|
Алматы,2012Date: 2015-10-07; view: 1336. XX. Укажите дату (день, месяц, год) следующих событий XVIII. Установите соответствие
XIX. Расположите в хронологическом порядке: 1. Избрание М. Горбачева президентом СССР 2. Отставка М. Горбачева с поста президента СССР 3. Переизбрание М. Горбачева Генеральным секретарем ЦК КПСС 4. Избрание М. Горбачева на должность председателя Президиума Верховного Совета СССР
Жоспар Кіріспе..............................................................................1 Кеңес үкіметінің ыдырауы..................................................3 Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құрылуы..................16 Мемлекеттік тәуелсіздік туралы Заңның қабылдануы........26 Қорытынды........................................................................41 Пайдаланылған әдебиеттер................................................42
Кіріспе Кеңес Одағының жетпіс жыл бойы жүргізген саясаты сексенінші жылдардың орта кезінде шайқала бастады. Яғни, халық шаруашылығының экономикалық, саяси, әлеуметтік салаларында тек тоқталу, тоқырау ғана емес, сонымен қатар құлдырау да етек ала бастады. Алғашқы оның нышаны ретінде Кеңес Одағы коммунистік партиясының XXVII съезінде сол заман бас хатшысы болған М.С.Горбачев мырзаның баяндамасынан-ақ қоғамды қайта жаңартуға бет алған негізгі қағидалар белгіленді. Олар: қайта құру, демократия, жариялылық, көп пікір таластығы т.б. болатын. Одан кейінгі уақыттарда біздің ойымызша, Кеңес одағының ыдырауына негіз болған экономикалық себептермен қатар, саяси себептерде бар еді. Оған Қазақстанда 1986 жылдың желтоқсан айында Кеңес Одағы коммунистік партиясы саяси бюросының ел басшысы етіп Қазақстанда бұрын тұрмаған және халық салт-дәстүрінен хабары жоқ немесе аз Г. В. Колбин мырзаны тағайындауын, Таудағы Карабахтағы ұлт аралық шиеленісін немесе Балтика Республикаларының экономикалық және саяси тәуелсіздікке жету жолындағы қозғалыстарын жатқызуға болады. Екінші жағынан алғанда Кеңес Одағының экономикалық жағдайы да мәз еместін. Жалпы алғанда, сексенінші жылдардың екінші жартысындағы экономикалық, саяси жағдайлар Кеңес Одағының тоқырауы мен күйреуіне негіз болса тоқсаныншы жылдарды бұрыңғы Кеңес Одағы республикаларының жаңа тәуелсіз мемлекеттер ретінде құрылуының алғашқы сатысы деп қарастыруға болады. 80-інші жылдардың аяғы мен 90-ыншы жылдардың басында бірқатар республикаларда қабылданған "егемендік туралы декларациялар" мен "экономикалық дербестік туралы" зандар Кеңес Одағының федеративтік құрылым нысанына тосқауыл қойды. 1991 жылдың август айында Кеңес Одағының болашақ құрылымы туралы келісімнің соңғы варианты дайындалғанды және ол барлық республикалар ойынан шығатындай-ақ еді. Бірақ, сол жылдың август айында Мәскеу қаласында болған көтеріліс бұл келісімге қол қоюға мүмкіндік бермеді.
Кеңес үкіметінің ыдырауы Кеңес Одағының мемлекет ретінде жойылуының соңғы сатылары жүзеге аса бастады. Литва, Латвия, Эстония өздерінің тәуелсіздігін жариялап, ресми түрде Кеңес Одағы құрамынан шығып, халықаралық қауымдастық тарапынан егемен мемлекеттер ретінде танылды. Ал, 1991 жылдың 7-8 желтоқсанында Ресей, Белоруссия және Украина басшылары ұзақ уақыт келіссөздерден кейін "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру" туралы келісімге қол жеткізді. Бұл оқиғаның тарихи факт ретінде қалыптасуына бұрынғы Кеңес Одағындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік себептер негіз болатын. 1991 жылдың, 8 желтоқсанында Ресей, Украина, Белоруссия басшылары тарапынан Беловеж келісіміне қол қойылды. Бұл кездегі жағдай былай тұғынды: Кеңес Одағының бөлінуі этникалық негізде славян және түркі республикаларының бір-біріне қарсы тұру жолымен дамып, күтпеген оқиғаларға әкеп тіреуі мүмкін еді. Екінші жағынан алғанда, бұрынғы Кеңес Одағы республикалары арасында мемлекет аралық қатынастар жүйесінің және ТМД елдерінің алыс шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастар жүйесінің болмауы да өз әсерін тигізбей қоймады. 1991 жылдың 13 желтоқсанында Орталық Азия республикаларының басшылары Н.Назарбаев, С.Ниязов, И.Каримов, А.Акаев, Р.Набиев Беловеж келісімін талқылауға және болашақта осы республикаларға қандай бағыт және даму жолын ұстану керек, деген оймен Ашхабад қаласында жиналды. Ұзақ та ауыр келіссөздерден кейін Н.Назарбаев ұсынған және И.Каримов тарапынан қолдау тапқан, славян республикаларының басшыларымен келіссөз жүргізіп ТМД-ға құрылтайшылар ретінде кіру туралы пікір қолдауға ие болды. Күннен күнге өршіп келе жатқан тұрақсыздықты және республикалар арасындағы түсінбеушілікті ауыздықтау мақсатымен Н.Назарбаев Қазақстанда бүкіл мүлделі мемлекеттердің кездесуін өткізу туралы ұсыныс жасады. 1991 жылы 21 желтоқсанда Азербайджан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және Украина басшылары Қазақстанның бұрыңғы астанасында кездесіп "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы" Алматы Декларациясына қолдарын қойды. ТМД құруға экономикалық негіз болған жағдайлар мыналар: сексенінші жылдардың ішінде КСРО экономикасының құлдырауы өз шегіне жетіп, халық шаруашылығының әр саласында төмендеу нышандары байқала бастады. ТМД құруға ниет білдірген мемлекеттер мынандай айғақтарды; - жаңа Одақ шартын дайындау туралы келіссөздердің тұйыққа тірелгенін, республикалардың КСРО құрамынан шығу және тәуелсіз мемлекеттер құру процесінің шынайы факторға айналғанын; - орталықтың алысты болжамайтын саясаты экономикалық және саяси дағдарысқа, өндірістің құлдырауына, қоғамның бүкіл салалары бойынша өмір деңгейінің күрт төмендеуіне әкеп соққанын; - бұрыңғы КСРО кеңістігінің көптеген аймақтарында әлеуметтік шиеленісушіліктің өсуі, адамдардың өліміне әкеп соққан ұлтаралық қақтығыстарға ұласқанын басшылыққа алған болатын. Осы және басқа да мәселелерді шешу мақсатында Беларусъ, Ресей және Украина басшылары "халықтардың тарихи бірлігі және олардың арасында орныққан байланыстарды негізге ала отырып, демократиялық құқықтық мемлекеттер орнатуға ұмтыла отырып және өзара қарым-қатынастарды дамытуға бағыт ала отырып Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құруға шешім қабылдады. Бұл құжаттың ТМД-ға мүше боламын деген мемлекеттер (бұрыңғы КСРО мүшелері де бар) үшін ашық екені көрсетілген. Үш мемлекеттің 1991 жылдың 8 желтоқсанында жариялаған арызының соңғы тармағында ТМД мемлекеттері халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, бұрыңғы КСРО шарттары мен келісімдерінен тарайтын халықаралық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге, ядролық қару және оның таралмауын қажағалауға бағыт ұстайтынын да ашық айтқан. Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құрылу уақыты екіге бөлінеді. Алғашқысы ретінде 1991 жылдың 8 желтоқсаны /Белорусь, Ресей және Украина/ болса, екіншісі ретінде 1991 жылдың 21 желтоқсаны белгіленуде. ТМД құрылтай құжаттарына келетін болсақ, олар үшеу - 1991 жылдың 8 желтоқсанындағы ТМД құру туралы келісім, 21 желтоқсандағы осы Келісімге деген Хаттама және Декларация. Бұл құжаттар өз нысандары және заңи міндеттері бойынша әртүрлі. Себебі, "келісім барлық қатысушы тарапынан бекітілетін /ратификация жасалатын/ болса, декларация үшін оған қол қойылса жеткілікті" /9, 33-346./. Дегенмен, бұл үш құжат толық біртұтастықты құрайды. Енді, ТМД-ның даму жолдарына көз тоқтатып өтсек. 