![]() |
Мір философиясы.Date: 2014-03-19; view: 1295. А.Шопенгауердiң әлемдiк Еркi Артур Шопенгауер (1788-1860 ж.ж.) -Данциг қаласында бай саудагердiң жан-ұясында дүниеге келедi. Геттинген мен Берлин қалаларында философиялық бiлiм алады. Негiзгi еңбектерi: “Дүние ерiк пен елестету ретiнде²деген атпен 1844 ж. жарық көредi, «Табиғаттағы жігер туралы», «Афоризмдер мен максималар»., т.б. Шопенгауердiң ойынша, Дүниенiң негiзiнде өмiр сүруге деген бiтпейтiн iңкәрi бар Әлемдiк Ерiк жатыр. Сонымен, материя, табиғат заты, атом, сана, рух т.с.с. бұрынғы философтардың жатқызған дүниенiң негiздерiн ысырып тастап, ойшыл “ерiк² ұғымын дүниенi түсiнудегi негiзгi категорияға айналдырады. Бұл ұғымның тарихына көз жүгiртсек, көне заманда “сана² мен “ерiк² категориялары әлi бiр-бiрiнен бөлiнiп алынған жоқ-ты. Мысалы, Сократ адамдардың жүрiс-тұрысы мен iс-әрекеттерiндегi келеңсiз жәйттер оларды бiлмегендерiнде деген пiкiр айтқан болатын. Егер адам жамандықты бiлетiн болса, онда ол оған бармайды. Алайда, Орта ғасырда өмiр сүрген ұлы христиан философы Августин мұндай көзқарасты толығынан терiске шығарады. Жамандықтың не екенiн бiлсем де, соған қарай менi тартады, мен соны iске асыруға ынтықпын,- дейдi ұлы ойшыл. Өйткенi, ақыл-ой - бiледi, ал ерiк - таңдайды. Мiне, осы сәтте Августин сана мен ерiктiң екi түрлiлiгiн айқын көрсетедi. Дiни ойшыл адамның Құдай алдындағы күнәкәрлiгiнiң негiзгi себебiн ерiктiң алғашқы көрсетiлген түзу жолдан ауытқуынан табады. Сонымен, Шопенгауердiң ойынша, Дүниенiң негiзiнде жатқан Ерiк - ол бiреу және одан басқа ешнәрсе жоқ, бiрақ ол өзiнiң өмiрдегi құбылуында шексiз сан-алуан болып көрiнедi. Ол - өзiнiң толық еркiмен теңелетiн бейтұлғалық орасан зор құдiреттi күш. Ол бейсаналы болғаннан кейiн өзiнiң мәңгiлiк қалыптасу, мақсат-мұратсыз өмiрге ынтық болу барысында неше-түрлi залымдықты тудыруы мүмкiн. әлемдiк ерiктiң ешқандай себебi, белгiлi бiр негiзi болмағаннан кейiн ол ешқандай заңдылықтарға бағынбайды. Өзiнiң өмiрде болуға деген iңкәрiнiң негiзiнде ол бүкiл дүниенi тудырса да оған ешқандай тәртiп, жоспар сияқты нәрселердi әкеле алмайды, керiсiнше, ол заттарды бiр-бiрiнен бөлiп, қиратып, қарсы қойып, оған тағы да қанағаттанбай, өзiнiң шексiз iзденiсiн, күресiн жалғастыра бередi. Бiрақ, қандай да болмасын өмiрдегi құбылыстарды тудырса да, олар күрделенiп саналы түрде сезiнiлген сайын әлемдiк Ерiк оларға қанағаттанбай, өзiн зардап шегiп, азапқа толы, бақытсыз ретiнде сезiнедi. Мысалы, адам өмiрiнiң деңгейiндегi ерiктiң көрiнiсiне келер болсақ, онда мынаны байқауға болады - егер адам ой өрiсi мен адамгершiлiк тұрғысынан қатты дамыса, соғұрлым оның өмiрде неше-түлi қайшылықтарға келуi көбейiп, зардап