|
The various facilities grouped inside the Semipalatinsk Test Site 8 pageDate: 2015-10-07; view: 490. Сыртқы маңызды саяси оқиғалардың арасынан еліміздің 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) кіргендігін, Европадағы қауіпсіздік және әріптестік Ұйымына (ОБСЕ), Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымына (ЮНЕСКО), Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТЮРКСОЙ) мүше болуы, өзге де кеңес дәуірінің мемлекеттерімен ұжымдық қауіпсіздік туралы Шартқа қол қоюы (ДКБ), Азиядағы сенімді өзара қарым-қатынас және шаралар қабылдау жөніндегі Кеңес құру бастамашылығын көтеру (СВМДА) атап өткен жөн. Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық саяси және экономикалық қатынастардың жетекші қатысушысы, сонымен қатар, әр түрлі мемлекетаралық және интеграциялық жобалардың бастамашысы ретінде маңызды рөл атқарады. Біздің Қазақстан тарихындағы салтанатты жетістігі және оның саяси салмағы мен беделін сыртқы әріптестерінің жалпылай мойындауының айғағы еліміздің 2010 жылы ОБСЕ төрағалық етуі болды. Сонымен бірге Қазақстаннның кез келген халықаралық бастамашылығы тек республикаға ғана емес, ең алдымен оның азаматтарына да саяси және экономикалық тиімділік әкелетіндігін түсіну қажет. Әсіресе бұл бүгінгі күні республикамыз Ресей және Беларусиямен бірлесе отырып 2015 жылы Евразиялық экономикалық одақ құру бағытында интеграциялық жобаларды жүзеге асыру кезінде өзекті болып отыр. Сәйкес үрдістер едәуір ауыр өтуде және қазақстандық қауымдастықтардың ішкі және топтар арасындағы әр түрлі мағынадағы қайшылықтар туындатады. Осының бәрін, Қазақстан басшылығы алдағы уақыттағы республиканың сыртқы саяси бағытын белгілеуде екіжақты, сондай-ақ көп жақты әріптестік құру шегінде ескерілуі қажет. Экономиканы одан әрі интеграциялау мақсатымен Қазақстан 1995 жылы 28 каңтарда Ресей Федерациясы және Белоруссиямен кедендік одақ құру туралы шартқа қол қойды. Одаққа Қырғызстан мен Тәжікстан қосылғаннан кейін бұл альянс Еуразиялық Экономикалык Одақ болып қайта құрылды, кейін Орталық азиялық экономикалық қауымдастық дүниеге келді. Өзара достық, көршілік қарым-қатынасты одан әрі нығайту үшін 2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, ал 2004 жыл Қазақстандағы Ресей жылы болып жарияланды. 2005 жылға қарай Қытаймен, Өзбекстанмен және Ресеймен шекара мәселесі шешілді. 1995 жылы желтоқсанда Қазақстан «Ислам конференциясы» ұйымына толық құқықты мүше болып енді, ал бұл қаржы, жаңа технологиялар алмасуға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасына инвестиция тарту мақсатымен 2000 жылы 26-28 сәуірде Алматыда «Еуразия-2000» экономикалық саммиті болып өтті. Оның жұмысына ықпалды халықаралық қаржы орталықтары қатысты. Қазақстан сыртқы саясатта көп қырлы, сындарлы саясат ұстанып отыр. Астана халықаралық басқосулар өткізудің орталығына айналды. 