![]() |
ГерменевтикаDate: 2014-03-19; view: 2108. Герменевтика (germeneon,- грек сөзi,- түсiндiремiн) - сонау көне грек заманында жазылған тарихи мұраларды түсiну өнерi ретiнде пайда болды. Орта ғасырларда Батыс Еуропада герменевтика Библияның негiзгi қағидаларын дұрыс түсiндiру өнерiне айналады. Қайта Өрлеу заманы келгенде, антикалық дәуiрде пайда болған мәдени мұраларды қазiргi тiлге аудару қажеттiгi пайда болып, ол герменевтиканың негiзгi iсiне айналады. Жаңа дәуiрде ғана герменевтика бiрте-бiрте жалпы философиялық тұрғыдан қаралып, ерекше ағымға айналады. Бұл ағымның негiзiн қалаған немiс дiни қайраткерi, философы Ф.Шлейермахер болды. Ол Платонның барлық шығармаларын алғашқы рет немiс тiлiне аударған адам. Оның ойынша, герменевтика - басқа тұлғаның қайталанбас жақтарын түсiнудiң өнерi, әңгiме оның ойларының мазмұнынан гөрi оның сөз саптау мәнерiнде, ұлгiсiнде деген пiкiрде болды. В.Дильтей герменевтиканы тарихи оқиғалардың iшкi сырын ашатын пән ретiнде қарады. Ол адамзат тарихын табиғат заңдылықтарынан бөлек алып қарайды. Егер табиғат заңдылықтарын бiз практикалық iс-әрекет, таным арқылы ашып, болашақ ұрпақтарға дәрiс беру арқылы жеткiзсек, өткен адамзат тарихының беттерiн, сол заманда өмiр сүрген адамдардың iшкi жан-дүниесiнiң тебiренiсiн зерттеу ұшiн сол замандағы ақуалға өту, түйсiну, тебiрену арқылы ғана жетуге болады деген пiкiрге келедi. Олай болса, өткен тарихқа сол заманда өмiр сүрген ұлы адамдардың өмiр баянын, iшкi рухани тебiренiстерiн тұсiнiп қана баға беруге болады. Феноменология ағымының негiзiн қалаушы Э.Гуссерльге келер болсақ, ол белгiлi-бiр дәуiрдi жете түсiну үшiн сол кездегi қоғамның “өмiрлiк дүниесiнiң² ерекшелiгiн зерттеу қажет деген пiкiрге келедi. Сонда ғана сол дәуiрде өмiр сұрген адамдардың өмiр сезiмiн, мәдени мұраларының мән-мағнасын ашуға болады. М.Хайдеггердiң ойынша, “болмыстың үйi - тiл². Олай болса, герменевтика iлiмiн тiлдi талдау, тарихи ұмыт қалған сөздердiң сырын ашу, оны қайта өмiрге енгiзу, сол арқылы өткен ғасырлардағы адамзат болмысын зерттеуге теңейдi. Әрине, әр халық өз тiлi арқылы өзiнiң дұниесезiмi мен дұниетанымын, көзқарасын қалыптастырады. Тiлде халықтың мыңдаған жылдар бойы жинаған өмiрлiк тәжiрибесi қорланады. Әсiресе, бұл қағиданы көшпендi өмiр салтын ұстаған қазақ халқының өткен тарихын зерттегенде ұмытпағанымыз абзал. М.Хайдеггердiң ойынша, адам тiл арқылы сөйлегеннен гөрi, “тiл адам арқылы сөйлейдi². Әрбiр сөздiң астарын ашсақ, онда неше-тұрлi мән-мағна жатқанын байқаймыз. Тек қана аса дарынды, ұлттық мәдениеттен терең сусындаған адам ғана герменевтика iсiмен айналыса алады. Аса көп халықтың сыры оның ұлы азаматтары тудырған поэзияда жатыр. Онда халықтың болмысының қайталанбас нәзiк жақтары берiледi. Сондықтан, әр iрi өлеңшi - әрқашанда философ,- деп қорытады М.Хайдеггер. Герменевтика ғылымына аса зор үлес қосқан немiс ойшылы Георг Гадамер болды. Ол герменевтика iлiмiн тек қана гуманитарлық пәндерде қолданылатын әдiс ретiнде тұсiнiп қана қоймай, оның онтологиялық (болмыстық) жағын негiздедi. Оның ойынша, тұсiну дегенiмiз - адамның дұниетанымының негiзгi жағы ғана емес, ол оның өмiр сүруiнiң анықтаушы себебi, болмысының тәсiлi. Г.