|
Ордабасы жиыны 4 pageDate: 2015-10-07; view: 595. Көтерілістің сипаты: Антифеодалдық отаршылдыққа қарсы. Көтерілістің барысы. Көтерілістің кезеңдері- үш кезеңге бөлінді. Бірінші кезең: 1833-1836 жылдырға келеді және қарулы көтеріліске әзірлік кезеңі ретіңде сипатталады. Екінші кезең: көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап олардың жеңіліске ұшырауына дейінгі-1837 ж. қарашаның орта шеніне дейінгі кезең. Үшінші кезең: Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтық сол жағалауына өтуінен (1837 жылдын желтоқсанынан 1838 жылдың шілдесіне дейін көтерілістің жеңілуі). 1836 жылы ақпан айында Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы басқарған халық азаттық сипаттағы көтеріліс басталады. 1836 жылы 17 наурызда Жәңгір хан қайын атасы Қарауылқожаға бүлік шығарған старшындарды тұтқындауға бұйрық береді. Қарауылқожаның Исатайға күресті тоқтатып, хан сарайна барып бас июді талап етүі қозғалыстың кең арнаға түсуін тездетті. 1836 жылы қазан айында Исатайдың қарамағына 20-дай ауыл көшіп келеді. Исатай қол астындағылармен бірге Жәңгір ханның ешбір талаптарын орындамай, оның билігін де мойындамады. Бұдан соң 1836 жылы 13 желтоқсанда Жәңгір ханның сыбайластары Махамбет пен Тінімнің ауылын ойрандап, малдарын айдап әкетеді. 1836 жылдың аяғында көтеріліс патша сарайындағыларды алаңдата бастайды. 1837 жылғы 30 наурыз - Шекаралық комиссия Исатай мен Махамбетті ұстап, сотқа тартуды талп етті. 1837 жылы 2 қазанда атаман Покатилов басқарған жазалаушы (200 адам) қазақ отрядтарының Исатайды ұстау әрекеттер босқа кетеді. 1837 жылы 15 қазанда Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер Теректіқұмда Балқы би ауылын шабады. Бұл жеңіс сарбаздар қатарының өсуіне әсер етті. 1837 жылы 24 қазанда Исатай 2000-ға жуық көтерісшілермен хан ордасын қоршайды. Бірақ Жәңгір ханға бір жағынан подполковник Гекке, екінші жағынан подполковник Меркулов басқарған қол көмекке келуге үлгереді. 9 қарашада 400 адамдық ханның әскері және зеңбіректермен қаруланған Гекке мен Меркулов топтары бірікті. 1837 жылы 15 қарашада Исатай бастаған көтерілісшілер Тастөбе деген жерде күші басым, зеңбірекпен қаруланған Гекке, Меркулов басқарған қазак отрядтарымен шайқасты. Бұл шайқаста көтерілісшілер жеңіледі. Осыдан кейін жазалаушы отрядтар көтерілісішілердің соңына түсе бастайды. Истомин, Трофимов басқарған жазалаушы отрядтар Исатайды жақтаған қазақ ауылдарын ойрандайды. Орынбор губернаторы Перовский Исатайды тірідей ұстағандарға 1000 сом, басын алғанға 500 сом сый ақы тағайындады. 1837 жылы 13 желтоқсанда көтерілісшілер Жайықтың шығысына қарай өтеді. Кіші жүзге өткенде Исатайдың жанында 40 адам болды. Сұлтан Айшуақұлының жазалаушы тобы Исатайдан ажыраған 12 адамдық топты (ұлы Досмұхамбет, әйелі Дінбаян) ұстап, Оралдағы түрмеге жапты. Бұл кезде қазақ жерінде Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс жайыла бастаған еді. 1838 жылы қаңтарда қатары 100 ге жеткен Исатай жасағы Терек бекінісіне жақындап, Орал әскери шебіне қауіп төңдірді. Исатайдың ендігі мақсаты: 1. Ішкі Ордаға қайта оралып, Жәңгір тобына күтпеген жерден соққы беру. 2. Көтерілісті бүкіл Ішкі Ордаға тарату. 3. Нарын құмында бекініп, Жәңгірден кек алу. 4. Орыс помещиктері басып алған жерлерді шаруаларға қайтару. Көтерілістің жеңілуі: Исатай басқарған көтерілісті тез талқандау үшін, Орынбор губернаторы В.А.Перовский барлық күштерді жұмылдыра бастады. В.