Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Б)Орта палеолит 12 page


Date: 2015-10-07; view: 614.


Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аудару, әсіресе Столыпинның аграрлық саясаты кезінде кең өрістеді. Бір ғана 1906 жылдан 1907 жылға дейінгі аралықта қазақтардан 17 миллион десятина құнарлы жер тартып алынды. Қазақтарды құмды, шөлейт жерлерге ығыстырып тастады. Бұл қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауына алып келді.

ХІХ ғасырдың ІІ-жартысында патша үкіметі шаруалар толқуын әлсіретіп, жер мәселесін шешу мақсатында орыс шаруаларын Қазақстан, Орта Азия сияқты ұлттың аймақтарға қоныс аударту мәселесін қолға ала бастады. 1868 ж. “Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы” ереже қабылданды. 1870 жылдан бастап Ресей мен Украинадан Жетісу, Семей, Орал, Сырдария, Ақмола облыстарына көптеген шаруалар қоныс тепті. 1862-1877 жылы Қытайда ұйғырлар мен дүнгендердің азаттық көтерілісі болды. Көтеріліс нәтиежесінде Ұйғыр мемлекеті құрылды. Кейін Цинь империясы Ұйғыр мемлекетін құлатты, Цинь империясының қыспаққа алуы, ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуына себеп болды.

 

 

84) Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуының себептері, мақсаты, барысы.

 

1862-1877 жылы Қытайда ұйғырлар мен дүнгендердің азаттық көтерілісі болды. Көтеріліс нәтиежесінде Ұйғыр мемлекеті құрылды. Кейін Цинь империясы Ұйғыр мемлекетін құлатты, Цинь империясының қыспаққа алуы, ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуына себеп болды.

1883 жылы “Жетісу облысына орыс, ұйғыр, дүнгендерді орналастыру туралы” ереже қабылданды. Қоныс аударған ұйғырлар саны 45000, дүнгендер саны 5000 болды. Жаркент, Ақсу, Ақкент, Малыбай, Қарасу, Қорамса болыстарының негізін ұйғырлар қалады. 1897 жылы Жетісудағы ұйғырлар саны 55999 адамға; дүнгендер саны 14136 адамға жетті.

85) ХІХ ғ.Ресей ғалымдарының Қазақстанды зерттеуі (А.Левшин, В.В.Вельяминов-Зернов, В.В.Бартольд және т.б)

 

86) ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері. «Зар заман» мектебі. Ақын-ойшылдар: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, т.б.еңбектері.

Зар заман көріністері

Отаршылдық дәуiр әдебиетiнiң ақындары шығармаларында ел байлығының талауға түсiп, халықтың кедейшiлiкке ұрынып, қоныстың тарылуы, зорлық-зомбылықтың күшеюi, парақорлықтың етек жаюы, адамдар мiнез-құлқының өзгерiп, ұсақталып, берекесiздiкке түсуi, дiн шарттарының еленбеуi, т.б. жағдайлар кең қамтылып, көркем бейнелендi. Оларды заман қайғысы, өткендi ойлап торығу, алдағы өмiрден шошыну зары бiрiктiрдi. Бұл сарынның көрнектi ақындары — Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Кердерi Әбубәкiр Шоқанұлы, т.б. халықтық поэзияның түрлерiн жетiлдiрдi. Оны заман шындығын бейнелеумен шебер байланыстыруда, реализмдi байытып, адам психологиясындағы өзгерiстердi жарқын суреттеуде, тiл өрнегiнде сан алуан жаңалықтар табуда осы топтағы ақындардың еңбегi үлкен. Олардың бiразы отарлаушыларға шошына қарады, дегенмен шығыс әдебиетiмен, дiни әдебиет үлгiлерiмен жете таныс болуы арқасында көркемдiк құндылығы жоғары туындылар жасады; қараңыз: Зар заман ақындары.