шегуi де өседi. әлеуметтiк өмiрде көре алмаушылық, надандық пен екiжүздiлiк жиi кездеседi. Адамдардың өмiрi жетiспеушiлiк пен үрейге, қайғы мен қасiреттерге толы. ґмiрге келген жаңа ұрпақтар өткендердiң қаталарын тағы да қайталайды, адамгершiлiгi жоқ адамдар қоғамды билейдi, ғылыми жетiстiктер залымдық жолында жұмсалады. Ал, моральдық салаға келер болсақ, соңғы ғасырларда онда ешқандай алға жылжушылық болған жоқ - езiлу, зардап шегу, қантөгiс, қатыгездiк осы уақытқа шейiн азайудың орнына көбейiп келедi. Мәңгiлiк алаңдаушылық пен тұрақталынған адамдардың бiр-бiрiне деген сенбеушiлiгi өмiрдi шырмап алған. Әрине, Шопенгауердiң жоғарыдағы көрсетiлген қоғам өмiрiндегi келеңсiз жәйттер жөнiндегi ойларын бiз сырттата алмаймыз. Керiсiнше, оның санын бүгiнгi өмiрге қарап өсiртуге де болар едi. Өмiр алдына үлкен мақсат- мұраттар қойып, соған жету жолында неше-түрлi “тар жол, тайғақ кешуден² өтпеген адам бiрде-бiреу болса керек. Бұл өмiрдiң трагикалық диалектикасын өмiрден әсiресе көп зардап шеккен қазақ халқы “орындалмайтын арман², “жалған², “дүниенiң төрт құбыласы ешқашанда бiр-бiрiне тең емес² т.с.с. ойлармен берiп, нағыз бақытты өмiрдi о дүниедегi жұмақтан iздеген болатын. Сонымен, Шопенгауердiң ойынша, зардапқа толы дүниенiң негiзгi күнәкерi - әлемдiк Ерiктiң өзi. Бiрақ, оның санасы болмағаннан кейiн ол өз iстерiне жауап бере алмайды, тек қана мәңгiлiк бiр трагедиядан өтiп екiншiге т.с.с. ауыса бередi. Бұл арадағы бiр үмiт - Әлемдiк Ерiк сананы тудырған ғарышты дүниеге әкелдi. Мiне, дүниенiң ажырамас бiр бөлiгi ретiндегi адамдардың өзi ғана сол әлемдiк Ерiкке қарсы шығып оны таратуы керек, сонда ғана дүниенiң зардабы тоқтатылады. Ол үшiн адам өзiнiң өмiрлiк күш-қуатын, өз бойындағы еркiн сол дүниенi тудырған әлемдiк Ерiкке қарсы қойуы қажет. Ал мұның өзi ең алдымен адамдардың философиялық таным арқылы әлемдiк Ерiктiң терең мәнiн зерттеп- бiлуiмен тығыз байланысты. Содан кейiн адам екi сатыдан өтуi керек. Алғашқысы - эстетикалық аңлау, соңғысы - моральдық жолмен жетiлу.
Әрине, Шопенгауердiң дүниеге деген көзқарасында өз заманының көп терiс жақтары әшкерленген. Бүгiнгi таңда адамзат ол қайшылықтардың бәрiн шештi деп айта алмаймыз. Керiсiнше, Шопенгауердiң көрсеткен терiс құбылыстары етек жайып, әрi қарай өршiп бара жатқанға ұқсайды. ХХ ғ адамзаттың қолы жеткен ғажап ғылыми жетiстiктерiнiң негiзiнде пайда болған болашақ жөнiндегi романтикалық көзқарастар бүгiнгi ХХ1 ғ басында тек қана ауыр күрсiну пен өкiнiштен басқа еш сезiм тудырмайды. Жақында ғана Үндi мен Пакистан елiнiң арасындағы қайшылықтар ядролық қарудың қолданылуына әкелуi мүмкiн деген үрейдi тудырып қоғамдық ақуалды дүр сiлкiндiрдi. Жер бетiндегi