|
Б)Орта палеолит 5 pageDate: 2015-10-07; view: 887.
44 ХVIIғ Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы
Есім хан(1598-1628)ж қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» атпен әйгілі, бұл атақ оған 1598ж ағасы Тәуекел ханмен бірге Мәуераннахрға жасаған жорықта ерлігімен көзге түскені үшін берілген.Есім Шығайдың баласы.Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім\шартын жасасып,Орта Азия қалаларымен бейбііт,экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды.Қазақ ханд бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді.Саясатының ерекшелігі:Барлық қалалармен қоса Түркістан аумағы Қазақ хандығына қосылды.Осы кезден бастап Ташкент қаласы 200ж қазақтардың иелігінде болды.Оңтүстік Қ\ғы отырықшы,егіншілік аймақтар Қазақ хандығының жері болып есептелді.Бұхар ханымен бітімге келіп,Орта Азия қала\н бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды.Қазақ хандығының әскери қуатын арттыруға көңіл бөлді.Сұлтандар мен төрелерге еркіндік,билік берді. Қазақ хандығын бір орталыққа бағындыруды басты мақсат етті. «Есім ханның ескі жолы» заңдар жинағында:Әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті.Әскер тәртібін бұзушыларға берілетін жазаны ауырлатты.Ескі құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтады.ХҮІІғ хандықтың ішкі саяси жағдайы тұрақсыз болды.Ташкентте(Келді Мұхаммед сұлтан),Әндіжанда(Абылай сұлтан),Жаркентте(Абақ хан) билік жүргізді.Хандық іштей бөлшектеніп,феодалдық қақтығыстар күшейді.Үш жүздің әрқайсысы жеке хан сайлауға көшті.Оңтүстікте іс жүзінде екі хан билігі орнады Есім хандығы(астанасы Түркістан),Тұрсын Мұхаммед хандығы(ордасы Ташкент).ХҮІІғ Қазақ хандығы мен Моғол хандығы арасында одақтық қатнас орнады.Есім хан моғолдардың Шалыш пен Тұрфан қалаларын билеген Әбд ар Рахым ханмен одақтасты.Тұрсын хан моғолдардың Жаркент пен Қашқар қалаларының әміршісі Әбд Латип ханмен одақтасты.Тұрсын(Жалым сұлтанның баласы)өз атынан ақша шығарып,салық жинап отырды.Есім хан ойраттардан хандықтың шекарасын қорғай жүріп,Тұрсын әрекеттеріне шыдамдылықпен қарады.Бұхардың ханы Имамкули екі ханның өзара жауластығын пайдаланып,Ташкентті алуға тырысты.1603-1624ж қазақ\бұхар соғысы болды.1603ж Айғыржар(Самарқан маңы) жеріндегі шайқаста қазақтар жеңеді.1611ж Ташкент түбіндегі шайқаста Бұхар ханы жуңіліп,келісімге келеді.1613ж Есім Самарқанға басып кіріп Бұхар ханның әскерін жеңді.1620-21ж 4-5-6соғыста Тұрсын хан бастаған қазақтар толық жеңіске жетті.1627ж ең соңғы 7шайқаста да жеңіске жетті.Есім ханның ұтымды қорғанысты шайқас тәсілі ұлы жеңіске жеткізді. 1627ж Тұрсын ханның бүлігі «Қатаған қырғыны» д.а.Есім қалмақтарға қарсы соғыста жүргенде Тұрсын Түркістанды басып алады.Осы кезде Есім хан Тұрсынды ж\е оны қолдаған қатаған руын өлтіреді.Шығыс Түркістандағы қатаған руы жазалаудан қашып,ұйғырларды паналады.1628ж Есім қайтыс болды.А.Йасауи кесенесіне жерленді.Ең жақын жорық жырауы Марғасқа.Кіші жүздегі ел басқарушы биі,әскербасы,батыры Жиембет жырау(Әмірің қатты Есім хан). Жәңгір хан(1628-1652ж) Есімнің ұлы сыртқы саяси жағдай өте ауыр кезеңде хан тағына отырды.Оның өмірі ат үстінде Қазақ хандығы жауларымен күресте өтті.