|
Б)Орта палеолит 13 pageDate: 2015-10-07; view: 740. 90. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен рөлі Ұлттық-отаршылдық езгінің күшеюі, өлкеге капиталистік қатынастардың енуі, патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ халқының ұлттық сана-сезімін өсірді. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы белсенді әрекеттері күшейе түсті. Қазақ зиялылары қазақ халқының империя құрамында өзгелермен тең құқықты болуына қол жеткізу жолында күресті. Олар қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірудің әдіс-амалдарын қарастырды, өз халқының отаршылдық езгіден азаттық алу жолындағы күресіне көмектесуге ұмтылды. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, М. Шоқай, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ә. Ермеков, Ж. Ақбаев, О. Әлжанов, т.б. танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесі тең даму жолына бастай білді. Ұлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына жәрдемдесіп, халықтың құкықтық, эстетикалық санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ықпал етті. Олар өз үлгі өнегесімен қазақтың болашақ қоғам қайраткерлері М. Жұмабаев, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, А. Сейітов, X. Болғанбаев сияқты көптеген жас ұрпақты тәрбиелеп өсірді. Қазақ зиялылары өздерінің мақалалары мен шығармаларын Қырым татарларының «Тәржіман», Еділ бойы татарларының «Ихтисад», «Шора», «Уақыт» және «Жұлдыз» сияқты басылымдарында жариялады. Онда патша үкіметі әкімшілігінің қазақтардың ежелгі заманнан бергі ата қонысын тартып алып, оларды жаппай қуып шығу саясатын сынады. Мақала авторлары сонымен қатар қазақ халқына христиан дінін күштеп таңып, оларды шоқындыруға, қазақтардың ана тілін қолданыстан ығыстырып шығаруға тырысқан келеңсіз әрекеттерге қарсы күресті. Жалпыұлттық демократиялық қозғалыстың көсемі Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қызметі Қазақ халқының ұлттық-демократиялық қозғалысының жұрт кеңінен таныған көшбасшысы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов болды. Ол 1870 жылы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысына қарасты №7 ауылда дүниеге келді.. XIX ғасырдың соны мен XX ғасырдың бас кезінде Ә. Бөкейханов әуелі Тобыл губерниясын зерттейтін, кейін Ф. Щербинаның статистикалық экспедициясының жұмысына белсене қатысты. Осы кезеңде ол қазақ елінің экономикалық жай-күйін, шаруашылығын, этнографиясын, тұрмыс-салтын, материалдық және рухани мәдениетін зерттеді. 1903 жылы Петербургте «Ресей. Өлкеміздің толық географиялық сипаттамасы» деген ортақ атпен осы басылымның он сегізінші томы жарық көрді. Оның авторларының бірі Алаш қозғалысы көшбасшысы Ә. Бөкейханов еді. 1905 жылы Әлихан Бөкейханов Ресейдің земство және қала кайраткерлерінің Мәскеуде өткен съезіне делегат болып қатысты. Сол съездің биік мінберінен сөз сөйлеген ол өз халқының мүддесін, соның ішінде қазақ тілінің мәртебесін қорғап, былай деп мәлімдеді: «Мен Оралдан Алтайға, Сібір темір жолы желісінен Омбыға дейін... созылып жатқан орасан зор аумақта тұратын қырғыз деген халықтың өкілімін... Бізде... қырғыз тілінде оқытатын мектептерге қысым жасалады... шаруалар бастықтары (олардың басым көпшілігі бұрынғы ротмистрлер) әкімшілік және құқықтық істі қарау кезінде қырғыз тілін қолдануға мүлде жол бермейді. Қырғыздар ана тілінің еркін қолданыста болуына өте мұқтаж...» Ә. Бөкейханов халықтың біртуар перзенті, қазақ ұлт-азаттық қозғалысының шын мәніндегі көсеміне айналды. Омбы жандарм басқармасы бастығының мойындағанындай, ол «барлық митингілер мен петициялардың және үкіметке қарсы үгіттердің ұйытқысы, даладағы... қазақтардың барлық мәдени-саяси қозғалысының көшбасшысы және жетекшісі» болды. 