экологиялық жағдай бiрте-бiрте өршiп жыл сайын глобальдық дағдарысқа қарай әкеле жатыр. Уақытында немiс халқының заңды түрде берген дауысын алып билiкке келген Гитлер адамзатты қандай қантөгiске әкелгенiн оқырман жақсы бiледi. Бiрақ, бұл трагедиядан адамзат сабақ алды ма? Өкiнiшке орай, -“Жоқ²,- деп жауап беруге тура келедi, өйткенi, бүгiнгi таңда байлығымен масаттанған бiршама Батыс елдерiнде ұлтшылдық қозғалыстар тағы да бой көтерiп, басқа елдерден келген адамдарға қысымшылдық жасалуда. Расында да, Шопенгауер айтқанындай, тарихтағы трагикалық қателiктер тағысын-тағы қайталана бередi!!! Адамзаттың моральдық-адамгершiлiк тоқырауына қарап оның аспанға, тазалыққа тартатын рухынан гөрi дене қажеттiктерi, күңгiрт инстинктерi, ләззәт алуға деген еркi басым ба деген ой келедi. Бұл айтылған ойлар мен толғаныстар Шопенгауердiң қозғаған көп мәселелерiнiң бүгiнгi таңдағы өзектiгiн көрсетедi. Сонымен қатар, Шопенгауердiң “ғарыштық пессимизмiне² толығынан қосылуға болмайды. әсiресе, оның философиясының негiзiнде жатқан қағидасына. Расында да, егер бұл Дүниенi тудырған бейсаналық ессiз Ерiк болатын болса, онда бұл дүниенiң неге заңдылықтары, қисыны, тәртiбi бар? Егер адамдар осы орасан-зор шексiз ғарыштың туындысы болса, олар өз көлемi мұхиттың iшiндегi бiр тамшыдай бола тұрып оны қалайша тарата алады? Мұндай сұрақтардың санын әлде де көбейте беруге болар едi. Ал олардың бәрi де Шопенгауердiң философиясының негiзiнде жатқан қағидалардың әлсiздiгiн, жалғандығын көрсетедi. Ал ендi адам тағдыры мен өмiрiне келер болсақ, әрине, Homo Sapiens - ғарыштың ғажап туындысы, “ұлы мәртебелi табиғаттың² тудырған ең әсем гүлi, ол адам арқылы өз-өзiн сезiнiп, түсiну дәрежесiне көтерiледi. Бүкiл Дүниенi шырмап жатқан қайшылықтар адам жүрегiнен де өтедi. Бұл Дүниеге келген адам өз өмiрiнiң шеңберiнде жақсылық пен жамандықтың да дәмiн татады, көпшiлiк жағдайда, өкiнiшке орай, зардаптың салмағы бақытты өмiрден гөрi басымырақ болады. әсiресе, бүгiнгi жағдайдағы сияқты өтпелi дәуiрлерде өмiр салты, рухани құндылықтар қайта қаралып жатқан кезде көп қиындықтарды бастан өткiзуге тура келедi. Ал бұлардың өзi, Шопенгауердiң айтқанындай, өмiрден бас тартуға әкелуi керек пе?! - Әрине, жоқ. Есi дұрыс адам өмiрдi бағалап, оның қызығына тоймайды - ол бiзге берiлген ең құнды бағасы жоқ сый. ґмiрдегi залымдықтың түп-тамыры толыққанды өмiрге бiрдеңенiң жетiспей тұрғандығынан шығады. ұлы Гегель айтқандай,- бұл дүние өзiнiң ұғымына толығынан сәйкес келмейтiн бiрдеңе. Бiрақ, соның арқасында өмiр, талпыныс, жетiлуге деген құмар бар. Бақыт дегеннiң өзi адамның алдына қойған мақсаттарын iске асырып, өзiнiң арнасынан шығып тасуымен байланысты болса