Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Билет№5


Date: 2015-10-07; view: 1135.


Тарихы

Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.д.д. 2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) «уйсін мемлекеті» деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 мың әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Мықты ел болған.

Б.з.б. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң (батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болды.

Қытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Европамен сауда байланысында маңызды роль атқарды. Б.Д.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады.

Археологиялық ескерткіштері

Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді.

Қорымдары б.з.д.3-2 ғғ. жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланған.

Орта кезеңге жататындар б.з.б. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан.

Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1, 2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған.

Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасынад жер ошақ болған.

2) Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов ағартушы ғалым

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф,географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен

Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы атажайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген.«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды

Шоқан Уәлихановтың Қазақстан тарихындағы алатын орны.

 

Оның ғұмырының соңғы жылы Тезек сұлтанның ауылында өтті. Ол мұнда да Ұлы жүз қазақтарының өмірінен тарихи-этнографиялық материалдар жинаумен шұғылданды. Аса көрнекті қазақ ғалымы әрі ағартушысы Шоқан Уәлиханов 1865 жылы 10 сәуірде ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды. Оның қабірінің басына ескерткіш пен құлпытас орнатылды. Ескерткішті саяси жер аударылып келген поляк революционері Леполъд Ластовский жергілікті мәрмәр тастан қашап жасады. Шығыстанушы ғалым И.Н. Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды», - деп жазды.

Шоқан Уәлиханов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге орасан зор үлес қосты. Аса көрнекті қазақ ғалымы өте ауқымды ғылыми-шығармашылық мұра қалдырды. Оның «Абылай», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл күнделіктері», «Үлкен орда қырғыз-қайсақтары туралы», т.б. еңбектері өте құнды саналады. Шоқанның қазақтардың, сондай-ақ Орта Азия халықтарының өмірінен салған 150-ден астам суреттері сақталған. Ол қазақтардың алғашқы кәсіби суретшілерінің бірі.

Ұлы қазақ ғалымы, ағартушы, Ш. Уәлихановтың туған халқының білім алып, мәдениетінің өрлеуі, деспотизм мен зорлық-зомбылықтан құтылып, бақытты да азат өмір сүруі жайлы ой-армандары ол дүниеден өткеннен соң көп жылдардан кейін ғана жүзеге асты. Шоқан Уәлихановтың құрметіне Көкшетау облысында аудан, Талдықорған және Көкшетау облыстарында бірнеше ауылдар аталып, Көкшетаудағы педагогикалық институт пен Алматыдағы Тарих, археология және этнография институты, №68 орта мектеп пен көше аты ғалымның есімімен аталады. Алматы мен Көкшетау қалаларында

Ш. Уәлихановқа орнатылған ескерткіш бар. Шоқан бейітінің басында (Талдықорған облысы, Алтынемел асуы) обелиск және мемориалды кешен тұрғызылған. Ш.Уәлихановтың құрметіне қоғамдық, география ғылымдары салаларында жеткен табыстар үшін ҚазССР ҒА сыйлығы және көркем өнер мен сәулет өнері саласындағы жетістіктер үшін Мемлекеттік сыйлық тағайындалды. Іле Алатауының солтүстік баурайында орта Талғар бастауында Уәлихановтың құрметіне шың бар. Омбы қаласындағы Шоқан оқыған бұрынғы Кадет корпусының ғимаратына ескерткіш тақта қойылған. Соңғы ширек ғасырда ұлы ағартушының мерейтойы жалпыхалықтық деңгейде екі рет (1959, 1985) аталып өтіп, оның таңдамалы шығармалары басылды (1961-1972, 1984-1985 жылдар). Жазушылар Г. Марков, С. Мұқанов Шоқан туралы роман жазса, И. Стрелкова «Жизнь замечательных людей» атты серия бойынша «Ч. Валиханов» атты кітап шығарса, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Ш.Уәлиханов» көп томдық шығармалар жинағының 6 томдығы (2010) жарық көрді. 1965 жылдан Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың есімі берілген.

Кадет корпусы

1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған

Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулері.

 

Тамаша білім алып шыққан жас ғалым түрлі ғылыми экспедицияларға белсене қатысты. Бұл жөнінде ол Омбыда оқып жүрген жылдарында армандайтын. Қазақ даласын және онымен шекаралас жатқан елдердің аумағын, ондағы халықтардың тарихы мен жағдайын жаксы білетін Шоқанға орыс зерттеушілері де қатты қызығып, оның көмегіне мұқтаж болатын. 1855 жылы Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарына қатысады. Бұл сапарда қарапайым халықтың өмірімен танысып, қырғыздардын тарихи аңыз-әңгімелері мен жырларын жазып алды.

Ш. Уәлиханов 1856 жылы аса көрнекті ғалым, белгілі географ П.С. Семенов-Тян-Шанскиймен танысты. Ол жас қазақ ғалымның қабілетіне шын ниетімен сүйсіне қайран қалды. 1857 жылы П.С. Семенов-Тян-Шанскийдің ұсынуымен Ш. Уәлиханов Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылданды. Шығыс Қазақстан мен Жетісуға, қырғыз еліне жасаған сапары Шоқанның ғалым ретіндегі даңқын арттырды. 1857 жылы Шоқан Алатау қырғыздарына сапар шегіп, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын зерттеді. Қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» жазып алды.

1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты. Шоқанға дейін ол өлкеде бірде-бір зерттеушінің болып қайтуының сәті түспеген еді. Неміс ғалымы Р. Шлагингвейттің еуропалықтар үшін мүлде жабық өлкеге барып қайтпақ болған сапары қайғылы аяқталып, ол қатыгездікпен өлім жазасына душар болғанды. Шоқан аса қиын құпия жағдайда өз өміріне қатер төндіре жүріп, Қашғария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен геологиясы, географиялық жағдайы жайлы бұған дейін мүлде белгісіз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның негізінде «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-JIy провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды. Еңбекті Ресейде де, одан тыс жерлерде де шығысты зерттеуші ғалымдар жоғары бағалады.

Патша үкіметі жас ғалымның ғылыми ерлік еңбегін жоғары бағалады. 1860 жылы Санкт-Петербургте ол орденмен марапатталып, әскери шені де жоғарылатылды. Оны орыс патшасы II Александрдің өзі қабылдады. Осы кездесу кезінде Шоқан патшаға орыс шенеуніктерінің қазақ халқына жақсы қарауы жайлы өз өтінішін батыл жеткізді.

Петербургте болған кезінде (1859—1861 жылдары) Шоқан Уәлиханов әр түрлі әскери және ғылыми мекемелерде жұмыс істеді. Ол ресейлік шығыстанушылар мен дипломаттардың, жазушылар мен ақындардың сиынатын нағыз піріне айналды. Шоқан Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Түркістанның карталарын жасаумен айналысып, қажымай-талмай еңбек етті. Шығыс елдерінің қолжазбаларын мұқият зерттеуді де жалғастырды. Оны Орыс географиялық қоғамы Шығыс тарихы туралы лекциялар оқуға шақырып тұрды.

