Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






The various facilities grouped inside the Semipalatinsk Test Site 9 page


Date: 2015-10-07; view: 423.


 

Бұл ауылдық жерлерде 20 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүм­кін­дік береді, жүз мыңнан астам ауыл тұрғындарының кіріс көзіне айналады. Мұның өзі малдың барлық түрінің асыл түліктері мен тұқымдарының бас санын көбейтуге мүмкіндік береді.

 

Бұлардың барлығы сабақтас салаларда - ауылшаруашылық мәшине жасауда, химия және тамақ өнеркәсібінде, жемшөп өндірісінде, техника жөндеуде өндірісті ұлғайтуға қозғау салады.

 

Үкімет, барлық өңірлердің әкімдері селодағы индустрияландырудың осы­нау маңызды бөлігімен айналысуға тиіс.

 

Біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі қуат шығындарын азай­ту­ды қамтамасыз ететін тиімді тех­нологияларға негізделуі керек.

 

Шикізаттық емес секторларды да­мы­ту мақсатында Үкіметке Қуат тиім­ділігінің кешенді жоспарын жасап, бекітуді тапсырамын.

 

Индустрияландыру өңірлік саясат­тың жаңа парадигмасын қалыптастырады.

 

Үкімет әкімдермен бірлесе отырып Өңірлерді дамыту бағдарламасын жасап, бекітуі керек.

 

Мұның барлығы - біздің саналған-сараланған жоспарларымыз.

 

Біз әлі жол басында тұрмыз.

 

Егер жақсырақ, дәулеттірек өмір сүргіміз келсе, біз осы жұмысты ат­қаруға тиіспіз.

 

Мен бизнес қуатты болса, мемлекет те қуатты деген қағидатты жақ­тау­шымын.

 

Біз алғаш рет «Мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заң қабыл­дадық.

 

Бақылау жүргізудің бүкіл мемлекеттік органдар үшін ортақ қағидат­тары мен тәртібі белгіленген. Бұл бизнеске әкімшілік қысымды бұрынғыдан да азайта түсу үшін жасалды.

 

Құқық қорғау жүйесін реформалау аясында қазірдің өзінде 16 заң қа­былданды.

 

Меншікті қорғаудың құқықтық те­тіктері енгізілді, үлкен қоғамдық қауіп төндірмейтін қылмыстар бойын­ша қылмыстық заңдылықты ізгілендіру жүргізілді, бостандығынан айырумен байланысты болмайтын, сондай-ақ қа­мауға алуға балама жазаларды қол­да­нудың аясы кеңейтілді. Осының ар­қа­сында биылғы жылдың өзінде ауыр­лығы азын-аулақ және орташа қыл­мыс­тары үшін сотталған екі мыңға жуық адам бостандықтан айыру орында­ры­нан шығарылады.

 

Құқық қорғау органдары аппарат­тарының саны 15 пайызға қысқар­тыл­ды. Олардың құрылымдары оңтайлан­ды­рылды.

 

Құқық қорғау органдарына тән емес қызметтер жеке секторға берілді.

 

Сот жүйесінде елеулі өзгерістер жасалуда.

 

Сыбайлас жемқорлықпен бітіспес күрес жүріп жатыр.

 

Қазіргі таңда халықаралық сарап­шы­лардың бағасы бойынша Қазақ­стан­ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы ең тиімділердің бірі деп танылған.

 

Тек 2 жылдың ішінде қылмыстық жауапкершілікке 40-тан астам рес­пуб­ликалық деңгейдегі жетекші, облыстық және қалалық ауқымдағы 250-ден астам лауазымды тұлғалар тартылды, олардың арасында 39 әкім мен олар­дың орынбасарлары бар.

 

Қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау министрлерінің, статистика жө­ніндегі агенттік төрайымының, тө­тен­ше жағдайлар және қорғаныс вице-ми­нистр­лерінің, «Қазақстан темір жолы» компа­ния­сы басқарма төрағасының, «Қаз­Мұ­най­Газ», «Қазатомпром» ком­па­ния­лары президенттерінің үстінен қыл­мыс­тық іс қозғалып, жауапкершілікке тартылды.

