Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Саяси тарихы.


Date: 2015-10-07; view: 534.


Ертедегі алуан түрлі жазбаша деректерде Кангха елінің аты б.з.б. XIV ғасырдан бастап мәлім болғанымен, Орта Азиядағы б.з.б. IV ғасырдың аяғындағы оқиғаларды жақсы білетін, антик авторлары кангюйлерге тоқталмайды. Сырдария бойындағы аймақта «Қан үйі» б.з.б. ІІІ дұрысында ІІ ғасырда көтерілген ел деп жормалдауға болады. Бұл кездегі көшпелілер үстемдігінің күшеюінен болған еді.

Егер б.з.б. ІІ ғасырдың екінші жартысында Чжай-Цянь. Кангюй жерлерінің оңтүстігінде юечжиге, о солтүстігінде ғұндарға тәуелділігін айтса, біздің заманымыздағы І ғасырда мұндағы жағдай өзгереді. Егер Чжай-Цянь юечжи әскерлерін 100-200 мың, ал кангюй әскерін 90 мың деп хабарласа, Цянь-Хань-Шу енді кангюй әскерін 100 мың дейді. Бұл кезеңде Орта Азиядағы қос өзен аралығында юечжилердің негізгі бөлігінің оңтүстікке, сол жағалаудағы Бактрияға ығысуы, жерге отырықшылық орын алып, жеке-жеке бес иелікке бөлінгенін, мұның өзі кангюймен салыстырғанда олардың әлсіреуіне әкеп соқпай қоймағанын, ол кангюйлердің алдынан оңтүстікпен батысқа экспансия үшінг мүмкіндік ашылғанын атап өткен жөн. Сол кезде, сірә, кангюйдің жоғарыда аталған тәуелді бес иелігі пайда болса керек, ол өзіне Янцайды (Арал-Каспий өңіріндегі сармат-алан тайпалар одағы), Яньды (Орал өңіріндегі сармат тайпалары) бағындырып алды. Қытай жөнінде кангюй билеушілері өздерін тәуелсіз, тіпті батыл ұстаған, бұл жөнінде б.з.б. І ғасырдың аяғында Батыс өлкесіндегі хань наместнигі императорға былай деп хабарлаған. «Кангюй керісінше өркенірек, батыл және біздің елшілеріміздің алдында бас июге ешбір көнбейді. Онда наместниктен жіберілген усундердің елшілерінен төмен отырғызады. Тамақты әуелі солардың княздарымен ақсақалдарына, сонан соң барып наместниктің елшілеріне тартады. Ал ертеректе Ферғана-Қытай соғысының барысында, кангюйдің араласуы ғана Ферғаналықтарды астанасының қирауынан құтқарып қалды және ферғаналықтарға тиімді бітім жасалуына жәрдемдесті. Кейіннен б.з.б. 41-46 жылдары кангюйлердің билеушісі үсунге қарсы күресінде солтүстік-ғұн шаньюи. Чжи-Чжиді қолдады, ал үсундердің одақтасы хандық құдіретті қытай болды. Осының алдында ғұндардың державасы солтүстік және оңтүстік ғұндарға бөлінген еді. Оңтүстік ғұндардың жетекші шаньюй Хуанье, тегінде, ру ақсүйектердің және қатардағы қауым мүшелері көпшілігінің мүдделерін білдірген болар, Қытайға беріліп, онымен татулық және достық туралы шарт жасасты. Чжи-чжи оңтүстік ғұндарды бағындыруға сәтсіз әрекет жасап, император сарайымен қатынасын үзгеннен кейін байырғы ғұн иеліктерінен ығыстырылады. Ол Учэні, Іяньгуньді, динменді бағындырды, бірақ күш алған оның үстіне қытайлар қолдаған үсундерге қарсы тұра алмады. Өз кезінде үсундер б.з.б. І ғасырдың орта шенінде кангюйдің шығыстағы шекарасына қысым жасады. Міне сол кезде наниойлер усундерге де, қытайларға да бірдей қарсы тұратын күшпен одақтасуға ұйғарады. Мұндай күш Солтүстік ғұндардың шаньюйн Чжи-Чжи болатын Чжи-Чжиге кангюй билеушісі өз қызын ұзатып, өз иеліктерінің шығыс шектерінен жер беріп, өз әскерлерінің бір бөлігін оның басқаруына береді. Усун жеріне Чжи-Чжи бірқатар ойдағыдай шапқыншылық жасағанымен, бұл әскер усусндерді біржола жеңе алмайды. Кангюйлердің шарттарын (державаның шығысындағы шекарасын қауіпсіздендіру) Чжи-Чжи объективті түрде орындай алмады да, соның нәтижесінде жанжал тұтанды. Оны Чжи-Чжи кангюйлердің әдет –ғұрпын көне-көрнеу ұстағысы келмеуі ұшықтыра түсті. Ол кангюй билеушісінің қызыл сондай-ақ атақты адамдарын және жүздеген қарапайым адамдарды өлтірді немесе оларды Дулай (Талас) өзеніне тастады. Чжи-Чжи кангюй билеушісінің ордасынан қуылып талас өзенінің бас жағына кетті де, сонда өзіне қала сала бастайды. Шаньюй өзіне 500 адам жұмыс істейтін жұмысшысы бар. Қаржыны Ферғана мен Парфия билеушілерінен салым ретінде алып отырады, сірә, ол құрылысшы шеберлерді де сол жақтан шақырып алса керек. Екі жыл бойы салынған қала мықтап бекітіледі. Ол екі қорғанмен қоршалды, оның сыртқысы алғаш, ал ішкісі мұнаралары бар топырақ болатын. Ішіне құрылыстар мен қамал орналасқан шаньюй мен оның жақын төңірегіндегілер сонда тұрған. Чжи-Чжидің күшеюі мен оның усундерге шапқыншылықтарын жалғастыра беруі қытай империя едәуір авлаңдатты Чжи-Чжиді дипломатиялық жолмен бейтараптандыру табысқа жетпегендіктен, қытайлар солтүстік ғұн шаньюй Чжи-Чжи мен соғысуға дайындық бастайды.