1905 жылы Ә. Бөкейханов Ресей конституциялық демократтар (кадет) партиясына мүшелікке қабылданды. Осы жылы Қарқаралыда орыс отаршылдығына қарсы өткен қозғалысқа басшылық жасап, петиция ұйымдастырды. Ресейдің I Мемлекеттік Думасына Семей облысынан депутат болып сайланады. 1905—1907 жылдары кадеттердің «Степной пионер», «Степной край», «Иртыш», «Омич», «Голос» атты газеттеріне белсенді түрде мақалалар жазып тұрды. 1913 жылы Ә. Бөкейханов ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілері А. Байтұрсынов және М. Дулатовтармен бірге тұңғыш жалпыұлттық баспасөз ұйымы — «Қазақ» газетін ұйымдастырды. Газет беттерінде халыққа білім беру, ұлттық сана-сезімді ояту хақында көптеген құнды дүниелер жарық көрді. Ә. Бөкейханов ғылыми жұмыспен де белсене айналысты. Мәселен, ол Орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің жұмысына қатысты. Ол екі тілге бірдей жетік еді, қазақша да, орысша да еркін жазды. Оның қаламынан көптеген тарихи және этнографиялық туындылар, атап айтқанда, «Қырғыздар» («қазақтар» - авт.), «Сұлтан Кенесары Қасымовтың тарихына қатысты материалдар», «Қарқаралы уезіндегі қырғыздардың рулық құрылымы», Абай қазасына арналған «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» атты қазанамалық мақаласы, тағы басқа зерттеулері жарық көрді. Әлихан Бөкейханов 1917 жылдың 21—26 маусымында Орынборда I Бүкілқазақ съезін өткізіп, «Алаш» партиясы атқару комитетінің төрағалығына сайланады. Сол жылы Орынборда өткен «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезінде «Алашорда» үкіметі құрылып, Ә. Бөкейханов оның төрағасы болып сайланды. Кеңес өкіметі кезінде ол бірыңғай ғылыми, әдеби, аудармашылық қызметпен айналысады. Жазықсыз қуғынға ұшырап, 1937 жылы ату жазасына кесіледі. 1989 жылы ақталды. 91. XX ғ. Басындағы қазақ баспа сөзі. XX ғасырдың басында қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының өрістеуімен байланысты ресми емес қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы орын алды. 1911 жылғы 10 қаңтарда Тройцкіде бірінші қазақ журналы «Айқап» жарық көрді. Журналдың ұйымдастырушы – баспагері және редакторы Мұхамеджан Сералин (1872-1969 ж.ж) болды. Ол демократияшыл зиялыларды либерал-револлюциялық ниеттегі студент –жастарды топтастырып , олардың назары мен жігерін жалпыұлттық проблемаларды шешуге бағыттады.»Айқап» журналы 1911 жылғы қаңтардан 1915 жылғы қыркүйекке дейін алғашқы кезде айынабір рет, ал кейін 2 рет шығып тұрды.»Айқап» жер мәселесіне зор көңіл бөліп отырды. Өйткені патша өкіметі орыс және украин шаруаларын өлке жеріне көптеп қ оныстандыру мақсатында қазқтардың құнарлы жерлерін күштеп тартып алуды өрістетті, арнайы «қоныс аудару қорын» құрды. Журнал ағарту ісі мен мәдениеттің жаршысы болды. Сондай ақ «Айқап» журналының қазақ фольклорын зерттеудегі , абайтануды қалыптастырудағы, орыс және дүниежүзі классикалық әдебиетінің рухани мұрасын насихаттауда айтуға тұрарлық істер атқарды. XX алғашқы ширегінде Қаз-н қоғамы өмірінің барлық жақтарын қамтып жазуда апталық басылым «Қазақ» газаетінің рөлі зор болды. Газеттің 1913 жылғы ақпаннан 1918 жылғы қаңтарға дейін 3 мың дана таралыммен 265 нөмірі жарық көрді «Қазақ» газетінің редакторы аса көрнекті ақын, көсемсөзші, түркі тілінің маманы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов болды. Газеттің негізгі идеялық-теориялық салмағын біртұтас болып біріккен ғажайып үштік- А. Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов көтерді. Олар «Қазақ» газетінде жарияланған материалдардың жартысынан астамын өздері жазды Тек Ә.