|
Б)Орта палеолит 3 pageDate: 2015-10-07; view: 912. Қаңлылар:орналасуы,шаруашылығы, және арх/қ ескерткіштері Қаңлылар туралы мәліметтер б.з.б II ғасыр қытай деректерінде жазылған. Б.з.б. II ғасырда «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталатын оқиға нәтижесінде Орта Азияда бірнеше жаңа мемлекеттік бірлестіктер пайда болды. Соның бірі қаңлы мемлекеті. Қазақстан өңірінде қаңлылардың тайпалық бірлестігі құрылды. Б.з.б IІғасыр және III ғасыр.Территориясы: Қаратау жотасы Сырдарияның орта ағысы. Қаңлылардың ең негізгі мекені Сырдарияның орта ағысы. Қаңлы мемлекеті өз жерімен өтетін ұлы жібек жолының үнемі бақылауда ұстауға ұмтылған. Археологтар қаңлылар мекендеген аудандарда қазба жұмыстарын жүргізіп, көптеген қорымдар мен қоныстарды тапты.Қауыншы мәдениеті Ташкент төңірегіндегі аймақ. Бұл мәдениеттің ең жақсы зерттелген ескерткіші Сырдария жағалауындағы Ақтөбе қонысы.Отырар Қаратау мәдениеті Сырдария өзенінің орта ағысы тұсындағы Қаратау беткейлерінен Талас өзеніне дейінгі аралық. Бұл мәдениет ескерткіштерінің маңызды орталығ Отырар алқабы. Арс өзенінің сол жағалауынан 20 шақты төбе табылды: Пұшық Мардан, Қостөбе; Шымтөбе, Сейітман төбе, Азайтөбе.Жетіасар мәдениеті Қуаңдария мен Жаңадария аңғарлары аралығы. Бұл б.з.б I мыңжылдығының ортасы б.з I мыңжылдығының ортасы аралығында Арал теңізінің шығыс жағында өркендеген мәдениет.Қаңлы тайпасының негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы. Басты байлығы мал. Көбінесе жылқы мен қой өсірген. Мал жайыымы Орталық Қазақстан далаларына дейін жеткен. Қыстаулары негізінен Сырдария бойы. Хорезмде, Арал өңірнде, Зеравшан аңғарында, Ташкент алқабында отырықшылық дамыды, қосалқы кәсіпшілік аңшылық пен балық аулау. Оларда сүйек ұқсату ісі дамыған, сүйектен пышақ, қанжар, семсерлерге қын жасалған. Қаңлы әйелдері арасында қолөнердің жүн өңдеу кәсібі жақсы дамыған.
№11 Бірінші Түрік қағанатының тарихы (551-603) Түрік қағанаты (552-603 жж.). Қазақстан жерлері ҮІ ғасырда құдіретті держава – билеушілері түрік тайпасының әулеттік ашин руынан шыққан Түрік қағанатының билігіне түсті. Түрік энтонимі ең алғаш аталуы қытай жылнамаларында 552 ж. кездеседі. Түрік атауы моңғолша тау сияқты дулыға дегенді білдіреді, кейде, ақсүйектер деген мағынада да қолданылады. Шежірелерде түріктер Қытайдың Вэй князьдігінің солтүстік бөліктеріне жыл сайын шапқыншылық жасап тұрғандығы айтылады. 546 жылы тирек тайпалары қазіргі Моңғолияның оңтүстігі мен орталық бөліктерін мекендеген және бұл жерлерге үстемдік еткен аварларға қарсы жорық жасайды. Батыс жақтан қаптай енген тиректер армиясының сан жағынан көп болғаны белгісіз, бірақ олардың нөкері сұсты болған деп топшаланады, өйткені тиректердің құрамына көптеген тайпалар енген, ал олардың қуатты аварларға аз күштермен қарсы тұра алуы екіталай еді. Түрік қағаны Бумын тирек армиясына шабуыл жасап күйрете жеңіске жетеді. Осы мемлекеттің ойрандалған орнында олар Түрік қағанатын құрады. Бұл этникалық - әлеуметтік бірлестіктің атасы Бумын қаған болады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңіп, билеушілері Анағұй өзін-өзі өлтіреді. Сөйтіп аварлардың күш қуатына да, олардың барлық иеліктеріне де өзін мұрагер ретінде орнықтырады. 553 жылы Бумын қаған қаза табады, оның орнына таққа інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескінің мұрагері Мұқан қаған, оның лақап аты Нанту болады. Мұқан қаған (552-554 жж.) билік құрған уақытта Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Бұл жылдары түріктердің батысқа жасаған соғыс жорықтары бұлардан да күшті бола түседі. Бұларды Бумынның басқа бір інісі Иштеми бастайды, кейін оны батыс түріктердің түпкі атасы Батыс түрік қағанатының негізін салушы деп атайды. 552-553 жылдары түріктер «Батыста идті (эфтал) бағындырады». Отырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түріктердің батыстағы, Орта Азиядағы одан арғы саясаттың негізі болады. Олар эфталиттерінің батыс тармағына міне осы арада кездесті, ал эфталиттердің иелігі Каспий теңізінен Солтүстік Үндістанға және Шығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан болатын. Түрік қағанатындағы әлеуметтік қайшылықтар және мал індеттерінің күшейіп ашаршылықпен ушыға түсуі, Сүй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581-618 жж.) Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа – Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуіне әкеліп соғады.