1992 жылмен 1993 жылдың бас кезендерінде Достастықтың ұйымдастыру құрылымы - мемлекеттер басшыларының кеңесі, үкіметтер басшыларының кеңесі, ТМД парламент аралық ассамблеясы құрылды. 1993 жылдан бастап Минск қаласында ТМД атқару хатшылығы қызмет істейді. Бұл уақыт ішінде сыртқы істер министрлері кеңесі, қорғаныс министрлері кеңесі де құрылды. 1993 және 1994 жылдар аралығында ТМД елдері өзара қатынастарының Құқықтық негізін қалайтын жұмыстар жүзеге асырыла бастады. Жүздеген келісімдерге қол қойылды. Солардың арасынан сапалы бір құжат ретінде 1993 жылы қол қойылған "Экономикалық одақ туралы" шартты атап өтуге болады. Дегенмен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы дағдарыстан шығуға жол іздесе де, әлеуметтік-экономикалық жағдай қиындай берді. Экспортқа шығатын шикізатқа деген баға саясатындағы келіспеушілікте үлкен мәселеге айнала бастады және мұның бәрі де экономикаға өзінің кері әсерін тигізбей қоймады. Екінші жағынан алғанда, демпинг саясаты (рынокта бәсекелестерді ығыстырып шығару үшін тауарларды әдейі арзандатып сату) орнығып қалған шаруашылық байланыстарға тұрақсыздық енгізіп, бұл елдерді қажетті шараларды қабылдауына мәжбүр етті. Мұндай жағдай қазіргі кезде де байқалуда. Әлеуметтік, экономикалық және саяси дағдарыс ТМД мемлекеттерінің барлығында да терендей түсті. Мұның салдары ретінде ішкі этникалық толқу арта түсті, тіпті кейбір елді мекендерде мемлекет аралық қақтығыстарға ұласты. Мұндай жағдай ТМД идеясын жоққа шығаруға барды және кейбір ТМД мемлекеттері бір-біріне қарсы (мысалы, Армения - Азербайжан) әскери қимылдарды да жүргізе бастады. Бұл кезенде көптеген міндеттемелер мен келісімдер де қабылданды, бірақ та олардың басым көпшілігі іс жүзінде орындалмады. ТМД органдары өз функцияларын жүзеге асыра алмады және қабылданған шешімдерді де іске асыруға мүмкіндіктері болмады. ТМД өзінің құрылу сатысында сөз жоқ жағымды рөлін де атқарды, яғни КСРО республикаларының қирап, тоқтаусыз дағдарысқа ұшырауынан құтқарды. Дегенмен, мемлекеттердің экономикалық дербестігі олардың әрқайсысының ішкі мәселесі еместігі де айқын болды. Қазіргі дүниеде әр мемлекеттің әрқайсысының жеке, дербес дамуы қиын да болса шындық. Басқа ешқандай елмен қарым-қатынас жасамай мемлекеттің тек қана өзі өмір сүру талпыныстары бізге тарихтан мәлім және оның немен аяқталып, қандай нәтижеге жеткені де аян. Тек қана басқа елдермен бірігіп өзара ынтымақтастықта және дүние жүзі экономикалық қатынастарында болатын қоғамның өміршең болатындығы айдан анық. 1994 жылы ТМД алдында баламалы екі мәселе тұрды. Біріншісі, оның қызметін тоқтату болса, екіншісі ТМД-ны дұрыс жұмыс істейтін ұйымға, бірлестікке қайта өзгерту. Соңғы ой, бірлестіктің қажеттігі бұрыңғы заманды көксеу мақсатынан немесе субъективтік ойлардан емес, экономикалық пайдалылығы тұрғысынан туғанды. Бұл кезенде бұрыңғы Кеңес Одағы кеңістігіндегі республикалардың даму бағытының салаларын анық та айқын әрі шынайы белгілеудің қажеттілігі туындады. Осы кезеңде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев "Мемлекеттердің евразиялық одағын құру" идеясын ұсынды. Бұл жоба жайына жұмыстың соңғы тарауында толығырақ тоқталамыз. ТМД елдерінің экономикалық жақындасу мәселелерін шешетін құжат ретінде 1995 жылдың 6 қаңтарында Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы, кейіннен 1995 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан республикасы қол қойған "Кеден одағы туралы" келісімді айтуға болады. Кеден одағын құрушы тараптар өздерінің мақсаттары ретінде мыналарды атап көрсетті: - Кеден одағына мүше мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасындағы еркін экономикалық өзара ынтымақтастықты дамыту үшін қолдан келетін бар мүмкіндіктерді пайдалану; - экономиканың, тауар алмасудың және әділетті бәсекелестіктің тұрақты дамуына кепілдік ету; - өз елдерінің экономикалық саясатын ұйымдастыруды нығайту және ұлттық шаруашылықтың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету; - ортақ экономикалық кеңістіктің қалыптасуы үшін жағдайлар жасау; - Кеден одағы мүше-мемлекеттерінің дүние жүзі рыногына шығуы үшін қолдан келетін бар жағдайды жасау. Жоғарыда айтып өткен Келісімнің бастауында мемлекеттер "Экономикалық одақ құру туралы" шарттың ережелерін жүзеге асыруға талпынады, делінгенді. Сонымен қатар, тараптар Кеден одағын — ортақ кеден территориясы мен шаруашылықтың нарықтық экономикасын ұқсас механизммен реттеуге негізделген, мемлекеттердің экономикалық бірлестігі ретінде анықтайтындарын растайды. Кеден одағын құруға бағытталған шаралар екі сатыға бөлінеді. Бірінші саты — 1994 жылдың 15 сәуіріндегі "Еркін сауда аймағын құру туралы" Келісім бойынша, өзара саудадағы тариф пен сан бойынша кездесетін шектеулерді алып тастау, сыртқы экономикалық қызметке қатысты сыртқы сауда, кеден, валюталық-қаржылық, салық және басқа да ұлттық зандарды бір қалыпқа келтіру болып табылады. Екінші саты — мемлекеттердің кеден территорияларын ортақ кеден аймағына біріктіру және Кеден одағының халықаралық құқық субъектілігі туралы сұрақты шешу болатын. Кеден одағының болашағы болатыны жайында оған кейіннен қосылған Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы куә. Кеден одағын және Ортақ экономикалық кеңістік туралы шарттың құқықтық негізі болып жалпыға танымал болған халықаралық құқықтың нормалары мен қағидалары, сонымен қатар, тараптардың ұлттық заңдары табылады. Алғашқыда Ресей, Беларусь арасында жасалған Шартқа, кейіннен Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан қосылды. Кеден одағы туралы Шарт жобасы дайындалып жатқан кезде Ресей жағы қосымша "Ортақ экономикалық кеңістік шеңберінде қабылданатын шарттар мен шешімдерді дайындау, қабылдау және жүзеге асыру механизмін" ұсынған болатын. Бұл актінің негізгі мақсаты Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік көлемінде қабылданатын заң актілерінің орындалу механизмін жүзеге асыру болатын, себебі, ТМД шеңберінде қабылданып, бірақ та іс жүзінде орындалмай жатқан келісім-шарттар аз емес. "Ортақ экономикалық кеңістік" ұғымы қайдан пайда болды деген сұрақ туындауы мүмкін. 1998 жылдың қаңтар айында "төрттік" (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей) мәжілісіне Қазақстан Президенті Н.Назарбаев "қарапайым адамдарға деген 10 қадам" идеясын ұсынды және бұл идея төрт елдің үкіметтері тарапынан қолдау да тапты. Қазақстан тарапынан 1998 жылдың ақпан айында "Ортақ экономикалық кеңістік құру туралы шарт" жобасы ұсынылған болатын. Интеграциялық комитет (бұл органға жұмыстың екінші бөлімінде тоқталамыз) бұл жобаны талдай келе 1998 жылдың маусым айында Шарттың мәтінін негізінен қолдай отырып "Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік (КО және ОЭК) туралы" Шарт ретінде мақұлдады. Мұндай шартты қабылдауға алып келген оқиғалар желісі былай сипатталады: 1993 жылың қыркүйек айында — "Экономикалық одақ туралы" Шартты және 1994 жылғы сәуірде "Еркін сауда аймағын құру туралы" Келісімді 12 мемлекет қабылдады. 