А. Перовский бұл көтерілістің Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт азаттық көтеріліспен бірігуінен сескенді. Подполковник Гекке басқарған жазалаушы отрядтар Исатай қолын талқандау үшін аттанды. Исатай 500 сарбазымен сұлтан Айшуақұлына соққы беру үшін, Қайыпқали тобынан бөлінді. Айшуақұлы тобының Гекке тобымен қосылып, үлгергенін батыр байқамады. 1838 жылы шілденің 12-сінде Ақбұлақ деген жерде көтерілісшілер Гекке мен Айшуақұлы басқарған отрядтан жеңілді. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып, атып өлтіреді. Көтерілісшілерден 70–80 сарбаз өліп, Қожахмет, Балабек бастаған алты адам тұтқынға түседі. Бас сауғалап қашқан көтерілісшілер, Ақбұлақ шайқасында Исатайға көмекке келмеген сұлтан Қайыпқали тобына қосылудан бас тартты. Қалғандары күресті одан әрі жалғастырды. 1838 жылы шілденің 23–інде Махамбет бастаған көтерілісшілер хан ауылына шабады. Махамбет 1846 жылы қазанда хан жендеттерінің қолынан қаза болды. Қолға түскен көтерілісшілерді Гекке жазалады. Қожахмет Өтемісұлы, Балабек Нұржанұлы, Бекен Сарыұлы 8 жылға Ригаға, Ұса Төлегенұлы мен Жәнібекұлы Сібірге жер аударылды. Көтерілісті қанға бояған қазақ феодалдары және казак офицерлері, солдаттары марапатталды. Көтерілістен кейінгі жылдарда шаруалардың ауыр жағдайы өзгермеді. 1836 – 1838 жылдардағы көтерілістің негізгі мақсаттары орындалмады. Көтерілістің жеңілу себептері. • Үстем тап өкілдерінің опаздығы. • Көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі Ордадағы көтерілістерді біріктіре алмады. • Қару – жарақтың теңсіздігі. • Стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі. • Патша үкіметінің жазалау отрядтарының күші басым болуы. • Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы. • Көтеріліс жергілікті (локальдық) сипатта болды. Нәтижесі: • Салық мөлшеріне шек қойылды. • Патша үкіметі қазақ старшиндарымен санасатын болды. • Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегендігін дәлелдеді. • Қазақ феодалдарының отаршылдық басқару мен байланыста екенін көрсітті. • Әртүрлі халықтардың қанаушыларға қарсы бірігіп күресуінің негізі қаланды. Көтерілістің тарихи маңызы. 1836 – 1838 жылдардағы көтерілістің тарихи маңызы зор болды. 1. Жәңгір хан және оның маңайындағылрдың озбырлығына белгілі дәрежеде шек қойылды. 2. Патша үкіметі аз болса да, көтеріліске қатысқан қазақ ауылдарының мүдделерімен санаса бастады. 3. Көтеріліс қазақ үстем тап – феодалдарының опасыздығын дәлелдеді. 39. Қазақ халқының 1837-1847 жж. ұлт-азаттық қозғалысы. Көтерілістің алғышарттары Ұлт-азаттық қозғалысының тарихында XIX ғасырдағы ең ірі 1837-1847 жылдардағы көтеріліс ерекше орын алады. Өзінің құлаш сілтемі, Россия саясатына әсер етуі, халықты қамтуы, ұзаққа сөзылыу және табындылығы жөнінен ол қазақ халқының бұрынғы және өзінен кейінгі қимылдарынан едәуір ерекшеленеді. XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Қөқан бектері мен Хиуа хандары Қазақстанның оңтустігіндеғі қазақтарды билігінде ұстап, оларды алым-салықпен және тонаумен қинады.
1836 жылы Қоқан ханы оңтустікке қөныс аударған Саржан Касымұлын өлтірді. 1840 жылы әкесі Қасым, бауырлары қайтыс болды. Орта жуз жерінде 1822 жылғы Жарғы бойынша бұрынғы дәстурлі басқару түрі өзгеріп, жаңа округтар, приказдар құрыла бастады. Бұл қазақтардың мал шаруашылығына кері әсер етті. Көтерілістің мақсаты 1. Россияның отарлау саясатына шек қою. 2. Патша үкіметінің құрамына кірмеген өнірлердің дербестігін сақтау. 3. Қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салуын тоқтату. 4. Қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандығының езгісінен азат ету. Көтерілістің қозғаушы күштері. Негізгі қозғаушы күштері қарапайым қазақ шаруалары болды. Жалпы, көтеріліске үш жүздің қазақтары, сонымен қатар ақсүйектер, сұлтандар, үстем тап өкілдері де қатысты. Дерек бойынша, бұл көтеріліске 80-ге таяу старшын мен сұлтан қатысқан. Мысалы, Қанқожа, Шеген, Тани Тортайұлы, Күшік, Жанай Айшуақұлы сияқты сұлтандар көтерілісті қолдаған. Олардың мақсаты: 1. Көтерілісті пайдалынып, бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу. 2. Көшпелі феодалдық дербес мемлекеттің негізін салу. Көтеріліске әртүрлі ұлттардың өнілдері қатысып, (орыс, өзбек, қырғыз т.б.) кейде көтерілісшелер саны 20 мыңға жетті. Көтерілісшелердің жеке әскери бөлімдерін басқарған қазақ батырлары: Ағыбай, Имак, Бұхарбай, Жоламан, Бұғыбай, Жеке, Бейсейіт, Сұраншы, Анғал батыр т.б.. Көтеріліске Кенесарының інілері Наурызбай, Әбілғазы, Әпкесі Бопай қатысты. Көтерілістің барысы. 1837-1847 жылдардағы көтеріліс бүкіл Қазақстан жерін қамтыды. Көтеріліске Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары (1802-1847 жж.) сұлтан басшылық жасайды. 1837 жылы қараша айында Кенесары Қызылжар (Петропавл) маңында Ақтау бекінісіндегі қазак отрядына шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. Бұл көтерілістің басталуы болды. 1838 жылы 26 мамыр күні Кенесары бастаған көтерілісшілер Ақмола бекінісін шабуылмен басып алып, өртеп жіберді. Ақмолаға иелік еткен Карбышев пен сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіулы бекіністі тастап, қашып кетеді. 1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүз қазақтарының басым бөлігі Кенесарыны қолдайды. 1838 жылы күзде көтеріліс Кіші жүз оңөріне тарайды. Батыр Жоламан Тіленшіұлы көтеріліске қосылады. 1841 жылы тамыз айында Кенесары сарбаздары Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жөрық тоқтатылды. Бұл жолы Кенесары қолы қоқандықтардың билігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршауы және бірнеше бекіністерді алуы сарбаздарды рухтандырды. Қоқан ханы Кенесарыға одақ жасауды усынып, бірақ батыр оны қабылдамайды. Көтерілістің кеңеюінен сескенген патша үкіметі көтерілісті тезірек басуға тырысады. Орынбор губернаторы Обручев пен Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков көтерілісті басуға әскер жібереді. 1842 жылы Кенесары қолына қарсы бағытталған Сотников басқарған жазалау отрядтары жіберілді. Сібір жазалау отрядтары бейбіт қазақ ауылдарын ойрандап, 14000-ға жуық малын алып, 100-ге жуық адамды өлтірді. 1843 жылы 27 маусымда старшын Лебедев басқарған, 300 адамнан тұратын казак отрядтары көтерілісшілерге қарсы аттанады. 1843 жылы тамызда көтерілісшілерге қарсы Жантөреұлы, Айшуақұлы, Бизанов, подполковник Генс басқарған 5000 адамнан құралған жазалаушы топ ұйымдастырылды. Омбы және Қарқаралы маңында жазалаушылырдың қосымша тобы жасақталды. Кенесарының басын кескенге 3 мың сом белгіленді. 1843 жылы 1 және 7 тамызда көтерілісшілер казактардың Орынборлық тобымен шайқасып, казак Сарбаздары шегінді. 1843 жылы 17 тамызда полковник Бизановтың төбы ешқандай нәтижеге жетпей Ор бекінісіне оралды. 1844 жылы 21 шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлы басқарған отрядты женіп, 44 сұлтан қаза табады, сұлтанның аман қалған тобы Тобыл өзеніне қарай шегінеді. Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін старшын Лебедев Орынборға шақылырып, сотқа берілді. 1844 жылғы Кенесарының жеңістері Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбур етті. Кенесары патша үкіметімен тартысты келіссөз арқылы шешуге бұдан бұрында ойлаған болатын. 