Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Б)Орта палеолит 15 page


Date: 2015-10-07; view: 651.


 

122. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының майдандарындағы ерен ерліктері.

Соғыс жылдары Қазақстанда Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы,7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып,майданға аттандырылды.Қазақстан аумағында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап ерлікпен шайқасты.Әсіресе,Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды.Мәскеу бағытындағы негізгі жолдардың бірі-Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік көрсетті.Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк,моторлы және екі жаяу әскер дивизияларын талқандады.Мәскеу түбіндегі шайқаста,әсіресе Саяси жетекші Ключков басқарған бөлімше -28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп,асқан ерлік көрсетті.1941 ж.17 қарашада дивизияға 8-гвардиялық деген атақ беріліп,кейінірек Қызыл Ту,Ленин ордендерімен,ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды.Бұл шайқаста ерлік көрсеткен 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.

Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Мәскеу түбіндегі шайқаста өз батальонмен жау қоршауын үш рет бұзып шықты.Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен,9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады.Белгілі орыс жазушысы А.Бектің *Волоколамское шоссе* повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне айналды.Сөйтсе де,Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай,тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей араласуымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді.Алғашқы кезден соғысқа сұранып,әскери комиссарияттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болды.Қазақ арулары түрлі әскери болып,ерен ерлік үлгісін көрсетті.Қолдарына қару алып,майданға аттанған қазақ жұлдыздары-Әлия мен Мәншүк Қазақстан даңқын паш етті.Авияция саласын меңгерген қазақ қызы-Х.Доспанова Кеңес Одағының батыры Раскова басқарған әйелдер авияциясының құрпмында авияция штурманы болып 300-ден астам мәрте әуеге көтерілді. 2004ж Президенттің жарлығымен Х.Д.Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді.

Шығыс Еуропаны жаудан азат етуде қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетті.Шығыс Пруссия аумағын азат етуде көрсеткен ерліктері үшін 20 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды.Олар-Андреев,Беда,Брилин,Абилов,Кутурга т.б.

Словакия аумағын жаудан азат етуге 4- Украина майданы құрамында қазақстандық 8- атөыштар дивизиясы қатысты.Майданда көрсеткен ерліктері үшін 8- атқыштар дивизиясының құрамындағы 62- артиллериялық Карпат полкі Қызыл Ту орденімен,151- Кармат полкі 3- дәрежелі Кутузов орденімен,310- атқыштар полкі 3- дәрежелі Суворов орденімен марапатталды.

Чехословакия жерін азат етуге келген қазақстандық ұшқыштар 2,8,5- әуе армиясының бөлімдерінде жаумен шайқасты.Шайқастардағы ерлігі үшін Батеньков пен Железняков соғыстан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

Қорыта келе,Ұлы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар санына тоқталайық.Соғыстың алдында Қазақстанда 6,2млн адам тұрды.Соғыс жылдары қолына қару алып,майданға 1,9млн адам аттанды. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың,оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы-ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.

 

123. Фашистік басқыншыларға қарсы соғыс жылдары (1941-1945жж)қазақстандықтардың ірі шайқастарға қатысуы және олардың ерліктері

1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес одағына тұтқиылдан,соғыс жарияламастан басып кірді.Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы,яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды.Германия КСРО-ға қарсы барлық қарулы күшінің 70%-5,5 млн адамнан тұратын 190 дивизия ,4300 танк,5 мың ұшақ шоғырланды.Батыс шекаралық округтердегі Қызыл Әскер күштерімен салыстырғанда Германия әскери күші адам ресурсінен екі есе,танктен үш есе,ұшақтан 3 есе,артиллериядан-1,3 есе басым болды.Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті.Брест шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудың алғашқы соққысына Мүсірепов,Лобанов,Абдрахманов,Иманқұлов,Наганов,Батталов және басқа қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп,айрықша ерлікпен көзге түсті.