Гадамер осы уақытқа дейiн герменевтикада кеңiнен қолданылған белгiлi тарихи құжатты зерттегенде сондағы руханиятқа өту, түйсiну тәсiлiн үзiлдi-кесiлдi терiске шығарады. Бiр дәуiрден екiншiге, өзiңнен басқаға өту мұмкiн емес. Бұгiнгi таңдағы философ 2,5 мың жылға шегiнiп, Платонның, я болмаса Анахарсистiң тұлғасына өтiп, солар сияқты өмiрдi сезiнiп қабылдай алмайды - ол аңғырттықты көрсетумен тең болар едi. Әңгiме бiреудiң рухани өмiрiне өтуде емес, керiсiнше, сол замандағы мәселелердi қазiргi заманға сай етiп талдауда. Яғни, өзiң мен басқаның арасындағы айырмашылықты жою емес, керiсiнше, оның жойылмайтындығын сезiне отырып, басқаның өмiр тәжiрибесiн өз өмiрiңде қолданып қарауда, сондағы оқиғаны өз ақуалыңмен ұштастыруда. Негiзгi мақсат - өткен оқиғаны ой өрiсте қайта құру (реконструкция) емес, керiсiнше, жаңа мән-мағнаны тудыру (конструкция) болып табылады. Мұндай көзқарас герменевтика саласында көппiкiрлiктi тудырады. Гадамердiң айтуынша, герменевтиканың iргетасты ақиқаты мынада : бiрде-бiр адам ақиқатты танып-бiлiп, толығынан жеткiзе алмайды. Сондықтан, үне бойы сұхбатты қолдап, басқаша ойлайтын адамға да сөз берiп, оның айтқанын наз қойып тыңдап, түсiнуге тырысу қажет. Мiне, герменевтиканың терең өзегi осында,- деп қорытады ойшыл. Г.Гадамердiң еңгiзген тағы бiр жаңалығы - тұлғаның тебiренiсiн зерттеуден гөрi оның ойының мән-мағнасына өту керектiгi. Зерттеушi жазылған мәтiннiң әр жағындағы қалам иесiнiң тұлғасын көруге тырысудан гөрi оның ой-тебiренiсiн тудырған затқа үңiлуi қажет. Бұл пiкiрден бiз Г.Гадамер iлiмiнiң психологизмге қарсы екенiн байқаймыз. Бiр дәуiр екiншiге ауысқан сайын жаңа мәдени ақуал дұниеге келiп, бұрынғы көзқарастарды сынға алған жаңа философиялық, эстетикалық т.с.с. теориялар пайда болғанымен әрқашанда белгiлi бiр тұрақты ой-өрiсi қала бередi. Ол - тiл, оны өзгерту оңай шаруа емес. Тiлдегi қалыптасқан мәдениет тәжiрибесi ұрпақтан-ұрпаққа өтiп, олардың өмiр салтына, iс-әрекетiне, ой-өрiсiне өз ықпалын тигiзiп, сонымен қатар, олардың бiр-бiрiмен қарым-қатынасқа түсуiне мұмкiндiк бередi. Осы тұрғыдан алғанда, түсiнбеушiлiк - ол әр тiлде сұхбаттасқанмен бiрдей. Олай болса, тiлге ұқыпты қарау, оны тыңдай бiлу, ондағы ұмыт қалған сөздердi жандандыру арқылы герменевтика өзiнiң негiзгi мақсаты - мәдениеттегi дәнекерлiк қызметiн iске асыра алады. . ХХ ғ дiни философия ХХ ғ ғылым мен техниканың керемет жетiстiктерi - адамзаттың ғарышты игерiп өз пайдасына жаратуы, атомның iшкi орасан-зор күш-қуатын адамзат игiлiгiне пайдалануы, осы екi - мега-әлем мен микро-әлем арасындағы ашылған миллиондаған табиғат сырлары, бiр қарағанда, дiни философияны қоғамдық сананың шеңберiнен алысқа ығыстырып тастаған болар деген ой келедi. Алайда, мұндай пiкiр шындыққа сай келмейдi, өйткенi, бiздiң жоғарыдағы ой-өрiсiмiз тек қана дiннiң гносеологиялық (танымдық) түп-тамырын ғана қамтыды. Ал оның өзiн тереңiрек қарар болсақ, “ұлы мәртебелi Табиғат² қаншама iшкi сырларын әлi де болса құпия сақтап, адамдарды адастыруда... Ал ендi дiннiң әлеуметтiк түп-тамырына келер болсақ, дұниедегi зұлымдықтың салмағы ең болмаса бiр граммға кемiдi ме екен?!! Хиросима мен Нагасаки, Бухенвальд трагедиясынан өткен адамзатқа мұндай сұрақты қоюдың өзi артығырақ болар. Ендi дiннiң психологиялық тұп-тамырын сараптасақ, бiз жағдайдың бұрынғы дәуiрлермен салыстырғанда өрши түскенiн байқаймыз. Егер бұрын өлiм мәселесi жеке адам толғанысының шеңберiнен шықпаса, - қандай қантөгiстi соғыс, я болмаса, эпидемия, жер сiлкiну, топан-су болса да, бiрде-бiр адам бүкiл адамзат тарихының әрi қарай жалғаса берерiне ешқандай кұмән келтiрмеген болса,- ХХ ғ екiншi жартысында ондай күдiк пайда болып, өрши түстi ( ядролық соғыстың салдарынан бұкiл жер бетiндегi тiршiлiктiң құрып кету мүмкiндiгi, сездiрмей жақындап келе жатқан экологиялық апаттың үрейi т.с.с.) Мiне, жоғарыдағы көрсетiлген және басқа да жүздеген себептер ХХ ғасырдағы дiннiң әрi қарай етек жайып өсуiне, олай болса, дiни философияның да қоғамдық санадағы алатын үлесiнiң молаюына әкелiп соққаны дәлелдеудi талап етпейтiн қағидалар. Олай болса, қазiргi дүниежүзiлiк дiндердегi қалыптасқан ақуал, дiни философиядағы жаңа ойлар мен тебiренiстер зерттелiп, оқылуы керек.
