![]() |
Тексеру тестері.Date: 2014-03-13; view: 1189. 1. Жерді қорғау мен пайдалануға мемлекеттік бақылау дегеніміз не? а) мемлекеттік бақылау жерді қорғау және тиімді пайдалану б) мемлекеттікбақылау бұл жерді қорғау және пайдалануды, табиғи ландшафттарды жақсарту және қолайлы экологиялық ортаны ұйымдастыру бойынша шаралар жүйесі. в) мемлекеттікбақылау-жерлердің табиғи, шаруашылықтық және құқықтық мәліметтерінің жиынтығы.
2. Жерді қорғау және пайдалануға мемлекетік бақылаудың міндеттері: а) міндеттері жалпы және жеке; б) негізгі міндеттері: жер заңдарын барлығының сақтауын, жерді в) жерді тиімді пайдалану, өсірілген өнімдерді өз еркімен пайдалану, басқа жер иелерінің және жер пайдаланушылардың 3. Жерді қорғау және пайдалануға мемлекеттік бақылаудың мақсаты: а) жерді қорғау және тиімді пайдалану; б) жер заңдарын бұзғаны үшін кінәлілерді жазалау; в) жерді тиімді пайдалану бойынша құқықтарды, құжаттарды тағайындау.
4. Жерді қорғау және пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге а) мемлекеттік емес органдар және жерге орналастыру қызметі; б) әкімшілік органдар, соттар, прокуратура және арнайы ведомо- в) жер ресурстарын басқарудың қалалық, облыстық, аудандық, 5. Жерді қорғау және пайдалануда мемлекеттік бақылаудьң мазмұны: а) біріңғай және таңдалған; б) жүйелік, оқтын-оқтын, біp уақтылы; в) визуалды, құралды, құжаттылы.
6. Жерді қорғау және пайдалануға мемлекеттік бақылау объектісі: а) жер корының барлық жер санаттары. б) колхоздар, кооперативтер, серіктестіктер және басқа ауылшаруашылық ұйымдар, мекемелер; в) ауылшаруашылығына арналған жерлер, елді мекен жерлері, 7. Жерді қорғау және пайдалануға мемлекеттік бақылаудың а) мемлекеттік және қоғамдық; б) жалпы және арнайы; в) алғашқы, қазіргі, кейінгі;
5. Жерге орналастыру қызметінің жерге мемлекеттік бақылауды жүргізудегі және жерді пайдаланудағы рөлі мен функциялары. 5.1. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудағы жерге орналастыру қызметінің рөлі мен міндеті.
Арнайы орган құзыретімен жерді пайдалану мен қорғауға мем-лекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы ережеге сәйкес, ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің жерге орналастыру қызметі бар-лық жерді пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Жерді дұрыс пайдалану мен қорғауға байланысты сұрақтар бойын-ша ауыл шаруашылық министрлігінің бұйрық, жарлық және нұсқауларының барлығын ұйым, мекеме, кәсіпорын және азамат-тардың бәрі орындауға міндетті. Жерге орналастыру қызметінің алдында бірінші кезекте бағалы, сапалы және өнімді жерлерді сақтап қалу міндеті тұр. Кей-де басқа жер пайдаланушылар ауыл шаруашылығына арналған жерлерге жерді сақтау үшін қажетті қамқор көрсетпейді, жеке шаруашылық құрылыс қажеттілігі үшін өнімді алқаптарды пайдаланады, эрозияға қарсы шараларды көбінесе жүргізбейді, агротехникалық кепілдемелерді толық орындамайды, ауыспалы eгіc орналастырмайды, ал кейде азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жергілікті орындаушы биліктен бөлінген жерлер тіпті пайдаланылмай қалады. Жер пайдаланушылар мен жер иелерінің негізгі міндеті - жерді рационалды және мақсатқа сай пайдалануда - жерге орналастыру маңызды бағаланбас роль атқарады. Жерге орналастыру шаралары шаруашылық механизмінің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол жерді қорғау мен жақсарту, рационалды пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Жерге орналастыру жоғарыда аталған тапсырмаларды бір-бірінен ұзақтығымен, оларды құру әдістерімен ерекшелетін түрлі жобалар, схемаларды, болжамдарды