Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Лекция 9


Date: 2014-03-03; view: 916.


Лекция 8.

Тақырыбы:Әртүрлі жолдармен біртұтастығын сипаттайтын негізгі параметрлерді табу.

Мақсаты:Түрлі белгілердің көрсеткіштерін табудың әртүрлі жолдарымен танысу

Кілттік сөздер:Белгілердің әртүрлілігін көрсететін көрсеткіштер, орташа квадраттық ауытқу, сигма, варианса, лимиттер, вариация коэффициенті, өзгергіш амплитудасы.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны

1) Берілген топтастырылған қатарлардың статистикалық көрсеткіштерінің есептеудің тікелей әдісі.

Егер варианттар класс бойынша топтастырылса және жиілікпен сипатталса, онда арифметикалық орташасы мына формуламен анықталады Xср = SfX , мұндағы Х – кластың маңызы. .

n

Онда варианса және орташа квадраттық ауытқу үшін жұмысшы формулалар мыналар:

SfX2- (SfX)2

n

σ 2= ----------------------- ;

n – 1

 

SfX2- (SfX)2

n

σ = √ -----------------------

n – 1

2) Берілген вариациялық қатарға біріктірілмеген статистикалық көрсеткіштерді анықтаудың тікелей емес әдісі.

Бұл жағдайда орташа шамаға жақын келетін шартты мөлшерді - А алу керек. А көлемдері есептеуді қысқарту үшін толық болу керек. Келесіде шартты ортадан ауытқуды есептеп шығарады. Арифметикалық орта шаманың түпкілікті формуласы х =А + b ( b түзетпе).

Варианса және орта квадрат ауытқу үшін қолданылатын формулалар:

 

∑ (Хi -A) 2- n (Х -А)2

σ 2= ----------------------------

n - 1

 

∑ (Хi -A) 2- n (Х -А)2

σ = √ ----------------------------

n - 1

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

1. Белгілердің әртүрлілігін көрсететін көрсеткіштерді атаңыз. 2. Вариация коэффициентінің маңызы. 3. Гаусса формуласы. 4. Әртүрлілік дәрежесі дегеніміз не? 5. Орта квадраттық ауытқуды қалай есептейді?

Тақырыбы:Репрезентативтіліктің теориясы.Бас және жеке жиынтық туралы ұғым.

Мақсаты:Репрезентативтіліктің теориясы мен бас және жеке жиынтық туралы ұғымдарды таныстыру.

Кілттік сөздер:репрезентативтілік, таңдамалы бірлік, жеке жиынтық, бас жиынтық рендомды сұрыптау.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны

1) Таңдамалы және бас жиынтық.

Бас жиынтық - зерттеуге арналған барлық объектілердің жиынтығы.. Ол шексіз көп жеке бірліктердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Зерттеуге алынатын объектілердің бөлігін жеке жиынтық немесе таңдамалы жиынтық деп атайды. Жиынтықтардың екі типі де кездейсоқ вариацияның заңдылығымен сипатталады.

Таңдалып алынған обьекітілер алғашқы материал мен таңдамалы топты сипаттайды. Таңдалынып алынған объектілер арнайы әдістермен жиналып, зерттеуге жеткілікті мөлшерде алынса, одан алған нәтижелері жеке жиынтықты ғана емес бас жиынтықты да сипаттай алады.

Таңдамалы жиынтық – 3 ерекшеліктерімен айырмашылығы бар обьектілер тобы.

а) ол – бас жиынтықтың бөлігіэто – часть генеральной совокупности

б) кездейсоқ таңдалған, рендомдалған.

в) барлық бас жиынтықты зерттеу үшін сипаттама беруp

Таңдамалы жиынтық белгілі бір жағдайда барлық бас жиынтықты сипаттайды. Бұл таңдамалы жиынтықтың қасиеті репрезентативтілікдеп аталады, яғни белгілі бір дәлдікпегі көрсеткіш. Таңдамалы жиынтықтың репрезентативтілігі басқа да қасиеттер сияқты жеткілікті және жеткіліксіз деңгейде көрінуі мүмкін. Ббірінші жағдайда таңдамалы жиынтықтың бас параметрлерінің сенімділігі, екінші жағдайда сенімсіздігі алынады.

Бас жиынтықтың қасиеті. Таңдамалы жиынтықтың қасиеті. Таңдамалы жиынтыққа мәліметтер жинаудың әдісі.

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар: 1. Репрезентативтілік теориясының мәні. 2. «Бас жиынтық» түсінігіне анықтама беріңіз. 3. Таңдамалы жиынтықтың қасиеті. 4. Репрезентативтілік дегеніміз не?


<== previous lecture | next lecture ==>
Лекция 7. | Лекция 10.
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.003 s.