Қазақ әдебиетінің бодандық дәуіріндегі ренессансы

Дулат – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс қалпын өктем зорлықпен бұзған XIX ғасырдың ақыны. Отарлық озбырлықтың күшейгенін халықтың бұрынғы еркін өмірінің еткенін, адамдардың мінез-құлқы мен психологиясында, ойсанасында сахара салты мен түсінігіне жат өзгерістер орын алғанын – бәр-бәрін тумысынан жаны сергек Дулат көзімен көріп, жүрегімен сезініп өсті. Барлық билікті патша қолына алып, қазақтан қойылған билеушілер оның қолшоқпарына, шабарманына айналғаны, ел жайлы қоныс, құнарлы жерлерінен ығыстырылып, бағыныштының кейпіне түскені азамат Дулаттың ойынан шықпайтын қайғы-шері болды. Сахараның ергіндік сүйініш рухы мен даналығын бойына молынан дарытқан, жаратылысынан ерекше дарынды Дулат, міне, осы тарихи жаңа дәуірдің жыршысына, отаршылдықтың айыптаушысына, еркіндік, ынтымақ-бірлігін жоғалта бастаған халқының жоқшысына айналды. Дулат мұндай масқара жағдай ел басшыларының жағымпаздығынан, өз ойлап, халықты ұмытқандығынан болды деп, соларға катты шүйлікті. "Тегімді менің сұрасаң" – деген өлең жазды. Қазақтан шыққан әкімдердің қылықтарын ақын жалпылама, аты-жөнсіз ғана сипаттап қоймайды. Дулат ондай әкімдердің мінін бетпе-бет, кеп адамның алдында айтады. Оның "Бараққа", "Кеңесбайға", "Ешенге", "Ақтанға" деген арнау өлеңдері ақынның батылдығын көрсететін шығармалар болып табылады. Ақын "Кеңесбайға" деген арнауын да екіжүзділігін, араны ашылған парақорлығын айтады. Әділ, турашыл Дулат өз тұсындағы қазақтан шыққан әкім-төренің арасында бірен-саран болса да жұртының жайын ойлайтындары барын жоққа шығармайды. "Сүлейменге" өлеңінде Сүлеймен төрені адалдыры, әділдігі, еліне күйінетіндігі, дұшпанға қаһарлы, қаттылығы, мінезінің сабаз, салтанатының сәнділігі үшін марапаттап, шабытты жырын төгеді. Дулаттың арнау өлеңдері ішінде "Ақтанға" деген өлеңінің сипаты өзгешелеу. Жетім бала Ақтанның өмірі ақынның аяушылық сезімін қозғап, жүрегін тебірентеді. Ал Дулатты баланың болашағы көбірек толғандырады. Ол осы Ақтан баланың бойынан ел тілегін арқалап, халық басына өз еркі өзіндегі өткен дәуренін қайта оралтар ерді, батырды көргісі келеді. Дулат өзінің "Аягөз", "О, Сарыарқа, Сарыарқа!", "Ақжайлау мен Сандықтас" деген тамаша жырларында өзі туған өңірдің көркем келбетін кестелі тілмен суреттей отырып: "Құт-берекелі көркем қоныс енді кімдікі?" – деген сұрақ қояды. Сол арқылы жұрттың туған жерді сүю, қорғау түйсігін оятып, оның қазіргі мына күйіне күйіндіріп, ашындырмақ болады. Туған жерді мадақтай отырып, оқырмандарды (тыңдаушыларды) егілту сарыны Дулат поэзиясына ода түрін әкелді. Ол "О, Сарыарқа, Сарыарқа!" атты өлеңінде қасиетті қара қоныс Сарыарқаның артықша сипаттарын мұнды әуенмен төгілте жыр етеді. "Ақжайлау мен Сандықтас" атты өлеңінде де туып-өскен өңірін "атамның қонған қонысы" деп тебірене, оның келісті көріністерін перзенттік, тіпті сәбилік сүйіспеншілікпен елжірей суреттейді.

