|
Б)Орта палеолит 6 pageDate: 2015-10-07; view: 904.
50.Тәуке хан билігі тұсында Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатының қандай ерекшеліктерін атап көрсете аласыз. Таукеханныңішкісаясаты. ҚазақхандығыныңСырдариябойындағықалаларүшінұзақуақытбойыжүргізгенкүресі XVI ғасырдыңаяғындаТүркістан мен оныңқалаларынжәнеШайбаниәулетінің аса іріжері–ТашкенттіҚазақхандығыныңқұрамынақосуменаяқталды. БұлтерриториялардыҚазақханыныңқұрамынақосутуралы 1598 жылғышартМауараннахрдыңШайбаниәулетініңорнынакелгенжаңаАштарханиӘулетініңөкіліменжасалды. Сөйтіп, Сырдариябойындағықалаларүшін, Оңтүстікқазақстанныңтерриториясыүшінбіржарымғасырғасозылғанкүресуақытшааяқталды.Алайда, Есімханнан (1598-1628 жж.) кейінҚазақхандығыныңжағдайыодансайыннашарлайтүсті, феодалдыққарқысуларұлғайып, жоңғарларЖетісудіңбірбөлігінуақытшабасыпалып, бұлөңірдекөшіпжүргенқазақтар мен қырғыздардыбағындырды. БұхараәскерлеріТашкенттіалып, қазақтардыығыстырабастағанкезде, қазақ ханы Жәнгір (1628-1652 жж.) Бұхарахандығыменодақтасып, жоңғарфеодалдарынныңшабуылынақарсыкүресті. Жәнгір хан өзөмірініңдеңінжоңғарлардыңшапқыншылығынатойтарысберуменөткізіп, оларғақарсыүшіншірет 1652 жылыболғаншайқастаЖәнгір хан өлтірілді.1680 жылыхандықтыңтағыЖәнгірдіңбаласыТәукеханға (1680-1718 жж.) көшті. Тәуке хан 1680 жылытаққаотырғандаҚазақхандығыныңішкіжәнесыртқысаясижағдайларымәземеседі. Феодал шонжарлардыңарасындабақталастық пен алауыздықтаркүшейетүстіп, әрбірсұлтанөзиелігіндегіұлыстардыжеке-дара билеп, дербестенугетырысты. Қазақжүздерініңарасындабұрыннанкележатқанбайланыстарнашарлап, оларбір – біріненоқшауланатүсті. Үшжүзүшкебөлініп, сөзжүзіндеқазақтыңұлыханынатәуелдіболғаныменісжүзіндеөзалдынабилікжүргізді. Бұлжағдайларжалпықазақхалқынбіріктіріп, сыртқышапқыншылықтанқорғануғакесірінтигізді. Алауыздық пен өзара дау-жанжал, қақтығысқабелшісіненбатқанқазақтарғаШығыстан, Арқадантөтепбергенжоңғарлардыңшабуылыкүшейетүскенеді.ОсындайқиындықкезеңдехандыққұрғанТәукеалдымен Россия жәнеоңтүстіктегікөршіелдерменқарым – қатынасынтүзейотырып, қазаққоғамыныңішкі дау-жанжалды, барымтанытежемей, уақхандықтардыңуақытшаболсадаынтымақтастығынкөздемейтұрып, сыртқыжаулар мен батылкүресугеболмайтынынолжақсытүсінді.Хандықбилігінкүшейтугебағытталғанірі-іріөзгерістержасады. Тәукеөзініңсаясатынфеодалдықбилер мен шонжарларға, батырларғасүйеніпжүргізді. «Xалықкеңесі» мен «Билеркеңесін» тұрақты орган ретіндеқалыптастырып, олардыңрөлінарттырды. ЖылсайынбелгілібірмерзімдеКүлтөбеде 3 жүздіңбасынқосқанжиынөткізіптұрды.Тәуке ел бірлігібұзылуыныңұйтқышылары феодал ақсүйектер мен сүлтандардыәлсіретуге, мемлекеттікқұрылыстыкүшейтугетырысты. Жүздер мен ұлыстарарасындағыкүрделітартыстарбилеркеңесінде, абыройлы да әділетті де Төлеби, Қазыбекби, Әйтекеби, т. б. билерадындашешілді.Тәукебиліктіөзқолынаалды. Өзініңалыстыболжағышсаясаткерекендігінелгетанытабілді. Оныңқолынаеңмаңыздыкөш – қоңыстыбелгілепбөліп беру, алым - салық салу, сот ісі, қарулыкүшт.