2001 жылдың 22 қыркүйегінде Рим Папасы II Иоанн Павел Қазақстанда болып қайтты. Бұл Қазақстанның бейбітшілік сүйгіш держава ретіндегі рөлін мойындаудың көрінісі еді. Қазақстан астанасында аса маңызды басқосу - әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының съезін өткізу де дәстүрге айналып отыр. Алғашқы съезд 2003 жылдың 24 кыркүйегінде болып өтті. Бұл басқосуға 17 конфессия өкілі қатысты. Қазақстан Республикасының Президенті съезде сөйлеген сөзінде: «Материалдық игіліктермен ешқандай байланыспайтын даусыз ұлы құндылықтар бар, олар адам үшін әрдайым басым және негіз қалаушы болып қалады. Олардың бастылары - руханият, адамгершілік. Бұларды өз бойына негізгі жинақтаушы дін болып табылады, ол ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық және діни дәстүрлерді, әр халықтың телтума тарихи және мәдени тәжірибесін сақтап келеді» деп атап көрсетті. Астанада 2006 жылдың 1 қыркүйегінде Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының екінші съезі қарсаңында, бірінші съезде туындаған ғимарат салу идеясы іске асты. Бейбітшілік және келісім сарайы салтанатты түрде ашылды. Сарайды ашу рәсімінде Н.Ә.Назарбаев «Шығыс пен Батыс мәдениеті мен стилінің үйлесімі біздің жас астанамыздың келбетімен керемет жарасым тапқанын» атап өтті. 2006 жылдың 12-13 қыркүйегінде өткен екінші съездің басты тақырыбы «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» мәселесі болды. Съезд жұмысына 20-дан астам елден 43 өкіл қатысты. Құрметті қонақ ретінде көрнекті саясат және қоғам қайраткерлері шақырылды, олардың ішінде - ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Коичиро Мацууру, БҰҰ бас хатшысының орынбасары Сергей Орджоникидзе т. б. болды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң, халықаралық аренада өзін сенімді түрде мелімдеді. Тиянақты да бейбітшілік сүйгіш саясатының арқасында Қазақстан дүниежүзілік мемлекеттер қауымдастығындағы ірі-ірі ұйымдар қатарына қабылданды. Қазақстан 1993 жылы ТМД елдері арасында алғашқылардың бірі болып Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылды. 1995 жылы бұрынғы Семей полигонында соңғы ядролық заряд жойылды. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы қызметі саяси-құқықтық жағынан жүйеленді, сыртқы саясат тұжырымдамасы жасалды. Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі сыртқы саясатының ерекшелігі - көпвекторлық пен теңгермелілікті, әріптестердің сыртқы саясаттағы ұстанымдарында тәуелділіктің болмауын, кез келген аймақтың даму жағдайын, әлемдік нарықтағы конъюктуралық өзгерістерді ескеріп отыруды көздейді. Көпвекторлық - тәжірибе жүзінде біздің көршілерімізбен (ТМД мемлекеттері), сондай-ақ Батыстың, Азия мен Таяу Шығыстың алдыңғы қатарлы елдерімен өзара ынтымақтастықты білдіреді. Ресей, Қазақстан және Белорусия арасындағы КО
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш ел - Ресей, Белорусия Қазақстан үшін бірыңғай кедендік тариф күшіне енді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап бірыңғай кедендік кодекс енгізілетін болады. 2011 жылдың ортасынан бастап тауарлардың кедендік бақылауы Беларусь Республикасының, ал бір жылдан кейін Қазақстан Республикасының сыртқы шекарасына көшірілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «Толыққанды және толық ауқымдағы Кедендік 2011 жылдан бастап енгізіледі және Ресей мен Қазақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік және тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өзгертіледі» деп атап көрсетті.