Дулаттың "Еспенбет" поэмасы. Ақынның ел өмірінің ескі бір тақырыбына құрып, жазба әдебиет үлгісінде шығарылған бұл поэмасы XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті үшін жаңалық еді. шығармашылығына ортақ елге тірек ер, көсем шықса, халық соның қасынан табылса деген идеядан туған. Хан-сұлтандар халқынан бөлініп, жатқа жағынған, батырлары "қазан бұзар үй тентекке айналған" заманда ер мен елдің бірлігі идеясын халықтың көкейіне жеткізіп, еңсесін тіктемек болған. Сол мақсатпен айбынды бейнелері халық жадынан өшпеген Ер Қосай, Қабанбай, Ақтамберді батырлар заманындағы қазақтардын, қалмақтарға қарсы бір шайқасын өзек етіп алып, батырлық дастан тудырған. "Еспенбет" поэмасы батырлар жырының үлгісінде жазылғанымен, онда, қиял-ғажайып оқиғалар, тылсым күштер, нанымсыз әсірелеулер атымен жоқ. Бас қаһарман Еспенбет те, оның Ақберте аты да, қалмақ, қазақ батырлары да – бәр-бәрі өмір шындығы аясында алынып, суреттеледі. "Еспенбет" поэмасында ұлттық психология, салт-сана, тәрбие-өнеге үрдістері молынан көрінеді.

Поэма көлемі шағын болғанымен, мазмұны бай, бөтен сөз, бөгде шумақтардан таза жинақылығымен де ерекшеленеді. Елге қорған тұлғаны аңсаудан туған "Еспенбет" поэмасы – XIX ғасыр әдебиетінде елеулі орын алатын көркем туынды.

Дәулеткерей алғаш рет жастық сезімнің қарлығашы сияқты «Ақжелең», «Қосалқа» сияқты күйлерін шығарған. Дарынды күйшінің жарқын сезімге, сұлу суреттерге бай өзіндік қолтаңбасы осы күйлерінің өзінен ақ айқын аңғарылады. Жастық шағында ұлы күйшінің жақсыға қызыққанын, жүйрікке құмартқанын, сұлуға сүйсінгенін, тіптен жастыққа жарасатын жалын сезімге бой алдырған сәттерінің аз болмағанын байқау қиын емес. Бұған оның «Қыз Ақжелең», «Қосалқа», «Ысқырма», «Желдірме», «Қоңыр», «Құдаша» сиқты күйлерінің тақырыбы ғана айғақ емес, ең алдымен осы күйлердің жүрек тербер сазы, қалтқысыз сезімі, бозбаладй елпілдеген мінезі куә.

Дәулеткерей өзі туып өскен ортадағы ел жұрттың тағдыр тіршілігіне ерте араласқан. Хан сұлтандықтың өз төңірегіне ғана түгін дүрдиткені болмаса, күні өтіп бара жатқан қаугөрік халін ерте түсінген. Орданың ғана емес, байтақ елдің тағдыры отаршылдықтың қыл тұзағына шырмалғанын ерте сезінген. Дәулеткерейдің ең бір драмалық шиеленіске толы күйлері осындай ахуалмен байланысты дүниеге келген. Ол «Тартыс», «Шолтақ», «Топан», «Жігер» сияқты күйлері арқылы өзі куә болған өмірдің қан сөлін сорғалатып көрсете отырып, сол өмірге суреткер ретінде өз үкімін айтқан. Әсіресе, «Жігер» күйінің жөні бөлек. «Жігер» Дәулеткерейдің ғана шыққан биігі емес, бүкіл қазақ күйлерінің асқар белі.

Егер, дүние шіркіннің дидарында осынау фәни жалғанға жылап келіп, жылап кететін адамның көңілін жұбататын, жүрегін жылытатын, санасын сергітетін бір құбылыс болса, ол Дәулеткерейдің күйлері. Ұлы күйші қиын заманның қасірет қамауына тап болған бейбақ халқын домбырасымен жұбатқан.

Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.

Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері.

Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады. «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа» атты хат үлгісінде жазылған үш туындысы сақталған. Ақын «Қырымның қырық батыр» жырын, Шалкиіз, Қазтуған шығармаларын жеткізушілердің бірі болған. Әсіресе Махамбет өлеңдерін жеткізудегі еңбегі ерекше. Махамбет жырлары Қуан жырау - Мұрат - Ығылман ақындар арқылы біздің заманымызға жеткен.