құру жолымен шешіледі. ҚРбарльқ жерге орналастыру жұмыстары МемҒӨО жүйесінде жерге орналастыру бойынша мемлекеттік жобалау институттарымен жүргізіледі. Сондай-ақ стационарлы жерге орналастыру қызметімен жүргізіледі. Жерге орналастыру қызметі аудан, қала, облыстың бас маман-дарының басқаруымен жер ресурстарын басқару комитеті жүйесінен құралады және ҚP ауыл шаруашылық министлігінің құрамына кіреді. Бұл органдар біздің мемлекетімізде жер ресурстарын басқарудың негізгі атқарушы органдары болып табылады. Жер ресурстарын басқару комитеті мемлекеттік кәсіпорындарға қарағанда мемлекеттік меншік құқығының субъектісі функцияларын және мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асырады. Қазіргі кезде жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу тікелей жер реформасын жүргізумен және мемлекеттің нарықтық қатынасқа түсуімен байланысты. ҚР жер заңында жерді тиімді және рацио-налды пайдалануға, оны қиратушы апат әрекеттерінен қорғауға көпмән беріледі. Осыған байланысты жерге орналастырудың маңызы артады. Жерге орналастыру қызметінің органдары жерді ведомстволық басқару органдарының ішінде ерекше орын алады. Олар жер қорын жалпы басқарудың функцияларын жүзеге асырады. Жерге орналастыруға жерді экономикалық, құқықтық және биологиялық қорғау, жерді пайдалану мен қорғауға күнделікті бақылау және бағалау бас табиғи ресурс ретінде қайта өндіру жіктелген. Жерге орналастырудың тұрақты міндеттері болып мыналар табылады: жерді есепке алу және бағалау, салалар арасында жерді бөліп беру, мемлекет масштабында шаруашылық жүргізудің өлшемдері мен оптималды формаларын құру. Жерге орналастырудың барлық шараларын мазмұны мен нәтижелеріне қарай 2-ге бөлуге болады: 1. Жерді қорғау, есепке алу мен бағалау неізінде олардың халық шаруашылығында пайдалануына бақылау; 2.... Жерге орналастырудың қазіргі формаларына бейімделу және жаңа формаларын құру.
5. 2. Жер ресурстарын басқару функцияларын басқару бойынша комитет қызметін ұйымдастыру және олардың негізгі функциялары.
ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің жер ресурстарын басқару комитеті ҚР-ғы жер ресурстарын басқарудың мемлекеттік органы және топографо-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Комитет құрамына енетін жер ресурстарын басқарудың облыстық, қалалық және аудандық комитеттерімен бірге, сондай-ақ геодезиялық және жерге орналастыру профилінің кәсіпорындарымен бірге ҚР жер ресурстарын басқару бойынша бірыңғай мемлекеттік жүйе құрады. Облыс, қала, аудандардағы жер ресурстарын басқару комитеті ҚР ауылшаруашылық министрлігініңжер ресурстарын басқару комитетінің территориалды (аймақтық) органдары болып табылады. Комитет заңды тұлға болып табылады. Комитеттінің ҚР мемлекеттік бюджеттік банкісінде бюджеттікжәне ағымдағы есеп-шоты және де мүлкі, ҚРелтаңбасы белгіленген мөрі бар. Комитет 93 қызметінде мынадай міндеттерді орындайды: - жер ресурстарын басқару және жер қатынастарын реттеу облысында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу; - жер реформасы бойынша жұмыстарды орындауды ұйымдастыру; - жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылаудыжүзеге асыру: -геодезиялық, аэрокосмостық, топографиялық және картографиялықжұмыстарда стандарттау және инженерлік жаб-дықтауда бірыңғай ғылыми -- техникалық саясатты жүзеге асыру; -жерді рационалды пайдалануүшін әлеуметтік- экономикалық және ұйымдастыру шаруашылық шарттарын құру; -жерге орналастыруды жүргізу, мемлекеттік жер кадастрын және жер мониторингін жүргізу; -жерді зоналау және сәйкес құжаттарды