Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Сегнетоэлектриктер.


Date: 2014-03-11; view: 3374.


Сегнетоэлектриктер дегеніміз кристалдық диэлектриктер, оларда сыртқы электр өрісі болмаған кезде, оның құрайтын бөлшектердің дипольдік электрлік моменттерінің бағытталуы өз бетімен жүреді.

Мысалдар: Сегнетик тұз ; барий титанаты .

Сегнетоэлектриктер домендерден тұрады. Домендер дегеніміз поляризациялануы әр түрлі бағыттағы аймақ. Кюри нүктесінен жоғары температурада сегнетоэлектрлік қасиеттері жойылады.

Сегнетоэлектриктер үшін және арасындағы байланыс сызықты емес және диэлектрлік гистерезис құбылысы байқалады. Бұл сыртқы өріс болмаған кезде қалдық поляризацияланудың сақталуы.

Пьзоэлектриктер дегеніміз сығу және созу кезінде электрлік поляризациялану пайда болатын кристаллді диэлектриктер-тура пьзоэффект.

Кері пьзоэффект дегеніміз электр өрісінің әсерінен механикалық деформацияның пайда болуы.

 

Электростатикалық өрістегі өткізгіштер.

Егер өткізгішті сыртқы электр өрісіне енгізсе немесе оны зарядтаса, онда өткізгіш зарядына электростатикалық өріс әсер етеді, соның нәтижесінде зарядтардың таралуында тепе-теңдік орнағанға дейін орын ауыстыру жүреді, бұл кезде өткізгіш ішіндегі электростатикалық өріс нольге айналады 0.

Басқаша, егер нольге тең болмаса, онда сыртқы энергия көзінен энергия жұмсалмай-ақ зарядтардың реттелген қозғалысы пайда болар еді, бұл энергияның сақталу заңына қарсы келеді.

Осыдан шығатыны

- өткізгіштің барлық нүктесіндегі потенциал бірдей.

- өткізгіштің беті эквипотенциалболып табылады.

- векторы беттің әрбір нүктесінде нормаль бойымен бағытталған.

- Сыртқы өріске бейтарап өткізгішті ендіргенде еркін зарядтар (электрондар және иондар) орын ауыстыра бастайды: оң таңбалылары өріс бойынша, ал теріс таңбалы зарядтар өріске қарама қарсы қозғалады (а-сурет)). Өткізгіштің бір ұшында оң таңбалы зарядтың, ал екінші ұшында теріс таңбалы зарядтардың артық мөлшері жинақталады. Бұл зарядтар индукцирленген деп аталады. Процес өткізгіш ішіндегі өріс нольге тең болғанша жүреді, ал өткізгіш сыртындағы кернеулік сызықтары оның бетіне перпендикуляр болады (б-сурет).

- егер өткізгішке кейбір зарядын берсе, онда компенсирленбеген зарядтар өткізгіштің тек бетінде орналасады, әрі және , мұндағы - зарядтық беттің тығыздығы - өткізгішті қоршаған ортаның диэлектрлік өтімділігі.

Электростатикалық өріске ендірілген бейтарап өткізгіш кернеулік сызықтарының бір бөлігін үзеді; олар индукцирленген теріс таңбалы зарядта аяқталады, қайтадан оң зарядта басталады. Индукцирленген зарядтар өткізгіштің сыртқы бетінде тарайды. Сыртқы электростатикалық өрістегі өткізгіште беттік зарядтардың қайта бөліну құбылысы электростатикалық индукция деп аталады.

 

Электрсыйымдылық.

Оқшауланған өткізгішті-басқа денелерден және зарядтардан алыстатылған өткізгішті қарастырамыз.

Өткізгіштің зарядының оның потенциалына қатынасына тең физикалық шама С, осы өткізгіштің электрлік сыйымдылығы деп аталады.

Оқшауланған өткізгіштің электр сыйымдылығы сан жағынан осы өткізгішке оның потенциалын бірге өзгерту үшін берілген зарядқа тең.

Ол өткізгіштің формасына, өлшеміне және қоршаған ортаның диэлектрлік қасиетіне тәуелді. Геометриялық ұқсас өткізгіштердің сыйымдылығыолардың сызықты өлшемдеріне пропорционал.

Мысал: оқшауланған өткізгіш шардың сыйымдылығы:

.

Электрсыйымдылықтың өлшем бірлігі фарада (Ф): 1 Ф – дегеніміз 1Кл заряд бергенде потенциалы 1В-қа өзгеретін оқшауланған өткізгіштің сыйымдылығы.

 


<== previous lecture | next lecture ==>
Лекция 12 | Конденсаторлар.
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.149 s.