1995 жылдың қаңтарында - "Кеден одағы туралы" Келісімді Беларусь, Ресей, сәл кейіннен Қазақстан қабылдады. Бірінші саты - еркін сауда аймағын құру болса, екінші саты – ортақ кеден территориясын құру болатын. 1996 жылдың наурыз айында - "Экономикалық және гуманитарлық салаларда интеграцияны тереңдету туралы" Шартты Беларусь, Қазақстан, Ресей қабылдап тауарлар, қызметтер, еңбек және капиталдың ортақ рыногын құруды басты мақсат ретінде алға қойды. 1998 жылдың аяғында Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік Шартына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қол қойды. Бұл құжаттардың негізгі мақсаты, ортақ экономикалық интеграцияны дамыту болып табылады. Дүние жүзілік қатынастар жүйесіне кіру үшін Достастықтың өз ішінде тұрақтылық болуы керек екені анықтала бастады, соның ішінде саяси, экономикалық тұрақтылық пен қауіпсіздік алдыңғы орынға шықты. Сол кездердегі қателіктердің бірі ретінде-ұлттық мемлекеттілік пен интеграцияны бір-біріне қарама-қарсы қоюды айтуға болады. Олар, бір-біріне сыйымсыз, қарама-қайшы ұғымдар ретінде қарастырылды. Дегенмен, экономикалық жағдай, сонымен қатар сананың бірте-бірте өзгеруі бұрынғы Кеңес кеңістігінде орналасқан республикалардың ары қарай даму мәселелеріне басқа көзқараспен қарау қажеттігін де туғызды. Бұл тұрғыдан келгенде, интеграцияны жүзеге асырудың бір сатысы ретінде Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның Орталық Азия Одағын құруын алуға болады. Мысалыға, бұл мемлекеттер арасындағы азаматтық алу мәселелерін тез арада шешу, басқа мүше-мемлекет аумағында жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату сұрақтарына қатысты келісімдердің қабылдануы адамдар арасындағы психологиялық кедергі мен басқа да көптеген мәселелерді оң шешуге бағыт берді. Әлеуметтік экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық салалары бойынша сұрақтар да оң шешімін табуда. Қазақстан, Қырғызстан жөне Өзбекстан арасында қабылданған мұндай құжаттар ТМД қағидаларына еш қайшы келмейді.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің экономикалық ынтымақтастық аясында қол жеткізген жетістіктердің бар екеніне мына мысалдар дәлел бола алады. Өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерін шығару:
Бұл мәліметтерден Молдова мен Тәжікстанда өндіріс пен ауылшаруашылығы өнімдерін өндірудің ұлғайғанын емес, керісінше кері кеткенін байқаймыз. Бұған бірден-бір себеп ретінде осы елдердегі қарулы қақтығыстарды және соның салдары болып табылатын экономикалық құлдырауды айтуға болады. Егер Европалық Одақ елдерінде әр адамға шаққанда ішкі жалпы өнімнің өсуін байқайтын болсақ, ТМД елдерінде 1990 жылдардың бастапқы жылдарында керісінше құбылысты көремізде, 1998 жыл соңына қарай оның артқанына көз жеткізуге болады. Мұның өзі ТМД елдеріндегі жақындасудың сөз жүзінде емес іс жүзінде жүзеге асуы әбден ықтимал процесс екеніне дәлел ретінде бола алады. ТМД елдерінде әр адамға шаққандағы ішкі жалпы өнім көрсеткіші:
Мына кестеден көріп отырғанымыздай ТМД елдері халықтарының өмір сүру деңгейі мен мүше-мемлекеттердің арасындағы экономикалық жақындасу жобамен алғанның өзінде көп алшақтық туғызбайтынын және ынтымақтастық та бірқалыпта екенін байқаймыз. ТМД елдерінің сыртқы шекараларын қорғау, Достастық елдерінің территорияларындағы қақтығыстардың алдын алу мен реттеу, ТМД елдерінің Кеден одағы салаларында және құқықтық ынтымақтастық пен қылмыспен күрес саласындағы бірігіп қызмет атқару жөніндегі келісімдердің алар орны ерекше. Аймақтық ынтымақтастық келісімдердің қатарына 1999 жылдың 25 тамызында Бішкек декларациясына /11, 1б./ қол қойған "Шанхай бестігі" атауына ие болған Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы басшыларының ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті нығайтуды мақсат тұтқан декларацияны жатқызуға болады. Мұның өзі, бұрыңғы жеке-дара өркендеу мен қауіпсіздік мәселелерінің қазіргі уақытта ұжымдық, дәлірек айтсақ, аймақтық сипатқа айналуда екенін байқаймыз. Ал екі жақты келісімдерге келетін болсақ, олардың жалпы саны мыңнан асып кетеді, солардың қатарына 1997 жылғы 14 қазанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Украина Үкіметі арасындағы ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді, 1997 жылғы 11 қарашада жасалған Қазақстан Республикасы мен Грузия Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді немесе 1997 жылғы 10 маусымда жасалған жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы шартты (бұл келісімдерді Қазақстан Республикасы 1999 жылдың 30 желтоқсанында бекітті) және тағы да басқа көптеген келісім шарттарды жатқызуға болады (12, 26.). 1999 жылдың 8 желтоқсаныңда Беларусь Республикасы мен Ресей Федерциясы арасында "одақтық мемлекет құру" жөніндегі шартқа қол қойылды. Бұл шарттың негізгі мазмұнын екі тарауға бөлуге болады. Біріншісі саяси болса, екіншісі экономикалық сала болып табылады. Одақтық шарттың 6 бабына сай екі ел арасындағы саяси ынтымақтастыққа келетін болсақ, әр мемлекет өзінің егемендігі мен тәуелсіздігін, территориялық бүтіндігін, мемлекеттік Құрылымын, конституциясын, мемлекеттік жалау, елтаңбаларын және басқа да мемлекеттік нышандарын сақтай отырып, екі мемлекет арасында келісілген өкілеттіктерді одақтық мемлекетке береді /13, 36/. Яғни, бұл ынтымақтастық негізінде (екі ел халықтарының тіл, дін, тарих, мәдениет, т.б. ортақтығы арқасында) мемлекеттік ынтымақтастықтан ортақ ұлттық жүйе ынтымақтастығына көшу ниеті жатыр /14, 16/. Осы екі мемлекет арасындағы экономикалық ынтымақтастық Кеден одағына мүше бес мемлекет арасындағы 1999 жылдың 26 ақпанында қол қойылған шарт мақсаттары мен міндеттеріне ұқсас. Яғни, олар тауар, қызмет, капитал мен еңбектің ортақ рыногын құру, ортақ баға, көлік, энергетика, экономикалық саясат жүргізу болып келеді. ТМД елдері арасында ұйымдасқан қылмыспен ортақ күрес жүргізу және 1999 жылдың желтоқсан айында Достастыққа мүше елдер қол қойған терроршылдыққа, сепаратизмге қарсы шараларды бірігіп жүргізу бағытында жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Себебі, 1999 жылдың шілде айында Қырғызстанның Баткен ауданына қарасты тау өңірін жайлап, терроршылдық қызметтерін жүзеге асыруға кіріскен терроршылдардың ұйымдасқан ерекеттері, бұл мәселеге де ТМД елдерінің көңіл бөлуі қажет екендігін көрсетті. Қазіргі күнде ТМД-ның терроршылдыққа қарсы Орталығы құрылды/15,16/. Мұның өзі, терроршылдықтың дүние жүзінің дамыған мемлекеттеріне ғана күрделі мәселе емес, сонымен қатар, жаңадан аяқтарына тұрып экономикалық дәуірлеу сатысында тұрған ТМД елдері үшін де ауыр да қиын, бірақ шешімін табу міндетті болып табылатын мәселе екенін көрсетеді.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құрылуы 1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларус жәнеУкраина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстанбасшылары Ашғабатта кездесіп, «Беловеж келісімін»қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ындаӘзірбайжан, Әрменстан, Беларус, Гүржістан, Қазақстан, Қырғызстан,Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшыларыАлматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алма-Аты Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.
