Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Б)Орта палеолит 14 page


Date: 2015-10-07; view: 741.


Алаш партиясының облыстык ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастады. Ә.Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазанның 12—20 аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде, кейін Омбыда, ал карашаның 10-на қарай Орынборда ашылды. Семей облыстық партия комитетінің төрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев, ал Торғай обкомының төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Партияның арнайы съезін шақырып, баскару орындарын сайлауға, жарғысы мен бағдарламасын бекітуге қолайлы жағдайдың болмауынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат есебінде тіркелген топ партияның басқарушы ұйытқысы саналды.

Алаш партиясының бағдарламасы

Алаш партиясы жарияланған бағдарламасында Ресей мемлекетінің демократиялық, федеративтік республика болғандығын жақтады. Бағдарлама бойынша шашыраңқы қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемлекетке бірігіп, автономиялық негізде Ресей Федерациясының құрамына еңбек. Әлеуметтік қатынаста феодалдық ақсүйектер құқын шектеу, таптық жіктелуді жеделдету мәселесі қойылған жоқ, керісінше, жалпыұлттық мүдде, ұлттык тұтастық бағытына басымдылық берілді. «Алаш партиясы ғаділдікке жақ, халі нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұртты тарқы ету жағына бастайды» деп көрсетілді. Салық мәселесі де осы тұрғыдан шешілуге тиіс болды. «Салық мал-ауқат, табысқа қарай байға байша, кедейге кедейше ғаділ жолмен салынады, ...бар жұмысшылар заң панасында болады».

Бағдарламаның антифеодалдық сипаты «негізгі құқық», «ғылым-білім үйрету» сияқты тарауларынан байқалады. «Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей, адам баласы тең. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап басуға еркіншілік», заң орындарының рұксатынсыз жеке адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінту жүргізе алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды, т.б.

Бағдарламадағы ең негізгі мәселе — жер мәселесі. Қазак жері, оның асты-үсті байлығы қазақ елінің меншігі болуға тиіс. Қазақ елінің ықтиярынсыз ішкі Ресейден қоныс аудару токтатылады. Жер мәселесіне байланысты заң қабылданып, қазақ алдымен өз жерінен енші алады. Жер сыбағасы тұрған жерінен, атамекенінен әркімнің тілегіне сай ауылға, ұлысқа, руға бөлінеді. Адам басына, жеке үй басына тиетін сыбаға жер шаруаға, жердің топырағына, жергілікті табиғатына байлаулы болады. Жер сыбағасын жергілікті жер комитеттері анықтайды. Заң жерді сатуға тыйым салады.

1917 жылдың соңына карай ұйымдық тұрғыдан қалыптасқан Алаш партиясының жергілікті ұйымдары облыстық, уездік Қазак комитеттері, ал жергілікті сауатты, партиялық ниеттегі зиялылар партияның активі, тірегі болды. Алаш партиясы күрделі үш ірі мәселені шешуге үлкен үлес қосты. Біріншіден, партия мүшелері халық арасында, қазақ зиялылары ішінде, ең алдымен, шешілуге тиіс жалпыұлттық зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелер бойынша ортақ тұжырымдарға келуде басты рөл аткарды. Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасында берілді. Екіншіден партияның ұйытқысы болған қайраткерлер 1917 жылы желтоқсанда қазак елінің Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекеттігі өмірге келгенін жария етті. Осы съезде өмірге Алашорда — ұлттық Кеңесі үкіметі келгені мәлім. Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін Алаш партиясының мүшесі санағандығы күмән тудырмайды. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлауында барлық қазақ қайраткерлері Алаш партиясының атынан тіркелді және оның атынан депутат болып сайланды. Осы құрылтайға депутаттар сайлау барысында барлық қазақ облыстарында Алаш партиясы ең көп дауыс алған партия болды. Объективті жағдай, күрделі де қатал өмір ағымы Алаш партиясының саяси күреске білек түріп араласып кеткен ірі саяси күшке айналуына мүмкіндік бермеді. Қым-қиғаш азамат соғысы тұсында ондай міндетті тек Алашорда үкіметі ғана атқара алатын еді.