Шаруашылығы.

Кангюй мемлекеті алып жатқан жер табиғи — климаттық және ландшафтық географиялық көрсеткіштері жөнінен мейлінше алуан түрлі болған. Мұнда тау аңғарларындағы құнарлы тау беткейлері, өзендердің аңғарлары, кең байтақ дал кеңістіктері, шөлейттер мен шөлдер де бар еді. Нақты шағын аймақтардың әрқайсысындағы тұрғындардың шаруашылық қызметінің негізгі бағытын ба географиялық орта анықтады. Оның үстіне түрлі аудандар адамның игеру дәрежесімен, шаруашылық қызметке тартылуы мен, шаруашылықтың белгілі бір түрінің даму дәрежесімен ерекшеленді. Хорезмде, арал өңірінде, Зеравшан аңғарында. Ташкент алқабында ертедегі және алдыңғы антик дәуірінде отырықшылық дамып ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптасты. Көшпелі (жартылай көшпелі) мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікпен айналысқан тұрғындар мемлекеттік құрылым шеңберінде жарасымды біріктірілді. Бұл қоныстар тұрғындардың шаруашылық қызметі қарапайым суландыру негізіндегі егіншілік болды. Бірақ біздің заманымыздағы алғашқы ғасырлардың өзінде-ақ мысалы: Шыршық өзенінің оң жағалауында ірі Зах паналы (20 шақырым) қазылды, ал сол жағалауында ханарлық паналы тартылды.

Жеті асар алқабында тұрақты емес, тасыған өзендерді, су жайылған тоғандарды, көп еңбек жұмсау керек етпейтін шағын суландыру жүйелерін пайдаланып көлдете жайып суару түрі басым болды. Көк-Мардан алқабындағы суландыру жүйесіне қосымша зерттеу. Арыстың ескі суммаларында бөгет салынған тармақтары суландыру үшін пайдаланғанын көрсетті. Олардан егістіктер мен бақшаларға су ағатын арықтар тартылған жергілікті жерді зерттегенде және ескерткіштермен олардың төңірегін аэрофотосуреттерін ажыратып қарағанда арықтардың іздері, плотиналар мен бөгеттердің қалдықтары аңғарылады. Кангюйлердің қазылған қоныстарының бәрінен дәнді дақылдар (арпа, тары, бидай) қалдықтары бақша дақылдары (қарбыз, қауын) мен жеміс жидектер (алма, жүзім, өрік және т.б.) дән сүйектері табылған.

