![]() |
Мiтiн жоймас адамзат ! 4 страницаDate: 2014-03-19; view: 988. Әрине, кеңес заманында өмiр сүрiп шығармашылық тұрғыда еңбек еткен ғалымдардың бәрiн атап, олардың еңбектерiне талдау жасау мұмкiн емес - ол үшiн арнаулы кiтап жазу керек. Жоғарыда аталған тұлғалардың өзi-ақ елiмiздегi кәсiби философияның биiк деңгейде болғанын көрсетедi деген ойдамыз. Егемен Қазақстан және философиялық ой-пiкiрдiң дамуы Қазақстанның егемен елге айналуы рухани салада зор серпiлiс пен шабыт тудырды - Отандық философия сахнасына жоғарыдағы аталған үлкен тұлғалармен қатар жаңа буын көтерiлiп, өзiнiң қомақты ұлесiн қосты. қазақ халқының мыңдаған жылдық тереңдiкке кететiн руханияты, дiлi, дұниесезiмi қайта тексерiлiп, зерттелiп, төл мәдениетiмiздi байытты. Бұл мәселерге арналған М.Орынбековтың бiрнеше нәтижелi еңбектерi жарық көрдi. Сонымен қатар, бұл салаға қомақты үлес қосқан С.Ақатайдың еңбектерiн атауға болады. “қазақтану» саласына бiртұтастық тұрғыдан қарап, тарихи, әлеуметтiк-экономикалық, саяси-құқтық, рухани сараптау жасаған Ж. Молдабековтың еңбектерiн атау қажет. Орта ғасырдағы Отандық философияға жаңаша қарап өз үлесiн қосқан Ж.Алтаев болды. Қазақ мәдениетiнiң типтiк бiтiмдерiн зерттеп, оны ең соңғы мәдениеттанудағы көкжиектермен ұштастыра бiлген, мәдениет философиясының басқа да салаларын зерттеп жұрген Т.Ғабитовтың еңбектерi ерекше қызықты да нәтижелi деп есептеймiз. Қазақ халқының тарихи қалыптасқан дiлi мен дұниесезiмiнiң ерекшелiктерiн нәзiк те терең көрсете бiлген Қ.Нұрланованың еңбектерiн атап өткен абзал. Отандық рухани мұраны зерттеулерге Т.Айтқазин, Т.Бұрбаев, К.Бегалиноваөз ұлестерiн қосты. Егемен Қазақстанға ғұлама Абайдың берерi әлi көп. Бұл арада “Абайтануұ саласын жаңа биiк дәрежеге көтерiп, басқа да философия салаларын зерттеуге өз қомақты ұлесiн қосып жүрген Ғ.Есiмнiң еңбектерi ерекше аталуға тиiс. Қазақстан қоғамының тұбегейлi өзгеруi, өз руханиятымызға жаңа дәрежеде қайта оралу, сонымен қатар Дәуiрдiң қойған жаңа Талаптарына сәйкес Жауап беру, Дүниежүзiлiк көштен қалып қалмаут.с.с. халықтың болашақ тағдырына байланысты көп мәселер зиялылар қауымында, университеттер мiнбелерiнде қызу талданып, сарапталды, бiршама қомақты еңбектер жарық көрдi. Бұл арада немiс классикалық философиясы көтерген өзектi мәселелерге өз үлесiн қосқан, сонымен қатар, Батыс Еуропа топырағында пайда болған ең соңғы ағымдарды талдап, оны өз руханиятымызбен салыстырып, мәдениет философия саласында компаративтi (салыстырмалы) зерттеулер жүргiзiп жүрген дарынды ғалым Б.Нұржановтiң еңбектерi өтпелi қоғамдағы болып жатқан өзгерiстердi тереңiрек түсiнуге мұмкiндiк беретiнi сөзсiз. Соңғы жылдары ұлттық ғылым академиясының философия институтында қазiргi адамзаттың рухани-адамгершiлiк дағдарысы, соған байланысты Қазақстанның дамуындағы құндылықтар бағдарламасы, өтпелi дәуiрдегi адамның экзистенциалдық вакуумда қалып қоюы, әлеуметтiк нормалардан ауытқу (аномия) т.