96. 1917 жылғы Қазан төңкерісі: мәні мен мазмұны. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. Қазан төңкерісі —Қазан төңкерісі кеңестік тарихнамада, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құжаттарында күллі адамзат тарихына түбірлі өзгеріс енгізген, жаңа заманды капитализмнен социализмге өту дәуірін ашқан 20 ғ-дың басты оқиғасы деп дәріптеліп келді. Шын мәнінде Қазан төңкерісі көп ұлтты Ресейдің, оның құрамына енген көптеген елдер мен халықтардың табиғи, эволюцияның даму жолын күштеп [[революция |революцияшыл]] қайта өзгерістер үрдісіне түсірді. 74 жыл өмір сүрген Кеңес Одағында ел өмірінің барлық салалары (экономика мен саясат, мәдениет пен руханият) сталиндік нұсқада, әміршілдік мәндегі тәжірибелер жасау алаңына айналды. Олардың барлығы да қазан төкерісі, социализм идеяларын жүзеге асыру үшін жүзеге асырылды деп түсіндірілді. Түбегейлі өзгерістер жасау тәжірибесінің зиянды салдарлары аз болмады. Олардың қатарына ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мен көшпенділердің зорлап отырықшыландырылуы нәтижесінде елді жайлаған ашаршылық салдарынан сан мыңдаған адамдардың қырылуы мен басқа елдерге ауа көшуін, көптеген мемлекет, қоғам, мәдениет, ғылым қайраткерлерінің әміршілдік жүйе ұйымдастырған саяси қуғын-сүргіннің құрбандарына айналуын, демографиялық саясат пен мәдени-рухани салада орын алған келеңсіздіктерді жатқызуға болады. Солай болса да, қазан төңкерісінен кейінгі 74 жыл Кеңес Одағы үшін, оның құрамдас бөлігі болған Қазақстан үшін, тек қана бос кеткен кезең емес. Атап айтқанда, Республиканың материалдық өндіріс жүйесі түбегейлі жаңарды, халықтың білім деңгейі күрт өсті, сапалы ғылым жүйесі қалыптасты, адамдар арасындағы қарым-қатынастар жақсарды.

Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды. 1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік жіне солтүстік аймақтарда бейбіт жолмен. 2. Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контррнволюциялықкүштер басым аудандарда қарулы күрес жолымен орнады. Кеңес үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен ертіс бойында табан тірескен шайқастар жүргізілді. 1917 ж қарашада Петропавлда Уақытша рев Комитет(төрағасы Дубинин) құрылды.Осы жылы қарашада Орынборда атман Дутов контрреволюциялық төңеріс жасап, үкңмет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. «Жетісу әскери үкіметі» де бүкіл үкімет билігін басыр алды. Ең алғаш рет кеңес үкіметі 1917 ж 30 қазанда Перовскіде орнады. 1 қарашада Ташкентте кеңес үкіметі қарулы күшпен орнады. 1917 ж аяғында торғай облысындағы саяси жағдай қиындап кетті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп, шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде: 1918 ж 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен кеңес орнады. 8 қаңтарда Ақтөбеде орнады. 15-16 қаңтарда Қостанайдағы Кеңестер съезінде бүкіл уезде кеңес үкіметін орнату туралы шешім қабылданды. Оралда кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып, 1918 ж 15 қаңтарда жеңіп шықты. Орал өңірінде қалыптасқан контрреволюция ошағы сол жылы 28-29 наурызда төңкеріс жасап Кеңес үкіметін құлатты. Кеңес үкіметі осындай өиыншылықтармен Орал өңірінде азамат соғысы жылдарында ғана біржола орнатылды. Жетісуда таптық күштер арасында соғыс жағдайы енгізілді. Контрреволюциялық күштер 1917 ж желтоқсанда Верный Кеңесін таратып, большевиктер жағында болған Симбирск жасағын қарусыздандырып, прапорщиктер мектебін ашты. 1918 ж 2-3 наурызда революцияшыл күштер көтеріліс жасап, Верныйда Кеңес өкіметі жеңді. 1917 ж қазан 1918 ж наурыз аралығы Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.

97. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және оған Мұстафа Шоқайдың қосқан үлесі.1918 жылы Көктемде Түркістан автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Оның құрамында Қазақстанның оңтүстігіндегі Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Ақмола, Семей облыстары орталығы Омбы қаласы болған Батыс Сібір өлкесіне, Торғай, Орал облыстары Орынбор губерниясына, Бөкей Ордасы Астрахань губерниясы қарамағына кірді.Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей Федеративтік мемлекеті құрамында құрылған автономиялық мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұратын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітгі. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі басқару құқығын баянды ету бас-ты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.

М. Шоқай Түркiстан автономиясын құруда елдiң саяси экономикалық жағдайын жақсартып, бүтiн және азат Түркiстан платформасын құруды қолдаған. Мiне, сондықтан М. Шоқайұлы ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық және әлеуметтiк қайта жаңғыру үшiн басталған қозғалыстың көш бастаушыларының бiрi ретiнде қарастырылып келедi

98. 1917 ж екінші жалпықазақ съезінің негізгі шешімдерінің мазмұны және оның маңызы. Алашорда үкіметінің құрылуы.

Екінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алашорда үкіметін жариялаған съез. Бұл съез Ресейде қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Сиез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, С.Досжанов, Е.Омаров оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты. Ұйымдастыру кадеті тарапынан өр уезден, әр облыстық қазақ кадеттерінен келетін екі өкілден бөлек 30-ға жуық кісіге арнайы шақыру қағаздары жіберіліп, «Сарыарқа», «Ұран», «Бірлік туы», «Тіршілік» газеттері мен әртүрлі ұйымдардан бір-бір өкілден шақырылды. Сиезге Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу, Самарқан облыстарынан және Бөкей Ордасынан барлығы 200-ден астам өкіл қатысты. Осының ішінде сиезге Б.Құлманов, Ж.Досмұхамедұлы. Ғ.Қараш, Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай т.б. белгілі тұлғалар арнайы шақырылды. Сиездің төралқасына Б.Құлманов (төраға), Ә.Бөкейхан, Х.Досмұхамедұлы, Ә.Кенесарин, Ғ.Қараш сайланды. Съездің күн тәртібіне Сібір, Түркістан автономиясы һәм оңтүстік-шығыс одақ туралы, Қазақ автономиясы, милиция, Ұлт Кеңесі, оқу мәселесі, ұлт қазынасы, мұфтилік мәселесі, халық соты, ауылдық басқару, азық-түлік, т.б. мәселелер енгізіліп, маңызы зор шешімдер қабылданды.. Съез Қазақ автономиясы мен милиция туралы Х.Ғаббасов жасаған баяндаманы тыңдап, осы мәселе бойынша «Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз билігін өз қолына алады» деген қаулы шығарды. М.Дулатов оқу мәселесі туралы арнайы баяндама жасап, комиссия құруды ұсынды. Сиездегі ең басты мәселе автономия мәселесі жөнінде Ғ.Ғаббасовпен бірге Түркістан автономиясы жөнінде М.Шоқай сөз сөйледі. Осы негізгі мәселеге байланысты съез аса маңызды тарихи қаулы қабылдады. Онда: «Қазақ-қырғыз автономиясы - «Алаш» деп аталсын», «Алаш автономиясының жері, үстіндегі түгі, суы, астындағы кені - «Алаш» мүлкі болсын», «Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлт Кеңесін құруға, мұның аты «Алашорда» болсын. Алашорданың ағзасы - 25 болып, он орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылды. Алашордасының уақытша тұратын орны - Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алды» деген тарихи шешімдер болды. Бұдан соң Алаш автономиясын жариялау мәселесі көтерілді. Ол бойынша делегаттардың пікірінде келіспеушілік байқалды. Ресми жариялауды жақтаушылар: Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, А.Кенжин, У.Танашев, Ғ.Қараш, С.Досжанұлы және т.б. барлығы - 33 адам; ресми жариялауды тоқтата тұралық деушілер: Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, О.Алмасов, Х.Ғаббасов және т.б. барлығы - 42 адам, қалыс қалғандар - А.Шегіров, М.Шоқай, Ә.Кенесарин болды. Нәтижесінде, «ресми жариялауды сиез атынан сайланған қазақ-қырғыз ісін басқарушы 15 кісіге тапсыралық. Олар біздің Уақытша үкіметіміз (Алашорда) болсын» деген тоқтамға келді. Съез Сырдария облысы қазақтарының сиезін шақыруды қажет деп тауып, өз араларынан Б.Құлманов, Т.Құнанбаев, М.Дулатовты өкілдер ретінде жіберу туралы шешім қабылдады. Қазақ зиялылары Алаш автономиясын аяғынан тік тұрғызу үшін және большевиктермен күресу мақсатында ұлттық әскер құру және кеңестерге қарсы әр түрлі саяси күштермен одақтасу ісіне үлкен мән берді. Съез бұл мәселені жан-жақты талқылап, қазақ милициясының әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға әскер ғылымын үйрету және қажетті заттармен (қару-жарақ, қаржы, көлік және т.б.) қамтамасыз ету тәртібін анықтап, «26 500 адам тіркелген халықтық милиция құрылуы қажет» деген қаулы қабылдады. Бұл идеяны Алашорда үкіметінің мүшесі Ж.Ақпаев ұсынды. Әскер құру ісіне қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары есебінен алатын болды. Алашорда үкіметі Ұлт кеңесіне мүшелер сайланған соң , Алашорданың төрағасын сайлау мәселесі өткізілді. Оған Ә.Бөкейхан, Б.Құлманов, А.Тұрлыханов түсті. Сайлау қорытындысы бойынша 79 дауыстан 40 дауыс жинаған Ә.Бөкейхан Алашорданың төрағасы болып сайланды. Бұдан соң оқу комиссиясының құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Е.Омаров, Б.Сәрсенов, Т.Шонанов сайланды. Бұл съез ғасыр басынан бергі ұлт-азаттық қозғалысының ұлы қорытындысы болды. Ол өзінің тарихи маңызы жағынан ұлтымыздың сан ғасырлық өміріндеғі аса маңызды оқиғалардың қатарынан орын алады. 1918 жылы ұлан-байтақ қазақ даласын бір орталықтан басқарудың қиындықтарына байланысты Алашорданың Батыс бөлімшесі құрылып, оны белгілі заңгер және ағартушы Жанша Досмұхаммедов басқарды. 1918-1920 жылдардағы азамат соғыскынан кейін жеңіске жеткен Кеңес өкіметі «Алаш» үкіметін таратып, оның жетекшілерін қуғынға ұшыратты.

