|
The various facilities grouped inside the Semipalatinsk Test Site 10 pageDate: 2015-10-07; view: 404.
Біз тек осылай еткенде ғана тұрғын үй жағдайын жақсартып, азаматтардың өз мүлкін сақтауға жауапкершілігін жоғарылата аламыз.
2.6. Сапалы ауыз су
Қазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері - халықтың денсаулығын жақсартудың аса маңызды міндеті, сондықтан бұл біздің басымдығымыз болады.
Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс 8 жыл бұрын басталған болатын және оның оң нәтижелері бар.
Орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қолжетімділік ауылды елді мекендерде 41 пайызға дейін, қалаларда 72 пайызға дейін өсті.
Тасымалы суды пайдаланатын адамдар саны 4 есе азайды.
Сонымен бірге, сумен қамтамасыз ету жүйелерін жақсартуды қажет ететін ауылдар да әлі аз емес.
Қалалардағы сумен қамтамасыз ету жүйелерінің 60 пайызының тозығы жеткен.
Орташа алғанда республика бойынша ауыз суға қолжетімділік деңгейі 2020 жылға қарай 98 пайызды құрауы тиіс, ал судың сапасы белгіленген барлық санитарлық нормаларға сай болуы керек.
Үкіметке жеке капиталды су шаруашылығы секторына барынша молынан тарту үшін ынталандырудың тиімді жолдарын қарастыруды тапсырамын.
Жерасты суларының әлеуетін кеңінен пайдаланып, сумен қамтамасыз етудің жаңа нысандарын салу кезінде жүйелі қадамдар жасау керек.
2020 жылға қарай сумен қамтамасыз етудің орталық желісіне қолжетімділік қалаларда 100 пайызды құрауы тиіс.
Ал ауылды жерлерде екі есе артып, 80 пайызға дейін жетуі қажет.
2.7. Табыстардың артуы - өмірдің жаңа сапасы
Құрметті қазақстандықтар!
Үстіміздегі жылы біз зейнетақылар мен стипендиялар көлемін, бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақыларын 30 пайызға өсіреміз.
Екі жыл қатарынан біз оларды 25 пайызға ұлғайтып келдік.
«Нұр Отан» партиясының Халықтық тұғырнамасында жоспарланғанындай, 2012 жылға қарай зейнетақылардың, бюджеттік ұйымдар еңбекақыларының және стипендиялардың орташа көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 2 есе өседі.
Біз бұған уәде бердік, біз мұны орындадық.
Менің тапсырмам бойынша үш жылдық бюджетте сіздерге айтқан индустриялық-инновациялық, сондай-ақ әлеуметтік бағдарламаларды қаржылай қамтамасыз ету қарастырылған.
Енді барлығы Үкімет пен жергілікті билік органдарының бұл міндеттерді қалай орындайтынына, бұл жұмыстың қалай ұйымдастырылатынына байланысты болмақ.
Бұл - таяудағы онжылдықта жасалуы тиіс жұмыстың ең аз деген мөлшері.
Біз бұл жоспарларды артығымен орындауға ұмтылуға тиіспіз.
Онжылдықтың басты әлеуметтік мақсаты, міне, осында.
Қымбатты қазақстандықтар!
Менің Жарлығыммен 2011 жыл Тәуелсіздіктің 20 жылдығы деп жарияланды.
Мемлекеттік комиссия құрылып, шараның Жалпыұлттық жоспары бекітілді.
Бұл - жалпыхалықтық іс.
Үкіметке оны жүзеге асыруда инвесторлардың, бизнес-қауымдастықтарының, қазақстандықтардың күшін біріктіруді тапсырамын.
«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ 20 ЖЫЛЫ» - біздің мерейтойымыздың ұраны осы.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жолының - БОСТАНДЫҚ, БІРЛІК, ТҰРАҚТЫЛЫҚ, ӨРКЕНДЕУ секілді арқаулық құндылықтары қалыптастырылды.
Қымбатты қазақстандықтар!
Құрметті депутаттар!