 

Үш жылдың ішінде біздің еліміз әлем­дік антикоррупциялық рейтингтегі көр­сеткішін бірден 45 сатыға жақ­сарт­ты.

 

Осы индекс бойынша біз бүкіл ТМД-да үздік позицияда тұрмыз.

 

Бұл жұмыс ымырасыздықпен жалғастырылады.

 

Бүкіләлемдік банктің 2010 жылғы баяндамасында Қазақстан бизнес мүд­десі үшін реформа жүргізуде көш­басшы деп танылған.

 

Бизнеске неғұрлым қолайлы ахуал жасау жөніндегі әлемдік рейтингте Қазақстан 183 елдің арасынан 59-шы орынды иеленеді.

 

Тұтастай алғанда мемлекеттік ор­ган­дардың шаруашылық жүргізуші субъек­тілердің қызметіне негізсіз араласу фактілері тыйылды деуге жақын қалды.

 

Өткен жылы Қазақстан, Ресей мен Беларусьтің Кедендік одағы жұмысын бастады.

 

2010 жылдың 10 айының нәтиже­сінің өзінде Ресеймен және Беларусьпен сауданың көлемі 38 пайызға өсті.

 

Қазақстандық өнімдердің Кедендік одақ елдеріне экспорты 52,4 пайызға артты. Бюджетке құйылатын кедендік баждың өсімі 25 пайыз болды.

 

Осының бәрі Кедендік одақтың біздің елдеріміздің экономикалық міндеттерін шешетін өте прагматикалық әрі нақты жоба екенін ап-анық көрсетеді.

 

Біз Біртұтас экономикалық кеңістік құру ісінде барынша ілгеріледік. Ол кеңістік қазақстандық өндірушілер үшін өнім өткізудің байтақ базарын ашады.

 

Бұл бәсекеге шыдас беретін тауарлар шығару мен қызмет көрсету үшін біздің бизнесімізді ынталан­дырады.

 

2. Әлеуметтік жаңғырту - жаңа әлеуметтік саясат

 

Біз өзіміздің индустрияландыру және экономиканы технологиялық тұр­ғыдан дамыту жөніндегі жоспар­ла­рымызды нақпа-нақ айқындап алдық.

 

Біздің бағдарламаларымыздың бас­ты мақсаты - халықтың әл-ауқатын нығайту.

 

Сондықтан да мен биылғы Жолдауда әлеуметтік жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударып тұрмын.

 

Мен үш аса маңызды мемлекеттік бағдарламаларды - білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамыту бағдарламаларын бекіттім.

 

Үкіметке әкімдермен бірлесе оты­рып биылғы 1 мамырға дейін мынандай қағидатты түрде жаңа бағдарлама­ларды, яғни:

 

жұмыспен қамтудың жаңа стра­те­гиясын;

 

тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лық­ты жаңғырту;

 

халықты сапалы ауыз сумен қам­тамасыз ету бағдарламаларын жасап, қабыл­дау­ды тапсырамын.

 

Бұл бағдарламалар елдің мил­лион­да­ған қарапайым адамдарының күн­бе-күнгі мәселелерін шешуге бағыт­тал­ған.

 

Олар қазақстандықтардың өмір са­пасын жақсартады.

 

Жаңа әлеуметтік саясаттың басты ас­пектілеріне нақтырақ тоқталып өт­пек­пін.

 

2.1. Білім беру

 

Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз.

 

Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды.

 

Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде.

 

«Өмір бойы білім алу» әрбір қа­зақ­стандықтың жеке кредосына айналуы тиіс.

 

Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңарт­пақ ниеттеміз.

 

Бүгінде дамыған елдерде 1 миллион тұрғынға 1-ден 6 жоғары оқу ор­нына дейін келеді.

 

Қазақстанда барлығы 149 жоғары оқу орны бар.

 

200 ғылыми кеңестер кандидаттар мен докторларды қалыптан құйғандай етіп жасап шығарып жатыр.

 

60 кандидаттың 1-і және 37 док­тор­дың 1-і ғана ғылымға барады.

 

Осы жылдан бастап ол кеңестердің жұмыстары тоқтатылады.