б. қызметтүрлеріжинақталды. Сыртқыжағайдыназардаұстап, кәмелеткетолғандарға 5 қаруменжүрудіміндеттеген.Сөйтіп, «қарақазаққа» сүйенгенТәуке хан көпнәрсеұтты. Өйткенібилеркеңесібарлықрументығызбайланысорнатып, ел бірлігінхалықкөкөйіндегікөкейтестімәселелерді: қөш- қоныс, ел тыныштығы, сыртқыжауданқорғану, т.б. талқыланды. Ақыры, билеркеңесіханныңкеңесуорганынаайналып, зорсаясимаңызғаиеболды.XVIIғасырдыңаяғындақазақхандығыныңішкіжәнесыртқысаясижағдайыөтешиелінісетүті. Халықбасынақиын да қилызаманорнады. Сыртқыдушпандаржиіторуылдайбастады. Ал қуаттысұлтандарөздерініңиілігіндегіұлыстардыжеке – дара билеп, дербестенуге бой ұрды. СондықтанТәукеелдіңауызбірлігіннығайтатыншараларқарастырабастады. 51.XYIғ. Қазақ мемлекетінің сыртқы және ішкі саясаты. XYIғ. Екінші он жылдығында Қасым хан қазақтың кең даласында өз билігін әбден нығайтып алды. Оңтүстігінде хандықтың шекарасы Түркістанның бірталай қалаларын қамти отырып, Сырдарияның оң жағалауына дейін , оңтүстік шығысында Ұлытау мен Балхаш көлінен өтіп, Қарқаралы сілемдеріне дейін, ал солтүстік батысында Жайық өзеніне дейінгі жерлерді қамтыды. XYIғ. Бірінші ширегінде хандықтың жоғары дәрежеге көтерілуі ішкі әлеуметтік-экономикалық және этникалық процестерінің нәтижесі болды, бұған тұтастай аймақтағы саяси жағдайлар да әсер еткені сөзсіз. Тахирдің хандық құрған кезеңіндегі(1523-1531)қазақ хандығы тарихындағы негізгі оқиға 1526жылы бүкіл Жетісудағы қазақ руларының қазақ хандығының қол астына өтуі. Хақназар хан (1538-1580)билік еткенде ол Қасым хан,әкесінің , саясатын жалғастырып,хандықты нығайтуға күш салған. Ол Ноғай Ордасындағы өзара қырқыстарды пайдаланып, ноғай мырзаларының көбін өз жағына шығарып алды да,Жайықтың сол жағалауындағы жерлерге ие болды. Есімханның билігі кезінде(1598-1628) сыртқы жағдай бұрынғыдан да қиындай түсті. Оңтүстікте Ташкентке Бұхар ханы үздіксіз шабуыл жасады, шығыста ойрат тайпалары күшейе бастады, ал қазақ хандығының ішінде сұлтандар оқшаулануды көздеп, дұшпандық әрекеттерін тоқтатпады. Қазақтардың қарақалпақтармен қарым-қатынасы да шиеленісіп кетті. XYIғ. Аяғы қарақалпақтардың40шақты руының өкілдері орталық Қазақстан мен Арал теңізі жағалауынан өздеріне жер бөлуді өтініп,Тәуекел ханға келді. Хан олардың өтінішін қабылдап, қоластына жаңадан келгендерге өзінің ұлын билеуші етіп тағайындады. Бірнеше жылдан соң қарақалпақтар көтеріліс жасап Ташкентті басып алды. Есім хан қарақалпақтарға қарсы соғысып,» жылы оларды Сырдарияның орта ағысын тастап кері шегінуге мәжбүр етті. XYIғ.екінші жартысының басында Қазақ хандығының сыртқы саясатында елеулі саяси және әскери күш болғанына қарамастан, ол дегенмен де XYIғ.ң аяғына қарай елеулі қиыншылдықтарды бастан кешірді және оны өз көршілері Жетісудың отырықшы егіншілік аудандарынан Сарясудың оңтүстік шебіне ығыстырды,яғни ол Дешті Қыпшақтан айырылды. XYIғ. Аяғы қазақ даласын ноғайлар басып алады.