1838 жылғы желтоқсанда Батыс Сібір геренар-губернаторы князь Горчаковқа және I Николайға арналған хатты тапсыруға жіберген елшілігінде Кенесарының қойған алғашқы талаптары: 1. Қазақ жерлеріндегі округтік приказды жою. 2. Абылай хан кезіндегі қазақ жерінің дербестігін қалпына келтіру. 3. Салық жинауды тоқтату. Бірақ Кенесарының елшілігінің бес өкілі тұтқынға алынып, жазаға тартылған болатын. Кенесарының қөйған екінші талаптары. Әскери бекіністер салынбаған Актау, Есіл және Нұра – Жайық өзеніне дейінгі өңірді Россия билігінен босату. 1845 жылы сәуір айында Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келді. Бірақ бұлардың талабы қазақ жерінде отарлау саясатын Одан әрі жүргізу болды. Патша әкімшілігінің қойған талаптары: 1. Кенесарыға басқа елдермен дипломатиялық байланыс жасауына тыйым салу. 2. Көтеріліске қатысқан қазақ руларына үкімет межелеген жерлерде ғана көшіп-қонуға руқсат ету. 3. Кенесарының Орынбор казактарының иелігін Россия империясының бір бөлігі ретінде мойындаған жағдайда ғана көтерілісшілерге кешірім беру. Екі ай бойы Кенесары ауылында болған елшілір талаптарын орындата алмай Орынборға қайта оралды. Екі жақ бір-біріне талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. 1845 жылы патша үкіметі қазақ жерін бекіністер салу арқылы отарлауды жалғастырда түсті (Ырғыз, Төрғай өзендері бойында салынды). Кенесарының хандық билігі. 1841 жылы тамызда Кенесары хандық билікті қалпына келтіріп, феодалдық мемлекет құрды. Жер ақсүйектердің меншігі болып саналды. Кенесары билер мен старшындарға, батырларға арқа сүйеді. Маңызды мәселелерді Хандық Қеңес шешіп отырды. Хан Кенесі - кеңесуші орган ғана болды, билікті ханның өзі ғана айтатын. Әбілқайыр хан тұсындағы оның еркін тежеп отыратын Ақсақалдар кеңісіне қарағанда, бұл бір шама ерекшелік еді. Кенесары хандығындағы бірқатар өзіндік ерекшеліктері: 1. Билер сотын жойып, хандық сот енгізіді, нәтижесінде Жоғарғы сот билігін Кенесары өз қолына шоғырландырды. 2. Арнайы қаржы тобын құрды. Қаржы мекемесі алым-салық жинаумен және керуендерден баж салығын алумен айналысқан. 3. Салық жинайтын қызметкерлер тобын сайлады. Салық саясатындағы негізгі өзгеріс жекелеген феодалдар жинайтын алымды хан қазынасына түсетін бірыңғай салықпен ауыстыруға Кенесарының талаптануы деу керек. Кенесары мал шаруашылығымен айналысатын аудандардан «зекет», ал егіншілерден «ұшыр» салығын сақтап қалды. Сонымен бірге ол ауыл бойынша ерекша салық және әр түрлі дәстүрлі сый-сипат ретіндегі сайлықтар алып отырды. 4. Ірі феодалдардан алынған мал мен дүние мүлікті бөлу тобын кұрды. 5. Хандық Кеңестің қабылдаған шешімдерінің орындалуын қадағалап отыратып және Кенесарының үндеулерін таратуға жауап беретін басқару ісін сайлады. 6. Отырықшылықты дамытты. 7. Барымтаға шек қойды. 8. Дипломатиялық қызмет үйымдастырды. 9. Әскери істе жасақтарды жүздіктерге, мыңдықтарға бөліп, қатаң әскери тәртіп орнатты.Опасыздарға өлім жазасын кесті. Оның әскерлерінің бір бөлігі тұрақты түрде әскери өнерге үйретілді. 