№12 Батыс Түрік қағанатының тарихы. Батыс Түрік қағанаты (603-704жж). Батыс Түрік қағанаты қазіргі Қазақстан территориясында Түрік қағанатының екіге бөлінуіне байланысты құрылды. Қағанаттың орталығы Жетісу. Астанасы Суяб (Ақбешім) қаласы, жазғы ордасы Мыңбұлақ. Халқы ежелгі үйсін жерінің Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аралықты қоныстанған 10 тайпадан тұрды. Тайпа екіге бөлінді: Дулу Шу өзенінен шығысқа қарай орналасқан бе тайпа; Нушиби Шу өзенінен батысқа қарай мекендеген бес тайпа қағанатты түріктің ашина тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі. Қаған ең жоғарғы билеуші, әскербасы және бүкіл жердің иесі. Халқы үйсіндер, қаңлылар, қарлұқтар, түркештер, шағылдар, яғмалар. Алғашқы қағаны Тардуш. Ол Шығыс Түрік қағанатын жаулап, екі қағанатты біріктіруді ойлады. Қағанаттың күш қуаты Жеғұй және Тон жабғу қағандар тұсында арта түсті. Олар Тоқарстан мен Ауғанстанға жаңа жорықтар жасап, қағанат шекарасын солтүстік батыс Үндістанға дейін созды. Салық жинаға жергілікті аудандарды қойып, оларды «селиф» деп атаған. Көрші мемлекеттерге соғыс ашудағы басты мақсаттардың бірі құл иелену. Датсу қаған көрші елдермен сауда байланыстарын жүргізіп, Қара теңіз жағалауына және Шығыс Түркістанға табысты жорықтар жасады. Батыс Түрік қағанадары жаулап алған аймақтардың саяси жүйесіне өзгерістер енгізбей, тек салық жинаумен шектелді. Қаған мемлекетінің ішкі және сыртқы істеріне басшылық етіп, дәулеттік шонжарларға сүйеніп ру басшыларын сайлады. Қағанатта қоғамдық экономикалық қатынастардың дамуы Евразияның басқа аудандарындағы сияқты үрдістерге байланысты жүріп, феодалдық қатынастардың орнығуы арнасында жүргенімен, оның өз ерекшеліктері де болды.Мемлекетте қағаннан кейінгі адам ұлық болған. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар – ябғу, шад және елтебер - қаған руының өкілдеріне тиесілі еді. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тарқандар атқарды. Бектер – тайпа бастықтары мен өкілдері – жергілікті жерлердегі ақсүйектер сословиесінің басты тірегі болған. Мал өсіретін ерікті қауым мүшелері қағанаттың қарауында болған. Бағыныштылық әрқашан алым-салым төлеумен қатар жүріп отырған. Бағындырылған тайпалардан құлдар тобы қалыптасқан. Түріктердің көрші тайпаларға шапқыншылық жасауының себебінің бірі құлдар алу болған. Батыс түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құла, үстемдік ету мен бағыну түрлерінің алуан түрлі болуына қарамастан, Батыс түрік қағанатында топтардың құрылуы және ертедегі феодалдық қоғамдық қатынастардың біршама тез қалыптасу үрдісінің жүргені анық 659 ж 16 жылға созылған тайпааралық соғыстардың қағанаты әлсіреуінің салдарынан, Таң империясы Жетісуды басып алды. Түріктердің Таң империясына қарсы күресі қағанат құрамындағы түркештердің күшеюіне әкелді. 704ж Жетісудағы саяси билікті түркештер жеңіп алды.