Тұрғын үйлер жанындағы зат сақтайтын ұрадан қор сақтауға арналған қыш көзелер мен ыдыстар табылған. Кангюйлердің сүйектері көп кездеседі. Олардың ішінде ең көбі, қойдың, сиырдың, ешкінің, жылқының сүйектері. Палеозоологтар елін, таутеке, арқар, киік, марал, қабан сияқты жабайы жануарлар сүйектерінде бөліп көрсетеді. Үйрек, қаз, бірқазан сияқты суда жүзетін және балық аулаған. Оған мысал: балық сүйегінен жасалған ине, біз.

Қазақстан аумағындағы көшпелі мал шаруашылығына өте ертеден бастап, қазіргі кезге дейін жайылымдардың маусымдары бойынша бөлінуі тән екенін және көшіп-қону жолдарының меридиан бойынша болатыны ескере келіп, пангюйдің қысқы астанасы сырдария бойындағы аймақта болса, жазғы жайылымы мен билеушінің ордасы алыста Орталық қазақстанда болуы мүмкін деп жорамалдауға әбден орынды болады.

Қол өнер

Кангюйлердің қалалары мен қоныстары жергілікті базаларды не қажетінің бәрінен қамтамасыз ететін қолөнер орталықтарына айналды. Зерттеушілер шаруашылықта түрлі қажеттерді қамтамасыз ететін ыдыстардың ондаған түрін атайды. Металл ыдыспен бірге перамикалық ыдыс. Тамақ дайындауға пайдаланылған, сұйықты тасу және сақтау үшін тұтқалы құмыралар тұтынылған. Азық-түлік жерге қазып орнатылған үлкен ыдыстар көзелерде сақталған. Ақырында әсемдеп жасаған ас ішетін сапты-аяқтар, құмыралар, кеселер де болды. Әдеттегі бұйымдар ішінде зор көркемдік талғаммен істелгендері кездеседі. Бұл кезде пермика дайындау есінде қыш ұршықшасы әлі таралмаған. Ыдыстар айналып тұратын тұғырда таспалау әдісімен жапсырып жасалған. Безендіру және сапасын жақсарту үшін ашытқы қаптама жылтырату, ойып (жасау) өрнектеу қолданылған. Күйдіру көбінесе қыш күйдіретін пештерде жүзеге асырылды. Сырдарияның перамика өндірісінің әдеттен тыс қарапайымдылығының дәстүрлілігін үнемі аттап көрсетеді. Кангюйлер заманындағы қорымдар мен қоныстардан алуан түрлі металл бұйымдардың табылуы жеткілікті жерде металлургия қолөнерінің дамығаны көрсетеді. Кангюйлер үшін металлургия өндірісінің жетекші орталықтары Шаш-Илақ аймағындағы қоныстармен қалалар болды. Нақ осы кезде, осында тауларда жергілікті кен негізінде темір және полиметалл өндіру, алтын мен күміс өңдеу дамыды. Алдыңғы қалалық ірі металлургия орталықтарының бірі қираған. Құлата қаласының орындағы қала болған. Оның көлемі 50 гектарға жеткен, металлургия өндірісінің іздері айқын сақталған. Металл бұйымдардың құрамы мен шеберханалардың қалдықтар металлургияның түрлі салалары темір ұсталық, қола құю, зергерлік істің дамығанын дәлелдейді. Шеберханалардың өніміне қорғаныс және шабуыл жасау қарулары, ат әбзелдерінің бөлшектері, ауыл шаруашылық құралдары, темірден соғылған бұйымдар кірген. Кангюйлердің қабірлерінен әдетте қанжарлар, семсерлер, пышақтар жебелердің ұштары, сауыт, табақшалар табылады. Темір тағалар, шегелер, ілмектер, қапсырмалар, түсті металдан істелген бұйымдар, сырғалар, білезіктер, алқалар, айылбастар, инелер, біздер ұшырасады. Әдетте кангюйлер қоныстарының қабаттарынан сүйектен ою оятын қол өнер іздері табылды. Сүйектен пышақтың, қанжар мен семсердің саптары істелген. Қанжарлардың қырларында, әртүрлі қобдишалардың, құтылардың сыртына сүек табақшаларының суреті салынған. Белбеулер көбінесе об-өрнектермен сурет салынған сүйек табақшалармен безендірілген. Қолөнер жұмысының әйелдер үшін дәстүрлі саласы жүн өңдеу болған. Одан киім, киіз және басқада заттар жасалған.

