![]() |
Есептер шешудегі талдау мен біріктіру. 2 страницаDate: 2014-02-26; view: 1375. 7) оқушыны жаңа айғақты алдын-ала жалпылауға үйрету. 8) оқушыны ғылымға қатысы жоқ сияқты, бірақ пайдаланылатын айғақпен таныстыру. 9) пән аралық байланысты ұйымдастыру. 10) есептерді өзгерту, сұрақтарды қайта тұжырымдау. Мәселе есеп және тапсырма. Проблемалы жағдай тудыратын есепті мәселе есеп дейді. Мектеп математикасындағы оқытылатын есептер бір кезде математикалық мәселе болғаны белгілі. Мысалы, әл-Хорезмиден кейін ғана толық квадрат теңдеуді шеше алатын болдық. Бұған дейін ол мәселе болып келді. Қиналу сипатын сезіну, оны жеңу жолындағы білімнің жеткіліксіздігі, соның нәтижесінде есепті шешудің жаңа алгоритмін іздестіру – шығармашылық ойлау процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Кез келген қиналу мәселелік жағдай тудырмайды. Сондай-ақ, кез келген мәселелі жағдай да ойлауды тудырмайды. Мысалы, оқушының шамасы келмейтін пробемалы мәселе берілсе, ол оқушының ойын тежейді, өз күшіне сенімсіздік тудырады. Өз күшіне, өзінің қабілетіне сенімді болу – мәселелі жағдайды шешудің айқын қағидаларының бірі. Проблемалы есептерді ажырату, оның белгілерін айқындау әдістері Егер оқушыға есепті шешу алгоритмі белгілі болса, онда есеп мәселе болып табылмайды. Әдетте мәселені шешу үстінде дербес бірнеше мәселеге келеміз. Мысалы, «трапецияның орта сызығынан үшбұрыштың орта сызығын шығарыңыз», – десек, бұл мәселе, өйткені оқушының үшбұрыштың орта сызығы туралы мағлұматтары бар, енді оның формуласын басқаша қорытып шығару ойлауды талап етеді. Трапецияның орта сызығы Программалап оқытудың мазмұны. ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында өмірге келген программалап оқыту әдісі оқытудың басқа әдістемелері сияқты әмбебап әдіс бола алады. Тасқындаған ақпарат заманында оқушыларды өз мүмкіншілігіне сай даралап оқыту мен өз бетінше білім алуын қамтамасыз ету қажеттігінен туған программалап оқыту әдісі дәстүрлі оқыту әдістемесімен оқыту қағидаларын жоққа шығармайды, қайта оны толықтыра түседі. Программалап оқыту атауы есептегіш сөздігінен алынған, өйткені оқыту программасында да оқытылатын материал логикалық тізбек пен мөлшер негізінде оқытылады. Оқу материалының мөлшері деп оқушы қиындықсыз-ақ, өзі меңгере алатын оқу материалының мөлшерін, не бір бөлігін айтады. Ол кітаптың бір бетін құрайды. Әрбір бөлімдегі оқу материалының көлемін шектеу программалап оқытудың қажетті шарты болып табылады, яғни оқу материалының мөлшері алгоритм негізінде жасалып, қатаң логикаға сүйенеді деген сөз. Оқыту программасының әрбір оқу материалының мөлшеріне тиімді түрде таңдалған 6-8 жолдық мәтін болады. Әрбір әріпке 1,5-2 бит ақпарат сәйкес келеді десек, мәтін 15-40 сөзді қамтиды. Оқу материалының мөлшерінде жаңа материалдың белгілі ой мен аяқталған бөлігі мен бақылау сұрақтары жазылады. Оқу материалының мөлшері екі түрлі: ақпараттық және операциялық қадамнан тұрады. Оқу материалын бөлшектеу қиын материалды жай ғана бөлшектеу емес, ол оқу материалын сапалы, әрі берік меңгеру үшін белгілі қимыл-әрекетті ұйымдастыру, сатылап жүзеге асыру. Оқу материалын программалап оқытудың мәселелі мазмұны, сол сияқты қадам ұғымының әдістемелік сипаттамасы болады. Қадам элементтері: ақпараттық және операциялық, кері байланыс және бақылау кадрларын даярлаумен байланысты. Меңгеру мәселесін дұрыс шешу, оқушылардың үлгерімге жетуіне, қызығушылығын тудыруға мүмкіндік береді. Көп нүктелі мәтін, сұрақ-жауап түріндегі мәтін, сұрақтар мен бірнеше жауаптары бар мәтіндер оқу үдерісінде кері әсер етпегенімен, дұрыс