№13 Батыс түрік қағанатындағы этно-мәдени үрдістер және халықаралық байланыстар (түрік-эфталит, түрік-иран және түрік-византия қатынастары) №14 Түргеш қағанатының тарихы.
Түркеш мемлекеті (704-756). Түркештер Шу мен Іле өзені аралығын қоныстанған. Алғашқы қағаны Үшелік (704-708). Территориясы: Жетісу, Іле, Шу, Талас алқаптары. Астанасы Суяб, жазғы ордасы Қүңгіт қалалары. Бүкіл жер 20 үлесті аймаққа бөлінді. Әр аймақта 7 мың әскер болған. Қағанат екі қарсылас топқа бөлінді: сары түркештер және қара түркештер. VIIIғ басында Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жорығы басталды. 706 жылы түркештер соғдылармен одақтасып, Бұхар маңында арабтарды жеңді. Үшеліктің ұлы Сақал қаған бүкіл Орта Азияны бағындырды. Осы жылдары қара және сары түркештер арасында шиеленіс күшейді. 711 жылы қара түркештер шақыруымен келген Шығыс Түрік қағаны Қапаған, Жоңғария түбінде сары түркеш әскерін жеңді. Сақал қаған тұтқынға түсіп, қағанат күйреді. Қағанат жеті жыл өткеннен кейін қалпына келтіріліп, билікке Сұлық қаған келгесін тайпа нығайды. Билік қара түокештерге көшіп, Орда Тараз қаласына ауысады. Ол екі майданда күрес жүргізді: батыста арабтармен, шығыста Таң патшалығымен. 723жылы түркештер Ферғана халықтары және Шаш тұрғындарымен бірігіп, арабтарға соққы берді. Арабтар Сұлықтың батылдығына байланысты оны Әбу Мұзахим деп атаған. 748 жылы қытайлар Суяб қласын жаулап алып, қиратты. 751 жылы Атлах қаласының маңындағы қытайлар мен арабтар арасындағы ірі шайқас болды. Бес күнге созылған шайқастың шешуші кезеңінде қарлұқтар арабтар жағына шығып, қытайлар жеңілді. Бұл шайқастың тарихи маңызы: Қытай әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап шегінді. Арабтар ішкі қақтығыстан және араб қытай шапқыншылығынан Түркеш қағанаты әлсіреді. 756жылы қағанат қарлұқтардың тегеурініне төтеп бере алмай біржолата құлады.
№15.қарлұқ қағанатының тарихы Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.).Қарлұқтар туралы алғашқы деректер (759-940 жж.) «бұлақ» деген атпен мәлім болған. Көпшілігі ертедегі түріктердің руналық ескерткіштерінің деректері бойынша Монғол Алтайы мен Балқаш көлінің аралығында, Тарбағатайдың оңтүстігі мен солтүстігі жағынан қоныс тепкен «үш қарлұқ» тайпалық бірлестігі ретінде мәлім. Қарлұқ тайпаларының көсемі Елтебер деген атпен аталған. Монғолияда Шығыс түрік қағанаты құрылғаннан кейін қарлұқтар оған тәуелді болып жүрді. Қарлұқ қағанатының үлестік тайпалық одағы, бір орталықты мойындамай, билік жолындағы күрестің күшеюіне себепші болды. Х ғасырдың алғашқы жартысында қарлұқ бірлестігінің ұлан-байтақ аумағында батыраңқылық күшейеді. Қашқардың түрік билеушілері пайдаланып, 940 жылы Баласағұнды басып алады да содан кейін Қарлұқ мемлекеті құлайды. VII ғасырдың ортасы бұлақ, шігіл, ташлық тайпалары бірігіп, қарлұқ бірлестігін құрды. Бірлестіктің билеушісі елтебер. Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды. Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады.8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты. Қарлұқ қағанаты ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс мемлекетті ыдыратты. 940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс түркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.
