Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Б)Орта палеолит 4 page


Date: 2015-10-07; view: 687.


Ибн Хордабектің (ІХ ғ.) жылнамалық жағынан ҮІІІ ғ. жататын, түрік тайпаларының тізімінде көрсетіледі. 656 ж. Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары кимектердің басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талабы ҮІІІ ғ. соңында оларды Кимек федерациясынан бөлініп, олардан әрі, батысқа қарай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды. ІХ-Х ғғ. қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі: қыпшақтар кимек қағанатына саяси тәуелді болады, конфедерацияға, сосын Кимек қағанаты құрамына кіреді.Қыпшақ тайпалары - 11-12 ғ-да Орт.Азия мен Шығ.Еуропадағы саны жағынан ең көп түркі тілдес тайпа.ХІ ғ. екінші жартысында қыпшақтар Маңғыстау мен Үстірт жерлеріне орнығады, олармен бірге сол арада оғыз тайпаларының біраз топтары да көшіп-қонып жүреді.Қыпшақтардың ХІ ғ. орта кезінде батысқа қарай жылжуының бастапқы кезеңі М.Қашқаридің географиялық картасында бейнеленген, ол картада қыпшақтардың мекені ретінде Еділдің ар жағы мен Каспий теңізінің арғы бетіндегі солтүстік-батыс жерлері көрсетілген, ал Еділ өзенінің өзі Қыпшақ елі ішінде қаладыҚыпшақ хандары өз мемлекетінің шекарасын еңейте отырып, оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахандармен шектесіп жатқан жерден Қанжек Сеңгір бекінісін салады. Қыпшақ билеушілері мен Қарахандар арасындағы табиғи шекара Балқаш көлімен Алакөл шұңқырының көлдері болады.Солт-шығыс бетте қыпшақтар өркениет пен мәдениеттің Саян-Алтай ошағымен байланысты болған, бұл мәдениеттің иелері қырғыздар мен хакастар және басқа да тайпалар еді. Қыпшақ хандығының солтүстік шекарасы қазіргі қазақ даласын Батыс Сібірден айырып тұратын орманды дала зонасы арқылы өткен. Солтүстік Батыс жағында қыпшақтар Еділ бойы мен Орал өңірінің халқымен этникалық мәдени және саяси қарым-қатынас жасаған.Қыпшақ тайпаларының этникалық территориясы өздерінің этникалық-саяси бірлестігі шебінің тұрғысынан қарағанда, негізінен тұрақты болған, тек оң-батыс шекарада ХІІ ғ. 30-жылдарынан бастап Хорезмшахтар мемлекеті тым белсенді саясатты жүргізуге көшеді. Қыпшақ тайпаларының ХІ ғ. екінші жартысы мен ХІІІ ғ. бас кезінде бұлғарлармен және башқұрттармен өзара алыс-беріс жасап, аралас-құралас тұруы қыпшақ тілі мен мәдениетінің оларға ықпал етуі бағытында дамып отырған.ХІ ғ. екінші жартысында ХІІ бірінші ширегі біткенге дейін қыпшақ хандарының жағдайы бірсыпыра тұрақтанып, саяси бірлігі біраз жақсарды. Бұған қарағанда, қыпшақтың этникалық - әлеуметтік қауымдастығында өз билігін бүкіл хандыққа жүргізе алатын жоғарғы хандар болғанға ұқсайды. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі – малға жекеменшік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған. Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулердің жылқысының саны 10 мыңға жеткен және одан да көп болған деседі. Қыпшақ отбасының меншігіндегі малға ру-тайпа белгілері – таңбалар басылған.