Қорытынды

Б.з.б. ІІ ғасырда өмір сүрген Қазақстанның оңтүстік өңірін мекендеген қаңлы тайпасы (кангюй) өзінің саяси тарихымен шаруашылығымен, қолөнерімен және Ұлы Жібек жолы арқылы басқада елдермен сауда саттық жасағандығы бүгінгі таңда белгілі болып қана қоймай , біздің өткеніміз жайлы материалдық деректер беріп отыр. Біз өзіміздің өткенімізді біле отырып ата-бабамыздың кім және қандай болғанын білеміз. Осы уақытқа дейін сақталып, археологтар тапқан қанжар, семсер, пышақ, әшкей бұйымдар: сырғалар, білезіктер, алқалар т.б. заттай айғақтар арқылы, көптеген сұрақтарға зерттеулер арқылы жауап бере аламыз. Осынау бір замандарда өмір сүрген, қазақстанның байырғы тұрғындары, бүгінгі күннің негізін салушылар, жер бетінен өшседе артында өшпес із қалдырып кеткен бабаларымыз.

 

2) XIX ғ Қазақстанның рухани мәдениеті: қазақ әдебиеті, музыка өнері, халық ағарту ісі

XІX ғасырда қазақ әдебиеті ұлттық дарынды тұлғалардың көптігімен де, бір-біріне ұқсамайтын дара туындылардың сан қырлы сипатымен де ерекшеленді. Бұл дәуірде айтыс өнері дамып, даңқты ақындар Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Сүйінбай, Шернияз, Біржан, Бақтыбай, Жамбыл сияқты әйгілі ақындар қатары Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәрбие, Ақбала және басқалар сияқты ақын қыздардың есімдерімен толықты деуге болады. Түрі мен мазмұны жағынан айтыстар бір-біріне ұқсамайды. Олардың кейбіреулерінің негізгі мазмұнында халықтың өмірі, оның шаруашылық-тұрмыстық проблемалары, рулық қоғамдастықтың ерекшеліктері сөз болса, Біржан мен Сара айтысында қазақ әйелдеріне жеке бостандық беру мәселесі көтеріледі. Мұндай айтыстармен қатар бірін-бірі қалжыңмен қағыту, танысу, амандасу, көңіл көтеретін әзіл-оспаққа құрылған айтыс түрлері де аз кездеспейді.

Осы кезеңнің музыкалық мәдениетінде Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) өзіндік даралығымен көрінді. Ол 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің белсенді қатысушысы ғана емес, көтерілістің “жаны” мен “жылнамашысы” болды. Оның “Исатай көтерілісі”, “Исатайдың өлердегі сөзі” сияқты шығармалары көтерілісті жан-жақты сипаттады.

Сол сияқты Шернияз Жарылғапұлы (1817-1881) Кіші жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің жыршысы және ту көтерушісі болды. Жалынды жырларымен халықты күреске үндеді.

Шығармалары қайшылыққа толы, күрделі тұлға саналған зар-заман ақындары да қазақ әдебиетінде өзіндік орын алады. Зар-заман ақындарының көрнекті өкілдері - Дулат Бабатайұлы (1802-1874), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1909). Олар қазақ халқының өмірін ақиқатпен жырлаған ақындар болды. Ахмет Байтұрсыновтың “Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай алуында” деп тұжырымдағаны сияқты, бұл ақындар да қара басын күйттеген ақын емес, халқының үнімен елдің мұңын жеткізуші болды. Зар-заман ақындары өмір сүрген кезең патшаның отаршылдық саясаты дәуірлеп, қазақ жерінің нағыз талауға түскен кезі еді. Мәселен, Мұрат Мөңкеұлы “Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Әттең, бір қатты дүние-ай” сияқты толғау-дастандары арқылы қазақ жерін отарлаушыларды батыл әшкерелеп, озбыр саясатқа қарсы тұрса, Дулат Бабатайұлы “Бейшара менің қазағым”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа” өлеңдері арқылы қазақтың ауыр тұрмысын бейнелейді.

