![]() |
KipiспеDate: 2014-03-13; view: 906. Эти права неделимы. Последствия подобного установления. 1. Подданные не могут изменять форму правления. 2. Верховная власть не может быть потеряна. 3. Никто не может, не нарушая справедливости, протестовать против установления суверена, провозглашенного большинством. 4. Подданные не могут осуждать действия суверена. 5. Любой суверен ненаказуем подданным. 6. Суверен - судья в вопросах о том, что необходимо для мира и защиты своих подданных. И судья в отношении того, каким доктринам следует их учить. 7. Право предписывать подданным правила, с помощью которых каждый из них столь хорошо знает, что именно является его собственностью, что уже никто другой не может, не нарушив справедливости, отнять ее у него. 8. Суверену также принадлежат судебная власть и право решать споры. 9. И право объявления войны и заключения мира в зависимости от того, что он найдет более полезным. 10. И право выбора всех советников и министров, как гражданских, так и военных. 11. И право награждать и наказывать той мерой, какую он сам сочтет разумной (если более ранний закон ее не определил). 12. И право установления почетных титулов и табели о рангах. Не может быть никакого пожалования прав суверена без прямого отречения от верховной власти. Власть и честь подданных исчезают в присутствии верховной власти. Верховная власть не столь пагубна, как отсутствие ее, и вред возникает тогда, когда большинство с трудом подчиняется меньшинству.
Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде жерге мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік те заңдастырылған. Жерді жеке меншікке азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар да (ұйымдар, мекемелер) әртүрлі құрылыстар мен ғимараттар салу үшін ала алады. Азаматтар сонымен қатар жерді жеке меншікке өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ өcipy үшін алуына бол ад ы. Жаңа жер Кодексына байланысты жеке меншікке ауылшаруашылық жерлер де, осы заңда қойылған шарттар мен шектеулерде, берілетін болды. Жерге жылжымайтын мүлік статусы және заттық құқық берілген. (жеке меншік, пайдалану, сервитут, кондоминиум, т. б.), былайша айтқанда ол сауда-саттыққа, сыйға беру, кепілдікке, басқа да заңды мемілелер объектісіболып табылады. Қазіргі кезде мемлекетімізде жүргізіліп жатқан нарықтық реформа жағдайында жер заңдарын бұзушылықтар болуы мүмкін. Жер заңдылығын дәл және толық орындалуын қамтамасыз ету өте қиын. ҚР жер заңы жерлерді тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, олардың тиімділігін арттыруға жағдай жасайды, ұйымдар, мекемелер және азаматтардың құқықтарын және мүдделерін қорғайды, жер катынастары саласында заңдылықты күшейтеді. Жерге орналастыру қызметіне барлық жеке және заңды тұлғалардың, жерді қорғау және дұрыс пайдалану мәселелері бойынша заңдарды, қаулыларды, бұйрықтарды сақтауға бақылауды жузеге асыру жүктеледі. Жерді пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын, жерге орналастыру қызметінің лауазымды тұлғаларына, мынадай құқықтар берілген: жерді қорғау және дұрыс пайдалану бойынша жер пайдаланушылар мен жер иелеріне кеңес беру, азаматтық, жер-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке жер заңдарын бұзушыларлықтар үшін материалдар толтыру, ал кей жағдайларда өздері ұсыныстар беру және айып- пұл салу. Бұл міндеттерді орындау үшін тек жерге орналастыру және жер кадастры саласы бойынша ғана емес, сонымен қатар құқықтың әртүрлі саласында: жер, азаматтық, еңбек, әкімшілік, қылмыстық және т. б. бойынша жақты дайындалған мамандар қажет. Бұл оқулық алғаш рет дайындалып отыр, өйткені "Жерді қорғауға және пайдалануға мемлекеттік бақылау" пәні мамандар дайындау үшін оқу бағдарламасына жақында енгізіліп oтыp. Бұл оқулықты жерге орналастыру профилінің мамандарына және білімгерлеріне тәжірибелік көмегі тиер деген үміттеміз. 1. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау ұғымы мен мазмұны Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау дегеніміз, Жерді тиімді пайдалану жүйесі табиғатты корғау, ресурстарды сақтау сипатында болуы керек, және топырақ қорғауды ескере отырып,өсімдік және жануарлар әлемін тиімді пайдалану, тау жыныстары мен басқа да қоршаған орта компоненттеріне тepic әсерді шектеуді қамтамасыз етеді. Жерді қорғау алқаптарға, олардың зоналық және аймақтық ерекшеліктерінескере отырып, күрделі табиғи топтарға кешенді шаралар қолдану жолымен жүргізіледі. Сонымен қатар жерді қорғау құқықтык, экономикалық, технологиялық және басқа да қоршаған табиғи ортаның бөлігі ретінде жерді қорғауға бағытталған жерді тиімді пайдалануға, жердің ауылшаруашылық және орман шаруашылық айналымынан себепсіз алынуын токтату, және де топырақ құнарлығын қалпына келтіру және жоғарылату жүйелерін енгізеді. Жерді пайдалануда мемлекеттікбақылау жер иелері мен жер пайдаланушылардың,өзара жерді дұрыс бөлмеуі салдарынан және кәсіпорындар мен ұйымдардың лауазымды тұлғалардың және жеке тұлғалардың берілгенжерлерді пайдалану міндеттерін бұзған болса, оны анықтап, жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді. Жерді қорғау жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылардьң бірқатар міндеттерін орындау жолымен атқарылатын ic-шаралар бойынша жүзеге асырылады. Бұндай міндеттерге заңға қатысты мыналар жатады: 1) Топырақ құнарлығын қалпына келтіру жене жоғарылату, сонымен қатap жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру; 2) Жерді су және жел эрозияларынан, селден, су басудан, тұзданудан, сортаңданудан, құрғап кетуден, өндірiс қалдьқтарымен ластанудан, химиялық және радиоактивті заттармен бүлінуден, сондай-ақ жердің басқа да процестермен бұзылуынан сақтау; 3) Бұзылған жерлерді қалпына келтіру, олардың құнарлығын жоғарылату және шаруашылық айналымға уақтылы енгізу; 4) Ауылшаруашылық жерлерін карантинді зиянкестерден және өсімдік ауруларынан, арам шөп, бұталар өciп кетуден, және басқа да жер жағдайының төмендеп кетуінен сақтау: 5) Жерді бұзылуына байпанысты, жүргізілетін жұмыстар арқылы топырақтың құнарлы қабатын пайдалану және сақтау. Мемлекет жер пайдаланушылар мен жер иелерін топырақ құнарлығын жоғарылататын тиімді шараларды жүргізуге, ұйымдастыру-шаруашылық іс-шараларын жүзеге асыруға, топырақ құнарлығына кері әсерін тигізетін процестерді болдырмаумақсатында агротехникалық орман мелиоративтік және гидротехникалық шараларды қолдануға, топырақтың су, жел және ирригациялық эрозияларын және батпақтануды, тұздануын, құрғап кетуін және басқа да жердің жағдайын төмендететін процесстердің болдырмауын міндеттейді. Бұзылған ауылшаруашылық алқаптарының топырақ кұнарлығын қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда, жердің химиялық және радиоактивті заттармен бүлінуін белгіленген шектеулі нормадан асып кетсе, өндіріс қалдьқтарымен, қалдық сулармен ластанса, сонымен қатар өсімдік ауруларымен және карантинді зиянкестермен зақымданған жағдайда заңмен жер консервациясы қарастырылады. Жерді қорғаудың неізгі мақсаттарына мыналар жатады: 1) өндіріске экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу және 2) Тозған немесе бүлінген жерлерді жақсарту мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету; 3) Жерді ұтымды пайдаланудың экологиялық нормативтерін тәжірибеге eнгiзy; Жерді пайдалану және қорғауға мемлекеттік бақылау объекті болып Қазақстан Республикасының барлық жер қоры жатады. Барлық жерлер келесі санаттарға бөлінеді: 1) ауылшаруашылық мақсатындағы жер; 2) елді мекендердің (қалалардың, поселкелер мен ауылдық елді-мекендердің) жері; 3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауылшаруашылық мақсатына арналмаған жер; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы,рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер; 5) орман қорының жері; 6) су қорының жері; 7) босалқы жер. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау су-бъектілеріне мыналар жатады: 1) мемлекеттік органдар жене лауазымды тұлғалар; 2) заңды тұлғалар; 3) жеке тұлғалар (азаматтар). ^ Жерді пайдалану мен қорғауға, жер заңнамасын сақтауға мемлекеттік бақылауды жерді иеленушілер мен пайдаланушылардан басқа,үкіметтің жергілікті атқарушы органдары, жер ресурстарын басқарудың атқарушы органдары жене басқа да өкілетті органдар жүзеге асырады. Мемлекеттік бақылаудьң функцияларын негізінен жерге орналастырушы органдар, атап айтқанда жерді пайдалану мен қорғау бойынша мемлекеттік инспекторлар орындайды. Оларға көмек ретінде қоғамдық инспекторлар болуы мүмкін. Қоғамдық инспекторлардың міндеттері, функциялары және құқықтары негізінен мемлекеттік инспекторлардың міндеттерімен және құқықтарымен пара-пар. Қоғамдық инспекторлар әдетте ауылшаруашылық мамандары санынан кәсіпорын, ұйым және мекеме ұжымдарымен немесе ауылшаруашылық өндірісін жақсы білетін тұлғаларды ұсынады. 2. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылаудың мақсаты, міндеттері, түрлері және әдістері.
Мемлекеттікбақылаудың нeriзгi мақсаты - жер пайдаланудың және меншік құқықтарының барлық субъектілерінің жерді қорғауына және тиімді пайдалануына қол жеткізу. Жер ауыл шаруашылығында нeгiзгi өндіріс құралы болып саналады. Ауыл шаруашылық өндірісті жүргізу үшінжердің кез-келген түрін емес, тек сапасы, топырақтың құнарлығы жоғары жерлер ғана болады. Жердің ауыл шаруашылығы к;ажеттілігі үшін жарамдылығы жер кадастр мәліметтерімен анықталады, жерді бағалау жұмыстарымен, топырақ мәліметтерімен, геоботаникалық, гидромелиоративтік, агроэкономикалық және басқада зертт- еулермен, іздестірулермен анықталады. Арнайы қорғауға ауыл шаруашылығы алқаптары, әcipeceсуарм-алы жане жыртылған жерлер алынады. Мұндай жерлерді ауыл шаруашылығы емес өндірісіне пайдалану тек ерекше жағдайларда ғана іске асады. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізуде жалпы міндеттер сияқты жеке міндеттер де орындалады. Жалпы міндеттерарасынан келесі міндеттерді бөлуге болады: 1) министрліктердің, ведомоствалардың, сондай-ақ барлық заңды тұлғалардың, азаматтардың іске асырылып жатқан жер заңын сақтауларына қол жеткізу. Заңды тұлғаларға мемлекеттік, қоғамдық және кооперативтік ұйымдар, мекемелер, сондай-ақ заңды тұлғаларға тән барлық белгілері бар ұйымдар жатады, ал жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдіктер,сондай- ақ құқық қабілеттілігі бар деп танылған азаматтыры жоқ тұлғаларжатады; 2) уақытша немесе тұрақты жер пайдалану құқығын және жеке меншікке жер беру тәртібін қамтамасыз ету; 3) жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығына бақылау жасау; 1)жерге орналастыруды жүргізудің дұрыстығын қамтамасыз ету. Мемлекеттік бакылауды