Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Тері аурулары


Date: 2014-03-03; view: 1543.


Тері аурулары төмендегідей факторлардың әсерінен болуы мүмкін:

1. Сыртқы факторлар – химиялық, физикалық тітіркендіргіштердің әсерінен тері қабынуы болуы мүмкін. Олар: күйік, үсік, дерматиттер.

2. Биологиялық факторлар : а) микроскопиялық ауру қоздырғыш саңырауқұлақтар әсерінен микоз, кандидамикоз ауруына шалдығады;

б) паразиттер – қотыр;

в) вирус – ұшық.

Ішкі мүшелердің ауруының әсерінен әртүрлі аллергиялық аурулар туады (экзема).

Тері ауруының көбі витаминдердің жетіспеуінен, белок, май, көмірсу алмасуы бұзылғаннан, жүйке-жүйесінің, ішкі секреция жүйесінің қызметтерінен болуы мүмкін.

6. Шірінше ауруының алдын алу үшін 14 айға дейін егу жасайды.

 

 

 

2.4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА БЕРІЛЕТІН ТАПСЫРМАЛАР

 

Тақырыбы Орындау түрі Тапсыру мерзімі
Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі, дамуы. ауызша 1-ші апта
Жоғары дәрежелі жүйке қызметі, типтері ауызша 2-ші апта
Анализаторлар туралы жалпы түсінік реферат 3- ші апта
Көру анализаторлары реферат 4- ші апта
Есту анализаторлары реферат 5- ші апта
Зат алмасу. Белок және көмірсулардың алмасуы реферат 6- ші апта
Зәр шығару жүйесі. Балалардағы энурез реферат 7- ші апта
Қанның қасиеттері, маңызы. Қан айналым ауызша 8- ші апта
Жүрек, жүректің қызметі, дамуы. Жүрек қызметінің жас ерекшеліктері ауызша 9- ші апта
Ішкі секреция бездері. Гормондар реферат 10- ші апта
Тыныс алу. Тыныс гигиенасы ауызша 11- ші апта
Ас қорыту жүйесі, оның жас ерекшеліктері ауызша 12- ші апта
Тірек-қимыл жүйесі, оның жас ерекшеліктері ауызша 13- ші апта
Тері, оның құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері реферат 14- ші апта
Мектеп гигиенасы. реферат 15- ші апта

 

 

3. Қолданылатын әдебиеттер тізімі

1. Қ. Дүйсембин, З.Алиакбарова. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. Алматы, 2003.

2. Алиакбарова З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасының негіздері. Алматы, 1993.

3. Хрипкова А.Г., Антропова М.В: Возрастная физиология и школьная гигиена. М.,1990.

4. Қабанов А.Н., Чабовская А.П. Мектеп жасына дейінгі балалар анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. Алматы,1982.

5. Рымжанов К.С., Төленбек И.М. Адам мен жануарлар физиолоиясы. Алматы, 1992.

6. Хрипкова А.Г. Возрастная физиология. М., 1978.

7. Жұмабаев С. Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. Алматы, 1996.

8. Х.Қ. Сәтпаева, Ж.Б. Нілдібаева, Ө.А. Өтепбергенов. Адам физиологиясы, Алматы, «Білім», 1995.

9. Физиология человека. Дж.. Дудел, М. Циммерман и др. 2-том. Органы чувств.

10. И.А. Држевецкая Эндокринная система растущего организма. М. Высшая школа, 1987.

11. В.Б. Розен Основы эндокринологии. М. Высшая школа. 1984.

12. Т.Ш. Шарманов Питание и здоровье. Алматы, 1974.

4. Бағалау ақпараты және критериясы

Қорытынды бағалауға:

Ағымдық бақылау – 60%

Емтихан – 40%

Қорытынды бағалау келесі формула бойынша есептелінеді:

 

ИО=[Р1+Р2] : 2 х 0,6+Е х 0,4

Мұндағы:

ИО – қорытынды бақылау;

Р1 – Ағымдық бақылау бағасының сандық эквиваленті;

Р2 – Аралық бақылау бағасының сандық эквиваленті;

Е - Емтихан бағасының сандық эквиваленті.

 

4.1 Баға қою саясаты

Қорытынды баға осы курс бойынша Сіздердің алған нәтижелерге сәйкес төмендегі бағыттар бойынша бағаланады:

-үй тапсырмасы (макс. балл-10)

-ағымдық бақылау (макс. балл-20)

-аралық бақылау (макс. балл-30)

-қорытынды емтихан (макс. балл-40)

 

Төмендегі кестеде оқытудың кредиттік технологиясымен жалпылама қабылданған, әріптік символдар қолданылатын, ОРА – студенттің оқу жетістіктері деңгейінің орташа бағасын анықтау үшін қажет бағалау жүйесі көрсетілген.

 

Әріптік жүйе бойынша бағалануы Балдардың цифрлік эквиваленті Балдары Дәстүрлі жүйе бойынша бағалануы
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

 

“Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы” пәнінен емтихан нәтижелері бойынша рейтингтік балдардың бөлінуі:

Студенттердің жауаптарының дұрыстығын бағалау Балдары Бағасы
90-100 37-40 5 (өте жақсы)
75-89 31-36 4 (жақсы)
50-74 20-30 3 (қанағат.)
0-49 0-19 2 (қанағат-сыз)

 

“Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы” пәні бойынша қорытынды баға:

Студенттің жалпы рейтингтік балы Бағасы
90-100 5 (өте жақсы)
75-89 4 (жақсы)
50-74 3 (қанағат.)
0-49 2 (қанағат-сыз)

Курстың саясаты – бұл оқытушының курсты оқыту барысында студентке қоятын талаптар жүйесі. Студенттерге ұсынылатын талаптар тізімі төменде көрсетілген:

- сабақты жібермеу;

- сабаққа кешікпей келу;

- сабақ үстінде сөйлеспеу;

- ұялы телефондарын өшіру;

- сабақ үстінде сағыз шайнамау;

- үй тапсырмаларын уақытында орындау;

- оқу үрдісіне белсене қатысу және т.с.с.

5. Тест сұрақтары


<== previous lecture | next lecture ==>
Оларды болдырмау шаралары | Гомеостаз деген не?
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 3.069 s.