с.с. күрделi де өзектi мәселелер акад. Ә.Нысанбаевтың жетекшiлiгiмен зерттелiп, белгiлi нәтижелерге қолымыз жеттi. Оған өз үлесiн қосқандар С.Колчигин, А.Хамидов, К.Альжанов, И.Ергалиев, Г.Соловьева, А.Капышев, Р.Қадыржанов, З.Сарсенбаева т.б.ғалымдарболды. Жоғарыдағы аталған iзденiстермен Б.Құдайбергеновтың еңбектерi де өз ерекшелiктерiмен үндесiп жатады. Өтпелi дәуiрде философиялық деңгейде қажеттi түрде мына сұрақтар пайда болып, өз шешiмiн табуын талап еттi - ол : Ақиқат кiмнiң қолында ? қазiргi адамзаттың негiзгi даму жолы Батыс, я болмаса, Шығыс цивилизациясында ма ? Дүниежүзiлiк көштен тағы да қалып қалмас үшiн Қазақстан қай жолмен дамуы керек ?- Бұлар, әрине, халық тағдырын, егемендi елдiң болашағын анықтайтын сұрақтар. Тарихи жеке адамның ерiктiгi мен жасампаздық iс-әрекетiне негiзделген Батыс цивилизациясы жағалай ортаны өзгертiп адамның игiлiгiне жарату жолында соңғы ұш-төрт ғасырдың, әсiресе ХХ ғ шеңберiнде орасан-зор жетiстiктерге жеттi - оның ең биiк сатысы бұгiнгi таңдағы постиндустриалдық цивилизацияның шеңберiнде өмiр сұрiп жатқан бiршама Еуропа елдерi, АқШ пен Канада, Австралия т.с.с. Бұл елдер материалдық-техникалық жағынан қандай биiк сатыға көтерiлгенмен, рухани жағынан сондай тайыздыққа төмендедi - оның дәлелi орасан-зор қылмыстық, iшушiлiк, нашақорлық т.с.с. қазiргi уақытта бiзге жақсы таныс құбылыстар. Мәдениеттi нарық жолына қою - тобырдың нәпсi, дене интенцияларына (бағыт) байланысты дөрекi мәдениет формаларын тудырды. Биiк өнер тек қоғамның элитарлық аз тобының мүдделерiн қанағаттандырады. Адамның қоғам өмiрiндегi статусы (орны) - оның байлығымен анықталатын болды - Э.Фроммның айтуына қарағанда “иелену арқылы болу» - негiзгi адам өмiрiнiң мән-мағнасын анықтайтын принципке айналды. Сонымен, тән ләззәты бiрiншi орынға қойылып, материализм бағыты тек қана философияда ғана емес, бұкiл өмiрдi шырмап толығынан жеңдi. Бiз марксизмнiң өзi - Батыс дүниетанымының логикалық аяқталуы екенiн естен шығармауымыз керек. Ендi Шығыс цивилизациясына келер болсақ, ол қауымдастыққа, қоғамдық мұдденiң жеке адамға қарағанда жоғары тұруына негiзделген. Бұл принциптi өзiнiң логикалық аяғына шейiн жеткiзiп бүкiл жеке меншiктi жойып, оны тотальды (бiртұтас) мемлекеттендiру арқылы жаңа қоғамды орнатуға бағытталған орасан зор әлеуметтiк тәжiрибе Кеңес елiнде сәтсiздiкке әкелгенiн таяудағы тарихтан жақсы бiлемiз. Бiршама Шығыс елдерiнде өндiргiш кұштер осы уақытқа шейiн төмен деңгейде, кедейшiлiк, күнбе-күнгi ең қажеттi нәрселердiң жетiспеушiлiгi - көп жылдарға созылған ауруға айналды. Сонымен қатар, кейбiр Шығыс елдерi (Жапония, Малайзия, Сингапур, Оңтұстiк Корея т.