Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Б)Орта палеолит 11 page


Date: 2015-10-07; view: 568.


 

78.Жанқожа Нұрмұхамбетұлы басқарған көтеріліс:себептері.барысы.ерекшеліктері

XIX ғасырдың 30-50 жылдары Сырдария өзені жағалауын мекендеген қазақтардың тұрмысы барған сайын ауырлай түсті. Бұл жағдай олардың Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісіне әкеліп соқты. Көтерілістің негізгі себептері, Ресей империясының бұл өлкені отарлау саясатының күшее түсуі еді. Біріншіден, генерал В.Перовский 1853 жылы Ақмешітті (қазіргі Қызылорда қаласы) басып алған болатын. Екіншіден, Хиуа хандығы жүргізіп отырған агрессиялық саяхат халықтың ашу-ызасын тудырған еді. Шекті руы басшыларының бірі Жанғожа қарапайым халықтың арасында беделді болды. Ол сол кездегі Сырдария жағалауын мекендеген қазақтардың, әсіресе егіншілердің отарлық қанау салдарынан тұрмысы тіпті нашарлап шаруалары болғанымен, басшылық еткен рубасылары еді.

Көтеріліс оқиғалары стихиялы түрде болды. Сонымен қатар нашар ұйымдасқан жасақтардың жазалаушы отрядтарымен тіке шайқасқа шыққан кездері де болды. 1869 жылы мамырда Орынбор шебінен жіберілген фон Штемпель басқарған 200 атты, бір рота жаяу әскерді Жамансай көлі маңында көтерілісшілер бір жеті бойы қоршап тұрған. Азық-түлік пен жемшөптен қиындық көрген үкімет әскері әскери шепке қайтып кетуге мәжбүр болған.

Көтерілістің жергілікті үстем тапқа, бай-феодалдарға қарсы сипаты да болды. 1869 жылдың наурыз-маусым айларында шаруалар бай феодалдарға қарсы 41 рет шабуыл жасаған, оларға 30 000 көтерілісші қатысқан.

Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістер патша өкіметін қатты алаңдатты. Оның етек алуынан қорыққан орталық басқару орындары мұздай қаруланған әскер жіберіп, көтеріліс болған аймақтағы ауылдарға жаппай оқ боратты, көтеріліске қатысқандарды қуғындады. Көтеріліске белсене қатысқандар мен оған басшылық еткендерді аяусыз жазалады. Ал жеке көтерілісшілер отрядын басқарған сұлтан Арсланұлы, билер Асауұлы, Мұңайтпасұлы, молдалалар Рысқұлұлы, Досұлы және басқалар шаруалар үмітін ақтамады. Олар көтеріліс мүддесіне опасыздық жасап, күресті аяғына дейін жеткізбеді.

Бұл көтерілістің жеңілу себептері бұған дейінгі шаруалар көтерілісінің жеңілуіне көп жағынан ұқсас: қаруларының нашарлығы, ал қарсыластарының жақсы қаруланғандығы, ұйымшылдықтың, ауызбіршіліктің болмауы, көтерілісшілер алдында айқын мақсаттың болмауы.

 

79.Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу барысы және оның салдары..

Негізгі түйін Қазақстанның Ресейге қосылуының табиғи заңдылықтары төңірегінде туындайды. Жалпы Қазақстанның Ресейге қосылуы алдында олардың арасында түрлі сипаттағы байланыстар болған. Жалпы, Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы түрлі бағыттағы байланыстар ерте кезден дамып келеді. ХІУ-ХУ гг. мемлекеттік функциясы күшейіп, экономикалық- империялық мақсат-мүдделері кеңейген Ресей патшалығы шығыс жерлерімен қарым-катынастың тиімді жақтарын іздестіреді. Сауданың түр-түрін жүргізуге, саяси-дипломатиялық байланыстарды нығайтута күш салды.