ХХ ғ Христиандық философия ХХ ғ христиандық философия әлеуметтiк зұлымдықтың негiзгi үш себептерiн көрсетiп, оларды кiнәләйдi. Бiрiншiден, ол жаратылыстану ғылымдарында қалыптасқан “әлем дегенiмiз өз негiзiнде өмiр сұрiп жатқан болмыс² деген қағида. Екiншiден, либерализм ұрандарының негiзiнде қалыптасып ағарған, Құдайдан бас тартқан мемлекет. Үшiншiден, коммунизм (Бұрынғы Кеңес Одағы мен басқа социалистiк елдер) бұкiл байлықты мемлекеттiң қолына өткiзiп, қарапайым адамдарды сол мемлекеттiң құлына айналдырса, капитализм (Батыс елдерi) негiзгi жұмысшы халықты тауарға, яғни затқа айналдырады. Жеке меншiкке деген адамның құқы - табиғаттың заңы, адам жеке меншiкке жету ұшiн жұмыс iстейдi - мiне, осы тұрғыдан христиандық философия, әсiресе, коммунизм идеясын қатты сынға алады. Христиандық философияның негiзгi мәселесi - ол болмысты тану болып есептеледi. Е.Жильсон оны былайша тұжырымдайды : “егер екi философ болмысты тұсiнуде екi жақта болса, онда барлық жағынан да олар бiр-бiрiне қарама-қарсы. Бұл философия “болмыс² (esse) және “дұниедегi бар², өмiр сұрiп жатқанды (ens) бiр-бiрiнен айырады. Болмыс категориясы тек қана мәңгi, абсолюттi, құдiреттi өмiр сұрiп жатқан Құдаймен теңелсе, нақты бұл дүниеде өмiр сұрiп жатқан заттар - жаратылған, өтпелi, олардың болмысқа тек қана қатысы ғана бар, яғни уақытша келген. Нақтылы дүниеге келген заттардың “өмiр сүруi² (existentia) мен мән-мағнасы (essentia) бар. Олар бiр-бiрiмен қосылып, сонымен қатар, бөлiнiп жатады. Бұл дүниеде өмiр сұру, яғни болмысқа қатысты болу дегенiмiз - жаратылғандықтың белгiсi. Екiншi жағынан, мән-мағнаға ие болу дегенiмiз - нақтылы, белгiлi зат болумен тең, олай болса, ол әрқашанда шектелген, өтпелi - ол жалпы болмыс емес, тек қана нақтылы болмыс. Жак Маритеннiң айтуына қарағанда, әрбiр болмыс өмiр сүру мен мәндiлiктен тұрады. Мәндiлiк “Бұл зат не? ,- деген сұраққа жауап берсе, мысалы, - тас, “өмiр сүрудiң² қоятын сұрағы тiптi басқаша: “Ол бар ма , яғни, дәл қазiр өмiр сұрiп жатыр ма, әлде жоқ па ? Олай болса, бұл дүние кездейсоқты, оның шеңберiнде әрбiр заттың болуы да, болмауы да мұмкiн. Нақтылы дүние тәуелдi, өз-өзiне жеткiлiксiз, тек қана Құдай толыққанды кемелiне келген болмыспен тең , -деп қорытады өзiнiң ойын Ж.Маритен. Адам - дене мен рухтан тұрады. Ол өзiнiң материалдық қажеттiктерiн мемлекеттiң шеңберiнде әлеуметтiк пәнде ретiнде өтесе, персона (тұлға) ретiнде ол Құдайға тәуелдi. Сондықтан бұл философия адамның материалдық мәселелерге (бiр жағынан жетiспеушiлiкке, екiншi жағынан - оның көптiгiне) көп көңiл бөлгенiн жаратпайды. Өйткенi, адам - зат емес, ол тұлға. Олай болса, жердегi тәртiп рухқа тәуелдi болуы қажет. Адамның жеке өмiрi өзiнiң шеңберiнде жабылып қалмай басқа адамдарға ашық болуы керек. Христиандық философияның негiзгi мәселелерiнiң бiрi - сенiм мен бiлiмнiң ара-қатынасы. Бұл мәселенiң дiни шешiмiн алғаш рет Орта ғасырда Ф.Аквинский тапқан болатын. ХХ ғ дiни философия осы шешiмдi бұлжытпай орындап, қадағалап отыруға тырысады. Ол шешiм - бiлiмге қарағанда сенiмнiң басымдылығы. Дiни сенiм мен ақыл-ой арқылы дұниетану - бiр-бiрiне қарсы емес, бiрiн-бiрi ығыстырмайды, керiсiнше, бiрiн-бiрi толықтырады, олар бiр өзенге құятын екi бұлақ сияқты. Сенiмнiң түпкi қайнар-көзi - Құдайдың адамға берген аяны - оның ақиқаттығына еш кұмән келтiруге болмайды. Ақыл-ой арқылы дүниетану - жаратылған пенде - адамға берiлген ұлкен сый. Бiрақ, қайсыбiр адам шектелген, соңы бар пенде болғандықтан, оның бiлiм-тануы да сол сияқты, ол бәрiн бiле алмайды. Олай болса, ақыл-оймен табылған бiлiмдi әрқашан