жургізудегіжалпы міндеттербүкіл жер бетінің территориясына таралады, яғни жер учаскелері, сондай-ақ сумен, орманмен жабылған жер учаскелері, жер бетінде және жер қойнауында пайдалы қазбалары бар жер учаскелеріне де таралады. Жерді пайдалану мен қорғауға, жер қойнауына, суға және ормандарға мемлекеттік бақылаудың негізгі міндеті бұл барлық; министерліктердің, ведомостволардың, кәсіпорын, ұйым,мекеме, қоғамдық мемлекеттік комитеттердің және азаматтардың бекітілген заң тәртібін сақтауын, мемлекеттік кадастрды жүргізу тәртібін, жерді қорғау тәртібін, бекітілген жерге, суға, тауға және орманға қатысты заңдар тәртібін сақтауды қамтамасыз ету. Жалпы міндеттермен қатар табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылаудың табиғи объекттер спецификасымен қамтылған бip қатар ерекшеліктері бар. Жерді пайдалану мен қорғауға бақылау жүргізетін органдарға байланысты, бақылау түрі екіге бөлінеді: 1. Мемлекеттік. 2. Қоғамдьқ. Мемлекеттік бақылау мемлекеттік атқарушы басқару органдарымен, арнайы бақылау органдарымен, яғни заңның орындалуын бақылайтын барлық органдармен және де арнайы ведомостволық қызмет органдарымен жүргізіледі. Коғамдык, бақылау белгілі тұлғалардың өздерінің негізгі еңбек міндеттерінің үстіне үстеме жұмыс ретінде қоғамдық бастамалармен жүргізіледі. Екі жағдайда да құқықтары бірдей және міндетті түрде орындалуы керек. Жұмыс спецификасы мен мазмұнына қарай, сондай-ақ қойылатын міндеттерге байланысты бақылаудың 3 турі бар. Олар: 1.уақытша 2.қазіргі 3. кейінгі Алғашқы бақылауға тән мысал, жобалардың, экспертизасы, яғни дәлелденбеген және қолданылмаған шешімдерді болдырмау үшін ғылыми дәлелі кепілдемелер, нормалары бар жобалық шешімдердің сәйкестілігі. Қазіргі бақылаудың іс- әрекеттерінің, бірі авторлық қадағалау және жобаның жүзеге асуына бақылау жүргізу. Кейінгі бақылаудың ic-әрекеті ретінде жерді пайдалану анализін алуға болады. Жұмыс көлемі мен бақылауға қамтылған территорияларға байланысты келесі бақылау түрлерін атап айтуға болады: 1) жалпы мемлекеттік 2) ведомостволық 3) Ішкі шаруашылық Жалпы мемлекеттік бақылау мемлекеттік шаралар және мемлекет бақылау органдарының құжаттамаларының формалары мен мазмуны, оны жургізу тәртібін және міндетін, мазмұндарын анықтайды. Бұл тәртіп мемлекеттің барлық территориясында міндетті түрде орындалады және барлық жерлерді қамтиды. Мемлкеттік бақылауды жургізгенде ведомостволық бақылауды жүргізу қажеттілігі туындайды. Олар өзара байланысты, бірақ ведомостволық бақылау нақтылы ведомоствоның немесе министрліктің барлық жерлері бар объекттерімен ерекшеленеді. Ведомостволық бақылау халық шаруашылығының нақтылы саласы бойынша мәліметтерді ұсынады. Ішкі шаруашылық бақылау нақтылы жер пайдаланушылар жер иеленушілердің территорияларымен ғана шектеледі, өндірістің негізгі құралы ретінде жердің шаруашылыққорын ашып, айқындайды, сонымен қатар, қазіргі жер заңдарын бұзатын нақты фактілерді ашады. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жургізуде жалпы және арнайы элементтер бөлініп шығады. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау өзара міне-здемелері бойынша өзгешеленеді. Осы белгсі бойынша сыртқы және ішкі бақылау болып бөлінеді. Сыртқы бақылау өкіметтің жалпы мемлекеттік органдарымен және басқармаларымен іске асырылады, ал ішкі бакқылау жер иеленуші мен жер пайдаланушылардың өздерімен жүзеге асырылуы мүмкін, сонымен қатар халық шаруашылығының нақты саласымен немесе ведомоство деңгейіне, соның ішінде осылардың өкілдерімен жүргзілуі мүмкін. Бұл бақылауда мемлекеттік бақылау үшін қажет мәліметтердің барлығы бар және шаруашылықтың, нақтылы ведомоствоның міндет тапсырмаларын шешу үшін сұрақтарды қарастырады. Бұл сұрақтар жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыратын органдармен келісілген болуы керек. Мәліметтердің толықтығына бақылаудың сипаттамасы бойынша бақылауды 2 түрге бөлуге болады: бірыңғай және таңдалған. Бірыңғай бақылауға бақыланатын территорияның барлығы, ал таңдалған бақылауға жер заңын сақтауға күдік туғызатын территория бөліктері ғана кіреді. Бірыңғай бақылауды әдетте, жерді пайдалану мен қорғау бойынша мемлекеттік инспекторлар алдағы уақыт кезеңіне арнайы өңдеп дайындалған график бойынша жүргізеді. Бірыңғай бақылауда жер заңын барлық элементтері мен параметрлері бойынша сақтауға жан-жақты бақылау жүргізіледі. Таңдалған бақылау территорияның бөлек бөлімдеріндегі жағдайларды түсіндіруге мүмкіндік тұғызады, бірақ оны дұрыс пайдаланғанда бүкіл территорияда еңбек шығымдылығы мен қосымша тәсілдер енгізбей-ақ жұмыс жағдайы туралы ұсыныс құруға болады. Таңдамалы бақылауды әдетте жоғарғы органдардың лауазымды адамдарыбарлық территория көлеміндегі мемлекеттік бақылаудың дұрыс қойылғандығын айқындау мақсатында жүргізіледі. Мемлекеттік бақылаудың уақыты мен үздіксіздік сипатына қарай үшке бөлуге болады: 1)үздіксіз (турақты) 2)оқтын- оқтын (мерзімді) 3)бip жолғы (бір уақтылы) Үздіксіз бақылау уақыт мерзімін белгілемей жүргізеді, яғни тұрақты түрде лауазымды адамдардың міндеттері шеңберіне кіретін арнайы органдармен жүргізіледі. Ол жер заңын бұзғаны туралы, жер сапасының жағдайы және жерді қорғау мен оларды тиімді пайдалану туралымәліметтер анализін алуға бағытталған. Үздіксіз бақылау заң бұзушылықты ескертуге қажетті шараларды уақтылы қолдануға, жер заңын орындамаған заң бұзушыны жауапқа тартуға мүмкіндік туғызады. Бір жолғы бақылау үлкен территорияларда жүргізіледі. Ол әдетте қазіргі жағдайдағы экономикалық, әлеуметтік және табиғи шарттарға байланысты туындайды. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау негізінен 2 әдісте жүргізіледі. 1) Визуальді- құралды 2) деректі Халық шаруашылығының салаларында жер түрлі мақсаттар үшін пайдаланылады және осыған сәйкес мемлекеттік бақылау жүргізіледі. Сонымен, жер-тұрғын, өндіріс ғимараттары мен құрылыс үшін, кәсіпорында ауыл шаруашылығы, орман шару-ашылығы ушін, көлік, денсаулық сақтау сияқты түрлі сипатта қолданылады. Өндірістің жеке салаларындағы сияқты, адамдардың қызмет сферасында да жердің маңызы әртүрлі. Сондықтан, жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау да әртүрлі болады. Егер жер жазық кеңістік базис ретінде пайдаланылса, онда алдымен оның өлшемдері мен орналасуы сипатталады. Ауыл және орман шару-ашылықтарында жер бұдан басқа өндіріс күші, өндірістің басты құралы болып табылады. Оның маңызды белгілері болып пайдалануымен сапалы жағдайы табылады, Осылайша, алқаптардың сапасы, топырақ жамылғысы, олардың қоректік заттармен қамтамасыз етілуі, мелиоративтік жағдайы және басқа да белгілері бойынша анықталады. Кәсіпорын жердің ең ipi тұтынушысы болып табылады, мұнда негізгі кәсіпорын ауданынан басқа, қайта құрулар мен келешекте кеңейту ушін жерлер алынады, подъезд жолдары мен коймалар үшін жерлер талап етіледі және арнайы зоналар бекітіледі. Пайдалы қазбаларды шығарғанда, топырақтың генетикалык, көкжиегі бұзылады. Құнды, бағалы алқаптар ауыл шаруашылығы айналымынан алынып тасталады. Территорияның маңызды көп бөлігі геологиялық жұмыстар жүргізгенде, скважиналарды бұрғылағанда ластанады.
3. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жузеге асырудағы органдар жүйесі Жерді пайдалануға мемлекеттікбақылау функциясы жердің иелері мен жер пайдаланушылар жағынан жерді пайдалану проц-есіне және ведомостволық органдар жағынан жерді басқару проц-eciнe бағытталған. Мемлекеттік жер басқармасының бacқa функцияларымен салыстырғанда бұл оның өзіндік ерекшелігі болып саналады. Мемлекеттік жер кадастры барлық жер пайдаланушыларға, жер иелеріне және жерді басдарудың ведомостволық органдарына таралады. Бақылау жер пайдалануды жузеге асыру мен ұйымдастырудың барлық формалары мен кезеңдерінен өту керек. Осы арқылы ол бақылауға алынған объектіге шаралар әсерін қажетті жағдайда және уақтылы қолдануға мүмкіндік береді. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттікбақылау мынадай мемлекеттікоргандармен жүзеге асырылады: 1. әкімшілік 2. сот 3. прокуратура 4. арнайы және ведомостволық Әкімшілік органдар заң шығарушы және атқарушы органдар Парламент маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, жер ресурстары мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты принциптер мен нормаларды бекітетін заңдар шығаруға құқылы. Үкімет заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік меншіктің соның ішінде табиғи ресурстардың басқаруын ұйымдастырады, сондай-ақ, министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің және басқа да орталық және атқарушы органдардың қызметіне басшылықжасайды. Жергілікті мемлекеттік басқару белгілі бip территориядағы жұмыстардың жағдайына жауапты жергілікті атқарушы және өкілетті органдармен жүзеге асырылады. Жергілікті өкілетті органдар-облыс, аудан, қала және басқа әкімшілік-территориялық бірліктерінің маслихаттары. Жергілікті атқарушы органдар ҚР атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және сәйкес облыс, қала, аудан және т. б. әкімдері басшылық етеді. Олар сәйкес территорияның даму қажеттілігімен және мүдделерімен байланыстыра атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді. Сот билігін сотта ic жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Сот жүйесін ҚР Жоғарғы соты және жергілікті соттар (облыстық,аудандық, қалалық) шешеді. Сот билігі ҚР атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың конституциясының заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. Жоғарғы Сот органы болып ҚР Жоғарғы соты болып табылады. Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында жарлықтарының және өзге де номативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл біркелкі қолданылуымен, жедел-іздестіру қызметінің,анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық ic жүргізудің заңдылығын жоғарғы қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез-келген бұзылуынан анықтау мен жою ретінде шаралар к,олданылады, сондай-ақ Республика Конституциясы және заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Ол өз өкілеттілігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Республика Президентіне ғана есеп береді. Республика Прокуратурасы төменгі прокурорларды жоғары тұрған Прокуратураларға және Республиканың Бас Прокурорына бағындыра отырып, бірыңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың, ведомстволык, жене арнайы органдарына табиғатты қорғау және жерге