с.с.) өз дiлi мен мәдениетiн сақтаудың негiзiнде ең соңғы озық технологияларды игере бiлiп, постиндустриалық цивилизация сатысына көтерiлдi. Осы жолмен тез қарқынмен дамып келе жатқан - жаңа ғана тiзесiнен көтерiлiп болашаққа ұмтылған алпауыт қытайды да атап кетуге болады. Өз егемендiгiн алған қазақ елiнде реформалар басталғаннан кейiн көп ұзамай либералдық-демократиялық саяси бағыт басымдыққа ие болды. Алайда, бiздiң пәнiмiз саясаттану емес, философия болғандықтан, бұл салада қандай ойлар пайда болды,- деген сұраққа жауап берейiк. “Шындық Батыста. Бүгiнгi таңдағы артта қалған елдер ертелi-кеш Батыс цивилизациясының соқпағына түсiп дамиды. Олардың ұлттық мәдениетi, дiлi ертең-ақ қоғамдық сананың шетiнде қалып “универсалдық» Батыс “mass media» толығынан өз басымдығына жетедi - бұл бүкiладамзат дамуының негiзгi жолы»,- деген пiкiрдi бiз Н.Амрекулов пен Н.Масановтың 90-шi жылдардың орта кезiнде шыққан еңбектерiнен оқимыз. Бұлар - ашық батысшылдар. Қазiргi қоғамдық санадағы олардың алатын орны мардымсыз. Екiншi көлемдi топқа астыртын батысшыларды жатқызуға болады (Ж.Абдильдин, М.Тажин, Е.Ертiсбаев т.с.с., билiк басындағы бiршама қызметкерлер, әсiресе, батыс елдерiнен соңғы жылдары бiлiм алған, өз елiнде уақытында ұлттық мәдениеттен терең нәр алмаған жастар тобы). Олардың ойынша, Батыс цивилизациясындағы жеке адамның шығармашылық iс-әрекетiне негiзделген озық технологиялар, құқтық мемлекет үлгiлерiн т.с.с. жетiстiктерiн алып өмiрге дереу енгiзу керек, сонымен қатар, жеке адамдардың құқтарын сақтау негiзiнде олардың жасампаздық күш қуатын арттыру қажет; ұлттық руханияттың дамуын сол жолға бағындыру заңды нәрсе. Кейбiр зиялылар (А.Машани т.б.) қоғамды апаттан құтқарудың негiзгi жолы исламдық бағытпен дамуда,- деген пiкiр айтады. Сонда ғана бiз өз болмысымызды сақтап қалуға мұмкiндiк аламыз. Алайда бұл бағытты қолдайтын топтар көп емес: ол, бiр жағынан, кеңес заманынан берi келе жатқан ағарған саясатқа, екiншi жағынан, қазақ халқының ислам дiнiнде тарихи терең тамырланбағанына байланысты болса керек. Соңғы зиялылар тобы Отандық бағытты (А.қасымжанов, Т.Сарсенбаев, А.Касабек, Д.Кiшiбеков, т.б.) ұстайды. Олардың ойынша, қоғамның тұбегейлi өзгеру жолында ұлттық дiлiмiз бен дәстүрлi мәдениетiмiздi сақтай отырып, озған елдердiң жетiстiктерiн соларға бейiмдей қабылдап, өзгеруiмiз керек. Сонда ғана бiз өз-өзiмiздi сақтап қалып, трансұлттық корпорациялардың тудырған жаңа мәңгүрттерiне айналмаймыз - жеке тұлғаның ерiктiгi әрқашанда қоғамдық мүдденiң шеңберiнен шықпай, құзға кетiп бара жатқан “соқырдың ерiктiгiне» ұқсамауға тиiс. Бұл бағыттың жақтаушылары зиялылар арасында ең көп болғанымен, қазiргi саясатта олардың үндерi әлсiз естiледi. Жалпы алғанда, либералдық-демократиялық саясаттың өзi нақтылы ащы шындықтың негiзiнде дүниеге келген болатын. Егемендiктi алу барысындағы қалыптасқан iшкi және сыртқы ахуалдың өзi бiзге басқа жолды таңдауға мұмкiндiк бермедi.