21ҮІ-ХII ғғ. Түріктердің материалдық және рухани мәдени өмірі. Түріктердің негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы әдеттегі тамақ құрамы ет, сүт болған. Қолға ұстайтын малдан алып отырған, әсіресе қой малшысы. Көшпенділердің сүйікті жұмысы бұл аңшылық. Көсемдер жиі-жиі үлкен аңшылыққа шығып, оған барлық тайпалар еліктеп отырған.Көшпенділер өз ресурстарымен ғана өмір сүре алады. Мысалы, қой жүнімен киіз жасап. Өз салты бойынша киізді жасап киіз үй жасаған. Жүннен киім тоқыған, кілем және қанар тіккен. Әр түрлі мақсаттарда үй мал шаруашылығының терісі мен былғарысын пайдаланған. Ұсталар металлдардан бұйым жасай білген. Айта кететін болсақ бағалы металлдан және жүн мен былғарыдан жасаған.Түріктер бейбіт кездерде саудамен айналысқан. Жылқы, түйе, қой сияқты малдарын айырбастап отырған. Өздерінің қолдан жасаған бұйымдарын басқа заттарға айырбастаған. Азиядағылардың кең тараған төлемдері ол металлдан жасаған ақша болған Қытай мен Батыс Азия арасындағы негізгі сауда керуен жолдарын бақылай отырып өткен керуендеріне салық төлеткен.Ең үлкен қалалар – Суяб, Тараз, Испиджиб, Отырар. Бұл қалалар қол өнер орталығы болып есептелді. Мұнда бұйымдарға сұраныс көбейіп, отырықшылықпен және мал шаруашылығымен айналысушы халықтарды қанағаттандырған. Бұл кездегі қол өнердің дамығандығын археологиялық қазба материал арқылы көруге болды. Түріктердің дініндегі негізгі құдайын Тәңір деп санаған, аспан құдайы.Түрік жазба

ларының дәлелдеуінше ҮІІІ ғ. Монғолияда Ежелгі Түрік мифологиясында Умай құдай – анасы қағанның әйелінің қорғаушысы және жас сәбилердің анасы болған.Х ғ. ортасында Қарахан мемлекетінің құрылуы немесе олардың Орта Азияны басып алуы онымен Оңтүстік Қазақстан немесе Жетісу регионын жақындатты. Қалалардың көтерілуі жалғасты, қолөнер және сауда,

ғылым мен мәдениет дамыды. Қарахандардың Қазақстан мен Оңтүстік Азиядағы үстемдігі қалалардың дамуындағы маңызды кезең болады. Қалалардың өсуі негізінен көшпенділердің отырықшылыққа көшуінен болды.ІХ-Х ғғ. Іле құғырында бегінген елді мекендер пайда болады. Олардың кейбіреулері қалаларға, қолөнер немесе сауда орталықтарына айналды. Отырықшылық немесе қала мәдениеті Шығыс Қазақстанға, Ертіс бойына, Орталық немесе Батыс Қазақстанға таралды. Одан әрі қалалық қол өнер дамыды. Суару ыдыстарын өндіру басталды.Қаралып отырған кезеңдегіірі қалалардың біріне Тараз жатты. Осы кездерде мұнда құбырлары, қоғамдық моншалар салынады.Феодалдық қатынастардың дамуы ауыл қауымының натуралдық шаруашылығыныңтұйықтығының бұзылуына әкеліп қол өнер өнімдеріне сұранысты арттырды. Қалаларда халық санының өсуі қолөнершілер қабатының көбейуіне әкелді. Қолөнердің бұрқана өсуі барлық жерге тән еді.Бірқатар қалаларда темір ақшалар соғылды. Олардың Исфиджиб, Отырар, Тараз шығарды.Қазақстан қалаларының гүлденуі әлеуметтік-экономикалық алға жылжудың салдарынан, ең алдымен феодализмнің дамуынан болды.Көшпенділердің отырықшылануына Ислам дінінің де белгілі бір рөлі болды.Қоғамдық немесе ғибадат құрылыстарының архитектурасы Ислам канондарына сай немесе жалпы «Мұсылман Шығысы»

елдерінің архитектурасы бағытында дамыды

 

қағанаттарына бөлінуіне әкеліп соғады.

22 Көне түрік жазба ескерткіштері, мазмұны мен маңызын жүйеге түсіріп ашып беріңіз.

Б.З. I мыңжылдығының ортасында қазақстан тайпалары түркі тілінде сөйледі.

Олар үш топқа бөлінді(VI-VIII):

 