 

Бұдан былай магистрлар мен PhD докторлар дайындалатын болады.

 

Біз университеттік білім беру мен ғы­лымды дамытудың жаңа деңгейін қам­тамасыз етуге міндеттіміз.

 

Бүгінде жаңа «Назарбаев уни­вер­си­теті» арқауында нарық сұранысына бағдарланған жоғары оқу орнының инновациялық моделі қалыптасты­ры­луда.

 

Ол барлық қазақстандық жоо-лар үшін үлгі болуы керек.

 

Менің тапсырмам бойынша бүкіл елде ашылып жатқан 20 зияткерлік мектептер дарынды балаларды үздік жоо-лар үшін дайындаудың не­гізгі арқауына айналатын болады.

 

Үкіметке мыналарды тапсырамын:

 

● жоо-лардың инновациялық қыз­мет­ке көшу тетігін қалыптастыру;

 

● білім берудің сапасын арттыру және қолжетімділігін кеңейту үшін білім беруге қолдау көрсетудің жаңа қаржы­лық-экономикалық құралдарын енгізу;

 

● техникалық және жоғары білім бе­рудің деңгейлері үшін бүгінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотекалық құрылыста жүзеге асырып отырғанға ұқсас жинақтау жүйесін әзірлеу.

 

Қазақстандықтарда мемлекеттен пай­ыз­дық бонустар ала отырып бала­ларын оқытуға қаржы жинаудың жаңа мүмкіндіктері пайда болуға тиіс.

 

● бизнес-қауымдастықтар мен жұ­мыс берушілер өкілдерін қатыстыра оты­рып Кәсіптік-техникалық кадр­лар дайын­дау жөнінде ұлттық кеңес құру.

 

Білім беру жүйесіндегі барлық жұ­мыс мынандай нәтижелерге қол жет­кізуге бағытталуы тиіс.

 

Мектепке дейінгі білім берумен және тәрбиемен қамтылған балалардың үлесі 2015 жылға қарай 74 пайыз­ды, 2020 жыл­­ға қарай 100 пайызды құ­райтын болады.

 

Менің тапсырмам бойынша қабыл­дан­ған «Балапан» бағдарламасын жү­зеге асыру нәтижесінде тек 2010 жылы ғана 35 балабақша, 1534 мини-ор­та­лық, 137 жекеменшік балабақшалар салынды.

 

Бұрын жекешелендіріліп кеткен мек­теп жасына дейінгі мекемелерді қай­тару есебінен 172 балабақша ашылды.

 

Балаларды мектепке дейінгі ұйым­дармен қамту 30-дан 55 пайызға дейін өсті.

 

2020 жылға қарай біз оқытудың 12 жылдық моделіне толықтай көшетін бо­ламыз. Ол үшін біз 2015 жылға қа­рай республикалық бюджет қаржысы есебінен кемінде екі жүз мектеп салып, осынша мектепті жергілікті бюджет есебінен тұрғызамыз.

 

2015 жылға қарай білім беру ұй­ым­дарының 50 пайызы электронды оқы­туды пайдаланып, 2020 жылға қа­рай оның саны 90 пайызға дейін артады.

 

2020 жылға қарай халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық аккредитациялаудан өткен жоо-лар үле­сі 30 пайызды құрайтын болады.

 

Инновациялық қызметті жүзеге асы­ра­тын және ғылыми зерттеулердің нәти­желерін өндіріске енгізетін жоо-лардың үлесі 5 пайызға дейін артады.

 

Кемінде 2 жоғары оқу орны үздік әлемдік университеттер рейтингінде аталатын болады.

 

Сапалы білім беру Қазақстанның ин­дустрияландырылуының және ин­но­ва­циялық дамуының негізіне айналуы тиіс.

 

2.2. Денсаулық сақтау

 

Осы жылдар бойына біз қазақ­стан­дықтардың денсаулығын жақсарту үшін қажет нәрсенің бәрін жасадық.

 

Денсаулық сақтауды қаржыландыру 2002 жылғы ІЖӨ-нің 1,9 пайызынан 2010 жылы 3,2 пайызына дейін ұл­ғайды.

