Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Тауарларды топтастыру мен кодтау


Date: 2014-03-03; view: 2927.


Топтастыру – топтарды әртүрлі белгілеріне байланысты бөлек сыныптарғажүйелі түрде тарату. Ол қажетті тауарды өңдеуге, тұтыну қасиеттерін зерттеуге, тауар сапалары, тауарларды стандарттау жүйесі туралы ақпараттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тауарларды топтастыру кәдімгі иерархиялық схемамен жүзеге асылады: жалпы белгіден аз белгілерге, аздан жалпыға.

Тауартануға арналған аса маңызды 3 топтастыру жүйесі қалыптасқан: жалпы мемлекеттік, саудалық және оқулық.

Жалпы мемлекеттік топтастыру 1993 жылғы желтоқсанның 30-ында қабылданған өнімді топтастырудың жалпы ресейлік топтастырылуы енгізілді. Ол кезде ең алғаш рет өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өнімдерін топтастырды.

ОКП-ның біртұтас жүйесіне тауарларды топтастыру мен экономикалық- техникалық кодтау енгізіледі. ОКП топтастырылуында 5 сатылы иерархиялық сызбасы қарастырылған:

    1. өнім топтарына байланысты орналастырады (ХХ0000);
    2. Класс тармақтарына байланысты (ХХ Х000);
    3. Көлемі көп топтарға байланысты (ХХХХ00);
    4. Шағын топтар (ХХ ХХХ0);
    5. Өнім түрлеріне байланысты (ХХ ХХХХ).

Әр ОКП 6 сандық кодтан тұрады:бір мағыналы бақылау саны және өнім топтарының атауы және ол келесі кестедегідей жазылады:

Код Бақылау сан Аты
Таскендір

Саудалық топтастыру кең тұтынылатын тауарлар үшін қолданылады. Ол тауарлардың прейскуранттық бағасына сәйкес топтастырылады. Прейскуранттар бойынша тауарларды келесі белгілермен орналасқан : өндіріс тәсілі сияқты негізгі материал , тағайындау . Әрбір прейскуранттық тауарлардың тотары әртүрлі белгілері бойынша топтастырылады.

Өндірістік тауарлардың негізгі бөлімі келесі топтарға бөлінеді:

  1. Пластмасса бұйымдары;
  2. Тұрмыстық химиялық тауарлар;
  3. Шыны, керамикалық, құрылыс тауарлары;
  4. Электрлік тауарлар, тұрмыстық электрлык машиналары және оның құрал – жабдықтары.
  5. Тоқыма, тігін, трикотаждар;
  6. Аяқ киімдір және былғары – аң терісі;
  7. Сағат және зергерлік тауарлар;
  8. Тұрмысты тағайындау тауарларыжәне т.б.

Оқулық топтастыру тауарлардың кең таралған ассортименттеріне зерттеуді жүзеге асыру үшін қолданылады. Бұл көтерме және бөлшек саудаларында жүзеге асады. Тауарлық ассортимент тауарлық топ ассортиментіне және сауда кәсіпорыны ассортиментіне бөлінеді.

Тауарлық топ ассортименті тауарлардың тізімін көрсетеді. Ол әртүрлі салалардың өнімімен қалыптасады.

Сауда кәсіпорындарының ассортименті кәсіпорын үлгісіне тәуелді болады. Яғни тауар топтарының бір ғана мамандандырылған тобын өндіру қажеттігін түсіндіреді.

Оқулық топтастыру топтарға, шағын топтарға, түрлер мен артикулдар түрлеріне бөлінеді. Оқулық топтастыру 9 топты қарастырады:

  1. Бас киім және киім;
  2. Аяқ киім;
  3. Күнделікті пайдаланылатын тұрмыстық тауарлар;
  4. Спорттық тауарлар;
  5. Жеке пайдаланылатын транспорттық тауарлар;
  6. Үй шаруашылығына қажетті заттар;
  7. Тұрмыстық және шаруашылық тауарлары;
  8. Тоқыма бұйымдар;
  9. Тазалық заттары.

Филипп Котлердің «Маркетинг негіздері» атты кітабында тауарлардың әртүрлі белгілеріне тауарларды қолдану мақсатына байланысты, қолдану ұзақтығына байланысты, нарықтағы сатып алушы мінез – құлқына байланысты және өндіріс процесіне қатысу дәрежесіне байланысты тауарларды топтастыру түрлерін ұсынған.

Қолдану мақсатына байланысты тауарлар 2 түрге бөлінеді:

  1. Адамдар жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолданылатын тауарлар;
  2. Өнеркәсіп өндірісінде қолданылатын тауарлар.