Құрылымы 1. Мемлекеттер басшыларының кеңесі; 2. Үкіметтер басшыларының кеңесі; 3. Сыртқы істер министрлерінің кеңесі; 4. Экономикалық кеңесі; 5. Қорғаныс министрлерінің кеңесі; 6. Шекаралық әскер басшыларының кеңесі; 7. ТМД Экономикалық соты; 8. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы; 9. Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері; 10. ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясындағы Достастық мемлекеттерінің тұрақты Өкілетті өкілдері; 11. ТМД-ның Атқарушы комитеті. ТМД-ның Қазақстанға әсері Тәуелсіз Мемлекет Достастығы 1991 жылы құрылды . Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатнасты құруға көмектесті. Мұндай мемлекеттердің кеңесінде республикалар арасында еңбек бөлінісі қолайлы , яғни олапрдың әр қайсысы өнім түрлерін оларға қолайлы жағдайда өндіру үшін. Белгілі салада арнайы территориялар арқылы өнімді орналастыру қоғамдық еңбек үнемді болады. Бұл ТМД елдерінде жақсы өткізіліп отыр. ТМД – ға кіріп отырған әрбір мемлекет өэ бағыты бойынша машықтануда. Қазақстанның жаңа тарихы 15 –жыл шамасымен есептеледі. Бір кеңестік уақыт кезінде республиканың экономикасы халық шаруашылығының кешені беріліп отырған мәтінде қаралса, ал енді Қазақстанның орны мен рөлін жаһандық экономикада толығымен айталамыз. Әлемдік экономиканың конценрациясының көлемі келесі параметрмерге шағылысады. Әлемдегі ішкі өнімнің ЖІӨ - нің көптен бір бөлігі 29 дамыған мемлекетке қатысты – 54,6 %, оның ішінде үлкен 7 – ке – 43,0% кіреді, АҚШ – 20,9%, 12 – мемлекет кіреді Евроодақ – 15,3% кіреді. Әлемдегі 146 – мемлекеттен құрайтын жаңа құрушы нарық пен дамушы мемлекетке әлемдік ЖІӨ - нің 7,2% құрайды, оның ішінде 3,8% ТМД – ның 12 мемлекеті кіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік ЖІӨ - де 0,1% құрайды. Сонда да, 1995 жылдан бастап 1,75% ке өсті 1999 жылы осы көрсеткіш айқын төмендеді, яғни ол 2 факторға байланысты. Біріншіден, 1997 – 1998 жылығы Азия – Ресейқаржы дағдарысының салдарынан. Екіншіден, 1999 жылдың сәуір айында республикада өткен ұлттық валюталық девальвациясы. Ал 2000 жылдан бастап Қазақстан әлемдік ЖІӨ - мі тұрақты өсуде. Бірақта өсу қарқыны бойынша Қазақстанды әлемдегі көптеген мемлекеттер озуда. Тасмалдау экономикасының өсу динамикасының салыстырмалы анализінің көрсеткіші бойынша, 1999 жылдан бастап Орталық және Шығыс Европа мемлекеттері мен салыстырғанда Қазақстанның ЖІӨ - нің арқыны өзгеріс табуда. 90 жылдармен салыстырғанда, соңғы жылдары Қазақстандағы ЖІӨ - нің өсуі ірі мұнай экспортының түсуіне байланысты. Экспорттық кірісте көмірсутегі шикізаты негізі қайнар көзі болып есептелетін мемлекеттерде экономика динамикасының өсіуі экспортық кірісте энегетика тауары емес мемлекеттермен салыстырғанда төмен. Әлемдік тауар және қызмет экспорты дамыған мемлекеттерде 71,8% құрайды, оның ішінде, осы көрсеткіштің 42,3% әлемдегі 7 жетекші мемлекеттің үлесіне кіреді әлемденгі тауарлар мен қызмет экспортының 21,2% дамушы мемлекеттерге қатысты, транзиттік экономика мемлекеттерінің үлесіне 7%, оның ішінде ТМД мемлекеттеріне 2,7% кіреді. Қазіргі Қазақстанның әлемдік шаруашылықпен бірігіуін сыртқы сауда маңызды болып отыр. Соңғы 10 – жылда Қазақстанның тауар экспорты мен қызметі 2 – есеге артты. Бұл 3 фактормен түсіндіріледі. Біріншіден, шетел инвестициясының ағымының көлеміне қолайлы инвестициялық климат құру ықпалын тигізді, оның үлесі мемлекеттегі мұнай шығару саласының дамуына баңытталады. Өз кезегінде, бұл газ және мұнай алу өсімін шақырды. Екіншіден, әлемдік нарықтағы көмірсутегінің шиказытының қолайлы конъюнкурасы Республикадағы экспорт потенциалының өсуіне ықпалын тигізді. Үшіншіден, соңғы он жылда, Қазақстандық тауар және қызмет экспортының үлесі әлемдік сауданың қарқынды дамуымен салыстырғанда өсті. Қазақстандағы тауар экспортының өсуі әлемдегі басқа мемлекеттермен салыстырғанда жоғары. Осы он жылда тауар экспорты 3,8% есеге, ал импорт 3,3 % есесге өсті. Қазақстанның тауар экспортының жоғары қарқынды өсуі соңғы 3 жылда білінді. Қазақстанның әлемдік экономикадағы интеграциясының (бірігуі) көлемін шетел инвестициясы ағымындағы жақындық және аймақтық географияны оқуы негізінде жобалау керек. Республикадағы экономикалық реформалар негізігі бағыттарының біріинвестициялық саясаттың тартымдылығы болып қала береді, яғни ол жергілікті және шетел инвестициялары үшін қолайлы жағдай туғызады. Қазақстандағы инвестициялық жағдай транзиттік мемлекеттер арасында тартымды болып отыр. Бұл республикамыз ТМД мемлекеттерінің арасында инвестициялық деңгейде кредиттік рейтингіні бірінші болып алуымен расталады. Қазақстан потенциалдық инвесторлар үшін экономиканың тартымдылығы, саяси жүйенің тұрақтылығы және қаржыресурстары арқылы ТМД-дағы қалған мемлекеттердің алдында келе жатыр. Қазақстан транзиттік экономика мемлекеттірінің арасында шетел инвестициясының тура ағымы (ПИИ) көлемі бойынша жетекші орындардың біріне ие. Жаһандық көлемі бойынша Қазақстанның шетел инвестициясының тура ағымына үлесі жылдан жылға өсу үстінде. 1999-2000 жылдары республикадағы шетелдік инвестицияның тура ағымының салмағы әлемдік көлемде төмендеді, бірақта бұл көрсеткіш тез арада өзгерді. Соңғы 3 жылда жаөандық ағымдағы Қазақстанның шетелдің инветсициясының тура ағымы 0,35% деңгейінде тұр.бұл көрсеткіштің максималды мағынасы жағдайы 2000 жылдан белгіленді. Ереже бойынша инвестициялық климат қолайлы. Кейін, ішкі секілді инветсициясының көлемі өседі. Шетелдегідей, олардың өндірісі мемлекеттегі экономиканың қарқынды өсуі қолдауды шешеді. Қазақстан, соңғы 9 жылда әлемдегі көптеген мемлекеттер мен аймақтардың шетелдік инвестициясының ағым динамиканың тартымы бойынша анықтады. 2003 жылы 1995 жылмен салыстырғанда, өсу 214,5% өсті. Дамушы мемлекеттерде бұл көрсеткіш 178,2 %-ке тең, ал дамушыларда ол 153,8 %, орталық шығыс Европа мемлекеттерінде 147 %, ал Ресейде 43,3 % түскені белгіленді. 1993-2004 жылдар аралығында шетелдік инвестициялық ағымының Қазақстанэкономикасына бағытталған комулятивті ағымы $ 34 млрд. құрады, оның көп бөлігі мұнай-газ секторынан келеді. $ 18,9 млрд. немесе жалпы көлемі 55,1 % . Әлемдік көлемде макроэкономикалық параметрлерге қарамастан, қазақстанда перспективті дамуы үшін ірі потенциалдар бар, яғни ол табиғи ресурсқа бай. Қазіргі кезде 500 орында 1225 минералды шикізат түрі барын айтуы жеткілікті. Республика осы түрлері бойынша әлемдегі позицияда жетекші орын алады. Қазақстан мырыш, вольфрам және бариттен әлемде бірінші орын алады, ал күміс, қорғасын, хромнан екінші мыстан, марганец,флюориттан үшінші, малибденнен төртінші орындар алып, алтын бойынша бірінші ондыққа кіреді. Біздің мемлекет әлемде темір рудасы бойынша 8 % құрайды, ураннан шамамен 25 %-ын құрайды. әлемде мұнайды барлау бойынша Қазақстан 13-ші орынға ие. 2003 жылдың басында мұнай және газ барлау бойынша 4,6 млрд тонна құрады, оның ішінде газ 331,5 млн. тонна құрайды. Каспийдегі мұнай 1,6 млрд –қа бағаланады, ол «қара алтының» 38% құрайды. Табиғи газ 3 трлн шаршы метрге тең. 1995-2004 жылдары ішкі сауда көлемі 3,6 есеге өсіп, 2004 жылы 32877,5 млн. АҚШ долларын құрады. 1999 жылдан кейің экспорт операциясының өсу қарқыны 10%, ал 2000 жылы 50 %, 2004 жылы 56 % өсті. Ішкі сауда өсімі экспорт көлеміінң ұлғаюы секілді, импорт операцисынада ықпалын тигізді. Сыртқы сауда географиясы өндірістің әртүрлілігінің кеңеюі (диверсифицированность), яғни тәуелсіздің жылдарында ТМД-ны қосты. 2004 жылы Қазақстандағы сауда құрлымындағы бірінші орынға Европалық одақ, Ресей, Швейцария және Қытай шықты. Қазақстан Республикасындағы мекемелер әлемдегі 171 мемлекеттер сауда серіктестіктер бар. өткен жылдарда экспорт және импорт географиялық құрлымында өзгерістер болып, ТМД және басқа да мемлекеттер арасында проценттер өзгерді. 2004 жылы Қазақстанның ішкі сауда айналымы ТМД мемлекетірмен 10 215,1 млн АҚШ долларын құрап, 2003 жылымен салыстырғанда 48 %-ға өсті, оның ішінде экспорт $ 4097,2 млн., импорт $ 6117,9 млн. құрады. әлемдегі басқа мемлекеттермен сыртқы сауда айналымы 22662,4 млн құрап, 2003 жылмен салыстырғанда 57 % өсті, ал экспорт $ 15999,0 млн.құрап 61 % өсті, импорт $6663,4 млн.