Әсіресе, орыс патшасы IV Иванның Қазан (1552), Астрахань (1556) хандықтарын, Онтүстік-Батыс Сібірді жаулап алумен Кама сауда жолын құруы Қазақ хандығымен де тікелей түйісуді жеңілдетті. ХУІ-ХУН ғг. қазақ билеушілерінің ортаазиялық хандықтармен сауда және дипломатиялық байланыстарын нығайтуы Ресейдің назарын аудартты. Қазақ даласына деген ынтасы артты. Өйткені, ортаазиялық көпестер өз тауарларымен Еуропаға шығу үшін керуендерін қазақ жерлерімен алып өтетін, оның қауіпсіздік мәселесі бірінші орында тұрды. Өз кезегінде, Ресейде Қазақстан мен Орта Азия территориясындағы геосаяси жағдайдың бірқалыптылығына әбден мүдделі болды. Сондықтан Ресей билеуші топтары да қазақ хандарымен тікелей байланыс орнатуға талпынды. 1573 жылы байланыс орнату мақсатымен қазақ даласына Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігі қазақтармен сауда жүргізуді жөнге салу жөнінде мүмкүндіктерді қарастырды. Алайда, бұл дипломатиялық сапар қазақ жерлеріне жете алмады, себебі, оларды жолда Сібір ханы Көшімнің жиені Мәметқүл қырып салды.

1577 жылы Ноғай ордасынан оралған орыс елшісі Борис Доможиров сол кездері ноғайларға сес көрсеткен, сондай-ақ Ташкентпен және Үргенішпен байланыстары болған қазақ ханы "патша мен және кінәзбен татулықта'' тұрғанын айтты. 1594 жылы Ресейге бірінші қазақ елшілігі келді. Тәуекел ханның елшісі Кұлмұхаммед Мәскеуде аманат ретінде ұсталып отырған өзінің жиені Оразмұхамедті босатуға және орыс үкіметімен достық келісім жасасуға тапсырма алған болатын. ХУ-ХУІ ғғ. өзінің саяси-экономикалық даму жағынан біршама жетістіктерге жеткен Ресей мемлекеті біздің өңірдегі сауда, басқа да стратегиялық мүмкіндіктерді ескере, барынша көтермелеп отырған. Мысалы, 1574 жылы 30 мамырдағы грамотасымен ағайынды Яков және Григорий Строгановтарға Қазақстан және Орта Азия халықтарымен сауда жасауға, ол өңірдегі шикізат қорларын экономикалық айналымга қосуга жол ашты. Жалпы, екі ел арасындағы саяси және экономикалық байланыстардың нығайып, кеңеюіне Ресейде, Қазақстанда бірдсй мүдделі екенін атаған

 

80) Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелері.

Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Өйткені, ол әкімшілік құрылыс, жер қатынастары, сот құрылысы, халыққа білім беру, дін мәселесі сияқты қазақ қоғамының шешуші салаларының бәрін қамтыған болатын.

Қазақстанға әкімшілік басқару жүйесін енгізудегі патша үкіметінің алдына қойған басты мақсаты аймақтағы отаршылдық саясатын күшейту болды. Осыған орай, 1867 жылы 11 шілдеде патша жарлығымен империя құрамында Түркістан генерал-губернаторлығы құрылса, ал 1868 жылы Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтары құрылды. Реформаның ең басты және негізгі міндеті – "қазақ даласын Ресейдің басқа бөліктерімен бірте-бірте қосып жіберу" үшін Ресейге бағынышты халықтарды бір басқару жүйесінің құрамына біріктіру. Сөйтіп, жергілікті ақсүйектерді биліктен ысырып тастап, ру басшыларын әлсіретіп, ойға алған іс-шараларды оңтайлы жолмен оңай әрі тез жүзеге асырып отыру. Жалпы алғанда, реформалар патшалық үкіметтің қазақ даласының жергілікті тұрғындарын және аймақтық табиғат байлықтарын еркін пайдалану үшін орыс капиталына анағұрлым тиімді жағдай қалыптастыру әрекетінен туған еді.