52 ХҮ-ХҮІІІ ғғ қазақ хандығының саяси әкімшілік құрылымы Қазақ қоғамы екі негізгі әлеуметтік топтан тұрды: Ақсүйектер - Шыңғыс ұрпақтары мен қожалар (асыл сүйектер); Қарасүйектер - мүліктік жағдайына қарамастан қоғамның қалған топтары. Сұлтан - ұлыс билеушісі, хан болып сайлануға құқылы. Ол хан үшін міндеткерліктер атқарудан босатылды. Қазақ ұлысындағы сұлтандардың "Арқар" деп айтылатын ерекше ұраны болды. Оны қарасүйектердің қолдануына болмайтын еді. Шыңғыс ұрпақтарын билер соты соттамады, хан немесе сұлтан соттайды. Билер - ру және тайпа басшылары, заң ілімін меңгерген, сот кызметін атқарушылар, әскери билік жүргізушілер. Ең ықпалды рубасылары хан жанындағы "билер кеңесіне" кірген. Билер 4 міндетті ұштастырып отырған: Әскербасы. Әкімшілік адамы. Би. Дала ақсүйектерінің өкілі. Батырлар-қазақ жасақтарын бастаған қолбасшылар, кәсіби әскерилер, жаумен жекпе-жекке шығатын ержүрек адамдар. Ақсақалдар – іс жүзінде белгілі бір заңдық өкілеттігі жоқ, жасына, байлығына және сіңірген еңбегіне қарай құрметке бөленген адамдар. Қарапайым халық (райаттар) - алым-салықты төлеп, міндеткерліктер өтеушілер. Құлдар – ең құқықсыз әлеуметтік топ. Олардың негізгі міндеті - қожасына жеке тауелді болу. Алым-салық түрлері: Соғым, сыбаға, ерулік, зекет т.б. малшылардан алынды. Ұшыр, тағар, баж, хараж т.б. – егіншілер мен қолөнершілерден алынды. 53.XV-XVIII ғасырлардағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік жіктелісін талдаңыз. Хандар кезеңінде қазақ қоғамы бір-біріне қарама-қарсы негізгі әлеуметтік топтан – ақсүйектер мен қарсүйектерден тұрды, олардың экономикалық жағынан ғана емес, саяси және құқтық белгілері жағынан да айырмашылығы болды. Шыңғысханның әке жағынан тарайтын, хан болмаған ұрпақтарын білдіру үшін сұлтан терминімен қатар «төре» немесе «оғлан» термині қолданылған. Алайда «төре» деген сөз сұлтандарды ғана емес, неғұрлым көп адамдарды – жалпы алғанда көрнекті және атақты адамдарды да, қазы, билерді де білдіру үшін қолданған. Ұлыстарды басқару сұлтандарға ұлыс адамдарына әскери-саяси билік етуге де, іс жүзінде жайылымдарды, су көздерін және т.б. билеп-төстеуге де құқық беретін еді. Әрбір ұлыс сұлтаны ұлыс аумағының мұраға алатын құқығы бар жеке иеленуші емес, ең алдымен ұлысты басқару және ұлыс әскеріне қолбасшылық ететін құқығы бар билеушісі болды. «Сұлтанды немесе қожаны өлтірген адам, - делінген «Жеті Жарғы» қаулыларында, - өлтірілген адамның туыстарына жеті адамның құнын төлейді. Сұлтанға немесе қожаға тіл тигізіп ренжіткен 9 мал, ал қол тигізген 27 мал төлеумен жазаланады». Қоғамның басқа мүшелері алдындағы тағы бір артықшылығы – оларға дүре соғуға болмады және билер соттамады. Шыңғысханның ұрпақтарын сұлтан немесе ханның өзі соттайтын болды. Әңгімелескен кезде қарапайым адамдардың оларды атымен атауына болмайтын еді, есімінің орнына тақсыр (мырза) деген қолдануға тиіс болды. Сұлтанмен кездескен кезде кез-келген қарапайым адам атынан түсіп, онымен бір тізесін бүгіп тұрып сәлемдесуге тиіс болған. Сәлеміне жауап ретінде сұлтан оның иығына қолын салған. Сұлтанның үйі ақ киізбен жабылған. Ақсүйектердің барлық өкілдері тек қана ақ киіздің үстінде отырған. Сұлтандар (әскери міндеткерліктен басқа) ешқандайда міндеткерліктер атқармады. Қазақ ұлысы барлық сұлтандардың «Асқар» деп аталатын бір ғана ерекше ұраны болды, оны қарапайым халық – қарасүйектер қолдануына болмады. Шонжар ақсүйектер тобына қарама-қарсы хандықтың өзге халқы