құрап, 49 % өсті. Шикізат тауар экспортын тауарлы құрлымының көбісін алып отыр. Минералды өнімдер мен металлдар тауардың негізгі топтарын құрап отыр, срнда да осы тауарлардың салыстырмалы салмағы өзгерді. Өткен жылдармен салыстырғанда минералды өнімдер ұлғайып, металл өнімдері азаюда. 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда азық-түлік тауарларының салыстырмалы салмағы 2 % және шикізат өнімі мен металл өніміінң үлесі 1 % қысқарып, минералды өнімдер 4 % көбейді. Азық-түлік тауарларының өсу көлеміне қарамастан, бидай, арпа жіне еттердің жеткізілу операциясы экспорт қорытындысы бойынша түсті. Металл өнеркәсіп өнімдерін өткен жылдармен салыстырғанда 48 %-ға өсті. Қазақстан өнімінің басты сатып алушылар Швейцария (18,7 %), Италия (15,5%), Ресей (14,1%),Қытай (9,8%), Франция (7,3 %), Вергин аралы (3,8%), Иран (3,5%), Нидерланды (2,3%), Израиль және Португалия (1,6%),Азербайжан, Испания, АҚШ және Украина (1,4%) тен алады. ТМД мемлекеттері үшін экспорттың жалпы көлемі 20,4 % құрайды. 2003 жылмен салыстырғанда ТМД мемлекеттеріндегі экспорт 38% өсіп, 4097, $ 2 млн. құрады. Осы аралықта Қазақстандық өнім, түгел ТМД мемлекеттерінде өсті. Әлемдегі басқа мемлекеттердің жалпы экспорт көлемі 79,6 % үлесін құрады. Қазақстанэкспортының көлемін европа мемлекеттері құрайды, олардың салыстырмалы салмағы 54,6 % құрайды, оның 34,8 % ЕвропаОдағына әкеледі. Европа мемлекеттерінің арасында Қазақстан экспортының негізгі тұтынушылары Швейцария, Италия,Франция, Нидерланды, Португалия, Ұлыбритания және Германия болып табылады. 2003 жылмен салыстырғанда Европамемлекеттерінің жалпы экспорты 2,6 % өсті. Азия аймағындағы мемлекеттерге Қазақстандық өнімді жеткізу көлемі 31 % өсті. Қытай Республикасының салыстырмалы салмағы аймақтағы жоғары болып қала береді. Америка елдеріне Қазақстан экспорты 2 есеге қысқарды. Импорт Экспорттың тауарлық құрлымын машина, құрал-жабдықтар, транспрот, химиялық өнімдер және осы салаға байланысты өнісдер, металл өнімін өндіру үшін шикізат жатады. Соңғы жылдарда минералды өнімдерді экспорттау үлесі ұлғаюда. Сол сияқты, металл өнеркәсібінің салыстырмалы салмағы белгіленуде. Экспорттың көбеюі физикалық жеткізудің көлемі секілді, көрсеткіштің тұратындығына байланысты көбеюде. Тауарлардың негізгі топтары бойынша көлем деңгейі өсті, олар: машина, құрал, транспорт, құбырлар және аппараттар. Металл өнеркәсібі, минералды өнім, химиялық өнеркәсіп өнімі бойынша импорттың түсу деңгейі байқалуда. Импорт өнімін негізгі жеткізушілері: Ресей, Германия, Қытай, Украина, АҚШ,Италия, Жапония, Түркия, Франция, Ұлыбритания, Корея, Өзбекстан, Нидерланды болып табылады. ТМД мемлекеттері Қазақстандық нарықта өнімді импорттаушы болып табылады. Европа мемлекетіндегі импорттың жалпы 28,9 % түсуінен 50 % әр түрлі машина түрлерін әкелуден, Германия және Италиядан әкелінетін бөлшек құралдардан, жеңіл автокөліктер, Италия жиһазынан өсті. Азия импортының өсуіне Жапония көлігі, Индия шайы, Қытай және Жапония құбыры, Қытай және Түркияныңалюмин заттары әсерін тигізді. 2003 жылмен салыстырғанда АҚШ – тің импорты 30 % өсті. Тауардың негізгі бөлігі АҚШ-тан түседі. Қазақстанның ТМД шеңберіндегі ынтымақтастығы ТМД мемлекеттерімен қатынастың дамуы, соның ішінде көпжақты интеграциялы өзара әрекет – Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының ең маңызды бағыттарының бірі. ТМД шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың қазақстандық әдістемесінің негізінде тығыз интергациясы астасып жатқан елдердің шағын тобын қалыптастыру мүмкіндігінен туындайтын қарқыны әрқилы интеграция тұжырымдамасы жатыр. Қазақстан Достастық кеңістігіндегі субаймақтық бірлестіктер әрекетінің ашық түрде жүргізілуін, ал олардың мақсаттары мен практикалық әрекеттері ТМД дамуының ортақ арнасында ұштасуын қолдайды. Достастыққа көпжақты өзара әрекеттестіктің түрлі салаларына мемлекеттердің іріктеліп қатысуы тән, яғни, мүдделік білдіретін тараптар форматында жүзеге асады. ТМД органдарының шешімдерінің күші тек оларды қабылдауға қатысқан мемлекеттер үшін ғана таралады. ТМД әрекетінің тиімділігін арттыру, құрылымын жетілдіру мақсатында қазақстан тарапының бастамашылық етуімен шын мәнінде ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын ТМД-ны одан әрі даму тұжырымдамасы мен оны жүзеге асу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, ол 2007 жылғы қазанда Душанбеде мақұлданды.. Олардың негізінде ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық дамуы стратегиясы әзірленіп, қабылданды. Еркін сауда аймағын құру, сауда, ауылшаруашылық,электрэнергетика және т.б. нарықтарды қалыптастыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Саяси, гуманитарлық, көлік, қауіпсіздік және көші-қон салаларында өзара әрекеттестік жалғасуда. Аталған Жоспарда бірлестік әрекетін жетілдіру жөніндегі нақты шаралар тізбесі көрініс тапқан. Атап айтқанда, осы құжатқа сәйкес 2008 жылғы қазанда ТМД-да төрағалық ету туралы, Ұлттық үйлестірушілер туралы ережелер қабылданды. Достастықтың салалық органдарын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде, ТМД Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ТМД-ның Жоғарғы органдарындағы рәсімдеудің жаңа ережесін қабылдау жоспарлануда. «Бір жыл- бір тақырып» формуласы бойынша жұмыс принципін ескере отырып, 2007 жылы келісілген көші-қон саясаты жөніндегі ұсыныстарды дайындауға арналса (2007 жылғы 5 қазанда Душанбеде тиісті Декларацияқабылданды), 2008 жыл келісілген көлік саясаты саласындағы ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар дайындау жылы, ал 2009 жыл – энергетика саласындағы ынтымақтастық жылы. ТМД елдерінің тілдері ТМД жеріндегі халықтар сөйлейтін тілдер. ТМД-да тұрушы негізгі халықтардың тілдері 130-ға жуық. Ол тілдерде сейлейтін кейбір халықтардың ТМД-даң тыс жерлерде өз мемлекеті бар. ТМД елдерінің тілдері шығу тегі, типологиясы, сөйлеушілердің саны, жазу дәстүрі жағынан бір-бірінен ерекше. ТМД елдерінің тілдері шығу тегі (генетикалық туыстығы) жағынан мынадай топтар мен семьялардан тұрады: § Үндіеуропа тілдері, оған: 1. армян тілі; 2. шығыс славян тілдері — беларусь, орыс, украин тілдері; 3. герман тілдері — идиш тілі; 4. иран тілдері — белудж тілі, Памирдегі шығыс-иран тілі, курд, осетин, тәжік, талыш, тат, #ягноб тілдері, памир тілдері; 5. жаңа үнді тілдері — цыган тілі; 6. роман тілдері — молдова тілі кіреді.
§ Кавказ (ибери-кавказ) тілдері, оған: 1. абхаз-адыгей тілдері — абазы, абхаз, адыгей, кабарды-черкес тілдері; 2. Картвел тілдері — грузин, зан, сван тілдері; 3. дағыстан тілдері — авар, андий тілдері; лезгин тілдері; цез тілдері; 4. нах тілдері — бацбий, ингуш, чечен тілдері кіреді. § Қытай-тибет тілдері, оған дүнген тілі кіреді. § Монгол тілдері, оған: бурят, калмак тілдері кіреді.
Мемлекеттік тәуелсіздік түралы Заңның қабылдануы ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ
1990 жыл, 25 қазан – «Қазақ ССР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда, республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынан басқа, алғаш рет ҚазССР-інің егемендік құқығы жағдайы үшін принципиалды мемлекеттік-құқықтық нормалар бекітілді. Олар: § Одақтың шешуіне берілген мәселелерді қоспағанда, ҚазССР территориясында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы; § Одақтық Жоғары органдардың ҚазССР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілердің өз территориясында күшін жою құқы; § ҚазССР-інің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жан-жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның территориясындағы барлық ұлттық байлықтар – экономикалық және ғылыми-техникалық әулеті туралы: § Республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субьектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғары Кеңеске берілді. Президент Республика басшысы болып, жоғары атқарушы билікті иеленді. Ал, сот билігі Жоғары Сотқа берілді. Мемлекеттің әлеументтік негізін анықтауда таптық тұрғыдан қараудан бас тартты. Ресублика территориясында ядорлық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрлысы мен қызметіне тиым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеументтік – экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан жаңа Конституциясын жасау басталды.