негізделген программаланған мәтін бола алады. Әрбір оқу материалының ұғымы мен айғағы дәлме-дәл түсіндірілген, оқушы біліміне сай бірімен-бірі тығыз байланысты бөліктерге бөлінген, оқушының қимыл-әрекеті нәтижеге жеткізетін ұсақ ережелермен таңбалар тізбегіне, әдістемелік тұрғыдан дұрыс таңдалған, орналастырылған жаттығулар мен нұсқауларға, яғни алогритмдік құрылымға сүйенген. Әр оқушының өз ерекшелігін ескере отырып, оқу процесін әрбір оқушыға қатысты басқару мүмкіндігіне, ақыл-ой қалыптасуының ғылыми заңдылықтарын іске асыруға сүйенген. Сонымен, программалап оқыту деп белгілі жүйеде баяндалған құрылымдық жағынан оқу ақпаратынан, оқушылардың белгілі ой жұмысымен қимыл әсерін тудыратын және осы тапсырмаларды дұрыс орындау үшін қажет нұсқаулардан тұратын оқу барысының алгоритмдік жиынтығын айтамыз. Қадам құрамы бірімен бірі тығыз байланысты үш буыннан тұрады: ақпарат, кері байланысты операция және бақылау (19-сурет). Ақпаратты өңдеу кезінде оқуға тиісті айғақ пен заңдылық не ауызша, не техникалық құралмен баяндалады. Ақпарат негізінде оқушы қажет біліммен қаруланады. Амал орындау кезінде ақпаратты өңдеп, оның қасиеттерін ашып, интелектуалдық және қимыл дағдысын қалыптастыруға жұмыс істеледі. Сөздік және моторлық қимылға түсу – оқу материалын меңгеруге жасалған әрекет. Бұл кезеңде оқушы өз еңбегінің нәтижесін түзете отырып, білім мен білікті меңгеруге күш жұмсайды.
19-сурет
Қимыл мен сынау бірлігі саналы дағдысын қалыптастыру процесін тездетеді. Бақылау кезеңі мұғалімге программа нәтижелігін тексеруге, оқушының жақсы үлгерімін білуге көмектеседі.
12-Лекция. Білім алушылардың қызметін ұйымдастыру Бүгінгі күні маманға қойылатын талаптар: - дамыған елдердің экономикасы символикалық аналитиктерді көптеп қажет етуде. Символикалық аналитиктер деп нақты емес жағдайда жұмыс жасай білетін, проблеманы айқындай біліп, оны шешу жолдарын белгілеп, стратегиялық бағыттарды айқындай білетін мамандарды атайды. - Қазақстан экономикасы да біліммен жұмыс жасай алатын, білімді нақты жұмысқа айналдыра білетін символикалық аналитиктерді қажет етеді. Білім алушылар оқуды аяқтағанда меңгеруі керек құзырлылықтар: - проблемаларды шешуге дайын болуы; - өзіндік тұрғыдан танымдық әрекеттерге дайын болуы; - тұлға аралық қарым-қатынасқа дайындық (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде); - ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тұтынушы деңгейінде тиімді қолдану дайындығы; - әлеуметтік өзара әрекеттесуге дайындық; - Қазақстандық идея мен өзінділікті қалыптастыру негізінде өз Отаны үшін жауапкершілікті өзіне жүктеу дайындығы; - Өзін-өзі дамыту, өркендету, жүзеге асыруға дайындық. Интербелсенді әдістеме: - интербелсенді оқу білім процесінің бұрынғы біржақты түсінігін (әрекет жасаудың негізгі тұлғасы педагог болып табылатын және «үйрету», «білім беру» секілді жетістіктерді қолданатын бағдарламаға бағытталған, бағдарламацентристік) екіжақты, диалогиялық түсінікке ауыстырады; - интербелсенді оқу таным процесіннегізгі әрекеттістудент (студентцентристік), өздігімен атқаратын «білім игеру» деп таниды, мұнда «үйрену», «тану», «оқу» сияқты етістіктер қоланылады: «Үйрету мүмкін емес, тек үйрену ғана ықтимал». Интербелсенді оқудың негізгі қағидалары: - таным ортасын құрастыру; - әрекет арқылы үйрену/үйрету; - өзінділік пен дербестікті қалыптастыру; - өмірмен байланыстыру. Орта қалыптастыру: - білім алушы өз әрекеттерінің сәтті екендігін сезінетін жағдайлар қалыптастыру; - білім алушылардың арасында ашық және еркін шығармашылық жағдайлар қалыптастыру; - оқу материалы дайын