Өкiнiшке орай, оны егжей-тегжей талдауға кiтаптың көлемi мүмкiндiк бермейдi. Сонымен қатар, қоғамның тез арада байлар мен кедейлерге жiктенiп, олардың арасындағы алшақтықтың өсуi, “байлық пен бақытты болу жақсыұ деген идеологияның негiзiнде руханияттың жүдеуi, қоғамның бiршама бөлiгiнiң, әсiресе, буыны қатаймаған, өмiрден алған тәжiрибесi тайыз жастардың батыстық тойымсыздық пиғылына өтуi, осыған байланысты “әлеуметтiк аномияныңұ (ауытқу) шектен тыс өсуi, жекешендiрiлу жолында жасалған келеңсiз жәйттер т.с.с. әлеуметтiк наразылықты күшейтiп, билiк басындағылар жұргiзiлiп жатқан саясатқа түзетулер еңгiзуге мәжбүр болды.. Қазiргi таңда жүргiзiлiп жатқан саясаттың әлеуметтiк-демократиялық бағытқа қарай жылжып бара жатқанын байқауға болады. Оның толық жеңiсi - халық болашағын анықтайтын бағыт болмақ.
Өзiндiк дайындыққа арналған сұрақтар: 1. Қазақ дүниетанымының қандай ерекшелiктерiн көрсетуге болады? 2. Көне түркi мифологиясындағы әйел құдайдың аты қандай? 3. Көне түркi мифологиясындағы өлiмнен қашып өлместiктi iздеген кiм болды? 4. Гректердiң “Жетi даналарының» бiрi болып саналатын түркi бабамыздың есiмi кiм болды? 5. “Ақыл, әдiлет, дәулет, қанағат» құндылықтары елдi бақытқа әкеледi,- деген ойшыл кiм? 6. “Ақиқат сыйын» жазған ойшылды атаңыз. 7. Сопылық философиядағы “фана» деген ұғымның мағынасы неде ? 8. Сопылықтың қай сатысында адам Алла-тағаламен қауышады? 9. Өмiрде алудан гөрi болуды арман еткен жырауларды есiңiзге тұсiрiңiз. 10. Қазақ даласындағы алғашқы утопист-жырау кiм болды? 11. Абылай ханның кеңесшiсi болған ұлы жырау кiм едi? 12. Қазақтың дана билерiн есiңiзге тұсiрiңiз. 13. Қазақ болмысындағы шамандықтың қалдықтарын терең зерттеген ағартушы кiм болды? 14. “Адам бол!“ ұранын тастаған ойшыл кiм едi? 15. Жаңа мектептер ашып, қазақша оқулықтарды алғаш жазған ағартушы кiм болды? 16. Абай қандай “бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық бол» дейдi, соны есiңiзге түсiрiңiз. 17. Сот билiгiне жыл кесiлмей сайлауды қалаған кiм болды? 18. Шәкәрiмнiң танымдық көзқарасын қандай бағытқа жатқызуға болады? 19. “Оян, қазақ!» өлеңдер жинағын жазған ағартушы-демократты есiңiзге тұсiрiңiз. 20. “Үш анықты» жазған кiм? 21. “Маса» жинағын жазған ағартушы. 22. Кеңес дәуiрiнде диалектикалық логика саласын дамытқан философтарды есiңiзге тұсiрiңiз. 24. Ұлт-аралық қатынасты зерттеген ғалымдарды есiңiзге түсiрiңiз. 25. Өтпелi кезең теориясын терең зерттеген ғалым. 26. Отандық философиядағы “батысшылардыңұ көзқарасын сипаттаңыз. 27. “Дiни iргетастық» деп қандай көзқарасты айтамыз.