1991 жыл, 29 тамыз – «Семей ядролық полигонын жабу туралы» ҚазССР Президентінің жарлығы шықты Семей ядорлық полигоны 1949 жылы 29 тамызда ашылған. Содан кейінгі 42 жыл ішінде мыңдаған тұрғындардың өмірі мен денсаулығына аса зиян тигізетін 500-ге жуық ядролық жарылыс жасалды. КСРО әскери-өнеркәсіптік кешені 1991 жылы желтоқсан айында полигонда қуаты 20 килотонно, үзілісі 30-40 секунд болатын екі үлкен жерасты жарылысты жасауды жоспарлаған еді. Осыған қарамай Елбасының жарлығы шығып, полигон жабылды. Полигон үздіксіз жұмыс жасаған 42 жылдың ішінде сол өңірді мекендейтін халықтың жартысы иммундық жетіспеушіліктің зардабын шекті. Ал, радиациялық факторлар жәбірленушілердің генетикалық тегіне еніп, орны толмас зиян әкелді. Радиация тараған аумақта жоғары көз патологиясы тарағаны анықталды. Ауыр ядролық сынақтардың зардабын Семей облысынан басқа Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының аудандары тартты. Полигон жабылғаннан кейін зардаптың таңбасын кетіру және жан-жақты әлеументтік жандандыру жұмысы басталды. Осы орайда, балалар орталығы, ана мен баланы қорғау орталығы, әскери-өнеркәсіптік кешеннің қатысуымен көп профильді аурухана салынды. Оның сыртында бірқатар медициналық және мәдени обьектілер құрлысы салынып іске қосылды. Жарылыстың зардабын зерттеп, оны жоюмен айналысатын радициялық медицина және экология институты құрылып, диагностикалық және офтальмологиялық обьектілер қызметке қосылды. Жәбір көрген тұрғындар компенсациялық төлемдер алды. Осылай ядролық полигонның жабылуы арқылы әскери-өнеркәсіптік кешеннің сол аумақта бақылаусыз шаруашылық жүргізуін тоқтатты. Осылай еліміздің алдында тұрған тағы бір экологиялық мәселе шешімін тапты. Бұл егеменді мемлекет болудың нәтижесінде ғана іске асқан үлкен істің бірі еді. 1991 жыл, 1 желтоқсан – Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті Қазақстан Республикасы тарихында халық алғаш рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. Дауыс беруге құқылы 9 млн 960 мың азаматтың 88,42 пайызы сайлау уческілеріне келіп, сайлауға қатысты. Олардың 98,76 пайызы Президенттікке үміткер Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап дауыс берді. 10 желтоқсанда Республика сарайында Президенттің қызметке кірісуіне арналған ҚР Жоғары кеңесінің салтанатты мәжілісі өтті. Қадірлі ақсақалдар Д.Снегин, Қ.Қожамияров, Э.Айрих, Ы.Қожахметовтер Елбасына шапан жауып, қарт ақын Шәкір Әбенов бата берді. Осылайша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл халық сайлаған алғашқы Қазақстан Республикасының Президенті мандатына ие болды. Бұл оқиға аталмыш тұлғаның әлеументтік ортада жоғары беделге ие екендігін аңғарты. Сайлау нәтижесі саяси-этникалық тұрғыдан республикамызда ұлтаралық татулықтың бекем екендігін көрсетті. Бүкілхалықтық бұл сайлау тәуелсіздік жолында қабырғасы қаланып келе жатқан мемлекеттің демократиялық бағытының айқан екендігін растады. Бұл сайлаудан шаруалар жерді, кәсіпкерлер бостандықты, еңбек ұжымдары экономикалық саясаттағы дұрыс бағытты күтті. Бұл орайда, Елбасының тұлғасы республика күштерінің бірлігін білдірді. Сонымен қатар, азаматтар дауыс беру арқылы өмірді жақсарту, экономиканың құлдырауы мен бағаның өсуін тоқтатуға бағытталған шешімдер қабылдап, кей жерлерде қатал шараларды қолдану қажеттігін, мемлекеттің өркендеуі және оның ішкі саяси тұрақтылығын қамтамасыз ете алатын мықты биліктің қажеттігін көрсетті. Осылай 1991 жылы 1 желтоқсанда елімізде халық қолдаған Президенттік биліктің есебі басталды. Бұл республика үшін құқықтық демократиялық мемлекеттің және азаматтық қоғам мүдделерін қорғауды көздейтін жаңа мемлекеттік институт болды. 1991 жыл, 10 желтоқсан – «ҚазССР» атауы «Қазақстан Республикасы» болып өзгертілді Елдің атауын өзгерту жай бір термин ауыстыру емес, өмірдегі өзгерістер болып жатқан жаңа тарихи кезеңде республика өркениетті демократиялық қоғамды таңдағанын білдіреді. Бұл үшін бүкіл әлеументтік-экономикалық негізді түп тамырымен өзгерту керек болады. Осы мақсатта біртұтас идея қажет еді. Ол – егеменді демократиялық Қазақстан мемлекеті. Бұрынғы тоталитарлық жүйенің құрамында болған республика өміріне сай көне атаудан бас тарту осымен түсіндірілді. Өзін өзі жойған «советтік» және «социалистік» идеологиялық терминдер жалпы демократиялық құқықтық даму жолына түскен, көппартиялық және плюрализмі бар республика титулына қала алмайтын болды. Жаңа атау, өзінің мемлекет құру құқын жеңіп алған титулды, жергілікті қазақ ұлтының рөліне ерекше көңіл аудара отырып, ұлтаралық келісім бағытымен келе жатқан республиканың саяси-этникалық ерекшелігіне де жауап береді. Қазақстанды мекендеген жаңа бауырластық қоғамының қалыптасу бастамасы осылай қаланды. Осы сәттен бастап, «Қазақ Советтік социалистік Республикасы» атауын өзгерту туралы заңда айтылғандай, Қазақстан халқы өзін өзі билеу, адам құқы бостандығын баянды ету принциптерімен, қоғамның саяси, экономикалық және идеологиялық көпқырлылығына негізделген демократиялық, тәуелсіз, бейбіт өмірді сүйетін, құқықтық мемлекет құруға тиіс делінді. Осылайша, Қазақстан аумағында жоғары деңгейде дамыған саяси-этникалық өркениеттің құрылуы басталды. Онда қазақ ұлты қайта туады, оған кіретін ұлттар мен ұлыстар өзін еркін сезінетін болады. Іс жүзіндегі егеменді Қазақстанды әлемдік экономикалық және саяси кеңістікте белсенді әрекет ететін, халықаралық қатынастардың өзіндік субьектісіне айналдыру қажеттілігі айқындалды.
1991 жыл, 16 желтоқсан – «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды Дәл осы күні ҚР Жоғары Кеңесі «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады. Осы сәттен бастап, республика өз аумағында барлық билікті жүргізетін, ішкі және сыртқы саясатын өзі анықтап, өзі жүргізетін тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекетет құзіретін заңды тұрғыда рәсімдеді. Бұл заңды көп ұлтты бүкіл Қазақстан халқы күткен-тін. Бұл сан жылдар бойы тәуелсіздік үшін күресіп келген жүздеген ұрпақтың арман-мүддесінің орындалуы еді. Осы тәуелсіздіктің нәтижесінде біздің республика БҰҰ-ға мүшелікке өтуге, өз еркімен халықаралық аренаға шығуға, басқаның нұсқауы бойынша емес, өз еркімен өркениетті түрде болашаққа қадам жасуға құқылы болды. Әрбір қазақстандық өз өнері мен қабілетін туған республикасына беруі керек, халықтың өмір сүру деңгейі көтеретін нарықтық экономикаға тезірек өтуге ықпалын тигізуі керек. Тәуелсіздік, егемендік статусты республика халықтарына Жаңа Конституцияны жасаумен байланысты сұрақтарға, азаматтық және миграциялық процестердің мәселелеріне жаңаша көзқарастың орнығуына мүмкіндік берді. Қазақ халқы тәуелсіздікке дейін ұзақ та қиын жолдан өтті. 1986 жылы желтоқсан айында тоталитарлық жүйенің орталығына қарсы наразылық білдіруге шыққан жастардың арманы да осы болатын. Осылай республиканың тәуелсіз ел болуына елдегі демократиялық бағыт себеп болды. Ал декларативті интернационализммен емес, ақиқаттығымен ерешеленетін мұндай мемлекетте қазақ халқы өзінің ұлттық тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтап қала алады. Осы құқықты иеленуге ол лайық болатын. Болашақ достыққа апаратын жолда барлық демократиялық күштер бірігеді. Бұл Қазақстан азаматы саналатын барлық ұлттар құқығының кепілі болмақ.