*Барбаросса* жоспары жүзеге аспағаннан кейін 1942ж Германия Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа жоспар қабылдады.Бұл жоспар бойынша фашистер негізгі күшін Сталинград пен Кавказды басып алуға бағыттады.Сталинград пен Кавказды басып алу операциясына фашистер құпия дайындалып,оған *Блау* деген ат қойды.Фашистер бұл жерлерді жаулап алуға үлкен мән берді.Өйткені фашистерге басып алған мемлекеттер аумағынан мұнай тасу қолайсыз болғандықтан ,Кавказ мұнайына үлкен үміт артты.Сонымен қатар Сталинград қорғаныс өнеркәсіптері көп орналасқан шикізат көзіне бай орталық болды.Сондықтан фашистер бұл бағыттағы соғыс қимылдарының сәтті аяқталуына үлкен мәнт берді.

Н.Әбдіров,минометші К.Сыпатаев пен Р.Рамазанов Сталинградты қорғаудағы ерліктері үшін Ұлы Отан соғысы батыры атағына ие болды.Сталинградта қаланы жаудан қорғауда ерлік танытқан қазақстандықтар құрметіне *Казахстанская*аталған көше бар.Бірнеше айға созылған Сталинград шайқасы 1943 ж басында жаудың жеңілуімен аяқталды.

1943ж фашистер Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа операция жоспарланды.Бұл операцияға *Цитадель*деген ат беріп,жан-жақты дайындалды.Осы жылы Германияның әлсірегенін сезген бұрынғы одақтастары бастапқы міндеттерінен бас тартып,дүниежүзілік соғыстан шығу жолдарын іздеу үстінде болды.Сондықтан Германия бұл операцияның сәтті аяқталуына бар күшін салып,одақтастарын сақтап алуға тырысты.*Цитадель*операциясына фашистер 900000 әскер қатыстыруды жоспарлады.5- шілдеде басталған Курск шайқасы шілденің аяғында Кеңестер әскерінің жеңісімен аяқталды.Курск иіні мен Днепр шайқастарына көптеген қазақстандық әскери құрылымдар қатысты.Тек Курск иініндегі шайқастағы ерлігі үшін 123 қазақстандық Ұлы Отан соғысы Батыры атағына ие болды.

1944ж Германияның жеңілетіні белгілі болғаннан кейін,ендігі жерде соғыс қимылдарын Кеңес Одағы бақылауға алды.Осы жылы Кеңес үкіметі *Берлин*операциясын бастайды.Бұл операцияның мақсаты-неміс фашистерін Кеңестер Одағы аумағынан қуып,Еуропа мемлекеттерін жаудан азат ету болды.

Германияны жеңгеннен кейін,Кеңестер Одағы әлемдік билікке талпынып,социалистік мемлекеттер жүйесін құруды жоспарлады.

 

124.Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы ерліктері.

Қазақстандықтар жау тылындағы партизан қозғалысына белсене қатысты.1941ж КСРО ОАК мен БКП(б) ОК-нің 1941 ж 29 маусымындағы дерективасында жау басып алған аумақтарда жау армияларының бөлімшелерімен күресу үшін партизан отрядтарын құру көзделді.Осы жылдың 18 шілдесінде БКП(б) ОК*Германия әскерінің тылында күрес ұйымдастыру* туралы қаулы қабылданып,партизан қозғалысын ұйымдастырды.1941ж жазынан бастап жау тылында жабдықтала бастаған партизан ұйымдары құрамындағы жауынгерлер саны 1943ж соңында 1 млн жетті.1942ж мамырында Қызыл Армия мен партизан қозғалысының ұштасуын қадағалайтын Орталық,кейінірек республикалық және облыстық партизан қозғалысы штабтары құрылды.

Енді партизан қозғалысы қатарында жаумен шайқастан қазақстандықтар құрамына тоқталайық.Украина аумағындағы партизан бірлестіктерінде 1500 қазақстандық жаумен шайқасты.Атап айтсақ,М.И.Шукаевтың партизан отряды құрамында 79 қазақ,Ұлы Отан соғысының Батыры С.А.Ковпактың партизан отрядында 70 қазақстандық болды.Қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетті.Мысалы,1942ж Қайсенов Чапаев атындағы партизан отрядтарының командирі сайланып,Украина аумағында жаумен шайқаста үлкен ерлік көрсетті.Сонымен қатар Қарағанды облысынан Д.И.Сагаев,Талдықорған облысынан П.С.Шленский,Қызылордадан-Байдаулетов,Шымкент облысынан-Ж.Омаров,алматылық-А.С.Егоров және т.б қазақстандықтар әртүрлі партизан құрылымдары қатарында шайқасты.Отанын қорғаудағы асқан ерлігі үшін Қ.Қайсеновке *Халық Қаһарманы* атағы берілді.

