Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Астана,2014 жыл 1 page


Date: 2015-10-07; view: 475.


Билет

Билет

Билет

Билет

3) 213-217

Билет

Билет

Билет

1) Батыс Түрік Қағанаты: әлеуметтік этникалық және саяси тарихы

Батыс Түрік қағанаты - Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 - 704). Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Батыс Түрік қағанатының негізін Торэмен қаған қалаған деген ғылыми дерек те бар.

Батыс Түрік қағанатының қалыптасуы

Түрік қағанатының осыншама ұлан-байтақ жер енді ғана қалыптаса бастаған мемлекеттіктің шеңберінде ұзақ уақыт қала алмайтын еді. Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлық өзара байланысты біртұтас экономикалық және этникалық-саяси организм болмады. Тек қарудың күшімен ғана құрылған империя оған ұзақ уакыт сүйеніп тұра алмады. Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттарымен және ашаршылықпен ушыға түсуі, Суй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581—618 жылдар), ақырында, оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа — Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінумен аяқталды; Батыс қағанаттың орталығы Суяб (Жетісу) болды. Бөлінуіне қарамастан,Батыс Түрік қағанаты Шығыс түрік қағанатына біршама саяси тәуелділікте болды, онда өкімет билігі түріктердің қаған руы ашиналардың қолында болды.

Аумағы

Батыс түрік қағанаты «ежелгі үйсін жерлеріне» ірге тепті, демек, оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанатгың негізгі этникалык-саяси ұйытқысы — «он тай-па» он-оқ будунның мекендеген жері де осы еді. Сонымен қатар ол Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы(Самарқан, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Андхой) отырықшы-егіншілік шұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түріктеріне тәуелді деген аты ғана болған Соғды мен Бұхарада да қағанның өкілдері болды.

Шаруашылық-экономикалық жағдайы

Шаруашылық-экономикалық жағынан алғанда, қағанат екі негіздің — мал шаруашылығын көшпелі әдіспен жүргізуге негізделген қоғамның және бұл кезде феодалдық қатынастар едәуір дамыған отырықшы-егіншілік қоғамның ұштасуы болды. Бұл кезде феодалдық қатынастар Византия мен сасанилер Иранында дамыған болатын. Соғыс және сауда бәсекелестігіне қарамастан (бәлкім, соның арқасында да болар), феодалдық қоғамдық қатынастар Кавказ өңірінің Хазар патшалығының көшпелі ортасына, тиректер мен Алтайдың ертедегі түріктері жеріне өтіп ұлғая түсті. Батыс түрік (сондай-ақ Шығыс түрік каганатының) халықаралық шаруашылық және саяси байланыстар аясына тартылуындаСоғды мен Жетісудың соғдылық көпестері ерекше рөл атқарды. Жетісудың құжаттарда көбінесе «соғды» қалалары деп аталатын қалалары ежелгі түрік дәуірінде тоқтап қана өтетін мекендер болған жоқ. Қалалардың соғды халқы да, түрік халқы да саудамен, қолөнермен, диқаншылықпен бірдей дәрежеде шұғылданды. Қала мен дала қағанат құрамында бірін-бірі толықтыратын және біріне-бірі өзара керек болып отыратын біртұтас шаруашылық-саяси организмнің екі бөлегі болды. Транзит сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да ақша айналысын туғызды, сөйтіп Батыс түрік қағанатының вассалдық шет аймақтарының да, орталығының да халқы осы айналыс өрісіне тартылды.

Қоғамдық -экономикалық қатынастары

Қағанатта қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамуы Еуразияның басқа аудандарындағы осы сияқты үрдістерге байланысты жүріп, феодалдық қатынастардың орнығу арнасында жүргенімен, оның өз ерекшеліктері де болды.


