Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






ЛЕКЦИЯ КЕШЕНІ


Date: 2014-03-03; view: 2558.


1 дәріс. Пәннің мәні, міндеттері мен әдіснамасы.

Мақсаты: Нарықтық қарым – қатынастардың қалыптасуының негізгін теориялық зерттеу.

Жоспар:

1. Нарықтың құрылымы мен мәні.

2. Нарықтың негізгі субъектілері.

3. Нарықтың қызметі мен қағидаттары.

Негізгі терминдер:айырбас, транспаренттік, бәсекелестік, диференциация, бағалы қағаздар нарығы, көтерме сауда.

Адамзат тәжірибесі бойынша ауыл шаруашылық түрлерінің ішінде ең тиімдісі нарықтық экономика болып келетінін көрсетеді. Экономистердің көбі нарықтық экономиканың артықшылығын, оның өндіріс факторларының шекті өндірушілікпен сәйкес қоғам арасында ресурстарды тиімді орналастырумен түсіндіреді. Нарық экономикасының альтернативті экономикалық жүйелерден артықшылығы, оның иноваторлық қызметке көмегін тигізетінде. Жақсы жұмыс істейтін нарық үлкен рентабелділікті инноваторлық қызметпен қамтамасыз етеді.

Нарықтық экономика маркетинг механизмі арқылы қанағаттандыра алатын сұранысқа сәйкес өндірістің көлемі мен құрылымын құрайды. Нарықтық ориентирі бар экономика көпсалалы инфраструктуралық жүйеден тұрады.

Экономикалық ақпарат келесіні береді: тауардың бар не жоғын, сапасы мен санын, өндіріс кемшіліктерін, тұтынушыға тигізетін пайдасын.

ҚР 16.12.1991 күні « ҚР тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңын қабылдағаннан бері өзінің экономикасының нарықтық жағынан дамығанын жөн көріп, белсенді түрде реформалар қабылдай бастады.

Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуін келесі бастапқы жағдайлармен мінездеуге болады. 1991ж бастап, елде қоғамдық-экономикалық күйзеліс байқалды, өндіріс қысқарды, нарықта эффективті жұмыс істейтін жаңа органдардың болмауы.

Үкімет қабылдаған жедел шешімдер мен программалар келесіні қарастырды:

  1. Саясат, экономика, заңдық, қаржылық және қоғамдық сферадағы нарықтық қарым-қатынастың дамуы мен құрылымы.
  2. Экономиканың макро және микро деңгейін енгізді.
  3. өткізілетін реформалардың қатарлылығын қамтамасыз етті.

 

Нарыққа өту программалары келесіні қарастырды:

1) институционалды реформа: мемлекет ролінің мәні, заң беруші органдар реформасы, атқарушы органдар қайта құрылымы, қоғамдық қорғаныстың жүйесін құру, мемлекеттік институттарды құру (салық жүйесі, ақша саясатын бақылау).

2) макроэкономикалық тұрақтандыру:қатал кредиттік және бюджеттік саясат, мемлекеттік бюджет тапшылығымен күрес.

3) баға мен нарық реформасы:бағадан бақылауды алып тастау, сауданы либералдау және өндірістік факторлардың бәсеклестік нарықты құру.

4) кәсіпкерлікті дамыту:жеке меншік құрылымы, кәсіпорындардың қайта құрылымы.

Жоғарыда айтылғаннан басқа, бағдарламаларда нарыққа көшудің басқа бағыты ретінде элементтік құрамы анықталған нарықтық инфрақұрылымды құру қарастырылады. Бұл мемлекет саясатының, басқарушы органдар бағдарламаларының және де Қазақстанда нарықтық инфрақұрылымды дамыту мақсатында жүргізілетін барлық шаралардың мақтанышы болып келеді

Қазақстанда нарықтық қатынастардың құрылуы материалды және материалды емес өндірістің әр түрлі қызметтер мен сервистің түрлерімен, оның ішінде ең алдымен банктік, кредиттік, инвестициялық, ақпараттық, технологиялық, инновациондық, коммерциялық және т.б.-мен қамтамасыз ету үшін кәсіорындар кешені мен нарық субъектілеріне қызмет көрсету сферасындағы объектілердің құрылуын талап етеді.