Алайда Петербургтың ылғалды ауа райы оның денсаулығына жақпады. Денсаулығының нашарлауына байланысты Отанына оралуға мәжбүр болды. Ол Омбыға барып, даладағы жергілікті баскару ісін қайта ұйымдастыру жөніндегі шараларға қатысты. Оның негізгі ойлары «Қырдағы мұсылманшылық туралы», «Қырғыздардың көші-қоны туралы», «Сот реформасы туралы жазбаларда» баяндалады.

1864 жылы Шоқан генерал Черняевтың Оңтүстік Қазақстанға жасаған әскери экспедициясына қатысады. Бірақ әскери қызметі ұзаққа созылмады, генералдың жергілікті халыққа шектен тыс қатыгездік жасауы салдарынан әскер қатарынан өз еркімен кетеді.

Қашғарияға сапары

1858 — 1859 жылдардағы Шоқанның Қашғарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қашқария ол кезде Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Саудагер ретінде Қашғарға құпия барған Шоқан, өлкенің экономикалық саяси құрылымын зерттеп, оның тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинайды. Қашқар сапарынан «Алтышаһардың, яғни Қытайдың Нан лу уәлаятының шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегі дүниеге келді. Бұл Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, әлеуметтік құрылысына арналып, сол заман ғылымының биік деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жұмысы еді.

Қашғар сапарынан кейін Сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің арнайы шақыруымен Петербургте келіп, сонда бір жылдай тұрып ғылыми жұмыстармен айналысады. Алайда туберкулез ауруы меңдегендіктен Петербургтен елге, Сырымбетке оралады. Туған халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп, 1862 жылғы сайлауда Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынады. «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды шенеуніктерден, қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді» деп жазады ол бұл туралы досы Достоевскийге. Бірақ ол бұл мақсатын орындай алмайды. Шоқан қарсыласынан көп дауыс алып жеңіске жеткенімен, генерал-губернатор оның халық арасында ықпалы мен беделі зор болып кетеді деп сескеніп, «науқасына байланысты қызметтен бас тартты» деген өтірік сылтаумен аға сұлтандыққа бекітпей қояды.

1864 жылы наурыз айында Шоқан полковник Черняевтің шақыруымен Әулиеата жорығына қосылады. Орыс империясының Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны Ресей қарамағына бағындыру мақсатын көздеген бұл жорыққа аудармашы, жергілікті халықпен бейбіт мәмілегерлік келісімдер жасау үшін қатысқан ол, полковник Черняевтің Әулиеатаны (қазіргі Таразды) алу кезінде шәһар халқына жасаған жауыздығын көргесін, ренжіп, кейін қайтады. Содан Верный (қазіргі Алматы) қаласына келіп, одан әрі Тезек төренің ауылында (бұрынғы Талдықорған облысы, жазда Күреңбел жайлауы, қыс кезінде Алтынемел асуының күнгейі) тұрақтап қалады. Сонда Тезектің немере қарындасы Айсарыға үйленеді. Сөйтіп жүргенде ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуірінде қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшентоған деген жерге қойылады.

Қызмет жолы

Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады

ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазуға пайдаланады.

3) Қазақ АКСР-інің құрылуы ұлттық- территориялық межелеу және әкімшілік- территориялық құрылуы

 

Қазақ АКСР-ның құрылуы.1920 жылы 20 тамызда РКФСР құрамындағы «Автономиялы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылданды. 1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі өтті. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетініңтөрағасьі С. Мендешев, ал Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесініңтөрағасы В.А. Радус-Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. «Декларацияда» Қазақ АКСР-ның мемлекеттік басқару оргаңдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері

- ҚазАКСР құрылуы

1919 жылы 19 қыркүйекте Орынбордың Қазақ өлкесіне қосылуы туралы шешім қабылданды, 1920 жылы 7 шілдеде Орынбор республика құрамына кірді, 1920 жылы 20 тамызда Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы декрет шықты, Астанасы: Тұңғыш астана Орынбор қаласы 1920-1924, содан кейін Ақмешіт (Қызылорда), 1929-1997 жылдарда Алматы, Аумағы - Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі, 1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай сьезі өткізілді, Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды, Жоғарғы Атқару Комитеті, төрағасы - Меңдешев, Халық Комиссарлары Кеңесі, төрағасы - Радус-Зенькович, Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуының тарихи маңызы - Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі, Отаршылдыққа қарсы күрестің нәтижесі, Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам

 

2 - Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі, Арнаулы комиссия құрылып, республика шекарасын белгілеумен айналысты, Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады - Қазақ өлкесіне Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсылық, Республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін қосу, Қазақ зиялылардың араласуымен - Қостанай аймағын республика құрамына қосу қажеттігін Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхаммеджан Сералин жан-жақты дәлелдеді, Батыс Сібірге еніп келген Ақмола мен Семей облыстарын өлке құрамына енгізу мәселесі 5 рет қаралып, Бөкейханов, Байтұрсынұлы, Ермеков, Сералиндердің тарихи деректемелерінен кейін ғана шешілді, 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан ҚазАКСР-не берілді, 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын қазақтар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір қазақ халқына қайтарылды

 

3 - Статистикалық мәліметтер - Республика аумағы 2,7 млн шаршы шақырым, Халқы 5 млн 230 мың (1 млн 468 мыңға көбейді) Қазақтар - 61,3 пайыз (1926 ж санақ), Қазақ атауының қайтарылуы - 1925 жылғы 15-19 сәуірде Ақмешітте Кеңестердің бүкіл қазақстандық 5 сьезінде қырғыз-қазақ атауы берілді, 1936 жылғы 9 ақпанда ҚАКСР Орталық Атқару Комитеті Қаулысымен қазақтар атауы берілді.

 

Ұлттық-аумақтық межелеу Жоғарыда айтылғандай, ежелгі заманнан бері қазақтың жері саналатын оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы өңірлер (Сырдария және Жетісу облыстары) әр түрлі объективтік және субъективтік себептермен 1918 жылғы желтоқсанда жарияланған Алаш автономиясының, сондай-ақ 1920 жылғы қазанда құрылған Қазақ АКСР-і құрамына енгізілмеді. ОларТүркістан өлкесінің құрамында қалды, ал кейін 1918 жылдың көктемінде құрылған Түркістан АКСР-і құрамына кірді.

Азамат соғысының аяқталуы және 1922 жылы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) құрылуы елде ұлттық-мемлекеттік құрылыс процесін одан әрі дамытуға оң ықпал етті. Атап айтқанда, РКФСР құрамындағы барлық кеңестік республикалар мен облыстар құрылды. Ұлттық-аумақтық мемлекеттік құрылымдарды құрушы халықтардың, оның ішінде Қазақ АКСР-інің басшылары мен жекелеген өкілдері Орталықтың алдына қайсыбір халықтың ұлттық-мемлекеттілігі аясында бүкіл этникалық аумаққа бірлесуі (қайта бірігуі) туралы мәселе қоя бастады.