 

 

99. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы. (1918–1920 жж.)

1917 жылғы қазан ре­волю­ци­ясы­ның жеңісі алғашқы күндер­ден бас­тап, құла­тылған қана­ушы тап өкілдерінің қару­лы қар­сы­лығын ту­дыр­ды. Кеңес өкіметі елдің әр түрлі ай­мақта­рын­дағы, со­ның ішінде Қазақстан жеріндегі конт­рре­волю­ци­ялық бүліктерді ба­тыл да шұғыл ба­сып тас­тап отыр­ды. Өлке­де аза­мат соғысы­ның бас­ты ошақта­ры Қазақстан­ның ба­тыс аудан­да­рын­да, Торғай об­лы­сының әкімшілік ор­та­лығы Орын­борда, Орал об­лы­сы, Гурьев (Аты­рау) қала­сын­да, Жетісу жерінде қалып­тасты. Бұл жер­де ата­ман Ду­тов­тың, ге­нерал Толс­тов­тың әскер­лері, ал Жетісу­да ка­зак-орыс жа­сақта­ры, ақ-гвар­дия офи­цер­лері мен юн­керлер жи­нал­ды. Олар конт­рре­волю­ци­ялық күштердің негізгі ор­та­лығына ай­нал­ды және Кеңес өкіметіне қар­сы аза­мат соғысын бас­та­ды.

1918 жы­лы 23 на­урыз­да Орал ка­зак-орыс­та­ры Гурьев­те бүлік шығар­ды. Олар ге­нерал Толс­тов­тың бұй­рығымен жұмыс­шы және сол­дат де­путат­та­ры Кеңесінің тоғыз мүшесін сот­сыз ат­ты. Сол жыл­дың 28–29 на­уры­зын­да ақ ка­зак­тар ала­шор­да­шылар­мен бірігіп Орал қала­сын­да төңкеріс жа­сады. Мұнда олар кеңес өкіметін құла­тып, ком­му­нис­терді, кеңес қыз­меткер­лерін аяусыз жа­зала­ды

.