Батыс түріктері мемлекетінің бірінші басшысы — қаған, жоғарғы билеуші, билеп-төстеуші, әскербасы болды. Ол нақты алғанда Шығыс түрік қағанатына тәуелді болды, бұл оның таққа отыруына өз келісімін беретін немесе бермей де қоя алатын еді. Бірақ іс жүзіңде шығыс түріктері де ездерінің інілеріне талай рет бағынышты болды. Алғашында қаған тағына мұрагерлік бойынша қағанаттың сол қанатынан шұмұқ (ашна) фратриясының өкілдері отыратын, бірақ бұл тәртіп тұғлұқтар мен оншадыпыттар топтарының арасындағы өзара тартыс күресінде мезгіл-мезгіл бұзылып отырды. Кей кездерде қағанатта бірнеше қаған болып, олардың өкілеттік дәрежесі әр түрлі болды. Қаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық етті, ру басшыларын тағайындады. Ол әулеттік фратриялардан шыққан шонжарларға сүйенді.

Суябқа жақын жазғы резиденция — Цзедань қағанның ордасы болған. Қаған тек билеуші ғана емес, сонымен қатар қағанаттың барлық жерінің иесі де болуы мүмкін. Алайда көшпелі қоғам жағдайында (дала халқын алатын болсақ) билік негізінен алғанда жерге емес, ол жерді пайдаланатын адамдар ұжымына жүргізілді. Техника мен жер суарудың тым қара дүрсін болуы жағдайында ауыл шаруашылығына жарамды жерлер тапшы, ал мал жайылатын жерлер кеп болды. Кәшпелі коғам жылжып көшіп, тіпті үдере көшіп кете алады, ал егіншілік ұжымы жөнінде бұлай деуге болмайды. Мал шаруашылығы ұжымдарының көшіп-қонып жүруі қағанаттың жоғарғы өкіметіне енжар қарсылық жасап, қағанат әскерлерінің қолы жетпейтін алысқа үдере көшіп кетуіне мүмкіндік беретін еді. VII ғасырдың бас кезінде Батыс түрік қағаны Ябғудың ордасында болған будда монахыСюань Цзанның жазғандары қаған руының байлығы туралы біраз ұғым береді. Қағанды аң аулап жүрген жерінде кездестірген саяхатшы аңшылар киімдерінің сәнділігіне таң-тамаша қалады. «Қаған жасыл жібек желбегей киген, — дейді ол. — Оның қасына ерген екі жүзден астам тарханы бар, олар қамқа желбегейлер киген, шаштарын бұрымдап өрген. Басқа сарбаздары аңтерісінен тігілген ішік киген, бөріктері жұмсақ матадан тігілген, қолдарына айбалта, садақ, ту ұстаған. Аттары өңшең сайгүлік. Түйе, ат мінген адамдардың көптігіне көз сүрінеді». Одан әрі қағанның киіз үйі туралы айтқанда, оның алтынмен сәнделгені соншалық, тіпті «көз қаратпайды» дейді ол.

Мемлекетте қағаннан кейінгі екінші адам ұлық болған. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар — ябғу, шад және елтебер — қаған руының өкілдеріне тиесілі еді; оларды қаған вассал тайпаларды билейтін лауазымдарға қойған. Сот қызметтерін бұрықтар мен тархандар атқарды. Бектер — тайпа бастық- тары мен өкілдері — жергілікті жерлердегі ақсүйектер сословиесінің басты тірегі болған. Тағы бір категория — үй-қаған барынша назар аударарлық. Деректеме оны былай деп сипаттайды: «Дәрежесі ябғудан төмен қағандар болады. Сондай-ақ бір үй болып тұратын бір атадан тараған көп адамдар да (фамилиялар) өз басшысын үй-қаған деп атайды; түріктер үйді үй деп атайды, демек бұл үй қағаны деген сөз»'°. Әңгіме бұл жерде қауымның негізгі экономикалық бөлінісі партиархаттық отбасылық қауым жөнінде болып отыр. Қағанаттың қанауда болған бұқарасы мал өсіретін ерікті ұсақ қауым мүшелері болды. Батыс түрік қағанатында олардың қалай аталғаны белгісіз, бірақ шығыс түрік әлеумеггік терминологиясына ұксастырып, оларды «қара бұдун» («тобыр», «қара халық») деп атаған деп топшыланады. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда тайпалар да, бір жағынан, ақсүйек тайпалар, ал екінші жағынан, оларға бағынышты, вассалдық, тәуелді тайпалар болып бөлінген.