Мұрат Мөңкеұлы шығармалары «Мұрат ақынның Ғұмар Қазиұлына айтқаны», «Ақын», «Мұрат ақынның сөздері», «Бес ғасыр жырлайды», «Алқаласа әлеумет», тағы басқа жинақтарда жарияланған.

 

87) Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбайұлы және т.б., ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі мен маңызы.

Абай Құнанбаев (1845-1904) – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшыл, ақын, сазгер. Әкесі Құнанбай – Тобықты руының старшыны. Абайдың тәрбиесі үшін анасы Ұлжанның орны ерекше болды. Ол бастапқы білімді үйінде, кейін Семейдегі Ахмет Ризаның медресесінде алды, сол кезде өзінің ақындық талабын көрсете бастады. Ел билеу ісіне баласын тарқысы келген аға сұлтан Құнанбай Абайдың оқуын аяқтатпады. 13 жасынан бастап Абай әкесінің қасында жүріп, сот ісін жүргізуді, билік айтуды үйренді. Бірақ ру тартыстарынан көп нәрсені байқаған Абайдың әкесімен көзқарастары бір болмады. Ол өздігімен шығыс ақындарының шығармаларын, орыстың классикалық әдебиетін оқып танысты. 1882 ж – ең алғаш Лермонтовтың «Бородино» шығармасын аударады. «Қансонарда шығады бүркітші аңға» атты өлеңін жазады. 1870 ж орыс желтоқсаншысы Е.П.Михалиспен, 1880-ж Н.И.Долгополов, А.Льеонтьев танысады. 1886 ж жазылған "Жаз" деген өлеңінен кейін, Абай шығармашылықпен айналысты. Ол Пушкиннің «Евгений Онегинін», Лермонтовтың жалпы саны 27 шығармасын аударды. Жалпы, оның шығармашылығын топтастырғанда, үлкен үш салаға бөліп қарастыруға болады: өзі шығарған төл өлеңдері әлем әдебиетінің озық үлгілерінен аударған өлеңдерітәлім-тәрбиелік маңызы зор ғақлиялар (қара сөздер)

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) – ағартушы-педагог, қоғам қайраткері, ғалым этнограф, жазушы. 1844 ж – әкесі қайтыс болып, атасы Балғожа биден тәрбие алған. 1857 ж – Орынбор Шекаралық Комиссиясы жанындағы қазақ мектебін (1850 ж түскен) алтын медальмен бітірді. 1857 ж Орынбор Шекаралық Комиссиясының төрағасы, шығыстану ғылымының өкілі В.В.Григорьевпен жақын танысп, кітапханасын пайдаланды. 1857 ж – атасы Балғожа бидің хатшысы-тілмашы болды 1864 ж 8 қаңтар – Ыбырайдың басшылығымен Торғайда қазақ балаларына арналған мектеп ашты. Жаңа мектеп ашуға қаржы жинауда, мұғалімдермен қамтамасыз етуде Ыбырайдың педогогикалық көзқарасытары қалыптасты. 1867-1868 жж реформалардағы отаршылдық өзгерістерді алғашқыда пайдалы іс деп қарап, кейін патша үкіметінің отаршылдық-аграрлық саясатын әшкереледі. 1879 ж – Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. 1887 ж – Ырғызда қыздарға арналған мектеп-интернат ұйымдастырды. 1890-1896 жж – орыс-қазақ қыздар училищелері Торғайда, останайда, Ақтөбеде ашылып, барлығы 211 қыз, соның 70-і қазақ қызы оқыған. Ол педагог-ғалымдар Ушинскийдің, Тихомировтың, Бунаковтың, Фармковскийдің және ұлы жазушы Л.Н.Толстойдың педогогикалық мұрасын пайдаланып, екі оқу құралын жазды: "Қырғыз хрестматиясы", "Қырғыздардың орыс тілін үйренуіне басшылық". Қазақ халқының әдет-ғұрпын жинақтай отырып, шығармаларында әдепсіздікті сынады. Отырықшылдықты, жер шаруашылығын дамытудың жаршысы болды. "Қығшақ Сейітқұл", «Талаптың пайдасы», «Байлық неде?» шығармаларында жаңа өмірді, шаруашылықтағы өзгерістерді суреттейді