Ұсынылатын негізгі оқулық әдебиеттер. 1.Кішібеков, Сыдықов Философия. Алматы 1994 ж. 2.С.К.Мырзалы Философия әлеміне саяхат. Қостанай. 2001 ж. 3.Ақназаров Философия тарихы бойынша дәрістер курсы. А. 4.Әбiшев К. Философия., Алматы, 2002. 5.Абай. Слова назидания. Алматы.,1995 6.Философия (под редак. Проф. Габитова Т.Х.) Алматы,2000 7.Ч.Валиханов Соч., Алма-Ата 1967 8.Сегизбаев О. Казахская философия ХУ начала ХХ веков. Алматы.,1996 9.Малов С. Памятники древнетюркской письменности., М-Л.,1956 10.Нурланова К. Человек и мир: казахская национальная идея. Алматы..1996 11.Аюпов Н.Г. Религиозная система древних тюрков. Алматы.,1998 12.Орынбеков М. Философия протоказахов. Алматы.,1996
14 тақырып. Болмыс ілімі ( Онтология ) 14.1. Философиядағы болмыс ұғымы Таяуда ғана өткен жақын тарихымызда философия пәнін оқуды "материя" ұғымынан бастау дәстүрі болған. Өйткені, ол маркстік философияның, жалпы алғанда, бүкіл материалистік бағыттың негізінде жатқан ұғым болатын-ды. Мұндай жағдайда сонау көне заманда пайда болған "болмыс" ұғымы ескерусіз қалған болатын. Алайда, бұл көзқарасқа бүгінгі таңда өзгерістер еніп, философия пәнінің ең шегіне жеткенінше көлемді ұғымы – болмыс - категориалдық жүйеге еңгізілді. Оның негізгі себебі, болмыс ұғымы материя ұғымынан гөрі көлемі жағынан кең - материя мен рухты бірдей қамтиды, өйткені, дүниеде кең түрде алып қарағанда екі-ақ нәрсе өмір сүреді – ол, бір жағынан, материя, яғни өлі және тірі табиғат болатын болса, екінші жағынан, материалдық емес - идея, сана, рух. Уақытында ұлы И.Кант айтып кеткеніндей, Құдайдың барлығын, я болмаса, жоқтығын ешкім ешқашанда дәлелдей алмайды – ол ашық сұрақ. Бірақ, дүниеде өмір сүріп жатқан тірі адамның жан-дүниесі, сана-сезімі, рухы барын ешкім де теріске шығара алмас. Осы тұрғыдан алып қарағанда, болмыс ұғымының қайнар көзі Дүниеде "болу", "өмір сүруге" келіп тіреледі (салыстырыңыз: орыс тілінде "бытие" - "быть", ағылшын тілінде "beіng" - "to be" – деген етістіктен шыққан). Олай болса, болмыс ұғымы Дұниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын кең көлемді философиялық категория. Әрине, Дүниеде өмір сүріп жатқан нәрселердің сан-алуан қасиеттері бар – олар көк - қызыл, ауыр - жеңіл, дымқыл - құрғақ, т.с.с.