Бұл проблема Орта Азия мен Қазақстанда да күрделі сипат алды. Атап айтқанда, Сырдария және Жетісу облыстарын ҚазақАКСР-і құрамына қосу қажеттігі туралы мәселе жүйелі түрде көтерілді. Осымен бірге көп ұлтты Түркістан АКСР-ін бөлу және өзбектердің, түркімендердің, тәжіктердің, қарақалпақтардың, қырғыздардың ұлттық-мемлекеттік құрылымдарын құру туралы мәселе де күн тәртібіне қойылды. Осы кезде Түркістан АКСР-і Орталық Атқару Комитетінің (ТүрАОАК) Төрағасы міндетін атқарушы Тұрар Рысқұлов 1920 жылғы қаңтардағы Түркістан Компартиясының V өлкелік конференциясында Түркістанның дербес ұлттық коммунистік ұйымдарын біртұтас «Түрік халықтарының коммунистік партиясына біріктіру» туралы мәселе көтерді және Түркістан АКСР-ін Түркістан Кеңестік Республикасы деп атауды ұсынды, ал сол жылдың 27 мамырында ол Түркістан АОАК-нің Төрағасы ретінде РК(б)П ОК мен РКФСР ХКК-не негізі жоғарыда аталған идея-ұсыныстар болып табылатын «Ресей Социалист Федерациясының құрамындағы Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы ережелерінің» жобасын ұсынды. 

 

 

\Билет №4

Шың 39бет

1) Қыпшақ хандығы қоныстануы және этникалық саяси тарихы

Қыпшақ хандығы (XI ғ. — 1219 ж.) Қыпшақтар туралы алғашқы хабарҚытайдың жазба деректерінде кездеседі. Қыпшақтар ең әуелі Алтай, Саян тауларының баурайларын мекендеген. VII ғасырда олар Қазақстан жеріне Алтайдағы телэ тайпаларының құрамында қоныс аударып келген. VII-X ғасырларда Қазақстан аумағында қыпшақ этникалық қауымдастығының ұзаққа созылған қалыптасу процесі жүрді. Қазақстан жерінде қыпшақ этникалық қауымдасуын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең, қыпшақтардың қимақ тайпалық одағында болуы: VII ғасырдың екінші жартысы – VIII ғасырдың соңына дейін. Екінші кезең: VIII ғасырдың аяғы – XI ғасырдың басы. Бұл кезде қыпшақтар Алтай және Ертістен Орал таулары мен Еділге дейін қоныс тепті. Қыпшақ тайпалық Одағына Мұғалжар жеріндегі құмандар және қимақ тайпалары кірді. Қыпшақтар Сырдария, Қаратау бойындағы қалаларды өздеріне бағындырды. XI ғасырдың орта кезінен бастап қыпшақтар қазіргі Волгадан (Еділден) батысқа қарай жылжыды, сөйтіп шығыс Еуропа елдерімен, орыс княздіктерімен, Византиямен, Венгриямен шектесті. Ұлан-байтақ қыпшақтар мекендеген жерлер "Дешті қыпшақ”, яғни қыпшақ даласы деп аталды. Ал қыпшақтардың өзі Батыс Еуропа деректерінде құмандар, орыс жылнамаларында половцылар деп көрсетілді.XI ғасырдың екінші жартысынан бастап 1219 жылға дейін қыпшақ тайпалық одағы дамуының үшінші кезеңі жүрді. Осы кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты өсті. Олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, құман, ертедегі башқұрт, оғыз т. б. тайпалар кірді. Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, ұрандар, Шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлұқтар, шігілдер әсерін тигізді.Бұл кезде қыпшақ хандары өз жерлерін оңтүстікте Тараз қаласына дейін жеткізіп, қарахандықтармен шектесті. Олардың арасындағы шекара – Балқаш көлі және Алакөл ойпаты болды. XII ғасырда қыпшақ тайпалары Алтайда, Ертістің жоғарғы жағында наймандармен, қаңлылармен, керейттермен шектесті, солтүстікте қырғыздар және хакастармен көрші болды. Қыпшақ тайпаларының басында қаған, одан төмен қарай хан, тархан, басқақа, бек, байлар тұрды. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тең болған жоқ. Негізгі теңсіздік малға деген жеке меншік еді. Жылқы басты байлық болып саналды. Төменгі тапқа малы аз шаруалар, кедейлер жатса, ал қолға түскен тұтқындар құл ретінде пайдаланылды. Мал ұрлау қатаң жазаланды. Жеке меншіктегі малға рулық-тайпалық белгілер салынды. Малынан айырылған, немесе көшу мүмкіндігін жоғалтқан қыпшақ кедей шаруалары отырықшы тұрғындар — жатақтар қатарына көшті. Бірақ олар жеткілікті мөлшерде мал жинап алысымен, қайтадан көшпелі шаруашылыққа ауысып отырды. Қыпшақ хандары Орта Азия мемлекеттерімен, әсіресе Хорезм шахтары және салжұқтармен табанды күрес жүргізді. 1065 жылы салжұқтардың билеушісі Алып Арсылан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға шабуыл жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент пен Сауранға жорыққа шығады. Соғыста жеңіліс тапқан қыпшақ тайпаларының бір бөлігі Хорасан салжұқтарына тәуелділікке түсті. 1096 жылы "Құдіретті” хан бастаған қыпшақ бірлестігінің әскерлері Хорезмге қарсы жорық жасады, бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды. XI ғ. аяғы – XII ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, төменгі Сырдарияның тағы басқа қалалары қыпшақ көсемдерінің қолына қараған. Хорезмшах Атсыз (1127–1156 жж.) Жентті жаулап алады, сонан соң солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады. 1133 жылы Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз қыпшақтарды ойсырата жеңеді. Осы кезден бастап қыпшақ хандығының ыдырауы басталады. Оған себеп болған негізгі жәйттер: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында Хорезмді жақтаушылардың көбеюі, қыпшақтарға қарсы қаңлылардың аса ірі бірлестігінің құрылуы, өкімет билігі үшін өзара әулетті қырқыстың күшеюі еді.Бұл жағдайды Хорезм билеушілері, әсіресе Текеш пен Мұхаммед жан-жақты пайдалануға тырысты. Олар қыпшақ билеушісі Қадыр-Бүке хан мен оның немере інісі Алып-Деректің арасындағы бітіспес тақ үшін таласты пайдаланды. Қыпшақтардың орталығы Сығанақ қаласын басып алуға әрекет жасады. 1195 жылы Текеш (1172–1200 жж.) өз ойын іске асыру үшін Сығанақты басқарып отырған Қадыр-Бүке ханға жорыққа аттанды. Бірақ, шайқас кезінде Хорезм шахының түріктердің ұран тайпасынан құрылған сарбаздары Қадыр-Бүке ханмен келісіп, соның жағына шығып кетеді. Осыдан кейін талқандалған әскерінің қалдығымен Текеш Хорезмге қайтып оралады. 1198 жылы Текештің ұлы Мұхаммед Алып-Дерекпен одақтасып Қадыр-Бүке ханға қарсы қайта жорық жасады. Соғыс барысында Қадыр-Бүке жеңіліп, Хорезмге жеткізілді. Хан билігі енді Алып-Дерекке көшті. Қыпшақ ханының одан әрі күшейіп кетуінен қорыққан Текеш Қадыр-Бүке ханды босатып, оған Хорезмнің көп әскерін беріп, Алып-Дерекке қарсы аттандырды. Шайқастың барысында Алып-Дерек әскерлері жеңіліске ұшырады, бірақ қыпшақ билігін қолына алған Қадыр-Бүке ханның өзі де Хорезмшахқа тәуелді болып шықты. Хорезм билеушілері әйелдерін қаңлы мен қыпшақтардың хан әулеттерінен алып отырған.Хорезм шахы Мұхаммед (1200–1220 жж.) өз мемлекетінің құрамына XIII ғ. бас кезінде Сығанақ жерін қосып алады. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан қыпшақ хандары Хорезмге қарсы күресін жалғастыра берді. 1216 жылы қыпшақ билеушісі Қайырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетеді. Осы кезде ол Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шыңғысхан қолымен соқтығысып қалады. Бұл моңғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, сөйтіп моңғол басқыншылығының дәуірі басталады. Қыпшақтардың басты шаруашылығы мал өсіру болды. Олар жылқы, қой, сиыр, өгіз, түйе өсірді. Жылқы мен қой басым болған. Жылқы басты көлік құралы және қыпшақтар сиыр мен қой етінен жылқы етін артық көрді. Батыс Қазақстан аймақтарында қыпшақтардың жекеленген топтары түйе шаруашылығымен де шұғылданған. Қыпшақтар аңшылықпен де айналысқан. Олар аң аулағанда садақ пен жебеден басқа лашын, бүркіт сияқты құстарды, жүйрік тазыларды пайдаланған. Бағалы аң терілерін қыпшақтар басқа елдерге шығарып, сауда қатынасын жүргізген. Аң аулаумен қатар қыпшақтардың өзен мен көл жағалауларында тұратындары балық аулаумен шұғылданған, олар кішкене қайық, кемелерді пайдаланған. Қыпшақ қоғамында малсыз кедейлер егіншілікпен, соның ішінде өзен бойларында суармалы егіншілікпен айналысқан. Қыпшақтар негізінен тары өсірген. Олар жетіспеген астықты Орта Азияның егіншілерінен мал шаруашылығы өнімдеріне айырбастап алып отырған. Қыпшақтарда үй кәсібі, қолөнер жақсы дамыған.