Берілген пән отандық және батыстық әдебиеттерді кеңінен қолдана отырып, нарық инфрақұрылымының ең маңызды құрылу бағыттарын көрсетеді, нарықтың жеке объектілерінің: еңбек, тауар және қаржы нарығы қызмет етуінің теориялық негіздері ашылады. Инфрақұрылымдық кешеннің нақты объектілері туралы жалпы түсінік беріледі, олар керекті пән курстарын оқуымен және өндірістік, коммерциялық және кредиттік-қаржылық қызмет саласындағы практикалық жұмыс тәжірибесімен толықтырып отыру керек.

Әдістемелік негіз ретінде нарықтық инфрақұрылымның қызмет ету мен даму заңдылықтарын зерделеу үшін жүйелік тәсілдеме қабылданған (1 сурет).

1 сурет – Нарықтық инфрақұрылым құрамын анықтаудағы жүйелік тәсілдеме.

 

Құрылым деңгейі:

  Нарықтық инфрақұрылым
       

Күрделі кешендік жүйе

Саудалық     Қаржылық     Жұмысқа орналастыру

Қосалқы жүйе

Элементтер -көтерме сауда -банктер -еңбек биржасы

кәсіпорындары -қор биржалары -жұмысқа орналас-

-бөлшектік сауда -валюта биржалары тыру орталықтар

кәсіпорындары -сақтандыру -кадрлар дайындау

-сауда үйлері компаниялары орталықтары

-тауар биржалары

Бақылау сұрақтары:

1. «Нарық» сөзінің мағынасы, оның қалыптасу жағдайы.

2. Жетілдірілген нарыққа қандай жағдайлар тән?

3. Нарықтың негізгі субъектілері.

4. Нарықтың тиімді қызмет ету қағидаттары.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Шуленбаева Ф.А. Рыночная инфраструктура /Учебное пособие. – Астана.–2007.– 149с.

2. Кошенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі / Оқу құралы.-Алматы,2007.-344 бет.

2 дәріс. Нарықтық инфрақұрылымның экономикалық мәні, инфрақұрылым құрамы, міндеттері мен функциялары.

Мақсаты: Нарықтық инфрақұрылымның негізін теориялық зерттеу.

Жоспар:

1.Нарық құрылымы

2. Субъективті нарықтың негізгі мәні

Негізгі терминдер:нарық құрылымы, субнарық жүйесі, бағалы – қағаздар нарығы, көтерме сауда.

«Нарықтық инфрақұрылым» түсінігі осы кезге дейін отандық әдебиеттерде мүлде кездеспеген. «Инфрақұрылым» термині екі латын сөзінен құралған «infra» - төмен, «structure» - құрылым, орналасу деген мағынаны береді. Берілген сөздің этимологиясын ескере отырып, инфрақұрылымды экономиканың барлық салаларының даму фундаменті ретінде қарауға болады.

«Инфрақұрылым» сөзі әскери терминологиясында әскерге қызмет ететін объектілер мен құрылыстарын: аэродромдар, зымырандар базасы, радиолокаторлық орын, қоймалық шаруашылық және т.б. белгілеуге қолданған. Кейінен бұл термен экономика ғылымында қолдана бастады.

«Инфрақұрылым» терминінің айналымы б.з. 40ж-да басталды, ал инфрақұрылымның мәселелерін зерттеу 19ғ аяғына таман басталды.

Қоғамдық еңбек бөлінісінің шоғырлануына байланысты материалды-заттық өндірістен инфрақұрылым экономиканың жеке дара саласына айналды. Оның масштабының әрі қарай кеңеюі қызмет өндірісінің компания-тұтынушылар шегінен мамандалға фирмаларға ауысу нәтижесінде болды. Инфрақұрылымның салалары материалды емес өнімді емес, өндірістік және өндірістік емес қызметті шығарады.

Қазіргі кезде әдебиетте нарықтық инфрақұрылымның мәні мен құрамын ашатын статьялар шектеулі. Мысалы, бұл термин мағынасын экономика ғылымының кандидаты В. Усов былай түсіндіреді: «Нарықтық инфрақұрылым – дербес тауарлық, шикізаттық, қаржылық, интеллектуалды, ақпараттық ресурс айырбасын қамтамасыз ететін жүйе». Берілген анықтамадан мынаны алуға болады: «Нарықтық инфрақұрылым – нарықтағы идеялардың, тауарлардың және қызметтердің дербес өткізуін қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар жиынтығы».

Ал американдық экономист П. Розенштейн-Родан инфрақұрылымды «экономиканың базалық салалары (энергетика, көлік, байланыс), яғни олардың дамуы тез өтелетін және тікелей өндіретін инвестицияларға әкеледі» деп түсінген.