Қолдану ұзақтығына байланысты:

  1. Қысқа мерзімде қолданылатын тауарлар;
  2. Ұзақ мерзімде қолданылатын тауарлар.

Сатып – алушы мінез – құқына байланысты:

  1. Күнделікті сұраныстағы тауарлар;
  2. Тауарлардың сапасына, бағасына байланысты алдың ала таңдау жасалатын тауарлар:аяқ киім, киім, жиһаз және т.б.
  3. Белгілі фирмалардың ерекше сұранысқа ие болатын тауарлар;
  4. Енжар сұранысқа ие болатын тауарлар.

Өндіріс процесіне қатысу дәрежесіне байланысты:

  1. Материалдар және бөлшектер: шикізатты жартылай фабрикаттар , табиғи кендер , мұнай , орман және т.б.
  2. Жылжымайтын мүліктер: стационарлық салулар , зауыттардың ғимараттары , қоймалар.
  3. Қосалқы жабдықтар;
  4. Қосалқы материалдар: : техникалық қызмет етуге арналған материалдар ( бояулар , щетка) және жұмысшы материалдар ( майлайтын майлар , сүртетін , жазу қағаз .)

Тауарларды штрих кодтауы

Халықаралық саудаларда штрих кодтау белгілі нормамен реттеліп отырады. Штрих кодтау тауардың негізгі объектісі тауар болып табылады. Тауар нақтылы бірлігімен , бағасымен , мөлшермен , көпшілікпен , түспен , сапамен штрих және цифрлік код беріледі . Штрих коды ( Еuгореаn Агtiес 1 е NamЬег ) халықаралық қауымдастықпен өңделген. Код - 13- разрядты немесе 8- разрядты цифрлік кодтан және жіңішке сызықтардың өзімен таныстырушы үйлестіруінен тұрады.

Орталықтандырылған қауымдастық әрбір елге цифрлік код береді. Кейбір елдерде үшінші дәрежелі қолдануды ұсынған. Мысалы СССР-дың диапозоны екінші дәрежеде -46. Ал ТМД елдерінің кәсіпорындарында 5 дәрежелі кодтау жүйесі қолданылады. Көбінесе үш разрядты кодтау жүйесі қолданылады. Мысалы, Польшада – 590, Қытайда -690 және т.б.

Тауарлардың штрих кодтары тауарлардың қай елде, қандай кәсіпорында, қандай тұтынушылармен өндіргендігін білуге болады. Ол тұтынушының таңдауын тездетуге мүмкіндік береді. Штрих код тек экспортқа шығарылатын тауарларда ғана емес, барлық тауарларда қолданылады.

Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Қандай тұтыну қасиеттерін білесіздер?
  2. жеке пайдалану мен өндістік тағайындай бойынша тауарларды атаңыздар.
  3. тауартану пәні дегеніміз не?
  4. тауар ассортименті дегеніміз не?
  5. Қандай ассортимент түрлерін білесіңдер?
  6. ассортимент политикасы дегеніміз не?
  7. тауарлар ассортименті қалай құрылады?
  8. Тауарларды топтастыру қалай жүзеге асырылады?
  9. Тауарларды топтастыру белгілер атаңыз.
  10. Тауарларды штрих кодтау дегеніміз не?

 

 

2 – тақырып. Тауар сапалары қалыптастыру теориясы мен оларды сақтау жолдары1.1 Тауар сапасы

1.2 Сапаның ең маңызды көрсеткіштері.

 

1.3 Тауарларға қойылатын талаптар

1.4 Бәсеке қабілеттілікті бағалау

 

Тауар сапасына жеткілікті көңіл бөлмегеннен кейін нарық жағдайы дұрыс қалыптаспай барады. Батыстағы және шығыс фирма бәсекелестіктеріне шыдамай, кедендік саясатқа қарамастан салалары құлдырауда.
Ең алдымен адамдар сапаға көп көңіл бөліп, қажетті инвестицияларды тарту қажет. Ең негізгі тапсырма тауарларды өндірудегі көзқарастарды өзгерту, принциптерін толықтыру және біліктілікті жоғарлаты болып табылады.

Ол үшін әр тауарды толық зерттеп, қасиеттерін, принциптерін меңгеру қажет.

Тауар қасиеті –тауарларды басқа тауарлардан айрықшалап көрсететін объективті ерекшелігі. Тауар қасиеттер қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым тауар қасиеті беріктік пен төзімділікті қарастырады. Күрделі қасиеті өнім сенімділігі, үздіксіздігі және жөндеу мүмкіндіктерін қарастырады.

