|
Б)Орта палеолит 10 pageDate: 2015-10-07; view: 739. Абылай каһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани касиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі.Ол — "Ақтолқын", "Алабайрақ", "Бүланжігіт", "Дүние қалды", "Жетімторы", "Қайран елім", "Қара жорға", "Қоржынқақпай", "Майда жел", "Садаққаққан", "Сары бура", "Шандыжорық", т.б. күйлердің авторы. Абылай өмір жолын ат үстінде жорықтарда өткізіп, Арыс өз. жағасыңда қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қ-ндағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 үл, 40 қызы қалды (қ. Абылай хан әулеті). Қазақ халқының жадында Абылай қажырлы мемл. қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік үранға айналды. Азаттық күрестің жалынды басшысы Абылай ханның асқақ тұлғасы, ақыл-парасаты Бұкар, Үмбетей, Шәді төре Жәңгір ұлы жырларында, ақындар Көпбай Жамантайұлы, Мәжит Айтбаевтың дастандарында, I. Есенберлиннің, Ә. Кекілбаевтың Қ. Жұмаділовтың, т.б. туыңдыларында сомдалды. Оның ұлағатты өмірі мен ішкі, сыртқы саясаты отандық және шетел ғалымдарының (Ш. Уәлиханов, В.В. Бартольд, Н. Мыңжани, Р.Б. Сүлейменов, М. Мағауин, М.Б. Ожотт, Дж. Уилер, т.б.) назарын аударып келеді.
71 Е.Пугачев бастаған көтеріліске кіші жүз қазақтарының қатысуын және оның себептерін көрсетіңіз. ХҮІІІ ғасырдың 30-шы жылдары Кіші жүзді өзіне тәуелді еткен соң патшалық Ресей біртіндеп қазақ даласындағы отарлау саясатын тереңдете бастады. Оның барысында елдің шаруашылығы күйзеліске ұшырап, саяси жағдайлар шиеленісе түсті. Мұның барлығы Қазақстанның әр өңірінде халықтың наразылығын тудырып, көтеріліске шығуға итермеледі. Ал, Кіші жүз өңірінде қалыптасқан жағдайлар қазақтардың Е. Пугачев бастаған көтеріліске қатысуына себеп болды. Өзін “ІІІ Петрмін” деп жариялап лақап ат жамылған Е. Пугачев пен оның төңірегіндегілер қазақ даласында болып жатқан мәселелерден біршама хабардар еді және олар қазақтардың көтерілісті қолдайтынын түсінген болатын. Сондықтан, ол жағдайларды өз мүддесіне пайдалануға тырысып, 1773 жылдың 6 кыркүйегінде қазақтарға “қамқор” болатынын білдіріп манифест жазып, 200 адамнан тұратын қазақ жасақтарын жіберуді сұрайды. Пугачевтың жазған мұндай үндеулері қазақтар арасынан біршама қолдау тапты. Осыдан кейін, кыркүйектің 20-сына қарай Нұралы хан 1000-ға жуық қазақ жасағымен Жайық қалашығының жанына келеді, бірақ, Пугачевқа көмек көрсетуден тартынып, көп ұзамай кері қайтып кетеді. Пугачев 1773 жылдың 20 қыркүйегінде қазақтарға арнап тағы да манифест жазады. Одан соң, Пугачев Жайық қалашығына шабуыл жасап оны ала алмайды да, онда аз ғана отрядын қалдырып негізгі күшін алып Орынборға қарай кетеді. Жол бойында Чернореченск, Татищев бекіністерін басып алады. Қазақ жасақтары Жайық қалашығына, Озерная, Сахарная, Кожехаров, Красногор дистанциялық бекіністеріне шабуылдар жасайды. 1773 жылдың 5 қазанында Пугачевтың көтерілісшілері Орынборды қоршауға алған тұста Досалы сұлтан бастаған қазақ жасақтары Пугачевтың өтініші бойынша Орынборды қоршауға алуға қатысады. Досалы сұлтанның үш баласы Пугачевты қолдап көтеріліске қатысқан болатын. Орынборды қоршау 5 айға созылып, оның барысында 2000-дай қазақ жасағы қолдау көрсетті. 1774 жылдың тамыз айында старшын Дайыр сұлтан бастаған 50 қазақ жасағы Пресногорьков бекінісін шабуылдады. Құлсары батыр бастаған қазақтар редутке шабуыл жасап, оған старшындар Алғабай, Итек және Дәуітбай тархан қатысты. Пугачев көтерілісіне қазақтардан басқа башқұрттар, қалмақтар, т.б., қатысқан еді. Бұл көтерілісті басуға патша әкімшілігі жақсы қаруланған жазалаушы әскерді көп жіберді. Жазалаушы әскер Қазан маңында көтерілісшілерді басып-жаншыған соң, Пугачев бастаған көтеріліс жеңіліс тапты. 