П. Самуэльсон инфрақұрылымның мәнін аша, мектептерді, ауруханаларды, темір жолдарды құру кезіндегі шығындарды «қоғамның жүкқұжат ұсталымына» жатқызуды және де оларды үкіметтік шығындар есебі арқылы жүзеге асыруды ұсынған.

В. Красовский өзінің еңбектерінде инфрақұрылымның кеңейтілген түсінігінде оның сферасына барлық отындық және шикізаттық кешен, машина жасаудың көп бөлігі және басқа салалар кіретінін анықтаған, және де ол өнім мен қызмет айналымының тездетілуімен байланысты инфрақұрылымның түпнұсқалық экономикалық функциясының басылуына әкеледі, ал оның шектері белгісіз болып кетеді және инфрақұрылым түсінігін экономикалық және статистикалық анализде қолдану өзінің логикасы тек ішкі экономикалық бірлігі жалпы функционалды мағынаны иеленген кезде ғана болады.

И.Ф. Чернявский «инфрақұрылым барлық шаруашылыққа және оның жеке сфераслары мен кешендеріне бірлік мінезін беретін салалар, өндірістер мен қызмет түрлері түрінде өндірістік күштің элементтерінің жиынтығы болып келеді, олардың қызмет ету мәні біріншіден, негізгі өндірістің қызмет етуінің тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы талаптарды құрауда; екіншіден, жұмыс күшінің ұдайы өндірісін қамтамасыз етуде.

Қазақстандық ғалымдар инфрақұрылымды «бір жағынан өндіріске тартылған барлық ресурстардың қызмет ету тиімділігін, екінші жағынан жұмыс күшінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін жүйлер мен қызметтер» ретінде қараситырады.

Р.С. Каренов инфрақұрылым негізгі өндіріске көмекші ретінде болып келеді және өндіріс факторларын анықтайтын негізгі өндірістік элементтердің дұрыс қызмет етуін қамтамасыз етеді дейді. Бұдан инфрақұрылым өндіріске тартылған ресурстардың тиімді қызмет етуін және жұмыс күшінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін салалар, өндірістер мен қызмет түрлерінің жиынтығы екені шығады.

90-шы жылдан бастап ғылыми жұмыстардың көбісі нарықтық инфрақұрылым мәселелеріне арнала бастады. Авторлар оның мазмұнын әр түрлі түсіндіреді. Нарықтық инфрақұрылым – нарықтың қызмет етуін қамтамсыз ететін жүйе.

Қазақстандық ғалымдардың кейбір жұмыстарында нарықтық инфрақұрылымға дайын өнімді өткізу, сақтау мен рационалды қолдануын қамтамасыз ететін агроөнеркәсіптік кешенінің табыстама механизмінің материалдық звеноларының жиынтығын жатқызады (тауар биржалары, көтерме сауда кәсіпорындары, сауда үйлері, коммерциялық банкттер, сақтандыру мен брокерлік компаниялар, сауда-делдалдық фирмалар, аукциондар мен жәрмеңкелер, қоймалық және элеваторлық, суықтату, ыдыстық, көліктік шаруашылық пен байланыс, коммерциялық ақпарат мен маркетинг орталықтары).

Қазіргі қазақстандық заңнамасында шағын бизнеске құолданбалы инфрақұрылымға мынадай анықтама берілген: «Бұл өзіндік істі ұйымдастыруға көмектесуді, маркетинг, инжиниринг облысында ақпаратпен және материалды-техникалық, қаржылық және басқа да коммерциялық негіздегі ресурстармен қамтамасыз етуді қоса, шағын кәсіпкерліктің субъектілерінң қызмет ету мен даму талаптарын қамтамасыз ететін құрылып жатқан және қолданудағы ұйымдар кешені».

Осылай жоғарыда көрсетілген негіздемелерді қорытындылайтын болсақ, инфрақұрылым, оның ішінде нарықтық инфрақұрылым өндірістік, айналым мен үлестіру тиімділігіне әсер етеді және қоғамның әр даму кезеңінде өндірістік күштердің дамуының деңгейіне баламалы болу керек.

Нарықтық инфрақұрылымының мәнділігін келесі 3 бағыт бойынша қарастырамыз.

1.Нарықтық инфрақұрылымның саяси мағынасымемелекеттік мекеме жағынан басқарушылық ықпалына сезімтал болып келетін тұрақты қызмет ететін шаруашылық кешеннің құрылуында. Бұдан басқа инфрақұрылымның институционалды бөлігін көрсететін мемлекеттік ұйымдар негізінен нарықтың барлық субъекттерінің арасындағы өндірістік қатынастарлы анықтайды және реттейді және ұлттық саясатты шараларын өмірге келтіреді.

