![]() |
Есептер шешудегі талдау мен біріктіру. 3 страницаDate: 2014-02-26; view: 1041. Бұл мәселенiнің математиканы тиiмдi оқытуды жүзеге асыруда ерекше орны бар екені түсінікті. Бұл оқушылар алдында оны оқып-үйренудегі туындалатын қиындықтардың себебінен де; орта білім беру жүйесінде математикалық білім берудің білімдік жағының артуына да байланысты. Математиканы оқытудағы даралау оны оқытуды міндетті түрде саралауды қажет етеді, бұны барлық оқушылар, сондай-ақ жек бір оқушы үшін оқытудың барлық кезеңдерінде жан-жақты түсініктілік және оң қорытындысының болуы деп түсіну керек. Математикадан оқытуды даралау оқу үрдісінде ұжымдық жұмыстан бас тарту дегенді білдірмейтінін, ол оқушылардың дара және ұжымдық жұмысытарының ұйымдасқан бірлігін көрсететінін айта кету керек. Кез келген оқу пәніндегі, сонымен бірге математикадағы оқытуды саралаудың негізгі мақсаттары ретінде келесі тұжырымдарды санау қажет: 1) оқушының жеке өзіндік қабілеттерін дамыту және оқытуда пайдалану; 2) әрбір оқушының танымдық қызығушылығын дамыту және оқытуда пайдалану; 3) ) әрбір оқушының интеллектуалдық қабілеттері мен дарынын дамыту және оқытуда пайдалану; 4) әрбір оқушының оқуға қабілеттілігін барынша дамыту; 5) саналы түрде мамандық таңдауға дайындау; 6)әрбір оқушының оқуға деген өзіндік жұмыс істеу дағдысын дамыту. Осыған байланысты математика пәнінің мұғаліміне өзінің оқушыларының білімділік деңгейі, оқуға қабілеті, қызығушылықтары мен қабілеттері тұрғысынан жан-жақты, жақсы зерттеуі қажет. Осыны жақсы іске асыру үшін, тесттік жаттығулардың белгілі бір жүйесін пайдалану тиімді. Бұның мақсаты келесі нәрселерді тексеру болып табылады: 1) оқытуды қабылдау деңгейі; 2)өздігінше жұмыс істеу білуі; 3) оқу текстін түсініп, белгілі жылдамдықпен оқи алуы; 4) тапқырлық қабілеті; 5) математикалық ойлаудың қандай да бір құраушысының даму деңгейі; 6) танымдық қызығушылығы т. б. Жеке тұлғаға бағытталған білім беру Ынтымақтастық педагогикасы – екі тараптардың ісі, балалардың да, үлкендердің де белсенділігін талап етеді. Бірақ, оның орындалуы мен орнығуы үлкендердің үлесінде. Жеке тұлғаға бағытталудың – басты мақсаты: нақтылық төңірегіне бағытталудың педагогикалық әрекеттері синтезінің қағидасы ретінде қарастырылады. Педагогикалық үрдісте болып жатқан әрекеттерінің бәрі тек осы мақсатқа жетуде қаншалықты педагогикалық деңгейде істелгенімен анықталады. Жек тұлғаға бағытталу – бұл педагогикалық үрдісте жеке тұлғалық жаңа бейнелердің механизмін ашып көрсететін түсіндіру қағидасы. Бұл қағиданың мәні жеке тұлғаның өзіндік ашылуындағы адамның өзінің орны мен ролін түсінбейінше оның өміріндегі ешбір өзгерістерді түсіндіру мүмкін еместігін көрсетуінде. Жеке тұлғаға бағытталу – білім беру үрдісінде жеке адамның еркіндік қағидасы ретінде: оның мақсаттарды, білім алу «жолдарын» таңдауы, оқылатын мазмұнды (жеке тәжірибесін) өзіндік, жеке тұлғалық қабылдауын қалыптастыруы мағынасында анықталады. Жеке тұлғаға бағытталуды – педагогикалық үрдістің бүтіндігі жөніндегі көрініспен байланыстырады. Жеке тұлғаға бағыт ұстау – білім беру жүйесін құруда қосындылауды (саяси немесе басқа мақсаттарды), функционализмді болдырмауға мүмкіндік береді. Жеке тұлғаға бағытталу – индивидтің (жеке адамның) өзіндік жеке қаситеттерін дамытуға және өзіндік дамуға бағытталған педагогикалық үрдістің ерекше түрі ретінде де қарастырыла алады. Жеке тұлғаға бағытталған білім беру адамның өзіндік өмір сүруінің механизмдерін – рефлексиясын, мағыналық шығармашылығын, тапқырлығын, жауаптылығын, жан-жақтылығын т.