1867-1868 жж. реформа арқылы патша өкіметі қазақ даласын толық отарлауға тырысты. Сондықтан да Қазақстан аумағы облыстарға бөлініп, ал облыстар әкімшілік орталықтарына, қазақ даласымен байланыссыз жататын әр түрлі генерал- губернаторлықтарға бөлшектенеді. Мысалы, Торғай мен Орал облыстары – Орынбор; Ақмола және Семей облыстары – Батыс Сібір; Жетісу мен Сырдария – Түркістан генерал - губернаторлықтарының құрамына кірді. Бұрынғы ішкі Бөкей хандығының аумағы у ақытша Торғай облыстық басқармасына бағынышты болып қалғанымен, ол ұзаққа созылмай, 1872 жылдан бастап Астрахань губерниясының құрамына кірді. Ал Маңғыстау түбегінің аумағы 1870 ж. қазақтардың көтерілісіне байланысты Кавказ әскери округының билігіне өтті. Бұлай бөлшектеулер мен басқаруға өзгерістердің енуінің өзіндік себептері болды. Бұл туралы профессор Б. Сүлейменов: "Патшалық үкіметтің ойынша, Қазақстан жерін түрлі генерал-губернаторлықтар мен әскери округтарға бөлшектеу, қазақ халқының ұлттық бірлігінің қалыптасу жолына кедергі болып, қазақ халқын отарлық е згіде ұстауды жеңілдетуі тиіс еді" - дейді.

Бұл тұстағы генерал- губернаторлардың билік шараларын іске асыратын басқару жүйесі мынадай үш бөлікке бөлінді: облыстық басқармалар, уездік басқармалар және жергілікті басқармалар. Облыстар өз кезегінде уездерге бөлінді. Уездік басқарманың басшылығына орыс чиновниктерінің ішінен облыстық әскери-губернатордың ұсынысы бойынша генерал - губернатор бекітетін уезд бастығы тағайындалды.. Әрбір уезд болыстарға, ал болыстар ауылдарға бөлінді.

Реформаларды жүзеге асыруда патша үкіметі саяси-экономикалық іс-шараларымен қатар өлкені мәдени және руха ни жағы нан да отарлауға басты назар аударған болатын. Халық ағарту ісі патшалықтың сыртқы саясатының үлкен де маңызды саласы болып табылатын. Бұл сала патша үкіметі отарлау саясатының өзекті құралы десе де болады. Бұл саясат Ресейдің қарамағындағы ұлттарды біртіндеп христиан дініне кіргізу арқылы орыстандырып, сөйтіп империяның тұтастығын арттыруға арналған еді. Осыған сай, 1867-68 жж. реформада халық ағарту ісінде жүргізілетін шаралар жан-жақты қарастырылды. Бастауыш мектептерде мұсылман дінін уағыздаушылардың қызметі шектелді. Әкімшілік қазақ мектебіне сабақ беретін ұстаздарда н орыс т ілін білуді талап етті.

1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформалар қазақтардың жаңа көтерілісін туғызды. XІX ғасырдың 60-шы жылдарының алғашқы жартысында Қазақстанда, әсіресе Кіші жүзде отаршылдыққа қарсы жаппай халық наразылықтары өріс алды. Көшпелі халықтың ашу-ызасын туғызған патша үкіметінің салық саясатының күшеюі болды. Оның үстіне қатардағы көшпенділер мен ауқатты отбасылар бірдей міндеткерлік атқарды. Сондай-ақ, жаңа әкімшілік бөліністер ғасырлар бойы пайдаланып келген көшпелі халықтың маусымдық жайылымдарды пайдалану үрдісіне нұқсан келтірді. Салықтар мен міндеткерліктердің күрт көбейтілуі мен әкімшілік-территориялық бөліністердің дұрыс жүргізілмеуі 1868 жылғы Орал мен Торғай облыстарында орын алған ұлттық бас көтерулердің басталуына түрткі болды.

Жалпы XІX ғасырдың екінші жартысындағы реформалардың болмысы туралы, қорыта айтқанда, мынандай түйін жасауға болады. Патша үкіметі Қазақстанға енгізген әкімшілік реформалары негізінде оның саяси дербестігін толығымен жойып, қазақ жерінде империя құрамындағы әкімшілік басқару жүйесін орнатты.

81) Әкімшілік сот реформасын аяқтау, 1886 және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелер,

1886 жылдың 2-маусымындағы Түркістан өлкесін басқару туралы ереже. III Александр патшаның Түркістан өлкесін басқару туралы 1886 жылғы 2 маусымда қол қойған Жарлығы кең-байтақ өлкені басқарудың бүкіл құрылымына реформа жасауды бастап берді. Жаңа ережеге сәйкес Түркістан генерал-губернаторлығына үш облыс: Сырдария, Ферғана, Самарқанд кіргізілді. Кейініректе, 1897 жылы, Жетісу облысы да жаңа генерал-губернаторлықтың құрамына берілді. Облыстардың билігі әскери гу­бернаторларға берілді. Халық саны 800 230 адам, жер көлемі 353 430 шаршы шақырым болатын, көршілес Жетісу облысы 6 уезден: Верный, Қапал, Лепсі, Пішпек, Прже­вальский және Жаркент уездерінен тұрды.