Бағынышты тайпаларға және қарапайым көшпелі бұқараға жүктелген міндеткерліктер туралы жазба деректер аз. Солай бола тұрса да, басты міндеткерліктердін бірі әскери міндеткерлік (басқаша айтқанда «қанмен төлейтін салық») болғаны белгілі; бұл міндеткерлік бойынша, вассал тайпалардың барлық жауынгер-еркектері тайпа көсемі армиясының құрамына кіреді. Соғыстың негізгі ауыртпалығы, демек адам шығынының ең көбі бағынышты тайпалардын мойнына түседі. Кейде «келімсек» деп аталған бұл тайпалар соғыс шайқастары кезінде «алдағы шеп» ретінде пайдаланылған, яғни алғы шепке қойылған. Бұл дәстүр барлық жерлерге тараған. Бағыныштылық арқашанда алым-салық төлеумен қатар жүріп отырған. Оның үстіне бағындырылған тайпалардан, сондай-ақ соғыс қимылдары кезінде тұтқынға алынғандардан құлдар тобы қалыптасқан. Бірақ ертедегі түріктердегі «кұл» деген терминді жалпыға мәлім «классикалық» түрде түсінуге болмайды. Құл тайпалар — үстем тайпаға мал және аң терісі, т.б. түрінде салық төлеп тұруға міндетгі вассал тайпалар.

Түріктердін көршілес тайпаларға шапқыншылық жасағандағы мақсаттарының бірі кұлдар алу болған, бұл орайда, әдетте, ұлдар мен қыздарды алған. Мысалы, түріктің Баһадүр-қағанының 620 жылы бірнеше мың қыз баланы тұтқынға алғаны мәлім. «Жорықтарда тұтқынға алынған ұлдар мен қыздар, яшма мен жібек — мұның бәрі қаған меншігіне түседі», — делінеді сол кездегі құжаттардың бірінде11. Түріктің Білге-қағанының 720 жылы басмылдарды жеңуін баяндай келіп, автор түріктер «олардың (басмылдардың) ұлдары мен қыздарын алып, кейін қайтты»12 деп хабарлайды. Деректемелерде мұндай мәліметтер жиі кездеседі. Тұтқын балаларды үлкен от- басылы қауымда әдетте «бала қылып алып», шаруашылыққа пайдаланды. Мұның бәрі қағанатта құлдыктың басқа түрлері болғанын (мысалы, қол- өнерші, қала салушы, т. с. с. құлдар еңбегі болғанын) теріске шығармайды, бірақ құл еңбегін пайдаланудың негізгі түрі үйдегі, яғни отбасындағы құлдық деп есептеуге мүмкіндік береді.[1]

Тәуелділердің тағы бір категориясы болды. Білге-қаған ескерткішінің мәтіндерінде бектерге және халыққа арналған сөздер бар. Онда мынадай жол кездеседі: «... менің шың жүректен шыққан сөзімді сендер (бәрін) осыған (ескерткішке) қарай отырып, он жебе ұлдарына және олардың таттарына жеткізіндер!» Ертедегі түрік жазуларында таттар деп батыс түріктеріне тәуелді Жетісу аумағындағы отырықшы қоныстар мен қалалардың соғды тілдес тұрғындары айтылатын болуы керек; түрік қағандарына бағынышты болған бұлар саудамен де, ауыл шаруашылығымен де шұғылданған.