Жәңгір хан тұсында да Сыр бойындағы қалалар үшін Аштарханидтермен,Жетісудағы жайылым үшін қалмақтармен қақтығыстар тиылмады.Қалмақтар жақтан төнген қауіп зор болды. «Қалмақ» сөзі батыс монғолдардың түрікше аты.Олар өздерін «ойраттар»деп атаған.Қалмақтар бұл жылдары шығысында Хангай таулары,батысында Моғолстан оңтүстігінде Гоби шөлі,солтүстігінде Ертіс пен Енисейдің жоғарғы ағыстары арасында көшіп жүрген.1635ж бұл тайпалардың басын біріктіріп Батур қонтайшы Жоңғар мемл құрады.Осыған байланысты жоңғарлар күшейіп,қазақ жеріне жорықтар жасай бастады.Жәңгір хан тұсында үш ірі шайқас орын алды.Алғашқы 1635ж шайқаста Жәңгір қалмақтарға тұтқынға түсіп,қашып шығады.1643ж Орбұлақ(Жаркент маңындағы Қосқолаң тауы) шайқасы болды.50мың әскермен келген Батур қонтайшыға 600 сарбазымен Жәңгір қарсы тұрды.Сарбаздар құрамында Шапырашты Қарасай,Арғын Ағантай,Алшын Жиембет,Найман Көксерек,Қаңлы Сарпық т.б болды.Қосқолаң тауының арасында бекінген Жәңгір сарбаздары жоңғардың 10мың әскерін талқандады.Көмекке Самарқанның әмірі,қолбасшы Алшын Жалаңтөс 20мың әскермен келіп,жоңғарлардың ту сыртынан шабуылдады.Орбұлақ шайқасының маңызы:Қазақ әскерлері жанқиярлық ерліктің үлгісін көрсетті. Фермопил шайқасындағы 300 спартандық жауынгерлердің ерлігімен тепе тең шайқас болды.Жәңгір хан Жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру үшін Бұхара,Жаркент хандықтарымен, қырғыздармен одақтасты.1652ж Ресейден зеңбіректер сатып алған жоңғарлар қазақ жеріне қайта шабуылдайды.Ойсырата жеңеді.Осы шайқаста Жәңгір қайтыс болады.Жәңгірден кейін хандықтың әлеуметтік\экономикалық,саяси жағдайы нашарлайды.Феодал шонжарлардың арасында алауыздықтар,бақталастықтар өршіді.Қазақ сұлтандары ұлыстарды жеке\дара билеп,бір бірінен оқшаулана бастады.
45 Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Тәуке хан (Жәңгірдің ұлы) (1680-1715) тұсында хандықтың күш\қуаты өсіп,бірлігі артты. Билігінің ерекшеліктері:Хандықтың бөлшектенуі тоқтатылып,бір орталыққа бағындырылды. Жоңғар шапқыншылығы бәсендеп, тыныштық орнады.Көрші елдермен достық қатнаста болуды көздеді(қырғыз, орыс,қарақалпақ) «Жеті жарғы» заңын жасады.Негізгі мақсаты: Билердің көмегімен хан билігін нығайту.Бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құру.Билер кеңесін ішкі ж\е сыртқы саясаттағы аса маңызды мәселелерді шешетін басқару жүйесіне айналдырды. Билер кеңесі мемлекеттің ішкі\сыртқы саясатына қатысты мәселелерді шешуде үлкен қызмет атқарды.Билер шешіміне хан қарсылық көрсетпеді, биліктің басым бөлігі халықтың қолында болды.«Билер кеңесінің»құрамына Төле би, Қазыбек би,Әйтеке би,Досай,Сырымбет,Қабек,Даба,Есейхан,Сасық би т.б дарынды кісілер енді.Билер кеңесі хандық билікті шектеу құқығына ие болған,соттық биліктерді де атқарған. Тәуке хан ел билеуде атақты қазақ билеріне арқа сүйеп,олардың қазақ қоғамындағы орны мен рөлін көтерді.Билер кеңесі мерзімді түрде Сырдарияның бойында орналасқан Әңгірен, Түркістан,Сайрам жерінде орналасқан Битөбе,Мәртөбеде шақырылған.Жыл сайын Ташкент маңындағы Күлтөбеде үш жүз өкілдерінің басын қосқан жиналысын өткізіп тұрған.