2. Нарықтық инфрақұрылымның экономикалық мағынасынарық оқшауланған субъектілеріне қатысты сәтті жұмыстарға керекті нарықтық сигналдармен ұлттық шаруашылықты қамтамасыз етуде.

3. Нарықтық инфрақұрылымның әлеуметтік мағынасы халықтың жұмыспен қамтылу мүмкінділігінің кеңейтілуі мен қоғамдық еңбек бөлініс жүйесінде қоғамның әр мүшелері өзіне керекті орын табуға дербес таңдау мүмкіндігінде. Нарықтың субъекттер бөліктерінің қызметтерінің қоғамдық бағыты білім беру функцияларын орындау мен кадрларды қайта дайындау, қоғам мүшелерін сауықтандыру, олардың бос уақыттарын, демалыс мен емделуін ұйымдастыру.

Әр түрлі белгілер бойынша нарықтық инфрақұрылым классификациясы

Көрсетілетін қызметтер өз мінездемесіне қарай экономистер нарықтық инфрақұрылымның құрамын анықтауға әр түрлі қарайды. Соның ішінде екі түрді қарастыруға болады:

1) экономика салалары мен еңбек қызметінің түрлеріне байланысты;

2) нарық типіне байланысты

Соның біріншісін қарастырайық. Нарықтық инфрақұрылым ішкі құрылысында біркелкі емес, өйткені онымен қамтамасыз етілетін кәсіпорынның қызмет ету сыртқы талаптары біркелкі еемес болып келеді. Экономикалық процеске әсер етуіне байланысты бұл талаптарды 4 негізгі топқа бөлуге болады:

 

  • Өндіріс процесі мен өнім айналымын қамтамасыз ететін жағдайлар: өндіріс сферасындағы өнім тұтыну сферасына ауысуын ұйыдастыру; жинау, тапсыру, жинақтау мен ақпаратты өңдеу; технологиялық және басқарушылық сұрақтар бойынша кәсіптік кеңес беру мен т.б.
  • Жұмыс күшінің ұдайы өндірісінің жағдайлары: жұмыскерлер мен қызметкерлер денсаулығын сақтау, олардың жалпы білімдік және мамандандыру дайындықтары; демалысты ұйымдастыру и т.б.
  • Қоғамдық ұдайы өндірістің макроэкономикалық пропорцияларының баланстануының жағдайы;
  • Экономикалық дамудың экономикалық жағдайлары;

Инфрақұрылымды кәсіпорынның қызмет ету сыртқы жағдайларын осылай бөлу нәтижесінде 4 негізгі салалық топтарға бөлуге болады:

1. Өндірістік инфрақұрылым

2. Әлеуметтік инфрақұрылым

3. Институционалды инфрақұрылым

4. Экологиялық инфрақұрылым

Салалық топтардың түсініктері мен тағайындалуылармен келесі тарауларда танысамыз.

ҚР экономикасының нарықтық экономикаға көшуінде инфрақұрылымның мәні мен құрамын шарттау қажеттілігі туындады. Нарықтық ориентпциядан шыға отырып, инфрақұрылым құрамын нарық түрлеріне байланысты қарастырады (2 сурет).

Көрсетілген схема негізінде нарықтық инфрақұрылым құрамын мінездей отыра, мынаны белгілеуге тура келеді, нарықтық инфрақұрылым – күрделі жүйе, ол кешендікті анықтайды, ал оның субъектілері көп түрлі нарық функцияларын атқарады. Схемада мысал ретінде нарықтың 6 типі көрсетілген. Олардың тізімі екі бағытта жалғастырылуы мүмкін: нарық типі бойынша және нарықтың әр түріның бөлшектеуін есте сақтау бойынша. Мысалы, қаржылық нарық келесілерге бөлінеді: ақшалай, валюталық, орта және ұзақ мерзімді банктік кредиттер, бағалы қағаздар. Осы нарықтар типінің әрқайсысына ақша мен бағалы қағаздар ағынын қамтамасыз ететін бір-бірімен байланысты ұйымдар жүйесі ретіндегі инфрақұрылымына сәйкестендіріледі.

Жалпы нарықтық инфрақұрылымның құрамына қатысты принципиалды дискуссиондық сұрақтар жоқ. Оның мінездемесіне теория жағынан екі тәсілдеме қолданылады: салалық және нарық типін есепке алу, олар белгілі жүйелікті енгізеді және бір-біріне кедергі келтірмейді.