Өнім сапасы (қызметтің) –тұтынушылардың қажеттіліктерін ескере отырып қызмет пен өнім мінездемелерінің қасиеттерінің жиынтығы. Қоғам қажеттілігіне өнім сапасы тәуелді болады. Себебі, кез келген тауарға сұраныс мүлдем жоқ болса, онда тауар сапасы нөлге тең болады.

Тауар сапасы физикалық , химиялық және биологиялық қасиеттерге тәуелді болады. Сонымен қатар функционал , эстетикалық , эргономикалық және басқа талаптарға тауар сәйкестігінеие бола отырып, адамдардың айқын қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.

Нарыққа бәсекеге қабілетке ие тауарды өндіру қажет, ол үшін тауардың сапасына қойылатын талаптарды толық орындау керек. Өнім сапасының жоғарлауы сыртқы саудада нәтижелі дамуына, өнім экспортын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Өнім сапасының көрсеткіштері қоғам қажеттілігін қанағаттандыру мен жарамдылық мерзіміне мінездеме береді.

1.2 Сапаның ең маңызды көрсеткіштері.

1. Тағайындаукөрсеткіштері функцияларды орындау өнім қасиеттеріне мінездеме беру. Бұл көрсеткіш келесілерге бөлінеді:

  1. Топтастырғыш көрсеткіштер өнімдердің айқын топтарын топтастырғанда қолданылады. ( қозғалтқыш қуаттылық , өнімділік , сыйымдылық ).
  2. Функционал көрсеткіштер тұтынушыға пайдалы әсер алып келетінтауарларға мінездеме береді ( станок өнімділік , өлшеу дәлдігі ).
  3. Құрастырушы көрсеткіштер өнім құрастыруда анықталады ( габарит мөлшерлер , сборности коэффициенті ).
  4. Көрсеткіштердің құрылысы мен құрамы өнімнің химиялық құрамын анықтайды.

2. Сенімділіккөрсеткіштері үздіксіздік, ұзақ мерзімділік, жөндеуге ыңғайлылық және тозуға төтеп беруді қарастырады.

3. Технологиялық көрсеткіштер

4. Эргонометрикалық көрсеткіштергигиеналық , антропометриялық , физиологиялық , психофизиологиялық көрсеткіштердің кешеніне мінездеме береді.

5. Психологиялық көрсеткіштер және т.б.

Тауарлардың физикалық қасиеттері:

1. . Көпшілік

2. Түр өзгерту

3. Беріктік

4. Қаттылық

5. Термиялық көрсеткіштер

6. Отқа төзімділік

7. Оптикалықтар

8. Электрліктер

9. Акустикалықтар

 

1.3 Тауарларға қойылатын талаптар

Тауар сапасын жоғарлатуда әртүрлі талаптарды орындау қажет. Ол талаптар белгілі бір стандартқа сай келуі керек.

Тауарларға қойылатын талаптар жалпы, ерекше, ағымдағы және перспективалы болып бөлінеді.

Ағымдағы талаптар сериялы өндіріс тауарларында қолданылады. Ол талапты ел экономикасының даму кезеңдерін, өндіріс техникалық және экономикалық мүмкіншіліктері несепке ала отырып орнатады. Бұл талаптар белгілі стандарттармен, ережелермен мемлекеттік реттеу арқылы жүзеге асырылады. Ағымдағы талаптар үнеміөзгеріп, қайта қаралып отырады.

Перспективалы талаптар сапа көрсеткіштерінің деңгейіне көбірек көңіл бөледі.олар ағымдағы талаптардың негізінде жүзеге асырылады. Перспективалы талаптар қажеттіліктерді толық қанағаттандыру, өндіріс процестерін жетілдіру және нарыққа жаңа тауарларды шығару қызметтерін атқарады.

Жалпы талаптар тауарлардың барлық түрлеріне қойылады. Оларға мыналар жатады: - тауар толық сәйкестігі ең өз тағайындау және орындалу дәрежесі ең басты функцияның ;

- пайдалану ыңғайлылығы :

- адамға арналған зиянсыздық және организм нормалы тіршілік әрекеті қамтамасыз етуі :

- беріктік және сенімділік және жөндеу қарапайымы жөндеу мүмкіншілігі;

- эстетикалық талаптар және т.б.

Ерекше талаптар айқын тауарларға қойылады.

1.4 Бәсеке қабілеттілікті бағалау

Бәсеке қабілеттілікке келесі факторларды әсер етеді :

  1. Экономикалық өсім екпіні және экономикалық потенциал;
  2. Ғылымдарды дамыту деңгейі және техникалар;
  3. Халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу;
  4. Ішкі нарық сыйымдылығы және қозғалмалылық;
  5. Ішкі саяси, әлеуметтік – экономикалық жағжайы;
  6. Қаржылық жүйенің икемділігі;
  7. Экономиканы мемлекеттік реттеу;

Нарыққа жаңадан шығарылған тауарлардың бағасы 10% -ға дейін төмендеп,кейде демпингтік баға қолданылады.