NURKA alibek

120. 1937-1938 жж.Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары

Қазақстанда бір жылдың ішінде үш іс қарастырылды.Олар Үржар,Пресновка және Қарағандыдағы *контрреволюциялық ұлтшыл-фашистік залалдық ұйымдардың * істері болды.Ең алғашқы іс Қарағандыдағы сот ісі болды.Ондағы айыптаушылардың тізімінде округтік партия ұйымының хатшысы М.Гатаулин, мүшелері А.Асылбеков,Н.Нүрсейітов болды.Олардың негізгі кінәсі батылдылығы мен принципшілдігі.Сонымен қатар Гатаулин 1932ж Сталинге жазылған *Бесеудің хаты* авторларының біреуі болып табылады.Олар 1937 жылы қарашада өткен сот процесінде өздерінің *Мәскеудегі *троцкистік орталықпен* қалай байланыс орнатып,олардың тапсырмасын Қазақстанда қалай жүзеге асырғандарын* мойындады.

Кейін халық жауларын түсті металлургиядан, темір жол транспортынан және т.б жерлерден анықтап, жауапқа тарта бастады.Партия кеңес қайраткерлерінің тізімін Н.Нұрмақов,Т.Рысқұлов Мәскеуде ұсталып бастаса,кейін ол тізімді Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағасы Асылбеков,Қарағанды облыстық атқару комитетінің екінші хатшысы Нүрсейітов жалғастырды.Өлкенің партия және кеңес қызметкерлерін айыптап жауапқа тарту шаралары нәтижесінде көрнекті қайраткерлер:Сарымолдаев,Құлымбетов,Тоғжанов,Лекеров,Розыбакиев,Садуақасов,Құрамысов және т.б ұсталып,ату жазасына немесе лагерьлерге ұзақ мерзімге айдалды.

Тіпті орталықта не болып жатқанын білмейтіндер тағылған айыптардың еш дәлелсіздігіне қарамай жазаланды.Мәселен,1938 жылы 27 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрадық бес азамат *Киров жолдасқа қастандық жасаушылармен ауыз жаласқан саяси қылмескерлер* болып шығады.Жауап алу барасында Сайрамда *буржуазиялық-ұлтшыл топтың* 12 мүшесі анықталып,ол топ *облыстық ұйыммен*,облыс*республикалық топпен байланысты*,ал олардың барлығы *Мәскеумен тоғысты*деген қорытынды жасалады және үштіктің шешімімен *қылмыскерлер*атылады.

Жаппай ререссия саясаты нәтижесінде қазақ халқының ең таңдаулы азаматтары,тіпті,олардың ішінде кеңес өкіметін орнатуға қатысқан Айтиев,Арғыншиев,Рысқұлов,Сырғабеков сияқты қайраткерлер де атылып кетті.

Жалпы Сталиндік қуғын-сүргін көлемі әлі толық анықтала қойған жоқ.Қай деректерде 1937-1938 жылдары қазақстандықтардың 44 мыңы түрмелерге түсіп ,22 мыңы атылды десе,басқа деректер 1930-50 жылдары 100 мыңнан астам адам репрессияға ұшырады,оның ішінде 20 мыңнан астамы атылғанын айтады.

Қазақстан картасында Карлаг деген ерекше тәртіптегі Қарағанды еңбекпен түзеу лагері пайда болды.Тоталитарлық тәртіп туындатқан тағы бір лагерь-Алжир деп аталды.Жаппай репрессияға ұшырағандардың отбасы да қуғындалды.Кеңес үкіметі жүргізген қуғын-сүргін саясаты нәтижесінде осы қуғынға ұшырағандарды орналастырып,оларды бақылайтын басқару органы ГУЛАГ пайда болды.


<== previous lecture | next lecture ==>
Б)Орта палеолит 13 page | Б)Орта палеолит 15 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.401 s.