 

Бүгінде бүкіл ел көлемінде тұңғыш рет медицинаның ең бір күрделі ба­ғыт­тары бойынша операциялар жасалуда.

 

Жетекші шетелдік клиникалармен байланысы бар 150 телемедицина ор­талықтары құрылды.

 

Осыдан жиырма жыл бұрын бізге ол тек арман ғана болатын.

 

Жүргізілген жұмыс нәтижесі ретінде бала туудың 25 пайызға көбейгенін, адам өлімінің 11 пайызға төмендеп, ха­лықтың табиғи өсімінің 1,7 есе арт­қанын атап өтуге болады.

 

2013 жылы Біртұтас ұлттық ден­саулық сақтау жүйесін енгізу аяқталады.

 

Біз аурудың алдын алуға шындап кі­рісіп, бастапқы медициналық-сани­тарлық жәрдемнің сапасын арт­ты­руымыз керек.

 

Халықаралық бағалаулар бойынша, негізгі науқастар түрлерімен ауыратын тұрғындардың 5 пайыздайы денсаулық сақтаудың барлық қызметтерінің 70 пайыздайын ғана пайдаланады.

 

Профилактикалық жұмыстарды сауат­ты ұйымдастырған жағдайда ерте сатыда-ақ аурулардың алдын алуға болады.

 

Сондықтан Қазақстанда халықтың мақсатты топтарының денсаулық жағ­дайын бақылаудың ұлттық бағ­дарламалары кешенін енгізу қажет.

 

Бірінші кезекте, олар балалар, жас­өспірімдер, бала туу жасындағы әйел­дер.

 

Ауыл тұрғындары үшін меди­циналық көмектің қолжетімділігін кеңейтуге айрықша назар аудару қажет.

 

Өткен жылы жаңа әлеуметтік жоба - мамандандырылған емдеу-диагнос­ти­калық екі «Денсаулық» пойызы жұ­мысын бастады.

 

Олар еліміздің ең шалғай түкпір­лерінде ондаған мың адамдардың денсаулықтарын тексеріп, ем жасады.

 

Қазақстан үшін көліктік медицина өте көкейкесті, сондықтан біз оны дамытатын боламыз.

 

Биылғы жылы тағы бір пойыз жіберілетін болады.

 

Жұмылғыш медициналық кешендер-автоклиникалар санын 50 бірлікке дейін жеткізу қажет.

 

Оларды шығару Қазақстанда жүзеге асырылуға тиіс.

 

Үкіметке 2015 жылға дейін сани­тарлық авиация мұқтажы үшін кемінде 16 тікұшақ ұйымдастыруды қам­та­масыз етуді тапсырамын.

 

Сол сияқты жол бойындағы меди­циналық-құтқару пункттерін құру мәселесін жеделдете қарастыруды да тапсырамын. Оларды республикалық маңыздағы жолдардың апаттық қауіпті учаскелерінде орналастыру қажет.

 

Төтенше медициналық жәрдем қыз­меті көп салалы жұмылғыш және аэ­рожұмылғыш госпитальдармен жа­рақ­тандырылуы тиіс.

 

Бұл шаралардың біздің мыңдаған азаматтарымыздың өмірін құтқарып қалатынына сенімім мол.

 

Қылмыстық-атқару жүйесіндегі туберкулез бен ВИЧ аурулары және одан болатын өлім деңгейін төмендетуге мұ­қият назар аудару қажет.

 

Осы міндеттерді орындау нәти­же­сінде 2015 жылға қарай қазақ­стан­дықтардың өмір жасының күтілетін ұзақтығы 70 жасқа дейін, ал 2020 жыл­ға қарай 72 жасқа дейін ұлғая­тын болады.

 

Саламатты өмір салтын насихаттап, барлық жерде салынған спорт базаларын пайдалану керек.

 

2015 жылға қарай 350 дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер және емханалар салы­натын болады.

 

2.3. Тілдерді дамыту

 

Көп тілді және көп конфессиялы қоғамдағы бейбітшілік пен келісім - бұл сіздер мен біздің еңбегіміз, құрметті қазақстандықтар.