2) Бөкей Ордасы: Жәңгір хан

Бөкей хандығының құрылуы - 1801 жылы Еділ мен Жайық аралығына Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі көшіп барды. 1812жылы онда Бөкей хандығы құрылды. Ол 1845 жылға дейін өмір сүрді.

Географиясы

Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында —Астрахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144 5 km2 19 ғ. аяғында Астрахан меже бөлімі бойынша — 77 624 km2.

Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. Көтеріңкі жерлері төмпелі, ойпаттарда шабындық жерлер орналасады, бірақ кей тұстарда былқылдақ құм бар. Солтүстік жағында (Тарғын, Тал, Қамыс-Самар, Қалмақ) қара топырақты дала кездеседі, Оңтүстігінде көбінесе құм жайлайды. Оңтүстікте құм төбелерінің арасында құмаршық (Triticum cristatum) өсетін ойпаттар кездеседі. Төмпелерде ештеңе өспейді, теңізге жақындағанда тегістеніп кетеді де сорларға айналады. Оңтүстік-батыста Бэр төмпелері көріне бастайды. Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар,әдетте біреуі ірілеу болады. Ең ірілерінің шеңбер диаметрі 30 м шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зер тасты кірпіш қалауы бар.

Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым-зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы өңірде болған Г.С. Карелин, В.И. Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын естелік—зерттеулерінде жазып көрсетеді. Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100-ден астам Ресей және шетел зерттеушілері болған.1842 ж. Жәңгірдің өтінішімен белгілі картограф, Орыс жағрапиялық қоғамыныңмүшесі Я.В. Ханыков Бөкей ордасының аумақтық картасын[1] жасайды.

 

Халқы

Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя).

әңгір хан (1801-1845) - Бөкей Ордасының соңғы ханы, Әбілхайыр ханның шөбересі, Нұралы ханның немересі, Бөкей ханның ұлы. Генерал-майор, Шын аты - Жиһангер.

1815 жылы әкесі мұрагерлік салтқа сәйкес хандық тақты Жәңгірге берген. Алайда, Жәңгір хан жас болғандықтан, Бөкейдің тапсыруы бойынша хандықты Бөкейдің інісі Шығай сұлтан басқарады. 1823 жылға дейін Жәңгір Астрахан губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбиеленіп, еуропаша білім алады. Сол жерде хандықты әкімшілік тұрғыдан басқару әдіс-тәсілдерін үйренеді. 1823 жылдан бастап билік хан тағының заңды мұрагері Жәңгірдің қолына көшеді. Бөкейұлы Жәңгір хан билік құрған кезеңде саяси жағдай шиеленісіп тұр еді. Сол тұстағы басқару мен жер бөлуде жіберілген кемшіліктерге орай, ол халыққа қарсы бір қатар әрекеттерге баруға мәжібүр болды. Бұл жағдайды Ресей қазақ хандығы аумағын отарлау мақсатында ұтымды қолдана білген. Қазақ халқы үшін негізгі экономикалық шектеулердің бірі қазақтарға Каспий теңізі, Жайық пен Еділ өзендерінің жағалауларындағы аумаққа қоныс аударуға тыйым салынуы еді. Шаруаның бұл өзендерден балық аулауға және мал суаруға құқы жоқ болған. Жәңгір ханның жүргізген саясатының ақыры И.Тайманов пен М.Өтемісов (1836-1837) бастаған шаруалар көтерілісіне әкеліп соқтырды. Бұл көтерілістің негізгі сипаты Ресей отарлаушылары мен феодалдар саясатыны жасалған қарсылық еді. Жәңгір хан көтерілісті Ресей әскерінің көмегімен басып тастайды. Орыс губернаторынан әкімшілік басқару әдістері бойынша алған дәрістері Жәңгірдің жүргізген саясатына үлкен ықпал етті. Хандықты басқару құрылымында ол бірқатар реформаларды жүзеге асырды. Билік жүргізуді басқаратын жүйеге руханият қызметі - ахун (қажы) енгізілді. Ахунның негізгі білімі хандықта рухани білім беру болды. Бұл реформалар барысында рухани қызметкерлер санының өзгеруі орын алды. Сонымен бірге мұсылман мектептері мен медреселердің санын көбейтті. Жәңгір хан билік еткен тұста Бөкей ордасында 1832 жылы сауда жәрмеңкесі (хан жәрмеңкесі) ұйымдастырылып, дәрігерлік бөлімше, 1938 жылы дәріхана, мұрағат ашылып, хандықтың алғашқы картасы жасалынды. Жәңгірдің басқаруымен Бөкей ордасында қазақтың шеберлері жасаған аса құнды әскери қару-жарақтар сақталатын мұражай құрылған.

