|
Билет№3Date: 2015-10-07; view: 588. АУЫЛ ДИСТАНЦИЯ (54) АУЫЛ БОЛЫС ОКРУГ (15-20 болыс) Басқарушысы- округтік приказ және аға сұлтан (10-120 ауыл) Басқарушысы-болыс сұлтаны (50-70 шаңырақ) Басқарушысы- ауыл старшыны 1822 жыл- Орта жүзде хандық билік жойылды. Әкімшілік-саяси реформаның салдары: -Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп,өзара рулық қырқыстарға соққы берді. -Өлкені шаруашылық жағынан игеруге қолайлы жағдай жасады. -Ресми отаршыл саясатын кеңейтуге жол ашты. -Хандық билікті жойды. Қазақ мемлекеттігінің жүйесімен күресудің келесі кезеңі Кіші жүзде хан билігінің жойылуына әкелетін россиялық басқарудың жаңа жүйесін енгізу әрекеттері болды. Хандық билікті қолына сақтауға талпынғандардың бірі-Арынғазы (1785-1833 жж.). 1821 жылы ол Петербургке шақырылып, жолда ұсталып Калугаға айдалды; 1833 жылы қайтыс болды. 1822 жылы Орынбор генерал- губернаторы П.К. Эсеннің дайындаған жобаны 1824 жылы Азия департаменті комиссиясының мәжілісінде бекітілді. Бұл жоба «Орынбор қазақтарын басқарудың Уставы» деп аталады. «Уставта» «Патша ағзам императордың нұсқауымен қырғыздар даласын басқарудың жаңа жобасы жасалынып, Кіші жүзде басқару Ішкі Орда ханы Жәңгірге жүктелсін және даланы үшке бөліп, әрбір бөлікті басқару үшін аға сұлтан тағайындалсын» ,- делінген. 1825 жылы Кіші жүз үшке бөлінді: Кіші жүздің әкімшілік қурылымы: БӨЛІКТЕР (батыс, орта, шығыс) Басқарушысы- аға сұлтан Басқарушысы-ру шонжарлары Басқарушысы-ауыл старшыны Реформаның салдары: - Орталық басқару нығайтылды. - Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік алды. 1824 жыл Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды. Ескеретін нәрсе, Кіші жүзді үшке бөліп (батыс, отра, шығыс), ішкі басқару жүйесінде хандықты жойғанымен 1824 жылы басқару жүйесі жергілікті ұлт өкілдерінің қолында қалды. Сонымен, 1822 және 1824 жылдардағы әкімшілік-саяси реформалар патша үкіметінің отарлау саясатының нәтижесі болды. 3) Қазақстан Азамат соғысы жылдарында 1918-1920 Азаматтық соғыс — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес Қазақстандағы азаматтық соғыс[өңдеу] Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар болды (кадеттер, эсерлер, ұлттық және діни саяси ұйымдар). Алашорда үкіметі азаматтық соғыстың алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланысып, қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысты. Үкімет мүшелері Қазақстанға жақын қалаларға орналасқан Кеңес үкіметіне қарсы құрылған үкіметтермен — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен, одан кейін Колчак диктатурасымен, Орынбор және Орал казак әскерлерінің басшылығымен келісімге келуге ұмтылды.
