жеке тұтыну сферасына әлі кірмейді.Көтерме сауда міндеті – тауар ұсынысын сұранысқа қарай реттеп отыру. Көтерме сауда кәсіпорындары тауарларды тұтыну жаңа және альтернативті көздерін кеңейтіп зерттеуде. Жеткізушілермен байланысты тереңдеткенде, олар өндіріс көлемін ұлғайтуға және өндірілетін тауарлар ассортиментін кеңейтуге көмектеседі және оларды жаңа өткізу нарықтарымен қамтамасыз етеді. Сол уақытта өткізудің жаңа нарықтарын зерттей және ескілерін кеңейте отыра, көтерме сауда аумақтық нарық жағдайы бойынша маман ретінде болады. Ол тұтынушыларды нарық коньюктурасы туралы, жаңа тауарлар мен қызметтер пайда болуы туралы, тұтынушылық сұраныс өзгерістері туралы ақпарат беріп отырады. Осылайша, көтерме сауда тауарлары өзара бәсекелес тауарлар мен қызметтер арасында үлестіруді табысты іске асыратын жоғары эффектті экономикалық құрылым болып келеді. Көтерме сауда ерекшеліктері.Көтерме сауданың негізгі тұтынушылары өндірістік, коммерциялық және мемлекеттік ұйымдар және де көтерме сауда, бөлщектік сауда ұйымдары болып келеді. Көтерме саудада тауарлар ірі бөліктермен сатылады. Көтерме сауда өндірушілерге өз тауарларын тұтынушылармен минималды байланыс негізінде өткізіп отырады. Көтерме сауда пайдасының ұсталымы айналым жылдамдығына (яғни сатып алынатын тауарлар партиясы мен келесі сатылым арасында), тауарлар бағасы, қосымша қызметтердің борлуы мен болмауы, тиімділік пен бәсекелестікке байланысты. Тауар қозғалысының нысандары. Тауардың өндіріс сферасынан бөлшектік желіге қозғалуының екі нысаны бар – транзиттік және қоймалық. Транзиттік тауар қозғалысы нысанында тауар көтерме ұйымдардың қоймаларына жетпей, мына схема бойынша бөлшектік саудаңа бағытталады: өндіріс кәсіпорны – дүкен. Транзитпен сорттауды қажет етпейтін немесе орында өндіріліп, тұтынылатын (нан мен нан өнімдері, тез бұзылатын итағамдар, т.б.) тауарлар жеткізіледі. Бұл тауарлардың транзиттік жеткізу нысаны экономикалық орынды және ақталған. Қоймалық тауар қозғалысының нысаны сорттауды, саудалық ассортиментін жинауды, көтерме сауда кәсіпорындарының қоймаларында запастар болуын қажет ететін күрделі ассортименттік тауарлар(киім, аяқ киім, маталар, галантерея,т.б) үшін керек. Тауарлар қозғалысындағы делдалдар ретінде тауар өндірушілерден соңғы тұтынушыларға көтерме және бөлшектік сауда ретінде болады. КӨТЕРМЕ САУДА – бұл коммерциялық ұйымдар мен кәсіпорындар жиынтығы, онда олар тауарларды алып немесе сақтап, оларды бөлшектік саудаға, сауда ұйымдарына және кәсіпорындарына қайта сатады. Көтерме сауда орындайтын маңызды функциялар: ü тауар өндірушілерге өздерінің тауарларын тұтынушылармен минимум байланыспен тауарды өткізуге мүмкіндік береді; ü дайындалған саудалық персоналды қамтамасық етеді; ü жеткізуші мен бөлшектік, коммерциялық тұтынушы үшінөткізушілік және техникалық көмек көрсетеді; ü тұтынушылар үшін керекті тауарлар ассортиментін жинайды және оларға азырақ мәмілелер жасауға мүмкіндік береді; ü толық партияларды жеткізуге мүмкіндік беретіндей, жеткізу шығындарын азайта отырып, тауарлады көп мөлшерде сатыл алады; ü сақтау және жеткізу үшін материалды базамен қамтамасыз етеді; ü қаржылық көмекті тауар өндірушілерге де (тауарларды жеткізу кезінде төлей, сату кезінде емес), бөлшектік және коммерциялық тұтынушыларға (тауарлық кредит арқылы) көрсетеді; ü кредиттік және бухгалтерлік есеп беруді жүргізеді; ü тауарды қайтару мәселелерін шешеді және дефектті өнімдерге жеңілдіктер жасайды. Көтерме сауда әр түрлі өндірістік салаларда түрлі масштабта қолданылады. Мысалы, өсімдік өнімдерінің (бидай, картоп,т.б.) негізгі бөлігінің өндірісі көтерме сауда арқылы келеді. Басқа салаларда, мысалы, сүт өндірісінде тауар өндірушілер көтерме сауданы айналып отырады және өнімді күнделікті кішкене партиямен өткізіп отырады. Көтерме саудасыз тұтынушыларға көптеген тауар өндірушілермен қатынасу керек еді. Тауар өндірушілер бұндай жағдайда жеткізімдерді координаттау керек еді, жеткізушілермен қатынастарды дамыту, тауар қозғалысының көптеген функцияларын орындау, тауардың көп көлемін сақтау және ішкі жабдықтау мекемелерге көп көңіл бөлу керек еді. Көтерме сауда қызметінің 3 жалпы категориясы бар: тауар өндірушінің көтерме саудасы, коммерциялық көтерме сауда, агенттер мен брокерлер. Тауар өндірушінің көтерме сауда кезінде соңғысы барлық көтерме сауда функцияларын орындайды. Бұл егер тауар өндіруші бөлшектік саудаға немесе басқа тұтынушыларға тиімді шыққысы келсе, көтерме саудадағы өткізу функцияларын өз қолына алғанда болады. Тауар өндірушінің көтерсе саудасын өткізу конторасы немесе филиалы арқылы жүргізуге болады. Өткізу конторасы өндірістік ғимаратта немесе нарық жанында болады және запастарды сақтамайды. Керісінше, филиал тек өнімдерді сатуға емес, оларды сақтауға да мүмкіндік береді. Коммерциялық көтерме сауда ұйымдары сатып алады, ьауар өндірушіден өнімді меншіктенуге құқық алып, оны әрі қарай сатады. Коммерциялық көтерме сауда ұйымдары тауар өндірушіге толық қызметтер жиынтығы немесе шектеулі қызмет көрсетуді іске асырады. Толық қызмет көрсететін коммерциялық сауда ұйымдары өнімнің барлық ассортиментін бір жерде жинайды; саудалық кредитпен қамтамасыз етеді; тауарларды сақтайды және жеткізеді; оларды өткізу мен қозғалтуға көмектеседі; персоналды сатылым үшін жұмыскерлермен қамтамасыз етеді және зерттеу мен жоспарлау облысында көмек білдіреді. Шектеулі қызмет көрсететін коммерциялық көтерме сауда ұйымдары да тауарды меншіктену үшін оған құқықты сатып алады, бірақ функциялардың кішкенесін ғана іске асырады. Мысалы, кредит бермейді, өт
|