түрде берілмей, ізденіс және зерттеу әрекеттеріне мүмкіншілік беріледі; - білім алушыларға бағыт-бағдар беріп, оларды ынталандыру. Әрекет арқылы үйрену/үйрету: - студенттерде білімді тек өзіндік белсенді әрекеттер арқылы ғана игеруге мүмкін деген түсінік қалыптастыру; - білімді белсенді түрде игеру процесін интербелсенді тәсілдер арқылы ұйымдастыру. Өмірмен байланыс: - оқуды практикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты өмірде кездесетін проблемаларды шешу деп қарастыру; - әрбір сабақта әлеммен, нақты өмірмен байланыс орнату. Өзінділік пен дербестікті қалыптастыру: -білім алушылардың өзіндік пікір құрастырып, ой-толғаныс пен рефлексия арқылы проблемаларды шешуі; - өзіндік тұрғыдан жаңалық құрастыру үшін мүмкіншіліктер ұсыну; - білім алушыларда сыни және талдау тұрғысынан ойлаудың дағдыларын қалыптастыру. Интербелсенді әдістеменің негізгі қағидасы: - интербелсенді әдістеме әрекет арқылы және әрекетпен үйретуге негізделеді: адам бірінші кезекте өз қолымен жасағанды есте сақтап, игереді; - «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін!» (Конфуций). Интербелсенді оқудың әдістері: - интербелсенді лекциялар мен семинарлар; пікірталастар; ойындар (оқу, ролдік, іскерлік, өндірістік, имитациялық және т.б.); кейс-стади; тренингтер; оқытудың компьютерлік технологиялары. Интербелсенді әдістемеде қолданылатын дидактикалық тәсілдер Әр сабақта келесідей дидактикалық тәсілдерді қолданған тиімді: - ой қозғау, Т-кестесі, Венн диаграммасы, болжау, кластерлер, оңай және қиын сұрақтар кестесі, ойлан, жұптас, пікірлес, алдын-ала берілген атаулар, үлкен шеңбер, қос шеңбер, атаулар туралы үш сұрақ, еркін жазу, «білемін, білгім келеді, білдім», дөңгелек үстел, үш қадамды сұхбат, топтық зерттеу, кең көлемді лекция, сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою, қос жазба күнделігі, үш жазба күнделігі, белгі қойып оқу (INSERT), Жигсо, Жигсо-2, қайшыланған пікірталас, аквариум, эссе және басқалар. Интербелсенді оқуда қолданылатын зерттеу жұмыстарының нысандары мен тәсілдері; - жобалау; - аннотациялау және рецензиялау; - ғылыми жұмыстарға пікір жазу; - әдебиет көздерін талдау картасын құрастыру; - ғылыми пікірталас пен диспуттар ұйымдастыру; - портфолио құрастыру; - кейс-стади, мақала, реферат, сценарий жазу; - идеялар аукционын өткізу; - презентациялау; - өз ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ғылыми аппарат құру; - сауалнамалар, тестер, диагностикалық құралдар, жоспарлар, бағдарламалар әзірлеу; - тәжірибелер жасап, олардың сандық және сапалық көрсеткіштерін айқындау, т.б. Білім түрлері Бүгінгі күні ғалымдар бір ауыздан білімнің негізгі екі түрін көрсетеді: 1) репродуктивтік; 2) конструктивтік. Философ Джон Дьюи, психологтар Жан Пиаже мен Лев Выготский, математик және логик Алфред Уайтхэд, педагог Т. Лешкевич, философ Владимир Данченко және басқалар білімнің бұл түрлері өэ қасиеттері бойынша бір-біріне қарама-қарсы деп есептеген. Бұған қоса білім берудің де екі үрдісін ажыратуға болады: репродуктивтік тұрғыдан білім беру өткен дәуірдің әдістемесіне жатса, конструктивтік тұрғыдан білім игеру - бүгінгі және ертеңгі күннің білімі. Репродуктивтік білім. Білімнің бұл түрі: ырықсыз, белсенді (пассив түрдегі) түйсінуді (қабылдауды) білдіреді; мұнда үйренушінің субъективтік және өзіндік түсінігіне жол берілмейді: репродуктивтік білім «түрлендірусіз, еш өзгертусіз қайталау» деген ұғымды меңзейді. Репродуктивтік біліместе сақтау және қайталауға негізделеді, мұнда қарастырылатын мәлімет білім алушы тұрғысынан аз мөлшерде өзгертіліп, интерпретацияланады.