керек. Бiрақ, өзеннiң көктемдегi тасып, содан кейiн өз арнасына қайтып оралғаны сияқты, орындалған арман келесi сатыда адамның алдына жаңа мақсат-мұраттарды әкелiп, тағы да оның талпынысын тудырады, осы жолда ол тағы да қаншама iзденiс, қиындықтар, зардапты өз басынан өткiзедi десеңiзшi?! Бүгiнгi өтпелi қоғамда орасан-зор қиындықтарға қарамастан қаншама адамдар өзiнiң белсендi iс-қимылдары арқылы жаңа өмiрден өз орнын тауып жатыр! Бүгiнгi қиындықтармен қатар өмiр бiздiң алдымызға бұрынғы-соңды тарихымызда болмаған мумкiндiктердiтудырып отыр. Оларды iске асыру үшiн талпыныс, жақсы оқып бiлiм алу, өмiрдi шығармашылық тұрғысынан игеру, қиындықтарды жеңе бiлу қажет. Өмiр деген - өнер. Олай болса, күнбе-күнгi қарапайым қиын өмiрдiң өзiнен қуанышты, таңғаларлық нәрселердi, iзгiлiк пен әсемдiктi, махаббат пен нәзiктiктi iздеп тауып, содан нәр алып өзiңдi бақыттымын деп сезiнуге болады. Тек оған ұмтылу, оны қалау қажет. Қорыта келе, Шопенгауердiң философия тарихында өз орны бар ұлы тұлға екенiн айтып өтуiмiз керек. Ол болашақ ХХ ғ пайда болатын көп қайшылықтарды, әсiресе адам өмiрi мен тағдырына байланысты көп ойларды көтерiп, болашақ ғасырда ықпалды “өмiр философиясы² аталған ағымның негiзiн қалап кеттi.
Фридрих Ницше (1844-1900жж)Шопенгауэрдің жігер туралы ілімін немістің белгілі философы Ф.Ницше әрі қарай дамытып, өзінің «Билікке ұмтылған жігер» деген тұжырымдамасын құрды. Негізгі еңбектері: «Музыка рухынан трагедияның туындауы», «Заратуштра осылай деген», «Билікке ұмтылған жігер», т.б. Ницше өз тұжырымдамасының неізі етіп Дарвиннің «өмір дегеніміз күрес» заңын алады. Бұл идеядан Ницше өмір дегеніміз күрес арқылы билікке ұмтылу деген тұжырым жасайды. Осы тұжырымдама негізіндеол жоғарғы дәрежедегі биологиялық тип- «аса күшті адам» идеалын қалыптастыру керектігін дәлелдеуге тырысты. Ф.Ницше және оның «билiкке деген еркi» “Өмiр философиясының² шеңберiндегi немiс философы Фридрих Ницшенiң (1844-1900 ж.ж.) еңбектерi ерекше орын алады. Егер А.Шопенгауер әлемдiк Ерiктi болмыстың алғашқы негiзiне жатқызса, Ф.Ницше Ерiк категориясына әлеуметтiк-моральдық мән-мағна берiп, оны “билiкке деген ерiк² ретiнде түсiнедi. Оның ойынша, өмiр билiктi неғұрлым жете сезiнгiсi келедi. Егер А.Шопенгауердiң “Әлемдiк Еркi² бiреу ғана болса, Ф.Ницше ондай монистiк көзқарастан бас тартып, ерiктiң көптiгiн (плюралистiгiн) сол себептi олардың бiр-бiрiмен бiтпейтiн күресте екендiгiн мойындайды. Үшiншi ерекшелiгi, А.Шопенгауер адам ерiктен бас тартып қана өзiн сақтай алады деген болса, Ф.Ницше, керiсiнше, адам, егер ол құл емес, нағыз адам болса, билiкке деген еркiн өмiрге еңгiзедi, сол үшiн кұреседi. “Не жақсы ,- деген сұрақ қойып, Ф.