1775 жылдың көктемінде жазалаушы әскер көтеріліске қолдау көрсеткен қазақ ауылдарына шапқаншылықтар жасады. Бұған шыдамаған қазақтар далаға ішкерілей көшіп кетіп, бас сауғалайды. Мақсаты: Отарлық езгіге қарсылық, жер мәселесі. 3 кезеңге бөлінді, Пугачев үндеулері кең тарап, стихиялық бағытта тартылуы (1773 қырк. – 1774 наурыз); Кең жайылуы (1774 наурыз-күз); саябырлап басылуы (1775қырк. - 1776 ақпан). 1773ж 20-қыркүйек – Пугачев Нұралыға үндеу жолдап: жер мен суды қазақтарға қайтаруға уәде беріп, қазақтарды өзіне тартпақшы болады. Бірақ Жайық бекінісін алудағы сәтсіздік үшін Нұралы (2 бағытты ұстанды: көтерілісті пайдаланып, жер тапшылығын жою; көтеріліс өршуінен қорқып, қазақтарды тәуелділікте ұстап, жеңілсе патша алдында жауап беру.) көмек беруге асықпады. Орынбор қоршауындағы сәтсіздік Троицкке шегінуге мәжбүрледі. Орта жүзде Дәуітбай би қолдау көрсететінін мәлімдеді. 1774ж қарауыл, қыпшақ, керей т.б. рулар Пресногорск, Петропавл, Верхнеозерный бекіністеріне шабуыдады. Сібірде патша әскері көбейтілді. 1775ж Пугачев Көтерілісі әлсіреді. Суворов көтеріліс ошақтарын талқандады. Маңызы: орыс, қазақ шаруаларын біріктірді; Сырым көтерілісін тездетті. Нәтижесі: 1775 7 қараша-қыста Еділ, Каспий, Ертіс пен Жайықтың оң жағалауын, Ембі, Сағыз өзендері бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат берді.
72 Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептерін, барысын, ерекшеліктерін ашып беріңіз. Қоғамдағы әлеуметтік - саяси себептер С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтеріліске шығуына негіз болды, Яғни 1783 жылдың көктемінде Жайық казактарының қазақтардың 4 мыңнан аса жылқысын айдап әкетуі елдің ішіндегі жағдайды одан әрі шиеленістіріп, көтерілістің басталуына әкеп соғады. Көтеріліс алғаш Кіші жүздің батыс өңірін Тама руын қамтып, кейін Орал мен Жем өзендерінің арасына қоныстанған басқа да руларға таралды. Көтеріліске елге жастайынан ақылдылығымен, шешендігімен танымал болып бала би атанған халық арасында беделі зор, ықпалы күшті Байбақты руының старшыны С.Датұлы жетекшілік жасады. 1783 жылы көтерілісшілер қазақ ауылдарына шабуыл жасаған казак-орыс атамандарының бірі Чагановтың отрядын талқандап, оның өзін тұтқынға алып, кейін Хиуа хандығына құлдыққа сатып жібереді. Осы жағдайдан кейін көтерілісшілерге қарсы Орал қаласынан әскер шығып, 1783 жылдың желтоқсанында күтпеген жерден С.Датұлын қолға түсіреді. Бірнеше ай түрмеде отырған Сырымды құдасы Нұралы хан 1784 жылы кепілдікке 70 жылқы, 350 рубль ақша төлеп босатып алады. 1784 жылдың мамырында елге оралған Сырым өз жасағымен Орал әскерлеріне қайта шабуыл бастайды. Бірақ, оның бұл әрекеті Нұралы хан тарапынан қолдау таппайды. Нұралы оған керісінше қарсы болып, көтерілісті басуға әкімшіліктен қосымша әскер жіберуді сұрайды. Нұралы ханның бұл ісіне риза болмаған Сырым, онымен араздасып, енді көтеріліс тек Жайық казактарына ғана емес, Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға да қарсы бағытталады. Көтерілісшілер өз тарапынан патша әкімшілігіне мынадай талаптар қояды: 1) Еділ мен Жайық арасындағы қоныстарды қайтару; 2) Орал казак-орыс әскерлерінің жазалау отрядтарын жіберуді тоқтату; 3) Нұралы ханды тақтан түсіру. Елшіліктен қайтып келген М.Құсайынов патша ІІ Екатеринаға көтерілісшілердің талаптарын ескертіп, хабарлама жолдайды. 1785 жылдың күзінде тағы да старшындар мен көтерілісшілер қатысқан жиналыс өтіп, оған қатысушылар Нұралы ханды тақтан түсіру жөніндегі шешімдерін күшінде қалдырып, бұдан былай оны хан ретінде мойындамайтындықтарын білдіреді. 1791 жылы күзіне қарай генерал-губернатордың қатысуымен Ор қаласының жанында өткен жиналыста билер мен ру басыларының шешіміне қарамастан Ералы хан сайланды. Ералының хан сайлануы ел ішінде наразылық тудырып, стихиялық баскөтерулер байқалды. 