Егер тауарлар сапасы жоғары бола тұра бұрынғы бағамен сатылып, басқаларындағыдай материалдар, энергияжәне еңбек ақы шығындары қысқарылса, онда нарықта бәсекелестіктің жасырын бағасы деген ұғым қолданылады.

Жеткізу мерзімдерін қысқарту, қызметкөрсетуді жақсарту, ғылыми сыйымды технологияларды тарту,сервис қызметтері бағасыз бәсекеге жатады.

Дүниежүзілік тәжірибеде бәсекеге қабілеттілік 3 кезеңнен өтеді:

  1. Бәсекеге қабілетті тауарларды талдау және таңдау;
  2. Баламалы тауарлар параметрлерін салыстыру;
  3. Бәсекеге қабілетті тауарларларының есеп – қисабының интегралдық көрсеткіштері.

Бәсекеге қабілетті тауарлардың бағаларының схемасы: нарықты зерттеу, бәсекелестерді зерттеу, сатып алушылар қажеттілігін зерттеу, тауар бағаларының параметрлерін зерттеу.

  1. Нарықты зерттеу:

- Нарықты мамандандыру мен оның географиялық жағдайы;

- Кәсіпорынның мүмкіншілік деңгейі мен нарық сыйымдылығы;

- Нарықтағы тауарлық және фирмалық құрылым;

- Бәсекелестердің күштілігі;

- Өндіріс дамуына НТР ықпалын жасау және сатып алушылар қажеттіліктерін құру.

  1. Бәсекелестерді зерттеу:

- Нарықтың көп үлесін алатын негігі бәсекелестер;

- Тауар бәсекелестерінің сауда маркілері;

- Бәсекеге қабілетті тауарлардың ерекшеліктері;

- Түр және қораптау;

- Түрлер және қызметтерді өткізу әдістері;

- Сұраныс құру және өткізуді ынталандыру;

- Жарнамалық материалдар;

- Жұмыс істейтін материалдар саны.

  1. Сатып алушылардың қажеттіліктерін зерттеу:

- нарық сегментациясын есепке алатын мүмкін сатып алушылар;

- типтік бағыттар ментауарларды қолдану әдістері;

- тауарларды сатып алуға ынталандыратын тауар түрлері;

- Сатып алудың дәстүрлі әдістерін және сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру.

  1. Тауарлардың бағалау параметрлерін зерттеу:

- жаңалық және бәсеке қабілеттілік ;

- жергілікті заң шығару талаптарына сәйкестігі;

- ішкі және халықаралық стандарттарға сәйкестік;

- ағымдағы және перспективалы қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауар қабілеттілігі;

- тауар жаңарту қажеттілігі анықталған талаптармен сатып алушылармен және нормативті актілермен сәйкестіктігі.

Тұтыну қасиеттері қатты және жұмсақ параметрлерге бөлінеді.

Қатты параметрлер өте маңызды функцияларды бейнелейді. Мысалы, тауарларға мінездеме береді, құрастыру функцияларын жүзеге асырады. Ол нормативтік актідерге және стандарқа сәйкес болуы тиіс.

Жұмсақ параметрлерді тауардың эстетикалық қасиеттеріне мінездеме беріп, тауарды қораптау, түсін безендендіруді жүзеге асырады.

Тұрақты тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатып отыру керек. Ол үшін келесілер қолданылады:

- тауарлардың айырмашылықтарына жету ;

- ең тартымды тауарларды таңдау;

- жаңа тауарлар қолдануды іздеп табу ;

- нәтижесіз тауар дер кезінде алып тастау ;

- жаңа нарық есебін табу ;

- тауарлардың модификациясын жүзеге асыру ;

- сервистік қызмет ету жүйесін дамыту және өткізуді ынталандыру.

.

 

3 – тақырып Тауарларды ақпаратпен қамтамасыз ету құралы және түрлері

1.1 Тауардағы ақпараттардың рөлі

1.2 тауарларды ақпаратмен қамтамасыз ету құралдары

1.3 Тасымалдау құжаттары

Коммерциялық тауартанудағы ақпараттық процестер – тапсыру, сақтау, берілген тауарларды іздеу туралы кең мағыналы ұғым.тауар туралы ақпараттың негізі хабар болып табылады. Ол сандық көрсеткіштер, графиктер, мәтіндер және кестелер арқылы жүзеге асады.