Ницше оған - “билiкке деген сананы, iңкәрдi, сол адамның билiгiнiң өзiн күшейтетiннiң бәрi²,- деп жауап қайтарады. “Не жаман ,- деген сұраққа,- әлсiздiктен шығатынның бәрi,- дейдi. “Ақыл-ой арқылы жүретiн дүниетанымдық iс-әрекет билiкке деген ерiктi күшейте ме?²,- деген сұраққа - Жоқ, өйткенi интеллектiң басымдылығы билiкке деген ерiктi, оның ұмтылысы мен iс-әрекетiн әр-түрлi ойдың толғаныстарымен ауыстырып тоқыратып тастайды. Мораль да “басқалардың қамын ойла²,- деп билiкке деген ерiктi әлсiретедi. Билiкке деген ерiк - күштiнiң құқының негiзiн құрайды. Күштiнiң құқы неше-тұрлi қоғамда қабылданған моральдық, дiни т.с.с. нормативтiк ережелерден биiк болуға тиiстi, сондықтан, нағыз адам осы қағиданы өз өмiрiнде ұстауы қажет. Социализм адамдардың арасында теңдiк болу керек деген қағиданы таратады. Бiрақ, ол өмiрдiң терең мәнiн құрайтын билiкке деген ерiктi құртады - сондықтан, ол керек емес. Демократия да билiкке ұмтылған адамдардың мұддесiне қарсы, өйткенi, тобыр қайсыбiр билiктi ұнатпайды, яғни олар күштiнiң құқына қарсы тұрады. Ал, еркек пен әйелге келер болсақ, табиғат еркектi күштi қылып жаратты, олай болса, оған билiкке деген құқты бердi. Сондықтан, қайсыбiр еркек пен әйел арасындағы теңдiкке деген ұмтылыс - қоғамның iрiп-шiруiнiң көрiнiсi. Жоғарыда көрсетiлген көзқарас Ф.Ницшенiң моральдық iлiмiнiң негiзiнде жатыр. Моральдың негiзгi ұғымдары - жақсылық пен жамандық - тарихи күштiлер, жақсылардың - әлсiз, жамандарға қарағандағы артықшылдығынан шығады. Осы ойын дәлелдеу ретiнде ол моральдықты көрсететiн сөздерге талдау жасап, немiс сөзi “shlecht² - жаман, тұрсiз ,- деген мағна берсе, оған жақын “shlicht²,- деген сөз де “қарапайым адам²,- деген мағна бередi деп қорытады. Тарихи бай, атақты, асылдарды көрсететiн ұғым “жақсылық² пен теңелiп, кедейлiк, қарапайымдық “жамандық², “залымдық² деген ұғымдарды тудырды деп есептейдi Ф.Ницше. Мыңдаған жылдарға созылған тарихта кедейлер мен құлдар өздерiнiң моральдарын бұкiл қоғамға таңуға тырысты. Оны ол “құлдардың моральдағы көтерiлiсi² деп атайды. Ал оны жасаған дұниедегi ең “теоретикалық халық² - еврейлер. Олар қоғамның “құндылықтарын қайта бағалап² аристократиялық бiр-бiрiнен туатын “жақсы - асыл - күштi - әсем - бақытты - құдайдың сүйгенi² деген құндылықтарды толығынан терiске аударып, оған қарама-қарсы “тек бақытсыз адамдар - жақсылар², “кедейлер, әлсiздер, төмендегiлер ғана жақсылар², “тек зардап шеккендер, қайыршылар, аурулар, мүгедектер ғана тақуалар, масайрауға лайықты адамдар²,- деген қағидаларды ұсынды. Ф.