Нарықтық инфрақұрылым субъектілерінің атқаратын функциялары

Қызметтер нысандарының көтүрлілігі нарықтық инфрақұрылымның субъекттерінің атқаратын әр түрлі функцияларымен туылады.

Олардың негізгілері:

1. Тауар айналымын қамтамасыз ету. Бұл функцияны делдалдық ұйымдар атқарады: саудалық, жабдықтау-өткізу, көліктік, байланыс.

2. Ақша құралдары мен бағалы қағаздар айналымын қамтамасыз ету. Ақша құралдарының меншіктенушіден қарызгерге жетіп қайта кредиттік-қаржылық институттарға барады. Қаржылық нарықта орта және ұзақ мерзімді бағалы қағаздар айналымда болады. Оларды компаниялар, кредиттік мекемелер, үкімет, қор биржалары мен басқа да ұйымдар шығарады және іске асырады.

3. Құралдар айналымын жеделдету. Меншікті және тартылған құралдар қозғалысы брокерлік және маклерлік қызметтер арқылы, жалданған жұмыскерлер мен мердігермен сапалы шарт жасасу арқылы, кәсіптік байланыс құралдарды қолдану арқылы, нарықтың әр түрлі субъектілердің төлемдерін тасымалдау мен төлеу арқылы жеделдетіледі.

 

 


Нарық түрлеріне байланысты нарықтық инфрақұрылым құрамы

 

  Нарықтық инфрақұрылым кешендік жүйе ретінде  
       
         
                 
Қаржылық нарық инфрақұрылымы
Тауарлар инфрақұрылымы
Жұмыс күші (еңбек) нарығының инфрақұрылымы
Қызметтер нарығының инфрақұрылымы
Технологиялар инфрақұрылымы
Ақпараттық нарығының инфрақұрылым

 

 

Еңбек биржасы Көтерме сауда Банктер мен банктік Маркетингтік Инноваторлық Радио

Кадрлар дайындау Бөлшектік сауда мекемелер компаниялар орталықтар Телевидение

орталықтары Сауда үйлері Қор биржалары Консалтингтік және Жобалау фирмалар Спутник байланысының

Жұмыспен қамту қоры Тауар биржалары Валюталық биржалар инжинирингтік Компьютерлік жүйесі

Бизнесті дамыту Аукциондар мен жәрмеңкелер Сақтандыру компаниялар фирмалар компаниялар Статистистикалық

орталықтары Брокерлік конторалар Салықтық инспекциясы Көліктік Телекоммуникация агенттіктер

Зейнетақы қорларыт Кедендер Аудиттік және кәсіпорындар қызметінің Ақпараттық

факторингтік Қонақ үйлер орталықтары компаниялар

компаниялар Жарнамалық агенттіктер Телефондық Электрондық пошта

Туристтік фирмалар компаниялар

2 сурет

 


4. Кәсіпорынның дамуы. Кәсіпорын қызметінің кеңейтілуі жалға беру, лизинг, бағалы қағаздар эмиссиясы, кәсіптік дайындау мен жұмыскерлерді қайта дайындау, инжиниринг, менеджмент саласындағы көмек арқылы іске асырылады.

5. Тәуекелдікті төмендету. Кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандырудың түрлері, аудиторлық қызметтер, консалтигтік қызметтер арқылы төмендетіледі.

6. Маркетингке жәрдемдесу. Тауарлар немесе қызметтерді тұтынушыларға жеткізу үшін жарнама жөнінде мамандар қызметтері, стандарттау, тұтынушылардың белгілі тауарға сұранысты зерттеу жұмыстары, нарықтың толықтығы мен сыйымдылығы туралы ақпараттар керек.

7. Іскерлік қатынастарды ұйымдастыру мен реттеу. Жаңа заңнамалық актілерді түсіндіру, салық салу, бухгалтерлік есеп пен есеп беру жүйелерін реформалау, коммерциялық істерді ұйымдастыру туралы консультацияларды көптеген аудиторлық және заңды қызметтер білікті жүргізіп жатыр.

8. Кәсіпкерлікті қолдау. Кәсіпорындарға тәуелсіз консультативтік және аудиторлық ұйымдармен көрсетілетін экономика мен басқару жағынан қызметтер кешені. Менеджмент-консалтинг жалпы даму стратегиясын құрастыруды, басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіруді, кадрлар таңдау және олардың еңбекақысын төлеу жүйесі туралы ұмынымдарды қарастырады.