құдiреттi түрде берiлген сенiм ақиқаттарымен салыстырып, бақылап отыруымыз қажет. Олардың ойынша, ол, әсiресе, ХХ ғ ғылыми-техникалық революцияның жетiстiктерiн сараптау үшiн аса қажет. Осы тұрғыдан олар ХХ ғ ашылған ұлы ғылыми жаңалықтарды Библияның негiзгi қағидаларымен салыстырып, олардың “ақиқаттығына² баға бередi. Мысалы, ХХ ғ екiншi жартысында астрофизика саласында ашылған бiз өмiр сүрiп жатқан Дүниенiң пайда болуы мен жасы жөнiндегi “үлкен жарылыс² теориясын алайық. Алғашында материя “сингулярлық², яғни орасан-зор қысымның негiзiнде “нұктелiк² жағдайда өмiр сүрген. Ал оның өзi 15 млрд. жыл бұрын “үлкен жарылысты² тудырып, бiздiң галактикадағы жұлдыздар жүйесiнiң қалыптасуына әкелдi (құс жолы). Жарылыстың күшi сондай орасан-зор болғандықтан, осы уақытқа дейiн жұлдыздар бiр-бiрiнен алыстап кеңiстiкте ұшып барады. Оны астрофизиктер “бiр-бiрiнен қашып бара жатқан галактика² дейдi. Бұл теорияны қарапайым адамның санасына еңгiзу өте қиын, өйткенi, нүктеден, практикалық түрде, жоқтан бiздiң галактика сияқты орасан-зор Дүние пайда болды. Ойлап қараңызшы: күннiң iшiне 1млн. жуық жер сияқты планеталар сиып кетуi мүмкiн. Ал күн - қарапайым орта жұлдыз. Ал олардың саны 200 млрд. артық!!! Ал осының бәрi “нүктеден² пайда болды!! Ал христиандық философияның бұл ғылыми жаңалыққа берген бағасына келер болсақ, олар бұл ашылған жаңалық Құдайдың “жоқтан² бар дұниенi жаратқаны жөнiндегi дiни қағиданы ғылыми түрде дәлелдейдi деген пiкiрге келедi. Олай болса, бұл теорияның ақиқаттығына күмән келтiруге болмайды. Екiншi мысал ретiнде биология саласында ашылған тiршiлiктi клональды тұрде, яғни жыныстық жолдан тыс, жарату мұмкiндiгiн келтiруге болады. Биологтардың айтуына қарағанда, тiрi организмнiң әрбiр клеткасында организмнiң бұкiл “генетикалық коды² жазылған. Олай болса, белгiлi бiр клеткадан жасанды жағдай тудырып дәл сол организм сияқты жаңа тiршiлiктi дүниеге әкелуге болады!! Әрине, бұл ғылым саласында ашылған ғажап жаңалық. ХХ ғасырдың аяғында ағылшын ғалымдары клеткадан “Долли² деп ат қойған қойды да тудырып өсiрдi. Христиандық философияға келер болсақ, бұл жаңалық та ақиқатты деген пiкiрге келедi. Өйткенi, Құдайдың өзi алғашқы “клональды эксперименттi² жасады: Адамның бiр қабырғасын жұлып алып одан Еваны тудырды. Әрине, мұндай “аргумент² бiздi күлдiртуi мүмкiн. Әңгiме - осы философияның ғылым жетiстiктерiн өз iшiне кiргiзiп заман ағымына сай келуге тырысуында болса керек. Шындығында, христиандық философияның қойған мәселесi өте өзектi, бiрақ, оны сәл өзгертсек, онда ол адамның дүниетану мұмкiндiгi моральдық сананың бақылауында болып, бұкiладамзаттық құндылықтардың шеңберiнде даму қажеттiгiне келiп тiреледi. ХХ ғ бiр жағынан ақыл-ой арқылы дүниетанып, оны қайта өзгертудiң орасан-зор мүмкiндiктерiн ғана көрсетiп қоймай, сонымен қатар, “ғылыми өр көкiректiктен² сақ болу қажеттiгiн көрсеттi. Ғалымдар ашқан жаңалықтарын дереу дүниеге еңгiзiп, адамзат пайдасына жаратуға тырысады. Бiрақ, ол жаңалық бiзге пайдасымен бiрге, көп ойламаған терiс салдарын өмiрге әкелiп, қоғам алдында неше-тұрлi жаңа қауыптердi тудырады. Адамзат алдындағы көп экологиялық мәселелердiң пайда болуының терең себептерiнiң бiрi, мiне, осында. ХХ ғ христиандық философия туғызған iрi тұлғаның бiрi - Пьер Теяр де Шарден (1881-1955 ж.