Ницшенiң ойынша, иудео-христиандық моральды толығынан “қайта қарап², “мырзалардың моральдық құндылықтарын² тағы да өмiрге еңгiзу керек. Оның негiзiнде мынандай қағидалар жатуы қажет : 1. “өмiрдiң құндылығы²- сөзсiз негiзгi құндылық; 2. Адамдар бiр-бiрiмен табиғи түрде теңсiз болып жаратылған; 3. Күштi адамдар моральдық борыштан бос, ешқандай моральдық талаптармен байланысты емес. Жоғарыдағы көрсетiлген моральдық құндылықтарға сәйкес келетiн адам әлi дүниеге келген жоқ. Егер, дүниеде болған қайсыбiр жануардың түрi өмiрден жойылардың алдында өзiнен жоғары тiршiлiктi тудырса, адам өзiнен жоғары пәнденi тудыра алмай отыр. Өйткенi, адам - ауру жануар. Оның алғашқы табиғат берген инстинктерi сөнiп, оның орнын сана алды. Ал, ендi, Ф.Ницшенiң ойынша, “адамнан жоғарының² дүниеге келуге уақыты келдi. Ол - “аққұба әзәзiл². Тұқым қуу жағынан алғанда , олар “арий нәсiлiнен² шыққан адамдар (нордикалық тип). Ал моральдық жағынан алғанда, олар бiр-бiрiмен ұстамды, кiшiпейiл, назды, мейiрiмдi. Басқаларға олар тағы, ауыздығы жоқ жануарлардан да жаман сияқты. Басқаларды көргенде олар жыртқыштың алғашқы күнәсiз ұжданына қайта оралғандай болып сезiнедi - өлтiредi, жағады, зорлайды, құртады - ендi оларды жыраулар көп уақыт бойы өздерiнiң өлеңдерiнде жырлайтынына кәмiл сенедi. Ал ендi “адамнан жоғарылардың² сыртқы кейпiне келер болсақ, олардың “туа бiткен асылдығы² бiр қарағанда-ақ көрiнiп тұрады. Осы қасиет бұгiнгi таңдағы саудагерлер мен фабриканттарға қалайша жетпей тұр десеңiзшi,- деп қынжылады Ф.Ницше. Егер басшының сыртқы түр-әлпетi оның асылдығын көрсетiп тұрса, онда “тобыр² оған көнуге әрқашан да дайын. Ал егерде ол жоқ болса, онда тобыр адамы “кездейсоқты келген бақ пен байлық қана адамдарды көтередi²,- деген ойға келiп, олай болса, “бiз де өзiмiздiң бағымызды сынап көрейiк²,- деген жаман ойға өтуi мұмкiн. Ал бұл ой социализмдi әкеледi,- деп қорытады Ф.Ницше. Әрине, Ф.Ницшенiң бұл ойларына фашизм идеологиясының бiршама жақтары жақын екенiн мойындамай болмайды. Ф.Ницшенiң христиан дiнiндегi моральдық қағидаларға қарсы келуi, осы кездегi ғылым мен техникадағы ашылған жаңалықтар, ойшылдан бұрын өмiр с²рген ағартушылардың дiнге қарсы бағытталған iс-әрекеттерi - барлығы жиналып оның “Құдай өлдi!²,- өйткенi, Құдайға сенудiң өзiне сенбеушiлiк пайда болды деген тұжырымға келуiне себеп болды. Болашақта, Құдайдың орнын “адамнан жоғары² пәнде алады деп қорытады Ф.Ницше. Әрине, Ф.Ницшенiң философиясы қайшылықтарға толы, ешқандай бiтұтастық жүйелiгi жоқ, әр-тұрлi өз заманының өзектi мәселелерiн көбiне көркем сөзбен берген көзқарас. Бiрақ, соған қарамастан, Ф.Ницшенiң өз заманының әлсiз жақтарын сынауы, нағыз тұлғаның әрқашанда қол астындағы болмыстың шеңберiн тиiстiлiк негiзiнде аттап өту қажеттiгiн көрсетуi т.с.с. ойлары болашақ философиялық ағымдарға үлкен әсерiн тигiздi.
|