Тәуке хан өзінен бұрынғы хандар тұсында ішкі тартыс салдарынан ыдырай бастаған үш жүздің басын қосты,жеке\жеке ұлыстарды билеген сұлтандардың бөлектенуіне тежеу салып,Қазақ хадығының ішкі бірлігін бекемдеуге барлық шараларды қолданып,оны едәуір күшейтті.Саясатыының басты бағыттары:Қоғамдағы саяси қайта құрулар жүргізу арқылы хандық өкіметті орталықтандыруға ұмтылды.Хандық кеңес пен билік кеңестің рөлін арттырды.Орта Азиямен сауданы дамытты.Бұхар хандығымен бейбіт қатнаста болды. Қырғыз бен қарақалпақтардың бір бөлігін басып алды.Қырғыздарды би Қоқым Қарашор арқылы,Қарақалпақтарды Сасық би арқылы басқарды.Тәуке ханның сыртқы саясаты көрші елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда\саттық қатнас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды.Ол 1687ж Бұхар ханы Субханқұлымен Ташкент жөнінде келіссөз жүргізіп, оны қазақтар иелігіне қалдырды.Бұхар хандығымен сауданы дамытуға күш салды.Нәтижесінде Қазақ мемлекеті мен Бұхар хандығы арасында бейбіт қатнас орнап,Бұхар саудагерлері қазақ жеріне кіріп сауда жасауға мүмкіндік алды.Жоңғарларға қарсы соғыста Бұхар хандығынан көмек болмады,тек саудамен ғана шектелді.Қырғыздардың басым көпшілігі бағынышты болды,олар соғысқа белсене қатысқан Тәуке хан Ресеймен қатнасты жандандырды.Осы жылдары шекара аудандарындағы орыс бекіністері мен қазақ ауылдары арасындағы қақтығыс шиеленіседі.Осындай келеңсіз әрекеттерді бибіт жолмен шешу үшін,сауда байланысын орнату мақсатында Тәуке 1687ж Тобыл қаласына Тәшім батыр бастаған елшілікті жібереді.Сөйтіп Ресеймен дипломатиялық, сауда байланысын орнатты.1686-1693жТәуке Ресейге бес елшілік жібереді.1694ж хан ордасы Скибин менТрощинді қабылдайды.Сөйтсе де қазақ\орыс арасы 17ғ соңы мен 18ғ басында барынша шиеленіседі. Себебі Ресей мен Жоңғар жақындасады. Қазақ мемлекетінің күшейгенін байқаған орыстар жоңғарлармен жақындасып, оларды қазақтарға қарсы қою саясатын жүргізеді.Тәуке тұсында Жоңғар мен қазақ арасы тұрақсыз болды. Тек 1653-1670ж аралығында жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығы бәсендеді.Себебі 1653ж Жоңғар қонтайшысы Батыр қайтыс болады,таққа талас жүріп жатты.1670ж Жоңғар тағына келген Ғалдан Бошокту қонтайшының тұсында оңт.Қ\ға шапқыншылықтар жиіленді.Ол 1681ж Шудан өтіп,Сайрамды алуға әрекет жасайды. 1684ж Сайрамды алады.Қала халқын тұтқынға айдпап әкетеді.ХҮІІғ аяғы мен ХҮІІІғ басы Жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін алып. Сарысуға жетті.1710ж үш жүздің өкілдері жауға қарсы күресу негізінде Қарақұмда жиналады.Бірыңғай халық жасағы құрылып жоңғарларды шығысқа дейін ығыстырды.1715ж Тәуке қайтыс болды.Мирасқоры Қайып елді билей алмады.ХҮІІ ғ аяғы мен ХҮІІІғ басында «Жеті жарғы» заңдар жинағы шығарылды. Заңда қаралған мәселелер:Жер дауы, үй іші мен бала тәрбиелеу,ұрлық\қарлық, барымта,бір халық пен басқа ру арасындағы дау, ұлтын жаудан қорғау,құн дауы,жесір дауы, ақсүйектердің артықшылық жағдайын қорғау көзделді, құн төлеу-адам өлтіргені үшін мүліктік өтем төлеу енгізілді. «Жеті жарғы» заңының маңызы: қазақ елінің бірігуіне жағдай жасады.Ру мен тайпа арасындағы алауыздықтар, үш жүздің арасындағы қайшылықтар бәсеңдеді.Хандық биліктің заң негізінде күшеюі ел бірлігін сақтауға өз үлесін қосты.