Өндіруші мен тұтынушы арасында комуникациялық байланыс тауар ақпараттарына мақсатты түрде бағытталады. Ол келесідей деңгейлерден тұрады:

    1. Тікелей ақпарат
    2. Деректі ақпарат
    3. Фактограммалық ақпарат;
    4. Фактологикалық;

Тауар туралы ақпарат түрлері:

1. тапсыру тәсілімен және қабылдау әдістер:

- көзбен шолу әдісі, көру органдарының қолдануы арқылы сезіледі;

- акустикалық әдіс ( дыбыстармен беріледі);

- дәм;

- иіс сезу;

- дене арқылы сезіну әдіс ( түйсіктермен – қабылдағыштармен саусақтардың ұштарында).

2. қоғамдық тағайындаумен ақпараттар болуы мүмкін:

- бұқаралық;

- арнайы хабар; - жеке хабар , адрестелетін беттердің шек қойылған шеңберіне ;

3. өңдеу дәрежесімен:

- алғашқы хабар;

- екінші қайтара хабар.

1.2 Ақпаратпен қамтамасыз ету құралдары

Тауардың әрбір түрін қазіргі және потенциал тұтынушыларына дейін қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.

Өнімді таңбалау- ыдыстың немесе өнімнің әзірлеу орны мен кәсіпорынды (марка, сорт) еске отырып, сандық немесе символдық белгілермен атын белгілеу.

Тауарларды таңбалау транспорттық және тұтынушылық болып бөлінеді.

Тауарларды таңбалау келесі себептерге қажетті болып табылады:

- Теңестіру үшін;

- Субъекті жауаптылығына арналған;

- Тауар сапасымен қамтамасыз етуге кепілдік;

- Тұтынушылардың коммерциялық тәуекелін төмендету;

- Марка – бұл өнім жарнамасы;

- Тауар маркаларын қолдану нарық сегментациясын жеңілдетеді.

Тауар топтарының 4 түрі жүзеге асады:

  1. Фирмалық белгі;
  2. Фирмалық атауы;
  3. Сауда үлгісі;
  4. Тауар белгісі.

Тауар белгісі индивидуалды және коллективті болып бөлінеді.

1.3 Тасымалдау құжаттары

Тауарларды тасымалдау құжаттары кеден және әкімшілік ережелеріне сүйенеді:

- Тауар сапасын растайтын сертификат;

- Жүктерге мал дәрігерлік куәлік;

- Жылдам бұзылатын жүк сапасына куәлік;

- Мұнай өнімдері мен сапалы төлқұжат;

- Жүкті сыртқа шығаруға рұқсат беретін шекаралық құжат.

 

4 – тақырып. Тауартанудағы сатылатын тауарлар. Сатып алынатын тауарлардың жалпы түсінігі.

Органикалық синтез химиясы әртүрлі полимерлік қосылыстарды жасауға жағдай жасайды. Тұрғындардың тұтыну тауарларының өндірістік артуында пласмассаның алатын орны көп.

Пласмасса дегеніміз полимерлердің негізінде жасанды материалдарды алу болып табылады. Ол бұйымды сақтауға қабілетті.

Пласмасса өндірісі мен синтетикалық шайырлар жылына 6 млн.т құрайды.

Полимерлер – жоғары молекулалы қосылыстардан тұрады. Молекулалар қайта – қайта алмасуы арқылы химиялық байланыстармен жасалады.полимерлердің молекуласы 7000 – 10000 кем болмауы керек, тіпті миллионға дейін жетуі мүмкін.

Полимерлердің молекуласы үлкен мөлшерде болса, макромолекулалы болып табылады. Ал молекулалардың қайта қайта топтардың қайталануы - элементар буындар деп аталады. Мысалы, макро молекулалы полиэтиленнің элементар бөлшегі келесідей: ...- СН 2- СН 2- СН.

Негізгі полимердің бірлік құрылымы макромолекула болып табылады. Оның химиялық құрылымынан полимер көптеген қасиеттері тәуелді болады. Мысалы , хлорды полимер жанбайды, нитрильная топ- күн сәулесіне төзімді.

Пласмасс құрамы. Пласмасса құрамын байланыстыратын заттарға толықтырғыштар, пластификатор, бояғыш заттар, стабилизаторлар және т.б. заттар жатады.

Толықтыру пласмассаға үлкен механикалық беріктік пен жылуға төзімділігін жоғарлатады. Толықтырғыштар ретінде ағаш ұндар, қағаздар, таскендір, каолин, бор, ауа және тағы басқалар қолданылады.

Пластификаторлар иілгіштікті, икемділік қасиет беріп, қаттылық пен сынғыштықты төмендетеді.

Бояғыш заттар пласмассаға әртүрлі түс береді.