1794 жылы Ералы хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңа хан сайлауға біршама ойланып барып, 1795 жылы Нұралының баласы Есім хандыққа сайланады. 1795-1796 жылдардағы ауа райының қолайсыздығы Кіші жүз халқының шаруашылығын күйзелтіп кетеді. Оған қарамастан Есім хан түрлі салық жинауды тоқтатпайды. 1797 жылы О.А.Игельстром Орынбор генерал-губернаторлығына қайта тағайындалады. Осыдан кейін Сырымның Есім ханға қарсы қозғалысы басталады.
77 жастағы Айшуақ сұлтанды 1797 жылы қазан айында патша үкіметі хан етіп тағайындайды. Осылайша, 1783 жылдан 1797 жылға дейін 14 жылға созылған Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс халықтың босқа қырылмауы, ел ішінде тыныштық сақтау мақсатында тоқтатылады. Көтерілістің қозғаушы күші - халық болды. Оған билер мен батырлар, старшындар мен ру басылары да, қарапайым шаруалар да қатысты. Қорыта айтқанда, Сырым Датұлы бастаған көтеріліс қазақ тарихында Ресей империясының отаршылдық саясаты мен жергілікті билеуші топ өкілдерінің езгісіне қарсы бағытталған маңызы зор азаттық қозғалыстың бірі болды.
74 Бөкей хандығындағы Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептерін, барысын, ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.(1836-1838 жж.) Территориясы:Жайық пен Тобылдан бастап, Сырдарияның төменгі ағысына дейін. Көтерілістің себептері: · Ақшалай салықтың өсуі. · Күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттенуі. · Көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеу. · Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы. Қазақтардың жер үшін күресін әлсірету. Мақсаты: 1. Хан озбырлығына шек қою. 2. Шаруалар жағдайын жақсарту. 3. Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту. 4. Әскери бекіністердің салынуын тоқтату. Көтеріліс барысы 1. 1836 жылы Жәңгір хан Қарауылқожаға котеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды. 2. Қарауылқожаның Исатайга беріліп ханға бас июді талап етуі , көтерілістін өршуін тездетті. 1836 жылы Исатай маңына косымша 20 ауыл көшіп келді.1836 жылы 13 желтоксанда Жәнгір маңындағы старшындар Махамбет ауылына шабуылдап, малдарын талап әкетті. 3. 1837 жылы30 наурыз - Шекаралык комиссия Исатай мен Махамбетті сотқа тартуды талап етті. 4. 1837 жылы 15 қараша –Тастөбе шайқасы . 5. 1837 жылы 13 желтоқсан- батыр Жаманқала бекінісі маңында жазалаушылар торын бұзып, Жайықтан шығыска қарай өтіп кетті 6. 1838 ж. 12 шілде – Ақбұлақ шайқасы. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып, атып өлтірді. 7. 1838 ж. 23 шілде – Махамбет тобы хан ауылына шабуылдады. 8. Басты қозғаушы күш –қарапайым көшпенділер Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да қатысты . Көтеріліс басшысыМахамбет Өтемісұлы (1804-1846) мен Исатай Тайманұлы (1791-1838). 1836 ж. ақпанның басында басталған көтеріліс халық-азаттық сипатта болып, Қарауылқожаны биліктен тайдыруға, ханның жарлықтарын мойындамауға шақырды. Нәтижесі: · Салық мөлшеріне шек қойылды. · Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын боды. · Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегендігін дәлелдеді. · Қазақ феодалдарының отаршылдық басқарумен байланыста екенін көрсетті. · Әртүрлі халықтардың қанаушыларға қарсы бірігіп күресуінің негізі қаланды. Тарихи маңызы: 1. XIX ғ. 30 жж. ірі әлеуметтік ұлт-азаттық қозғалыс. 2. Отаршылдыққа қарсы бағытталды. 3. Ресейдегі азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі. Жеңілу себептері: 1. Үстем тап өкілдерінің опасыздығы. 2. Көтеріліс басш-ның Кіші жүздегі және Ішкі ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы. 3. Қару-жарақтың теңсіздігі. 4. Стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі. 5. Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы. И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілісті үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең - 1833-1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық ретінде сипатталса, екінші кезең - 1837 жылдың басында көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз айларына жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық. Үшінші кезең - 1837 жылдың желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты қамтиды. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс - қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған, қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтың азаттық рухын жігерлендірген көтеріліс. Сондықтан да, бұл көтеріліс халқымыздың тарихында өзіндік орны бар, маңызы зор көтерілістердің бірі.
75. 1822-24 ж.ж сібір ж/е Орынбор қазақтары туралы жарғылар. 1822 жылғы 22 маусымда патша «Сібір губернияларына арналған мекемелер», «Бұратаналарды басқару туралы жарғы», «Қырғыз-қайсақтары» басқару туралы жарғы, этаптар туралы жарғы, жер міндеткерлігі туралы ережелер, астық қорлары, шаруалар мен «бұратаналар арасындағы борышкерлік міндеттемелер» туралы ережелер үшін негіз болған 10 заңды бекітті. «Сібір... мемкемелеріне» сәйкес, азиялық Ресей 2 генерал-губернаторлыққа: орталығы Тобыл болған Батыс Сібір, орталығы Иркутск болған Шығыс Сібір генерал-губернаторлығына бөлінді. Біріншісіне Тобыл, соңғысының құрамына Томск губерниялары енгізілмекші болып ұйғарылды. Орта жүздегі дәстүрлі мемлекеттілікті таратып, хан атағын «мүлде артық» деп жойып жіберген үкімет Сібір қазақтары туралы жарғыға сүйеніп, .басқарудың жаңа нысанын енгізді. 3-тарауға сәйкес, Оңтүстік-батыс Сібірді мекендеген қазақтар «көшпелі бұратаналар сословиесі» болып есептелінді және тең құқықтарды пайдаланды, ал «сібір қазақтары елі» ең алдымен 1838 жылы Батыс Сібір қазақтарын шекаралық басқару құрылғанға дейін Омбы облысына бағынып келген сыртқы округтерден құралды. Жарғымен міндеткерлік пен салықтардың жаңа санаттары енгізілді. Бұл орайда М. Сперанский мен оның төңірегіндегілер әдейі бесжылдық жеңілдік белгіледі немесе көшпелі халықтың барлық санаттарын барлық алымдардан босатты; мұндай бетбұрыс бұрынғы феодалдық жүйе бойынша міндеткерлік атқаруға: көшпелі аудандарда зекет пен соғым, егіншілікті аудандарда ұшыр төлеуге дағдыланған халық наразылығының алдын алуға ұмтылысқа байланысты болса керек. ХІХ ғасырдың басында Бұқтырма, Өскемен бекіністерінің Петропавлдың, Семейдің маңызы едәуір арта түсті. Алғашқы сыртқы округ – Қарқаралы округі 1824 жылғы 8 сәуірде ашылды. Жаңадан құрылған округке кірген болыстар құрамында 20 мыңдай шаңырақ, шамамен алған есептеулер бойынша, 60000-ға дейін ер азамат болды. Бұдан кейін бірқатар сыртқы округтер: 1825 жылы - Құсмұрын, 1826 жылы - Баянауыл, 1831 жылы - Аягөз (Сергиополь), 1832 жылы Ақмола округтері құрылды. 1822 жылы Орынбор губернаторы П.К. Эсеннің қатысуымен дайындалған «Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі жарғы» бойынша Кіші жүз жеріне үш хан тағайындау жоспарланды, бірақ ол іске аспады. Жарғының бұл жылы бекітілмей қалуына да осы жай себеп болды. Ал, Орынбор губернаторы 1824 жылы Кіші жүз ханы Шерғазыны Орынбор қаласына шақырып, сондағы бір қызметке тағайындады да, Кіші жүздегі хандық билікті жойды. Тек Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы Кіші орда немесе Бөкей хандығы ғана 1845 жылға дейін сақталды. Қазақ хандығының ішікі және сыртқы жағдайын жете білуге тырысқан патша үкіметі хандық билікті сақтай отырып, қазақтардың ішкі істеріне араласа бастайды.