1886 жылғы Ереженің негізгі өзегі бүкіл жер қорын мемлекеттің меншігіне беру болды, ол қазақтардың экономикалық әл-ауқатының негізгі нысаны – мал шаруашылығына орасан нұқсан келтірді. Жерді мемлекеттік меншік деп жариялап, жергілікті халықты жерін беймерзім жалға берушілер деп қараған үкімет, соңғыларына «мал жаюға, то­пырақ және тас, балшық жинауға» құқық бере отырып (253-бап), номадтардан құнарлы алаптардың алып қойылуын тездетті, ол XX ғасырдың басында столыпиндік аг­рарлық реформалардың жүргізілуімен аяқталды. 1886 жылғы Ереженің отаршылдық бағыты салық жүйесінен де өз көрінісін тапты. Ол 1867 жылғы Уақытша ереженің баптарын қайталады; әр түрлі міндеткерліктердің көлемін көбейтті. Мысалы, шаңырақ алымы 4 сомға дейін көбейтілді. Сот құрылымындағы өзгерістер Ережеде көрсетілген жаңалықтардың іске асырылуын заң тәртібімен қамтамасыз етуге тиіс болды және ол рыноктық қатынастарға тартылған әлеуметтік жіктердің мүдделерін қорғауды көздеді. Негізгі үш сот инстанциясы – бітістіруші судья, облыстық сот және үкіметтік Сенат отаршылдық тәртіптер енді ғана орныға бастаған жағдайларда қоғам­ның тіршілігін құқықтық жағынан қамтамасыз етуді реттеген бұрынғы заң ережелерін жоққа шығарды.

1891 жылдың 25 наурызындағы Далалық облыстарды басқару туралы ереже. Өңдеуші өнеркәсіптің ұлғаюы, кен өндіретін өнеркәсіптің біршама тез дамуы, жаңа темір жол желілерінің салынуы, урбанизация үрдісі, жұмысшы табының қалыптасуы – осының бәрі жинақтап алғанда әлеуметтік-экономикалық факторлардың бүкіл жүйесінің өзгеруіне әкеп соғып, Қазақстанды отарлық шет аймаққа айналдырды, барған сайын нығайып келе жатқан рыноктық кәсіпкерлікті заң арқылы қамтамасыз етті.

Ерекше Комитеттің пікірі бойынша, «бірінші алғашқы ереженің» барлық өзгерістері «оның уақытша сипатын жоюға» және оны жүзеге асыру барысында «іс жүзінде кез­дестірілген» алауыздық атаулыны неғұрлым «дәл редакциялау» арқылы жоюға, сондай-ақ «империяның басқа бөлімдеріне неғұрлым қолайлы келуі мүмкін негіздерде» басқару және сот жүйесін дамытуға, толықтыруға тиіс болды. Ұсынылып отырған «Ереже» капитализмнің «кеңейе» дамуына байланысты өзгерістерді ескеру негізінде Қазақстандағы Ресей әскери-әкімшілік өкіметін орнықтыру үрдісін аяқтауға тиіс болды. Сонымен, 1891 жылдың 25 наурызындағы патша жарлығын Қазақстанның әр түрлі тілде сөйлейтін халқының өмірін қайта құруға нысаналы түрде жасалған әрекет деп қарау керек. Жаңа реформаны қабылдау уақыты империя халқының саяси бел­сенділігінің жандануымен, азаттық қозғалысының өрістеуімен ерекшеленді. Облыстарды басқару жүйесі тәртіпке келтірілді: патшаның қалауы бойынша арнаулы «патша жарлығымен» тағайындалатын және босатылатын, далалық генерал-губернаторына бағынатын Ақмола, Семей және Жетісу облыстарының Бас басқармалары құрылды. Генерал-губернатор қайтыс болған немесе қызметінен босатылған, яки ауырған жағдайларда, егер бұл орайда оның міндетін атқаруды император басқа адамға тап­сырмаса, оның міндеттерін жергілікті әскери губернаторлықтың қызмет бойынша дәрежесі үлкені уақытша атқарды.