Стабилизатор – заттардың қатаюын бәсендетеді. Стабилизатор ретінде амин, фенол, күйе және тағы басқа заттар қолданылады.

Пласмассаларды топтастыру.

Байланыстыратын зат түріне байланысты : табиға және синтетикалық полимерге бөлінеді.

Жылытуына байланысты: термопластикалық және терсореактивтік болып бөлінеді. Оларға полиэтилен , полистирол , поливинилхлорид жатады.

Қаттылыққа байланысты:

- Қаттылар (фенопласты , амин қабат , полистирол), жартылай қаттылар (полиэтилен, полипропилен пенополиуритан);

- Жұмсақ пласмассалар (поливинилхлоридный пластикат, пенополиуретан).

 

5-тақырып. Лакпен боялатын тауарлар

Тауар ретінде сәндік жабулар мен қорғайтын заттар қолданылады. Ол тауардың сыртқы пішініне әдемелік беріп, сыртқы ортадан қорғауға және химиялық беріктікті жоғарлатады.

Лакпен боялатын тауарлар негізгі (өсімдік майы, лактар, бояу құрамдар) және қосалқыларға бөлінеді.

Материалдардың қысқарған белгілеріне байланысты бес негізгі топтардан құралады.

Бірінші топқа материалды боядағы лак түрлері: бояу және лак.

Екінші топқа пленкоүлгісіндегі зат түрлері жатады.

Өсімдік майы. Бұл май сұйықтығы, қасиеттері кебуден кейін қатты және икемді қабыршақтарды құрастыру.

Өсімдік майы лак пен эмальді дайындағанда қолданылады.

Лактар. Олар органикалық өсімдік заттарын өзімен ереткіштерді ұсынады. Кепкеннен кейін лактар жалтырағыш қабыршақтарға ие болады. Эмальды бояуларды дайындау үшін грунттаулар мен шпаклепкалар қолданылады.

Ол жиһаздарды, металдарды және тағы да басқа заттарды көркемдеуде қолданылады. Түсі бойыншы түсті және түссіз болып бөлінеді. Лактарден келесідей түрлері бар: алкидные лактар, полиэтилендік, шеллакты және тағы да басқа лактарға бөлінеді.

 

 

6 – тақырып. Тұрмыстық химиялық тауарлар

Тұрмыстық химиялық тауарларға келесі топтарға бөлінеді: клей, лакпен боялатын тауарлар, кір жууға арналған құралдар, жеке бұйымдарға пайдаланылатын заттар жатады.

Клей жоғары молекулалы заттардың негізінен құрылады. Ол әртүрлі денелерді желімдеу қабілетіне ие.

Желімді синтетикалық және табиғи болып бөлінеді. Табиғи топ жануар, өсімдік және материалды клейлерге бөлінеді.

Тағайындалуына байланысты: ағашқа, теріге, кеңсеге және т.б. арналған желімдер. Консистенциясы бойынша желімдер: ұнтақтар, қатты және сұйықтар болып бөлінеді.

Жануар тегіне шығатын желімдер.

Ол коллагендік, казеиндік және альбуминдік болып бөлінеді.

Коллагендік желі – бұл сүйекті болады. Сүйекті деген мал сүйеген алынады.

Казеиндік желімдер ұсақталған казеин ұнтақ тәрізді қоспасы.коллагендік желімнен айырмашылығы ол суға төзімді болады, бірақ суда ұзақ тұра берсе, қасиетін жоғалтады.казеиндік түс алуы үшін жиһаз өндірісінде қолданылады.

Альбуминдік желім альбуминдік қан негізінде жасалады.онымен қағазды, тоқыма және былғары өнімдерін және ағашты желмдеу үшін қолданылады.

Өсімдіктен шығатын желімдер.

Крахмалды желімдер декстринді өндеуден крахмал өнімі алынады. Ол жақсы желімдеу мүмкіншілігіне ие. Оны қағаз және картонды желімдеуде қолданылады.

Эфироцеллюлозды желім – нитро желі.

Минералды желім – натрий су ерітіндісі мен калий қосылысынан пайда болады. Оны кеңсе заттарын желімдеуде қолданылады.

Синтетикалық желімдер.

Артықшылығы: су мен жылуға берік. Жұмыста қолдануға ыңғайлы болып табылады.

 

 

7– тақырып. Тауартанудағы сатылмайтын тауарлар. Тоқыма, тігін және трикотаж тауарлары

1.1. Тоқыма тауарлары

1.2 Тігін және трикотаж тауарлары

Тоқыма талшықтары тоқыма өнеркәсібінің негізгі шикізаты болып табылады. Оның жуандығы – 0,2 мм.