б. дамытуды білім берудің мазмұндары мен әрекеттік қосымшалары жұмытарын бағыттаған өзінділік мақсаты ретінде қарастырады. Әлеметтік тұрғыдан саралаудыңмақсаты қоғамның әрбір мүшесінің, социуммен қарым қатынасында, барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мақсатында қоғамның шығармашылық, интеллектуалдық, кәсіптік потенциалын қалыптастыру болып табылады. Дидактикалық тұрғыдан саралаудың мақсаты мектептің көкейкесті мәселелерін оқушыларға білім беруді саралау жолымен, жаңа мативациялық негізге негізделген жаңа дидактикалық жүйе жасау болып табылады. Психологиялық-педагогикалық тұрғыдан саралаудың қорытынды мақсаты – әрбір оқушының жасырын жатқан дарынын оятуға, қызығушылығы мен қабілеттерін барынша дамытуға негізделген даралау болып табылады. Оқытудағы саралаудың психологиялық-педагогикалық ұйымдастырушылық негіздері Қоғамның барлық балалардың дарындарының ашылуына тиімді жағдайлар жасау мен олардың қабілеттіктерін барынша дамытуға деген ынтасы оқытуды саралау қажеттілігіне әкеледі. Оқытуды саралаудың қажеттілігі қоғамның адамдардың қажеттіліктері мен қызықушылықтарын қамтамасыз етуден бастау алады. Оқушылардың жоғары оқу орындарында білім алуын жалғастыруы бейіндік саралауды талап етеді, бұл әсіресе орта мектептегі оқудың соңғы кезеңдерінде, жоғары сыныптарда маңызға ие болады. Оқытудағы саралаудың психологиялық-педагогикалық ұйымдастырушылық басқа бір негізі оқушылардың қабылдауы тиіс білім көлемінің артуына байланысты болып отыр. Ғылымның тез қарқынмен дамуы білімнің үздіксіз үлғаюына әкеледі. Жаңа білімнің неғұрлым мәнді құраушылары білім беру аймағына келіп түседі. Бұл мектеп бағдарламаларындағы оқу материалдарының үздіксіз көбеюіне әкеледі. Соңғы төрт жүзжылдық уақыт аралығындағы уақыттан бері оқу пәндерінің басым көпшілігі бойынша оқу бағдарламаларында оқу материалының көлемін азайту, тіпті болмаса тежеу ешбір қорытынды бермеді. Оқушының орта мектептегі оқитын уақыты аралығындағы алуға тиіс білім көлемінің үлкендігі соншалық, оны игеруге қажет уақыттың жетіспеушілігі мен осыған байланысты артық салмақ қазірдің өзінде анық байқалып жүр. әсересе, қабілеттілігі орташа, ұқыпты оқушылар үшін осындай ауыр салмақ ауырға түседі. Мұндай оқушылар, әдетте, өте тырысып жұмыс істейді де, қорытындысында осының олардың денсаулықтарына жағымсыз әсер етуіне әкеледі. Қабілеттіліктері орташа оқушылар саны басым болғандықтан, мұғалім, олардың оқу жұаысындағы қындықтарын байқап, матералды түсіндіру темпі мен тереңдігін азайтады. Бұл қабілеттіліктері орташа оқушылардың мүмкіндігіне сәйкес келгенмен, қабілеттіліктері жақсы оқушыларды ыңғайсыз жағдайға қояды. Соңғылары, жұмыс істеуде қажетті деңгейде тырысуды қояды да, кейбір пәндерден сыныпта ғана жұмыс істеумен шектеледі, бұл қорытындыда олардың қабілеттіліктерінің дамуын тежейді. Бұл үстіртін жұмыс істеу, өркөкіректік т.б. сияқты жеке тұлғаның жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына жағдай жасайды. Оқытудағы даралау мен саралаудың формалары Саралап оқыту дегеніміз – бұл: 1) оқу үрдісін ұйымдастару форамсы, мұнда мұғалім оқу үрдісі үшін қандай да бір мәні бар ортақ қасиеттері бар оқушылардан құралған топтармен жұмыс істейді (гомогендік топ); 2) ортақ дидактикалық жүйенің бір бөлігі, бұл бөлік білім алушылардың әртүрлі топтарын арнайы мамандандаруды қамтамасыз етеді (16-кесте). Оқытудың саралануы (оқытуға саралау тұрғысы) – бұл: 1) әртүрлі мектептер, сыныптар, топтар үшін олардың құрамының ерекшелігін ескеру мақсатында әр түрлі жағдайлар жасау; 2) гомогендік топтардағы оқу үрдісін өткізуді қамтамасыз ететін әдістемелік, психологиялық-педагогикалық және ұйымдастырушылық-басқарушылық шаралардың кешені.