1891 жылғы ережеде далалық облыстардағы сот құрылысына елеулі толықтырулар мен нақтылаулар жасалды. Ең алдымен онда «Уақытша ереженің» көшпелілерді де, отырықшыларды да Ресейдің ішкі губернияларының селолық тұрғындарына теңестіру туралы бабы нығайтылды.

 

Үкіметтің бұрынғы сот жүйесін қатты өзгертуіне себеп болған негізгі міндет ислам шариғатын уағыздаушы билерді және құқықтық жүйені ығыстырып шығару, олар он­даған ғасырлар бойы пайдаланып келген жеңілдіктерді жою болды. Жаңа ереже билер сотын жойып, халық соты деген жалпы атаумен құқықтық құрылыстың жаңа құры­лымын енгізді.

1891 жылғы Ереженің 119-бабында ел мекендейтін де, мекендемейтін де бүкіл жер қорының мемлекеттік меншік деп жариялануы заңдастырылды, ал жазғы жайлаулар дағды бойынша көшпелілердің пайдалануында қалдырылды; кен кәсіпшілігіне арналған қысқы қыстаулардағы жерлер жалға берілді. Жалпы алғанда 1886–1891 жыл­дардағы Ереже XIX ғасырдың аяғындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму жағдаяттарын көрсете отырып, XIX ғасырдың 20-жылдарының өзінде-ақ бас­талған жаңалықтардың жалғасы және аяқтаушы кезеңі болды.

 

 

82) 1867-1868 жж. «Уақытша ереже» енгізілуіне қарсы Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтардың көтерілістерінің барысы және нәтижесі.

 

Уақыт өткен сайын қазақ даласындағы отаршылдық езгі күшее түсті. Патшаның әкімшілік орындары жаңа бекіністер салу үшін шаруалардың жерін тартып алуды жалғастырды, салықтар көбейе түсті. Үкімет қызметіне көшкен қазақтың ауқатты топтарының өкілдері де қарапайым, қорғансыз халықты қанауда орыс шенеуніктерінен қалыспады. 1867-1868 жылдардағы реформадан кейін бұрынғы шаңырақ салығы 1 сомның орнына 3 сомға дейін өсіріліп, қарапайым халыққа өте ауыр тиді. Осы және басқа да ауыртпалықтар мен зорлық-зомбылықтар 1868-1869 жылдарда Орал, Торғай облыстарындағы болған көтерілістерді тудырды.

Орал мен Торғай аймағындағы көтерілістер патша өкіметінің отаршылдық әрекетіне қарсы бағытталды. Оның негізгі қозғаушы күші қазақ шаруалары болғанымен, басшылық еткен рубасылары еді.

Көтеріліс оқиғалары стихиялы түрде болды. Сонымен қатар нашар ұйымдасқан жасақтардың жазалаушы отрядтарымен тіке шайқасқа шыққан кездері де болды. 1869 жылы мамырда Орынбор шебінен жіберілген фон Штемпель басқарған 200 атты, бір рота жаяу әскерді Жамансай көлі маңында көтерілісшілер бір жеті бойы қоршап тұрған. Азық-түлік пен жемшөптен қиындық көрген үкімет әскері әскери шепке қайтып кетуге мәжбүр болған.

Көтерілістің жергілікті үстем тапқа, бай-феодалдарға қарсы сипаты да болды. 1869 жылдың наурыз-маусым айларында шаруалар бай феодалдарға қарсы 41 рет шабуыл жасаған, оларға 30 000 көтерілісші қатысқан.

Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістер патша өкіметін қатты алаңдатты. Оның етек алуынан қорыққан орталық басқару орындары мұздай қаруланған әскер жіберіп, көтеріліс болған аймақтағы ауылдарға жаппай оқ боратты, көтеріліске қатысқандарды қуғындады. Көтеріліске белсене қатысқандар мен оған басшылық еткендерді аяусыз жазалады. Ал жеке көтерілісшілер отрядын басқарған сұлтан Арсланұлы, билер Асауұлы, Мұңайтпасұлы, молдалалар Рысқұлұлы, Досұлы және басқалар шаруалар үмітін ақтамады. Олар көтеріліс мүддесіне опасыздық жасап, күресті аяғына дейін жеткізбеді.