Батыс түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құла, үстемдік ету мен бағыну түрлерінің алуан түрлі болуына қарамастан, Батыс түрік қағанатында таптардың құрылу және ертедегі феодалдық қоғамдық қатынастардың біршама тез қалыптасу үрдісінің жүргені анық. Қарапайым халық “қара бұдұн”, ал әлеум. құрылымның ең төм. сатысының тәуелді тобы “тат” деп аталған (қ. Тат). “Татсыз түрік болмас, бассыз бөрік болмас” деген көне мәтелге қарағанда түркі шонжарлары қарамағында таттар саны аз болмаған. Батыс Түрік қағанатында көшпелі мал шаруашылығы басым сала болды. Сонымен бірге Іле, Шу, Таласөзендері бойында егін ш. дамыды. Ежелден егіншілікпен айналысқан. Орталық Азия мен Шығыс Түркістандағы аймақтар да Батыс Түрік қағанатына қараған. Ұлы Жібек жолының Батыс Түрік қағанатын басып өтуі мұнда қалалық мәдениеттің өркендеуіне ықпал жасады. Құлан, Навакет, Суяб, Тараз, Меркі, Испиджаб қалалары сауда, қолөнер орталықтары ретінде әйгіленді. Қағанаттың халықаралық экономикалық және саяси байланыстар аясына тартылуына соғдылық көпестер үлкен рөл атқарды. Жетісуда егіншілік мәдениеті, құрылыс өнері, түрлі қолөнер кеңінен дамыды. Түркілер теңге соғуды игерді. Теңгелер түркі қағандары атынан соғылғанымен, олардағы сөздер соғды тілінде жазылды. Батыс Түрік қағанатында жазба мәдениет дамып, әдеби дәстүр қалыптасты. Батыс Түрік қағанатының халқы Көк тәңіріне, Ұмай анаға, Жер анаға, Су анаға тағзым етті. Қағанатқа Ұлы Жібек жолы арқылы әлемдік діндерді уағыздаушылар ене бастаған. 626 жылы қаған ордасына Үнді елінен Будда дінін уағыздаушы Прабхакарамитра он шақты серігін ертіп келген. 627 жылы келген қытайлық будда мамасы Сюань Цзянь түрік қағанының будда діні жөніндегі көзқарасы туралы жазып қалдырған. Сондай-ақ, Батыс Түрік қағанатында зороастра, несториан, манихей діндерін жақтаушылар да болған. Бұлардың қызметі халықты түрлі діндерге тартып, қағанаттың негізі—дәстүрлі діни наным-сенімді әлсіретуге, сол арқылы мемлекетті ыдыратуға бағытталған. Батыс Түрік қағанаты Шегуй (610—18) мен Түн жабғу (618—30) қағандар тұсында күшейіп, мемлекеттің шекарасы кеңейе түскен. Шегуй қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін жеткізіп, бүкіл Тарым жазығы мен Памирге дейінгі аймаққа өз билігін жүргізген. Шегуйдің інісі Түн жабғу қаған мемлекеттің батыстағы шекарасын кеңейту саясатын жалғастыра отырып, өзінің қысқы тұрағын Суябқа көшіріп, ал Мыңбұлақ деген жерді жазғы қонысына айналдырған. Жаңа жорықтар қағанат аумағын Әмударияның жоғарғы ағысы мен Гиндукушқа дейін жылжытуға мүмкіндік берген. Мұндай кең байтақ жерді берік ұстап тұру үшін Түн жабғу әкімшілік басқару реформасын жүргізген. Шығыс Түркістан мен Орталық Азиядағы жергілікті билеушілерге түркілік лауазымдар беріп, оларды өзінің орынбасарлары етіп тағайындаған. Сондай-ақ, қағанатқа