1992 жыл, 2 наурыз – Қазақстан БҰҰ-на мүшелікке қабылдандыОсы күні Бас Ассамблеяның 46 сессиясының пленарлық мәжілісінде ҚР БҰҰ-ға мүшелікке қабылданды. Атаулы шешім дауысқа салу арқылы емес, жалпылама қолдаудың негізінде қабылданды. Қазақстанмен бірге БҰҰ-ға Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Молдово, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан қабылданды. Шешім шыққаннан кейін БҰҰ-ның протокол бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының делегациясына Бас Ассамблеяның мәжіліс залына жол сілтеді. Мәжілісте Қазақстанның өкілетті өкілі Ақмарал Арыстанбекова сөз сөйледі. Ол барлық мемлекеттерге, ұлттар қауымдастығы мүшелеріне осы шешім үшін алғысын білдірді. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның жарғысы бойынша алған міндеттемесін мүлтіксіз орындайтындығын және мүмкіндігінше БҰҰ қызметіне өз үлесін қосатындығын жеткізді. Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға кіруі арқылы осы ұйымның тұрақтандыру рөлін бекітуге бағытталған, оның бейбітшіл қызметін жетілдіруді көздейтін, ұлттар мен бейбіт қауымдастық мүшелерінің әрекеттерін үйлестірудің ерекше механизмі ретінде рөлі зор екені атап өтілді. Қазақстан Республикасы тарихи және саяси тұрғыда географиялық жағынан ерекше орынға ие. Ол Шығыс пен Батыстың мәдениетін біріктіре отырып, Еуропа мен Азияны қосатын алтын көпір секілді. Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі республика үшін бейбіт саяси өмірді көркейтіп, ғылым және мәдениет жетістіктерін алмасуда кең мүмкіндіктер берді.
1992 жыл, 4 маусым – ҚР-ның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Гимнінің музыкалық редакциясы бекітілді Осы күні Қазақстанның Жоғарғы Қеңесі өз жұмысын Республиканың мемлекеттік символдарын талқылаудан бастады. Осы мәселе бойынша Жоғарғы Кеңес төрағасы баяндама жасады. Баяндамада қаңтар айында арнайы құрылған жұмыс тобының нәтижесі айтылды. Оған халық депутаттары, өнер, мәдениет, ғылыми интеллигенция өкілдері кірді. Топтың жұмысы кезеңінде мемлекетік белгілер жасауға бәйге жарияланды. Осы бәйге барысында азаматтар мен қоғамдық ұйымдардан түскен ұсыныстар талқыланды. 453 эскиз (нұсқа), 142 хат қаралды. Ежелден бейбітшілік, біртұтастық, сабырлық және амандықтың белгісі – байрақ үшін көгілдір түс таңдалды. Елтаңбаны таңдауда басты белгілер мифологиялық желі мен тарихи салт-дәстүр болды. Топ 245 жұмысты және 67 жазба ұсыныстарды қарап шықты. Елтаңбаның негізгі түсі – мейрімділік, ізгілік, белгісі – алтын түсті. Ортада шаңырақ және жұлдыз, сонымен қатар мифологиялық аттар мен «Қазақстан» жазуы бейнеленген. Эпостық аттың, қанатты тұлпардың образы, Есікте табылған «Алтын адамның» бас киімінен алынған. Мемлекеттік Әнұранның ең жақсы жобасы конкурсына бүтіндей әні мен сөзі бар шығармалар да, сонымен бірге, жеке өлең шумақтары мен музыкалық шығармалар да қарастырылды. Конкурсқа 51 музыкалық нұсқа және 132 өлең мәтіндері келіп түсті. Сонымен қатар, жұмыс тобының шешімі бойынша, басқалармен бірге 1944 жылы жазылған бұрынғы Әнұранның әуені де конкурста қарастырылды. Бірнеше тыңдап шыққаннан кейін, осы музыкалық редакцияны қалдыру жөн деп табылды. Оның авторлары – М. Төлебеав, Е. Брусиловский, Л. Хамиди болатын. Ұсыныстар мен естертулерді ескере отырып, Жоғарғы Кеңес Мемлекетік Елтаңбаны, Туды және Мемлекетік Гимннің музыкалық редакциясын бекітті. Содан 2006 жылдың 6 қаңтарында еліміздің қос палаталы Парламенті Мемлекетік Әнұранды өзгерту туралы ұсынысты талқылап, әйгілі сазгер Шәмші Қалдыаяқовтың «Менің Қазақстаным» атты әнін лайық деп тапты. Бұл ән заманмен үндес. 1954 жылдары Тың өлкесі құрылып, оған солтүстіктегі бес облыс біріктірілді. Ел арасында «бұл өлке Ресейге қарап кетуі мүмкін» деген сөз тарады. Осыған қарсылық ретінде туған ән. Сөзін дарынды ақын Ж. Нәжімединов жазған. Бірақ Елбасы оған уақыт, заман тұрғысынан өзгерістер енгізді. Осыны негіздей отырып Парламент депутаттары Нұрсұлтан Әбішұлын Әнұранның сөзін жазған автор деп таныды. 1992 жыл, 29 қыркүйек – Алматыда Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы өтті Осы жылдың 29 қыркүйегі мен 3 қазан аралығында Алматыда қазақтардың І Дүниежүзілік құрылтайы болып өтті. Оған Министрлер Кабинетінің «Қазақтардың бүкілдүниежүзілік конгресін дайындау және өткізу туралы» Қаулысы себеп болды. Осындай конгресті өткізу туралы идея Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Түркияға сапары кезінде туған еді. Атаулы қаулыдан кейін ұйымдастыру комитеті мен штаб құрылды. Әлеуметтік орта, қоғамдық ұйымдар, коммерциялық құрылымдар атсалысты. Әлемнің әр түкпірінен келген қонақтар үшін кеңейтілген мәдени бағдарлама даярланды. Құрылтайға Түркия, Иран, Монголия, АҚШ, Қытай, Австралия, Германия, Англиядан т.б. 30-дан астам елден барлығы 700-ден аса делегат келді. Құрылтай шеңберінде Қазақстан және шетел ғалымдары Ә. Қайдаров, М. Қозыбаев, С.Сартаев, З.Исмайлдың қатысуымен ғылыми практикалық конференция өтті. Қазақ ұлттының азаматтары Қазақстанға қайта оралған жағдайда, оның әлеуметтік қорғалуы жөнінде бірқатар құжаттар қабылданды. Қонақтар Түрікстандағы Қожа Ахмет Яасауидың мавзолейіне, Жезқазған облысына Ұлытауға барып қайтты. Құрылтай қонақтары үшін Республика сарайында концерт қойылды. Құрылтайдың өткізілу барысы мерзімді баспасөзде, радио және теледидар бойынша кең хабарланып отырды. Құрылтайдың негізгі жаңалығы – 30 қыркүйекте Республика сарайында өткен салтанатты мәжіліс болды. Онда Қазақстан Республикасының Президентті Н.Назарбаев сөз сөйледі. Президент өз сөзінде: «Қазіргі уақытта әлемнің 40-тан астам елдерінде 4,5 миллиондай қазақтар тұрады, сондықтан Республиканың құрметті міндеті – қай жерде тұратына қарамастан, әрбір қазақ өз ұлтының тең құқылы өкілі ретінде сезінетіндей жағдай жасау» деп атап көрсетті. Құрылтай 1992 жыл 30 қазанында сенбі күні жабылды. Осындай конгресті өткізу Қазақ халқының өзіндік бірлігін нығайтып, мәдениеті мен дәстүрлерін қалпына келтіру және көтеруге ықпал етті. 1993 жыл, 28 қаңтар – ҚР-ның алғашқы Конститутциясы қабылданды Халық депутаттары Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы жобасын тұтастай қабылдауға дауыс берді. Сол күні кешке Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауға арналған Жоғарғы Кеңестің салтанатты мәжілісінде сөйлеген сөзінде Н. Назарбаев қазақстандықтарды ҚР Конституциясының қабылданумен құттықтады. Конституцияның қабылдануы мемлекет болып қалыптасуға, ұлтық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтардың құқығы мен бостандығының кепілдігін бекітуге негіз қаланды. Конституцияда мемлекеттік билікті заң шығарушы, сот, атқарушы биліктеріне бөлу принципі бекітілген. Конституцияның басқа заңдарға тікелей әсер етуі және олардан жоғарғы тұру принципін іске асыру көзделген. Салтанатты мәжіліске Министрлер Кабинетінің мүшелері, облыстық халық депутаттары кеңестерінің төрағалары, облыстық әкімшіліктердің басшылары, конституциялық комиссия мүшелері, республиканың мемлекеттік символдарының авторлары, соттардың, жергілікті халық депудаттары кеңестерінің, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Алматыдағы шетел дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары қатысты. Алғашқы демократиялық Конституция қабылдануы – Қазақстан өміріндегі тарихи, кең көлемді жаңалық. Ол біздің Республикада жаңа үлгідегі қоғам орнатуға шынайы перспективалар ашты, барлық қазақстандықтардың болып жатқан өзгерістерге және егеменді Қазақстанда жаңаша өмір сүру мумкіндігіне сенімінің нығаюына ықпал етті.