№16 Қимақ мемлекеті Қимақ қағанаты(9-11 ғ.б.). Кимақтар 7 ғ. қытай деректерінде айтылады. Синологтар оны "яньмо" тайпасымен бір деп қарайды. 840 ж. Орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған енген тайпалардың бір бөлігі (еймұр, баяндұр, татар) кимақ бірлестігінің өзегіне келіп қосылады. Сол кездері жеті тайпадан: еймұр, имек, қыпшақ, татар, баяндұр, ланиказ, ажлардан тұратын кимақ федерациясы құрылады. Кимақ патшасының титулы - "байгу" деп аталады. Ал 9 ғ. соңы мен 10 ғ. басында Кимақ қағанаты құрылғаннан бастап, олардың ханы түріктің ең жоғары лауазымы - қаған атын алады. 10 ғ. ортасынан бастап, кимек қағанаты 4 болысқа бөлінетін болады. Кимек тайпаларының одағы қандас-туысқандық байланысқа негізделген құрылым болмаған, ол территориялық-әкімшілік қарым-қатынас принциптеріне сүйенген. Кимектерде жазу-сызу болғанын араб саяхатшысы Әбу Дулафтың (10 ғ.): "оларда қамыс өседі, олар сонымен жазады"- деген сөзі дәлелдейді. Олар тәңірге, ата-баба рухына, сондай-ақ кейбіревлері христиан тектес дін - манихейлікті ұстанған. Кимек қағанының Ертістегі ордасы Қимеқияға (Имекияға) апаратын керуен жолдары болған. Қимақ мемлекеті он екі ұлысқа бөлініп, оларды әскери көсемдер басқарды. Жеке тайпаның көсемі шад түтік. Қаған ел басқару ісінде әскери шонжарларға арқа сүйеді. 11 ғ. басында Кимақ қағанаты күйреді. Оның құлауның екі себебі бар: өздерін өздері билеуге ұмтылған қыпшақ хандарының орталықтан бөлінуге тырысушылығы, және қағанатта ішкі талас - тартыстың күшеюі және Орталық Азияның көшпелі тайпаларының қаптап кетуі.
№17 Оғыз мемлекеті Оғыз мемлекеті (9-11 ғғ. басы). VIII ғасырдың ортасында оғыз тайпалары Жетісудан Шу өзеніне қарай қоныс аударды.IX басы – Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал өңірі далаларын қоныстанды. IX ғасырдың аяғы – Жайық пен Еділ аралығын мекендеді. · IX-X ғасырлар – Оғыз мемлекеті қалыптасыты(Сырдарияның орта және төменгі ағысы, Арал өңірі мен Батыс Қазақстан далалары). · X ғ батыста Хазарияға дейінгі жер солт Каспий маңы, орталық, оңт –шығыс Қарақұм және Арал маңындағы Қызылқұм аймағы «оғыз даласы деп аталады». · IX аяғы – XI басындағы оғызлардың территориясы: Сырдария – Еділ аралығы. Астанасы – Янгикент. Билеушісі – жабғу. Орынбасаы – күлеркін. Әскербасы – сюбашы. Басқрушылардың ұрпақтары – иналдар. Оларды атабектер жас кезінен басқару ісіне тәрбиеледі. X-XI ғ басында Сырдария жабғуының тұрақты түрде салық жинауының жүйесі жұмыс істеді. Оғыз мемлекеті жайлы алғашқы дерек Әл Якуби (IX) жазбасында берілген. Олардың тайпалары (Сырдария ме Жетісу, Сібір жерлері): · Қалаш, жағра, жарұқ, қарлұқ, баяндұр. М. Қашқаридың дерегі бойынша оғыз одағында 24 тайпа болған. Олар бұзықтар мен қшықтарға бөлініп, бқзықтар артықшылықтарға ие болған. Мүлік теңсіздігінің негізі – жеке меншік мал. Оғыздарда басты шаруашылық – мал шаруашылығы. Жент,Сауран,Қарнақ, Сүткент, Фараб, ығанақ қалаларының халқы егіншілік пен қолөнершілікпен айналысты. Оғыздардың діні: бұтқа табыну, шаманизм, кейінірек ислам діні енді. Оғыздар Еуразия өмірінің саяси өміріне араласқан. · 965 жылы Киев Русімен одақтасып, Хазарияны талқандады. · 985 жылы Еділ Бұлғариясын жеңді. X ғ екінші жартысында Әли жабғу тұсында салықтың ауыртпалығына қарсы халық көтерілістері жиілеп, оны селжұқтар пайдаланады.Әли жабғудың мұрагері Шахмәлік өз өкіметін күшейтіп, көтерілістерді басып 1041 жылы Хорезмді жаулады. 1043 жылы Шахмәлік селжұқтардың қолына қаза тапты. Ол – оғыздардыңсоңғы билеушісі.