16-кесте – Оқытуды саралау
Оқытуды саралау – жеке тұлғаның дара-типтік ерекшеліктерін (жалпыға ортақ және арнайы қабілеттіліктер, даму деңгейі, қызығушылықтары, нервтік жүйесінің психологиялық-физиологиялық қасиететтері т.б.) ескеретін оқу үрдісін құру, бұл оқу материалының мазмұны, оқыту әдістері, ұйымдастыру формалары әрқилылы топтарды құрумен сипатталады. Оқытуды саралаудың қағидасы – педагогикалық үрдіс сара түрде құрылатынына сәйкес ереже. Саралаудың (бөліп оқытудың) ең негізгі түрі даралап оқыту болып табылады . Оқытуды саралау формалары екі түріге бөлінеді: сыртқы (арнайы мектептер, сыныптар) және ішкі (сынып ішіндегі). Ішкі саралау балаларды оқу үрдісінде дара-типтік ерекшеліктеріне қарай тұрақты топтарға кездейсок белгілеріне қарай бөледі. Топтарға бөлу анық немесе анық емес болады, топтың құрамы алға қойылатын оқу мақсатына байланысты өзгереді. Сыртқы саралау – бұл оқушыларды белгілі бір белгілеріне (қабілеттеріне, қызығушылықтарына т.б.) қарай тұрақты топтарға бөледі. Мұнда оқу мазмұны да, оқыту әдістері де, ұйымдастыру формалары да өзгереді, айырмашылықтары болады. Саралаудың түрлері оқушыларды топтарға бөлу негізінде жатқан белгілерге қарай анықталады. Саралаудың дәстүрлік түрлері – бұл жалпыға ортақ және арнай қабілеттіліктер, қызығушылықтар, жобаланған мамандық бойынша саралау. Сыртқы саралау оқу үрдісін ішкі саралауға қарсы емес, керісінше, оны қолдайтынын айта кету керек, себебі, сырқы саралауда құрылатын топтар кейбір жағынан гомогендік (бірдей қабілеттіліктер бойынша топталған) болғанмен, басқа тұсынан гетерогендік (әртүрлі қабілеттіліктер бойынша топталған) болуы мүмкін, бұл ішкі саралаудың қажеттігіне кеңістік қалдырады. Білім мазмұнының бейіндік саралануы Білім мазмұнына қарай оқытудағы саралауды екі түрге бөледі: бейіндік және деңгейлік. Ал, оқыту формасына қарай сырқы және ішкі сараланулар болады. Білім мазмұнының бейіндік саралануы мектеп оқушысының өзінің танымдық қызығушылығын, қабілеті мен жетістіктерін және кәсіптік болжауын ескеріп, оқыту бейінін өзінің еркін таңдауы. Ол басқа жеке оқушыларға қарағанда жеке даралық қатынасты іске асыруға бағытталып, оқушыларды саластырмалы түрдегі тұрақты топтарға бөлуді қарастырады. Бұл топтарда оқыту мазмұн жағынан, оқушылардың білімдері мен біліктеріне қойылатын талапар жағынан ерекше бағдарламалар арқылы жүргізіледі. Топтарда оқыту әртүрлі жолдармен іске асырылады: - білім мазмұны жағынан ерекшеліктер болады, - кейбір оқыту әдістерінің басыңқы ролі, - олардың формасы мен әдістері т.б. өзгереді. Білім мазмұнының бейіндік саралануының негізгі орта мектептің базистік оқу жоспарының пәндері, яғни саралануға «пәндік» жақтан келу болып табылады. Үш түрлі негізгі бейінге бөлу қабылданған: физика-математикалық, жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық.. Математикадан білім берудің бейіндік және деңгейлік саралануы Математикадан білім беруде саралануының үлкен маңызы бар, бұл осы пәннің ерекшелігіне байланысты түсіндіріледі. Математика объективтік жақтан алғанда мектептегі ең қиын пәндердің бірі және көптеген оқушыларға субьективтік қиындықтар тудырады. Сонымен қатар, көптеген оқушылардың осы пәнге анық байқалатын қабілеттіліктері болады. Курсты қабылдау мүмкіндігі бойынша әртүрлі екі «полюстағы» оқушылардың арасындағы айырмашылық едәуір үлкен. 