безендіре отырып, жер учаскелерінің шекараларын бекіту; -топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың координациясы және басқармасы, геодезиялық бақылау және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік геодезиялық торлардың дамуы; -жер нарығының дамуына және жер пайдаланушылық құқықтарының дамуына, және де жер реформасын жүзеге асырудағы шараларды жүргізуге ықпал ету; - жер ресурстарын басқару,жер қатынастарын реттеу , жерге орналастыру, топография-геодезиялық картографиялық және осыған байланысты жұмыстар бойынша заң және нормативтік – құқықтық актілерін өңдеу. Комитет жер қатынастарын реттеуде жерді пайдалануда және қорғауда, жер реформасын жүргізу мәселелері бойынша ҚР орталық және жергілікті атқарушы органдарымен бірге өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Комитеттің міндетіне жер мониторингі мен жер кадастрын ұйымдастыру және жүргізу және де ҚРжер ресурстарының жағдайы туралы көрсеткіштер банкісін құру кіреді. Комитет жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізуде құрылыс, реконструкция, яғни ауыл шаруашылық емес объектілердіқайта өңдеу және ішкі шаруашылық құрылыс кезінде жер заңдылығын бұзушылықты жою шараларын қабылдайды. Осы мақсатта Комитет жыл сайын жерді категорияларға, алқаптарға, жер учаскесінің меншік иелеріне және жерді пайдалану туралы республикалық есеп берулер құрады. Жер ресурстарын басқару Комитеті мыналарды ұйымдастырып жүзеге асырады: - жер заңдылығын бұзып пайдаланудыжәне пайдаланбауды айқындау жерді рационалды пайдалану мен қорғау бөлігінде республикалық, облыстық, аудандык, бағдарламалар, схемалар және жобалардың экспертизасын; - жер реформасын жүргізу мақсатында республикалық мағынаға ие ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкциялық, жобалау-іздестіру жұмыстарын заказ берушінің функцияларын; -жерге орналастыру бойынша жұмыстардың өндірістік бөлімше күштерін, сондай-ақ топография-геодезиялық, картографиялық, топырақ, агрохимиялық, геоботаникалық және басқа да зерттеу және іздестіру жұмыстарын; -жерді тұрақты пайдалану құқығына, жер учаскесінің меншік құқығына актілерді дайындау және тапсыруды; -әкімшілік-территориялық бірлік шекарасын техникалық безендіруді; - жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттікбақылауды. Комитет өз құзыреті шегінде мынадай құқықтарға ие: -жерді пайдалану мен қорғау сұрақтары бойынша жер учаскесінің, меншік иелері мен жер пайдаланушыдан ақпараттар алып отыру; -құрылыс жұмыстарын тоқтату немесе жер пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныстар енгізуге, жерді жақсарту мен иелену шараларын жүргізуге, егер осы жағдайда жер заңдылығы бұзылатын болса; - жер қатынастарын реттеу сұрақтары бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілерін тоқтату туралы ұсыныстар беруге, жерге орналастыруды жүргізуге; - топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды толық тоқтатуға ықпал ететін шараларды пайдалануға; - сот органдарында талапкер (сотқа арыз беруші) ретінде шығу. Жер ресурстарын басқару комитетін төраға басқарады. Оны ауыл шаруашылық министрлігінің ұсынысы бойынша ҚР Үкіметі қызметке тағайындап және алып тастай алады. Ал төраға орынбасарын қызметіне комитет төрағасының ұсынысымен Ауыл шаруашылығы министрлігі тағайындап, босата алады. Төраға Комитеттің басқару жұмыстарын ұйымдастырып, жүзеге асырады және де берілген тапсырмалардың орындалуына жауапкершілік алады. Ғылыми-техникалық сұрақтарды қарастыру үшін ғылыми-техникалық Кеңес құрылады, оның құрамын Комитет төрағасы тағайындайды. Комитет жұмысында оның төрағасы: -орынбасары мен Комитеттің құрылымдык, бөлімшесінің жетек-шіліктерінің міндеттері мен жауапкершілік дәрежесін анықтайды; - Комитет жұмысшыларын тағайындап,қызметтерінен босата алады Тәртіптік сөгістер береді, бұйрықтар шығарады, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Комитеттіңатынан жұмыс жасайды; -құрылымдық бөлімшелержәне оның территориялық органдары туралы тәртіптерді бекітеді. 