Белоруссия аумағын жаудан азат етуге де қазақстандық партизандар үлкен үлес қосты.Тек 1941ж Брест облысындағы Старосельск орманында 9 қазақстандық партизан жаумен шайқасты.Белоруссия аумағында ерлікпен шайқасқан отандас партизандар:Озмитель,Омаров,Қайсеитова,Салықов,Сыдыкова,Булаев,Данияров,Темірханов,Жұмабаева және т.б Смоленск облысында құрылған партизан бірлестіктерінің құрамы 45 ұлт өкілдерінен тұрды.Соның ішінде 2-Кляжнянск партизан бригадасында 19,С.Лазо атындағы партизан полкінде 40,ерекше партизан бірлестігі *Тринадцать*құрамында 48 қазақстандық болды.

Жаумен шайқаста көрсеткен ерліктері үшін қазақстандық пратизандар әртүрлі мемлекеттік марапаттарды иеленді.А.С.Егоров пен Ф.Ф.Озмительге Кеңес Одағының Батыры атығы берілді.

Соғыстан кейінгі жылдары орталық партизан штабының шешімімен тәжірибелі партизандарды шетел мемлекеттері аумағын аттандырды.Оларға партизан отрядтарын ұйымдастыру тапсырылды.Осы мақсатпен Қ.Қайсенов Румыния мен Чехословакияны,ал А.С.Егоров Словакияны,С.О.Төлешов,А.Г.Акимин-Польшаны жаудан азат етуге ат салысты.Жүздеген Қазақстандық соғыс тұтқындары Франция,Италия,Бельгия,Греция және т.б Еуропа мемлекеттері халықтарының азаттық күресіне белсенді қатысты.Соңғы мәліметтерге сай,тек Франция,Бельгия,Италия аумақтарындағы партизан құрылымдары қатарында 180 қазақстандық болды.

 

126. Қазақстан –майдан арсеналы.

Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор.1939ж санақпен салыстырғанда 1942 ж Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған.Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар,әйелдер мен балалар басты.1944ж колхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі-20%,әйелдер-58%,жасөспірімдер-22% болды.Яғни,майданды азық-түлікпен,шикізатпен іс жүзінде әйелдер,балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті.

Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-түлік емес,сонымен бірге тірі мал,тіпті,ауылшаруашылық техникасын жіберіп отырды.1942-1943ж республика ауыл шаруашылығынан 4111 трактор,1184 жүк машиналары,30318 жылқы майданға жіберілді.Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50%-ін ірі қара атқарды.Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100млн.пұт астық тапсырылды.Бұл көрсеткіш 1940ж салыстырғанда 24млн пұтқа артық.Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен,кешкі 22.00-ке дейін ұзартқан.Әйелдер балаларын балабақшаға тапсырып,күні-түні жұмыс істеп,колхоз жұмысын белсене атқарды.

1942ж 450мың гектар тың және тыңайған жер жыртылып,егін салатын жер ауданы 17%-ке өсті.Осы жылы Қазақстанда 6809 колхоз болды,оларда еңбекке жарамды 4912001 ерлер,593407 әйелдер еңбектенді.Нәтижесінде 1942ж Қазақстанда егін жақсы шығып,республика бойынша 84,3 млн.пұт астық жиналды.Батыс Қазақстан,Оңтүстік Қазақстан,Жамбыл,Алматы,Қарағанды,Семей облыстары астық жинау жоспарын 102,2-тен 114,9-ке асыра орындады.