76.ХIХғ.20-жылдары Кіші және Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы 1781ж Орта жүзге Уәли хан болып бекітілді. Уәли ханмен қатар оның билігін кішкене белгілі бір шекараларда ұстау үшін Кіші Ордада 1781ж Орта жүзге Уәли хан болып бекітілді. Уәли ханмен қатар оның билігін кішкене белгілі бір шекараларда ұстау үшін Кіші ордада 1815ж Бөкейді хан тағайындады. 1817ж Бөкей, 1819ж Уәли қатыс болғанна кейін, Орта жүзге хан тағайындалмайды. Қазақстанның Ресеймен Рота Азия хандарының және Қытай аралығында геосасяси орналасуы Ресей тарапынан қазақ даласын отарлау үрдісін тездетті. Осы мақсатпен Ресей империясы 1822ж « Сібір қырғыздары туралы», 1824ж «Орынбор қырғыздар туралы» жарғына қабылдайды. Ресейдің хндық билікті жоюға асығуы соншалықты, олар әрбір мүмкіндікті пайдаланып, ал ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды,, билермен батырларды бір біріне айдап сла отырып, алдау, күш көрсету сияқты шараларды қолданды. 1822-1824ж жарғының қабылдануымен Орта және Кіші жүзде хандық билік жойылды. Авторы Сперанский олған, Сібір қырғыздары туралы жарғы бүкіл Орта жүздің өңірін қамтыса, авторы Орынбор әскери губернаторы Эссен болған Орынбор қырғыздары туралы жарғы Кіші жүз территориясына тарады. «Сібір қырғыздары туралы» жарлығы бойынша Орта жүз террториясы Сібір қырғыздарының облысы аталып, Батыс Сібір генерал губернаторлығына бағынатын болдщы да орталығы Тобыл болды. Хандық билік жойылғаннан ткейін Оңтүстік Батыс Сібірде тұратын қазақтар ішкі округте біріктірілді., ал Орта жүздің қалған қазақтары сыртқы округтерді құру. 1838ж қарай сыртқы округ құрылды: Қарқаралы, Көшетау, Аягөз, Ақмола, Баянауыл, Құсмұрын, Көкпекті.
77.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттықкөтерілістің себептері,барысы,ерекшеліктеріжәне оның тарихи маңызы.