22. Көне түрік жазуларының ескерткіштері, түріктердің тарихы мен мәдениті туралы жазба деректер.Көне түріктердің мифологиясындағы ең жоғарғы сатыда бір объект – көк аспан және құдайды білдіретін Тәңірі бар. Тәңірі көне түріктер түсінігі бойынша бірнеше сипатқа ие: а) жоғарғыны, яғни көкті көрсетеді; ә) жаратушы қызметін атқарады; б) жазалаушы қызметін де атқарады; в) еркектік бастаумен байланысты қаралады. Тәңіршілдік – монотеистік сипаттағы діни жүйе. Ол бір құдайды мойындайды және орталықтанған қаған билігінің түрік империясының, кейіннен қағанаттардың идеологиясы ретінде қызмет еткен. Тәңірге табынудың идеялық негізі табиғат заттары мен құбылыстарын жанды деп қарау болып табылады. Тәңіршілдік сана әр заттың иесі, жаны бар деп пайымдайды. Дүниенің барлық объектілері адам секілді, оларға сезңм мен сана тән. «Көне түрік дінінде түрік Тәңірісі бейбітшілік Тәңірісі болатын»,-деп жазды ойшыл Зия Гөкалп. Ұмай ертедегі орталық және Орта Азияны мекендеген көшпелі түркі тілдес халықтардың ұрпақ жалғастырушы, береке молшылық құдайы болған. Бұл әйел құдай көне түрік қорымдарында ғарыш құдайы Тәңірден кейін екінші орын алған. Адамдар мен құдіретті күштер арасында жүретін қоғамдағы ерекше әлеуметтік топ шамандар болды. Шамандар көне түріктердің қоғамдық өмірінде маңызды рөл атқарған. Шаман деген табиғат сырын ұға алатын, басқалардан білімі көп, сиқырға жетілген адамдар болған, өзі ақын, музыкант, балгер және дәрігер болып саналған. Көне түріктерде итке байланысты нанымдар да болды, ит, әсіресе, жерлеу ғұрпында үлкен орын алған, себебі, ит өлген адамның рухын қорғайды деген ұғым болған. Қойға табыну Сыр өңірінде ерте кезден ақ орныққан. Зерттеушілер бұл бейне зороастралық фарнға байланысты шыққан деп түсіндіреді. Қойға табыну оғыздар мен түрікмендердің арасында кең таралған және ол белгілі бір рудың немесе тайпаның қамқоршысы ретінде құрметтелсе керек. Көне түріктердің сәйгүлікті пір тұтуы олардың заң жүйесінен де байқалады. Бүркіт секілді қыран құсты пір тұту күн мен оттың культіне байланысты шыққан. Бүркіт адамдарға күннен от әкеліп беруші ретінде қастерленген. Батыс Түрік қағанаты жерінде болған Сюань Цзянь түріктері отқа табынады, сондықтан олар ағаш кереуітті қолданбайды, ағашта оттың бөлшектері бар деп есептейді. Сүйекқастерлеу ата бабаның рухына табынуға сай келеді де, бұл салттың зороастризм дінінің негізгі шартынан табылуы көшпелі мәдениеттің зороастризм дінінің қалыптасуынатигізген әсерін айқындайды

23. Көне түріктердің діні мен наным-сенімдері.Түріктер УІғ бастап буддизмнің қатты ықпалын өз басынан өткерген. Цюань-Цзян Батыс түрік қағанының будда дініне ықылас білдіргенін жазады. Зерттеушілер пікіріне сүйенсек, УІІғ бірінші жартысында Батыс түріктерінің кейбір билеушілері буддашы болған немесе буддизмге қамқорлық жасаған. Бұл жайт олардың отырықшылыққа және қала өміріне өтуімен тығыз байланысты болған. Яссауи түркі суфизмінің көшбасшысы. «Диуан-ихикметте» исламның негізгі ережелері мен қағидалары баяндалады. Автор төрт ұстанымға, атап айтқанда, шариатты, тарихатты, хакихатты, мағрифатты түсіндіруге ерекше мән береді. «шариат» - ислам дінінің заңдары, дәстүрі, салт-дәстүрі, «тарихат» - суфизм идеясы, «хакихат» - құдайға құлшылық ету, бірігу, «мағрифат» - дінді танып, білу. Яссауи «Хикметте» Алланың атын түріктер бұрын өзінің құдайы санаған Тәңір атымен жиі алмастырып отырған. Түріктер жаңа исламдық өркениетке көшкен соң да халықтың даму бағытын бір арнаға салуға күш жұмсады. Демек, жаңадан енгізілген идеологияны бұқараның ғасырлар бойы қалыптасып қалған сана-сезімінен, олардың ұстанып келген Тәңірге табынушылық – шаманизммен, зороастрийлікпен біріктіре білудің орны ерекше болған, кейін мұндай процесс «Түркі халқының мұсылмандығы» деген атауға ие болды. Осы орайда яссаулік ілім зор роль атқарды, ол әділдікті, рухани тазалықты және адамнвң рухани дамуын жетілдіруді насихаттады, ал мұндай игі қадам түркі халықтарының көңіліне қонды.