Мен үшін және бәріміз үшін Президенттің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту бойынша референдум өткізу туралы жалпыхалықтық бастамаға байланысты әжептәуір саяси коллизия қалыптасып отыр.
Мен референдумды қолдап, өздерінің қолдарын қойған барлық қазақстандықтарға, сондай-ақ акция бастамашыларына шынайы ризашылығымды білдіремін.
Халықтың еркін білдіруі толқынында қаңтардың ортасына қарай Орталық сайлау комиссиясы 5 миллионнан астам адамның қол қойғанын жариялады.
Санаулы күндер ішінде референдум туралы бастама іс жүзінде бүкілхалықтық қозғалысқа айналды.
Осы акция барысында «Нұр Отан» партиясы демократиялық күштердің «Қазақстан-2020» қоғамдық коалициясын құрды.
Халықтық бастама қазақстандықтардың өшпейтін азаматтық белсенділігін көрсетті.
Ол елдің саяси, интеллектуалдық өмірін белсенділендірді.
Бұл даму мен прогрестің үлкен әлеуеті барлығын айғақтап берді.
Сіздер осы мәселе бойынша барлық жағдаяттарды жақсы білесіздер.
Мен өзімнің Жарлығыммен Парламенттің референдум өткізу туралы ұсынысын қабылдамай тастадым. Өйткені, 2012 жылғы президенттік сайлауға қатысуға дайындалып жүрген едім.
Парламент, өзінің конституциялық өкілеттігін пайдаланып, Конституцияға өзгеріс енгізу туралы Заң қабылдады.
Мен заңды Конституциялық Кеңеске жолдадым, ол оның конституциялығын айқындауы тиіс.
Тек осыдан кейін шешім қабылданатын болады.
Ол Конституция мен біздің заңдарымызға сәйкес келуі және халқымыздың ұзақ мерзімді мүддесін ескеруі тиіс.
Қалай болғанда да, халықтың еркі - бәрінен жоғары.
Солай дей тұра, мен сыртқы саясатта біз бүкіл әлемдегі инвесторларға, бизнес-қауымдастықтарға міндеттемелеріміздің тұрақтылығын қамтамасыз ететіндігімізді мәлімдеймін.
Біздің саясатымыз барлық әріптестеріміздің үміттері мен күткендеріне сәйкесетін болады.
Қазақстан Ресей, Қазақстан және Беларусь Кедендік одағын жедел де тиімді дамыту ұстанымында қалады.
Біз ТМД елдерімен ынтымақтастығымызды дамытатын боламыз.
Біз еуропалық әріптестерімізге бірлесіп, көпжақты немесе екіжақты пішінде «Қазақстан - ЕО:2020» энергетикалық хартиясын жасап, қабылдауды ұсынамыз.
Бұл Еуропа рыногына энергия ресурстарын жеткізу, тұрба құбыры жүйесін дамыту тұрақтылығына кепілдікті қамтамасыз етеді.
Біз осы жылы Алматыда Ауғанстан бойынша арнайы донорлық конференция өткізуге бастамашылық танытпақпыз.
Бұдан бұрын мен Каспийдегі тұрақтылық пактісін қабылдау идеясын ұсынғанмын.
Бұл халықаралық құжат Орталық Азия мен Кавказдың барлық кең байтақ өңірінде тұрақтылықтың берік іргетасын қалай алады.
Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығы шеңберінде бастаған жанжалдарды реттеу жөніндегі жұмысын жалғастырады.
Біз жаһандық ядролық қауіпсіздік саласында көшбасшы болып қалып отырмыз.
Қазақстан БҰҰ-ға Жалпыға ортақ ядросыз әлем декларациясын қабылдауды ұсынады.
Сондай-ақ Қырғызстанға көмектің мемлекетаралық бағдарламасын жасап, қабылдау маңызды деп санаймын.
Үстіміздегі жылы Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымына жетекшілік етеді.
Біз Батыс пен Ислам әлемі үнқатысуын нығайту бойынша бастама көтердік.
ИКҰ-ға төрағалық Қазақстанның сыртқы саясатының азиялық векторын күшейтуі тиіс.