 

Жәңгір хан сауатты адам болған. Ол араб, парсы,орыс, татар, неміс тілдерін жақсы білген. 1841 жылы Ордада Жәңгір хан өз қаражатына жоғары мектеп ашып, М.Бабажанов, М.Бекмұхамедов, К.Шығаев, тағы басқалар білім алған. Сол жылы Жәңгір Бөкейұлы Қазан университеті жанындағы ғылыми кеңеске құрметті мүше болып сайланып, 1843 жылы генерал-майор атағын алады. Жәңгір хан асыл тұқымды жылқыларды өсірумен айналысқан. Ол қазақ шежіресін жинаумен, халықтың әдеби шығармаларымен шұғылданып, өзі де көптеген эпикалық туындылар жазған. 1844 жылы қазанда Жәңгірдің «Мұхтасар әл-фикғайат» атты еңбегі жарық көрген.

 

Жәңгір хан тұсында Бөкей ордасында басқарудың жаңа жүйесі енгізіліп, хандық билер басқарған 12 әкімшілік орталыққа бөлінеді. Билер мен хандар кеңесі, тархандар институты қайта құрылған.

 

Жәңгір хан екі мемлекет субъектілері арасындағы экономикалық қатынастарға бірқатар өзгерістер енгізді. Ол отырықшы өмірді жақтады, сондықтан да бұл процестің өріс алуы үшін жерге жеке меншікті енгізген. Ол салық жинауды күшейту бағытында да бірқатар істер атқарды. Мемлекеттік сауда саясаты тауар айналымының көлемін ең жоғары жеңгейге дейін кеңейту және көпестердің ағылып келуі үшін жәрмеңкелер ұйымдастыру бағытында жүргізілді.

 

1845 жылы Жәңгір хан кенеттен белгісіз жағдайда қайтыс болған. Ол Бөкей ордасының үшінші және ең соңғы ханы болды. Одан кейін хандық билік мұрагерге берілмей қалды. Басқарудың жаңа құрылымы - Уақытша кеңес Ресей империясының Бөкей ордасын басқару құралы болды.

 

Жәңгірдің билік басына келуі[өңдеу]

Бөкей хандығының негізін қалаған Бөкей хан 1815 жылғы 12 мамырда қайтыс болды. Ол өзінің көзі тірсінде хан атағын өз ұрпақтарының мұрагерлікпен иелену құқығын белгілеп, бекітіп қойған еді. Оның өсиеті бойынша, хан тағы оның ұлы Жәңгіргеқалдырылған болатын. Бірақ ол әлі небары 14 жаста еді. Сондықтан ол ер жетіп, кәмелеттік жасқа толғанша хандықты Шығатай сұлтан билеп тұрды.

Жас мұрагерді тәрбиелеуді патша шенеуніктері өз қолдарына алды. Жәңгір ер жетіп, кәмелеттік жасқа толғанша Астрахан губернаторы Андреевскийдің үйінде тұрды, сол кездегі үлгілі саналатын білім мен тәрбие алды. Ол хан тағына тағайындалар кезге дейін жан-жақты толық әзірліктен өткен билеуші болып та үлгерген еді. Жәңгір қазақ тілімен қатар орыс, араб және парсы тілдерін білді. Ол Қазан университетінде жиі болып тұратын. Жәңгірдің университетте болған сапарларының бірінен кейін ондағы жергілікті ғалымдар «Қазақ ханы Жәңгірдің Қазанда болуы» деген кітап жазды. Жәңгір Қазан үниверситетінің кітапханасына араб, парсы және түркі тілдерінде жазылған ежелгі 6 құнды қолжазба тапсырды.

Жәңгір 1824 жылы Орал қаласында хан болып жарияланды және хандықты 20 жыл бойы басқарды. 1827 жылы ол хандықтың орталығы — Хан ордасының негізін қалады. Хан ордасы Нарын құмының батыс бөлігінде салынды. Хандыққа біртұтас басшылық осы жерден жүргізілді. Ханның үлгісі бойынша және оның тікелей нұсқауымен Хан ордасында сұлтандар мен билер, старшындар да үй сала бастады.

Жәңгір хан билік басында болған уақыт қазақтардың бүрынғы дәстүрлі тұрмысына елеулі өзгеріс жасалған, хан билігі күшейген,ислам дінінің ықпалы артқан, тауар-ақша қатынастары айналымға енгізілген маңызды кезең болды.

 

3) Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (1912—1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.

1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген.Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі

Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан. 1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.

1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937-1939 жылдарыБалқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болдыі.

• 1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.

• 1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.

• 1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды.

• 1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.

• 1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.

• 1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.

• 1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.

Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. СОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты.

1956 жылдан бастап СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол СОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды.

Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.

Дінмұхаммед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.

Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдеріжыл сайын артып отырды.

Дінмұхаммед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойыншамыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның 70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты.

Д.А.Қонаев металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл,Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Жамбыл мен Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектер мен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді.

Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхаммед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері өз қызметін бастады. Қазақ жерінің барлық аймақтарында дерлік білім және мәдени ошақтар ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылып, әлеуметтік нысандар салынды.

Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқанреформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82-жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

1) Түрік қағанаты ішкі сыртқы саясаты шыңнан кориндер

Түрік қағанаты (қағанат)
552-603
Сурет:Gokturks.png Ту
Астанасы 552-603 Суяб
Тілі түркіше
Аумағы 13 млн км²
Халқы Түркілер Үйсіндер, Дулулар, Нушибилер (Жетісуда) ұйғырлар (Шығыс Түркістанда) телелер (Алтайда) қидандар (Маньчжурияда) Енисей қырғыздары (Енисей жағалауында) соғдылар (Орта Азияда) қыпшақтар (солтүстікте, Қазақстанда, Бат

 

Саясаты

552—553 жылдары түріктер «батыста идті (эфтал) бағындырады». Орта Азия: эфталиттері туралы болып отыр. Оларды жаулап алу үшін алдымен Алтайдан Тоқарстанға дейінгі жолдағы мемлекеттердің бәрін бағындырып алу керек еді, ал ондай мәліметтер бізде жоқ. Оның бер жағында түріктердің Орта Азия эфталиттерің 563—567 жылдары, яғни он жылдан кейін жаулап алғаны баршаға мәлім. Сондықтан «батыста идті талқандады» деген сөзді география тұрғысынан Алтай аумағымен шектеу керек. Түріктерді кара эфталит аймағына орналастыратын шежіреші олар осы жерде болған дейді7. VIII ғасырдың орта шенінде ұйғыр жансыздары да оларды осы жерден тапқан. Сөйтіп, батысқа түріктердің Бумын мен Иштемидің бастауымен жасалған жорығы туралы айтылып отырғандықтан (соңгыга Жетісу түріктері қаганатының кұрамына кіретінін көрсететін «Он тайпа» атагы берілген болатын), нақ осы ауданды түріктердің 552 жылғы әскери экспедицияларының батыстағы жеткен шегі деп санау керек.

Отырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түріктердің батыстағы, Орта Азиядағы саясатының негізі болды. Олар эфталиттерінің батыс тармағына міне осы арада кездесті, ал эфталиттердің иеліктері Каспий теңізінен Солтүстік Үндістанға және Шығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан еді. Өзінің армиясының орасан зор да икемді құрамына қарамастан, мұндай күшті жалғыз жеңіп алуға түріктердің ша- масы келмейтін. Олар үшін соғыс сасанилік Иранмен әскери одақ жасасқаннан кейін ғана табысты бола бастады. Эфталиттерге вассалдық тәуелділікте болған Иран оларға ұзақ уақыт бойы жыл сайын күміспен салық төлеп тұрды, мұны осы мақсат үшін арнайы соғылған пехлеви жазуымен қоса эфталит жазуы бар теңгелер көрсетеді. Сондықтан түріктердін эфталиттерге қысым жасауы Иранның сасанилік билеушілеріне қолайлы болды. Түрік қағанымен жасалған келісім бойынша Хұсрау I Ануширван шах өзінің армиясын Тоқарстанға аттандырып, оны 564 жылы эфталиттерден тартып алды, сөйтіп эфталиттер өздерінің берік те қамсыз тылынан уақытша айырылып қалды. Мұның өзі түрік кағаны Силзибулға 563—567 жылдары эфталит патшалығын талқандауға мүмкіндік берді. Түрік-эфталит соғысы біткен бойда-ақ Шығыс пен Батыстың арасындағы керуен жолдары бойында жатқан жерлерді бөлуге келгенде одақтастар арасында араздық басталды. Бұл жерлерді иелену жол асуларын кеңінен пайдалануға, жібек, тәтті тағамдар, сәндік заттар, т.б. саудасын бақылауға, Шығыс пен Батыс арасындағы тауар айырбасына белсене қатысуға мүмкіндік беретін еді. Бұл саудада бүкіл Орта және Орталық Азия аумағында негізгі делдалдар соғды көпестері болды, олар өздеріне қолайлы жағдайды сақтап қалуға бәрінен де гөрі мүдделі болатын. Сондықтан бұрынғы одақтастармен араздасып қалған түрік қағаны Хұсрау I Ануширванга Персия арқылы Византияға жібек және басқа тауарлар өткізуге рұксат сұрап, елшілік жіберуге ұйғарганда, бұл елшілікті соғды көпесі Маннах бастап барғанына таңдануға болмайды. Алайда елшілік сәтсіздікке ұшырады. Хұсрау I Ануширван қағанатпен қатынасты көрінеу біржолата үзуге батылы бармай, әкелген жібектің бәрін сатып алуга бұйрық берді, сөйтті де, оны Маниахтың көзінше өртеді. Екінші елшілік те осылай сәтсіз болып шықты.

Бұл жағдайда түріктер тікелей Константинопольге, Византияның императоры II Юстинге сөз салуды дұрыс көрді. Тағы да сол Маниах бастаған елшілікке енді Кавказ арқылы жүруге тура келді. Маниахтың Константинопольдегі келіссөзі сәтті болды, ол кейін қайтқанда түріктердін жаңа одақтасының өкілі, Византия елшісі Земархты алып қайтты. Земарх елшілігі Кавказдан асып, Каспий теңізін жағалап, Хорезм арқылы Сырдарияға жетгі. Бұл елшіліктің сипатталып жазылуы Менандрда сақталған. Ол елшілердің екі оттың арасынан өтіп, тазалану рәсімін жасауға тиіс болғанын әңгімелейді, қаған шатырының ішкі жиһаздарын, дөңгелектері бар алтын тақты суреттеп жазады. Византия елшісінің түрік қаганымен келіссзөде түріктер мен Византия арасында жібекпен тікелей сауда жүргізу туралы және олардың армияларының сасанилік Иранға қарсы бірлесіп қимылдауы туралы сөз болады. Алайда бірінші тармақта екі жақ келісімге келе алмайды, өйткені бұл кезде Византия жібек құртын өсіруді өзі үйреніп алған болатын, сондықтан ол сырттан жібек әкелуге зәру емес еді. Византиялықтар түріктерден Иранға қарсы әскери көмек қана күтті. Каған сарайының бұған оңқарайтындығы айқын болса да, бұл мәселе жөнінде де нақты шешім қабылданбады. Бұл Иран мен Византияны әлсіретуді көздеген дипломатиялық есеп болса керек. Солай болып шықты. Өздерінің араларындағы қатынастарды соғыс жолымен анықтап алудан қолдары босамаған Иран мен Византия қағанатгың істеріне ықпал жасай алмады.

Бірақ 575 жылы жағдай өзгерді. Византия мен Иран өзара уақытша бітім жасасты. Тіпті Византия түріктерге қарсы күреске олардың бүлікшіл вассалдары уархун (вархонит) -түріктерді тарту үшін Кавказдың арғы жағына және Кавказға кіруге әрекет жасады. Бұған жауап ретінде түрік атты әскері Киммерия Боспорына, онан кейін Қырымға және Батыс Кавказға жойқын жорық жасады.

2) 1868 1869 жылдардағы Орал Торғай облыстарындағы және 1870 жылғы Маңғыстау приставындағы көтеріліс

104.1868-1869 жылдардағы Орал,Торғай облыстарындағы және 1870 жылғы Маңғыстау приставындағы көтеріліс