 

Қазақстандықтардың өзіміз өмір сүріп, елімізді жақсылықтарға бастап бара жатқан туған жерге атауын берген мемлекеттік қазақ тілін құрметпен және лайықты оқып-үйрене бастағандығын атап өтудің өзі қуанышты.

 

Бүгінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі басым көпшілікті құрайды.

 

Бұл Тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі.

 

Біздің міндетіміз - 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақ­стандық­тар санын 80 пайызға дейін жеткізу.

 

Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс.

 

Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады.

 

Ол үшін біз бәрін де жасап жатыр­мыз.

 

Біз сол сияқты орыс тілін және өзге де қазақстандық этностар тілін да­мы­татын боламыз.

 

Мен қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу - әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін.

 

Сондықтан 2020 жылға қарай ағыл­шын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есеп­теймін.

 

2.4. Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы

 

Екі жыл ішінде дағдарысқа қарсы «Жол картасы» шеңберінде біз халықты еңбекпен қамтамасыз етіп, жұмыссыз­дық­ты азайттық және қалаларымыз бен селоларымыздағы инфрақұрылым­дар­ды жақсарттық.

 

Бұл бағдарламалар қазақстан­дық­тар­дың кең қолдауы мен разылығына ие болды.

 

Бүгінде жаңа экономика білікті кадрлардың жаңа генерациясын талап ететін болғандықтан еңбек рыногының тиімділігін арттыру қажет.

 

Өзін өзі еңбекпен қамтып отырған тұрғындар - біздің экономикамыздың зор кадрлар резерві.

 

Жаңа кәсіпорындарды біз оларда қазақстандықтардың жұмыс істеуі үшін салып жатырмыз.

 

Олар оған дайындалуы керек. Жаңа мамандықтарға үйренулері қажет.

 

Үкіметке облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері­мен бірлесіп, 2011 жылдың 1 мамы­ры­на дейін халықты еңбекпен қамту жө­нінен қағидатты түрде жаңа бағ­дарлама әзірлеуді тапсырамын.

 

Үкімет бизнес-қауымдастықпен бір­лесіп индустриялық нысандарда жұмыс істегісі келетіндер үшін тегін кәсіптік оқу ұсынуы керек.

 

Әрбір қазақстандықтың елді ауқым­ды индустрияландыруға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.

 

Кезінде мен дағдарысқа қарсы «Жол картасы» бағдарламасы әрбір қазақ­стандықтың отбасына дейін жететін болсын деген міндет қойдым.

 

Ол табысты жүзеге асырылды.

 

Осы тәжірибені пайдалана отырып, қазіргі уақытта жұмысты индустрия­лан­дыру шынымен де бүкілхалық­тық сипат алып, әрбір қазақстан­дық­тың ісі болатындай етіп құру қажет.

 

Өз өмірлерін ауылмен байланыс­тарғандар үшін Үкімет жергілікті билік органдарымен бірлесіп, селолық кәсіпкерлікті дамыту жөнінен шаралар кешенін әзірлеуге тиіс.

 

Өткен жылы селолық аумақтарды дамыту бағдарламасы аяқталды.

 

Енді бұл жұмыстар Елдің 2020 жыл­ға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуы­ның болжамдық схемасы шеңберінде одан әрі жалғасатын болады.

 

Даму әлеуеті жоғары елді мекен­дерде селолық инфрақұрылымдар да­мы­тылып, суаратын суларға, ми­кро­не­сиелеу бағдарламалары мен табиғи грант­тарға қолжетімділік кеңейтіліп, кәсіпкерлік дағдыларына үйрету ұйымдастырылады.

 

Қазірдің өзінде микронесиелік ұй­ымдар қызметінің құқықтық негізі бар.

 

Бүгінде рыноктағы олардың саны бір мың екі жүздей және олар халыққа сомасы 16 миллиард теңге болатын 110 мың несиелер берді.

 

Дегенмен, олар негізінен айтарлық­тай жоғары мөлшерлемемен тұтыну­шылық мақсаттарға жұмсалуда.

 

Ахуалды өзгертіп, тұтынуға емес, ең­бекпен қамту жағына басымдық беру керек.