9. Нарықтық қатынастар қатысушыларына ақпараттық-коммерциялық қызмет көрсету. Ақпарат істі жасаудағы негізгі өнім айырбасы ретінде болады, сондықтан ақпараттық нарық пен оның субъектілерінің мүмкіндіктері шексіз.

Бақылау сұрақтары:

1. Тиімді нарық қызметінің 3 негізгі элементін атаңыз

2. Сатып – алушы, өндіруші және мемлекеттің көзқарасындағы тұтынушы нарығының мақсаты?

3. Тқтынылатын нарықтың ерекшеліктері?

4. Тқтынушылық тауарлар нарығының негізгі бөлімдері?

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Шуленбаева Ф.А. Рыночная инфраструктура /Учебное пособие. – Астана.–2007.– 149с.

2. Кошенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі / Оқу құралы.-Алматы,2007.-344 бет.

3 дәріс. Нарықтық инфрақұрылымның жалпы теориясы, стратегиясы мен даму көздері.

Мақсаты: Нарықтық мехагизм элементінің мазмұны және теориялық негізін түсіну.

Жоспар:

1. Нарықтық механизм шаруашылығының маңызы

2. Нарықтық механизмнің негізгі элементі.

3. Нарықтық бағаның қызметі

Негізгі терминдер:экономикалық әсер етудің әдістері мен тетіктері, баға қалыптасуының кезеңдері, кірістің тиімділігі, толықтыру тиімділігі.

Нарық тауарлы-ақшалай қатынастар жүйесінде орталық элемент болып келеді. Тауар өндірісі мен тауарлы-ақшалай қатынастарының объективті өмір сүруі нарықтың өмір сүруін де керек етеді. Бұл түсініктерді игеру үшін нарықтың ертедегі примитивті нысанынан қазіргі күндегі дамыған нысандарына шейін дамуын қарастыру керек.

Экономика – бұл екі бір-бірімен тығыз байланысты сфералар: өндіріс пен тұтыну. Басында 200-300 жыл бұрын Жерде өмір сүрген «ақылды адам» еңбегі тек қана өзін және өзінің ұрпақтарын тамақтандыруға, өзінің өмірін сақтау мен тұқымын жалғасуын қамтамасыз етугеғана жеткен. Еңбекке қабілетті адамға қосымша өнімді, яғни ол басқа өнімге ауыстырып алуға болатын өнімнің кейбір қалдығын шығару үшін көптеген мыңдаған жылдарды керек етті, бұдан натуралды және бартерлік өнім айырбасын туғызды.

Қоғамдық еңбек бөлінісін жетілдіру шегінде нарық арқылы оған сәйкес заңдарымен қоса тауар айырбасының стадиясы пайда болды.

Маркетинг саласындағы американдық маман, прфессор Филипп Котлер нарық құрылуының процесі мен қажеттілігін нақты көрсеткен болатын. Ол балықшы, аңшы, құмырашы мен фермердің қажеттіліктерін қанағаттандыруының 3 әр түрлі тәсілдерін көрсетті.

Бірінші тәсіл – бұл өзін-өзі қамтамасыз ету, бұнда әрқайсысы өзіне керекті барлық заттарды өз бетінше таба алады. Осылай балықшы өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өзінің көп уақытын балық аулаумен өткізсе, қалған уақытында аң аулайды, құмыра жасайды, ауыл шаруашылығымен де айналысады. Бұдан оның балық аулау эффективтілігі төмендейді, және де өзінің негізгі ісі бойынша басқалар алдында эффективтілігі де төмендейді.

Екінші тәсіл – орталықсызданған айырбас, бұнда әрқайсысы өзінің нарығын құрайтын басқа үшеуін өзінің потенциалды сатып алушылары ретінде қарастырады. Балықшы өзінің балығын олардың тауарларына айыстыру үшін аңшыға, құмырашыға және фермерге (әрқайсысын бөлек) барады.

Үшінші тәсіл – орталықтандырылған айырбас, көпес атты тұлға пайда болады және ол «нарықтық орталық» деген орында болады.Төртеуінің әрқайсысы өз тауарларын рынокқа әкеле отырып, өз тауарын басқа өзіне керекті тауарларға айырбастайды.

Осындай тәсілмен тауарларды сатып алу үшін балықшы үш түрлі емес, бір «нарық» атты іспен беттеседі. Көпестің пайда болуы берілген көлем ішінде айырбасты жүзеге асыруға керекті мәміленің жалпы санын қысқартады. Басқа сөзбен айтқанда, көпес пен орталық рынок экономиканың саудалық-экономикалық тиімділігін арттырады.