Үстіміздегі жылдың шілдесінде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммиті өтеді.
ШЫҰ біздің белсенді қатысуымызбен құрылған болатын және біз оның нығаюы үшін барлық қажетті нәрсені жасауға тиіспіз.
Мұның барлығы Қазақстанның өңірлік және жаһандық тұрақтылықты нығайтуға қосқан маңызды үлесі болады.
Қадірлі қауым!
Қымбатты қазақстандықтар!
Таяуда Елбасы өкілеттігін ұзарту үшін бүкілхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтерілгенін баршаңыз білесіздер.
Бастамаға үкіметтік емес ұйымдар мен жекелеген азаматтар, зиялы қауым өкілдері мен Парламент депутаттары қолдау білдіруде.
Мен елдің бұл ыстық ықыласын тәуелсіздікті нығайту, мемлекетті орнықтыру ісіне берген бағасы деп білемін.
Отанды қалтқысыз сүю - оның суығына шыдап, ыстығына күюді талап етеді.
Менің ғұмырым ел тағдырымен еншілес.
Маған Сират көпіріндей қылпылдаған кезеңде тәуелсіздік алып, мемлекет құру ісі сеніп тапсырылды.
Сондықтан, мен сенімге серт беріп, бар жауапкершілікті мойныма алдым.
Күрмеуі қиын түрлі тағдырлы шешімдерді жүрегімнен өткізіп қабылдадым.
Мен 20 жылдан бері бар күш-жігерім мен білік, тәжірибемді аямай, халқыма қалтқысыз қызмет етіп келемін.
Осы жылдары мәртебемізді көтеріп, мерейімізді асырған барша жетістіктеріміз - біздің ортақ табысымыз.
Сондықтан, бастамашы азаматтар мен тілекші болған барша қазақстандықтарға ризашылық білдіремін!
Мен үшін қашанда мемлекет мүддесі мен ел игілігі жолында қызмет атқарудан артық бақыт болған емес.
Алдымызда атқарылар қыруар істер бар.
Бұл жолда біздің ең басты байлығымыз - берекелі бірлігіміз.
Мен ауызбіршіліктен айнымайтын ақжүрек жұртымның қуатты ұлтқа, шуақты ұлысқа айналарына кәміл сенемін.
Халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген даналық сөз бар.
Біз бүгінгі Жолдау арқылы мерейлі белестегі атқарған істерімізді қорытындылап, болашаққа бағдар жасадық.
Баршаңызға ел игілігі, мемлекет мүддесі жолындағы абыройлы істерде мол табыс тілеймін!
Мерекелі күндерге жеткізген берекелі тірлігіміз баянды болсын, ағайын! 70) Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығын қабылдайды, болашақ еуропалық қауіпсіздік сәулетіне қатысты үнқатысуды ұйымдастыруды нығайтуға және оны дамытуға тырысатын болады
АСТАНА, 1 қаңтар 2010 жыл – Бүгін Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығын қабылдап, ЕҚЫҰ құндылықтары мен қағидаттарын қалтқысыз ұстануға, барлық мүше-мемлекеттер мүдделерін ескеруге сонымен қатар еуразиялық кеңістіктің қауіпсіздігіне нақты үлес қосатын маңызды үнқатысу алаңы ретіндегі ЕҚЫҰ ролін дамытатындығын растайды.
«Қазақстан Ұйымда төрағалық ететін алғашқы орта азиялық ел және бұрынғы кеңес одағы республикасы. Бұл мүше мемлекеттердің тең құқыққа ие екендігі туралы қағидаттың күшінде екенінің дәлелі, сонымен қатар стратегиялық маңызды өңірде және ЕҚЫҰ кеңістігінде Қазақстан ролінің артуда екенін мойындау болып табылады., - деді ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев.
«ЕҚЫҰ төарағасы ретінде, Қазақстан бейтараптық және үйлесімділік қағидаттары негізінде Венадан Шығыс пен Батысқа созылған ұйымның мүше-мемлекеттер ұстанымын жақындатуға, Ванкувердан Владивастокқа дейінгі кеңістіктегі ынтымақтастықтың нығаюы мен қауіпсіздіктің бекуіндегі Ұйым ролін өсуіне жағдай жасамақ.