ж.) Негiзгi еңбегi “Адам құбылысы² деп аталады. Дiни философтың қойған негiзгi мәселесi: “Адам Құдайдың жаратқан Дұниесiнiң қонағы ма, я болмаса, сол жүрiп жатқан жаратылысқа өз ұлесiн қосып оны әрi қарай дамыта ма - Егерде, бұл Дұние дайын кұйiнде адамға берiлсе, онда адамға тек қана оның ғажаптығына таңғалып, оған табынудан басқа ешнәрсе қалмайды. Ал егерде Дұниенiң басы да, аяғы да болмай, бiрақ ол үне бойы жаңару, өзгеру (эволюция) үстiнде болса, онда адамның бұл Дүниеге келуiнiң негiзгi мақсаты - оны әрi қарай дамытып, көркейтiп, өзгертуiнде болса керек²,- деп қорытады П. Т. де Шарден. Өзiнiң философиясында ойшыл материализм мен идеализмнiң бiржақтылығын сынап, шынына келгенде Дүниенiң сыртқы материалдық және iшкi психикалық рухани жақтары болуы қажет деген пiкiрге келедi. Егер Дүниенiң алғышарты ретiндегi рухани қосындысы болмаса, онда жалғыз материядан тұратын әлемде адам пайда болмас едi. П.Т. де Шарденнiң ойынша, Ғарыштың өмiр сүруi мен әрi қарай өрлеуiнiң негiзiнде екi энергияның (күш-қуаттың) тiкелей қатысы бар. Олар - тангенциалдық, яғни физикалық күш-қуат және радиалдық, яғни психикалық, рухтық. Егер тангенциалдық күш Дұниенiң элементтерiн бiр-бiрiне тартып, оның бiртұтастығын қамтамасыз етiп отырса, радиалдық энергия оларды алға және жоғарыға, кұрделенуге әкеледi. Дұниенiң тарихи дамып күрделенуi, негiзiнен ұш ғарыштың өткен сатыларымен байланысты. Олар: өмiр алды; өмiр; ой. Бiрiншi - “өмiр алды² сатысында галактиканың қалыптасуы мен оның химиялық кұрделенуi басталады. Жер бетiндегi жылы неше-тұрлi минералдар мен тұздар ерiген суларда кұннiң сәулесiнiң энергиясы арқылы неше-тұрлi күрделi химиялық қосындылар пайда болып, ақырында, өмiрдiң алғашқы тұрпайы микро түрлерi дұниеге келедi. Екiншi - өмiр сатысында жер бетiнде тiршiлiктiң миллиондаған тұрлерi дүниеге келiп биосфера қалыптасады, оның ең әсем гұлi - адам дұниеге келедi. Үшiншi - ой сатысында адамның қалыптасуы мен дамуы басталып бұгiнгi күнге дейiн жетедi. П.Т. де Шарденнiң ойынша, қазiр бiрiккен адамзаттың қалыптасуы жұрiп жатыр. Адамзатпен бiрге жер бетiнде жаңа қабат - ноосфера, яғни ақыл-ой қабаты қалыптасып жатыр. Адамзаттың әлеуметтiк өрлеуi - материя мен тiрi табиғаттың өрлеуi, кұрделенуi, дамуының жалғасы. Дүние бiздiң көз алдымызда әрi қарай дамып, жаратылу үстiнде, қазiргi уақытта оның негiзгi кiлтi - адамның қолында. Өйткенi, адам саналы түрде эволюция процесiне қатысуда. Материяны қайта құрып өзгерту жолында адам шығармашылық деңгейiне көтерiлiп өзiнiң кiм екенiн Дұниеге көрсетедi. Осы тұрғыдан П.Т. де Шарден кейбiр христиан дiнiндегi моральдық қағидаларды сынға алады. әсiресе, енжарлық, мойын ұсынушылықты. Адам өмiрге белсендi түрде қатысуы керек, яғни оның өмiрдегi негiзгi мақсат-мұраты - жасампазды еңбек дәрежесiне көтерiлу болмақ. “Жақсы христианин Дүниенiң жаратылу процесiне белсендi қатысады, цивилизациялық ағымның белсендi мүшесiне айналады². Жамандық - енжарлық, жақсылық - белсендiлiк. Сонымен бiрге П.Т. де Шарден ұжымдық өмiр сұруге шақырады. Жаңғыздықтағы адам рухани жетiле алмайды. “Менiң² жетiлуiм ұжымдық сана арқылы ғана жұрмек. Қазiргi қоғамдағы дағдарыс - өрлеудiң дағдарысы. Адамзат Дұниенiң әрi қарай өрлеуiнiң негiзгi кұшiне айналғанын сезiнедi, екiншi жағынан, осы сезiмнен қорқып, оған кұмәндана бастайды. Ал осы iзгiлiктi iстi әрi қарай жалғастыру ұшiн адамзатқа белгiлi бiр рухани тiрек қажет. Ол тек “өмiрден де жоғары² құдiреттi күш болуын талап етедi. Ол адамзаттың алдында әрқашанда шамшырақтай жанып тұруы керек. Ол оны аспандағы ең күштi жарқыраған жұлдызға теңеп, оған “Омега² нүктесi деген ат қояды. Ойшылдың ойынша, Омега кеңiстiк пен уақыт шеңберiнен тыс, Дұниенiң алдында тұрып өзiнiң психикалық радиалдық энергиясы арқылы бұкiл өмiр сүрiп жатқанның бәрiне де өз әсерiн тигiзiп жатқан құдiреттi күш. Ол күш, негiзiнен алғанда, сүйiспеншiлiк,ал оның ең кiшкентай ұрығы - ол молекуланың iшкi тарту күшi. Сонымен, П.Т. де Шарденнiң Омегасы христиан дiнiнiң Құдайына ұқсамайды - ол таза рух, сананың жиынтығы, сонымен қатар, дүниенiң әрi қарай дамып күрделенуiнiң негiзгi себебi. П.