1)Үйсін мемлекеті саяси тарихы қоғамдық құрылысы шаруашылығы Шың 25бет Үйсін мемлекеті - Б.д.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі '''үйсіндер''' мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Шаруашылығы Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн матадан, кедейлері жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген. Қоғамы Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Ол малға, жер-суға тараған. Үйсіндердің таралып, қоныстануы Қытай деректерінде үйсіндердің Орталық Азиядан шыққандығы атап көрсетіледі. Сондай-ақ олар үйсіндерді аса ірі ежелгі халықтардың қатарына жатқызды. Үйсіндер Жетісуға Орталық Азияның түкпірінен қоныс аударып келді.Үйсіндер және оның мемлекеті жазба деректерде біздің заманымызға дейін IV—III ғасырларда аталады. Жер аумағы Тянь-Шаньнан Алтай тауларына дейін созылып жатыр. Үйсіндердің шекарасы басында Шу, Талас өзендері бойымен Қаратаудың шығыс бөктеріне дейін, шығыс шекарасы Бесбалық ауданымен шектесті. Орталығы — Іле аңғары. Жоңғар ойпаты мен Жетісудағы үйсіндер жартылай көшпелі ел болса, өзен аңғарларында суармалы егіншілікпен де айналысты. Қытай деректері: "Шығысында — ғұндармен, батыс жағында кангюй елімен шектеседі. Жері ұлан байтақ, кең әрі жазық, жауын-шашыны көп. Ауа-райы суық. Тауларында қалың қарағай өседі", — деп суреттейді. Үйсіндер жері біздің заманымызға дейін II ғасырда Қытай мен Батыс Еуропа елдерінің арасында сауда, мәдени қарым-қатынастардың күре тамыры іспеттес еді. 'Үйсін-қытай қарым-қатынастары. Біздің заманымызға дейін 138 жылы ғұндарға қарсы одақ жасау жөнінде "Батыс өңірге" келген Қытай елшісі әрі саясатшы Чжан Цянь: "Қазір үйсіндер күшті елге айналыпты. Мол сыйлық-тартулар ұсыну арқылы үйсіндерді шығыстағы атамекеніне көшіріп әкелуге, оларға ханшамызды ұзатып, күнбимен құдандалық байланыс орнатып, ғұндарға қарсы қолдануға болады", — деп жазды. Қытайимператоры бұл ұсынысты назарда ұстай отырып, біздің заманымызға дейін 119 жылы Чжан Цяньды тағы үйсіндерге аттандырды. Үйсін күнбиі елшілерді жылы қарсы алады. Алтын ақшадантұратын тарту жоралғылар жасалады. Нәтижесінде, күнби ғұн үстемдігінен бас тартып, Қытай империясымен жақындасады. Елшіліктер алмасып, туысқандық — некелік қарым-қатынас орнайды. Біздің заманымызға дейін 106—105 жылдары Қытай ханшасы асқан салтанатты жағдайда үйсін күнбиіне ұзатылды. Өз тарапынан үйсіндер қалыңмал ретінде 1 мың жылқы берген. Біздің заманымызға дейін 70 жылдары үйсіндер арасында ғұн елшілігі болып қайтты. Ғұндар бір қызын күнбиге әйелдікке береді. Осылайша үйсіндер Қытаймен ғұндардың арасындағы күресте маңыздысалмағы бар елге айналғанды. Біздің заманымызға дейін 74 жылдан кейін Хань империясы мен ғұндардың (соғыс алаңы Батыс өңірге ауысқандықтан, үйсіндер мен ғұндар арасында қақтығыстар бола бастайды. Бұл өз кезегінде үйсіндердің билеуші топтарының ішінде толқу туғызды. Тақ мұрагерлері оны үш бөлікке бөліп алды. Біздің заманымызға дейін 73 жылы Солтүстік (Шығыс), Оңтүстік (Батыс) және Орталықты күнби өзі басқарды. Қалған екі қанаты да күнбиге тәуелді болды. Біздің заманымызға дейін 64—51 жылдары Хань империясы үйсіндердің ішкі ісіне, тіпті таққамұрагерлік ісіне дейін араласа бастады. Бұл халық бұқарасының қарсылығын туғызды. Сондықтан үйсін халқы екі аймаққа ыдырап кетті. Ендігі үйсіндердің тарихы осы екі аймақтың тақ таласы күресіне толы. Демек, біреуі — Хань империясын қолдайтындар болса, екіншісі — ғұндармен одақты жақтайтындар еді. Үйсіндердің саяси тарихын қорытындылайтын болсақ, біздің заманымызға дейін 170—160 жылдары Үйсіндер мемлекеті құрылды. Жетісуда Үйсін мемлекеті дамып-нығайып, гүлденді. Саны 630 мың адам тұратын сол аймақтағы ең ірі елге айналды. Ғұндардың тегеурініне төтеп беру үшін үйсіндер Хань империясымен тығыз байланыс орнатты. Ал Хань империясы үшін үйсіндер ғұндарға қарсы күресте таптырмас күш еді. Хань империясының қашаннан "көшпенділердің бірігуін болдырмау", "көшпенділерді көшпенділердің күшімен талқандау" саясатын ұстанғандығы белгілі. Бұл саясат өз нәтижесін берді. Сол кездегі қалыптасқан тарихи ахуалғабайланысты үйсіндердің көрші ғұндармен, Хань империясымен, қаңлылармен қарым-қатынасы өзгеріп отырды.