Сөзін жалғасытра келе ол: «Қазақстан «Корфу процесін» жалғастырады және ұзақ қақтығыстар өңіріндегі ахуалды тұрақтандыру мен оларды шешудегі, халықаралық көлік дәліздерін дамытудағы, толеранттылық пен өзаратүсіністікті нығайтудағы ЕҚЫҰ жұмыстарына жаңа серпін беруге тырысатын болады. Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 65 жыл, Хельсинки қорытынды актісіне 35 жыл және жаңа Еуропалық Париж хартиясына 20 жыл толуы қарсаңына келетін ЕҚЫҰ Саммитіне дайындық пен оны ұйымдастыруға қатысты барлық ЕҚЫҰ серіктестерімен белсенді жұмыс жүргізетін болады.»- деді.
Қ. Саудабаев төрағалықты 2009 жылы ЕҚЫҰ-да төраға болған Грекия Премьер-министрі-Сыртқы істер министрі Георгиос Папандреудан қабылдап алды.
«Мен Премьер-министр Георгиос Папандреға ЕҚЫҰ-дағы төрағалық кезіндегі жемісті еңбегі үшін алғысымды білдіргім келеді – деді Қ.Саудабаев. – Сонымен қатар мен Литваны және оның оның Сыртқы істер министрі Вигаудас Ушацкасты Үштікке қатысуымен құттықтағым келеді».
Жаңа төраға Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы кезіндегі басым бағыттары туралы 14 қаңтарда Венада ЕҚЫҰ-ның басты органы болып табылатын Тұрақты кеңес отырысындағы баяндамасында мәлім ететін болады. 2010 жыл біздің мемлекетіміздің өз тәуелсізідігін алғаннан кейінгі ерекше жылдарының бірі деп айтуға толық мүмкіндігіміз бар. Биыл еліміз посткеңестік мемлекеттердің ішінде алғашқы рет Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымды (бұдан әрі - ЕҚЫҰ) басқаруда. Бұл – Қазақстан Республикасының әлемдегі беделінің айқын көрінісі. Әлемде мемлекетімізді бүкіл Орталық Азияның көшбасшысы рөлінде және Еуроодақтың өңірдегі шешуші әріптесі ретінде таниды. Қазақстан ЕҚЫҰ-ның қатысуымен құрылып қойған қауіпсіздік тетіктерін жаңғыртуды жүзеге асырып отыр. ЕҚЫҰ төрағалығы рөліне Қазақстанның таңдалуы еліміздің мұсылман және еуропалық қоғамдастықтар арасындағы Еуразиядағы көптеген жанжалдарды шешуге нақты көмек көрсетуге қабілеттігі табылды. ЕҚЫҰ Қазақстан қызметінің негізгі мақсаты – біздің елімізді және Орталық Азияның басқа мемлекеттерін әлемдік стандарттар мен дәстүрге баулу, әлемнің Батысы мен Шығысын арасында байланысты нығайту, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесін, сондай-ақ Ауғаныстан, Ирак ахуалдарын қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігерге тұрақты қолдауын көрсету. Соңғы жылдары ЕҚЫҰ әскери-саяси және экономикалық бағыттағы қызметтермен емес қадағалаушы функциялармен айналысуда. Қазақстанның осы ұйымға төрағалығынан осы дағдарыстан шығуға мүмкіндік тудырады, болашақ әлемде жаңа жолдарды белсене ұсынады деп те күтілуде. Яғни, ұйым мүшелеріне жетілген сыртқы саяси бастамаларымен өзара түсіністіктің және әділ халықаралық қатынастардың елеулі түрде жаңартылған қағидаттарын қалыптастырады деп сенім артылған. Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ төрағалығы ретінде тандалуына аймақтың тұрақсыз Ауғаныстанға жақын орналасқандығы, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету — ЕҚЫҰ-ның аз уақытта жүзеге асыру қажет басымдығы екендігі, сондай-ақ оның Орталық Азияның энергетикалық потенциалы екендігі себептігін тигізді. Еліміз бұл ұйымға төрағалығы кезінде Батыс елдері мен ТМД елдері арасындағы қарым-қатынасты бекіте түсу, әлемдік қауіпсіздікті нығайту және Ауғаныстандағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған жұмыстарды атқарды. Республика басшылығы Қазақстанда желтоқсан айында өткізілетін ЕҚЫҰ саммитін де өте маңызды мақсаттар қатарына қосып отыр, өйткені, ол ұйым жұмысына жаңа дем беріп қана қоймайды, сонымен қатар ЕҚЫҰ-ның өз ішіндегі қарама-қайшылықтарды жоюға септігін тигізеді деп үміттенуде. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен кезінде Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қауіпсіздіктің жаңа жолдарын барынша ұсынуға, Ауғанстан мәселесінде созылып кеткен жанжалдарды шешуге мән берді. Біздің мемлекетіміз Ресей және Грузия елдерімен жақсы қарым-қатынасы арқасында осы екі мемлекет арасындағы созылып кеткен текетірестерді, Әзірбайжан мен Армения арасындағы Таулы Карабақтағы мәселелерді шешуге ұмтылыс жасап, аталмыш әрекеттердің оңды нәтижеге әкелгендігін де айтып кеткен орынды. Атап айтқанда, ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы, Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Вена, Брюссель, Лондон, Вашингтон, Нью-Йорк, Женева, Тбилиси, Баку мен Ереванда бірқатар келіссөздер жүргізіп үлгерді, Астанада Түркия, Ресей сыртқы істер министрлерін қабылдады. Осы арқылы ЕҚЫҰ саммитіне дайындыққа қатысты көптеген негізгі уағдаластықтарға, халықаралық ұйымдармен өзара ықпалдастыққа, ЕҚЫҰ кадр мәселелері бойынша бірқатар жайттардың шешілуіне қол жетті. Қазақ төрағалығының ең басты ерекшеліктерінің бірі - барлық қатысушы мемлекеттермен кеңесу жүйесін қалыптастыра алуында. ЕҚЫҰ басқаруда еліміз ең алдыменен келісім қағидасын қолданып отыр. Қазақстан өз төрағалығы барысында ұйымның беріктілігін және жан-жақты тиімділігін арттыруға, қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге төтеп беру қабілетін күшейтуге де бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруда. Еліміздің басшысымен ұстанған мақсаты - ЕҚЫҰ эволюциялық дамуына қолайлы жағдай жасау, оның әлеуетін жетілдіру, мандатын нығайту, әлем қауіпсіздігін барынша нығайту. Осыған сәйкес, біздің мемлекетпен ЕҚЫҰ-ның болашағына байланысты жаңаша көзқарас қарастырылуы ұсынылуда. Ұйымның негізгі құжаттары 1975 жылы (Хельсинки актісі), 1990 жылы (Париж хартиясы), 1999 жылы (Еуропалық Қауіпсіздік туралы Стамбул хартиясын) қабылданған. ЕҚЫҰ тарихына сүйеніп, әрбір он жыл сайын форумды трансформациялау қажеттігін пайымдаймыз. Кез келген мемлекеттің қауіпсіздігін, оның өркенделуінің, өсіп-өнуі мен тұрақтылығының басты кепілі мен игілігі демократия табылады. Демократия біздің түсінігімізше халық санасында тереңдеп тамырын жайып үлгерген бір мезетте өзгертуге бағынбайтын қоғамдық менталитетке жататын ұғым. Ел басшылығы Қазақстанның ЕҚЫҰ және оның институттарының адам құқығы мен демократия саласындағы мандатын толық жүзеге асуына болысатынын бірнеше мәрте мәлімдеді. Биылғы жылғы ЕҚЫҰ аясында атқарылар іс-шаралардың бірегейі - маусым айында Астана қаласында демократиялық ұстанымды насихаттау мақсатында