 

Сондықтан Үкіметке қаржы реттеушілермен бірігіп, шұғыл түрде тиісті заң жобасы мен кешенді шаралар жасауды тапсырамын.

 

Үстіміздегі жылы қосымша 3 миллиард теңге қарастырылсын.

 

2012-2015 жылдары бұл қаржылан­ды­ру жыл сайын 10-15 миллиард тең­геге көбейтілсін.

 

Мемлекеттік желі бойынша берілген микронесиелердің барлық 100 пайызы тек өз ісін ұйымдастыруға ғана жұмсалуы тиіс.

 

Жоғарыда айтылған мал шаруа­шы­лығын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру ондаған мың ауыл тұр­ғын­да­рына жұмыс тауып береді.

 

Сондықтан атқарушы биліктің бар­лық деңгейлері мен «Нұр Отан» пар­тиясынан үлкен түсіндіру жұмыстары талап етіледі.

 

Үкіметке алдағы жылдан моти­ва­ция­лы ақшалай төлемдерге көшуді тап­сырамын.

 

Басты мәселе - масылдықты еңсеру.

 

Жұмыссызға жұмыссыз болғаны үшін емес, мамандық алу үшін грант берілетін болады.

 

Кедейшілік проблемаларын мемлекеттік жәрдемақы есебінен жұмсарту емес, шешу керек.

 

Мемлекет тек объективті тұр­ғы­дан еңбекке қабілетсіздер мен аз қам­тамасыз етілгендерге ғана көмек­тесетін болады.

 

2.5. ТКШ-ны жаңғырту

 

Азаматтардың өмір сапасының озық көрсеткіші - тұрғын үй жайлылы­ғы­ның деңгейі.

 

Соңғы 10 жылда тұрғын үй қоры 30 мил­лион шаршы метрге ұлғайды.

 

Бұл бүгінде бір миллионнан астам азамат жаңа пәтерлерде тұрады дегенді білдіреді.

 

Бұл - біздің тұрғын үй саясаты­мыз­дың маңызды нәтижесі.

 

Көптеген жылдар бойы коммуналды сектор қалған-құтқанды бөлу қағидаты бойынша қаржыландырылып келді. Со­ның салдарынан 2008 жылға қарай ком­муникациялардың 72 пайызы жөндеуді немесе ауыстыруды қажетсінді.

 

«Жол картасы» аясында біз 2009 және 2010 жылдары ТКШ нысандарын жөндеу бойынша үлкен жұмыс жүр­гіздік.

 

Бұл жұмысты жалғастыру қажет.

 

Сумен, жылумен, электр және газбен қамтамасыз ету жүйелеріне кең ауқымды жаңғырту жүргізіп, сондай-ақ тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделін құруды қамтамасыз ету қажет.

 

Күрделі жөндеуді қажет ететін ны­сан­дардың үлесі 32 пайыздан 2015 жылға қарай 22 пайызға төмендеуі тиіс.

 

Жаңғыртылған жүйелердің ұзын­ды­ғы 2015 жылға қарай ел бойынша тұ­тастай алғанда 31 мыңнан астам ша­қырымды құрайтын болады.

 

Мемлекет халықаралық қаржы инс­ти­туттары мен біздің банктерімізді тарта отырып, жеке инвесторларға, кәсіп­орындар мен азаматтарға тұрғын үйлер мен коммуналдық нысандарды жөндеу және реконструкциялау үшін қаржы­ландырудың бірлескен арнайы тетіктерін ұсынады.

 

ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жыл сайын 10 мыңға жу­ық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

 

Тұтастай алғанда, оны жүзеге асы­руға 1,5 миллион адам - көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары қатысады.

 

Үкіметке ортақ мүлікті жөндеу мен қалпына келтіруге қаржы жинақтауды ынталандыру мен қосыла қаржылан­дырудың тетігін жасауды тап­сыра­мын.


<== previous lecture | next lecture ==>
The various facilities grouped inside the Semipalatinsk Test Site 8 page | The various facilities grouped inside the Semipalatinsk Test Site 10 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 1.097 s.