Қазіргі Кедендік Одақтар Одаққа бірігудің негізгі мәні одаққа мүше мемлекеттер ішіндегі кедендік тосқауылдардың болмауында және кез келген сыртқы тауарға, оның қай елге тасымалданатынына және ортақ шекарадан қай жерде өткеніне қарамастан бірыңғай кедендік талапты қалыптасуында. Келешекте біртұтас көліктік, энергетикалық, ақпараттық кеңістік құрылуы тиіс, интеграциялық процестер жеделдетіледі, толыққанды жалпы рынок қалыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеуметтік-экономикалық дамудың ортақ мақсаттарына келіседі, уағдаласқан құрылымдық, инновациялық, сыртқы экономикалық және әлеуметтік саясатты қалыптастырады. [өңдеу]Қарамақайшылықтар
Кедендік одаққа қатысудан Ресей, Қазақстан және Белоруссия қандай дивидендтер алатындығы заңды сұрақ. Қазақстанда, әсіресе Белорусияда бұл КО-тан ұтыламыз деген дауыс толассыз естілуде. Олай деуге негіз бар: жаңа Одақтың заңнамалық негізі кем деген де 90% Ресей Кеден заңына негізделген, сондықтан шикізатқа негізделген экономикалы Қазақстан үшін тек Қазақ ірі шикізат өндіруші компанияларға бұл Одақ пайдалы болғанымен, қалың қазақтар үшін 3-ші елден (Қытайдан) келетін арзан тұрмыстық заттар қол жетімсіз болып қымбаттайды деген сөз. Осылайша Өмір деңгейі де кем деген де 10-20% нашарлайды, ал аяқтарына толық тұрып үлгермеген қазақ биснесі үшін де бұл Одақ өте қауіпті. Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға 1992 жылғы қаңтардың 30-ында кірді. Осы жылғы шілденің 8-інде республика ЕҚЫК-нің Хельсинки қорытынды актісіне, ал қыркүйектің 23-інде – Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясына қол қойды.Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығын қабылдайды, болашақ еуропалық қауіпсіздік сәулетіне қатысты үнқатысуды ұйымдастыруды нығайтуға және оны дамытуға тырысатын болады АСТАНА, 1 қаңтар 2010 жыл – Бүгін Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығын қабылдап, ЕҚЫҰ құндылықтары мен қағидаттарын қалтқысыз ұстануға, барлық мүше-мемлекеттер мүдделерін ескеруге сонымен қатар еуразиялық кеңістіктің қауіпсіздігіне нақты үлес қосатын маңызды үнқатысу алаңы ретіндегі ЕҚЫҰ ролін дамытатындығын растайды. «Қазақстан Ұйымда төрағалық ететін алғашқы орта азиялық ел және бұрынғы кеңес одағы республикасы. Бұл мүше мемлекеттердің тең құқыққа ие екендігі туралы қағидаттың күшінде екенінің дәлелі, сонымен қатар стратегиялық маңызды өңірде және ЕҚЫҰ кеңістігінде Қазақстан ролінің артуда екенін мойындау болып табылады., - деді ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев. «ЕҚЫҰ төарағасы ретінде, Қазақстан бейтараптық және үйлесімділік қағидаттары негізінде Венадан Шығыс пен Батысқа созылған ұйымның мүше-мемлекеттер ұстанымын жақындатуға, Ванкувердан Владивастокқа дейінгі кеңістіктегі ынтымақтастықтың нығаюы мен қауіпсіздіктің бекуіндегі Ұйым ролін өсуіне жағдай жасамақ. Сөзін жалғасытра келе ол: «Қазақстан «Корфу процесін» жалғастырады және ұзақ қақтығыстар өңіріндегі ахуалды тұрақтандыру мен оларды шешудегі, халықаралық көлік дәліздерін дамытудағы, толеранттылық пен өзаратүсіністікті нығайтудағы ЕҚЫҰ жұмыстарына жаңа серпін беруге тырысатын болады. Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 65 жыл, Хельсинки қорытынды актісіне 35 жыл және жаңа Еуропалық Париж хартиясына 20 жыл толуы қарсаңына келетін ЕҚЫҰ Саммитіне дайындық пен оны ұйымдастыруға қатысты барлық ЕҚЫҰ серіктестерімен белсенді жұмыс жүргізетін болады.»- деді. Қ. Саудабаев төрағалықты 2009 жылы ЕҚЫҰ-да төраға болған Грекия Премьер-министрі-Сыртқы істер министрі Георгиос Папандреудан қабылдап алды. «Мен Премьер-министр Георгиос Папандреға ЕҚЫҰ-дағы төрағалық кезіндегі жемісті еңбегі үшін алғысымды білдіргім келеді – деді Қ.Саудабаев. – Сонымен қатар мен Литваны және оның оның Сыртқы істер министрі Вигаудас Ушацкасты Үштікке қатысуымен құттықтағым келеді». Жаңа төраға Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы кезіндегі басым бағыттары туралы 14 қаңтарда Венада ЕҚЫҰ-ның басты органы болып табылатын Тұрақты кеңес отырысындағы баяндамасында мәлім ететін болады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымы бірегей халықаралық ұйым болып табылады. Оның негізін Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, елдер арасындағы достық қатынастарды дамыту мен әлеуметтік прогреске көмек көрсетуге, өмір сүру мен адам құқығы саласындағы істің жағдайын жақсартуға арналған бағытты жақтаушы болып табылатын 51 елдің өкілдері қалады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының күшіне енуінің бір жылдығы — 1945 жылғы 24 қазан күні — 1948 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы күні ретінде тойланады. Дәстүр бойынша ол әлемде Ұйымның жетістіктері мен мақсаттарына арналған мәжілістер, пікірталастар мен көрмелер ұйымдастырумен атап өтіледі. Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 2 наурыздан бастап (БА 46/224 қарары) Біріккен Ұлттар Ұйымының толық қанды мүшесі болды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстандағы өз жұмысын 1992 жылғы 5 қазанда Президент Назарбаевпен сол кездегі БҰҰ Бас Хатшысы Бутрос Бутрос Гали арасында келісімге қол қойылғаннан кейін 1993 жылдың басында бастады. Соңғы 19 жылда БҰҰ агенттіктері макроэкономикалық реформа жүйесінде бірқатар стратегиялар, бағдарламалар мен заң жобаларын әзірлеуге, денсаулық сақтау мен қоршаған ортаны сақтау саласындағы басқаруды жақсартуға қолдау көрсетті. Олардың ішінде айтарлықтай маңыздысы «Қазақстан-2030» ұзақмерзімдік даму бағдарламасы болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде жұмыс істей отырып әрбір агенттіктің өз мандаты бар және қызметтің белгілі бір түріне назар аударады. Агенттік басшылары БҰҰ Тұрақты үйлестірушінің жетекшілігімен БҰҰ Елдік Командасын қалыптастырады. БҰҰ Елдік Командасы агенттіктің ұжымдық мықты жақтарына сүйене отырып дамудың ұлттық басымдықтарына қол жеткізу үшін стратегиялық үлес қосуды қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының мынадай мамандандырылған агенттіктері, бағдарламалары мен қорлары жұмыс істейді: 69)"Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше, 28 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы халыққа Жолдауын арнады. ҚазАқпарат Мемлекет басшысы Жолдауының толық мәтінін таратады.
Қадірлі отандастар!
Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар!
Биыл - біз үшін ерекше қастерлі жыл.
Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық.
Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық.
Естеріңізде болар, 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауымда мен былай деген едім:
«2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады».
Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ.
Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел жастың өзінде жеттік!
Күні кеше Астанада 56 елдің басшылары мен халықаралық ұйым өкілдерінің басын қосқан Саммит - соның айшықты айғағы.
Жұлдызымызды жарқырата түскен бұл мерейлі белестен бұрын да біз біршама биіктерді бағындырдық.
Біз талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық.
Осы жылдары шет елдерден 800 мыңнан астам отандасымыз келіп, халық саны бір жарым миллионға артты.
Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық.
Есілдің жағасына серпінді дамуымыздың символы болған еңселі Елорда қондырдық.
Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады.
Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде 60 миллиард долларға жуық қаржыны құрайды.
Ырыс - ынтымаққа жолығады, дәулет - бірлікпен толығады.
Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 120 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды.
Сонымен қатар біз әлемнің 126 еліне 200-ден астам өнім түрін шығарамыз.
Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігі шағын және орта бизнестен құралады.
Ауыл шаруашылығы саласы да дамып келеді.
Ішкі жалпы өнім өсімі 2010 жылы 7 пайыз, өнеркәсіп өндірісі - 10 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құрады.
Орташа айлық жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2010 жылы 80 мың теңгеге дейін артты.
Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан өткен жылы 26 сатыға ілгерілеп, 110 ел арасынан 50-ші орынға көтерілді.
Біздегі орташа айлық жалақы 5 жарым есеге, зейнетақының орташа көлемі 4 есеге көбейді.
Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет бұрдық.
Алдымызға ұлан-ғайыр мақсаттар қойдық және оларға қысқа мерзімде қол жеткіздік.
Тәуелсіздік жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды.
Медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды.
Еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қатарында келеді.
Өткен онжылдықта білімге бөлінетін қаражат 10 есеге көбейді.
Осы жылдары 750 жаңа мектеп салынды.