бағынышты елдерге қатаң саяси бақылау орнату мақсатында қағанның қазынасына түсетін алым-салықты жинайтын өзі бекіткен бақылаушыларды (тудундарды) жіберіп отырған. Орталық Азияда өз ықпалын арттыру үшін Самарқан билеушісіне өз қызын тұрмысқа берген. Тохарыстанға өзінің ұлы Тарду шадты билеуші етіп қойды. Белсенді сыртқы саясат жүргізіп, 625 жылы Парсы еліне қарсы Византиямен келісімшартқа отырған. Түн жабғу император Ираклийдің Кавказға жасаған жорығына (628 — 29) қатысып, жаулап алған жерлерден Горе (Дербент) менТбилиси сияқты қалаларды өз үлесіне алады. Түн жабғудың әскери жетістіктеріне риза болған Ираклий Тбилиси қаласы түбінде оған өз тәжін кигізіп, қызы Евдокияны тұрмысқа беретінін мәлімдеген. 630 жылы түріктерАрменияға басып кірген. Бірақ қағанаттағы ішкі қайшылықтарға байланысты Кавказда көп тұрақтай алмай, кері қайтып кеткен. Толассыз жүргізілген жорықтар мен алым-салықтардың ауыртпалығына наразы болған халықтың бой көтерулерін сыртқы жаулар өз пайдасына пайдаланып отырған. Кейбір тайпалар Таң империясы қол астына өтіп кетіп отырған. Таң империясы оларға барынша қолдау көрсетіп, басшыларына шен-шекпен, мансап беріп, әскери күшке айналдырып, қағанатқа қарсы жұмсады. Шығыс түрік қағанаты Бесбалық қаласын басып алған соң, Ертіс бойындағы қарлұқтар, іле-шала дулулар орталық билікке қарсы көтеріліске шықты. Осы ахуалды пайдаланып, иеліктер арасындағы соғысты тоқтату керек деген желеумен ықпалды әскербасы Күлбагатур (Сыбихан Мохэду) 630 жылы Түн жабғуды өлтіріп, өзін қаған деп жариялайды. Көп ұзамай, 631 жылы дулу мен нушеби тайпаларының билікке таласы кезінде Күлбагатур өлтірілген. 630-34 жылдары қағандық Орта Азиядағы, Сырдария аймағындағы иеліктерінен айырылды. дулу мен нушебилер арасындағы 638 жылғы қантөгістен соң, олардың арасындағы шекара Іле өзені арқылы өтіп, қағанат оң және сол қанатқа бөлінді. Тайпааралық соғыстар 17 жылға (640 — 57) созылды, бұл қытай әскерлерінің баса-көктеп кіруіне қолайлы жағдай туғызды. 656 жылы Ашина Хэлу қаған қытай әскери қолбасшысы Су Динфаннан жеңілгеннен кейін Батыс Түрік қағанаты Таң империясының ықпалына түсті. Бұдан кейінгі жерде Батыс Түрік қағанатын Таң империясы әкімшілік аймақтарға бөліп, бұрынғы түрік қағандарының қытайланған ұрпақтарынан басқақтарды — “қуыршақ қағандарды” тағайындап отырды (қ. Ашина Буяжен, Ашина Мижелі, Ашина Суйцзы). Дегенмен олардың ішінде Дучжы (Дучжи хан, Ашина Дучжы) қаған (басқақ) отарлық езгіге қарсы шығып, елді бостандыққа жеткізуге ұмтылды, бірақ мақсатына жете алмады, 679 жылы қытайлықтар оны алдап қолға түсіріп, қорлап өлтірді. Батыс Түрік қағанатының соңғы 23-қағаны Синь (Ашина Синь) 704 ж. Құлан қаласында түргештердің басшысы Үшлік (Учжилэ, Үшелік) қолынан қаза тапты. 704 жылы Батыс Түрік қағанатының орнына Түргешқағанаты құрылды.