орналастыру қызметі органдары жатады. ҚР табиғатты қорғау бойынша органдар жүйесі биоресурстар мен экология министрлігімен және облыстық, аудандық, биоресурстар мен экология басқармасымен ұсынылады. ҚР табиғи ресурстар және экология минстрлігі және оның органдары өз кезегінде мемлекеттік бақылауды мынадай бөлімдерде жүзеге асырады: а) жерлерді ластанудан, өндіріс қалдырымен, химиялык, және б) биологиялық және химиялық залалсыздандыру, тасу, сақтау, пайдалану бойынша белгігенген ережелер мен нормаларды в) ерекше қорғауға алынған территориялар мен қорьқтардың г) жер учаскелерінің иелері мен жер пайдалану шылардың өндірістік табиғат қорғау технологияларын пайдалану, өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде экологиялык, жағдайдың ,төмендеуі мен қоршаған табиғи ортаға залалын тигізбеуді жобалау, орналастыру жене ғимарат, құрылыс және басқа да объектілердің е) жер учаскелерін иелері мен және жер пайдаланушылармен ж) топырақтың құнарлы қабатын алу, сақтау және пайдалану; з) пайдалы қазбалар немесе баска да процесстер үшін кәсіпорын запастарын өңдеуге босатылган жерлерді келешекте мақсатына сай пайдануға жарамды жағдайға келтіру; и) ластанған және ауыл шаруашылық айналымынан шыққан жерлер консервациясы, жер деградациясы және де топырактың құнарлы қабатын жоюды болдырмау бойынша шараларды орындау. ҚР Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметі мыналарға мемлекеттік санитарлы-эпидемиолгиялық бақылауды жүзеге асырады: а) белгіленген күзеттік, санитарлы-корғау, сауықтыру зоналарын жобалау және өндіріс қалдықтарымен, түрлі радиоактивті улы заттарды қайта өңдеу, пайдаланумен кәсіпорын объектілерді эксплуатациялау арқылы, жер учаскелерін пайдалану арқылы санитарлық заңдылықтарды сақтау; б) жерлердің паразиттік қоздырғыштар мен инфекциялы аурулармен ластануын болдырмау; в) ғимарат, құрылыс және басқа объектілерді қайта құруда, орналастыруда, жобалауда және эксплуатацияға енгізуде, сондай-ақ жер жағдайына ecкepiп тигізетін жаңа техника мен технологияларды енгізуде санитарлы-гигиеналық талаптарды сақтауын қамтамасыз ету. ҚР тұрғын және құрылыс министрлігі және олардың органдары өз кезегінде мына бөлімдерге мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады: а) архитектуралық құрылыстық құжат және архитектура б) құрылыс, қайта құру, қайта жөндеу, күрделі жөндеу жүргізуге в) көшелерге белгіленген қызыл сызық пен құрылым сызықтарын сақтау; г) жер учаскелерінін мазмұны, елді мекен территорялары мен олардың жүйелері бойынша белгіленген архитектуралық, құрылыстық талаптармен құжаттарды қамтамасыз ету; д) архитектуралық және мәдени, тарихи ескерткіштерді қорғау бойынша заңдылықтарды сақтау. ҚР су ресурстары комитеті және олардың бөлімшелері өз кезегінде мемлекеттік бақылауды мына бөлімдерде жүзеге асырады: а) су қорғау зоналарында жерді рационалды пайдалану және су қорғау шараларын, сондай-ақ суға зиянды әсерімен күрес шараларын кәсіпорындармен орындау; б) су қорғау зоналары мен жолақтарында жерді пайдалану режимін (тәртібін) сақтау; в) су объектілері жағдайына және олардың су корғау зоналарына әcepiн тигізетін объектілер, кәсіпорындар, құрылымдар салуды, гидротехникалық жұмыстарды өз еркімен жүргізуді болдырмау. Сонымен қатар, министрліктер мен ведомстволардан, олардың