Соғыс жылдары бір адам майданға кеткен бірнеше адам орнына жұмыс істеу қозғалысына,жұмыс өнімділігін арттыру барысында мемлекет тарапынан ұйымдастырылған әртүрлі жарыстырға қазақстандық малшылар да көптеп тартылды.Сандық көрсеткіш бойынша 1942 ж соңында мал басы 1,5млн немесе 1942 ж басындағы көрсеткіштен 17%-артты.Мал басын өсіруден Қызылорда,Қарағанды,Павлодар облыстары алда болды.

Қазақстандықтар соғыс жылдары майданға өз қаржысына алынған қару-жарақ,техника да жіберіп тұрды.Мысалы,Шымкент теміржол жүйесінің комсомолдары Мәскеу түбіндегі майданға танк колоннасын жабдықтау үшін қаржы жинауды бастайды.Шымкет комсомолдарының бұл бастамасын бүкіл Қазақстан қолдап,жиналған 11650мың сомға жасалған 45 танк 1942 ж қыркүйегінде *Қазақстан комсомолы*деген жазумен Сталинград майданына жөнелтілді. 1943ж Алмты қаласында С.Луганскиймен кездесу ұйымдастырылып,бұл кездесуден кейін Алматы жастары 400мың ақша жинап,батырға жаңа ұшақ сыйлады.Сондай-ақ соғыс жылдары жинаған қаржыға И.Павловқа,Н.Добровольскийге арнайы ұшақтар,Кеңес Одағының батыры Қ.Сыпатаев атындағы суасты қайығы жасалынды.

Сонымен қатарқазақстандықтар қоршауда қалған қалаларға қамқорлық көмек көрсетті.Қазақстан жаудан азат етілген Орал облысының 10 қаласын,35 ауданын,Ленинград облысының 12 қаласын,Калинин облысыныңаудандарын қалпына келтіруге кірісті.Қазақстан комсомолдары қамқорлыққа алған Сталинградта трактор зауыты мен *Красный октябрь*зауытын қалпына келтіру жұмыстарына 1943ж 1439 қазақстандық комсомол аттанды.

Жауды жеңуге республиканың зиялы қауым өкілдері де үлкен үлес қосты.Соғыс жылдары Қазақстанға 20 ірі ғылым институттары көшіп келді.Осы жылдары Қазақстанда Вернадский,Обручев,Мешанинов,Бах,Греков атақты ғалымдар жұмыс істеді.Соғыс жыдары партизан-ақын Ж.Саинның топтамасы,Қ.Аманжоловтың *Ақын өлімі туралы аңызы*,М.Әуезовтың *Абай жолы* эпопеясының бірінші кітабы,Ғ.Мүсіреповтың*Қазақ солдаты*,Ж.Жабаевтың*Ленинградтық өрендерімі* дүниеге келді.

Соғыс жылдары КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық бөлімінде астрономиялық обсерватория,тіл,әдебиет пен тарих,топырақтану мен ботаника,зоология және өлкетану институттары ашылды.Қ.Сәтбаев бастаған қазақстандық ғалымдар қара,түсті және жиі кездесетін металдарды ,тау пайдалы қазбаларын,су және гидроэнергетикалық ресурстарды соғыс қажетіне қолдану бағытындағы ғылыми жұмыстар жүргізді.

Соңыс жылдары Қазақстанға жоғры оқу орындары көшіріліп, көптеген орыс-қазақ, қазақ-украина мектептері, балалар үйі мен интернаттар ашылды. Сонымен бірге соғыс жылдары Алматы мемлекеттік шет тілдер институты, Шымкент технологиялық иниституты, Қазақ мемлекеттік консервоториясы, Қазақ мем-к Қыздар Педогокикалық Иниституты ашылды.

Кеңес халқының Ұлы Отан Соғысындағы жеңісі адамзатты фашизм қаупінен құтқарды. Қазақ халқының бұл жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап, *Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшн!* деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлықпен көтеріп, патреотизм үлгісін танытты.