2) 1867 – 1868 жылдардағы әкімшілік-саяси билік жүйесі мен территориялық құрылымдағы реформалар

Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелері.XIX ғ.60жж –қазақ.ды басқару жуйесін өзг. ушін Бутков басқ.н комиссия құрылды.Қазақ даласын 2 обл бөлуді ұсынды:Батыс .Шығыс.Бұл ұсыныс қабылданбады.1865ж-Гирс басқарған «Дала комис,»құр.ды1865ж5маусым -2 Александр буйрығымен қазақ жерін зерттеу сурак.ы дай.ы.әкімшілік баскау жүйесін құру ісіне Ш.Уәлиханов өз пікірін усынды.*Халык,ң өзін- өзі басқару негізінде кайта куру.*әлеу.к-эко.к жаңалық./ енг.у.1867ж11шілде-«Сырд.я мен Жетісу обл басқару тур» уакытша ереже бекітілді.1868ж 21 қазан-«Орынбор –Батыс Сібір ген-губ.дағы Дала обл.н баскару тур.ереже»бекітілді.5 сатылы баск.жуй.құр.ды.Полиция,әскери бөлім/,уездегі мекеме,р ,бекініс/ уезд бастығына бағ.ды.уезд бастығын ген-губ тағайындады.Ген-губ.р барлық әскери азаматтық билікті колына алды.1870жМаңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне.1872ж Бөкей хандығы Астрахань губ.на бағ.Туркістан ген-губ.на Қытай,Иранмен дип.қ келіссөз жүргізуге рұқсат берілді.Обл.қ басқарма/ 3 бөлімнен турды:шаруа.қ,сот.жарлықты іске асыру.Реформа.ң түйінді жері- әскери және аза.қ билік.ң ген.-губ қолында шоғырлануы. Реф,нәтижесі:*өлке.ң табиғи байлық.н игеруге қолайлы жағ.р қалыптасты. Феодалдық-патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.*таптық жіктелу салдарынан жатақ/ қалыптаса бастады*отарлық баскару кушейді*қазақ жері Ресей ук.ң меншігі болды*орыс шаруа/ын жаппай қоныстандыру басталды*1687-68 жж реф.р екі жылға созылғанмен бұл «тәжірибе» 20 ж ға созылды.

 

3) Ел басының Назарбаев университетіндегі дәрісі (5 қыркүйек, 2012ж)