5. 3. Жерді пайдалануға бақылауды жүзеге асыратын жерге орналастыру қызметінің жұмысшыларының құқықтары және міндеттері
Жерді қopғayға және пайдалануға мемлекеттік бақылауды жергілікті атқарушы органдар, жер ресурстарын басқарудың атқарушы органдары, табиғатты қоргау және басқа да өкілетті органдар үкіметтіңжергілікті атқарушы органдарымен өзара әреке-ттесе жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органдарымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жер инспекциялары кқұрылуы мумкін. Инспекциялар жұмыстарын методикальқ басқаруды жер ресурстарын баскдрудың ҚРКомитеті жүзеге асырады. ҚР жерлерін қоргау және пайдалануға басмемлекеттік инспектор болып ҚРжер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы табылады, ал төраға орынбасарлары және мемлекеттік жер инспекциясының бастығы ҚР жерді қорғау және пайдалану бойынша бас мемлекеттік инспектор орынбасары. Жер ресурстарын басқару бойынша облыстық, қалалық, аудандық комитеттердің төрағалары жерді қорғау және пайдалану бойынша, сәйкес әкімшілік-территориялық бірліктердің мемлекеттік инспекторы болып табылады. ҚР мемлекеттікбақылауды жүзеге асыру және ұйымдастыруға, ҚР жерлерін қоргау және пайдалану бойынша бас мемлекеттік инспектор және оның орынбасарлары арнаулы жауапты, ал тиісті әкімшілік-территориялық бірліктің (облыс, қала, аудан) жерлерін қоргау және пайдалану бойынша мемлекеттік инспекторлар - осы бірл!іктер шегінде ғана жауапты. Жер ресурстарын басқару комитеттерінің төрағалары органдарының (өкімдер) келісімімен ҚРжерлерін қорғау және пайдалану бойынша бас мемлекеттік инспектор. ҚРжер ресурстарын басқару бойынша комитеттің орталық ап-паратының мамандары және лауазымды адамдары, сонымен қатар мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру міндеті жүктелген олардың территориялық органдары, жерді қорғау және пайдалану бойынша мемлекеттікинспектор болып табылады. Жерді қорғау және пайдалану бойынша мемлекеттікинспек- торлар өздерінің міндеттерінің шегінде мынадай құқытарға ие: а) жер-құқықтық тәртіптік, материалдық жәнеқылмыстық жауапкершіліккекінәлі тұлғаларды тарту бойынша мәселелерді шешу үшін сәйкес органдарға жер заңдарын бұзушылық туралы мәліметтерді жіберу; б) жер заңдарын бұзушылық туралы актілер құру және әкімшілік жауапкершілікке кінәлілерді тарту және осы мақсатта протоколдар толтыру; в) жерді қорғау және пайдайануғабақылау мақсаты үшін, қызметтік г) жер заңдарын бұзушылықтарды жою және жерді қорғау д)жер пайдаланушылар және жер иелерінің жер учаскелерінен бас тартуы, жерді ұзақ уақыт пайдаланбауы, көшіп кету жағдайларында,иесі жоқ мүлік ретінде жер учаскелерін есепке алу; е) үш не одан да көп жыл ішінде, ауыл шаруашылығы өндірісіне, з) сәйкес органдарға, құрылыс жұмыстарын, пайдалы қазбаларды қайта өңдеуді, агротехникалық, орман мелиоративтік іздестіру, геодезиялық және басқа да жұмыстарды тоқтату туралы ұсыныстар беру, егер: -жер заңдары бұзылатын болса; -жер пайдалану тәртібі сақталмаған жағдайда топырақтың құнарлы қабаты бүлініп және ластанса; -эрозия процестері дамыған, тұзданған, батпақтанған және басқа да топырақтың