Бөкейхановтың өзі газет үшән 200-дей мақала жазыпты. Ал А.Байтұрсынов алғашқы бағдарамалық мақаласында газет «ұлттың көзі, құлағы және тіл» -деп жоғары бағалады. «Қазақ» газеті XXғасырдың басындағы ұлт-азатық қозғалысының стратегиясын анықтап берді. «Қазақ» газетінің беттерінде патша өкіметінің аграрлық саясатындағы отаршылдықтың мәнін, қазақ шауаларының құнарлы жерлерін алып қою және қоныс аудару қоры құрылуының нәтижесінде шаруалардың жерсіз қалу үрдісі ашылып көрсетілді. Газет қазақтардың отырышылықты өмір сүруге көшуін, сөйтіп егіншілік мәдениетін меңгеруін жақтады. «Қазақ» басылымы сонымен қатар әйел және ұлт мәселелерін батыл көтерді, дәрігерлік, агрономиялық білімдерді таратты. Газет дінді мемлекет пен мектептен бөлуді жақтап, діни экстремизмге қарсы шықты. «Қазақ» басылымының жұмысына Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, Ғ.Қарашев, С.М.Торайғыров, Ж.Аймауытов, Ж.Ақбаев, Х.Досмұхамедов, С.Дөнентаев, М.Шоқай, М.Тынышбаев және тағы басқа да көптеген көрнекті қазақ зиялылары белсене қатысты. 1913 жылы қыркүйектен Петропавловскіде татар және қазақ тілінде «Есіл даласы» атты газет шыға бастады. Оған жылдың соңында «революциялық идеяларды таратқаны» үшін тыйым салынды. 1916 жылдан 1917 жылдың соңына дейін Ташкентте К. Тоғысов басшылық жасаған апталык «Алаш» газеті шығып тұрды. 1917 жылғы Акпан революциясынан кейін өр түрлі бағыттағы бірқатар газеттер мен журналдар шыға бастады: маусым айынан бастап Семейде «Сарыарқа» апталық басылымы, «Абай» әдеби журналы мен «Халық сөзі» газеті, Оралда - «Ұран» газеті, Ташкентте пантүріктік жене жәдит бағытындағы екі басылым - бас редакторы Мұстафа Шоқай болған «Бірлік туы» мен «Жас алаш» газеті, Акмолада «Қазак» газетіне жақын позиция ұстанған «Тіршілік» газеті шыға бастады
92.Қазақстан Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында.(1914-1918жж)XIX ғасыр Қазақстан үшін Ресей империясына тұтастай бодан болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың басында ол шикізат өндіреті әрі сауда рыногы болып танылған отар өлке санатында жалпыресейлік шаруашылық кешенінің құрамды бөлігіне айналды. Ресей капиталистік экономика жолына кеш түссе де, жеңіл дамып, орташа дамыған екінші лекте өзін нық сезінді. Ресейдің алға шығуына негізгі кедергі –феодализм қалдықтары: биліктің патшалық болмысы, дворяндардың үстемдігі, халық бұқарасының саяси биліктен шеттетілуі болатын.XX ғасырдың басында капиталистік елдер арасындағы қайшылықтар күшейе түсті. Қазақ сахарасының болмысы XX ғ басында күрделене түсті. Ресей Азиялық Шығысты отарлауы жедел қарқынмен жүргізді.1907-1912 ж кезінде Қазақстанға Ресейден 2млн 400 мың адам әкеліп қоныстандырылды. Қазақтар шұрайлы жерінен айырылды. 1917 жылға қарай Қазақстанда қоныстанған жерлерге, помещиктік жер иелеріне, монастырьларға, қалалар мен теміржолдар үшін бөлінген өңірлерге ең жақсы егістік мен жайылымдардың 45млн-нан астам десятина жері тартып алынды. Қоныстанушылар жалдамалы еңбекті пайдаланды. Өз елінде жерсіз қалған қырғыз-қазақжалшылары пайда болды. «1899жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды»,-деп жазды Т.Рысқұлов. Өлкені талауға салу I.Д.Ж соғыс жылдарында бұрынғысынан да жеделдете жүргізіліп, ауқымды сипат алды. Қазақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алды. Салық мөлшері өсіп, соғыс салығы енгізілді, мемлекеттік заемдар таратылды, баж салығын толеу міндеттелді, жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді теміржол станциясына тасып жеткізуге мәжбүр болды.
93. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің себептері,барысы, нәтижесі және маңызы. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғалысы жылнамасының жарқын беттерінің бірі. Ол әлемдік империалистік соғыстың шиеленіскен уақытында. Ресейде шаруалар мен жұмысшылар қозғалысының белең алған кезінде өтті. Ресейден шаруаларды жаппай қоныс аудару саясаты, қазақ шаруашылығының құлдырауы, азамттық құқықтың шектелуі Қазақстанда ұлттық қатынастың шиеленісуіне әкелді. 1916 жылы патша әкімшілігі ресейлік отаршылдар үшін жаңадан жер тартып алуды ойластырды. А.Байтұрсынұлы сонау 1913 ж өзінде: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды»,-деп жазған еді. Көтерілістің негізгі себебі ұлттық және әлеуметтік езгінің халықтың кегін қайнататын деңгейге жетуінен болды. Қазақтан қара жұмысқа жігіт алу- көтеріліске себеп болған негізгі фактор еді. 1916ж 25маусым күні орыс емес «бұратана» халықтардың 19-43 жас аралығындағы ер-азаматтары соғысып жатқан армия ауданында қорғаныс құрлыстарын салу мен тыл жұмыстарына «реквизицияланатыны» жөніндегі патша жарлығы жарияланды. Алдын ала жасалған есеп бойынша,390 мың адам алу көзделді.Аталған Жарлық қазақ далысын өте ауыр жағдайға қалдырды.Тыл жұмыс-тарына жұмылдыру егін өнімдері мен пішін жинау,малды қысқы жайылымдарға айдауға дайындық кезінде жүргізілді.Іс жүзінде жұртшылық аштан қырылуға душар болды.Байырғы халықты тыл жұмыстарына ша-қыру халықтың ашу-ызасын тудырып,Орталық Азия халықтарының Ресей отаршылдығына қарсы қуа-тты көтерілісінің басталуына себепші болды.Көтерілістің құлаш сермеуінен сескенген патшалық өкімет орындары 20 шілдеде шақыруды егін өнімдерін жинағанға дейін,ал 30 шілдеде 1916жылдың 15 қыркүйегіне дейін кейінге қалдыра тұру жөнінде хабарлады.Бірақ өкімет орындарына отарлық езгіге қарсы көтеріліс жалынын өшірудің сәті түспеді.Көтерілістің негізгі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипатты факторлары:отарлық езгінің күшеюі,еңбекшілерді аяусыз қанау,күшпен орыстандыру жөніндегі патша саясаты,ұлт араздығын қоздыру,еңбекші бұқараның соғысқа байланысты жағдайының нашарлауы. Стихиялы түрде басталған қозғалыс біртіндеп ұйымдасқан сипат ала бастады. Оның Торғай мен Жетісуда дала халқы-ның танымал өкілдері,көпке белгілі жетекшілері Амангелді Иманов,Әліби Жангелдин, Тоқаш Бокин,Бекболат Әшекеев т.б.бастаған ірі орталықтары пайда болды.Қазақтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі патша Жар-лығы Орынборға 1916жылғы 28 маусымда жетті.Торғай обл-ның әкімшілігі метро-полияның тікелей өкілдігі ретінде патша жарлығын сөзсіз,бұлжытпай орындау жөніндегі шешім қабылдады.Алайда ха-лық наразылығы күн санап өсе түсті.Қостанай,Ырғыз,Ақтөбе уездерінде шаруалардың стихиялық бас көтерулері басталды.Көтерілісшілер тау шатқалда-рына топтасып,пошта бекеттеріне шабуыл жасады,темір жолды бұзды,болыстық басқармаларды тал-қандап,болыстарды өлтірді.Көтеріліс Солтүстік Қазақстанның көптеген облыстарын қамтыды.Торғай уезінде А.Иманов бастаған ірі көтерілісшілер жасағы құрылды.Көтеріліске дейін-ақ Амангелді даладағы халық бостандығын жақтаушы,орталық тәтіптің бітіспес қарсыласы ретінде танылған еді.Ол бірнеше рет те түрмеге де түсті,заңсыз сотталған жерлесте-рінің ісімен Петербургке де сапар шекті1916ж шілдеде Амангелді қазақ жасақтарын көтерілісшілердің бірыңғай сапына жинай бастады.Көтерілісшілер Амангелдіні көтерілісшілер әскерінің бас қолбасшысы–сардарбек,Оспан Шолақты оның көмекшісі етіп,Әбдіғапар Жанбосыновты хан етіп сайлады.Амангелдінің әскері көтерілісшілердің басқа жасақтарынан ұйымдасқандығы және тәртібімен ерекшеленді.Сарбаздар ондық,жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді.Басқару жұмысы штаб міндетін атқарған Әскери Кеңес арқылы жүзеге асырылды.Ақпан революциясының қарсаңында,Қазақстанның басқа облыстарында әскери қимылдар тоқтаған-да,Торғай даласында жазалаушылар отрядтары мен көтерілісшілер арасындағы шайқастар жалғасып жатты.Ақпан төңкерісінің жеңісінен соң даладағы көтерілісшілер отрядтарының саны шұғыл өсті,ал 1917 ж-ң соңында Амангелді Торғайды алды.Көтеріліс Жетісу өлкесіне кең тарады.Мұндағы өзгешелік жаппай бой көрсетулерге тек қазақ еңбекшілері ғана емес,бас-қа халықтардың өкілдерінің де қатысуы еді.1916-1917 ж-ы көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтып,ұлт-азаттық қозғалыс дәрежесіне дейін өсті.