Мемлекет басшысының 5 қыркүйек күні Назарбаев университетінде оқыған «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты дәрісінде атап өтілгендей, еліміз бүгін «бі­лім-ғылым-инновация» деп аталатын үш­та­ғандық жүйе басқаратын постиндустрия­лық әлемге қадам басты. Осыған орай, Ұлт көшбасшысы білім қоғамын құру үшін өмір бойы оқудың қажеттілік екенін тағы да атап көрсетті. Елбасы дәрісінің үлкен саяси маңызы бар. Бұл жастар үшін ғана емес, барша қазақстандықтарды ынтымаққа шақырады, ілгері ұмтылуға ықпал етеді. Өйткені онда мемлекетіміздің, қоғамымыз­дың және әрбір азаматтың өміріндегі көптеген маңызды мәселелер қозғалды.Елбасы негізін қалап берген білім қоғамын құруда Назарбаев университетінің қызметі отандық білім мен ғылымды әлем­дік стандарттарға сәйкес үдемелі дамытуға серпін беріп қана қоймай, оның нағыз көш­басшысы рөлін атқарып келеді. Назар­баев университеті – жастарға жоғары білім берудің қазақстандық бет-бейнесін әлемге танытатын, өзінің тәжірибесі арқылы бүкіл отандық білім беру жүйесін әлемдік үлгі-қалыпқа тартатын үлгі.Дәрісте еңбек мәселесі де ерекше орын алып отыр. Тек қана еңбектің, тәртіптің арқа­сында тұрмыс сапасының жоғары әлемдік үлгі-қалыптарына жетуге болады. Еңбектің жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті және қазіргі заманғы талаптарға сай болуы үшін жастарға әрдайым өз білімін жетілдіруі қажет.Елбасымыз еліміздің жоғары оқу орын­дарының алдына үлкен міндеттер жүктеді. Зерттеу университеттерін дамыту қажеттігін тапсыра отырып, отандық университеттер­дің зерттеу университеті болып қалыптасуы жолында қызмет жасау керектігін өз дәрі­сінде ерекше атап өтті.Ғылым да, білім де ұлттың баға жетпес қазынасы десек, қазақ ғылымы бүгінгі таңда өз биігінде, өзгелермен қатар тең даму үстінде. Осы мақсатта Қазақстан ғылы­мы мен білімінің жетістіктерін наси­хат­тауды жүзеге асыратын өзіндік маңызы бар, әрі республикамызда бұрын-соңды бол­маған, жаңа кәсіпорын – «Ғылым орда­сы» болып табылады. Бүгінгі таңда меке­меге ғылыми-ақпараттық ресурстар­ды бір орталыққа шоғырландыра отырып, еліміздің ғылыми жетістіктерін лайықты деңгейде жұртшылыққа кеңінен тарату, ғылым және білім саласында өндірістік-шаруашылық қызмет көрсетуді абыроймен атқаруда. Отандық ғылымды жаңа жетістік­терге жеткізу мақсатында еліміздің акаде­миктері мен ғалымдарының өнімді еңбек етулері үшін толық жағдай жасалын­ған. Құрылғанына көп уақыт болмаса да, «Ғы­лым ордасы» еліміздің ғылыми-интеллек­туал­дық әлеуетін арттыруда бірқатар жетіс­тіктерге қол жеткізіп келеді.Ғылым ордасында 5 миллионға жуық кітап қоры бар «Орталық ғылыми кітап­ха­на», «Ұлттық ғылым академиясы», «Қысқы бақ», «Академик Қ.И.Сәтбаевтың мемо­риал­­дық мұражайы», сондай-ақ «Табиғат», «Археология», «Сирек кездесетін кітаптар», «Қазақстан ғылымының тарихы» мұра­жайлары және 11 ғылыми-зерттеу инсти­туты үйлесімді жұмыс істеуде. «Ғылым орда­сы» еліміздің ғылыми-зерттеу инсти­тут­тарына қолдау көрсетумен қатар, гума­нитарлық бағытта дербес, іргелі зерттеулер жүргізумен де айналысады. Мемлекеттік ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған гранттар нәтижесінде 2012 жылы «Ғылым ордасы»: «Дала дипломатия жазба көзде­рінде» (XIII-XVIII ғ.ғ.), «Қазақстан мен Ресей кітапхана, архив және мұражай­ларындағы қазақ кітаптары (XIX ғасыр және ХХ ғасырдың басы): тарихи-негізде­ме­лік зерттеулер», Орталық ғылыми кітап­ха­надағы сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында сақтаулы материалдардың библио­­графиялық көрсеткіштер топтама­сын жасау, «Айқап» журналы 1911-1915 жылдар (факсимилелік нұсқа) 6 томдық, «Шежіре – жазба ескерткіштері ретінде» (ХVІІ – ХІХ ғғ.) 2 томдық, Қазақстан Рес­пуб­ли­касы техникасының дамуында басымды бағыттары бойынша электронды ресурстардың ғылыми қорының үлгісін жасау бойынша гранттар ұтып алып, зерттеу жұмыстарын жүргізудеміз. Біздің мекеменің қызметкерлері де Елбасының «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты интерактивті дәрісін қызыға тың­дап, үлкен әсер алды. Бүгінде Мемлекет басшысының осы дәрісінде берген тапсырмаларды іс жүзіне асыруда аянбай еңбек етуде.Ғылымда ақпараттың аудиторияға қажет­тілігі туралы ұғым бар. Осыған орай, Елбасының дәрісі мазмұнды, заман тала­бына сай, сұранымы зор және де тәрбиелік-танымдық әсері өте жоғары екені көрініп тұрды. Меніңше, студент жастар Прези­дент­тің сөзінен, оның баянды болашаққа шақырған ұлағаты мол ұрандарынан үлкен қуат алып, аудиториядан оқуға, ғылымға, еңбекке деген құлшыныс сезімімен шықты. Президент өзінің лекциясында жастарды Қазақстанның қарышты даму қадамын жасай алатын өздері екеніне қалтқысыз сендіре білді.


<== previous lecture | next lecture ==>
Саяси тарихы. | Астана,2014 жыл 2 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.036 s.