Сонымен қатар, 5 302 мектепке дейінгі мекемелер, 1 117 балабақша мен 4 185 орталық ашылды.
Астанада ғылым мен білім индустриясының жаңа ғасырдағы орталығы болатын университет ашылды.
Біз осылайша аз жылда абыройы артқан айдынды елге, қуатты ұлтқа айналдық.
Осының бәрі жұртымызды жаһандық ауқымда ойлауға баулу мақсатында жасалуда.
1. Жеделдетілген экономикалық жаңғырту - Үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасының жалғасы
Құрметті қазақстандықтар!
Біз Тәуелсіздіктің жиырмасыншы жылына аяқ бастық.
1991 жылдың желтоқсанында, өзіміздің стратегиялық мақсатымыз ретінде орнықтылық пен табысқа жетуді таңдап ала отырып, біз әр жаңа кезеңнің дамуына жаңа бағдарламалар жасап, алға жылжыдық.
Біз кеуделі міндеттерге ұмтылып, оларға қол жеткіздік.
Ел ілгерілеуінің шоғырланған көрсеткішін ғана келтірейін.
1994 жылы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім жеті жүз доллардан сәл ғана асатын.
2011 жылдың 1 қаңтарына қарай бұл көрсеткіш 12 еседен артық өсіп, 9 мың АҚШ долларынан асып түсті.
Біз бұл деңгейге тек 2015 жылы ғана жетеміз деп есептеп едік.
Әлемдік тәжірибе тәуелсіздіктің алғашқы 20 жылында мұндай нәтижеге ешқандай ел қол жеткізе алмағанын көрсетеді.
Мысалы, егемен дамудың алғашқы жиырма жылында жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім Оңтүстік Кореяда 3 есе, Малайзияда - 2 есе, Сингапурда - 4 есе, Венгрияда - 5 есе, Польшада 4 есе өскен.
2010 жылдың қаңтарында ел халқына Жолдауымда мен Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жария еттім.
Қазірдің өзінде оны жүзеге асырудың алғашқы жылының нақты қорытындылары бар.
Біз 152 кәсіпорынды іске қостық, 24 мыңға жуық қазақстандықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз еттік.
Бүкіл ел бойынша барлығы сегіз жүзге жуық әртүрлі өндіріс орны құрылды.
Біз химия және жеңіл өнеркәсіпті белсенді түрде қалпына келтіру мен дамыту үдерісін бастадық, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде серпіліс жасадық.
2014 жылға дейін жалпы құны 8,1 триллион теңгені құрайтын 294 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
161 мың тұрақты жұмыс орны және 207 мың құрылыс уақытына есептелген жұмыс орны құрылады.
Алғашқы индустриялық бесжылдықтың алғашқы жылының басты қорытындысы - экономиканың нақтылы секторының есебінен экономикалық өсуде елеулі құрылымдық өзгерістердің басталуы.
Таяу онжылдықтағы Стратегиялық жоспардың мақсаттарын тағы да еске салып өтейін.
2020 жылға қарай біз мынандай көрсеткіштерге қол жеткізуге тиіспіз.
Ішкі жалпы өнім өсуі кемінде 30 пайыз болады.
Өңдеуші салалардағы өсім игеруші салалар деңгейінен асып түседі немесе соған жетеді.
Ұлттық қордың активтері ІЖӨ-нің кемінде 30 пайызын құрайды.
Экономиканың шикізаттық емес секторына салынатын отандық және шетелдік инвестиция кемінде 30 пайызға артады.
Ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызды құрайды.
Халықтың саны 18 миллион адамға жақындайды.
Білікті мамандардың үлесі 40 пайызды құрайды.
Жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға дейін төмендейді.
Ауыл шаруашылығындағы еңбектің өнімділігі 2014 жылға қарай 2 есе, ал 2020 жылға қарай 4 есе өседі.
Аграрлық секторда етті мал шаруашылығын дамыту жөнінде бұрын-соңды болып көрмеген жоба жүзеге асырылады.
2016 жылдың өзінде ет экспорты 60 мың тоннаға жетеді, мұның құны 4 миллион тонна бидай экспортына тең.
Мемлекет бұл мақсатқа 130 миллиард теңгелік несие ресурстарын бөледі.
|