№18 Қыпшақтар Қыпшақ этникалық қауымдастығының дамуын үш кезеңге бөлеміз: 1)VII-VIII ғғ. VIIғ.дың ортасында Алтайдың солт.гі мен Ертісті жайлаған қыпшақтар қимақ бірлестігінің негізін құрады. 2)VIII-XI ғғ. VIIIғ.да қыпшақтар этнос болып қалыптасып, Алтайдан Ертіске, оңт.Орал тауларынан Еділге қоныстанды. Үш этносаяси бірлемтіктер- қимақтар, қыпшақтар, құмандар қимақ мемл.ң билігінде болды. 3)XI-XIIIғғ. Қыпшақ хандарының билігінің күшеюі. Қыпшақтар оғыздарды Сырдарияның төменгі және орта ағысынан, Арал, Каспия маңы далаларынан ығыстырды. XIғ.2-ші ширегінде “оғыздар даласының” орнына “дешті қыпшақ” атауы пайда боды. XІғ. ортасы-қыпшақтар Еділден өтіп, 1054ж. Орыс жерін, одан әрі Дунай өзеніне дейінгі аралықта қоныстанды. Қыпшақтар негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Олар төрт түлік малдың барлық түрін өсірген. Қыпшақ жылқылары төзімді, әрі жүйріктігімен, жорғалығымен халықаралық саудада жоғары бағаланған. Қыпшақтардың ішінде егін салумен де айналысқандары болған. Оларда шаруашылықтың қосымша бір түрі аң аулау болған. Еврей саяхатшысының жазуына қарағанда аңды садақпен аулаған.Малдың терісі мен жүнінен қажетті бұйымдарды жасады. Сонымен қатар, оларда ағаш шеберлері, темір ұсталары қалыптасып, зергерлік те жақсы дамыған.VII-VIIIғ.да әкімшілік басқару орталығы болды, VIII-Ixғ.да қолөнер сауда орталығына айналды. Аудандары: цитадель – қала билеушісі тұратын әкімшілік аудан, шахристан – бай шонжарлар, дін қызметкерлері, әскер басшылары тұратын орталық аудан, рабат – қолөнершілер, саудагерлер, егншілер тұратын шеткі аудан. Әр қаланың өз билеушілері, әскері, теңгелері болған. Ірі қалалары: Исфиджаб, Отырар, Тараз (көпестер қаласы), Баласағұн. Тілдік топтар: бұлғар-хазар, батыс түрік, қарлұқ. Ауызша шаруашылық дәстүрі: Қорқыт ата, Оғызнама эпостары. Жазба әдебиеті: IX-XII ғғ шығармалар араб тілінде жазылды. Солардың ішінде Ж.Баласағұни «Құтты білік», М.Қашқари «Диуани лұғат ат Түрік», А.Йассауй «Диуани хикмет», С.Бақырғани «Дүниенің ақыры», А.Жүгінеки «Шындық сиы».
№19.Қарахандар мемлекетінің қалалық мәдениеті және экономикасы X-XIIғғ. Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Бат. Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой қөтерді. Қалалар: Ірі су алқаптарының бойында; Сауда керуен жолдарының бойында; Феодалдардың ордалары мен бекіністер жанында п/б. Әр қала тәуелсіз өмір сүрген ж/е өз билеушілері болған.Ортағасырлық қалалардың міндеттері: Әкімшілік басқару орталығы; Қолөнер, сауда орталығы. Қала халқа негізінен егіншілік, қолөнер, саудамен айналысты. Қала аудандары: · Цитадель –қала билеушісі тұратын әкімшілік аудан. · Шахристан -бай-шонжарлар, дін қызметкерлері, әскери қолбасшылар тұратын аудан. · Рабад –қолөнершілер, саудагерлер, егіншілер тұратын аудан. · Қамал –орта ғасырдағы қалаларда орталық орын болып саналған. Баласағұн –Шу өзенінің бойындағы мәдениет пен өнердің көптеген өкілдерін өрбіткен жер. Баласағұн V-VII,VIII-IX,X-XIIғғ. өсу-өзгеру кезеідерін бастан кешірген көп қабатты қала. Іле өз. аймағында X-XIIғғ. 56 қала болған. Ірі сауда орталықтары –Екіоғыз(Эквиус), Қоялық, Талхиз(Талғар) қалалары. Араб тарихшылары Ертіс өз. бойында 16 қыпшақ қалаларының болғанын жазады: Сарысу өз бойы –Орда, Жезді өз. бойы –Бесқамыр қаласы. Қазақстан жеріндегі халықтардың экономикалық өмірінде сауда орасан зор рөл атқарды.
20.Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы – 1224 ж.). «Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 ж. Ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде аталады. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы
|