19-ғ. алғашқы ширегінде патша үкіметі Қаз-нға әкімшілік-саяси жаңалықтар енгізуге тырысты. 1822 жылы Сібір қазақтары туралы устав далалық аудандарды басқарудың құрылымын өзгертті. Енді басқарудың округтық жүйесі енгізілді. Ол бойынша қазақ қоғамы округке, болысқа, ауылға бөлінді. Төменгі әкімшілік бірлестігі ретінде ауыл өз құрамына 50-ден 70-ке дейінгі үйлерді біпіктірді. Осындай 10-12 ауылдан болыс құрылды. 10-15 болыстан округ қалыптасты. Бұлардың белгілі бір территориялары болды. 1838 ж. көктемінен бастап Кенесары жасақтары патша әскеріне қарсы жоспарлы күрсе жүргізді. Ақмола қаласын қиратты. Қоңырқұлжа аулын шапты. 1840 ж. күзде Ырғыз бен Торғай маңында патша әскеріне, бай-шожарларға күрес бастады.1841 ж. қыркүйекте Кене үш жүзден адам жинап әкесіне ас берді. Осы астан кейін оны халық хан етіп сайлады. 1844-45 жж. көтеріліс өрледі. Оған Сыр бойының, оңтүстіктің қазақтары қосылды. Кенесары өз әскерінің санын 20 мың адамға жеткізді. 1844 ж.жазында Кене жасақтарын құрту, халық қозғалысын басу үшін, Ор бекінісінен, Ұлытаудан, Тобыл өзенінен патша әскерінің үш тобы шықты. Олардың алдында Кенесары жасақтарын қоршап, соққы беру міндеті тұрды. Олар осы міндетті орындау үшін, Сібірден Кенесарымен шайқас болып жатқан жерге кеткен Жемчужинов әскерімен күшейтілді.Негізгі күшпен Константиновск (Ақмола) бекінісін шауып, Жантөрин әскерін қоршайды. Ондағы 44 сұлтанды өлтірген Кенесары әскері 1844 жылы 14 тамызда Екатеринск (Атбасар) бекінісін тіке шабуылмен басып алды. Кенесары жасақтары Мұғалжар тауына барып бекінеді. 1844 ж. Кенесары табысы оның даңқын асырды. 1846 ж. жазда Кене мыңдай жасағымен Қырғызға бет алды. 1847 ж. сәуірде Кенесары жасақтарымен қырғыз жеріне басып кірді. Кенесары Тоқмақтың маңында Кеклік сеңгірі деген жерде қамауға түсті. Оны қамаған қырғыздар,генерал Вишневский жасағы, Қоқан хандығы әскері болды. Жау тоб ын бұзып өткен Наурызбай тобы болды. Бірақ аз адамымен Кенесарының қолға түскеін естіген соң, жауға өз еркімен берілді. Жау екі батырдың да басын шапты19-ғ. алғашқы ширегінде патша үкіметі Қаз-нға әкімшілік-саяси жаңалықтар енгізуге тырысты. 1822 жылы Сібір қазақтары туралы устав далалық аудандарды басқарудың құрылымын өзгертті. Енді басқарудың округтық жүйесі енгізілді. Ол бойынша қазақ қоғамы округке, болысқа, ауылға бөлінді. Төменгі әкімшілік бірлестігі ретінде ауыл өз құрамына 50-ден 70-ке дейінгі үйлерді біпіктірді. Осындай 10-12 ауылдан болыс құрылды. 10-15 болыстан округ қалыптасты. Бұлардың белгілі бір территориялары болды. 1838 ж. көктемінен бастап Кенесары жасақтары патша әскеріне қарсы жоспарлы күрсе жүргізді. Ақмола қаласын қиратты. Қоңырқұлжа аулын шапты. 1840 ж. күзде Ырғыз бен Торғай маңында патша әскеріне, бай-шожарларға күрес бастады.1841 ж. қыркүйекте Кене үш жүзден адам жинап әкесіне ас берді. Осы астан кейін оны халық хан етіп сайлады. 1844-45 жж. көтеріліс өрледі. Оған Сыр бойының, оңтүстіктің қазақтары қосылды. Кенесары өз әскерінің санын 20 мың адамға жеткізді. 1844 ж.жазында Кене жасақтарын құрту, халық қозғалысын басу үшін, Ор бекінісінен, Ұлытаудан, Тобыл өзенінен патша әскерінің үш тобы шықты. Олардың алдында Кенесары жасақтарын қоршап, соққы беру міндеті тұрды. Олар осы міндетті орындау үшін, Сібірден Кенесарымен шайқас болып жатқан жерге кеткен Жемчужинов әскерімен күшейтілді.Негізгі күшпен Константиновск (Ақмола) бекінісін шауып, Жантөрин әскерін қоршайды. Ондағы 44 сұлтанды өлтірген Кенесары әскері 1844 жылы 14 тамызда Екатеринск (Атбасар) бекінісін тіке шабуылмен басып алды. Кенесары жасақтары Мұғалжар тауына барып бекінеді. 1844 ж. Кенесары табысы оның даңқын асырды. 1846 ж. жазда Кене мыңдай жасағымен Қырғызға бет алды. 1847 ж. сәуірде Кенесары жа.
|