қарамағындағы мекемелер, ұйымдардың жерді пайдаланудың бекітлген тәртібін сақтау жауапкершілігі түспейд!. Жерге орналастыру қызметіне заң шығарушы және олардың атқарушы және басқарушы органдарымен мынадай құқықтар берілген: -жер учаскесіне жер иелерінің және жер пайдаланушылардың тұрақты және уақытша пайдалану құқықтарын растайтын құжаттарын тексеру; -пайдалануының нақты жағдайын айқындау үшін жерлерді зертт- еуді жүргізу; -жерді бөлу және беру жөніндегі төмен тұрған мемлекеттік органдардың жұмыстарын тексеру және бағыттап отыру; -жер заңдарын және жер пайдалану ережелерін бұзушылықты айқындау және тоқтату; -жер заңдарын бұзған тұлғаларды жауапкершілікке тарту. Жерге орналастыру к,ызметінің лауазымды адамдары мемлекеттік органдардың алдында, азаматтық, және басқа құрылыстарға, пайдалы қазбалар кендерін өңдеуге, агротехникалық, орман мелиоративтік,геологиялық зерттеу, іздестіру, геодезиялық және басқа жұмыстарды жүргізуге, егер олар жер заңдарын бұзатын, бекітілген жер пайдалану тәртібін бұзатын, және жойылуға, ластануға, топырақтың құнарлы к,абатының бүлінуіне, эрозияның дамуына, тұздануға, батпақтануға және басқа процестерге әкелетін болса, сонымен қатар егер жұмыстар экологиялық сараптамадан өтпеген жобалар бойынша жасалса, жұмыстардың тоқтатылуы туралы мәселе қоя алады немесе тоқтатады. Осылайша, жер ресурстарын басқару комитеті органдары, экология және табиғи ресурстар министрлігі, денсаулық сақтау басқармасы, тұрғын және құрылыс министрлігі, ҚРсу ресурстары бойынша комитеті: -өздерінің міндеттеріне сәйкес жерді пайдалану және қорғауға мемлекеттікбақылауды жүзеге асырады; -жердің сапасы жағдайының өзгеруінің сараптамасын және тексерудің ұйымдастырады; -жерді мақсатына сай пайдалануды сақтауын бақылауды іске асырады; -жер заңдарын бұзушылықтарды жою шараларын қолданады; -жерді пайдалану және қорғау мәселелері бойынша нормативті актілерді дайындауға қатысады; -одан арғы пайдалануы адам денсаулығына және өміріне қауіп төндіретін, күтпеген жағдайларға, апаттарға, табиғи ландшафттар мен тарихи-мәдени мұралардың жойылуына, су көздерінің және ауыл шаруашылық өнімдерінің ластануына әкеп соғатын ластанған және деградацияланған жерлерді консервациялау туралы ойлар қосады; -дала құрылысы және жерге орналастыру құжаттарын, сапалық жағдайын жақсарту шараларын жүргізілген, мелиорацияланған, рекультивацияланған, және басқа жерлерді қабылдау комиссиясының жұмысында, сонымен қатар жерді қорғау мақсатында құрылған объектілерді ұйғаруға қатысады.
4. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудағы негізгі нормативтік актілер
Біздің мемлекетімізде жер қатынастарын реттейтін нормативтік- құқықтық актілермен белгілі жер құқық тәртібі орнатылған. Бұл актілер мемлекет еркіндегі актілер, нормативтік мінездемеге (сипаттамаға) ие және көп ретті пайдаланымға есептелген. Сонымен қатар, бұл актілерді барлық заңды және жеке тұлғалар орындауға міндетті. Оньң орындалуын мемлекеттік органдар бақылап, мемлекет тарапынан ұйымдастырушылық және материалдық жағынан қамтамасыз етіледі. Бірақ жер қатынастарын реттейтін және жерді пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын құқықтық нормалар жер туралы нормативтік актілерде ғана емес, құқықтың басқа да салала-рында бар. Жерді пайдалану мен қо
|