Репродуктивтік білімдебағдарлама (оқытудың, пәннің бағдарламасы) негізгі рөл атқарады («бағдарлама центристік» білім), өйткені мұндай білім шәкірттің жеке тұлғасына бағытталмай, жоғары жақтан белгіленген оқытудың бағдарламасына арқа сүйейді: «бағдарламада қалай келтірілсе, солай оқыту керек» деген қағиданы ұстанады.Репродуктивтік білімдебасты тұлға – үйретуші («ұстазцентристік» білім), өйткені ол білім алушының мүдделерін ескермей, үйретушіге (ұстазға) бағытталады. Репродуктивтік білімнің түрлері: 1) Сипаттаушы білім: - қайталауға негізделген сипаттауға бағытталады; - негізгі сипаты: көрнекілік; 2) Түсіндіруші білім; - объективтік дәлелдемеге ұмтылады; - негізгі сипаты: дәлелділік (өз көзқарасының дұрыстығын дәлелдеу). Конструктивтік білім. Конструктивтік білімде басты назар «пән» немесе «бағдарламаға» емес, үйренуші (шәкірт) тұлғасына аударылады, ал ұсынылған білім тұлғаны өзгерістерге ынталандырады: шәкірт алған білімді (ақпаратты, мәліметті, ұғымды, т.с.с.) өзіндік тұрғыдан өзгертсе, оның үйренген білімі шәкірт тұлғасын да өзгертеді (дамытады, өсіреді).Сол себепті конструктивтік білімді кейде түрлендіруші білімдеп те атайды. «Конструктивтік» деп аталу себептері: - білім алушы өздігімен ақпарат, фактілер, ережелер мен қағидалардан дербес (өзіндік) мағына, түсінік, ой, идея, тұжырым құрастырады; - конструктивтік білім шәкіртті рефлексия (ой-толғаныс) арқылы өзін-өзі «түрлендіруге», өзінің тұлғасын өзгертуге ынталандырады; - конструктивтік білім тұлғаға өзін-өзі түрлендірудің (өзгертудің) айқын да анық мақсаттары мен құралдарын беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды тұлғаның тұла бойына сіңіріп, оны өзін-өзі жетілдіру ісіне жұмылдырады. Конструктивтік білімнің өзектілігі Сипаттаушы және түсіндіруші білімдер қаншалықты қажетті болса да, олар әлемді өзгерте алмайды, өйткені әлем тек адамның түрлендіруші әрекеттері арқылы өзгере алады, яғни оқытуда басты назарды тұлғаның жеке қасиеттері мен оның белсенді әрекеттеріне, оның қолынан келетін істерге аудару қажет. Конструктивтік білімнің негізгі сипаты (10-кесте) Түрлендіруші ықпалдың (әрекеттердің) тиімділігі оның адамды өзін-өзі түрлендіру ісіне жұмылдыра білуіне байланысты. Сол себепті, конструктивтік білімнің негізгі сипаты ретінде оның әрбір білім алушыға жағымдылығы мен қызықтылығы танылады. Адамның көңілін өзіне тартпайтын, қызықсыз білім болмысынан конструктивтік емес.
10-кесте– Әдістемелерді салыстыру
Қызықтыру әдістері Адам өзі үшін мағыналы деп шешкен нәрселер ғана оны өзіне тартып, оның қызығушылығын тудырады. «Қызық» дегеніміз адамның жеке басының мүддесін ескеретін, «МЕН» тұрғысынан маңызы бар нәрсе. Сол себепті, конструктивтік білімнің барлық жүйелері әр адам үшін маңызды деген өмірлік проблема немесе проблемалар жиынтығы төңірегінде шоғырланады. Ұстаздың басты мақсаты:шәкірткесабақтағыәңгіменің (тақырыптың) оған қажетті (ол мағыналы деп есептейтін) нәрселер жайында болатындығын сезіндіру. Үйрену (Үш көзқарас) 1. Конфуций: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін»; 2. оқытудың кейбір тәсілдерін қолданғанда мәліметтің есте сақталуы; (А. Маслоу идеялары бойынша Н. Сандерс кестесі) (11-кесте). 11-кесте - Н. Сандерскестесі («Бетель» лабораториясының зерттеуі негізінде, АҚШ, Мэн штаты)