Табиғи талшықтаға табиғи өсімдік, малдан шығатын немесе химиялық синтетикалық молекулалар талшықтары жатады.

Топтастыру үлгісі келесідей:

 

1. табиғи талшықтар:

· органикалық:

- өсімдік талшықтары: тұқымдам, мақта мен зығыр;

- малдан шығатын талшықтар: қылдық жүн, табиғи жібек.

2. Химиялық талшықтар:

· Жасанды:

- органикалық емес талшықтар:вискоза, мыс, амиак, ацетатттары.

- Органикалық емес: шыны, металлдар.

Сонымен қатар талшықтың маңызды көрсеткіштері: механикалық беріктік, ылғал жұтқыштық.

Табиғи талшықтардың сипаттамасы.

Мақта – жақсы жылу өткізуші және ылғалдылықты жұтқыш қасиетке ие. Маталар тез жуылады.

Лен зығыр шөп басқан – долгунцадан әзірленеді. Ол талшық целлюлозадан жіне әртүрлі қоспалардан құрады. Мақтамен ленды салыстырсақ, лен жоғары ылғал жұтқыш болып келеді, сол үшін оны жақғы киімдерді тігуде қолданады.

Жүн – қойдың, ешкінің, түйенің жыне т.б. жануарлардың қылдық жамылғысы.

Тоқыма өнеркәсібінде көбінесе 96% - жүн қолданылады.

Табиғи жібек – күйемен эақымданбайтын жұқа жіп.

Жасанды талшық 92 % целлюлозадан тұрады. Оған вискоза, мыс, аммиак ацетаттары жатады.

Трикотаж тауарлар – істен шығарылған иірілген жіптен машиналар немесе қолмен тоқу арқылы тігілетін бұйым.

Матаның айырмашылығы трикотаж жіппен тоқылады.

Трикотаж тауарлардың 5 ассортименттік топқа бөлуге болады:

1. жоғарғы трикотаж;

2. ішкі киім трикотажы;

3. ұйықтайтын киім трикотажы;

4. қолғап;

5. бас киім.

 

8 –тақырып. Тері аяқ – киімдері және былғары – тері тауарлары

 

1. Аяқ киім тауарлары

2. Тоңдық тауарлар

Аяқ киім бірінші қажеттілік заттарға жатады. Сатылымдағы аяқ киімдердің көп үлесін былғары аяқ киімдер алады.

Аяқ киім аяққа ыңғайлы, сыртқы ортадағы жылу мен газдеран аяқтың ылғалданып кетпенуне сенімді қорғауы тиіс жіне адам ағзасына зиян болмауы керек. Аяқ киім өзінің төзімділігімен, жөндеу оңайлы,ымен, өзінің сырт пішінінің әдемі болуымен және заман бағытына лайықты болуымен ерекшеленеді.

Тұрмыстық аяқ киімдер сыртқы орта факторларымен, тұтынушылардың жас ерекшеліктерін ескеруі тиіс. Сонымен қатар аяқ киім балалардың табиғи дамуына кедергі жасамауы керек. Аяқ киім аяққа туар болуы керек. Балалардың аяқ киімдерінің өкшесі 8 жасқа дейін 10 мм – ден аспауы керек.балалардың аяқ киімдері жұмсақ матадан тңшңлуі тиіс.

Егде адамдардың аяқ киімдерінің жұмсақтығы мен иекмділігіерекше болады.

Былғары аяқ киімнің тұтыну қасиеттері.

    1. эстетикалық.

· Стильдік бағыттылық;

· Компазициялық мақсаттылық;

· Түпнұсқалылық;

· Айқындық,

· Жетілген материалдар;

· Таңбалау жетілгендігі.

Пайдалану ыңғайлығы мен аяқ киім сәнділігі: көлемі, аяқ киім сәйкестігі, және фактура.

    1. эргономикалық.

· Пайдалану ыңғайлығы;

· Гигиенасы.

    1. сенімділік.

· Сақталуы;

· Ұзақтығы;

· Жылдам жөнделетіндігі.

Аяқ киім материалдары.

1. табиғи тері.

Табиғи былғарыға гигиеналық қасиет тән. Табиғи былғары жақсы қалыпқа келтірілген, техникалық талаптарға сай болады.

Былғары шикізаты.

Былғары шикізат мал терісінің былғары матамен жеткілікті дамыған, қой терісінен шығады.

Шикізат түрлері.

Барлық шикізат тәуелділігімен байланысты ірі, ұсақ, шошқаныкі және бұғыныкі деп бөлінеді.

Ұсақ былғарыларға бұзаудың, қойдың және ещкінің терілері жатады.

Ірілерге үлкен малдардың терілері жатады.