40.Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы

Қазақ хандығы Қасым хан тұсында (1511-1518\21) нығая түсті.Керейдің ұлы Бұрындық хан (1473\1474-1511) Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығына қаратуға күш салды.Ел ішінде беделі болмағандықтан Самарханға көшіп кетеді.Қасым 1445ж шамасында туылған.Қасым Бұрындық ханның тұсында әскери қолбасшы болған. Хандықта беделі жоғары болса да,үлкенге бағыну дәстүрін ұстанып,Бұрындық ханның айтқанынан шықпады. Қазақ хандығы ең жоғарғы қуаттылығына ХVІғ басында Қасым хан тұсында жетті.Қасым әз Жәнібектің ұлы.Қасым хандығына Ақ Орда иеліктері, көшпелі ноғайлықтар, шығыстағы түрік тайпалары,дулат,үйсін.қаңлы, Моғолстанның батысындағы тайпалар енді.Қасым хан ел бірлігі мен тәуелсіздігі үшін күресті.Аумағы Жайық өзені, Сырдария, Ұлытау, Балқаш көлі, Жетісудың бір бөлігі, Шу, Талас, Қаратал, Іле өзендері. Қасым хан тұсында алғашқы әкімшілік, сяси\экономикалық орталығыСығанақ.Кейін астана Түркістан болды.Өмірінің соңғы жылдары Сарайшықта отырып биледі.Басты мақсаты: Сыр бойындағы қалаларды қайтадан өз иелігіне қосып алу.Қасым бүкіл Дешті Қыпшақтың ханына айналды.Тек қырғыздарға билігі жүрмеді.Соғыс жорықтары:1503\5\6 ж Шайбани хан қазақ жеріне тонаушылық жорық жасайды.1509ж Қараталды шабуылдап тонайды.1510ж М.Шайбани Сығанаққа шабуыл жасап,жеңіліп Самарханға қашады. 1510ж аяғы М.Шайбани Мерв түбіндегі Хорасанда Иран шахымен болған шайқаста қаза табады.Сырдарияда берік орнығуы үшін Қасым хан Орта Азиядағы саяси жағдайды тиімді пайдаланады.1513ж Сайрамды алады. 1513ж Бабырдың ізбасары Қаттабекпен одақ жасасып,Ташкент билеушісі Сүйініш қожаға соғыс ашады.Ташкент түбінде Қасым жараланып Сайрамға шегінеді.1513жМоғолстан ханы Сұлтан Сайдпен одақтас болып,Ташентке бірігіп жорық жасауға келісті.Алайда қыстың таяп қалғанына байланысты жорық кейінге қалдырылды.1514ж Сұлтан Саид Шығыс Түркістанға кеткен соң қазақ ханының Жетісудағы билігі нығғайды.Ноғай Ордасындағы саяси дағдарыысқа байланысты көптеген ру,тайпа Қасым хандығына көшіп келді. Моңғол шапқыншылығынан кейін тұңғыш рет барлық ру мен тайпа бір мемлекетке бірікті.Халық саны 1млн жетті.Әскер 300мың болды.Алғаш рет орыс мемлекетімен ІІІ Иван тұсында дипломатиялық қатынас орнатылды.Қазақ хандығы дербес мемлекет есебінде австриялық Зигмунд Гербрештейннің «Мәскеулік жазулар» қол жазбасында айтылған.Қасым хан әдет-ғұрыптарды бір жүйеге келтіріп,алғаш рет заңдар жинағы «Қасым ханның қасқа жолын» шығарды.Заң 5 бөлімнен тұрды.1Мал-мүлік,жерге байланысты қатнастар.2Қылмыс пен оларға қолданылатын жазалар.3Әскери қызметті,әскери міндетті атқару ережелері,әскер тәртібін бұзушыларға берілетін жазалар.4Елшілік қатнастарды реттеу.5Халықтық дәстүрлерді өткізу тәртібі.Ә.Х.Марғұлан:Заң елдегі саяси жағдайдың шиленіскен кезінде туған.Қасым хан заң арқылы бір орталықтан басқару жүйесін жетілдірді.Қасым билігінің соңғы кезеңдері тыныштық заман болды.Ол халыққа хан билігін мойындата отырып,ел бірлігін сақтай білді.Сауран қаласы сауда ортолығына айналды.Орта Азия,Еділ бойындағы елдермен,Батыс Сібір хандығымен,Ресеймен сауда, дипломатиялық байланыс жасады.Қасым хан тұсында қазақтар Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгілі болды.1518(1521орыс дерегінде) Сарайшықта қайтыс болды.