қарасүйек деп аталады. Қарасүйек адамдардың әр-түрлі категорияларын атау үшін бірнеше термин: қараша, қаракісі, құлқұтан, шаруа, бұқара терминдері қолданылды. Әлеуметтік қарасүйектер тобында рулар мен тайпалардың басшылары – билердің ғана ерекше құқықтары болды. Би деген сөз бұрынғы бек сөзінің кейіннен өзгерген түрі болып табылады және деректемелерде ХҮ ғасырдан ерте кездеспейді, ал түріктердің «бек» деген сөзі моңғолдардың «ноян» және арабтардың «әмір» деген сөздеріне сәйкес келеді. Көшпелі қазақтар қоғамында жеке басы еркін адамдардан басқа, бас бостандығы жоқ еркектер (құлдар) мен бас бостандығы жоқ әйелдер (күңдер) болған.ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ қоғамы игі жақсыларының тобына батырларды да жатқызуға болады. Түрік-моңғолдың «батыр», «баһадүр» сөзі бастапқыда шайқас алдында жауын жекпе-жекке шақыратын батыл, ержүрек адамды білдірген. Шыңғысхан кезінен бастап батыр – «феодалданған әскери-көшпелі шонжарлардың» өкілдеріне берілетін феодалдық иерархия атақтарының бірі, сондай-ақ шайқаста жеке басының көрсеткен ерлігі немесе соғыс қимылдарына шебер басшылық еткені үшін хан немесе сұлтандар аталатын құрметті атақ. Бұл сөз атақ ретінде адамның атына қосылып айтылған.«Ақсақал» - түрік сөзі. Деректемелердің мәліметтеріне қарағанда, саяси өмірде айтарлықтай рөл атқарған. 54.XV-XVIII ғ. басындағы қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына талдау жасаңыз. Көшпелі мал шаруашылығы – қазақ халқының күнкөрісінің материалдық негізі екендігін негіздеңіз. Қазақ хандығының нығаюы, Қазақ хандығының экономикалық және мәдени өмірі Оңтүстік Қазақстанның тарихымен тығыз байланыста болды. Соңғы орта ғасырларда қала мәдениеті мен отырықшы–егіншілік мәдениет қазақтың этникалық аумағының нақ осы, бірден-бір ауданында сақталып қалды. Қазақтардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Қазақтар негізінен қой, жылқы және түйе өсірген; қазақтардың шаруашылығында мүйізді ірі қара болмашы орын алған, өйткені ол жыл бойы бағуға, әсіресе қыс кезінде қар астынан тебіндеп жайылуға нашар бейімделген. Деректемлердің кейбір хабарларынан қазақтардың егіншілікпен шұғылданғаны байқалады. Бірақ Қазақ хандығы аумағының түрлі аудандарында егіншіліктің дамуы мейлінше әркелкі болды, аудандардың басым көпшілігінде егін шаруашылығы төменгі дәрежеде болды, немесе болмады. Алайда, кейбір аудандарда егіншілік зор маңызға ие болды, бұл ең алдымен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға қатысты еді. Қазақтардың шаруашылығында әр түрлі қолөнер мен үй кәсіпшіліктері елеулі орын алды, олардың көпшілігі мал шаруашылығы өнімдерін өңдеумен байланысты еді. Қазақтар ежелден тері өңдеп, киіз басуды, оларды түрлі түске бояуды білген, олар теріге, металға және тағы басқа материалдарға батыру арқылы өрнектеуді, құрап жамау және кестелеп тігу тәсілін шебер меңгерген. Егіншілік мәдениеті бар аудандарда отырықшы үйлер салынған. Киіз үй тәрізді дөңгелек жартылай жертөбелер немесе киіз үйге ұқсатып, жоспарланған жербетіне дөңгелетіп тұрғызылған құрылыстар, сондай-ақ жер бетіндегі тұрғын үйлер (бір, екі, үш бөлмелі) қолда бар табиғи материалдан: өзен аңғарларында шикі кірпіштен, тауларда тақта тастардан салынған. Қазақтың темір ұсталары негізгі еңбек құралдарын, балта, пышақ, қырықтық, шеге және басқаларын жасады. Темір ұсталары сонымен қатар басқа да шаруашылық-тұрмыс заттарын, қару жарақтар, найзалар менжебелердің темір ұштарын соққан. Қазақтардың негізгі қаруы қылыш пен садақ болатын. Жауынгерлік қарудың басқа түрлерінен айбалта, шоқпар, жалғыз сапты күзді, екі басты шоқпар, бір шоқ жылқы қылымен шашақталып, қарсыласын ерден жұлып алып үшін ілмек жасаған ұзын найза аталады. 