Тауарлық өндіріс пен тауарлы-ақшалай қатынастарын ұйымдастыру арқылы нарықтың құрылуы мүмкін болды.

НАРЫҚ - тауарлардың өткізілуі іске асырылатын айырбас сферасындағы адамдардың әлеуметтік-экономикалық қатынастарының жиынтығы. НАРЫҚ – тауар өндірушілердің мүддесі тұтынушылардың мүддесімен автоматты түрде сай келуін қамтамасыз ететін тауарлық өндірістің экономикалық және әлеуметтік қатынастар ұйымы. «Экономикс» атты американдық оқулығында нарық былай анықталады: «... сатып алушылар (сұраныс білдіретіндер) және әр түрлі тауарлар мен қызметтерді сатушыларды (жеткізушілерді) қосатын институт немесе механизм».

Американдық ғалымдар Р. Пиндайк пен Д. Рубинфельдтің «Микроэкономика» оқулығында айтылады: «Нарық бұл сатушылар мен сатып алушылар жиынтығы, олардың өзара ісерлесуі қорытындысында айырбас мүмкіндігіне әкеледі». Нарықтық экономика көбінен бизнеспен ұқсастандырылғандықтан, Д.А. Стоунер мен Э.Г. Долан нарықты сатып алушылар мен сатушылар қатынасқа түсу және бизнес жасау механизмі ретінде анықтаған.

Доктор В. Варга (Австрия) нарықты «өнім айырбасы мен шаруашылықтағы қызмет көрсетулердің дамыған еңбек бөлінісімен ұйымдастырылу жүйесі» ретінде түсінеді. Әрі қарай автор жетілген нарық концепцияларының мазмұнын ашады. Теориялық түрде жетілген нарық концепциясы келесі талаптарды орындауды керек етеді:

1. Еркін бәсекелестіктің болуы.

2. Әрбір нарық қатысушысы нарық жағдайы туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар, яғни сатып алушы мен сатушы нарықтың әр бөлігіндегі барлық бағаларды біліп отырады. Бұл талап нарық айқындығы (трансперанттығы) деп аталады.

3. Тұтынушы тек іскерлік көзқарастан шыға шешім қабылдайды. Басқаша айтқанда, қандай да болмасын персоналды және басқа да артықшылықтар немесе пұрсаттылықтар болмау керек.

4. Айырбасталатын тауарлар кәміл біркелкі болып саналады, яғни олар түсі, сапасы, өлшемі, дәмі немесе т.б. бойынша ажыралмауы керек. Бұл талап тауарлардың гомогендігі деп аталады.

Тек бұл барлық талаптарды орындаған кезде ғана жетілген нарық туралы айтуға болады. Егер де нарық көрсетілген талаптардың біреуіне сәйкес болмаса, онда ол нарық жетілмеген болып саналады.

Батыс экономистері макроэкономикалық анализ жасау мақсатында мемлекеттер экономикасын келесі нарық субъектілеріне бөледі, олардың негізгі секторлары:

- үй (жанұялық) шаруашылықтар;

- бизнесмендер (кәсіпкерлер);

- мемлекет;

- шетел.

Бұл субъекттер (секторлар) арасында тауарлар, қызметтер мен ақша құралдар айналымы жүріп отырады. Үй шаруашылығын ұлттық өнімнің соңғы тұтынушылары ретінде қарастырады. Бұл экономикалық категорияға көбіне өз жанұясын ғана емес, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік-экономикалық ұяшықтарын және өндірістік қызметпен айналыспайтын ұйымдар: шіркеулер, партиялар, профсоюздар, т.б. жатқызуға болады.

Бизнес (кәсіпкерлік сектор) – сату мен пайда табу мақсатында өндірілетін тауарлар мен қызметтер секторы. Бұл категорияға өндірістік және сауда фирмалары, аграрлық және қолөнер кәсіпорындары, банктер мен басқа кредиттік институттар, жеке кәсіпкерлер (соның ішінде еркін мамандар өкілдері), сонымен қатар мемлекеттік темір жолдар мысалындағы қоғамдық кәсіпорындарды жатқызады. \

«Мемлекет» секторының айырмашылығы оның функцияларының орындалуы қоғам үшін жалпы және негізгіде алатын болсақ, қандай да болмасын ақшалай марапаттауларсыз жасалатын шаралар ұйымдастырады. Мемлекет өз алдында басқа секторлардан алынатын салықтар арқылы толтырылады. «Шетел» секторы ұлттық шаруашылық шегінен шығатын барлық экономикалық қатынастарды қарастырады.