- шексіз айта беруге болар еді. Бірақ, олардың бәрін біріктіретін қасиет – олардың болуы, өмір сүруі, яғни, - болмысы. Ең алдымен осыны ұғып алмай, біз әрі қарай ешнәрсеге талдау жасай алмас едік. Бұл – философиялық бастама. Алайда, философия тарихына жүгінсек, бұл арада ойшылдардың үлкен қиындыққа тап болғанын байқаймыз. Өйткені, жағалай қоршаған Дүниеге зерделі көзбен қараған адам бірде-бір мәңгі өмір сүріп жатқан нәрсені таба алмайды. Қарапайым адам да, Дүниеде біртуар тұлға да бұл өмірге келіп, содан кейін уақыты келгенде – кетеді. Далада жатқан тас та мыңдаған жылдардан кейін құмға, шаңға айналып ғайып болады. Яғни, болмыс бейболмысқа ауысып жатады. Мұны байқаған біздің бабаларымыз Дүниені "жалған" деп түсінген. Үнді ойшылдары да бұл Дүниені "Ұлы сағым - Мая" деп атаған. Ал ұлы Гегельге келер болсақ, ол болмысты "жоғала бастаған болмыс" , Дүние дегеніміз - мәңгілік қалыптасу,- деп түсінді. Оқырманның байқағанындай, болмыс категориясын жете түсінудегі негізгі қиындық - бір жағынан, Дүниенің ағымдығы, екінші жағынан, ол қанша өзгеріске түссе де өмір сүріп қала беруі. Бұл ақуалды өзеннің суымен салыстыруға болар еді – ол әрқашанда ағыста болғанымен таусылмайды, өмір сүріп қала береді. Болмыс ұғымы ең мейлінше кең ұғым болғаннан кейін, оған қарсы тұрған ұғым – бейболмыс, яғни, ештеңе, жоқтық. Бір қарағанда, болмыс ұғымы мейлінше кең болғаннан кейін мазмұн жағынан алғанда мардымсыз болып көрінеді. Бірақ, соған қарамастан, сонау көне заманнан бастап оған әр-түрлі мағна беріліп Батыс пен Шығыс дүниесезімі мен дүниетанымы екіге бөлініп, осы күнге дейін созылып келе жатқан айырмашылықты тудырды. Мұның өзі де философияның өмірмен тығыз байланысты екенін, Адамзат өркениетінің түп-тамырында жатқанын көрсетсе керек. Бұл ойды нақтылай келсек, көне Қытай философиясындағы Даосизм ағымында болмыс "дао" ұғымы арқылы беріледі. Қытай тіліндегі көп сөздер сияқты, дао ұғымы да көп мағналы: бір жағынан ол аспанның құдіретті заңдылықтары ретінде түсінілсе, екінші жағынан, болмысты бейнелейді. Ал соңғының өзі екі мағнаға бөлінеді – ол "бірінші дао" – абсолютті болмыс, және "екінші дао", я болмаса "дэ" – көз алдымызда өмір сүріп жатқан өтпелі Дүние. Бірінші даоға қанша қарасаң да көре алмайсың, қанша тыңдасаң да ести алмайсың, оған ат қояйын десең де қоя алмайсың, өйткені оның аты жоқ,- деп қорытады,- көне Қытай ойшылдары. Демек, ол не?,- деген сұрақ дереу біздің ойымызға келеді. Ол – ештеңе, яғни,- жоқтық. Бүкіл Дүниедегі заттар мен құбылыстар содан шығып өмір сүруге келеді де, ақырында, соған барып өшеді. Тек ешқандай өзгеріске түспейтін, мәңгілік, абсолютті – бірінші дао ғана. Ал, Дүниеге келген заттарды, яғни, екінші даоны - дэні алатын болсақ, оның әрбіреуінің өз аты бар, олар өтпелі, мінді, салыстырмалы т.с.