46 М.Х.Дулатидың «Тарихи Рашиди» еңбегі ХҮ\ХҮІ ғғ Қазақ хандығы тарихының жазба дерегі. Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі М.Х.Дулатидың «Тарихи Рашиди» атты еңбегі.Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналғын.Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген.Абулғазы,Қыдырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды.Сонымен Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор.Қазақ хандығы-шаруашылықтың дамуы,өңдіргіш күштердің өсуі,феодалдық қатнастардың қалыптасу нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан байтақ жерін мекендеген көшпенді тайпалардың біріңғай этникалық топ қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы ХҮғ ортасында құрылды.Қазақ хандығының құрылуына 1457ж Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы себеп болды.Осы кезде Жетісуды билеген Моғолстан ханы Есенбұға қоныс аударған қазақтарды Әбілхайыр ханға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, жер берді.М.Х.Дулати «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі.Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді.Нәтижесінде Жәнібек пен Керей Моғолстанға көшіп барды.Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып,Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын бердіОлар барып орналасқан соң,Әбілхайыр дүние салады да өзбек ұлысының шаңырағы шайқалады,ірі шиленістер басталады.Оның үлкен бөлігі Керей хан Жәнібек занға көшіп кетеді.Олардың жанына жиналғандар саны 200мыңға жетті. Оларды өзбектер «қазақтар» деп атады.Қазақ сұлтандары 870ж (1465-66) билей бастады... »
47”Қазақ” этнонимі Қазақ халқының өалыптасу үрдісі көне заманнан б.з.б ІІ\І мыңжылдықтан басталады.Қазақ халқының қалыптасу сатысының алғашқы кезеңінде тіршілік еткен сақ, сармат,үйсін, қаңлы тайпаларының маңызы ерекше.Антрополг Смағұловтың пікірі бойынша « сақ ,сармат,үйсін тайпаларының келбеттері андроновтарға ұқсас»Қ\ға шығыстан келген ғұн тайпаларының жергілікті тайпалармен араласу нйтижесінде моңғолойдтық белгілер біліне бастады. Қазақстан жерінде этникалық процестің шешуші кезеңі түріктердің жаппай көшіп келуіне байланысты.Ежелгі сақ,сармат,үйсін,қаңлылардың ұрпағымен араласқан түріктер этно\демографиялық жағдайды өзгертті.ХІІІғ басында Шыңғыс хан қысымына шыдыай алмай көшіп келген наймандар мен керейлер де бүкіл үрдіске өз үлестерін қосты.ХІІІғ басында моңғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу барысын бұзды.Антропологиялық үрдістер жаңа өзгерістерге ұшырады.Моңғол тайпалары түркіленді,түрік тілінде сөйлей бастады.Қазақ жерінде түркіленген жаңа этникалық топтар пайда болды(маңғыт,барлас). Моңғол шапқыншылығы қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдісін 150-200ж кешеуілдетті.Этносаяси қауымдастық-белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындары.Ақ Орда,Моғолстан,Әбілхайыр хандығы,Ноғай Ордасының құрылуы мен нығаюықазақ тайпаларының бірігуіне әкелді.Өазақ халқының этникалық қалыптасуында басты рөл атқарушы –Ақ Орда тайпалары.Қазақ халқының құрылуын жеделдеткен жағдайдын бірі-оның құрамына қыпшақ,үйсін тайпалар одағының енуі.Бұл этникалық топтар құрамында қыпшақ,қаңлы,арғын,қоңырат,дулат,маңғыт,жалайырлар болды. Саяси жағынан шашыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып,қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне Қазақ хандығының құрылуы әсер етті. «Қазақ» этнонимінің шығуы: таихшы Бартольд :«өз мемлекетінен, тайпа, руынан бөлініп жеке өмір сүруші адам».М.Ақынжанов:«қас-сақ,нағыз сақ деген атаудан шыққан».ХІІ\ХҮғ түркі тілінде жазылған деректерде:«еркіндік аңсаушы,батыл»мағнасын білдіреді.Түркологтардың пікірінше «қазақ» терминінің бастапқы таралған жері Шығыс Дешті Қыпшақ. Жазбаша әдебиетте «қазақ» термині 1245ж мамлюктік Египет мемлекетінің қыпшақтары кезінде шыққан араб\қыпшақ сөздігінде бірінші рет қолданылған.(еркін,кезбе) Көне түрлі тіліндегі дерек:«қазақ оғлұм» сөзінен шыққан. Ежелгі Сбір тайпалары (берік,алып) деген мағнаны берген.Б.Көмеков: ХІІІғ хорасан түрікмендері арасында «қазақ» сөзі этникалық сипатта қолданылған.«Қазақ» сөзі көне түрік дәуіріндде пайда болып,ХІІІғ дейін «еркін адам» мағнасында қолданылған.ХІҮғ «қазақ» сөзі этникалық мағнаға ие бола бастады.ХҮғ ІІжартысында этникалық сипатқа ие болды.