А.Құнанбаев пен Ш.Уәлиханов XІX ғасырдағы екі үлкен білім жүйесінің өкілдері болды: діни (мұсылмандық) және зайырлы (орыстық). Мектеп пен медреселерде діни білім беріліп, молдалар мен мұғалімдер даярланды. Медреселерде теологиялық діни білім философия, тарих, әдебиет, астрономия, медицина, математика, лингвистика пәндерін оқытса, зайырлы оқу орындары қазақтарды Ресейге қызмет ету мен орыс мәдениетіне қызығушылық жолдарына салды. Олар отарлау аппараттарына шенеуніктер, аудармашылар, оқытушылар, әскерилер, дәрігерлер даярладыXІX екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуына Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы сияқты композитор-музыканттар үлкен үлес қосты. Домбыра, қобыз, сыбызғы сияқты музыкалық аспаптар арқылы түрлі эпостарды, тарихи дастандарды, аңыз-әңгіме мен жырларды орындап отырды. Аталған композиторлардың дүниетанымы тарихи тұрғыда шектеулі бола тұрса да, олардың шығармаларында әлеуметтік қайшылықтар бейнеленді. Біржан Қожақұлы, Мұхит Мералиев, Ақансері Қорамсаұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Құлтума Сармұратұлы сияқты және тағы басқа көптеген ақын, әнші, композиторлардың шығармашылық және орындаушылық шеберлігі арқасында қазақ ән мәдениетінің классикалық үлгілері дамып, жоғары дәрежеге көтерілді.

3) Қазақстан ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру науқаны

1927 жылы партияның ХV съезінде елді коллективтендіруге бағыт алуға шешім қабылданды. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің „Правда” газетінде жарияланған „Ұлы бетбұрыс” деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді. 1928 жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің „Бай шаруашылықтарын тәркілеу” туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Осы саясат кейіннен колхоздастыру кезінде де жалғасып, оған орта шаруалар да ұшырады. Қазақстандағы коллективтендіру аса жылдамдықпен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 1930 ж. Олардың саны 50% -ке жетті. 1931 ж. Олардың саны 65% болды. Қазақстандағы коллективтендіру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді. Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып алынды. Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады. 1932 жылдың ақпан айына дейін колхоздардағы малдың 87% -і апатқа ұшырады. Сонымен бірге индустрияландыру жылдарында Ресейдің орталық аудандарындағы ірі құрылыстардағы жұмысшыларды етпен қамтамасыз ету мақсатында малдың біраз бөлігі Ресейге жіберілгеннен кейін 1928 жылға дейін Қазақстанда 40 миллион мал болса 1933 жылғы Қазақстанда 5 миллионға жуық қана мал қалды. Қолындағы күн-көріс малынан айырылғаннан кейін және көптеген салықтардың салынуына байланысты қазақтардың өзі де аштыққа ұшырады. Коллективтендіру жылдары жіберілген өрескел қателіктердің салдарынан 2 миллион 200 мың адам қазаға ұшырады. Бұл сол кездегі қазақ халқының 49% -і еді. 1 миллионға жуық адам шет мемлекеттерге кетті. Қазақстандағы коллективтендіру жылдарындағы жіберілген қателіктер тікелей жауапты адам 1925-1933 жылдар аралығында Қазақстан аймақтық коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып істеген Голощекин еді. Ол жергілікті халықтың әдет-ғұрпын білместен Қазақстанда ойына келгенін істеп, елді басқаруда командалық-бюрократиялық әдісті қолданды, өзінің жеке билігін орнатты. Голощекин Қазақстанда „Кіші Қазан” идеясын жүргізді. Оның бұл идеясына Рысқұлов, Нұрмақов, Сәдуақасов, Төрегожин сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Бірақ Голощекинді Сталин қолдап отырды. Қазақстандағы аштық және оның себептері туралы Тұрар Рысқұлов Сталинге бірнеше рет хат жазды. Зорлап ұжымдастыру салықтың көп салынуы және Кеңес өкіметінің мұсылман дініндегі мешіттерді жауып тастауы, мұсылман әдет-ғұрыптарына тиым салуы халықтың наразылығын туғызды. Соның салдарынан 1929-1932 жылдар аралығында Қазақстанның көптеген аймақтарында шаруалар көтерілістері болды. Алғашқы осындай көтерілістің бірі Қазақстанның оңтүстігінде Бостандық ауданында басталды. Сондай-ақ көтеріліс Қостанай округінің Бетпаққара ауданында, Оңтүстіктегі Созақ ауданында, Қызылқұмда, Ырғызда, Маңғыстауда, Қарақалпақстанда ірі шаруалар көтерілістері болды. Бұл көтерілістерді Кеңес үкіметі арнайы әскери бөлімдер күшімен басып, оған қатысқандары қатаң жазаға тартты. 5551 адам сотталып, олардың 883-і атылды.


<== previous lecture | next lecture ==>
Орналасуы. | Астана,2014 жыл 1 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.501 s.