Шошқа былғарысына жабайы шошқа терісі, бұғы былғарысына бұғы терісі жатады.

Бұғы былғарысы 2 топқа бөлінеді: бұзау терілері және есейген бұғы терілері.

Консервілеу және сақтау .

Терінің бұзылудан сақтау үшін оны тұздау керек. Қл теріні кептіруге, консервілеуге мүмкіндік береді. Оны суыта мұздатуға болмайды.

Теріні 25 градустан жоғары емес, салыстырмалы ылғаолығы 65 -70% болатын құрғақ жерде сақтау керек.

Терінің жуандығы, эпидермистің жуадығы, торлы қабаттың астынғы клеткалары,талшықтардың қосылуы, қылдық жамылғысы, ақаулар саны, созылу ерекшелігімен сапасы анықталады. Тері қасиеттерінемалдың тегі мен қоректенуі, мал сою шарттары, теріні жинап алу, консервілеу жіне сақтау шарттары әсер етеді.

Тері өндірісі.

Дайындау кезеңіндетері астындағы эпидермис қабаты алап тасталып, қалған бөлігі елеуге түседі.

1. теріні жуу (терінің алғашқы құрылымын қалпына келтіру, лимфаны алып тастау);

2. созу мен беріктігін жоғарлату;

3. бояу;

4. илеу;

5. теріні өңдеу.

 

2. Тоңдық тауарлар

Елтірі –терілік тауарларға аң терісі шикізаты, елтірі – тері фабрикаты, дайын бұйым жатады.

Елтірі – тері тауарлары топтастырылады:

1. Елтірі – аң терісі шикізаты.

· Елтірі: қыстық және жаздық елтірі түрлері;

· Аң терісі шикізаты: қыстық және жаздық жартылай аң терісі түрлері;

· Теңіз аң терілері.

2. жартылай елтірі – антерісі.

· Жартылай фабрикат елтірі: қыстық және жаздық жартылай фабрикат түрлері;

· Жартылай фабрикат аң терісі: қыстық және жаздық жартылай фабрикат аң терісі түрлері.

3. аң терісі өнімдері.

 

Елтірі – аң терісі шикізаты алғашқы өңдеуден шығатын өңделмеген жануар терісі.

Қымбат аң терісі шикізаты – аң аулаумен табылатын кішкене терілер.елтірілерді дайындау уақыты

на байланысты қыстық және жаздық болып бөлінеді. Қыстық елтірі түрлеріне: бұлғын , сусар , қара күзен , түлкі , ақ тиін және т.б.

Жаздық елтірі түрлеріне: суыр , саршұнақ , атжалман , көртышқан.

Аң терісі шикізаты – үй жануарынан шығады. Оның кішкене терісінің дамыған қылдық жамылғаны жақсы болады. Қысқы түріне: үй қояны, мысық, ит терілері жатады, ал күздікке кішкене қой терілері, лақ, құлын, солтүстік бұғы жатады.

Кішкене терілердің құрылым ерекшеліктері.

Жануардың сыртқы терісі теріден және қылдық жамылғылардан тұрады.

Кішкене тері түрлері:

  1. бас;
  2. шоқтық;
  3. жота, бүйір;
  4. сиырдың жаясы;
  5. табан;
  6. құйрық.

Жартылай фабрикат елтірі – аң терісі – үй жануарларының немесе аңдардың табиғи немесе боялған елтірінің иленген түрі

Жартылай фабрикат алуда жарамды аң терісі тігкге дайындалып, өңдеуге ұшырайды. өңдеу барысында мата қажетті жұмсақтыққа, әсемдікке, күштілікке ие болады.

Жартылай фабрикат алу үшін келесідей кезеңдерден өтуіміз тиіс: елтіріні дайындау, сумен өңдеу, сүргілеу, бөлу және қопсыту, өңдеу.

Елтірі ассортименті – аң терісінің ассортименті 6 топқа бөлінеді: қымбат аң терісі, аң терісі, каракулево –мерлушный, қой терісі, теңіз жануарның терісі, жабайы аң терісі.

Аң терісі бұйымына: жоғары аң терісі киімі, бас киім, галантерия заттары, аң терісін әдемілеу, маталардан киім жасау аң терісін қосып.

Аң терісі өнімдері келесідей топтастырылады: мақсаттық тағайындалған: киәм, бас киім, галантерия бұйымдары.

Адамның жасына байланысты тағайындалған:ер адам, әйел, бала.

9– тақырып. Жиһаз және құрылыс тауарлары. Косметикалық және зергерлік бұйымдар


<== previous lecture | next lecture ==>
Цели и инструменты макроэкономики. Основные вопросы макроэкономики. | Рылыс материалдары
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.004 s.