Нарықтың тиімді қызмет етуі келесі принциптерге негізделген:

1. Меншік нысандарының көптүрлілігі, соның ішінде өндіріс пен дайын қнім факторларына нарықтық субъекттер жеке меншігінің артық болуы. Мемлекеттік меншік қалыптасқан түрінде экономикалық өсу деңгейін жеделдетуін де, ресурстарды тиімді пайдалануын да, ҒТП те, халықтық жағдайының өсуін де ынталандырмайды.

2. Нарық субъектілерінің өз қызметінің түрі мен нысанын таңдау еркіндігі. Бұл жағдайда жекешелендіре мемлекет иелігінен алуымен қатар жүреді.

3. Нарық субъектілерінің қызметін өзіндік реттеу мен өзіндік қаржылау. Принцип мәні – барлық қызмет түрлері өздерінің көздерінен алына отыра, өзінің тиімділігіне байланысты қаржыланады. Бұл қаржыландырудың қарызға алу көздерін шығармайды.

4. Нарық субъектілерінің өз қызметінің нәтижелерінің экономикалық (материалды) жауапкершілігі.

5. Әкімшілік иерархия сызығы бойынша тік қатынастарына қарағандағы нарықтық субъекттер арасындағы келісілген көлденең қатынастар. Экономикалық партнерді таңдау құқығы тек экономикалық орындылығы мен пайда табумен ғана түсіндіріледі. Нарықтық экономика – бұл теңдес партнерлар арасындағы келісімдер мен мәмілелер экономикасы, бұл нарықтық инфрақұрылымға жүктенетін көлденең экономикалық байланыстардың дамыған жүйелер экономикасы.

6. Еркін баға орнату. Мемлекеттік баға реттеу қоғамдық талаптармен минимумға әкелінген.

7. Нарықтық субъекттер бәсекелестігі. Монополияланған, мемлекеттендірілген экономикада тұтынушылар арасында бәсекелестік қалыптасып жатыр; бұл тапшылық мен кезек экономикасы. Олардың орнына тауар өндірушілер бәсекесі, олардың қарсылығы мен сатып алушының ақшасына күрес келуі керек. Әр тауар нарығында сатушыла саны (8-15) жеткілікті болу керек, бірақ 4-5-тен кем емес. Нарық монополияланған деп саналады, егер төрт фирма сатылымның 80 %-ын бақылап болса.

8. Нарықтық қатынастар жылпылығы, адамдар қызметінің ьарлық сфераларын қамту - өндіріс, өткізу, қызметтер, т.б. Кәсіптік нарық желісінің болуы: азық-түлік пен өндірістік тауарлар, материалды ресурстар, жер, үйлер, жұмыс күші, бағалы қағаздар, қызметтер, инвестициялар, интеллектуалды өнім және т.б. Және де дамыған нарықтық инфрақұрылым қажет, оған қосылатын сұраныс пен ұсыныс теңдеу функцияларын атқаратын көтерме және бөлшектік сауда нысандары, тауар биржалары мен сауда үйлері, саудалық-сатып алу кооперативтері, коммерциялық банктердің салаланған желісі мен т.б.

9. Сыртқы экономилық қызметтің еркіндігі, тауар өндірушілердің сыртқы нарыққа шығуы.

10. Нарықтың мемлекеттік реттелуі, және де тауар өндірушілерді мемлекет қолдауы. Нарықтық механизм тек нарықтың объективті экономикалық заңдарына сәйкес минималды шектеу шегінде ғана тиімді болады. Егер нарыққа кіру тездетілуін заңдарды ұстанбай және оларды бұзу арқылы болатын болса, онда ол нарық тиімсіз болады.

11. Халықты әлеуметтік қорғау мен сақтау жүйесі. Бұл жүйе элементтері: табысты индекстеу, жұмыспен қамтылу мен кадрларды қайта дайындау тиімді ұйымдастырылуы, жұмыссыздық жәрдемақысы, т.б.

Нарық маңызды экономикалық және әлеуметтік функцияларды атқарады:

1. Нарық өндірістің тиімділігін арттыруды көздейді, ол өндірістік ресурстарды тиімді бөлуге және қолдануға ықпал етеді (қоғам мұқтажды тауарлар мен қызметтердің өндіріс ресурсына ба


<== previous lecture | next lecture ==>
Питання для узагальнення | Реттеу механизмі
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 1.54 s.