 

41.XVIғ 20-30жж Қазақ хандығының «Уақытша әлсіреуі»

XVIғ басында нығайған Қазақ хандығының жағдайы әлсірей бастады.Хандықты нығайтуға қажырлы қайрат жұмсаған Қасым хан қайтыс болғаннан кейін ел ішінде билік үшін талас туды. Қазақ хандығына қарсы моғол,өзбек хандығының соғыс одағы қалыптасты. Қасымның баласы Мамаш әкесінің орнына отырып көп ұзамай өзара қырқыстың бірінде қаза болады.Бұдан кейін таққа Қасымның немере інісі Тахир1523-1533ж отырады.Ол ел билеуге қабілеті төмен, әскери\саяси істерге олақ еді. Ол феодалдық қырқыстарды тия алмады, көрші елдермен Шайбани әулетімен.Ноғай Ордасымен,Моғолстан хандығымен жауласты.Бұл соғыстарда жеңіліп, Қазақ хандығы оңтүстіктегі, солт.батыстағы жерінің біраз бөлігінен айырылып қалды.Тек Жетісу жерін ғана сақтап қалды.1524ж Моғолстан ханы Сұлтан Саидке қарсы қырғыздармен одақ жасасады. Негізгі шайқастар Ертіс бойында,Алтын Емелде,Ыстықкқл маңында болып,моғолдар жеңіліп, Қашқарияға қашады. Жетісу мен Ыстықкөл өңірі қазақтар мен қырғыздардың қолында қалды. Тахир хан Жетісуға қашып барып Моғолстан ханына қарсы қырғыздармен одақ жасасты.1527ж кейін ол тек қырғыздарды биледі, ойрат-жоңғарлардың Жетісуға жасаған шабуылына қарсы күресті.Мемлекеттік билік құлдырап,мемлекеттің шекара аумағы қысқара түсті.Тахир ханның өлімінен кейін оның інісі Бұйдаш(1533-1534) қырғыз\қазақ бірлестігінің басшысы болды.Жетісу өңіріне билік еткен ол қазақтардың бір ғана бөлігін биледі. Оның тұсында феодалдық қырқысулар, соғыстар тоқталмады.ХҮІғ 30ж Бұйдаш ханмен қатар өзге де қазақ хандары, батыс өңірдеАхмет, Жетісуда Тоғым хан болған.Бұл жағдай қазақ хандығының феодалдық бытыанқылыққа ұшырағандығын көрсетеді. Қазақ хандығының өзара қырқысуын пайдаланған өзбек ханы Убайдуллах Моғолстан ханы Абдар Рашидпен соғыс одағын құрып, Жетісуда соғыс ашты.Қазақ әскері жеңіліп,Бұйдаш хан қашып құтылады.Бұл хандар тұсындағы үздіксіз соғыстар жағдайында феодалдық езгінің күшеюі халық наразылығын туғызып, басқа жаққа көшуді ұлғайтты.

 

42Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы

Қасым ханнан кейінгі кейінгі тартыстан әлсіреген хандық Қасымның баласы Хақназар хан(1538-1580) тұсында Қазақ хандығы қайта бірігіп,дами түсті. Ол хандық билікті нығайтуға, күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады.Өзінен бұрын бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді.Ол қазақ\қырғыз одағын одан әрі нығайтты,сол заманның тарихи деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» д.а.Ол осы қазақ\қырғыз одағына сүйене отырып,Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді. Хақназар билік құрған кезде Қазақ хандығының сыртқы жағдайында(Мемлекеттің солт.Ресей өз иелігін қазақ даласына қарай жылжытты.Қазан мен Астраханьды басып алды,сөйтіп Еділдің барлық аңғары Ресей иелігіне көшті.Башқұрт пен Сібір хандығы Ресей құрамына енгеннен кейін ноғайлар Қазақ хандығының солт\шығысына қарай ығысты.Олар Еділ мен Ертіс аралығында көшіп жүрді. Башқұрт пен татарлар да келіп жатты.Сырдарияның төменгі ағысына қарақалпақтар келе бастады. Ноғай ордасының көп ұлысын Хақназар өзіне қаратып алды.ХҮІғ 60ж Ноғай ордасы ыдырап, бұрын оған қараған қазақ тайпалары,олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті.1563ж Сібір хандығының билігіне келген Көшім хан Қазақ хандығына дұшпандық саясат ұстанды.Моғол билеушілеріменде қақтығыстар болып тұрды.Осындай күрделі жағдайда Хақназар елдің сыртқы саясатына өзгеріс енгізіп бұрын жауласып келген Мәуераннахрдағы шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатты.Шайбанилық Бұхара ханы АбдоллаІІ мен одақтық келісім\шарт жасасты.Соғыс қимылдары тоқтап бибітшілік орнады.Орта Азия халқымен сауда\саттық,экономикалық байланысы жиіледі.Хақназардың мақсаты:Қасым хан кезінденгі иелікті қайтару.Аумағы:Сырдария,Арал,Жетісу,Жайықтың сол жағалауы.1560ж моғолдар қазақ\қырғыз соғыс одағын жеңеді.Моғолстанға қарсы соғыстағы сәтсіздік,ойраттардың шапқыншылығы салдарынан Хақназардың Жетісудағы иелігі азая түсті.1570ж аяғында Жетісудың батысы,Шу,Талас өңірі оның билігінде болды.Хақназар тұсында орыс мемлекетімен саяси,сауда қатнастары дамыды.Орыс елшілері:1569ж Семен Мальцев, 1573ж Третьяк Чебуков қазақ хандығы туралы мәліметтер қалдырған.Қазақ пен Ресей арасында қатнастың орнауы:Каспий маңайына Строгановтар әулетінің келіп орналасуы.1579ж өзбек ханыАбдаллах пен Ташкент билеушісі Баба сұлтан арасында билік үшін талас басталды.Сыр бойындағы қалаларға орнығып алуға ұмтылған Хақназар 1570ж аяғында Абдаллахтың қарамағынан бөлініп шыққысы келген Баба сұлтанның әрекетін пайдаланды.Ол қарсыластар арасында шебер жол тауып, бірде бір жағын,бірде екінші жағын қолдап отырды.Нәтижесінде:Абдаллах Түркістан өңіріндегі қалаларды Қазақтарға берді. Баба сұлтан Йасы,Сауранды сыйлады.1579ж ІІ жартысында қазақ билеушісінің Абдаллах жағында екендігін байқаған Баба сұлтан келіссөз жүргізуге келген Жалым сұлтанды, Хақназардың екі баласын өлтірді.1580ж Баба сұлтанның тыншысы Хақназарды,туыстарын түгел өлтіреді.Хақназар хан саясатының маңызы:Хандықтың аумағының кеңеюі,жеке дербес мемлекет ретінде танымал болуы,хан билігінің күшеюі,ішкі саяси және шаруашылық өмірдің тұрақтылығы.Хақназар хан қазақ халқын біріктіріп, мемлекеттігін нығайтуға айрықша еңбек сіңірді.

 

43Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығы

Хақназар хан қайтыс болғаннан кейін орнына Жәдік сұлтанның баласы Жәнібек ханның немересі жасы 80ге келген Шығай отырады(1580-82)Қазақ ішінде беделді хан болды.Ол қазақ хандығының сыртқы саясатындағы Хақназар хан ұстанған бағытты жалғастырды.Ол шайбани мұрагерлерінің арасындағы қақтығыстарды қазақ мемлекетін нығайту мақсатында ұтымды пайдаланды.1582ж Бұхара ханы Абдолла қазақ ханы Шығай ж\е оның баласы Тәуекел сұлтанмен күш біріктіріп,Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығын ұйымдастырды.Баба сұлтан жеңіліп Дешті Қыпшақ даласына қашты,өзбек,қазақ әскерлері Баба сұлтанды Сарысуға,Ұлытауға дейін қуды. Шығай хан сол жорықта қайтыс болды. Түркістанға қайтып келе жатқан Баба сұлтанды Тәуекел сұлтан өлтіріп,басын Абдоллаға әкеледі.Қас жауын жойғанға риза болған Абдолла оған Самархан өлкесіндегі Африкент уәлаятын береді.Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тәуекел(1582-1598) отырады.1583ж Тәуекел Бұхара ханы Абдолламен жасасқан шартты бұзды. Себебі:Абдолла Түркістаннан 4 қала беруі туралы уәдесінен бас тартуы,Абдоллахтың Баба сұлтанға көмек берген қазақ сұлтандарын жазалауы,басты себеп Абдолла Тәуекел хан беделінен, батырлығы мен баатылдығынан қорқа бастайды, яғни Тәуекел ханнан өзінің бақталасы ретінде қауіп төнгенін сезді.Өйткені кезінде бүкіл Мәуераннахрды Тәуекелдің көмегімен Шабани мемлекетінің қол астына біріктірген болатын.Тәуекел хан да Жошы ұрпағы болғандықтан, бүкіл Орта Азияны билеуіне толық құқығы болды.Тәуекел сыртқы саясатында хандықтың оңтүстігіндегі қалаларда билікті нығайтуға күш салады.Сыр бойындағы қалалар үшін Абдолламен күресті бастайды..Абдолланың негізгі күштері Мәуераннахрдың оңтүстік аймақтарына шабуыл жасайды. Ташкенттке бірінші жасаған шабуылы сәтсіз болды.1588ж Абдаллах ханға қарсы халық көтерілісі болады.1598ж Орта Азияға жаңа жорық бастайды. Осы кезде ойраттардың бір бөлігі Тәуекелге тәуелді болды.Ол өзінің Мәскеуге жолдаған грамотасында өзін «қазақ пен қалмақ патшасы» деп атаған.1597ж Бұхар хандығында ішкі тартыс басталады,онда Абдолланың ұлы Абдылмомын әкесіне қарсы шықты.Осы қырқысты пайдаланып, Тәуекел Ташкент қаласының түбінде Абдолланың әскерін талқандады.Бұл жеңіс қазақ хандығының беделін арттырды. 1598ж наурызда Абдолла хан қайтыс болып, Абдылмомын хан болды.Осы орайды пайдаланған Тәуекел жүз мың әскермен Мәуераннахрға басып кіріп,Ахси,Әндіжан,Ташкент,Самарқан қалаларын басып алды.Бірақ Бұхараны қоршау кезінде хан жараланып, Ташкентке қайтып келіп қайтыс болады. Сөйтіп, ол өз мемлекетінің солтүстік-батыс шекарасындағы бейбіт жағдайды ж\е Орта Азиядағы шайбанилықтардың алауыздығын, бұл әулеттің Аштарханилықтардың жаңа әулетімен ауыстыртырылғанын пайдалып, сырдариялық қалалар үшін ұзаққа созылған күресті табысты тәмәмдады. Абдолла ұрпақтарының өзара билікке таласы нәтижесінде Шайбани әулеті өмір сүруін тоқтатты.Тәуекел хан Ақши,Искандер,Мүнши,Ташкент,Самарқанды жаулады.Самарханда 20мың әскермен інісі Есімді қалдырады.Өзі 70-80мың әскермен Бұхараны 20күн қоршады.Тәуекел хандықтың сыртқы жағдайын жақсартуда орыс мемлекетімен дипломатиялық қатнас орнатты.1594ж Тәуекел Ресейге достық келісім ретінде Құлмұхаммед бастаған тұңғыш ресми елшілігін жібереді.Мақсаты:Ресей мем. Көмегімен Абдоллаға қарсы күресті жандандыру,Сібір ханы Көшімге қарсы одақ құру,1588ж орыс әскерлері ұстап әкеткен өзінің немерре інісі,Ондон сұлттанның баласы Оразмұхаммедті тұтқыннан босату,керуен саудасын кеңейту.1595ж Мәскеуден Степанов бастаған елші келді.Тәуекел Орта Азияға жорығында тек қарулы күшке емес,Орта Азия халықтарының белгілі бір әлеуметтік топтарына сүйенді.Негізінде дін иелері қолдады.Шайбани ұрпақтарының өзара қырқысуынан шаршаған Орта Азия халқы Тәуекелді қолдады.Мәуераннахр қазақ ханд. Қолына толығымен көшпеді.Ташкент ж\е оның аймағын қазақтар 200ж биледі.1598ж Сібір хандығы жойылды.Хандықтың қол астына қараған қазақ тайпалары Қазақ хандығына бірікті.


<== previous lecture | next lecture ==>
Б)Орта палеолит 3 page | Б)Орта палеолит 5 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 1.32 s.