48 Қазақтардың этникалық территориясының қалыптасу кезеңдерін атап өтіңіз. Этнос (халық,тайпа,ұлт) ұғымы жалпыға ортақ сыртқы кескін келбеті емес, тұрақтанған мәдениеті, мінез\құлқы бар белгілі бір топты құрайтын адамдар тобын айтуға болады. ХҮ\ХҮІғғ қазақ халқы мен оның этникалықтерриториясының құрылып, қалыптасуының сан ғасырлық процесі негізінен аяқталады,іс жүзінде ол қазақтар кейінгі ғасырларда мекен етіп келе жатқан жер шебімен сәйкес келеді.Орталық Азияның ХҮ\ХҮІғғ құрылған басқа да түрік тілдес халықтары сияқты,қазақ халқының да этникалық негізін,өткен замандарда әр тілде сөйлеген,толып жатқан тайпалар қалаған болатын.Олар:сақтар мен үйсіндерден, қаңлылар мен ғұндардан,түріктер мен түркештерден,қарлұқтар мен оғыздардан,қимақтар мен қыпшақтардан бастап наймандар мен арғындарға,керейлер мен қоңыраттарға, жалайыр мен дулаттарға дейінгі әртүрлі замандарда Қ\н жерін мекендеген басқа да көптеген тайпалар болатын.Қазақ халқының құрылуына себеп болған этногенетикалық процестердің бастау көзі мүлде ежелгі уақыттан алғашқы қауымқоғамының ыдырау дәуірінен шығады. Қ\н жеріндегі этногенетикалық процестердің дамуы бірнеше кезеңге бөлінеді.Антропологиялық мәліметтерге қарасақ этникалық даму барысында ұзақ замандар бойына халықтың еуропатекті түрі тұрақтанып сақталып қалады да,кейінірек жүре келе моңғолтекті түрге қарай өзгере бастайды. Тілдік ахуал өзгермей тұрмайды,ежелгі тайпалардың иран тілі бірте\бірте сатылап, осынау территорияның кейінгі қоныстанушыларының тілі түрік тілігн орын береді.Қола дәуірінде мал өсірумен,егіншілікпен шұғылданған, бет бейнесі еуропатектес болып келетін андронов пен шығыс облыстарда-скифтерге туыс,көшпелі мал шаруашылықты сақ тайпалары,солтүстік пен батыс облыстарда-савромат тайпалары басады.Қазақстандағы ж\е Еуразия территориясының далалық аймақтарындағы этникалық процестің шешуші кезеңі б.з.б І мың жылд. Орта кезінен түріктердің батыс бағытына қарай қоныстануына байланысты.Қ\н мен көрші этностармен бірігіп түркілене бастады.Солтүстік Моңғолиядан Амударияға дейін ,Жетісуды қосқанда оңтүстік ж\е оңтүстік батысқа қарай оңтүстік шығысындағы Түркеш қағанаты VII-VIIIғ Шу,Іле арасын мекендег тайпаларды біріктірді.Жетісу жеріне Батыс Алтай мен Тарбағатай арасынада жатқан облыстан ауып келген қарлұқ тайпалары өздерімен бірге түріктілді: тухси,шігіл,дулу,халаджы,арғу,шарық ж.т.б тайпалар енеді ІХ\ХІғОғыздар мемлекеті Оңтүстүк Қ\ндағы Сырдария алқабының Қаңлы ж\е қаңғар\печенегтерді,арал-каспий алабының ас пен аландарын,Жетісуға жылжып барған түрік тайпаларының (қарлұқ,халаджи,шағра,шарық) басын біріктірген.Қ\ң солтүстік, шығыс ж\е орталық аудандарын VIII-XІғ Қимақ мемлекеті имақ,баяндүр,татар, еймүр тайпаларын біріктірді. Жаңа этникалық компанент қазақ жеріне қоныс тепкен моңғолдардың жалайыр,маңғыт,барлас,байриндер сияқты ру мен тайпалар келіп қосылды.Моңғол феодалдарының шұрайлы қоныс\өрістерді басып алуы жергілікті халықтың көшуіне әкелді. Қ\н жерін Шыңғыс аламандарының жаулап алуы жергілікті түріктердің моңғолойдтық түрге өзгеруіне әкелді.