10. Бұйрығын орындамағаны үшін Кенесары «шік» деп аталатын ерекше жаза қолданған (кікәлі адамның басына қалышпен не пышақпен кесіп белгі салған), ондай жаза алғандар Кенесары кешіргенше айыпты деп саналды, ешқандай іске қатыса алмады. Сөйтіп, Кенесарының қайта қүрушылық қызметі ел билеуді ұйымдастырудың барлық жағын қамтыды. Алайда, XIX ғ. бірінші жартысында қалыптасқан саяси-экономикалық жағдайда орталықтанған феодалдық мемлекетті басқару жүйесін құру мүмкін болмағандықтан, Кенесары хандығы ұзақ өмір сүре алмады. Кенесарының ақырғы жорығы. Орынбор және Сібір шептері арқылы қысымға алынған Кенесары көтерілістің басты ошағы Төрғай даласынан 1845 жылы Жетісіға ойысуға мәжбур болды. Жағдайының қиындап кеткенін ескерген, Кенесарының мақсаты Абылай ханның тікелей тұқымдары билеген Ұлы жүзге барып, патша үкіметіне және Қоқан ханына қарсы куресте қолдау табу еді. Екіншіден, хандығының құрамына Жетісуды қосу арқылы Абылай кезіндегі қазақ мемлекетінің иелігін қалнына келтіру де Кенесарының ойында болды. 1845 жылы қарашада Кенесары Созақ, Жаңа Жүлек, Қорған бекіністерін басып алып, Ташкент пен Түркістанға қарай бағыт алды. Бұл Қоқан билеушілерінің үрейін туғызды. Кенесарыға қарсы Бухар мен Қоқан одағы құрылды. Оңтустікке қоныс аударған Кенесарыны Ұлы жүздің халқы түгелдей қолдамады (Сүйік, Қунанбай, Өскенбайұлы, Барақ Султанбайұлы сияқты белгілі адамдар). Өзін қолдамаған ауылдарды Кенесары ойрандата бастады. Оның бұл әрекеті қарапайым халықтың наразылығын туғызып, көтерілістің жеңілуін тездетті. Көтерілісшілер қырғыз манаптарының иелектеріне жақындады. Россия мен Қоқан бектерінің арасында екі жүзді саясат ұстаған қырғыз манаптары (феодалдары) Кенесарының Қоқан хандығына қарсы бірігіп күресу жөніндегі ұсынасын қабылдамады. 1847 жылы сәуір айында Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді. Көтерілістің бастапқы сипаты өзгеріп, әскерлердің қырғыз ауылдарын тонауы Кенесарыға қарсы өшпенділік туғызды. Қазақ сұлтаны Рустем мен Сыпатай би топтарының ұрыс қарсаңында Кенесарыдан бөлініп кетуі, қазақ жасағының жеңілісіне әсер етті. Кенесарының және оның соңынан ерген сарбаздардың тағдырын шешкен ақырғы қанды шайқас Кекілік-Сеңгір (Бишкектің маңы) тауының маңайындағы Майтөбе деген жерде болды. 1847 жылы Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты. Орыс үкіметі Кенесарыны жазалаушылардың еңбегін ұмытпады. Жантай Қарабеков патша үкіметінен алтын медаль, арнайы мақтау қағазына ие болды. Орманға алтын жіптермен тігілген халат тапсырылды. Жеңілу себептері: 1. Көптеген қазақ феодалдары Кенесарыны қолдамады. 2. Қазақ халқы арасында рулық алауыздықтар, руға жіктелу басым болды. 3. Россия билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемелекет қуруға мүдделі болмауы. 4. Көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кенесары аса қатты жаза қолданды. 5. Қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған шайқастарда Кенесарыны қолдамады. 6. Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары қолы Россияға қарсы тұра алмады. Көтерілістің тарихи маңызы: 1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс - XIX ғ. барлық Қазақстан жерін қамтыған аса ірі отаршылдыққа қарсы бағытталған азаттық көтеріліс. 2. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Россиядағы азаттық көтерілістерінің құрамдас бөлігі. 3. Патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстік өңірінің отарлауын біраз уақытқа кешеуілдете түсті. 4. Қазақ елінің ішкі қайшылықтарының Россия саясатымен байланыстылығын көрсетті. 5. Патша үкіметінің Қазақстан жерінде отарлау саясатың жүргізіп отырғының көрсетті. 6. Халықтың ұлттық сана-сезімінің өскендігін дәлелдеді. 40. Есет Көтібаров және Жаңқожа Нұрмұхамедов бастаған көтерілістер: аумағы, нәтижесі және маңызы. Есет батыр Көтібарұлы (1807–1888) — халықтың әйгілі батырларының бірі. Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы, Кіші жүздің Қабақ руының басқарушысы болған. Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы Шалқар көлінен жеті-он шақырым жердегі Ақши бойында дүниеге келген. 1838 жылы Жоламан батырмен бірге көтеріліске шығып, Елек қорғанына шабуыл жасаған. 1847–1878 жылдары Жанқожа батырмен бірге Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы шықты. 1847–1858 жылдары Есет батыр Арал теңізінің батыс жағалауын, Үлкен және кіші Борсық құмдары мен Мұғалжар тауларын, Жем, Сағыз, Ырғыз, Елек, Ойыл, Қыйыл өзендерінің бойын жайлаған қазақтардың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтерілісіне басшылық жасады. ХІХ ғасырдың 40–50 жылдарындағы Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі, негізінен, ұсақ қимыл-әрекеттермен сипатталды. Олар шекараға жақын орналасқан Ресей бекеттеріне шабуыл жасап отырды. 1853–1854 жылдары Есет батырдың басшылығымен қарулы көтеріліске шыққан Кіші жүз қазақтарының шекаралық әкімшілікпен қақтығыстары болды. 1853 жылы осы көтерілісті басуға сұлтан Арыстан Жантөрин, екі казак отряды мен 200 жігітті бастаған сұлтан Таукин, Орал бекінісінен майор Михайлов пен 600 жігітті бастаған сұлтан Е. Қасымов аттанды. Патша әкімшілігінің бұл жоспарынан хабардар болған Есет батыр Көтібарұлы шекті ауылдарын Үстіртке жіберіп, өзі 800 жігітпен жазалаушы отрядтарды күтіп қалды. Жақсы қаруланған жазалаушы отрядтардың көтерілісшілерге қарсы бұл жорықтары нәтижесіз болды. Орынбор генерал-губернаторының нұсқауымен көтерілісті басу келесі көктемге қалдырылды. Есет батыр Көтібарұлы 1853–1854 жылдың қысын Үлкен Борсықта өткізді. 1854 жылы көтерілісшілердің саны 1500-ге жетті. Олар Ресей үкіметінің алдына: қазақ қауымынан түйе жинауды тоқтату, жайылымдық жерге еркіндік беріп, Жем, Мұғалжар, Елек, Қобда, жайық өзендерінің бойларына көшіп-қонуға мүмкіндік жасау туралы талаптарын қойды. 1855 жылы Орынбор генерал-губернаторы Кіші жүздің бір топ билеуші сұлтандарына көтерілісті басып, Есет батырды қолға түсіруге қатаң тапсырма береді. Маусымның аяғында тапсырманы орындау үшін 900 адамдық отрядпен, өзіне бекітілген екі зеңбірегі бар казак жүздігі және дистанция бастықтарымен бірге Арыстан Жантөрин жорыққа аттанып, Ор бекінісінен 140 шақырым жер шамасындағы Елек өзенінің жоғарғы сағасындағы Суықсу шатқалына келіп бекінеді. Сұлтан ордасы мен көтерілісшілер арасында бірнеше күн бойы келіссөз жүргізіліп, екі жақ нақты шешімге келе алмайды. Осыдан кейін Есет батыр өз адамдарымен кеңесіп, сұлтан ордасына шабуыл жасауды ойластырады. 1855 жылы шілдеде көтерілісшілер сұлтан ордасын тұтқиылдан шабуылдап, А. Жантөрин бастаған он шақты би-старшындарын өлтіріп, казак отрядын талқандайды. Бұл оқиғаға мазасызданған Орынбор әкімшілігі көтерілісшілерді басуға тағы да жазалаушы отрядтар жіберіп, олар қазақ ауылдарын қырғынға ұшыратты. 1856 жылы қыркүйекте әскери дала сотының үкімімен А. Есмамбетов, Қ. Қарин және Е. Айнақұловтар атылды. 1857 жылы Ерназар Кенжалин, Бекет Серкебаев, тағы басқа 18 адам Сібірге жер аударылды. 1858 жылы қыркүйекте Бородин басқарған жазалаушы отряд көтерілісті біржолата басты. Есет батыр көтерілістен бас тартқан соң, оған кешірім жарияланды. 1859 жылы тамызда бір топ сұлтан, билермен бірге Санкт-Петерборға жіберіліп, 24 тамызда патша Александр ІІ-нің қабылдауында болды. 1861 жылы Есет Көтібарұлы қабақ руының басқарушысы болып тағайындалды. 1869 жылы Ырғыз уезі бастығының көмекшісі болып бекітілді. 1873 жылы Хиуа жорығына қатысқаны үшін патшадан алтын медаль алды. 1879 жылы ол қызметтен босатылды.
|