Бұл көтерілістің жеңілу себептері бұған дейінгі шаруалар көтерілісінің жеңілуіне көп жағынан ұқсас: қаруларының нашарлығы, ал қарсыластарының жақсы қаруланғандығы, ұйымшылдықтың, ауызбіршіліктің болмауы, көтерілісшілер алдында айқын мақсаттың болмауы.

1870 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс.Маңғыстау түбегіндегі шаруалар көтерілісіне себеп болған – 1869 жылғы Уақытша Ереженің енгізілуі. Бұл ереже адайлықтардың жер мәселесін бұрынғыданда шиеленістіріп жіберді. Оның үстіне салық салу мен жинаудың жаңа жүйесі олардың наразылығы мен ашуын шегіне жеткізді. Мәселен, 40 мыңдай отбасын құрайтын адайлықтар екі жылда 160 мың сомдай салық төлейтін болды. Осыған наразы болған адайлықтар елдің түпкір жағына, қашыққа көшіп кетуге бел байлады. Осы көшті тоқтату мақсатында жорыққа шыққан полковник Рукин бастаған жазалаушы отрядқа Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлының жасақтары қарсы шықты. Оларды қолдаушылар көбейіп, көтеріліс бүкіл түбекке жайылды. Александровск форты мен Николаевск станицасындағы балық аулайтын кәсіпшілік жұмысшылары өздері жұмыс істейтін қайықтарды басып алып, иемденді. Сарытастағы балық өнеркәсіпшілігінен тартып алынған кемелдерден жұмысшылар кейінірек Александровск фортын қоршауға қатысқан өзіндік теңіз флотилиясын ұйымдастырды. 1869 жылы күзде жұмысшы қазақтарға Ембі уезіндегі патшаның жазалаушы отряды қуғындаған адайлықтар қосылды. Енді көтерілісшілер саны 10 мыңға жетті. 1870 жылы сәуірде көтерілісшілер Александровск фортына, Николаевск станицасына шабуыл жасады. Форт маңындағы маяктарды өртеді, әскери гарнизонның Нижнее бекінісін талқандап, саудагерлердің үйлерін, дүние-мүлкін тонады. Бірақ көтерілісті басуға келген тұрақты әскердің артиллерияны қолдануы көтерілісшілерді шегіндіруге мәжбүр етті.

Көтерілістің етек алуынан қауіптенген патша үкіметі оны тезірек басуға әрекет жасады. Оны басып-жаншу Кавказ наместнигіне жүктелді. Кавказдан Маңғыстауға Апшерон полкінің батальоны, екі атқыштар ротасы, Дағыстан полкінің төрт ротасы, Терск казактарының екі жүздігі төрт зеңбірегімен жеткізілді. Адайлықтар асқан ерлікпен шайқасқанымен мұндай бақайшағына дейін қаруланған тұрақты әскери күшке төтеп бере алмай, көтеріліс жеңіліске ұшырады. Көтеріліске қатысушылар қатаң жазалауға, қуғын-сүргінге ұшырады, көтеріліс қамтыған аймақ халқынан ақшалай және басқа да алым-салықтар күшпен жинап алынды. Көтеріліс басшылары 1870 жылы желтоқсанда өздерін қолдаушы ауылдармен, көтеріліске басшылық еткен көптеген адайлықтармен Хиуа хандығының жеріне өтіп кетті. Сөйтіп, жазалаудан құтылды.

Маңғыстау көтерілісінің ерекшелігі, негізінен, патша өкіметінің отарлаушылығына қарсы бағытталғандығы.

 

83) XIX ғ.- XX ғ. басында орыс шаруаларын Ресейден Қазақстанға қоныс аудару.

19 ғасырдың бас кезінде Ресей империясында таптық күрес шиеленісе түсті. Патша үкіметі осы таптық күресті шешу мақсатында қазақтардан көптеген жаңа жерлерді тартып алып, оған Ресейден орыс шаруаларын жаппай қоныс аудара бастады.

Ресейден қоныс аударған шаруалар салықтан, әскерден босатылды. Оларға алғашқы кезде ақшалай жәрдем берді. Бұл Қазақстанға қоныс аударған орыс шаруалары Ресей империясының Қазақстанды отарлауының тірегі болды.


<== previous lecture | next lecture ==>
Б)Орта палеолит 10 page | Б)Орта палеолит 12 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.668 s.