құнарлығын төмендеткен жағдайда; -жасалатын жұмыстар жобалары экологиялық сараптамадан өтпесе. и) объектілер құрылысы, жер мелиорациясы жобаларының, және жердің ауыл шаруашылық айналымнаналынатын жобаларының сараптамаларына қатысу; к) барлық жер пайдаланушылардан және жер иелерінен, жерді қорғау және пайдалану мәселелері бойынша құжаттар мен мәліметтерді талап ету; л) жер заңдарын бұзу нәтижесінде, келтірілген зиянның орнын келтіруді сотта талап ету. Стационарлы жерге орналастыру қызмет жұмысшылары, оларға жүктелген жұмыстарды орындау барысында, белгілі бір міндеттер жүктеледі.Олардың қатарына мыналар жатады: 1) мемлекеттік жер кадастрын және жер мониторингін 2) ҚР жерлерінің жағдайы туралы мәліметтер құру 3) жерді қорғау және пайдалануға мемлекеттікбақылауды уақтылы 4) жер заңдарын бұзушылқтарды жою шараларын уақтылы қолдану; 5) жердің көлемі және оларды санаттарға, алаптарға, жер иелеріне және жер пайдаланушыларға бөлу, жерді қорғау және пайдалануға мемлекеттік бақылау, бүлінген жерлерді рекультивациялау, топырақтарды құнарлы қабатын пайдалану және алу туралы жылдық есеп көрсету 6) жерге меншік құқығын, жерді тұрақты немесе уақытша 7) жерге ақыны бекіту туралы ұсыныстарды өңдеу; 8) жерді қорғау және тиімді пайдалану жобаларының және схемаларын аудандық, республикалық, облыстық,аймақтық, аудандық бағдарламаларын,қабылдауға және сараптауға қатысу; 9) әртүрлі мақсатпен жер инвентаризациясын жүргізу және жүргізуге қатысуды ұйымдастыру. Осылайша, жерді пайдалануға мемлекеттік бақылауды жер пайдаланушылықтар және жер иелері арасында жерді дұрыс бөлмеу нәтижесінде болған кері әсерлерді немесе оларды жер ресурстарын дұрыс пайдаланбауды жою және айқындауға, сонымен қатар ұйымдарды, мекемелерді лауазымды адамдарын және азама-ттарды, оларға немесе олардың көршілеріне берілген жерлерді қорғау және пайдалану міндеттерін бұзғандары үшін жауапқа тартуға мумкіндік береді. Мемлекеттк бақылауды, жерді зерттеу барысында, оларды инвентаризациясы кезінде, жер заңдарын сақтауды тексеру, жерлерді пайдалану бойынша схемалар және жобаларды тексеру, жер кадастрын және жер мониторингін жүргізу кезінде іске асырылады. Жоғарыда келтірілген жұмыстар жерге орналастыру қызметінің жұмысшыларының орындау және тікелей қатысуымен жүргізіледі, және жер ресурстарын дурыс пайдалану оларды қорғалуы және 61-;Я|]Д мемлекеттің барлық халқының мүддесіндегі марынасы істелген жұмыстардың сапасына, сонымен қатар сенімділігіне, оларды орындаушылардың адалдығына, білімділігіне тәуелді. Жерді қорғау және пайдалану бойынша мемлекеттік инсп-екторлар кадырында, жер заңдарын бұзушылықтардың шынында жойылуын және барлық жер пайдаланушылармен жер учаскесі иелерінің жерді қорғау және пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушы лауазымды тұлғалардың тапсырмаларын орындау ды бак,ы лайды. өзін- өзі тексеру үшін тесттер. 1. (Сіздердің аудандарыңыздың жерге орналастыру органдарын атаңыз: а) аудандық; әкімшілік; б) ауданының жер ресурстарын басқару бойынша аудандық комитеті; в) табиғи ресурстар және экологияның, аудандық басқармасы. 2. Аудандық жер пайдалану және қорғау бойынша мемлекеттік инспекторларының дудыгын т!з!п берщ!з. а) жер заңдарын сақтауды тексеру үшін барлық жерлерге ешкедергісіз кіру; агротехникалық және орман мелиоративтік жұмыстарды тоқтату; жер құнарлығыньң төмендеген жағдайда, б) жер заңдарын бұзушылықтар және қолданылатын шаралар туралы есеп беру; жер пайдаланушылықтарды бақылау. в) жерді Бөлу, алу мәселелері бойынша аудан ек1”ин1д шешімдерінің жобаларын дайындау; жердің көлемі және сапасы және олардың барасы туралы есеп жүргізу. 