Т. де Шарденнiң философиясы ХХ ғ адамзат ой-өрiсiне өзiнiң зор ықпалын тигiздi. Оның себептерiнiң бiрi - ғылымның жетiстiктерiне сүйене отырып, Дұниенiң дамуы жөнiндегi бiртұтас iлiмдi тудыру қажеттiгiн көрсеткенiнде болса керек. Екiншiден, оның адамзатты жасампаздық еңбекке, соның негiзiнде жер бетiнде ноосфераны тудыруға шақырған шабытты ойлары да көп адамдарға өзiнiң зор әсерiн тигiздi. Үшiншiден, оның адамға деген зор сенiмi, гуманизм мен өрлеудiң бiр-бiрiмен байланысты екенiн көрсеткенi де бұгiнгi дағдарыстағы адамзатқа шынайы сабақ болды. Ал, ендi осы ХХ ғ тудырған орасан-зор қайшылықтар мен тебiренiстер қазiргi Шығыс философиясында қалай шешiледi? Ендi осы сұраққа жауап беруге тырысайық. ХХ ғасырдағы Шығыс дiни философиясы ХХ ғ ғылыми-техникалық революция, соның негiзiнде пайда болған орасан-зор өндiргiш күштер, мемлекеттер арасындағы экономикалық, мәдени, саяси қатынастардың күрт өсуi Шығыс елдерiнiң ақуалын “батыстандыра² бастады. Шығыс елдерi заманның қойған талабына сәйкес келетiн жауаптар iздей бастайды. Бiр жағынан, әрине, олар өздерiнiң өндiргiш күштерiн Батыс дамыған елдерiндегiдей қылып дамытып, халықтарының өмiр сүру деңгейiн өсiргiлерi келедi. Екiншi жағынан, Батыс елдерiндегi рухани тоқыраушылық оларды үрейлетiп, мыңдаған жылдардағы жиналған мәдениет құндылықтарына, өмiр салтына, әдет-ғұрпына соққы тигiзе ме,- деген алаңдаушылықты тудырады. Сонымен, бiр жағынан, сыртқы ықпал, екiншi жағынан, ұлттық-мәдени мұраны сақтап қалу мәселесi Шығыс елдерiндегi рухани өмiрде, негiзiнен, ұш ағымды тудырды. 1. Кертартпа ағымдағы күштер (регрессизм) ұлттық рухани-мәдени құндылықтарды сақтап қалу қажет, Батыстан келгеннiң бәрi - шайтандық нәрселер деген пiкiр айтады. Батыстың ықпалына қарсы тұратын ең күштi құрал - ол дiн. Сондықтан, Ислам дiнi тараған бiршама Шығыс елдерiнде “дiни фундаментализм² (iргетастық) кең етек алып, онда неше-түрлi экстремистiк саяси қозғалыстар қоғам өмiрiнде кең орын алып отырғаны бүгiнгi таңда құпия нәрсе емес. Жалпы алғанда, оның түп-тамырын Батыс жолымен қоғамды модернизациялауға (жаңартуға) бағытталған саясаттан шығатын қайшылықтардың нәтижесi деп байланыстырсақ та болғаны. Бұл бағыттағы ойшылдардың ойынша, “тағдыр - алдын-ала анықталған², әлеуметтiк өрлеу дегенiмiз - жалған, алдайтын нәрсе. Адамның негiзгi мақсаты - әлеуметтiк дамудың биiк сатысына көтерiлу емес, карманы (туа бiткен тағдырды) тазартып келесi дүниеге келгенде бұрынғыдан жоғарырақ, таза рухқа ие болу. Осындай көзқарастарды тарататын саяси-дiни ұйымдар “Джан-Сингх², “РСС² (Индияда), Джамағаат -и- ислами (Пакистан, Афганистанда) т.с.с. Бұлардың бәрi де дiндi “таза ұстауға², тек қана Құранның негiзiнде өмiр сүруге шақырады, “Құран - бiздiң конституция² деген ұран көтередi. Олардың ойынша, мемлекеттi Имам (қоғамның дiни басшысы) Шариаттың негiзiнде басқаруы керек, ал барлық қайшылықтарды шешетiн дiни сотшы - қади болуы қажет. Жер бетiндегi бұкiл халықтардың арманы - теңдiк пен әдiлеттiлiк - тек қана саясат пен дiн бiр-бiрiне қосылғанда ғана келедi,- деген пiкiр ұстайды. 2. “Батысшылар² ағымындағы (вестернизм) күштердiң ойынша, ұлттық құндылықтар дегенiмiз - артта қалушылықтың, надандықтың, ыдыраудың символдары. Сондықтан, тезiрек Батыс құндылықтарын өмiрге еңгiзiп, қабылдау қажет. Сонда ғана, Шығыс елдерi дәуiрдiң қойған талаптарына сай келiп “жалпыадамзат цивилизациясына² қосылады. Ал соңғыны олар Батыстың жетiстiктерiмен теңестiредi. Ал дiн мәселесiне келер болсақ, олар оны “әр адамның ар-ұжданының iсi, таңдауы²,- деген пiкiрге келедi. Қазiргi уақытта дiн мемлекеттен бөлiнуi керек. Бiлiм беру саласында жастарға “ағарған тәлiм-тәрбие беру қажет². Осының негiзiнде қазiргi ғылым мен техниканың жетiстiктерiн игерiп, өмiрде кеңiнен қолдануға мұмкiндiк алуымыз керек,- деген пiкiрдi таратады. 