1867—1868 жылдары Қазақстан үш генерал-губернаторлыққа бағынды. Орынбор генерал-губернаторлығына — Орал, Торғай облыстары; Батыс Сібір генерал-губернаторлығына — Семей, Ақмола облыстары; Туркістан генерал-губернаторлығына — Жетісу, Сырдария облыстары мен Орал және Сібір казак-орыс әскери округтерінің кейбір аудандары кірді. Әрбір облыстың басында әскери губернатор мен оған бағынышты облыстық басқарма болды.Жалпы, әскери билік пен азаматтық билік бір адамның қолына жинақталды. Сот жүйесінде әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Олар жалпы империялық заңдар негізінде жұмыс істеді. Облыс → уезд → болыс → ауыл → түтін (шаңырақ) әкімшілік бөлінісі ру бөлінісімен санаспай, аумактық принцип бойынша құрылды. Сол арқылы ру ақсақалдары мен билерінің ықпалын кеміту көзделді.Кіші жүз қазақтары 1868—1869 жылғы «Уақытша Ережені» енгізуден көп бұрын табиғат байлықтарынан: жерден, орманнан, өзен-көлдерінен айырылған болатын. Тұз кендері, аң аулайтын жер Орал, Орынбор казак әскерлері және генерал-губернаторлық меншігінде болды.Қатал қанау көшпелілер мен жартылай көшпелілерді жоқшылыққа ұшыратты. Қазақ кедейлері жұмыс іздеп казак шептеріне шұбырды. 40—50-жылдары Орал, Орынбор шептерінде, орыс-казак билеушілері топтарында, саудагерлерде, балық және тұз кәсіпшіліктерінде жалданып жұмыс істейтін қазақ жұмысшыларының саны 40 мыңнан асты. Бірақ 1868 жылғы «Уақытша Ережені» енгізу қарсаңында шептің ішкі жағындағы жерде еңбек етуге ерік беретін билет ақылы (10—12 сом) етіліп, оларға егіншілікпен айналысуға, тұрақты мекендеп қалуға шектеу қойды.Қазақтардың бүкіл азаттық үшін күресінің негізгі көкейкесті мәселесі — жер. 1868 жылғы «Уақытша Ереже» бойынша қазақтардың ата-қонысы мемлекет  меншігі деп жарияланды. Жер қауымдық пайдалануға берілді.Кіші жүз қазақтары мен Жайық казактары арасындағы жер жөніндегі қатынастар бұрынғыдан да шиеленісе түсті. Малдың тебінде болғаны үшін әскер атаманының пайдасына қой басы — 15 тиын, ірі қара мал — 18 тиын, жылқы — 23 тиын, түйеге — 38 тиыннан ақы алынды. Бұдан басқа станицалық қоғамдар «өздерінің жеріне» көшіп Келген әрбір үй үшін қазақтардан 4 сомнан ақша алып отырды.Жерге зәруліктің, жайылым жетіспеуінің салдарынан XIX ғасырдың 60-жылдарында рулар арасында, жартылай отырықшы және көшпелі қазақтар арасында күрес күшейді. Жер дауы көшпелі қоғам бірлігіне нұқсан келтірді. Оны дағдарысқа ұшыратты.Казақстанның оңтүстігінің Ресейге түпкілікті қосылуы 1867—1868 жылдардағы «Уақытша Ереженің» жасалуына тікелей байланысты. Бұл заң Ресейдің империялық пиғылының арта түскендігінің көрінісі. «Уақытша Ереженің» түпкі астары—қазақтардың әлеуметтік-мәдени және этностың тұтастығынан айыру еді. Көшпелі қоғамның тірегі — рулық құрылымды бұзып, әкімшілік басқаруды оларға түсініксіз, сан алуан сатылы билік иерархиясымен ауыстырды. Орал облысы қазақтарының жері Орал казак әскерлері жерімен біріктіріліп, оны басқару казак атаманының қолына берілуі де қазақтардың наразылығын туғызды. Қазақтар дүниетанымы мен көшпелі өмір салтына қайшы келетін сырттан күшпен таңылған жаңа реформаны қабылдамады.

Көтерілістің басталуыҚазақтар 1868 жылғы «Уақытша Ережені» «жаңа штат» деп атаған. Міне, осы «жаңа штат» туралы алып қашты хабар оны жариялаудан көп бұрын және ұйымдастыру комиссиясы елге шықпай тұрып-ақ тарады.Ұйымдастыру комиссиясы, ең алдымен, үй есебін алуға, онбасы, елубасылардың сайлауын өткізуге, олардың арасынан ауыл старшындарын, болыс билеушілерін сайлауға, елді ауыл-ауылға бөлуге, жаңа мөлшерде үй басы салығын жинауға тиіс болды. Бірақ бұл комиссиялар ауылдардың табанды қарсылығына кездесті. Қазақ еңбекшілері «Уақытша Ереженің» негізгі мәнін дұрыс ұғынып, оны қабылдаудан үзілді-кесілді бас тартты.Жаңа әкімшілікке бөлу жайылымдарды пайдаланудың ғасырлар бойы келе жатқан тәртібіне үйлеспеді: бір рудың жайлауы, қыстауы басқа уездер мен болыстардың қарамағына ауысып кетті.«Уақытша Ережені» жүзеге асыру үшін шыққан комиссия 1868 жылдың қаңтарында жұмысын тоқтатып, шеп бойына қайтуға мәжбүр болды.Орал облысында 1869 жылы 12 қаңтарға дейін 11 болыс шеп бойындағы қазақтардан ғана құрылды. Торғай облысында 1 ақпанға дейін 9 болыс құрылды. Алайда көп ұзамай ұйымдастыру комиссиясы өз жұмысын бірінші Орал облысында, кейіннен Торғай облысында тоқтатып, шепке кейін қайтуға мәжбүр болды. Комиссия сөзіне қарағанда, «Уақытша Ережені» қабылдамауды қазақтардың барлығы бірігіп шешкенге ұқсайды. Ал комиссияның бетін қайтарған қазақтардың қатары толыға түсті. Өздеріне орыс бастықтарының тағайындалуына, түтінге санақ жүргізуге наразылардың қатары өрши берді.1869 жылы ақпанда комиссия күзетші жасақ пен бұрынғы сұлтандарды ертіп қайта шықты. «Уақытша Ережені» қабылдамай қайсарлық көрсетушілерге қарсы әрі Елек комиссиясына көмекке Ембі постындағы күшке қоса екі зеңбірегі бар 200 казак жіберілді. Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский мен Орал облысы әскери губернаторы Н.А.Веревкин қарсылық көрсетушілер Жем өзені бойындағы жайлаудан айырылатындығын ескертіп, қорқытумен болды.Комиссия Елек өзенінің бастауы тұсындағы 30-дистанцияға қарасты қазақтардың күштірек қарсылығына кезікті. Бұған басқа да дистанцияларға қарасты халықтың көтеріліске шыққан бөлігі қосылды. Комиссия қоршауға түсіп, оның төрағасы Плотниковты «енді қайтып келмеймін» деген тілхатын алғаннан кейін ғана босатады.Бірінші кақтығыс 1869 жылы 21 қаңтарда Гурьев уезін ұйымдастыру комиссиясына қарсы болды. Адайлардың, 400 ысық руы қазақтарының Тентек, Сағыз өзендері бойында көрсеткен қарсылығынан Жемнен әрі қарай өте алмаған комиссия мүшелері Каспийдің қатқан мұзы үстімен кейін қайтты.1869 жылдың көктемінде жекелеген ауылдардың ашынуы көтеріліске ұласты. Қазақ ұлықтарына жалданған бақташылар, батырақтар және басқа еңбеккерлер қырға жиылып, 600—700-ден бөлініп, жасақтар құра бастады.