3. Жерге орналастыру қызметінің құрамы: а) бұл жер ресурстарын басқарудың қалалык„ аудандық, облыс тық комитеттері; б) жерге орналастыру қызметі жер ресурстарын басқару комитеттерімен (республикалық, облыстық, аудандық және қалалық), жерге орналастыру бойынша жобалық ғылыми- зерттеу институттарынан тұрады; в) бұдан жер ресурстарын басқарудың аудандық комитеттері және 4. Аудандық жерді қорғау және пайдалану бойынша мемлекеттік инспекторлардың орнында болғанда не істер едідіз? Егер, иЖұлдыз" ауыл шаруашылық мекемесінің территориясында жер а) аудан әкіміне "Жұлдыз" ұжымдық мекемесінің жер пайдалану құқығынан айыру туралы ұсыныс айтамын; б) барлық, құжаттарды толтырып жер пайдалану құқығынан айыру в) ауыл шаруашылығына келтірілген зиянның көлемін анықтап, және сәйкес құжаттарды толтырып, "Жұлдыз" мекемесінің директорын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін мәліметтерді тергеу органдарына тапсырамын. 5. Аудандық жерге орналастыру қызметінің міндеттері: а) мемлекеттік және қоғамдық мұқтаждар үшін жерлерді бөлу және осы құқықтарды алдары тіркеумен, жерге құқықтар туралы құжаттарды толтыру мен беру; б) ауданда жер реформасын жүргізу, жер пайдалану ұйымдарының жоғарғы тиімді формаларының дамуы үшін жағдайлар жасау мақсатында жер пайдалану жүйесін қайта құру, ауданда кейін бөлу үшін арнайы жер қорын және босалқы жерлер құру; и) жер сапасының және көлемінің себебін жүргізу, сонымен қатар барлық жер пайдаланушыларды және жеке меншікке берілген жерлерді тіркеу. Дәріс 6. Жер заңнамасының бұзылу түрлері. Адамзат қоғамының тіршілік процестері жермен ажырамас байланыста болады. Өндірісті және өндірістік күшін дамытуда, соның ішінде халық шаруашылығының барлық туралы дамыту және орналастыру кезінде табиғатқа, ал ауыл және орман шаруашылығы үшін негізгi өндіріс құралы болып отырған жерге кері әcepiн тигізуде. Сондықтан ауылшаруашылығы өндірісінде жерді рационалды және ғылыми негізделген талаптар бойынша пайдалану өте маңызды. Топырақтың құнарлығы оның баға жетпес табиғи қасиеті, ол Республиканың даму стратегиясын орындау үшін, табиғатты қорғау мәселелері мен талаптарын экономикалық саясатқа енгізе отырып, ұлттық қайта құру экономикасын пайдалану қажет. Адамзат қоғамының барлық даму сатыларында непзгі өндіріс құралы ретінде жер маңызды табиғи ресурс болып келген және болады. Алайда жер заңын бұзу және немқұрайлы қарау фактілері әлі де азаймаған. Бірақ жерді құқықтың қорғау мен жер пайдалану және жерге меншік құқықтарын қорғау ұқсас болғанымен, оларды мазмұны арқылы ажырату қажет. Біріншісінде -- құқықтық қатынас объектіici ретінде тікелей жермен бipre оның элементтері және комплекстері құрастырылады, яғни табиғатты қорғауға қатысты мәселелер, ал екіншісінде -- объект ретінде жерге меншік құқығы немесе жерді пайдалану құқығы жатады, яғни құқық қорғау объектілері. Мемлекеттік жерге меншік құқығын қорғауға тиісті қасиеттер, жерді табиғи дене ретінде қорғауға және керісінше ешқандай әсерін тигізбейді. Мысалы, жер учаскесін өз бетімен басып алу жерге меншік құқығын бұзудың ең күрделі түрі, бірак, ол барлық жағдайда жерді бүлдірумен байланысты болмайды,онда ол табиғат қорғау нормаларын бұзбауы мүмкін. Қазақстан Республикасының“Жер туралы* заңына сәйкес жер учаскесі меншік иелері мен жер пайдаланушылар топырақ өнімділігін көтеруге, өндірістің табиғатты қорғау технологиясын қолданып жерді қорғау шараларын жүзеге асыру, өзінің шаруашы- лық іс- әрекеттері нәтижесінде экономикалық; жағдайдың нашарлығы.
|