14-Лекция. Математиканы оқытуды даралау Даралау немесе даралап білім беру (индивидуация, индивидуум, индивидуальность, индивидуация сөздерінен) – білім берудің барлық сатысында әрбір жек тұлғаның бейімділіктерінің деңгейін анықтау, оларды барынша дамыту мақсатында оқушылардың жеке тұлғалық жағын қалыптастыру технологиясы. Мұндағы: индивидуация (лат. individuatio)) сөзінен аударғанда – жалпыдан жекені бөліп шығару дегенді білдіреді. Даралау қағидасы (индивидуации (лат. principium individuationis)) – томизм қабылдаған Аристотель философиясының ұғымы; кеңістіктің негізі ретіндегі «алғашқы материя», заттардың жиындылығының бөлу уақыты. К. Г. Юнгтың «аналитикалық психологиясында» бұл – жеке тұлғаның қалыптасу үрдісі, оның қалыптасуы, өзіндік және ұжымдық санадан тыс мазмұнын сананың ассимиляцилауының қорытындысында пісіп-жетілуі. Даралық (Индивидуальность) – қандай да бір құбылыстың, жеке тірі нәрсенің , адамның қайталанбас өзіндік ерекшелігі; жалпыға ортақтылыққа, біртиптілікке, әлеуметтік психологияда – ұжымдылыққа (топталғанға) қарама-қарсы пікір. Фәлсафалық ұғым ретінде атом, монада жөніндегі оқуларда қолданылған. Бірінші кезеңде даралау – математиканы тиімді оқытудың негізгі құралы екендігі жөніндегі әдебиеттерді зерттеу жұмыстары жүргізілді. Екінші кезеңде қазіргі уақытта оқу материалын даралап оқытудың ерекшеліктері қарастырылды. Үшінші кезеңде математика пәнін даралап оқыту мен дәстүрлі оқытудың нәтижелерін салыстырып, өзіндік ұсыныс (оқыту әдісі) жасалады, қорытынды шығарылады. Шығармашылық жұмысының орындалу нәтижесінде мүмкін болатын ғылыми жаңалықтары төмендегідей: - математиканы тиімді оқытудың құралы негізінде оқытуды даралау мен саралау әдістері айқындалады; - математика материалын даралап оқытудың белгілі қағидалары іске асырылады. Даралау – математиканы тиімді оқытудың негізгі құралы ретінде Қазіргі кезде мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асыру – білім мазмұнын және білім берудің Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа заңына сәйкес қайта қарауды талап етеді. Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Математиканы даралап оқытуда әрдір оқушының білім деңгейі, біліктігін және дағдысын уақтылы тексеріп отырудың маңызы үлкен. Дұрыс ұйымдастырылған тексеру жұмыстары тек оқушылардың білім деңгейін білу мен бағалау үшін емес, ол мұғалімнің өз еңбегінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін байқап отыруына да жәрдемдеседі. Оқыту барынша тиімді болу үшін мұғалім әр оқушының әлсіз және күшті жақтарын, кемшілігі мен қол жеткізген табыстарын жақсы білуі керек. Даралап оқыту тек жаңа тақырыпты даралау бабымен түсіндіру ғана емес, ол әр оқушының атқарған қызметінің барлық түрлері мен нәтижелері дараланған түрде екенін қатаң есепке алу болып табылады. Осы қағида әр мұғалім тәжірибесінде орныққаны дұрыс. Оқу материалын қорытындылап, деңгейлеп жүйеге келтіру іскерлігін қалыптастыру үшін, күрделілігі әртүрлі тапсырмалар беріледі. Оқушылардың білім сапасын көтеру үшін үйге берілетін тапсырмаларды даралаудың ролі зор. Үй тапсырмаларын даралау күрделілігі жағынан да әр алуан. Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне қарай үй тапсырмаларын даралағанда тапсырмалардың: көлемі, әр түрлі әдістерді пайдалану, тапсырманың толықтық және тереңдік дәрежесі, орындау мерзімі ескерілуі міндетті. Жоғары сыныптарда математиканы даралап оқытуда төмендегі шарттарды ескеру қажет.Мұғалім: әр оқушының мінездемесін анық білуі тиіс; әр оқушыға қандай жалпы оқу мазмұны мен қандай білік пен дағдыны игертуі керек екендігін толық түсінуі тиіс; дараланған тапсырмаларды ойластыра және құрастыра білуі тиіс; әр сабақты ұйымдастыру мен оқыту әдістерінің тиімді түйісулерін таба білуі тиіс. Даралау мен ұжымдық оқытуды органикалық ұйымдастыра білу – оқыту мен тәрбиелеудегі басты талаптардың бірі екендігін, әр мұғалім жадында ұстауы тиіс. Математика пәнінің оқу материалын даралап оқыту Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім ең алдымен олардың ықыласы мен жігерін, темпераментін, есте сақтау қабілетін, ойлау ерекшеліктерін, ынтасын зерттеуі қажет. Оқушылардың бұл ерекшеліктерін сабақта немесе сабақтан тыс уақытта оқушылармен, ата-аналармен басқа пән мұғалімдерімен әңгімелесе отырып, бақылау жасау арқылы зерттейді. Кейбір жағдайда, шағын психологиялық тәжірибе жасап, анкеталар толтыруды жүзеге асырады. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу нәтижесін анықтаған соң, мұғалім олармен жеке жұмыс жүргізу шараларын белгілейді. Бұл оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескеру мен үлгерімі төмен оқушыларға көмектесу жүйесін жасауды және олардың білім, білік және дағдыларын талаптарға сай көтеруді көздейді. Мұнда оқушылардың оқулықпен қамтамасыз етілуі, басқа пәндерден үлгерімі зерттеліп, кездескен олқылықтарды шұғыл жою жолдары қарастырылады. Үлгерімі төмен оқушылардың білімін талапқа сай көтеру үшін, игерілген білімдегі кездесетін олқылықтардың сипатын, қандай тақырып жеткіліксіз меңгерілгенін, есептердің қандай типтері қиындық туғызатынын, қандай біліктіліктер мен дағдылар кем соғып жатқанын анықтау қажет. Сонымен бірге, тақырыптардың өзіне тән қиындықтарын мұғалім алдын ала анықтап, сабақ үстінде немесе үй тапсырмаларын бергенде, оларды түсіндіруге баса назар аудару керек. Оқыту үрдісін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру үшін оқу-тәрбие жұмысына әр мұғалімнің өзіндік әдісін енгізген дұрыс. Бұл әдістің мәні – әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы мен мұғалімнің бірлесіп жұмыс істеуін, олардың үйде өздігінен орындайтын тапсырмаларын, сыныпта және сыныптан тыс шараларда атқаратын жұмыстарын үйлестірудің неғұрлым қолайлы түрлерін анықтау. Өзіндік әдісті жүзеге асыру төмендегі мақсаттарды көздейді: - оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеп, типтік топтарға бөлу; - оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды оқытудың, тәрбиелеудің және жан-жақты дамытудың әдістемелік тәсілдерін жасау; - әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру; - білімді бағалау, бақылау жүйелерін жетілдіру. Оқушыларды топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген қабілеті ескеріледі. Оқушылардың оқуға қабілеттілігі деп, – оның неғұрлым қысқа мерзім ішінде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша оқушыларды оқуға қабілеті жоғары, орташа және төмен деп үш топқа бөледі. Оқушылардың жұмысқа қабілеті жоғары деп, – белгілі бір уақыт аралығында олардың өнімді оқу қызметімен шұғылдану қабілетін айтады. Жұмысқа қабілеттілік дәрежесі оқушылардың психогиялық-физиологиялық мүмкіндіктерімен, оқуға ынтасымен және іскерлігімен анықталады. Жұмысқа қабілеттілікті арттыруда: - оқу дәйектілігі, - оқуға құлшыныс, - денсаулық жағдайы, - табандылықты дамыту, - сезімталдылығы, - оқудың тиімді тәсілдерін қолдану және т.б. факторлар елеулі роль атқарады. Жұмысқа қабілеттіліктің де жоғары, орташа және төмен деңгейлері бар. Оқушыларды топтарға бөлу үшін төмендегілерді пайдалануға болады: 1) оқушының жеке құжаттарын, мінездемесін, сынып журналын зерттеуді; 2) оқушының сыныптағы және үйдегі жұмысын бақылап, талдауды; 3) оқушының орныққан білімі мен іскерлігі бойынша бақылау жұмысын ұйымдастырып, бастапқы деңгейін анықтауды; 4) оқушының пәннің теориялық материалы, әдістері және тілі (терминдері, символы) жайындағы білімін қамти отырып, оның бақылау жұмысының нәтижелерін пайдалануды; 5) оқушының білімін өздігінен көтеру іскерлігі мен машықтарының бастапқы деңгейін анықтау мақсатында арнайы тексеру жұмыстарын жүргізуді; 6) пәннің мазмұны, негізі ұғымдары, олардың қасиеттері мен өзара байланыстары бойынша ұдайы әңгіме өткізуді.
|