49 XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы мен халықаралық ахуалын сипаттап беріңіз.
Есім хан(1598-1628)ж қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» атпен әйгілі, бұл атақ оған 1598ж ағасы Тәуекел ханмен бірге Мәуераннахрға жасаған жорықта ерлігімен көзге түскені үшін берілген.Есім Шығайдың баласы.Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім\шартын жасасып,Орта Азия қалаларымен бейбііт,экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды.Қазақ ханд бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді.Саясатының ерекшелігі:Барлық қалалармен қоса Түркістан аумағы Қазақ хандығына қосылды.Осы кезден бастап Ташкент қаласы 200ж қазақтардың иелігінде болды.Оңтүстік Қ\ғы отырықшы,егіншілік аймақтар Қазақ хандығының жері болып есептелді.Бұхар ханымен бітімге келіп,Орта Азия қала\н бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды.Қазақ хандығының әскери қуатын арттыруға көңіл бөлді.Сұлтандар мен төрелерге еркіндік,билік берді. Қазақ хандығын бір орталыққа бағындыруды басты мақсат етті. «Есім ханның ескі жолы» заңдар жинағында:Әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті.Әскер тәртібін бұзушыларға берілетін жазаны ауырлатты.Ескі құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтады.ХҮІІғ хандықтың ішкі саяси жағдайы тұрақсыз болды.Ташкентте(Келді Мұхаммед сұлтан),Әндіжанда(Абылай сұлтан),Жаркентте(Абақ хан) билік жүргізді.Хандық іштей бөлшектеніп,феодалдық қақтығыстар күшейді.Үш жүздің әрқайсысы жеке хан сайлауға көшті.Оңтүстікте іс жүзінде екі хан билігі орнады Есім хандығы(астанасы Түркістан),Тұрсын Мұхаммед хандығы(ордасы Ташкент).ХҮІІғ Қазақ хандығы мен Моғол хандығы арасында одақтық қатнас орнады.Есім хан моғолдардың Шалыш пен Тұрфан қалаларын билеген Әбд ар Рахым ханмен одақтасты.Тұрсын хан моғолдардың Жаркент пен Қашқар қалаларының әміршісі Әбд Латип ханмен одақтасты.Тұрсын(Жалым сұлтанның баласы)өз атынан ақша шығарып,салық жинап отырды.Есім хан ойраттардан хандықтың шекарасын қорғай жүріп,Тұрсын әрекеттеріне шыдамдылықпен қарады.Бұхардың ханы Имамкули екі ханның өзара жауластығын пайдаланып,Ташкентті алуға тырысты.1603-1624ж қазақ\бұхар соғысы болды.1603ж Айғыржар(Самарқан маңы) жеріндегі шайқаста қазақтар жеңеді.1611ж Ташкент түбіндегі шайқаста Бұхар ханы жуңіліп,келісімге келеді.1613ж Есім Самарқанға басып кіріп Бұхар ханның әскерін жеңді.1620-21ж 4-5-6соғыста Тұрсын хан бастаған қазақтар толық жеңіске жетті.1627ж ең соңғы 7шайқаста да жеңіске жетті.Есім ханның ұтымды қорғанысты шайқас тәсілі ұлы жеңіске жеткізді. 1627ж Тұрсын ханның бүлігі «Қатаған қырғыны» д.а.Есім қалмақтарға қарсы соғыста жүргенде Тұрсын Түркістанды басып алады.Осы кезде Есім хан Тұрсынды ж\е оны қолдаған қатаған руын өлтіреді.Шығыс Түркістандағы қатаған руы жазалаудан қашып,ұйғырларды паналады.1628ж Есім қайтыс болды.А.Йасауи кесенесіне жерленді.Ең жақын жорық жырауы Марғасқа.Кіші жүздегі ел басқарушы биі,әскербасы,батыры Жиембет жырау(Әмірің қатты Есім хан
|