3. “Прогрессистер² ағымындағы ойшылдар Шығыс елдерi бұрынғыдай өмiр сұре алмайтынына көздерi жетiп, өзгерiс, жаңару, реформаларды қолдайды. Ол ұшiн Батыс қоғамында пайда болған көп жетiстiктер кеңiнен таратылып қолданылуы қажет. Ол, әсiресе, экономика саласында керек ақ. Бiрақ, сонымен қатар, ұлттық рухани құндылықтар жаңа өмiрге бейiмделiп сақталуы қажет. Олай болса, оларды бiр-бiрiмен ұштастыру керек. Сонымен қатар, олардың ойынша, дiни құндылықтарды жаңа өмiрге сай етiп өзгерту қажет. Құдайға арнап құрбандық шалудан бас тартып, оны тек сүйiспеншiлiктiң негiзiнде сыйлау қажеттiгiн көрсеткiлерi келедi. Қазiргi өмiрдiң ритмiне 5 реттей Намаз оқу салты да сай келмейдi. Араб тiлiн игермеген көп елдерде халық Құранның мазмұнын бiле бермейдi, сондықтан, бұл құжат басқа тiлдерге аударылып, Намаз халықтардың өз тiлiнде өтуi қажет т.с.с. Шығыс елдерiндегi мыңдаған жылдар iшiндегi философия саласындағы қалыптасқан дәстүр - ол сенiм шеңберiндегi ойлау мен тебiрену. Сондықтан, Шығыс философиясын дiннен бөлiп алып қарау тiптi мүмкiн емес. Ендi Шығыс елдерiндегi дiни-рухани ақуалға келер болсақ, онда “Құдай ашылған² дiндермен қатар (Христиандық, Ислам ) “Құдайды ашпаған² дiндер де бар (Конфуциандық, даосизм, буддизм). Бiрiншi дiндерге келер болсақ, ондағы Құдай трансцеденттi, абсолюттi, кеңiстiк пен уақыттың шеңберiнен әрi жатқан мәңгiлiктi. Ол адамзатқа өзiнiң “сөзiмен² ашылады. Екiншi дiннiң тұрлерiне келер болсақ, ондағы Құдай - дұниенiң рухани алғышарты болғанымен, бiрақ ол тұлға емес. Құдай болмыстың ең биiк сатысы, ол табиғаттан бөлiнбеген, бiрақ Ол ұғымның тозағына түспейдi, Оны сөзбен жеткiзе алмаймыз. Мұндай жағдай Құдай жөнiндегi арнаулы iлiмдi (теологияны) талап етпейдi. Сонымен қатар, Табиғатқа деген табыну сезiмiн тудырып, оны қайта өзгертуге бағытталған iс-әрекеттердi терiске шығарады. Егер христиандық дiн Құдай өзi жаратқан жетiлмеген табиғатты тарту ретiнде адамға берiп, оны танып-бiлiп, қайта өзгерту , өз мүддесiне жарату, оған өз билiгiн жүргiзу құқын берген болса, “Құдай ашылмаған² дiндерде Табиғатқа адам өз билiгiн жұргiзе алмайды, оған табыну қайсыбiр үстемдiктi терiске шығарады - адам табиғатқа тиiспей, тек қана өз-өзiн ғана өзгертiп үне бойы жетiлу үстiнде болуы керек. ХХ ғ аяғына қарай дүниедегi ең жас дiн - исламның рухани ықпалында өмiр сүрiп жатқан елдерде дiни сананың күрт өсуi байқалады. Оның негiзгi себебi - осы дiннiң ерекшелiгiнде жатса керек. Ислам - тек қана адамның жан-дүниесiн баурыйтын дiн ғана емес, сонымен қатар, ол қоғам болмысының әлеуметтiк, саяси, құқтық салаларын да бақылауға алып отырады. Мысалы, аятолла Хомейни (Иран революциясының көсемi) өзiнiң “Исламдық басқару² деген еңбегiнде “Исламдық құқтық мемлекеттiң² қазiргi Еуропа елдерiндегi құқтық мемлекеттерден артықшылығын Құран арқылы көрсеткiсi келедi. Оның ойынша, Еуропа елдерiнде заңдарды шығаратын арнаулы мекемелер, заңгерлер, депутаттар т.с.с. Олардың қол астынан шығатын заңдар әрқашанда жетiлмеген , кемелiне келмеген, өйткенi, әр-тұрлi әлеуметтiк топтар өздерiнiң мүдделерiн қорғау жолында заң қабылдайтын мекемелерге өздерiнiң ықпалын тигiзiп заңның бұрмалауына әкеледi. Сондықтан, ол елдегi заңдар оқтын-оқтын қайта қаралып, өзгертiлiп отырады. Ал ислам елдерiне келер болсақ, онда қоғамдық қатынастар Шариаттың негiзiнде ретке келтiрiледi. Шариаттың заңдарын адам жасаған емес. Олар Мухаммед пайғамбарға Алланың берген аяты, сондықтан, ол кемелiне келген, жетiлген, барлық адамдар сыйлайтын, бұлжытпай орындайтын нормалары, - деп қорытады А.