Ол патшаның әскери-басқыншылық саясатына,әрі белгілі дәрежеде даланың жемқор бай феодалдарына қарсы бағытталды.Бұл көтерілістің негізгі мақсаты ұлттық және саяси жағынан азаттыққа қол жеткізу,Қазақстанның барлық азаматтарына тең қарым-қатынас пен құрметті талап ету еді.Көте-рілістің негізгі қозғаушы күші қазақ шаруаларының қалың бұқарасы,сонымен бірге қалыптасып келе жатқан жұмысшы табының өкілдері,қолөнершілер болды.Көтеріліс сипаты жағынан ұлт-азаттық,соғысқа,патшаға қарсы көтеріліс болды.Антифеодалдық сипаты да бар еді.1916 ж көтеріліс Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының ұлттық сана сезімінің өсуіне қуатты түрткі болды Сонымен бірге зиялы қауым өкілдері майданға қара жұмысқа аттанған жігіттерге барынша жәрдем жасады, арнайы майдан даласынада барды.Тарихи маңызы: Қазақ халқының рев-қ таптық санасы өсті, Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды, қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды, Ресей империясындағы азттық күрестің шырқау шыңы болды. 94. Қазақстан 1917 ж. Ақпан революциясынан кейінгі кезеңде. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімдері. 1917 жылғы Ақпан рев-н кейін Қаз-ң солт облыстарында кадеттер ұйымы жұмысын жандандыра түсті. Семейде ол «Свободная речь» деген өз газетін шығарып тұрды. Кадеттер бөлінбес біртұтас Реседейді, Коституциялық монархияны қалыптастыру саясатын жақтады. Кадет партиясы Орталық комитетінің мүшесі Ә.Бөкейханов мұндай бағдарламалық қағидалармен келіспейтінін, өзінің бұл партиядан шығатынын мәлімдеді. 1917 жылдың көктемінде эсер ұйымдары пайда болды. 1917 ж жазға қарай барлық кеңестер(Черняев кеңесінен басқасы) солардың қолында болды. Сонымен қоса Оралда, Атырауда, Петропавлда, Павлодарда, Көкшетауда, Семейде казак партиясының бөлімшелері жұмыс істеді. Сөйтіп Ресейдегі сияқты, оның ұлттық аймағы – Қазақстанда да көппартиялы жүйе қалыптасты. Қазақстанда ұлттық, діни, таптық, сословиелік негізде пайда болған әртүрлі партиялар мен топтар өзара келісімге келе алмай, бір-бірімен шиеленіскен айтыс жүргізді. Сонымен бірге 1916 жылғы қозғалыс, оның ізінше болған 1917 жылғы Ақпан революциясы Қазақстанның халық бұқарасын дүр сілкіндіріп, тарихи үрдістің дамуын жеделдетуге себепші болды. Бірінші Жалпықазақ съезі.1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл съезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз: · 1) Мемлекет билеу түрі; · 2) Қазақ облыстарында автономия; · 3) Жер мәселесі; · 4) Оқу мәселесі және т.б. Мемлекетті билеу түрі Ресейде демократиялық, федеративтік парламенттік республика болу керек деп көрсетілген Н.Мартыненконың «Алашорда» атты құжаттар жинағында. Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекетінің әлде Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды. Бірақ бұл съезде нақты пікірге келе алмады. Ал жер мәселесі Құрылтай сиезіне қалдырылды. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, оқу-ағарту, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі («Народный сот») таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға» тиіс болды. Келесі мәселе оқу-ағарту саласы: «міндетті бастауыш оқу енгізу», «бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде» жүргізілу керектігі айтылып, тіл мәселесін айрықша назарға алған және білім берудің тегін болуы талап етілген. Білім алудың орта, арнайы, жоғарғы сатылары да айтылған 95. Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасы Алаш партиясыың құрылыуы Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: «Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса бағдарламасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды». 1917 жылғы 21—26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шуро-и-Исламға» сайланған қазак өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық федеративтік парламенттік республикаға құрылмақ...». Съездің соңғы күні жаңа қалыптаса бастаған партияның басшысы Ә.Бөкейханов ресейлік Кадеттер партиясына мүшеліктен шығатынын және оның себептерін мәлімдеді. Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұспа-тұс келді. «Қазақ» газеті өзінің бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ» басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» деп қою туралы жеделхаттар жіберілді.
|