55.XVII-XVIIIғғ қазақ жоңғар қарым қатынастары XVIIIғ қазақ жеріне әсіресе қауіп төндіргені жоңғар мемлекеті. Жоңғар қоңтайшысының басты мақсаты: қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, өзіне бағындыру; қазақ жерін иемдену. XVIIғ соңы XVIIIғ басы жоңғар әскері Жетісудың бір бөлігін жаулап, Сарысу өзені алқабына дейін жетті. 1718ж Аягөз шайқасы өтті. Қабанбай мен Жауғашар батырлардың басшылығымен алғашқы екі күнде жау талқандалды. Шайқастың үшінші күні Әбілқайыр мен Қайып соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеді. Осыны пайдаланып, жоңғарлар жеңіске жетті. 1722ж Цинь императоры Канси өлгеннен кейін, Жоңғария барлық әскерін қазақ даласын жаулауға бағытттады. 1723ж Цеван Рабдан 70мың әскерімен қазақ өлкесін ойрандады. Бұл, Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама қайғысының бастамасы еді. Жоңғар қысымымен қазақ ауылдары іргелес аудандарға көшті. 1725ж жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті жаулады. Хандар мен сұлтандар осы ауыр күндерде басқыншыларға қарсы күресті ұйымдастыру орнына, билік үшін таласып, өзара қырқысты. 1726ж Ордабасы жиыны өтеді. Үш жүздің жасақтары жиналып, жаңа соққы беру жөнінде келісімге келді. Әбілқайыр бас қолбасшы болып сайланды. Сөйтіп, Торғай даласында Бұланты өзенінің жағасында қазақтар жеңіске жетеді. Бұл жер кейіннен «Қалмақ қырылған» деп аталады. Бұл шайқастың тарихи маңызы: қазақ халқының әскери моральдық рухы көтерілді, қазақ халқының Солтүстік Батыс азат етілді. 1729ж «Аңырақай шайқасы» өтеді. Балқаш көлінің оңтүстігінде. Әбілхайыр басшылығымен қалмақтарға күйрете соққы беріледі. Бұл ұрысқа Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да жеке жасақтарды басқарып қатысты. Болат ханның қазасынан кейін Әбілхайыр мен Сәмеке аға хандыққа таласып, алауыздық пайда болды. Нәтижесінде: Әбілхайыр өз әскерін кіші жүзге Сәмеке әскерін Орта жзге алып кетеді. 56.17-18ғ 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар. Ақтабан шұбырынды. Аңырақай шайқасы.
17ғ Жоңғар хандығы деген атпен белгілі болды. Жоңғарлардың Қазақстанға шапқыншылығы 15ғ-ақ басталған болатын.17ғ алғашқы онжылдығында өзара қырқысыан Қазақ хандығына қарағада, бір одаққа біріккен Жоңғар хандығының күш-қуаты басым болды.1710-1711 және 1713ж болған соғыстарда қазақтар басым түсіп, бұрын айырылып қалған қоныстарын қайтарып алуға мүмкіндік туды, көптеген жоңғар әскерлерін тұтқынға алы, тіпті жоңғар хандығының шекарасына шабуылдай бастады, бірақ 1717ж Қайыр хан мен Әбілқац\йыр бастаған қазақтың 30 мың әскері жоңғарлардан Аягөз өзенінің бойындағы шайқаста жеңіліп,1718ж кһктемде жоңғар әскери Түркістанға жақын мандағы Бөген , Шаянмен Арыс өзендері бойындағы «қазақтарды қырып салды». 1718 жылы Тәуке хан дүние салды да, Қазақ елі үшке бөлініп кетті. Бір-бірімен алты бақан алауыз хандар бір қазақтың баласын үшке бөліп, береке-бірлігін бұзды. Осындай қырқыс кезеңді Жоңғар ханы Сыбан Раптан қапы жіберген жоқ. Көрші мемлекеттерден қару-жарақ сатып алып 80 мың адамдық әскерімен Жетісу жеріне басып кірді. Болат, Сәмеке, Әбілқайыр хандардың қырсығынан береке-бірліктен, күш қуаттан айырылып қалған қазақтарды қатыгез жау қырғынға ұшыратты.
|