Бұл күн республика тарихына кірді 1994 жыл, 6 шілде – ҚР Жоғары Кеңесінің жалпы отырысына Елбасы Н.Назарбаев астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс енгізді «Қазақстан Республикасынын Астанасын көшіру туралы» Қазақстан Республикасы ХІІІ шақырылған Жоғарғы Кеңес қаулысы 1994 жылғы 6 шілдеде қабылданды. Бұл шешімді іс жүзіне асыруға қатысты осы жылдың 15 шілдесінде «Қазақстан Республикасы астанасын көшіру жөніндегі дайындық шаралары жөнінде» Президент Жарлығы қабылданды. Аталған нормативті актілерге қосымша 1995 жылдың 15 қыркүйегінде мемлекет басшысының Заң күші бар «Қазақстан Республикасынын астанасы жөніндегі» Жарлығы жарық көрді. Ал 1995 жылдың 29 желтоқсанында Үкіметтің арнайы қаулысымен «Ақмола қаласына бірінші кезекте көшірілетін жоғарғы және орталық органдардың тізімі» бекітілді Қоныс аудару жөніндегі мәселелерді реттеу ісі Президенттің шешімімен 1995 жылдың 20 қарашасында бекітіліп, 1996 жылдың 30 қаңтарында нақтылынды. Жоғарғы және орталық мемлекеттік органдарды көшіру жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмыс істей бастады. 1997 жылдың 6 маусымында Ақмола қаласында Қазақстан халықтары Ассамблеясынын ІV сессиясы өтіп, 1997 жылдың 20 қаңтарында мемлекет басшысының «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасынын астанасы етіп жариялау туралы», «Алматы қаласының мәртебесі мен оны әрі қарай дамытуға байланысты шаралар туралы» Жарлықтары қабылданды. Алғашқы Жарлық пен Мемлекет басшысының аталмыш шешімін қолдау жөніндегі Парламент қаулысына сәйкес, 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы деп танылды. 1997 жылдың 20 қазан айында – Көлік және коммуникация, Ауыл шаруашылығы, Ақпарат және қоғамдық келісім министрліктері, Қазақстан телерадио корпорациясы, Қоныс аудару жөніндегі комиссия аппараты, Қорғаныс министрлігінің оперативтік тобы, Республикалық Ұлан мен Президентті қорғау қызметінің жекеленген құрлымдары, Сыртқы істер, Ішкі істер және Әділет министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті аппаратының жекеленген бөлімшелері жаңа астанаға көшіп келді. 1997 жылдың 8 қарашасында Ақмола қаласына салтанатты түрде Қазақстан Республикасынын Мемлекеттік рәміздері жеткізілді. Ал, 3 желтоқсанда жаңа астанада Премьер Министрінің канцеляриясы жұмысқа кірісіп, бір жұмадан кейін Парламент депутаттары көшіп келді.
\ 1998 жыл, 10 маусымда – Астананың халықаралық тұсаукесері болып өтті Елорданың тұсаукесер рәсіміне қысқа мерзімді бағдарлама әзірленіп, мұны іске асыруға 217 қазақстандық және шетелдік компаниялар қатысты. Осы үлкен шараға бірінші болып Түрік Республикасының президенті Сүлеймен Демирель келді. Ресми шараға бір күн қалғанда Әзербайжан, Қырғыз, Өзбекстан, Украина елдерінің президенттері келіп жетті. Өткізілген барлық мәдени шаралар «Бүгіннен бастап, ғасырлар бойы, ел жүрегі – Астана» деген әуезді ұранның астында өтті. Осындай театрландырылған мәдени һәм спорттық іс-шаралар жаңа астаналықтардың көңілінен шықты. Мереке қарсаңында Конгрес-холл сарайы пайдаға беріліп, қазақстандық мәдениет және өнер қайраткерлерінің үлкен концерті болып өтті. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған мәртебелі меймандар келіп қатысты. Кешкісін мереке бағдарламасы орталық алаңда жалғасын тапты. Осы жиынға келген халықты күшті динамик арқылы тікелей ғарыштан естілген адам дауысы үлкен әсерге бөледі. Бұл дауыс ғарыштағы «Мир» орбиталық стансасында жұмыс істеп жүрген қазақ азаматы Талғат Мұсабаевтың үні болатын. Ғарышкер бауырымыз орталық алаңда тұрған Елбасымен тікелей тілдесіп, жаңадан тұсауы кесіліп жатқан Астана қаласына ақжол тіледі. Ғарыш стансасының ішінде көкте желбіреп тұрған көк байрағымызды күллі жұрт көрді. 2001 жыл, 16 желтоқсан – ҚР-сы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы тойланды Тәуелсіздіктің 10 жылы қазақстандықтар үшін тұтас дәуір болды. Халқымыз сан ғасырлық арманын жүзеге асырды, өз мемлекеттігін құрды. Бүгінде Қазақстанды дүние қауымдастығы таныды. Ол БҰҰ-ның толық құқылы мүшесі болды, әлемнің көптеген мемлекетерімен елшілік қарым – қатыныс жолға қойылды. Қазақстан халқы өркениетті демократия жолын тандады. Сенат пен Мәжілістен тұратын қос палаталы Парламент жұмыс істей бастады. Қазақстан Парламентінің негізгі қызметті – заң шығару, оның заңнамалық қаракетін жүзеге асыратын жоғарғы өкілетті орган ретіндегі мәртебесі айқындалды. 1995 жылы 25 қыркүйекте бүкіл қоғамдық өмірді тәртіптейтін жаңа Конституция қабылданды. Нарықтық экономиканы нығайтып, орнықтыруға арналған негіз қаланды. Экономикалық тұрақты өсу бағытты байқалды, ішкі жалпы өнім өндірісі қарқындап өсті. Халыққа дәрігерлік және әлеуметтік қызметтерді жақсарту жөнінде шаралар қарастырылды. Тәуелсіз Қазақстан егемен мемлекеттің барлық атрибутына ие: Елтаңбасы, Байрағы, Әнұраны, Атазаңы, әскері, астанасы бар елге айналып үлгерді. Он жыл ішінде Қазақстан Республикасы аталатын ортақ үйді мекендейтін алуан түрлі ұлт өкілдері өзара түсінік тапты, тату-тәтті достық нәтижесінде саяси тұрақтылыққа, бейбітшілік пен берекелі ынтымаққа қол жеткізді. Қазақстан халықаралық аренада өркен жайып келе жатқан демократиясы, нарықтық экономикасы бар мемлекет ретінде орнықты.
Қорытынды 1991 жыл, 16 желтоқсан – «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды Дәл осы күні ҚР Жоғары Кеңесі «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады. Осы сәттен бастап, республика өз аумағында барлық билікті жүргізетін, ішкі және сыртқы саясатын өзі анықтап, өзі жүргізетін тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекетет құзіретін заңды тұрғыда рәсімдеді. Бұл заңды көп ұлтты бүкіл Қазақстан халқы күткен-тін. Бұл сан жылдар бойы тәуелсіздік үшін күресіп келген жүздеген ұрпақтың арман-мүддесінің орындалуы еді. Осы тәуелсіздіктің нәтижесінде біздің республика БҰҰ-ға мүшелікке өтуге, өз еркімен халықаралық аренаға шығуға, басқаның нұсқауы бойынша емес, өз еркімен өркениетті түрде болашаққа қадам жасуға құқылы болды. Әрбір қазақстандық өз өнері мен қабілетін туған республикасына беруі керек, халықтың өмір сүру деңгейі көтеретін нарықтық экономикаға тезірек өтуге ықпалын тигізуі керек. Тәуелсіздік, егемендік статусты республика халықтарына Жаңа Конституцияны жасаумен байланысты сұрақтарға, азаматтық және миграциялық процестердің мәселелеріне жаңаша көзқарастың орнығуына мүмкіндік берді. Қазақ халқы тәуелсіздікке дейін ұзақ та қиын жолдан өтті. 1986 жылы желтоқсан айында тоталитарлық жүйенің орталығына қарсы наразылық білдіруге шыққан жастардың арманы да осы болатын. Осылай республиканың тәуелсіз ел болуына елдегі демократиялық бағыт себеп болды. Ал декларативті интернационализммен емес, ақиқаттығымен ерешеленетін мұндай мемлекетте қазақ халқы өзінің ұлттық тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтап қала алады. Осы құқықты иеленуге ол лайық болатын. Болашақ достыққа апаратын жолда барлық демократиялық күштер бірігеді. Бұл Қазақстан азаматы саналатын барлық ұлттар құқығының кепілі болмақ.
« Пайдаланылған әдебиеттер 1-Педагоикалық ізденіс» құрастырушы И.Н. Баженова Алматы 2000
|