Біздің заманымыздың V ғасырға дейін Жетісуда өмір сүрген Үйсін мемлекетінаварлар (жужандар) құлатты. Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарына деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байқалды. Қоғам — ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ өндірушілер, жартылай тәуелді құлдарға бөлінді. Жерді жеке иеленумен қатар иерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық, тайпалық, қауымдық). Ежелгі үйсіндерде әлеуметтік-экономикалық қатынастар өтпелі кезеңге тән сипатта болды. Дамудың мұндай ерекше түрінің болу себебі экономикалық кұрылысқа байланысты. Жартылай көшпелі және жартылай отырықшы үйсін коғамында өндірістің екі негізгі түрі болды: мал жәнежер. Мал түріндегі байлықтың жиналуы, мал-мүлік, жиһазға жеке меншіктің, тауар алмасудың дамуына әкелді. Әйтсе де көшпелі қоғам ерекшелігіне сай — әлеуметтік қатынастар аса ірі және шағын дәулетті мал иелерінің жеке меншік қатынастары түрінде дамыды. Рулық құрылыстың ыдырауы барысында туындаған таптық қатынастар құлиеленушілік сипатқа ие болды. Дегенмен ежелгі үйсін қоғамында құлдың еңбегін пайдалану өзіндік ерекше түрде дамыды; яғни, құл еңбегі өндірістің негізгі тірегіне айналған жоқ, ал құл иелену классикалық түрге жете алмады. Жазбаша және археологиялық деректерден ежелгі үйсін қоғамында б.з.д. II—I ғасырлардың өзінде-ақ жекелеген адамдардың қолында байлықтың шоғырланғандығы байқалды. Қытай деректерінде: "Үйсіндерде жылқы көп. Олардың ең бай адамдарында төрт-бес мың жылқы болады", — деп көрсетілген. Демек, малы көп дәулеттілер болса, малы аз немесе жоқ кедейлер тобының да болғандығы даусыз. Сонымен қатар үй малдарына салынған таңбалар, металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер де жеке меншіктің пайда болғандығын көрсетеді. Ертедегі жылнамашылардың мәліметіне қарағанда, үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуніктерінде, күнби сарайы жанындағы тағы да басқа лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған. Үйсін мемлекетінің басында үлкен күнби тұрды. Кей зерттеушілер үйсін мемлекетінің ел-басын күнби деп те атап жүр. Қытай тілінде үйсін патшасын гуньмо деп атаған. Үлкен күнбиден кейінгі мемлекеттік лауазым күнби болды. Бұл — бас уәзір. Одан кейіңгі лауазым — тулы (дулы), бұл Қытай мемлекетіндегі үлкен уәзірмен дәрежелес болды. Әскер оң және сол қанатқа бөлінді, оларды екі қолбасы басқарды. Елдің жоғарғы сотының қызметін билер деп аталатын екі орынбасары атқарды, оларды даруға (дарту) деп атады. Абыз атанған лауазым діни басшылықты іске асырды. Бұдан кейінгі мемлекеттік лауазым — бүкіл ұлыстың шыбегі (биі) болды. Оның екі орынбасары болған. Ел билейтін лауазым иелерінің тапсырмаларын орындатып отыратын атқосшы мансаптары болды. Үйсін мемлекетінің астанасы Ыстықкөл жағалауындағыЧигучэн қаласы болды.[1] Жағрапиясы Үйсіндер Орталық Азиядан келді. Олардың негізгі территориясы Іле алқабында болды, батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтіп, Қаңлылармен шектесті, солтүстігі Балқашқа дейін жетті. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты.
|