Шоқан Уәлиханов (1835-65) – жаңа ұрпақты аса көрнекті зерттеушісіне айналды. Шоқан 12 жасына дейін жеке кісінің мектібінде оқыды. 1847 ж күзінде Омск кадет корпусына оқуға түсті

онда жалпы білім беретін пәндер бойынша: география, тарих, орыс және батыс әдебиеті, философия негіздері, зоология мен ботаника, физика, математика, геодезия, құрылыс өнері мен сәулет өнері негіздерін оқыды. 1853 ж кадет корпусын бітіріп, Сібір казак әскерінде қызмет атқаруқа жіберілді. 1857 ж Шоқан Алатау қырғыздарына сапар шегіп, осы сапарында қырғыз эпосы «Манастың» жекелеген бөлімдерін жазып алады. 1857 ж ақпанында оны орыс географиялық қоғамының толық мүшесі етіп сайлады. 1858 ж Қашғарияға жасырын барып, «Алты шардың немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұхария) шығыстық алты қылысының жағдайы туралы (1858-59жж)» әйгілі шығармасын жазды. 1860 ж Соғыс министрінің шақыруымен Қашғарияны зерттеуші Петербургке келіп, Орта Азия мен Қазақстан халықтары өмірінің білгірі ретінде қарсы алынып, Орденмен наградталды және шені жөнінен жоғарылатылды. 1864 ж көктемінде Черняевтің Оңт. Қазақстан аймағын Ресейге қосу мақсатындағы экспедициясына қатысты. 1865 ж наурыз айында Алтынемел қыраты баурайындағы Көшен-Тоған деген жердегі Тезек ауылында қайтыс болды. Ш.Уәлиханов Шығысты зерттеуші Г.Н.Потанин, И.Н.Березин, А.В.Васильев, А.Н.Бекетов т.б. ғалымдармен, Ф.М.Достоевский, петрашевшіл С.Ф.Дуров т.б. жазушылармен достық жақын қарым-қатынаста болды. П.П.Семенов-Тянь-Шанский тәрізді белгілі адамдар оның еңбектеріне көніл бөліп отырды. Уәлиханов Орта Азия және Шығыстың тарихы мен мәдениетәне арналған еңбектерімен қатар, қазақ халқыны әдебиеті мен мәдениетіне байланысты зерттеулер жазды. «Қырғыздардың (қазақтардың) ата-тегі туралы», «Қырғыздарда (қазақтарда) шаман дінінің қалдығы хақында», «Қырғыздардың (қазақтардың) көші-қоны туралы», «Қырғыздар туралы» т.б. күрделі еңбектерін туғызды. Халықтың ең сүйікті эпикалық жырларының бірі – Қозы Көрпеш-Баян сұлу поэмасын қағаз бетіне түсірді. Өзінің «Жазбалар» жинағында өкімет атына «Даладағы мұсылмандық туралы», «Көшпелі қырғыздар туралы», «Сот реформасы туралы» еңбектерін жазды.

 

 

88) ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы.

ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстан Ресей империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар басым болған аграрлы-отарлық шет аймағы болды.

Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының көп бөлігін иелік етіп қана қоймай, сонымен бірге қазақтарды рухани жағынан отарлады. Халықты тілінен, дінінен, жерінен айыру бағытында қатыгездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асыра бастады.

Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған “Қазағым менің, елім менің” – атты мақаласына былай деп ашына жазған еді: “Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық, оның ешқандай правосы жоқтығы кек тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті керек емес нәрселерге жұмсалады.

Енді патша чиновниктері біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға тиісе бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды”.

ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей империясында таптық күрес шиеленісе түсті. Патша үкіметі осы таптық күресті шешу мақсатында қазақтардан көптеген жаңа жерлерді тартып алып, оған Ресейден орыс шаруаларын жаппай қоныс аудара бастады.

Ресейден қоныс аударған шаруалар салықтан, әскерден босатылды. Оларға алғашқы кезде ақшалай жәрдем берді. Бұл Қазақстанға қоныс аударған орыс шаруалары Ресей империясының Қазақстанды отарлауының тірегі болды.

ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейден, Украинадан Қазақстанға 1,5 миллионға жуық адам келді.

 

89) 1905-1907 жж.бірінші орыс революциясының Қазақстанға әсері.

1905 жылы 9 қаңтарда "қанды жексенбіден" басталған 1 орыс төңкерісінен Қазақстанда сырт қалмады. Ақған айында Түркістанда, Перовскіде, Жусалыда, Шалқарда демонстрациялар, мамыр айында Верный, Қостанайда жұмысшы стачкалары болды. 1905 жылы жазда қазақ халқының үкіметке наразылығы ұйымдасқан және саяси сипат алды. Қозғалыстың басында ұлттық интеллигенция, оның басты жетекшісі Ә.Бөкейханов тұрды. Ол 1905 жылы жазда Қоянды жәрмеңкесінде 14500 адам қол қойылған Қарқаралы петициясын дайындаушылардың бірі болды. Петицияда қазақ халқының өмірлік маңызды мұқтаждары, аграрлық, діни мәселелер айтылды. 18-19 қазанда Орынборда жаппай саяси ереуілдер, 25 қазанда Омбыда саяси демонстрация, 16-28 қарашада Семейде ғочта-телеграф қызметшілерінің ереуілдері болды. Жұмысшы, шаруа қозғалысына, 6-7 қарашада Батыс Сібір ғолкының солдаттары, ал 21 қарашада Жаркент гарнизонының солдаттары қосылды. Қазақ және орыс жұмысшыларының ең ірі бас көтерулері Успенск руднигінде болды. Оны "Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы" басқарды. 1905 жылы 6 желтоқсанда жұмысшылар жалақыны көбейту, еңбек пен тұрмысты жақсарту және т.б. мәселелерді қамтығ петиция жазды. 10 желтоқсанда олардың талағтарының бірқатары қанағаттандырылып, ереуіл әлсіреді. 1905 жылы желтоқсанда Өскеменде, Павлодарда және т.б. қала, елді мекендерде толқулар болып өтті. 1906 жылы ақпанда Семейде қазақтардың съезі өтіп, онда қоныс аударуды тоқтату, жерді қазақ халқының меншігі етіғ тану, тіл, дін тұту еркіндігі, ана тілінде білім алуды дамыту т.б. талағтар айтылды. 1906 жылы 3 шілде де 500 жұмысшы қатысқан стачка Семейде болды. Революциялық қозғалыс Ресейде екі жарым жылға созылды. 1905 жылы 17 қазандағы Манифест бойынша Ресейде Мемлекеттік Дума өмірге келді. 1906 жылғы 27 сәуірден 8 шілдеге дейін өмір сүрген 1 Мемлекеттік Думаға Қазақстаннан 9 депутат сайланды. Думада өткір сыналған аграрлық мәселе, Думаның таратылуына себепші болды. 1907 жылы 20 ақпанда өз жұмысын бастапан 2 Мемлекеттік Дума да аграрлық мәселе баса айтылды. Қазақстаннан оған 13 депутат (оның бірі - тұңғыш инженер М.Тынышбаев) қатысты. Революциялық толқудың әлсіреуі 1907 жылы 3 маусымда патшаның 2 Думаны таратып жіберуіне әкелді. Бұл төңкерістің жеңілгенін көрсетті. Қазақстан халқының 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалысқа қатысуы, олардың ұлттық және әлеуметтік бостандықтарды жеңіп алу жолындағы тәжірибе мектебі болды.


<== previous lecture | next lecture ==>
Б)Орта палеолит 11 page | Б)Орта палеолит 13 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.553 s.