 

127.Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі(1946-1965жж)

Қоғамдық-саяси жүйеде 20-жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшілік-әміршілдік жүйе 40-50 жылдары шарықтай түсті.Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты.Адамның табиғи құқығынан шектеу,ұлттық мүддені ескермеу,мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады.Қоғамдық-саяси және мәдени өмір орталықтан басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына алынды.Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік орын алды.Үкімет басшылары түрлі желеулермен заңдылықтарды өрескел бұзып,мемлекеттік билікті теріс қолданып жатты.Оған өзгеше ойлайтын адамдарды қудалауға жаңа науқан ашқан БКПб Орталық Комитетінің 1946 жылдың 14 тамыздағы *Звезда*және *Ленинград* журналдары туралы қаулысы бұл құбылыстың нақты дәлелі бола алады.Қазақстан партия комитеттері өз жұмысын аталмыш қаулының аясында жүргізді.

1948ж *космополитизммен*,яғни шетел мемлекеттерінің мәдениетіне көңіл бөлушілермен күрес науқаны басталды.Космополитизм науқанында Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының мақтанышы болып келген Шортанбай,Шәңгерей,О.Қарашев феодалдық-реакцияшылдар деп танылып,ал кейінгі кеңес әдебиетшілері-Б.Кенжебаев,Т.Нұртазин,Ә.Қоңыратбаев ұлтшылдар ретінде қудаланды.Ғылым Академиясының президенті Қ.Сәтбаев*Едіге батырға*алғысөз жазғаны үшін *ұлтшыл*атанса,М.Әуезов 1945ж жарық көрген *Абай өмірінің және творчествосының биографиялық очеркі*еңбегінде Абайды *феодалдық ақындар Шортанбай,Мәшһүр Жүсіп Көпеев ортасында суреттегіні үшін* қудаланды.Екі зиялыға да осындай орынсыз кінәлар тағылғаннан кейін,Мәскеуге қоныс аудару мәжбүр болды.Сонымен қатар 1946ж А.Мәметованың *Абай Құнанбаев*атты әдеби еңбегіне де космополиттік деген кінә тағылып,басылымнан алынды.

Осылайша соғыстан кейінгі жылдарда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамда өзгеріс қажет деген ұғымды әкімшіл-әміршілдік жүйе тұншықтырып тастады.1953ж Сталин қайтыс болғаннан кейін қуғын-сүргін науқаны біраз баяулады.Сталиннің өз кезінде жоспарлаған Қазақ КСР Ғылым Академиясының тарих,археология,этнография институтын,Кеңестік жазушылар Одағын *ұлтшылдардан*тазалау саясаты тоқтатылды.1953ж мамыр айынан бастап социалистік қоғамдағы қайшылықтар ,жеке тұлға мен халықтың тарихтағы рөлі,Сталиннің жеке басына табыну мәселелері төңірегіндегі алғашқы пікірлер айтыла бастады.Кезінде ОГПУ,НКВД-ні басқарып,әкімшіл-әміршіл жүйенің адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарын заңдастырған Берия ату жазасына кесілді.*Үштіктер*,*Бестіктер*,*Ерекше кеңес* жойылып,ГУЛАГ МҚК-не берілді.Л.П.Берияның қылмыстық іс әрекетін үзілді-кесілді тоқтату қоғамдық өмірді демократияландыру жолындағы маңызды кезең болды.Бірақ бұл-әкімшіл-әміршіл жүйенің күйреуі емес болатын.

1956ж 14 ақпанда Мәскеуде КОКП-ның XX сьезі өтіп,онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды.КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін әшкерелеп,талдау жасауға тырысты.Н.С.Хрущевтың XX сьездегі *Сталиннің жеке басына табынушылығын әшкерлеу*туралы баяндамасының толық мәтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989ж жарық көрді.

Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Н.С.Хрущев республиканың барлық өміріне тікелей араласты.Қазақстанның оңтүстік аудандары Өзбекстаға берілді.Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік партия комитеті біріктіріліп,тікелей Мәскеуге бағындырылды.Ақмола-Целиноградқа,Батыс Қазақстан-Орал облысына айналды.

Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар халық арасында,әсіресе,зиялылар мен жастар арсында түрлі наразылықтар туғызды.Кеңестік жүйе оларды барынша жасырып,бүркемеледі.Осылайша Теміртаудағы толқу-тәртіпсіздіктің салдары ретінде бағаланды.1963ж Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы Б.Тайжанов,С.Ақатаев,М.Тәтімов,М.Әуезов бас болып *Жас тұлпар*атты ұйым құрды.Мақсаты-қазақ жастарының ұлттық санасын ояту.

Н.С.Хрущев мемлекеттің *коммунизмге өтуіне байланысты* жаңа Конституцияның жобасын жасауды ұсынғаннан кейін,1961ж Конституциялық комиссия құрылды.

Конституциялық заңдарда жазылған демократия талаптары іс жүзінде жүзеге аспады.ҚазКСР Жоғары Кеңесі КСРО Кеңесіне бағынды.Конституция тәуелсіз деп көрсетілгенімен,құқық қорғау,прокуратура органдары да орталыққа бағынды.Депутаттарды сайлау науқандары да демократиядан мүлдем алшақ еді.Дауыс берушілер іс жүзінде депутаттарды көрмеді.Дауыс беру тек іс жүзінде жүргізілді.Депутатарды халық таңдамады,жергілікті әкімшілік органдар*тағайындады*.Депутаттар орындауға тиісті мәселелерін атқару комитеттеріне өтініш ретінде беріп отырды.

Саяси қателікке толы Хрущев қызметінің соңы 1964ж қазан айында аяқталды.КОКП-ның Орталық Комитетінің Пленумында 1-хатшы қызметіне Л.И.Брежнев сайланса,ал Министрлер Кеңесінің төрағасы болып А.Н.Косыгин тағайындалды.Олардың ізін ала Қазақстан КП ОК 1-хатшысы болып Д.А.Қонаев сайланды.

128. *Бекмаханов ісі*-КСРО-дағы қоғамдық-саяси жағдайдың көрінісі.

Мәскеу және Ленинградта *Ленинградтық іс*,*Дәрігерлер ісі* жүргізіліп жатқанда Қазақстанда талантты тарихшы *Бекмахановтың ісі*ұйымдастырылды.Е.Бекмаханов соғыс жылдары А.П.Кучкин,А.М.Панкратова,Б.Д.Греков және тағы басқа кеңес тарихшылармен бірлесіп Қазақ КСР тарихын даярлаған болатын.Кітап 1943ж баспадан жарық көрді.Алғашқыда еңбек жоғары бағаланғанына қарамастан,көп ұзамай сынға алынып,әсіресе,кітаптағы ұлт-азаттық көтерілістерге берілген баға қызу айтыс тудырды.Е.Бекмахановтың 1947ж жарық көрген *Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында* деген көлемді еңбегі де сынға ұшырады.1950ж *Правда* газетіндегі *Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін* деген мақалада Е.Бекмаханов еңбегі айыпталды.1951ж 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті *Правда* газетіндегі мақала бойынша қаулы қабылдап,*Бекмахановтың буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарасын айыптады*.Қаулыны жүзеге асыру барысында тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен босатылып,барлық ғылыми атақтарынан айырылып,1952ж 4 желтоқсанда 25 жылға сотталды.

 

129.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру:экологиялық,экономиялық және әлеуметтік-демографиялық салдарлары.

1954 жылдан бастап тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған дамуын қамтамасыз ету үмітімен Қазақстанға тікелей қатысты тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды.Қазақстан басшылығы бұл бастаманы қолдай алмады.Осыған байланысты 1954ж 11 ақпанда өткен Қазақстан КП ОК-нің Пленумында бірінші хатшы Ж.Шаяхметов,2-хатшы Л.И.Афонов босатылып,олардың орнына орталықтан жіберілген Р.К.Понаморенко және Л.И.Брежнев сайланды.Жергілікті жердің қазақ басшылары сынға ұшырап,үш айдың ішінде тың өлкесіндегі алты облыстың 1- хатшылары ауыстырылды.


<== previous lecture | next lecture ==>
Б)Орта палеолит 14 page | Б)Орта палеолит 16 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.81 s.