жоғары деңгейдегі толеранттылық пен кемсітпеушілік жөніндегі іс-шара (конференция) өткізілді. Қазақстан төрағалығының аса маңызды ісінің бірі ретінде лаңкестікке қарсы жұмылуға бүкіл әлем назарын аудару, тек әскери-саяси ғана емес, экономикалық-экологиялық, гуманитарлық шаралар кешенін кеңінен қолдану қажет тұжырымдамасын қолдану. Мемлекетіміз лаңкестікке, трансұлттық сипаттағы қауіпсіздік қатерлеріне қарсы қаруды ғана емес, бейбіт тетіктерді де кең пайдалану қажеттілігін пайымдайды. Қазақстанда лаңкестік орын алатындай күрделі мәселелер, алғышарттар жоқ деп айтуға болады. Ішкі саяси жағдайдың тұрақтылығы, экономиканың өрлеу деңгейі оның дәлелі. Дегенмен, Қазақстанға лаңкестік сырттан енуі мүмкін. Ресми мәліметтер бойынша жекелеген халықаралық лаңкестер ұйымдары немесе топтардың біздің азаматтарды өздеріне тарту, үгіт-насихат жүргізу деректері бар. Әсіресе, діни экстремизм, әртүрлі уағыз жастардың кейбірін адастыруы ықтимал. Қазақстанда адамдардың өмір сүру деңгейі жоғары. Тұрмысы төмен жандарға мемлекет жеткілікті жәрдем береді. Жұмыссыздық азайып келеді. Демек, «көрінген көк аттының» арандатушылық, іріткі салу мақсатындағы сөздеріне еруге себеп жоқ. Лаңкестікке қарсы күрес – әлем елдерін ынтымақтастыққа шақырып отыр және осы насихаттың бастамашыларының бірі ретінде Қазақстан да табылып отыр. Осы насихатты уағыздау ЕҚЫҰ тарихында 11-жылдан бері бірінші рет өткізілетін желтоқсан саммитінің басты мақсаттарының бірі. ЕҚЫҰ жетоқсан cаммитінің күн тәртібінде ең алдымен Еуропадағы, содан соң бүкіл әлемдегі қауіпсіздікті бірлесіп сақтау, соның ішінде трансұлттық қауіп-қатермен қатар экономикалық және экологиялық қауіпсіздік жүйесінің шаралары қаралады. Қазақстан ЕҚЫҰ тізгінін ұстасымен саяси-әскери, экономикалық-экологиялық және адамдық өлшемдер мәселелеріне бірдей араласуға күш салды. Сондай-ақ, осы лауазымды иелену кезінде экономикалық-экологиялық 18-ші форумды өткізуге ұйтқы болып, күн тәртібіне «Шекаралық қиылыс бекеттерінде жердегі көліктерді басқару қауіпсіздігін арттыру және халықаралық автокөлік пен теміржол қатынастарын ЕҚЫҰ аймағында жеңілдету туралы» тақырып ұсынды. Ұйым мүшелерінің келісуімен біздің мемлекетіміздің басшысымен шартты түрде «Маастрихт қосу» деп аталған жаңа құжат желтоқсан саммитінде қаралуы мүмкін. Жалпы, Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ төрағалығы әлемдік қауымдастық алдында саяси салмақ пен бедел алып келеді. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан-ақ Елбасымыздың сыртқы саясаты белсенді дипломатиялық іс-әрекетіне негізделіп келді, соның ішінде ең басты назар айналамыздағы аймақтарға көбірек көңіл бөлінді. Алда ЕҚЫҰ саммиті кезінде еуроатлантикалық және еуразиялық кеңістіктегі саяси тұрақтылыққа бағытталған бүкіл ғалам үшін қажетті шешімдер қабылдауға мүмкіндік тудыратыны сөзсіз. ЕҚЫҰ кеңістігіндегі тұрақтылық пен бейбіт өміріне біздің халықтарымыздың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты тікелей байланысты. Сондай-ақ, осы саммит жұмысы барысында біздің еліміздің төрағалығына баға беріледі және біз Қазақстан төрағалығына оң баға беріледі деп сенеміз.
|