13-Лекция. Математиканы оқытуды саралау Оқытудағы даралау мен саралаудың негіздері. Білім беруді саралау (білім берудің дифференциациясы) – әртүрлі бейімділіктері бар білім алушыларды бір текті топтарға ұйымдастыру арқылы білім алуға жағдай жасау (технологиясы). Білім берудің индивидуализациясы – білім алушылардың әртүрлі өзіндік ерекшеліктерін, бейімділіктерін ескеру арқылы жүргізілетін мұғалімнің оқушылардың тобымен қарым-қатынасы. Саралаудың пайдалы жақтары: барлық балаларға біркелкі бағалау мен орта деңгейде ғана оқытуды болдырмау; оқуға мүмкіндіктері жоғары оқушылардың оқуға деген ынтасын көтеру; білім алуды оңайлату үшін және оқу материалын жақсы игеру үшін қабілеттеріне қарай оқушыларды топтарға біріктіру; үлгерімі төмен оқушыларға тиімді жағдай жасау. Оқытудығы кері байланыс: - cыртқы: оқушы – мұғалім оқушы; мұғалім – оқушы; - ішкі: оқушы – оқушы. Қағидалары: - кері байланыс қағидасы; - таңдау еркіндігінің қағидасы; - ашық болу қағидасы; - іс-әрекет қағидасы; - идеалдылық қағидасы; - дамыған кері байланыс әдістері арқылы оқу үрдісін әрдайым бақылап отыру. Саралау (дифференциал (лат. differentia – айырма, айырмашылық)).Саралап іске асыру (дифференциация – франц. differentiation, лат. differentia – айырма, айырмашылық) бүтін нәрсені әртүрлі бөліктерге, формалар мен басқыштарға (деңгейлерге) бөлу. Бұрын «саралап оқыту» деп орта мектептің жоғарғы сыныптарында оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бөліп, айырып жазу деген түсінік болған; бұның нәтижесінде орта мектеп өзінше белгілі бір бағыттарға (өндірістік, физика-математикалық, биологиялық, гуманитарлық т. б.) бағытталуы іске асып отырған. Осы бағыттардың әрбіреуінің өзіндік ерекшеліктері, өзінің пәндері бейіндейтін өзіндік циклы болды. Сол кезде саралауға келесі анықтама берілген еді: Оқытуды саралау – оқушылардың ынталары мен қабілеттіліктерін ескеру арқылы орта мектептің жоғарғы сыныптарында оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бөліп, айырып жазу. Кеңес үкіметі кезінде жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер, факультативтік сабақтар, талантты балалар, арналған арнайы мектептер (музыкалық, сурет, хореографиялық, спорттық) арқылы іске асырылап отырған [29]. Оқытудың ерекше формасы саралап оқытумен қоса оқыту үрдісінде оқушыларға «сарау тұрғысы» деген ұғым пайда болды, бұл мұғалімнің оқыту жұмысы мен оқушының жұмысының арасындағы қатынасты анықтайды, Бұдан басқа, педагогика мен психологияның қазіргі заманғы жетістіктері мен математиканың заманауи әдістемесі көп көңіл бөліп отырған оқушылардың оқу жұмыстарына өзіндік қатынасы оқушы мен мұғалім жұмыстарының бірлігі мәслелесінегі үлкен көкейкесті мәселелерді анықтап отыр және ұжымдық қатынас жағдайында оқытуды түгелдей толық саралау мүмкіндігін де қарастырып отыр. Осыған орай, қазіргі заман дидактикасында оқытуды саралау ұғымы мен оқытуды даралау ұғымының арасына нақты шекара жүргізілмегенін айта кетпекпіз. Оқытуды тиімді даралау мәселесі арнайы әдіс – оқытуды программалау әдісінің пайда болуына ықпалын тигізді. Сондықтан оқытуды даралау мәселесі ең алдымен программалап оқытумен айналысатан адамдардың көңіл аударып отырған мәселесіне айналған. Алғашында оқытуды даралау деп оқушылардың оқу жұмысын олардың әрқилы қабілеттеріне қарай әртүрлі темппен ұйымдастыруды қамтамасыз ету деп қана түсіну болған. Мұнда, оқытуды даралауда үлгерімі жоғары оқушыға аздау ал, үлгірімі төмен оқушыға көбірек жаттығу керек деп атап көрсетілген еді. Бірақ, кейінгі кезде оқытуды даралау мәселесі программалық оқыту зерттеулерінің аясынан шығып, өздігінше дамуды бастаған, жалпы оқытуды тиімді етумен байланысты маңызды мәселе ретінде қалыптаса бастады. Оқушылардың оқу жұмысын даралаудың жеткіліксіздігі олардың қабілеттерінің барынша дамуына кедергі жасайтыны, білім деңгейінің төмендеуіне әкелетіні дәлелденді.
|