1870 жылғы Маңғыстау қазақтарының көтеріліс

Басқару реформасын жүзеге асыру Маңғыстау аймағында да қарсылыққа кезікті. Реформаны енгізгенде патша үкіметі қазақтардың, жекелей алғанда адайлардың, қоғамдық-экономикалық даму деңгейімен тарихи ерекшеліктерімен (санаспады. «Уақытша Ереже» Орал облысына қарасты Маңғыстау түбегіндегі адайларға кешірек 1870 жылы енгізілсе де, «Уақытша Ереже» бойынша түтін салығын 2 жылға қатар төлеу міндеттелді.1868 жылғы «Уақытша Ережеге» сәйкес жоғарыда аталған екі жылдың ауыр алым-салық түрлерін қарулы жасақтың көмегімен жинау басталды.Рукин 1870 жылы 15 наурызда 40-тан астам казак-орыс және 60-ка жуық адай билері мен старшындарын алып, қару-жарақтарын 35 түйеге артты да, салық жинауға шықты. Бұл хабарды естіген халық Досан Тажиев пен Иса Тіленбаев, Алғи Жалмағамбетовтың бастауымен Рукин жасағына қарсы көтерілді. Көтерілісшілер Рукин жасағымен 22 наурызда кездесті. Көтерілісшілердің тегеурініне төтеп бере алмай жасақ кейін шегінді.Көтерілісшілерге Ұсақ құдығы маңында Бозащы көтерілісшілері қосылды, Рукиннің жасағы біржола талқандалды. Рукин қолға түсіп, өзін-өзі атты. Көтерілісшілер саны 10 мың салт атты адамға жетті. Көтеріліс бүкіл түбекті қамтыды. Олар патша өкіметінің Маңғыстаудағы барлық тірегін, кәсіпкерлердің кәсіпорындарын, құрылыс-жайларын талқандады. Балықшылар, жүк тиейтін жұмысшылар өздерін қанаушы кәсіпкерлер мен саудагерлерге қарсы күресті. Сармытас шығанағында жұмысшылар кәсіпшілерге шабуыл жасап,олардың қайықтарын тартып алды. Бұл қайықтардан кіші флотилия құрып, оны патшаның ең мықты соғыс қамалдарының бірі — Александров фортын қоршау үшін пайдаланды.Көтеріліс жергілікті өкімет орындарымен қатар Петербургтегі Бас штабты да үрейлендірді. Себебі, бұл кезде Каспий теңізінің оңтүстік жағалауындағы Иранда ағылшындардың ықпалы едәуір күшейген болатын. Онымен қоса, патша үкіметі Хиуаға қарсы жорыққа даярланып, әскерлерін Красноводск қаласына шоғырландырып жатқан еді. Маңғыстау көтерілісінің орталығы осы әскер тобының тылында болды. Көтерілісті басу патшаның Кавказдағы уәкіл-әкіміне тапсырылды. Мамыр айының соңында Маңғыстауға Кавказдан Апшерон полкінің бip батальоны, екіатқыштар ротасы, шептік батальонның екі ротасы және Терек казак-орыстарының 4 зеңбірекпен қаруланған екі жүздігі келді. Көтерілісшілер Ұсақ құдығында, Үшауыз шығанағында, Александров фортында күшті қарсылықтар көрсеткенімен, патшаның жақсы қаруланған тұрақты әскер бөлімдерінен жеңіліс тапты. Көтеріліс қатал жанышталды. Көтерілісшілер мамыр айының соңында Үстірттен солтүстікке қарай ығысып, көше бастады. Бірақ Орынбордан шыққан Н.Крыжановский мен генерал-майор Биязнов бастаған жазалаушы жасақтармен кездесіп, шығынмен Үстіртке қарай кейін шегінуге мәжбүр болды.1870 жылдың соңында патша үкіметі түбекті әскерге толтырды. Сам, Бозащы, Бестамақтыда 11 рота жаяу әскер, 1400 атты әскер болды.Жазалаушылар халықты «Уақытша Ережеге» күшпен көндірді. Патша үкіметі адайларды әлсірету мақсатымен 6 мың үйді Маңғыстаудан бөліп алып, күшпен Орал облысына қосты. Көптеген отбасылар Үстіртке қашып бой тасалады. 1874 жылға дейін адайларды Дағыстаннан келген әскери өкімет басқарды. Содан кейін бір айдың ішінде 9 мың адай отбасынан екі жылғы салық бірден өндірілді. Салықты өтеу үшін қазақтар соңғы малдарын сатуға мәжбүр болды. Көтерілістің нәтижесінде «Уақытша Ережеге» өзгерістер енгізіліп, түтін салығын ақшалай емес, малмен өтеуге рұқсат етілді.Сонымен, 1870 жылғы көтеріліс салықтың өсуіне, жайылымды пайдалануға шек қоюға қарсы болған стихиялы көшпелі шаруалар көтерілісі болды. Көтеріліс Ережені енгізер кез бен оған дейінгі отарлық езгінің ауыртпалығынан шықты, патша өкіметінің озбырлығы халықтың ыза-кегін туғызды, халық бұқарасының күресі патша үкіметіне қарсы бағытталды. Маңғыстаудағы көтерілісте өз билеушілеріне қарсы күрес баяу көрінді. Рулық белгілер әлі де күшті еді. Көтерілісшілер патша үкіметімен ауыз жаласқан билерді ғана жазалады.

3) ҚР Президенті «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауы интернеттен издендер

І. Қалыптасқан Қазақстан - мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы

1. Қуатты да табысты мемлекет

2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі

3. Түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы

4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз

5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін күшті әлеуметтік саясат

6. Әлемдік қоғамдастық таныған ел

7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз

8.Қазақстан-2030 стратегиясы. Негізгі қорытындылар

ІІ. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері

1. Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі

2. Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік

3. Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер

4. Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы

5. Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік

6.Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы

7. Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция

8. Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық

9. Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы

10. Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі

ІІІ. Қазақстан-2050 стратегиясы- жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты

1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм

1. Түгел қамтитын экономикалық прагматизм

2. Жаңа кадр саясаты

3. Макроэкономикалық саясатты жаңғырту

3.1. Бюджет саясаты

3.2. Салық саясаты

3.3. Ақша-кредит саясаты

3.4. Мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты

4. Білім мен кәсіби машық - заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары

1. Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары

1.1. «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту

1.2. Инженерлік білім беру жүйесін дамыту

1.3. Білім беру саласындағы әлеуметтік жауапкершілік жүйесін дамыту

1.4. Білім беру әдістемелерін жаңғырту

2. Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты

2.1. Технологиялар трансферті

2.2. Ғылым мен бизнестің кооперациясы

2.3. Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыратын жол картасы

3.Жастарға үндеу

5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

1. Мемлекетті басқарудың жаңа типі

1.1. Мемлекеттік жоспарлау мен болжау жүйесін жетілдіру

2. Басқаруды орталықсыздандыру

2.1. Орталық пен өңірлер арасындағы жауапкершілік пен өкілеттіктердің ара-жігін ажырату

2.2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы

2.3. Ауыл әкімдерін сайлау

3. Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру

З.1. Әкімшілік реформаның екінші кезеңі

4. Бизнес қауымдастық пен мемлекеттік аппараттың өзара іс-қимылының жаңа жүйесі

5.Тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік принципін енгізу

6. Жемқорлыққа қарсы күрес

7. Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау

6. Дәйекті де болжамды сыртқы саясат - ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту

1. Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары

2. Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту

3.Өңірлік қауіпсіздікті нығайту

4.Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу

5. Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери доктринаны нығайту

7. Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі

1. Жаңа қазақстандық патриотизм

2. Барлық этностар азаматтарының тең құқықтылығы

3. Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы

4. Мәдениет, дәстүрлер және даралық

5. Ұлттық интеллигенциясының рөлі

 


<== previous lecture | next lecture ==>
Билет№3 | Билет№6
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.309 s.