с. Енді Шығыс философиясынан Батысқа назарымызды аударсақ, көне Грек ойшылдарының ішінде алғаш рет болмыс категориясын терең талдаған Парменидке келіп тоқталамыз. Ол кісінің атақты сөздері – Тек қана болмыс өмір сүреді, бейболмыс тіпті де жоқ. Яғни, Дүниеде бар нәрсе – бар, жоқ нәрсе – жоқ. Бір қарағанда, қисынды сөздер! Бірақ, осы ойды айтқаннан кейін, Парменид, қозғалысты, Дүниеге келу мен кетуді жоққа шығарып, терістеуге мәжбүр болды. Өйткені, бір нәрсенің Дүниеге келуі дегеніміз не? – Ол болмыста бұрын жоқ еді, енді, міне, Дүниеге келді. Ал, Парменидке келер болсақ, ол жоқтың аты жоқ дейді, яғни, Дүниеге келуді мойындамайды. Сол сияқты, Дүниеден өтуді де, яғни, бардың жоққа айналуын да мойындамайды, өйткені, бар нәрсе бар, ал жоққа келер болсақ - жоқ. Ал, Дүниеге келу мен кетудің өзі қозғалыс арқылы жүрмей ме? – Олай болса, болмыста қозғалыс та жоқ. Яғни, болмыс дегеніміз ешқашанда өзгермейтін, кемеліне келген, абсолютті, өз-өзіне тепе-тең. Әрине, мұндай көзқарастың өмірдегі тәжірибеге сай келмейтіні әрбіреуге жақсы таныс. Бұл дүниеде қозғалмайтын, өзгермейтін ешнәрсе жоқ. Олай болса, Парменид бұл Дүние нағыз болмыс емес, оған – ой елегі арқылы ғана жетуге болады,- деген пікір айтады. Яғни, ойлау мен болмыс бір-біріне тең. Сонымен, Парменидтің болмысы ой арқылы жететін идеалды, ешбір мінсіз, кемеліне келген, мәңгі, дөңгелек, өз-өзіне тепе-тең, бөлінбейтін болмыс болып шықты. Сонымен, сонау көне заманнан бастап, Батыс пен Шығыс болмысты әр-түрлі түсініп, соған негізделген әр-түрлі Дүниеге деген көзқарасты қалыптастырды. Шығыс бейболмыстың өмір сүруін мойындап оның іргетастығын анықтағаннан кейін, бұл Дүниені сол бейболмыстың көмескі бейнесі ретінде ғана түсініп, оның өтпелігіне аса назар аударады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, бейболмысқа өтетін Дүниені адамның өз еркіне көндіруі тіпті мүмкін емес, оны өзгерту, жетілдіру де мағнасыз нәрселер. Сондықтан, негізгі мақсат – адам өз ішкі өміріне үңіліп, тек соған назарын аударып, соны ғана жетілдіруі қажет. Осындай көзқарастың негізінде Шығыста интраверттік (іntra,-лат. сөзі – ішкі деген мағна береді) мәдени бағыт қалыптасты. Ал енді Батысқа келер болсақ, Парменидтің бейболмысты теріске шығаруы, сонымен қатар идеалды, еш мінсіз, жетілген, мәңгілік Болмыстың бар екенін мойындауы – бүкіл Батыс өркениетінің қалыптасып, бүгінгі күнге дейін дамуының астарында жатқан іргетасты көзқарас екеніне оқырманның ерекше назарын аударғымыз келеді. Соңынан пайда болған христиан дінінің негізгі қағидаларының бірі – адамды Құдай өз бейнесіне ұқсатып жаратты да осы жаратылған Дүниенің әміршісі қылды деген қағиданың өзі де Парменидтің болмыс ілімімен ұштасып жатқан жоқ па? Ал енді марксизмнің өзін, осы тұрғыдан алып қарағанда, Батыс Еуропа ой-өрісінің қисындық шегі деп бағалауға болатын сияқты, өйткені, коммунизм – кемеліне келген, адамдардың барлық қажеттіктері толығынан өтелген, соның негізінде әлеуметтік біркелкілік орнаған қоғам. Яғни, ол - жер бетінде адамның шығармашылық іс-әрекеті арқылы орнатылған идеалдық қоғам.
|