Хомейни. Мiне, осындай ғасырлар бойы Шариаттың негiзiнде қалыптасқан ислам елдерiндегi қоғамдық сана модернизация барысындағы өзгерiстердi қабылдай алмайды, өйткенi олар Шариаттың көп нормаларына қайшы келедi. Олай болса, “дiни фундаментализмнiң² терең түп-тамырын бiз осы тұрғыдан тұсiнуiмiз қажет. Ал ендi ХХ ғ ислам ойшылдарына келер болсақ, олардың қозғаған негiзгi мәселелерi - ол ислам цивилизациясының ерекшелiктерi мен ислам дiнiндегi адам жөнiндегi қағидалар. Мысалы, Иран философы Сеид Хосейн Наср ислам цивилизациясының символы ретiнде өзеннiң ағысы емес, Каабадағы алты қырлы тасты көрсетедi. Яғни, ислам қоғамы ұне бойы өзгерiсте емес, ол тұрақты да бiр қалыпты. Алайда, Батыста тараған “исламның тұрақтылығы iрiп-шiрумен тең²,- деген пiкiрге ол үзiлдi-кесiлдi қарсы шығады. Екiншi ерекшелiк - Құдай, Ғарыш және адамның бiрлiгi мен өзара байланысын мойындау болып табылады. Оның үлгiсi ретiнде табиғаттағы заттардың бiрлiгi мен өзара байланысын алуға болады. Үшiншi ерекшелiк - исламның тазалығы, Мухаммед пайғамбардың аяндарының қатаң сақталуы. Соңғы өте маңызды ерекшелiк исламның “Алладан басқа Құдай жоқ, Мухаммед оның пайғамбары² деген өзектi қағидасы. Исламның негiзгi қағидаларына тоқтала келе, С.Х.Наср Құран дегенiмiз - сөзбен, символдармен берiлген табиғаттың сыры²,-деген пiкiрге келедi. Адам мәселесiн талдай келе, өзiнiң “Бiлiм және киелiлiк² деген еңбегiнде С.Х.Наср “архирейлiк² және “прометейлiк² адамдарды бiр-бiрiмен салыстырады. Архирейлiк адам - жер мен аспан арасындағы көпiр, ол Құдай алдында жердегi iстерiне жауап беруге тиiстi. Ол кеңiстiк пен уақыттың шеңберiнде шектелгенмен, негiзiнен алғанда, - рухани пенде. Ал прометейлiк адамға келер болсақ - ол жердегi дүниенiң туындысы, оның негiзгi қамы - Құдайды ұмыт қылу. Киелiлiк сезiмдi жоғалтып, ол өз табиғатының ындынының құлына айналады. Ол - өз қажеттiктерiн өтеймiн деп табиғатты ойрандатады, ең жоғарғы қазiргi технологиялар оның тәкәппарлығын әрi қарай өсiредi. Прометейлiк адам тарихи Қайта Өрлеу заманында дүниеге келедi. Оқтын-оқтын ол өз өмiрiне қанағаттанбай киелiлiктi аңсайды, бiрақ, оның бұрмаланған табиғаты оған оны жеткiзе алмайды. Сондықтан, Батыс елдерiндегi iшiмдiктiң, нашақорлықтың т.с.с. терiс нәрселердiң тұп-тамыры осы киелiлiктi жоғалтудан пайда болды,- деген пiкiрге С.Х.Наср келедi. Ф.Ницшенiң “Құдай өлдi² дегенi ол прометейлiк адамның рухани өлiмiн көрсетедi. Екiншi Иран философы Али Шари-ати ислам бiрiншi болып халықтың тарихтағы, қоғам өмiрiндегi шешушi рөлiн көрсеттi, - деген пiкiрге келедi. Ал ендi оның адам мәселесiне деген көзқарасына келер болсақ, бiрiншiден, адам табиғат пен табиғаттан жоғары пенделерге қарағанда бiрiншi орын алады, өйткенi, оның өзiндiк санасы мен iзгiлiгi бар; екiншiден, оның өзiндiк дербес ырқы, еркi мен таңдауы бар; үшiншiден, ол саналы пәнде, ол оның ең құнды қасиетi; төртiншiден, ол жасампаз пәнде; бесiншiден, адам идеалға табынады; алтыншыдан, адам - моральдық, ар-ұжданы бар пәнде. Бiрақ, тек қана өзiнiң Құдайға деген махаббатының арқасында ол өзiнiң биiк дәрежесi мен жетiлуiне мұмкiндiк алады, яғни адам идеалдық дәрежеге көтерiледi. А.Шари-Атидiң ойынша, идеалды адамның ұш жағы бар. Олар: ақиқат, iзгiлiк, әсемдiк,- басқаша сөзбен айтқанда - дұниетану, этика, өнер. Құдайдың ырқының негiзiнде адам табиғат жұмағынан, өзiн оятатын шөлге тұстi, -деп қорытады ойшыл. Ал ендi мәселенi нақтылай тұсiп ХХ ғ Шығыс елдерiнiң ұлы ойшылдарына келер болсақ, онда Үндi дiни философы Свами Вивекананданы келтiруге болар едi. Оның ойынша, егер “Аз
|